ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШОЛУ 1 /2013
24
ПРОБЛЕМАЛАР МЕН ПАЙЫМДАУЛАР
актив болып табылады, оның «қорғаныш» мәртебесі
ғаламдық қаржы нарықтарының тұрақсыз болу кезеңінде,
сондай-ақ дамыған елдердің орталық банктері монетарлық
саясатты жұмсартқан кезде ерекше маңызды, бұл
ағымдағы сәтте де байқалып отыр. Екіншіден, ірі қорлар
және өндірістік қуат болған кезде ішкі ресурстар есебінен
алтын қорларын толықтыру экономикалық тұрғыда негізді
болып табылады. Үшіншіден, мемлекет тарапынан тұрақты
сұраныс жалпы алғанда алтын өндіру саласын дамыту-
ды қамтамасыз етуге көмектеседі. Басқаша айтқанда, бұл
өндірісті, қайта өңдеу саласындағы ғылым мен техниканы да-
мытуды, сондай-ақ бағалы металдарды пайдалану мен айна-
лысын ынталандыруға мүмкіндік жасайды. Инвестициялар,
алтынның ішкі нарығын дамыту тұрғысынан алғанда халыққа
өзінің жинақ ақшасын әртараптандыруға және олардың
сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беру керек.
Ұлттық
Банкке
алтын-валюта
активтерін
толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға
мемлекеттің басым құқығын іске асыру туралы
шешімдер қабылдау функциясы тұңғыш рет Қазақстан
Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі
№120 Жарлығымен берілді. Сондай-ақ осы құқық
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы»
Қазақстан Республикасының Заңында бекітілді. 2011
жылғы тамызда Ұлттық Банк басым құқықты жақын
арадағы бірнеше жылда толық көлемде іске асыру
ниеті туралы мәлімдеді.
4
Ұлттық Банк 2011 жылғы
желтоқсанда осы құқықты іске асыруды бастаған
сәттен бастап 2013 жылғы наурызға дейін отандық
өндірушілерден шамамен 33 тонна алтын сатып
алынды.
5
Осылайша, алтынвалюта активтерінде
алтын портфелінің үлесі 2013 жылғы 1 сәуірдегі
жағдай бойынша 13,8%-дан 22,5%-ға дейін өсті
(Графикті қараңыз).
1-сурет
ҚРҰБ АВА алтын портфелінің динамикасы
Дерек көзі: Ұлттық Банк
Негізгі проблемалар және оларды шешу
жолдары
Алтын нарығын реттеу бөлігіндегі айтарлықтай
прогресске қарамастан, заңнамада жақын арада
шешуді қажет ететін бірқатар кемшіліктер бар. Осы
уақытқа дейін құрамында алтын бар шикізаттың
басым бөлігі елден тыс шығарылуда, бұны кедендік
статистика да дәлелдейді. Көбінесе өндірушілер
шикізатты, оны одан әрі өңдеу үшін Швейцарияға
экспорттайды. Бұл ретте отандық қайта өңдеуші
зауыттарға жүктеме недәуір аз салынады.
Біздің ойымызша, бәрінен бұрын, алтынның
Қазақстан ішінде қайта өңделуін одан әрі ынталандыру
бойынша шаралар қабылдау қажет. Бұл шаралар
жиынтығын қажет етеді, оның біреуі - өңделген бағалы
металдарды, сондай-ақ құрамында бағалы металдар
бар шикізат тауарларын сыртқа әкетудің мемлекеттік
бақылауын күшейту.
4
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Тау-кен өндіру және тау-кен-металлургия кәсіпорындары қауымдастығының
2011 жылғы 23 тамыздағы № 26 бірлескен баспасөз релизі
5
ҚР Ұлттық Банкінің деректері
25
ЭКОНОМИЧЕСКОЕ ОБОЗРЕНИЕ 1 /2013
ПРОБЛЕМАЛАР МЕН ПАЙЫМДАУЛАР
Сонымен бірге, ағымдағы салық заңнамасына
бағалы металдар айналымына (шикізат тауарларынан
бастап инвестициялық алтынға дейін) салық салу
бөлігінде кейбір өзгерістер енгізу мақсатқа сай келеді.
Инвестициялық алтынға ҚҚС салуды ерекше атап
көрсеткен жөн. Мәселен, қолданыстағы заңнамаға
сәйкес құймадағы инвестициялық алтынды сату ҚҚС-
тен формалды түрде босатылады. Осы номаның негізгі
идеясы – жеке инвесторларға, оның ішінде қарапайым
азаматтарға заттай алтынға инвестициялау мүмкіндігін
беру. Сонымен бірге осы норма бойынша салық
салу кезеңінде сатылатын инвестициялық алтынның
массасы бойынша 32 трой унциясынан артық емес
шектеу қойылған. Осы норманың редакциясында
шектеуді есептеудің инвестордың емес, ал сатушы
тарапынан болуын көздейді. Осылайша, бұл көрсеткіш
асып кеткен жағдайда ҚҚС, алдыңғы 32 трой унциясын
қоса алғанда, бүкіл сатылған көлеміне есептеледі, бұл
салық жүктемесін тиімді бөлу болып табылмайды.
Әрине, бұл жағдайда жеке инвесторларға алтын
құймаларын сату бойынша тиімді бизнесті жүргізу
мүмкін емес, ҚҚС салудан босату жөніндегі норма
іс жүзінде жұмыс істемейді және жеке инвесторлар
үшін алтынды инвестициялауға мүмкіндік бермейтін
«декларативтік» қана болып табылады.
Сонымен қатар, шикізат түріндегі алтынды
Қазақстанда өңдеуді қамтамасыз ету мақсатында,
біздің ойымызша, Үкіметте бар тосқауылдарды,
мәселен, кеден бажын, әкімшілік шектеулерді (ел
ішінде алтынды өндеуге лицензия/міндеттеме),
заңнаманы бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікті
және т.б. да қолдану дұрыс болар еді. Ондай шаралар
экспорттаушыларды шикізатты отандық аффинажды
зауыттарға тапсыруға ынталандыруға мүмкіндік
береді.
Саланы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері
мен қағидаттарын нақты айқындайтын арнайы заңды
әзірлеу де маңызды болып табылады. Қолданыстағы
нормативтік құқықтық актілер негізінен жер қойнауын
игеру және халықаралық іскерлік операциялар мен
мәмілелерде трансферттік баға белгілеу кезінде
туындайтын қатынастардың ортақ мәселелерін
реттейді. Ал бағалы металдар мен асыл тастарды,
олардың сынықтары мен қалдығын өндіру, тазарту,
қолдану және оларды айналысқа жіберу кезінде
туындайтын қатынастар, бағалы металдардан
жасалған бұйымдарды таңбалау бойынша мәселелер
және т.б. заңнамалық реттеуден тыс қалады.
Сондай-ақ, алтынның стандартты құймасына
инвестиция салу кезінде салыстырмалы түрде ірі
салымдар қажетті болғандықтан, инвесторлардың
кейбір топтары (жеке тұлғалар сияқты) үшін кедергі
бар. Мәселен, мысалы, стандартты құйма шамамен
400 трой унциясын құрайды (немесе 12,5 кг.), бұл
ағымдағы баға кезінде 560 мыңға жуық АҚШ долларын
талап етеді. Сондықтан, нарықты жандандыру үшін
мемлекеттік стандартты өлшемді құймаларға да
енгізу қажет.
Тұтастай алғанда, тәуелсіздікті алған кезден бастап
Қазақстанның алтын өндіретін саласы айналысты
реттеу және ресурстарды қолдану бөлігінде бір қатар
өзгерістерге ұшырады. Мемлекеттің бұл ресурстарды
елдің ішінде қалдыру ұмтылысы барынша негізделген
болып табылады. Мемлекет Ұлттық Банктің атынан
практикада елдің мүддесін қорғау үшін «стратегиялық»
активті көбейтуге бағытталған саясатты іске асырудың
табыстылығын дәлелдеді. Бұған елде бар өндірістік
қуаттардың әлеуеті де әсер етеді. Алайда, атап
өтілгендей, заңнамада қысқа мерзімді келешекте
жойылуы қажетті бір қатар «кемшіліктер» бар. Бұл
өзгерістер салық, кеден және заң шығару салаларына
қатысты болуы тиіс.
БАНКТЕРДІ ТАРАТУ
КРЕДИТОРЛАРДЫҢ ТАЛАПТАРЫН
ҚАНАҒАТТАНДЫРУДЫҢ (РЕТТЕУДІҢ)
АҚЫРҒЫ ТӘСІЛІ РЕТІНДЕ
Тәтібекова М.Н. – Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
бақылау мен қадағалау комитетінің Таратуды
бақылау департаменті Тарату рәсімдерін
ұйымдастыру басқармасының бас маманы
«Қанағаттану келісуді білдіреді», Теодор Адорно
Қазақстан Республикасының банк заңнамасында
проблемалы банктермен жұмыс істеудің бірқатар
құралдары көзделген, оларға мыналар жатады:
мемлекеттің Қазақстан Республикасы Үкіметінің аты-
нан проблемалы банктің акцияларын сатып алуы,
акцияларды мәжбүрлеп сатып алу, проблемалы
банктің активтерін қайта құрылымдау, проблемалы
банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке
бір мезгілде беру операциясын жүргізу, банкті тарату.
2008-2009 жж. әлемдік қаржы дағдарысының салда-
рын жою мақсатында мемлекет соңғысын қоспағанда,
көрсетілген құралдарды Қазақстан Республикасында ірі
коммерциялық банктерге қатысты алғаш рет қолданған
болатын.
Банкті тарату отандық банк жүйесінің қалыптасқан
сәтінен бастап қолданылған ақырғы құрал болып та-
былады.
Банкті таратудың негізгі міндеттері банктің
істерін аяқтау мен оның кредиторларымен және
акционерлерімен есеп айырысуды қамтамасыз ету
болып табылады.
Банк заңнамасында банкті ерікті түрде және
мәжбүрлеп тарату көзделген.
Ерікті түрде тарату банк акционерлерінің шешімі
бойынша жүзеге асырылады. Банк акционерлерінің
жалпы жиналысы оны ерікті түрде тарату туралы
шешім қабылдағаннан кейін банк жеке тұлғалардың
депозиттерін тікелей төлеу жолымен қайтару
не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру
жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа
банкке аудару шараларын қабылдауға міндетті.
Сондай-ақ, банктің барлық міндеттемелері бойынша
есеп айырысу үшін қаражатының жеткілікті болуы
да ерікті түрде таратуға рұқсат берудің қажетті тала-
бы болып табылады.
Банкті мәжбүрлеп тарату сотпен мыналарға:
а) банктің банкрот болуына;
б) Қазақстан Республикасының банк заңнамасында