27
ЭКОНОМИЧЕСКОЕ ОБОЗРЕНИЕ 1 /2013
ПРОБЛЕМАЛАР МЕН ПАЙЫМДАУЛАР
салымшыларына лездік төлемдер жасауды немесе
осындай талаптарды өзге банктерге аударуды
қамтамасыз етуге, сол арқылы банктің барлық
кредиторларының талаптарын қанағаттандыруда
ең жақсы нәтижеге жетуге бағытталған.
Еуроодаққа кіретін және әлемдік қаржы
дағдарысынан көбірек зардап шеккен ел Испания
болып табылады. Осыған байланысты Испания
Үкіметі заңнамаға елдің орталық банкінің қадағалау
функцияларын кеңейтетін түзетулер енгізді:
атап айтқанда, реттеуші ертерек кезеңдерде
әлеуетті «проблемалы» банктерді зерттеуге
кірісе алады және қажет болған жағдайда
оларды лицензияларынан айыра алады. Аталған
шараларды Еуроодақ қабылдатқан болатын.
Сонымен
қатар
15.11.2012ж.
кредиттік
мекемелерді уақытша басқару, қайта құрылымдау
мен сауықтыру процестерін реттеу көзделетін
заң жобасы қабылданды. Аталған заң жобасында
Банктерді реттеп қайта құрылымдау қорының
(FROB) құқықтық мәртебесі белгіленеді, оның
қызметінің түпкі мақсаты жалпы қаржы жүйесінің
тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Жаңа заң жобасына сәйкес Испания Банкінің
кез келген әрекеттерін FROB мақұлдауға тиіс, ол
тоқсан сайын Орталық банктен есептер алатын
болады.
Сондай-ақ,
FROB
құтқаруға
бөлінген
ақшаны
мемлекетке
белгіленген
мерзімде
қайтаруға дәрменсіз кез келген банктерді тарату
өкілеттіктеріне ие болады. Сонымен қатар, FROB
банктің құнын айқындау, оның активтерін немесе
міндеттемелерін кейіннен сатылуы мүмкін аралық
банкке беру құқығын алады. FROB Испанияның
экономика министрлігінің тікелей бақылауында
болады.
Испандық банктер, бірінші кезекте бұл Santander,
BBVA, Popular, La Caixa және Bankia сияқты жүйе
құраушы банктерге қатысты, 31.12.2012ж. өзінің
төлем қабілеттілігінің деңгейін 8-9%-ға дейін
көтеруге тиіс болған еді.
Қорытындылай келе банктер кредиторларының
талаптарын қанағаттандыру таратылатын банктер
кредиторларының
(қаржылық
қызметтерді
тұтынушылардың) құқықтарын қорғаудың бүкіл
жүйесі арқылы өтетінін атап өткіміз келеді. Әрі
әлемдік тәжірибеде проблемалы банктерге
қатысты жұмыс істеп тұрған тұрақтандыру және
тарату механизмдері, мысалы Ұлыбритания
мен Испанияда проблемалы банктермен жұмыс
істеу практикасында оларды өте жақсы және
тәртіпке салынған түрде қолдануға мүмкіндік
береді. Испания тәжірибесі банктерді тікелей
тұрақтандырумен және таратумен айналысатын
органның (FROB) жұмыс істеуі проблемалы
банктің кредиторларын толыққанды қорғауға
және
проблемалы
банктің
кредиторлары
оның проблемалары туындаған сәттен бастап
оны толығымен таратқанға дейін құтқаратын
қорғауында болатын «бір қолшатыр» қағидатын
қолдануға мүмкіндік беретіні туралы қорытынды
жасауға болатынын көрсетеді.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШОЛУ 1 /2013
28
ЗАҢНАМАҒА ТҮСІНІКТЕМЕ. МЕТОДОЛОГИЯ
СЫРТҚЫ СЕКТОР СТАТИСТИКАСЫ
САЛАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
ТУРАЛЫ СҰРАҚҚА
Жұмабекова А.Ж. - Төлем балансы және валюталық
реттеу департаментінің Методология және
талдау Басқармасының Бас маманы
Соңғы жылдары төлем балансы статистикасын
жақсарту сұрақтары халықаралық ұйымдардың та-
рапына назарға жиірек түсетін тақырыптың бірі болу-
да. Осы салада негізгі заң шығарушы Халықаралық
Валюта Қорының (ХВҚ) Статистикалық Департаменті
болып табылады. ХВҚ мамандары көптеген жыл-
дар бойы ұсыныстарды өңдеді, жетілдірді және
енгізді, олардың негізінде қазір Қорға қатысушы
- елдердің төлем баланстары туралы мәліметтері
жиналады және жарияланады (бірінші нұсқаулық
1948 жылы шықты). Тиісті ұсыныстарды дайын-
дау негізгі екі бағыт бойынша өрбіді. Біріншіден,
ХВҚ мүше - елдердің мүмкүндігінше нақтырақ және
сыртқыэкономикалық қатынастарының жай-күйі тура-
лы ең жоғарғы деңгейде бірыңғайланған ақпаратты
алуды қамтамасыз ету. Екіншіден, алынған ақпаратты
өңдеу және жариялаудың біріңғай методологиясын
жасау ең ақырында ХВҚ басқару органдары тарапы-
нан салыстыруға және жүйелі бақылауға жарайтын
қатысушы-елдердің азды-көпті біркелкі валюталық
жағдайдың бағалауын білу болып табылады.
Төлем
балансы
және
халықаралық
инвестициялық позиция бойынша Нұсқаулық ту-
ралы, 6-басылым
Сыртқы экономикалық қызмет шоттары статисти-
касы және макроэкономикалық статистиканың басқа
бөлімдері арасындағы интеграция деңгейін көтеру
үшін, сонымен қатар глобализация және қаржы
мен технологиялық инновациялармен байланысты
экономикалық өзгертулер, 2009 жылы ХВҚ төлем
балансы және халықаралық инвестициялық пози-
ция бойынша Нұсқаулықты, 6-басылым (одан әрі -
ТБН-6) басып шығаруға алдыңғысы қайта қаралды
және дайындалды. ТБН-6 өңдеу 2003 жылы ХВҚ
басталған болатын. Сол жылы ХВҚ құрылған ұлттық
шоттар бойынша жұмыс тобымен «1993 жылғы
Ұлттық шоттар жүйесін» (ҰШЖ) жаңарту шешімі
қабылданды, ол 2008 жылы дайындалды және ба-
сып шығарылды (ҰШЖ 2008).
ТБН-6 елдің операциялары және позициялары
бойынша статистикалық деректерді басқа әлемге
қатысты қалыптастыру методологиясының негізін
көрсетеді, және де онда тұжырымдамалық негіз
көрсетіледі, ол әртүрлі елдерге қатысты - ең ұсақтан
және онша дамымағанан неғұрлым экономикалық
дамығанға және қиынға дейін қолданыла алады.
ТБН-6 шеңберінде өңделген негізгі механизм,
алдыңғы нұсқаулықпен салыстырғанда өзгерген жоқ (5
басылым – ТБН-5). ТБН-6-ғы ТБН-5 тұжырымдамалық
негіздерін қолданады, ол резиденттілік ұғымымен,
экономикалық территория, экономикалық мүдде
орталығы, сонымен қатар есепке алу қағидаттары - екі
жақты жазба және есептеу әдісі. Барлық осы ұғымдар
мен қағидаттар ТБН-6 айқындалды. Сонымен бірге,
глобализациялық процесстердің дамуымен өзекті
мәселелердің бірқатары үлкен мағынаға ие болды.
Екі немесе одан көп елдермен байланыстары бар
экономикалық бірліктердің саны үнемі артуда, және
көптеген елдердің саны экономикалық уағдаластықтың
қатысушылары болуда. Атап айтқанда, көп
қызығушылық
резиденттілік
тұжырымдамасына
және ақша аударымдары ағындарымен байланы-
сты мигрант-жұмысшылар туралы ақпаратқа тиісті.
Сонымен, ТБН-6 резиденттілікпен байланысты
сұрақтардың шеңберінде резиденттілікке қатысты
нұсқаулықтар және мақсатты құрылымдар мен басқа
заңды құрылымдардың қызметі келтіріледі, олардың
көмегімен активтерге иелік ету және физикалық аз
қатысуымен немесе мүлдем қатыспауымен сипатта-
лады. Мысалы, физикалық тұрғыда аз қатысатын
әлде мүлдем қатыспайтын деп есептелетін
«мобильдік» өндіріс, сияқты ұғымдар енгізілуде
(қаржы, сақтандыру, патентке меншік құқығы,
тіпті «виртуалдық өңдеуші өнеркәсіб»); «арнаулы
мақсаттағы кәсіпорын» (қаржылық компаниялар,
«қабықша» компаниялар жт.б.), олар корпорация
мәртебесін алған елдің жеке институционалдық
бірліктері ретінде жіктелуі тиіс, жоғарымобильді
жеке тұлғалардың резиденттілігі экономикалық
қызығушылық
орталығына
байланысты
анықталады.
ТБН-6 шеңберінде әзірленген негізгі меха-
низм алдыңғы 5-ші нұсқаулықтың басылымымен
салыстырғанда өзгерген жоқ. Төлем балансын-
да деректерді тапсырудың келесі құрылымдағы
тәртібі сақталды: ағымдағы шот, капитал шоты
және қаржылық шот. Дегенмен кейбір салаларға
белгілі бір өзгертулер енгізілді. Мысалы, ТБН-
5 қолданылған ағымдағы шоттағы «кіріс» са-
наты және «ағымдағы трансферттер», ТБН-6
«бастапқы кіріс» және «екінші кіріске» алмасты-
рылды.
Одан
басқа,
өндірістік
процесстердің
глоболизациялық
маңызының
өсуінен
ТБН-6 оларды есепке алудың әдістері ұсынылған,
сыртқы мердігерлерге берілген материалдық про-
цесстер туралы толығырақ және тұтастай алуға бо-
лады (яғни қайта өңдеуге арналған тауарлар), және
физикалық иеленушілікпен байланысты емес жүзеге
асыру және өңдеуді басқару қызметтері туралы (яғни
тауарларды шетелде қайта сату). Мысалы, «басқа
тарапқа тиесілі физикалық түрде шығарылатын
қорларды өңдеу бойынша қызметтер» енді қызмет
ретінде қарастырылады; алдында ТБН-5 олар «қайта
өңдеу үшін тауарлар» ретінде қарастырылған.
Трансшекаралық қызметтер көлемінің өсуі ТБН-6
қаржылық делдалдық ұғымын қосуға әсерін тигізді. Әдетте,
қаржылық делдалдар өздерінің салымшыларына олардың
қарыз алушыларының пайызынан төмен пайыздық став-
каларды ұсына алады. Осылайша алынған пайыздық
маржа қаржылық делдалдармен өздерінің шығындарын
жабуға қолданылады және оларға операциялық пайда
береді. Қызметтің бұл түрі клиеттерден тікелей төленетін
қызметтерді алудың баламасын береді. Сонымен, жа-
нама түрде өлшенетін қаржылық делдалдық бойынша
қызмет болып табылатын маржа туады (ЖӨҚДҚ), яғни