18
3-
бөлім. Жанұядағы толеранттылық тәрбиені қалыптастыру тәсілдері және
әдістері, негізгі кезеңдері.
3.1.
Замануи Қазақстандық жанұя қандай болады?
Қазақстандағы замануи жанұялардың қыр-сыры, олардың біртекті емес мінезіне қарамастан,
кемінде төрт ерекшелікпен анықталады.
1. Замануи жанұя – бұл сезім мен қолдаудан тұратын, махаббатқа негізделген одақ. Қазіргі
кезде қыздарды олардың еркінсіз тұрмысқа беру екіталай.
2. Кеңейтілген жанұядан ықшамды жанұяға өту (ата-аналар және балалар). Мұндай жағдай –
мұқтаждықты бостандықта іске асыру нәтижесі және жас адамдардың дербестігі. Бірақ жас
жанұялардың бөлек тұруы немере тәрбиесіне ата-әжесінің қатысты болуын төмендетеді.
Шағын, ықшамды типті жанұялармен қатар «территориалды кеңейтілген» жанұяларда да
басымдық жасау көрінісі жиі кездеседі. Жас ерлі-зайыптыларда тұратын үйлері
болмағандықтан, олар әлі толық қаржылай дербестікті иеленген жоқ, сондықтан олар ата-
аналарымен бір үйде тұрады және олардың көмегіне сүйенеді.
3. Замануи жанұялық жүйе жеткілікті ашық болып келеді, яғни, бүгінде некелесу де ажырасу
да оңай болып кетті. Некені құруға және айыруға да құқықтық, этикалық, діни және
әлеуметтік-психологиялық кедергілер аз.
4.
Заманауи жанұяда ата-аналық рөл бірте-бірте артып келеді. Жаңа, гуманистік позиция – бұл
балаға өз еркімен таңдауға ерікті, сыйлауға лайық, жеке тұлға ретінде қарау. Бүгінде ата-ана
мен баланың қарым-қатынасында ерекше рөлді эмоциялық және рухани жақындық, эмпатия
алады. Ерекше көңіл бөлетін құбылыс, әкелік, әзірше атану кезеңінде тұр. Заманауи әкелердің
біршама бөлігі тәрбиеге ерте кезден, яғни, сәби кезінен, тіпті баланың пренатальді дамуы
кезінде кіріседі («әкелер мектебі», туылу сәті және т.б.). Әкелік махаббат енді аналық
махаббатпен теңбе-тең. «21 ғасырдағы Әке» бар көңілімен баласымен қатысады, оны қолына
алып, бірге серуендейді. Әсіресе заманауи әкелердің жауапкершілігі және икемділігі,
жанұядағы рөлдерді қайта үйлестіруге дайындығы маңызды.
Заманауи жанұяның дамуында жоғарыда айтылған жағымды ерекшеліктерден бөлек, біршама
жағымсыз тенденцияларды (үрдістер) көрсетуге болады.
Әлеуметтанушылардың мәліметіне сүйенетін болсақ, заманауи жанұялар жиі дайын емес
көптеген мәселелерге тап болады. Нәтижесінде, Қазақстанда соңғы 6 жылда ажырасу саны
күрт өсті. Өткен жылғы қиылған 100 некенің 34-і ажырасқан, яғни, әрбір үшінші неке
бұзылды. Ғасырлар арасында Қазақстандағы жанұялар басқа елдерде де орын алатын күрделі
мәселелермен кездесті.
Жанұялардағы әлеуметтік және экономикалық мәселелер.
Экономикалық – жұмыстан айырылу, еңбекақыны немесе жәрдемақыны төлемеу,
еңбекақының төмен деңгейде болуы – осындай басты орын алатын мәселелер.
Мамандар әлеуметтік себебі бар жанұялардың айырылысуына көбінесе мына себептерді
келтіреді: а) ерлі-зайыптылардың біреуінің ішкілікке салынуы. Бұл себеп жанұялардың
айырылысу жағынан кеңестік дәуірде де бірінші орын алған. Бірақ ол кезеңде жанұялардың
елу пайызы ғана бұзылған, ал қазір бұл себеппен жанұялар сексен пайызға дейін
бұзылуда; б)
жанұядағы рөлдердің дәстүрлі түрде бөлісуімен келіспеу; в) қолайсыз баспаналық және
тұрмыстық жағдайлар; г) ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің заңға қайшы тәртібі.
19
Бұған ережеге сәйкес, мәдени деңгейінің төмендігі, яғни балаға деген жауапкершіліксіздігі,
рухани қасиеттерінің болмауы.
ҚР ІІМ-нің мәліметі бойынша, республикада 13 мың әлеуметтік жағдайы төмен жанұялар бар.
Ал біздің білуімізше, әлеуметтік жағдайы төмен жанұялар балаға әлеуметтік қауіпті жағдай
туғызады, және де бұл жағдай тұрақты әрі ұзақ болса, онда жанұя өз балаларын тәрбиелеуге,
асырауға деген ресурстарын жоғалтады. Мұндай жанұяда өскен бала, қызба, психологиялық
түрде күйзелген, қоғамдық жүріс-тұрысында, адекватты емес жалпы әлеуметтік және мәдени
ортада стереотиптер қалыптастырады. Осындай жанұялардан шыққан қиын балалардан жиі
жас құқық бұзушылар кездеседі.
Тағы бір өткір әлеуметтік мәселе – ата-аналық дағдарыс, яғни, әкесінің немесе анасының
ата-аналық міндеттерінен бас тартуы, балаларынан бас тартуы. Бүгінде Қазақстанда 4
миллионнан аса жанұялар бар. Осы жанұяларда 5 миллионнан аса балалар тұрады. Оның 34
мыңнан көбі – әртүрлі себептермен ата-аналарынан айырылған балалар. 24 мыңға жуық
балалар жаңа жанұя тапты, көбінесе оларды жетім балалардың тағдырына немқұрайлы
қарамайтын жақын туысқандары асырап алған. Сонымен бірге жаңадан жанұялы болған
балалардың көбісін ата-аналары тастап кеткен. Бұл олардың аналық және әкелік
парыздарының ұмытып кетуі.
Әйел мен еркек арасындағы жанұялық міндеттерінің әділетсіз бөлінуі.
Дәстүрлі қоғамдық түсінікте әйелдер жанұя қажеттілігіне қызмет көрсетуден баяғыдан еңбек
жұмысбастылығы жағынан негізгі жауапкершілікті алып жүреді, яғни, балаларын
тамақтандыру, үйде жайлы жағдай жасау, жанұяны сақтау. Ал жанұяда бюджет жағын бөлуге
келгенде, егер еркек жұмыс жасап және демала алатын болса, онда әйел тек жұмыс істеп қана
қоймай, сонымен қатар үйдегі міндеттерін де атқарып, бала тәрбиесімен айналысып және
жанұя мүшелерінің қажеттіліктеріне қызмет көрсетеді. Осы жерде еркекті жанұядан ығыстыру
деген сұрақ пайда болады. Еркек бала қамқорлығы барысына нашар араласады. Сонымен
қатар, оның қамқорлығы, негізінен, жанұяны қаражаттық жағынан қамтамасыз етуге алып
келеді. Бірақ та әкелік түсінікте жанұяны тек материалдық қамтамасыз ету ғана емес,
жанұяның әлеуметтік және де күнделікті өміріне әкені араластыру, қатыстыру. Еуропа
елдерінде өте жақсы, заңмен бекітілген тәжірибеде, еркек 90 күнін бала қамқорлығына арнау
керек делінген.
Жанұяның демографиялық мәселелері.
Жанұяда баланың аз болуы - маңыздылығы жағынан бірінші мәселе. 1998 жылдан бері,
Қазақстан халқының материалдық жағдайы нашарлап кетуіне байланысты, аз балалы
жанұяның саны (16 жасқа дейін 1-2 баладан) күрт өсті. Бұл процесте бала санының
қысқаруымен қатар, некесіз туылған балалардың саны да өскенін айта кету керек.
Тіпті бір
баланы да қаламайтын ерлі-зайыптылар саны көбеюде.
Маңызды мәселе бұл некесіз еркек пен әйелдің көбеюі. Ешқашан ресми некеде болмағандар
саны да байқалады: мұндай әйелдер 23 жастан жоғары, ал еркектер 26 жастан жоғары, яғни
теңбе-тең шамасында – барлығы 1, 2 миллион адам, немесе әрбір 5-ші адам. Тіпті 35 жасқа
дейінгі еркек пен әйелдер (балалы болуға қолайлы жас) әлі жанұялы болмаған.