№12 (8319) 14 ақпан, сенбі, 2015 жыл



жүктеу 365,44 Kb.
Pdf просмотр
бет1/4
Дата01.01.2018
өлшемі365,44 Kb.
#6550
  1   2   3   4


Б е р е к е .   Б і р л і к .   Ы н т ы м а қ .

Сырдария ауданының қоғамдық - саяси басылымы 

газет 1939 жылдың 26 наурызынан шығады

№12 (8319)

14 ақпан, сенбі, 2015 жыл

 

Жалғасы 



2 - бетте

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ     

70 ЖЫЛДЫҒЫНА   

84 КҮН ҚАЛДЫ

Мемлекет  басшысы  Н.Ә.Назарбаевтың  тапсырмасымен  елімізде 

экономиканың  өркендеуінде  айрықша  орны  бар  кәсіпкерлік  саласына 

айтарлықтай көңіл бөлінуде. Биылғы жылы да Ұлттық Қордан қосымша 

қаражат  көздері  де  осы  салаға  бұрылып,  мемлекеттің  экономикасына 

серпін беруші сала ретінде ерекше мән берілді. Осы орайда, өткен жылы 

Қазақстанның  ұлттық  кәсіпкерлер  палатасы  мен  «Даму»  кәсіпкерлікті 

дамыту  қоры  кәсіпкерлерге  қаржылай  емес  қолдау  көрсету  туралы 

өзара келісімге келіп, барлық өңірлерде кәсіп иелерін қолдау орталығын 

ашуды  ұйымдастырған  болатын.  Мұндай  қарымды 

жұмыстардың  нәтижесін  елімізде  кәсіпкерліктің 

қанатын кеңге жайып, өрлей бастағанынан білуге бола-

ды. Бұған жыл соңындағы жалпыұлттық телекөпірде де 

куә болғанбыз. Ендігі кезекте облыстық және аудандық 

деңгейде  ісін  жаңа  бастаушы  немесе  кәсіптерін 

дөңгелетіп  жүрген  кәсіпкерлер  үшін  қызмет  түрлері 

жинақталған  инфраструктура  құру  міндеті  тұр.  Осы 

мақсатта 11 ақпан күні облыс бойынша алғаш рет аудан 

ортылығында  «бір  терезе»  қағидасы  аясында  қызмет 

көрсететін  кәсіпкерлерді  қолдау  орталығы  ашыл-

ды.  Орталықтың  салтанатты  ашулы  рәсіміне  Ұлттық 

кәсіпкерлер  палатасының  басқарма  төрағасының 

орынбасары  Н.Әлтаев,  облыстық  өңірлік  кәсіпкерлер 

кеңесі  төрағасының  орынбасары  Ғ.Жақсылықов, 

облыстық  кәсіпкерлік  және  туризм  басқармасының 

басшысы  Т.Сүлейменов,  аудан  әкімінің  орынбасары 

Н.Өмірсерікұлы,  бөлім  басшылары  және  аудандағы 

кәсіпкерлер мен тұрғындар қатысты. 

Салтанатты жиында алғашқы құттықтау сөз Ұлттық 

кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орын-

басары Н.Әлтаевқа берілді. Нұржан Бауыржанұлы бұл 

күн сырдариялықтар үшін ерекше күн екенін жеткізіп, 

аудан  халқын  кәсіпкерлерді  қолдау  орталығының 

ашылуымен  құттықтады.  -Өздеріңізге  мәлім,  Елба-

сы  Н.Ә.Назарбаев  барлығымызға  жалпыұлттық  өнімділіктің  ішінде 

шағын  және  орта  кәсіпкерліктің  өнімділігін  50  пайызға  жеткізуді 

тапсырған еді. Осы төңіректе Үкімет, мемлекеттік органдар, жергілікті 

билік  орындары,  Ұлттық  кәсіпкерлер  палатасы  бірігіп,  жұмыла 

жұмыс  жасауда.  Кәсіпкерлер  ең  алғаш  ісін  бастағанда  көптеген 

қиыншылықтарға  тап  болатыны  сөзсіз.  Құжаттарға  байланысты  көп 

уақытын  жұмсап,  қомақты  қаражатынан  да  айырылып  жатады.  Не-

сие  алуда  да  кедергілерге  ұшырайды.  Осы  мәселелердің  барлығын  бір 

жерден  шешу  үшін,  сондай-ақ  кәсіпкерлерге  заңнамалық  тұрғыдан  та-

лаптарды  түсіндірмекке,  олардың  кәсіптерінің  өрге  домалауына  көмек 

көрсетуге осындай орталықтарды ашудамыз. Бұл орталық «бір терезе» 

қағидатымен  қызмет  көрсетеді,-  деп  басқарма  төрағасының  орынбаса-

ры орталықтың маңыздылығын түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, аталған 

орталыққа жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдерін топтастырғаны 

үшін  аудан  әкімдігіне  өз  алғысын  білдірді.  Мұнан  кейін  облыстағы 

алдыңғы  қатардағы  ауданда  кәсіпкерліктің  дамып  келе  жатқандығын 

сөз еткен облыстық өңірлік кәсіпкерлер кеңесі төрағасының орынбасары 

Ғ.Жақсылықов пен облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының 

басшысы Т.Сүлейменов құттықтау тілектерін жеткізді. Орталықтың ашы-

луында аудандағы кәсіпкерлер атынан Ғ.Алдамжарова да өз ықыласын 

білдірді.  Кент  орталығынан  тіс  емдеу  кабинетін  ашқан  кәсіпкер  2000 

жылдары осы кәсіпті ашуға ниет білдіргенде ақыл-кеңес алатын орынның 

болмағанын  айтты.  Көптеген  қиыншылықтардың  кездескенін  де  жа-

сырмады.  Ал  қазіргі  кезде  өзінің  ойлаған  ісін  ашуға  мүмкіндіктің  мол 

екенін атап өтіп, барлық жағдайдар жасалғанын жеткізді. Шындығында 

қолдаудың бар екендігін сөз етіп, орталық қызметкерлеріне табыс тіледі. 

Салтанатты шарада орталық қызметіне сәттілік тілеп, батасын беру үшін 

аудандық  ардагерлер  кеңесінің  төрағасы  Х.Әбеновке  де  сөз  берілді. 

Ауданның ардагері жоғарыдан айтылған әңгімелердің жергілікті жерге 

жетіп, үлкен көмек қолы созылғалы отырғанын тілге тиек етті. Барлық 

істе орталықтың жұмысына бірлесе атсалысатынына аудан ардагерлері 

атынан тілектестік білдірді.

Құрметті  қонақтар  құттықтау  лебіздерін  білдірген  соң  Ұлттық 

кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Н.Әлтаев 

пен  аудандық  ардагерлер  кеңесінің  төрағасы  Х.Әбенов  «бір  терезе» 

қағидатымен қызмет көрсететін кәсіпкерлерді қолдау орталығының лен-

тасын қиып, орталық жұмысымен танысты.

Кәсіпкерлерді  қолдау  орталығында  кәсіпкерлер  палатасының, 

«Қазагромаркетинг»  АҚ-ның,  «Қәсіпкерлерді  қаржылай  қолдау  қоры» 

АҚ-ның, «Қазақстанның халық банкі» АҚ-ның және «Халыққа қызмет 

көрсету  орталығы»  мемлекеттік  мекемесінің  мамандары  мен  кеңесші 

мамандары қызмет көрсетеді. Олар аудан халқына 20-дан астам қызмет 

түрлерін  ұсынады.  Атап  айтқанда,  кәсіпкерлерге  қолдау  көрсету  ша-

ралары  бойынша  кеңес  беруде,  мемлекеттік  және  өзге  де  актілердің 

техникалық  шарттарын  жасауда,  қаржылай  қаражаттарды  алуда  және 

т.б. қызметтерде кәсіп иелерін қолдайды. Оған қоса, аталмыш орталықта 

өз  ісін  жаңадан  бастауға  ниет  еткен  жандарға  кәсіпкерліктің  негізін 

оқытатын «Бизнес мектеп» жұмыс жасайды. Бір сөзбен айтқанда, «бір 

терезе»  қағидатымен  жұмыс  жасайтын  орталық  кәсіпкерлікті  қолдауға 

бағытталған  барлық  мемлекеттік  құралдармен  қамтамасыз  ету  және 

сүйемелдеу  бойынша  жоғарыда  айтылған  міндетті  шешудің  құралына 

айналмақ.  Сондықтан  ауданымыздың  тұрғындарына  кәсіптерін  ашуға 

және оны дамытуға мүмкіндік молайды. 

Ердос СӘРСЕНБЕКҰЛЫ  

Жағымды жаңалық

ЖАҢА ОРТАЛЫҚ

кәсіпкерлердің тынысын ашады

Ақпанның  10-ы  күні  Ақордада  Елбасы  Н.Назарбаевтың 

қатысуымен  Үкіметтің  кезекті  кеңейтілген  мәжілісі  өтті.  Мәжіліске 

Үкімет мүшелері, ведомстволар басшылары, облыс әкімдері қатысты.

Мәжілісте  сөйлеген  Елбасы  алдымен  дүниежүзіндегі  дағдарыс 

туралы  айтты.  Дағдарысқа  қарамастан  мемлекетіміздің  экономика-

сы 4 пайыз өсті. Экономикалық саясаттың дұрыс бағытталуына орай 

елімізде дағдарыс жоқ. Қолға алынған жедел шаралардың арқасында 

қиындықтарға  төтеп  берудеміз.  Заман  ағымына  байланысты 

бейімделген жобалар іске асуда. Сондықтан халқымыздың алаңдауына 

себеп жоқ. Сонымен қатар, ел экономикасының жеткілікті қоры, тым 

тереңде  жатқан  тамыры  өткінші  қиындықтарға  қарсы  тұра  алады. 

Мемлекет  өз  тәуелсіздігінің  алғашқы  жылдарындағы  қиындықтан, 

сонан  соң  Азиядағы  дағдарыстан,  тіпті  дүниежүзілік  дағдарыстан 

да өтті. Әлемдегі экономикасы тұрақты санаулы елдердің қатарында 

болдық. Ең бастысы, бізде ел болашағына сенім бар. Сондай-ақ, Ел-

басы Үкіметке дағдарысқа қарсы іс-шаралар атқару тапсырылғанын 

атап  өтті.  Былтыр  мемлекетімізді  қолдайтын  халықаралық  қаржы 

ұйымдарымен әріптестік орнады, мемлекеттік басқаруда да жаңа ре-

формалар жүзеге асты. Бұл әлі де белсенділікті талап ететін қызметтер. 

Президент  өз  сөзінде  мемлекеттік  басқару  жүйесін  реформалау-

да министрліктер 17-ден 12-ге дейін, комитеттер 54-тен 40-қа дейін 

қысқарғанын  айтты.  Сондай-ақ,  қағазбастылық  мәселесі  қысқарып, 

жауапкершілік күшейді. 

Өткен  жылы  жарияланған  «Нұрлы  жол-болашаққа  бастар  жол» 

атты  Жолдаудың  мақсаты  туралы  қайталап  айтқан  Мемлекет  бас-

шысы: «Жолдаудың басты мақсаты – мемлекеттің жаңа заманға сай 

инфрақұрылымын  жасау.  Сондықтан  экономикамызға  ешқандай 

дағдарыс  әсер  етпейді.  Ғаламдық  дағдарыста  сыртқы  фактор  бар. 

Біріншісі – әлемде мұнайдың бағасы төмендеді, бұған қоса еліміздің 

негізгі  экспорттық  тауарлардың  дағдарысы,  Ресей  рублінің  түсуі»,- 

деді.  Елбасы  әлем  бойынша  43  млн.  жұмыссыздар  бар,  аштықтан 

850 млн. адам зиян көруде, Еуроаймақта жұмыссыздық 11,5 пайызды 

құрап отыр. Бұл өз кезегінде біздің елге де өз әсерін тигізіп отыр. Ал 

«Нұрлы Жол» бағдарламасы осы дағдарыстың алдын алуға жасалған 

шара.  Бұл  бағдарлама  осы  қиын  кезеңде  экономикамыздың  өсуін, 

адамдардың жаңа жұмыс орнына орналасуына ықпал ететінін айтты. 

Мұнан  соң  Үкіметтің  жұмысы  туралы  Премьер-Министрдің 

бірінші  орынбасары  Б.Сағынтаевтың  есебі  тыңдалды.  Ол  өзінің 

есебінде еліміздің өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының 

қорытындысын айтты. Жолдауды іске асырудағы Үкіметтің міндетін 

баяндады. Сонан соң Премьер-Министрдің орынбасары Б.Сапарбаев 

Президент  тапсырмаларына  сәйкес  Үкіметтің  жаңа  жұмыс 

орындарының ашылуына байланысты тиісті шаралар қабылданғанын 

жеткізді.  Сондай-ақ,  Б.Сапарбаев  әлеуметтік  мәселелерге  ерекше 

тоқталды. Облыс әкімдері 15 ақпанға дейін тұрғындарды жұмыспен 

қамтуды бірлесе атқаруда өңірлік кешенді жоспарларды бекітеді.

Үшінші  болып  сөзді  Инвестициялар  және  даму  министрі 

Ә.Исекешев  алды.  Өткен  бес  жылдың  қорытындысымен  елімізде 

жүйелі  жүзеге  асырылып  жатқан  индустриялық  бағдарламаның 

дағдарыс кезінде жақсы әсері тиюде. 

Ол  өз  сөзінде  қазіргі  уақытта  100-ге  жуық  компаниялардан  40 

млрд.  доллардан  астам  қаржы  тартылатынын  және  инвесторлармен 

келіссөздер  жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Жиында  сөз  алған  Энергетика  министрі  В.Школьник  мұнайдың 

бағасының  түсуіне  байланысты  елдегі  өңдеу    кәсіпорындары 

шығындарын  азайтқанын,  десек  те  қазіргі  таңда  барлық  өндіруші 

компаниялардың қаржылық ахуалы сарапталып жатқанына тоқталды.

«Самұрық-Қазына»  әл-ауқат  қоры»  АҚ  басқарма  төрағасы 

Ө.Шөкеев, -Әлемдік экономикадағы дағдарысқа орай компаниялардың 

бизнес-жоспарлары  да  қайта  қаралады,-деді.  Ол  қордың 

инвестициялық бағдарламасын 18 пайызға қысқарту жоспарланғанын 

тілге  тиек  етті.  Ал  жүзеге  асырыла  беретін  жобалар  қатарында 

мемлекеттік  индустриялық-инновациялық  даму  бағдарламасы-2, 

«Нұрлы жол» бағдарламасы, ЭКСПО-2017 көрмесі бар. 

Кеңейтілген  отырыста  Алматы  қаласының  әкімі  А.Есімов,  Аты-

рау  облысының  әкімі  Б.Ізмұхамбетов  өз  өңірлеріндегі  әлеуметтік-

экономикалық ахуалды баяндады.  

Бұдан кейін Нұрсұлтан Назарбаев өзінің қорытынды сөзін сөйледі. 

«Бүгін біз кеңейтілген отырыста қалыптасып отырған күрделі жағдай 

туралы  айттық.  Бұл  жалпы  алғанда,  қазақстандық  экономиканың 

әсерінен  болып  отырған  жоқ.  Бұл  –  сыртқы  дағдарыс.  Яғни,  бізге 

әлемдік  дағдарыс  әсер  етуде,  себебі,  Қазақстан  –  әлемнің,  әлемдік 

экономиканың  бір  бөлігі.  Бірақ,  соған  қарамастан,  еліміздің  эконо-

микасында өткен жылдың қорытындысына сәйкес, оң өсім байқалды. 

Сол себепті, экономика бюджеті қалыптасып отырған жаңа жағдайға 

сәйкес бейімделуі керек. Бұл өз кезегінде экономикалық 

тұрғыдан  да,  заңнамалық  тұрғыдан  да  тез  шешімдер 



қабылдауды талап етуде», деді Елбасы.

ҚИЫНДЫҚТЫ ЕЛ БОЛЫП ЕҢСЕРЕМІЗ

1941 жылдың 22 маусымында басталып, 

үздіксіз  5  жылға,  яғни  1418  күнге  созылған 

Ұлы  Отан  соғысы  адамзат  тарихындағы 

ең  үлкен  қасірет  майданы  болып  санала-

ды.  Сұрапыл  соғыс  басталмай  тұрғанда 

1939  жылы  қазақстандықтардың  саны  6 

млн. 2 мың адам болған. Соғыстың алдын-

да 178 мың қазақстандық әскери борышын 

өтеп  жүрген.  Оның  ішінде  әрбір  бесінші 

қазақстандық  соғыста  қолына  қару  алып, 

Отанын қорғаған. 

Қан  майданға  Қазақстаннан  1  млн.  200 

мыңға  жуық  жауынгер  аттанған.  Соғыс 

жылдарында Отан қорғауға 5183 қазақтың 

қыз-келiншектерi  қатысыпты.  Осы  орай-

да, республикада 12 атқыштар дивизиясы, 7 

атқыштар бригадасы, 4 атты әскер дивизи-

ясы және 2 артиллериялық, 4 минометтiк, 

3 авиациялық полк және 14 жеке батальон-

дар  құрылып,  майданға  жiберiлген.  Олар 

соғыстың барлық шайқастарына қатысып, 

майдан  даласынан  600  мыңнан  астам 

жауынгер  елге  оралмады.  Оның  iшiнде 

туған  жерiне  жете  алмай  қаза  тапқан 

қазақтардың саны 135 мың адамды құрайды. 

Жалпы,  бұрынғы  Кеңес  Одағының  27 

миллионға  жуық  адамын  жалмаған  қанды 

қырғында  елімізден  аттанған  500-ден 

астам жауынгер  1934  жылы  бекітілген ең 

жоғарғы  мәртебе - Кеңес Одағының Баты-

ры  атанған  болатын,  оның  100-ден  аста-

мы - қазақтар. Соғыс аяқталғаннан кейінгі 

жылдары,  яғни  1946  жылы  Құдайберген 

Сұрағанов,  1965  жылы  генерал  Сабыр  Ра-

хымов,  1990  жылы  Бауыржан  Момышұлы 

Кеңес  Одағының  Батыры  атағын  алды. 

Екі  мәрте  Кеңес  Одағының  Батыры 

атанған Талғат Бигельдинов, Леонид Беда, 

Иван  Павлов,  Сергей  Луганский,  ал  Шым-

кентте  орналасқан  Чугуев  әскери  авиа-

ция  училищесінің  түлегі  И.Н.Кожедуб  үш 

мәрте  Кеңес  Одағының  Батыры  атағын 

иеленді.  Шығыстан  шыққан  қос  жұлдыз 

пулеметші  Мәншүк  Мәметова  мен  мерген 

Әлия Молдағұловалар да осы жоғары атаққа 

лайықты деп танылды. Сонымен қатар, 142 

қазақстандық Даңқ орденінің толық иегері 

атанса,  Кеңес  Одағының  орден,  медальда-

рымен  марапатталған  қазақстандықтар 

саны 100 мыңға жуықтайды. 

Сырдария ауданының прокуроры А.Тәженовтің аудан тұрғындарымен қоғамдық қабылдауы Тереңөзек кенті, Н.Ергешбаев көшесі №5 

мекен-жайында орналасқан «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ғимаратында өтетіндігін хабарлаймыз.

Қоғамдық қабылдау 2015 жылдың 20 ақпан күні сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін өткізілетіндігін назарларыңызға саламыз.



Сырдария аудандық прокуратурасы

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында кезектен тыс ХҮ 

аудандық партия конференциясы болып өтті. Онда маңызды екі мәселе 

қаралды.  Оның  біріншісі  және  негізгісі    -  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың 

Қазақстан  халқына  арнаған  «Нұрлы  жол-болашаққа  бастар  жол»  атты 

Жолдауынан  туындайтын  аудандық  филиалдың  партиялық  12  жоба 

бойынша  атқарылған  және  атқарылатын  іс-қимыл  жоспарын  пар-

тия  мүшелерімен  бірге  бірлесіп  жүзеге  асыру  жолдарын  және  нақты 

міндеттерді белгілеу болды. Бұл бойынша аудандық филиал төрағасының 

бірінші орынбасары М.Омаров хабарлама жасады. 

-Елбасының  кеңейтілген  саяси  кеңестегі  жолдаған  «Нұрлы  жол-

болашаққа бастар жол» атты Жолдауын басшылыққа ала отырып, «Нұр 

Отан»  партиясы  өзінің  жұмыс  жоспарында  партияның  12  жобасымен 

жұмыс  жасауда.  Партияның  саяси  доктринасында  отбасы,  ұрпақтар 

сабақтастығы,  еңбексүйгіштік,  білімге  құштарлық,  дәстүрлерді  сақтау, 

жастарды  патриотизмге  тәрбиелеу,  Қазақстанның  табыстылығы  мен 

гүлденуінің әрдайым кепілі болмақ,-деді Марат Жүсіпәліұлы. Ауданның 

партия ұйымдары 12 жоба яғни «Бақытты отбасы», «Жастар - Отанға», 

«Жастардың  кадрлық  резерві»,  «Сәтті  қадам»,  «Біздің  ауыл»,  «Айқын 

тариф»,  «Кедергісіз  келешек»,  «Ардагерлерді  ардақтайық»,  «Мықты 

бизнес-қуатты  мемлекет»,  «Стоп  қылмыс»,  «Бақытты  балалық», 

«Партияның 50 тұлғасы» атты жобалар бойынша жұмыстар жүргізілді. 

Атап айтатын болсақ, «Кедергісіз келешек» жобасы бойынша аудандық 

жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік  бағдарламалар  бөлімімен  бірлесіп, 

аудан  әкімінің  қолдауымен  отыздан  астам  мүмкіндігі  шектеулі  жан-

дар  жұмысқа  орналасты.  «Ардагерлерді  ардақтайық»  жобасы  бойын-

ша  ҰОС,  еңбек  ардагерлерімен  кездесулер  өткізілді.  «Партияның  50 

тұлғасы» жобасы бойынша Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиевпен, 

қолөнер шебері Жәнібек Маханбетовпен, мүсінші Жәркен Исмағұловпен 

және  басқа  да  тұлғалармен  жастар  арасында  тәрбиелік  мәні  зор  шара-

лар өтті. 

«Нұр  Отан»  партиясы  Сырдария  аудандық  филиалы  жанында  30 

бастауыш  партия  ұйымы  жұмыс  жасауда.  Бастауыш  ұйымдарында 

бүгінгі  күнге  2803  партия  мүшесі  есепте  тұрады.  Партия  мүшелерінің 

құрамы  денсаулық,  білім,  мәдениет,  ауыл  шаруашылығы  сала-

сы  қызметкерлерінен  және  кәсіпкерлерден,  зейнеткерлер  мен 

жұмыссыздардан  құралған.  Аудандағы  «Нұр  Отан»  партиясының  сая-

си кеңес құрамында 19 партия мүшелері түрлі са-

лалардан және қоғамдық ұйымдардан сайланған 

партия  мүшелері.  2014  жылдан  осы  уақытқа 

дейін  3  саяси  кеңес  отырыстары  және  3  саяси 

бюро отырыстары өткізілді. 

Конференцияда 

жарыссөзге 

шыққан 

аудандық ішкі саяст бөлімінің басшысы, аудандық 



саяси кеңестің мүшесі Ә.Мырзахметова биылғы 

жылы  аудан  көлемінде  партия  мүшелерімен 

бірлесіп атқарылатын шараларға тоқталды. 

-2015 жыл біз үшін елеулі жыл болғалы отыр,-

деді ол. Нақтылар болсақ, Қазақ хандығының 550 

жылдық мерейтойы, Қазақстан Республикасының 

Ата  Заңы  Конституциясының  20  жылдығы, 

Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  20  жылдығы 

және  Ұлы  Отан  соғысының  аяқталып,  ата-

бабаларымыз от кешіп, ұрпаққа алып берген Ұлы 

Жеңіске 70 жыл толғалы отыр. Қазақ хандығының 

550  жылдық  мерейтойын  аудан  көлемінде  на-

сихаттау  шараларын  ұйымдастыру  мақсатында 

«Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл» толу 

мерекесін  ұйымдастыру  жобасы  жасақталып, 

жыл  көлемінде  шаралар  ұйымдастырылатын 

болады.  Жоспарға  сәйкес,  кент  және  ауылдық 

округтер  бойынша  ақпараттық  шараларды  ұйымдастыру  мақсатында 

үгіт-насихат құралдары орнатылады. Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерей-

тойын  атап  өту  бойынша  кент  және  ауылдық  округтердегі  «Тағзым 

алаңдары»  тарихи  орындарында  абаттандыру  жұмыстары  жүргізілетін 

болады.  Аудандық  өлкетану  мұражайында  Жеңістің  70  жылдық 

мерекесіне  орай  экспонаттарды  жаңарту  жұмыстары,  деректі  филь-

мдер  дайындау,  патриоттық  әндер  байқауы,  орталық  алаңда  соғыс 

ардагерлерінің  қатысуымен  саптық  шеру,  жастар  мен  оқушылар  ара-

сында  жастар  шеруін  ұйымдастыру,  соғыс  және  еңбек  ардагерлерінің 

жесірлеріне,  отбасыларына  материалдық  көмек  көрсету  жұмыстары 

жүргізілетін болады. 

Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына орай аудандық орталық 

кітапханының  оқу  залында  «Ассамблея-этносаралық  татулық  пен 

қоғамдық келісімнің ұйытқысы» атты кең көлемді кітап көрмесі, ауылдық 

кітапханаларда  «Қазақстан  достық  пен  татулықтың  киелі  бесігі»,  «Ел 

бірлігі-ел  теңдігі»  атты  тұрақты  кітап  көрмелері  ұйымдастырылып, 

барлық  білім  беру  мекемелерінде,  агроколледжде  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясының  тарихы  жөнінде  бірегей  сабақтар  мен  семинарлар 

өткізіліп, аудандық тарихи өлкетару музейінде Қазақстан халқы Ассам-

блеясы жылы халықтық келісім және достық жылы тақырыбында экс-

курсия жүргізіледі. 

Партия конференциясында аудан әкімінің орынбасары Е.Әжікенов 

дана  халқымызда  «Бірлігі  бар  ел  озады,  бірлігі  жоқ  ел  тозады»  деген 

жақсы сөз бар. Ел бірлігі ең асыл қасиет дей келе, партия мүшелерін ау-

дан  әкімінің  бастамасымен  құрылған  Қоғамдық  Кеңестермен  бірлесе 

жұмыс  жасай отырып, халықтың «Нұр Отан» партиясына деген сенімін 

қоғамның  барлық  саласындағы  саяси  ахуалды,  кәсіпорындар  мен 

шаруашылықтың жалақыға қарыз және жұмыскерлердің қысқармауына, 

жастардың  өзге  діни  ағымдарға  бет  бұрмауына,  жастар  арасындағы 

құқық  бұзушылықтың  алдын  алу  және  елді-мекендер  бойынша  кадр 

резервін  қалыптастыру  бағытында  жұмыс  жасаулары  қажет  екендігін 

атап өтті. Екінші мәселе бойынша облыстық ХVII партия конференци-

ясына делегаттар сайланды.



С.СҰЛТАНҚЫЗЫ,

Ш.НҰРСЕЙІТОВ,

А.ИБРАГИМҰЛЫ (сурет)

ХV аудандық конференция

ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ 

жаңаша іс-қимылды талап етеді

«Тт-ақпарат»

Ресей,  Украина,  Германия  және  Франция  басшылары,  яғни  «Нор-

манд  төрттігі»  ұзақ  кездесуден  кейін  бір  тоқтамға  келді.  Минскіде  17 

сағат бойы үзіліссіз жүргізілген келіссөзден соң, Донбасстағы қарулы 



қақтығысты тоқтату туралы декларация қабылданды. Құжат 15 ақпанда 

күшіне еніп, қарулы қақтығыс аумағынан әскери техника мен барлық сар-

баздар шығарыла бастайды. Бұған 14 күн уақыт белгіленген. Ереже бой-

ынша қос тараптың әскерилері шекарадан 50 шақырым жерге алшақтайды. 

Оған қоса, барлық тұтқындарды босату да көзделіп отыр. Донецк және 

Луганскде сайлау жүргізу ережелері бекітіліп, ол Еуропадағы қауіпсіздік 

және ынтымақтастық ұйымының стандарттары негізінде іске асырылады. 

***

Енді  ішкі  нарықта,  қаржылық  операцияларды  айтпағанда  жылжы-

майтын мүліктер мен тауарлар тек теңгемен сатылуы тиіс. Қазір осы та-

лапты орындауға міндеттейтін құжат әзірленіп жатыр. Оның қарапайым 

халыққа да, кәсіпкерге де, мемлекеттік мекемелерге жаппай қатысы бар. 

Жақын күндері бекітілетін құжат бойынша, ендігі жерде көлік пен баспа-

наны қолма-қол ақшаға сатып алуға тыйым салынбақ. Сондай-ақ, Ұлттық 

банк несиені Американың долларымен емес, теңгемен бере бастайтыны 

мәлім болды.

«Тт-ақпарат»

Бір сөзбен...        




жүктеу 365,44 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау