3.6. Клиент Банктің қызметтерін Банктің қолданыстағы Тарифтерінде қарастырылған
мөлшерлерде және жағдайларда төлейді, сондай-ақ Банктің Клиентке банктік қызметтерді
көрсетуімен, Банктің Клиенттің нұсқауларын/ тапсырмаларын / өкімдерін орындауымен
байланысты Банкке келтірілген шығындарды, егер Банк пен Клиенттің арасында жазбаша
түрде басқаша келісілмесе, Клиенттің нұсқауы орындалған валютада өтейді. Банктің
комиссияларын Клиент қолма-қол ақшамен және Клиенттің ағымдағы шотын дебеттеу
арқылы төлей алады.
3.7. Осы арқылы Клиент Банктің банктік, оның ішінде төлем қызметтерінің
көрсетілетіндігі үшін Клиенттен алдын ала төлем алатындығымен келіседі.
3.8. Осы арқылы Тараптар төмендегілермен келіседі:
а) Кешенді шарт және / немесе Жалпы шарттарға сәйкес жасалған Шарттар бұзылған
жағдайда, Банктің көрсеткен қызметтері үшін Клиенттің төлеген комиссиясы қайтаруға
жатпайды;
ә) белсенді емес Шоттар үшін қарастырылған Тариф қолданылады, Шот жабылады,
Банктің Тарифтеріне сәйкес комиссия шығысқа шығарылады.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
4.1. Кешенді шарттың осы бөлімінде қарастырылған құқықтар мен міндеттемелерден
бөлек, Банк пен Клиенттің тиісті Жалпы шарттарда / Банк пен Клиенттің арасында
жасалған Шартта белгіленген құқықтары мен міндеттері бар.
4.2. Банктің міндеттері:
4.2.1. Қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес, Кешенді шартта, Жалпы шарттарда/
Шартта айтылған шарттармен және тәртіппен Клиентке банктік қызметтер көрсету.
4.2.2. Көрсетілген ақпаратты, мәліметтерді және құжаттарды Клиент талап еткен немесе
Қолданыстағы заңнамаға және Кешенді шарттың / Жалпы шарттардың шарттарына сәйкес
рұқсат етілген жағдайларды қоспағанда, Банктің банктік қызметтер көрсеткенде
Клиенттен алған банктік, коммерциялық және басқа да заңмен қорғалатын құпияға
жататын ақпаратын, мәліметтерін және құжаттарын құпия сақтау.
4.2.3. Банктік құпияны құрайтын ақпаратқа рұқсат етілмеген қолжетімділікті, оның
рұқсатсыз өзгертілгендігін, рұқсат етілмеген төлемнің немесе ақша аударылымының
жүзеге асырылғандығын және Банк банктік қызметтерді, оның ішінде төлем қызметтерін
көрсеткенде туындайтын басқа да рұқсат етілмеген іс-әрекеттерді анықтағанда, бұл
туралы осындай іс-әрекеттерге жол берілген Клиентке олардың анықталған күнінен
кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, Кешенді шартта / Жалпы шарттарда / Шартта
қарастырылған тәртіппен Хабарландыру жолдау арқылы хабарлау. Осы тармақта
көрсетілген рұқсат етілмеген іс-әрекеттер туындаған жағдайда, Банк олардың
салдарларын жою және оларды болашақта болдырмау үшін дереу барлық қажетті
шараларды қабылдайды.
4.3. Клиенттің міндеттері:
4.3.1. Кешенді шарт, Жалпы шарттар, Шарттар жасасқанда, Өтініштер / Сауалнамалар
толтырғанда Банкке жарамды, өзекті мәліметтер ұсыну, хабарлау және Банк талап еткен
барлық құжаттарды ұсыну, сондай-ақ Банк сұрағанда Қолданыстағы заңнаманың
талаптары мен Банктің ішкі нормативтік құжаттарын орындау үшін, оның ішінде
қылмыстық жолмен табылған табысты заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді
қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсаттарында, ақпарат, мәліметтер және құжаттар
ұсыну.
4.3.2. Мекенжай, мобильді телефон нөмірі және басқа деректемелер өзгерістер өзгерген
жағдайларда, немесе Банк үшін маңызды, оның ішінде тіркеу кезінде Банкке хабарланған
кез келген басқа өзгерістер енгізілсе, 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, бұл туралы
Банкке хабарлау, ондай өзгерістерді растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса беру.
Клиенттің деректемелердің өзгергендігі туралы ақпарат бермеуі Банкке бұрын
хабарланған мәліметтердің жарамдылығы мен өзектілігін білдіреді.
4.3.3. Банктен алынған барлық ақпаратты, оның ішінде Хабарландыруларды / Үзінді-
көшірмелерді тексеру. Егер Клиент қандай да бір дәлсіздіктерді, дұрыс емес және / немесе
толық емес орындалуды, рұқсат етілмеген банктік амалдардың болуын анықтаса, Клиент
бұл туралы 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей, Кешенді шартта / Жалпы шарттарда /
Шартта қарастырылған тәртіппен Банкке хабарлауы тиіс.
4.3.4. Банктің қызметтерін уақытылы және толық көлемде Тарифтерде белгіленген
валютада, мөлшерде және шарттарда төлеу, сондай-ақ Банктің Клиенттің нұсқауларын /
өкімдерін орындауымен байланысты Банк көтерген шығындарды өтеу.
4.3.5. Кешенді шарттың, оның аясында жасалатын Шарттардың, Жалпы шарттардың
шарттарымен танысып, оларды тиісінше сақтау.
4.3.6. Банктің құжаттарды / тапсырмаларды / нұсқауларды орындауын бақылауды өз
бетінше жүзеге асыру.
4.4. Банктің құқықтары:
4.4.1. Кешенді шартты, Шарттарды жасасқанда, Өтініштер бергенде, құжаттарды
ұсынғанда, банктік қызметтер көрсеткенде Клиент ұсынған мәліметтерді тексеру.
4.4.2. Амалдар жасауға лимиттер, шектерулер қою және үшінші тұлғалардың заңсыз
әрекеттерінен;
4.4.3. Банкте Клиент көрсеткен байланыстар бойынша Клиентке телефон соғу арқылы
Клиенттің нұсқауларын тексеру (оның ішінде Клиенттің үшінші тұлғаларға берген
сенімхаттарын тексеру бойынша).
4.4.4. Клиент Кешенді шарттың, Жалпы шарттардың, Жалпы шарттардың, Шарттың
бөлігін және / немесе оларды тұтастай бұзған жағдайда, сондай-ақ төмендегі жағдайларда,
Клиентке 10 жұмыс күні бұрын хабарландыру жіберу арқылы банктік, оның ішінде төлем
қызметтерін көрсетуді тоқтату / көрсетуден бас тарту / Кешенді шартты орындаудан
біржақты соттан тыс тәртіппен бас тарту:
Клиенттің Кешенді шарт / Шарт бойынша кез келген міндеттемелерінің (Кешенді
шарттың, Шарттың шарттарының жарамдылығын дауласуға байланысты қоса алғанда,
бірақ онымен шектелмейтін) тиісті орындалуына қауіптің болуы немесе Банкке
ұсынылған немесе Банк сұраған құжаттардың және / немесе ақпараттың анық және /
немесе толық еместігін Банк анықтаса, және/немесе
Банктің Қолданыстағы заңнаманың, Банк акционерінің немесе Банк акционері
тобының саясаттарының / рәсімдерінің немесе ережелерінің, Қазақстан Республикасы
ратификациялаған халықаралық шарттардың талаптарын бұзу қауіпі болса;
Өтініштерді, сауалнамаларды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмейтін Клиент қол
қойған / акцептеген құжаттарда баяндалған Клиенттің кез келген өтініштерін,
растамаларын және кепілдіктерін Клиент бұзған жағдайда немесе олардың анық еместігін
Банк анықтаса, сондай-ақ Клиенттің өтініштері, растамалары мен кепілдіктері
жаңылыстыратын болса; және/немесе
Кредит алумен және оған қызмет көрсетумен байланысты, сондай-ақ Банктің кредит
бюроларына ұсынатын анық ақпарат пен құжаттарды ұсыну бойынша міндеттемелерді
Клиент бұзған жағдайда; және/немесе
Қолданысты заңнаманың, Кешенді шарттың, Шарттың тиісті орындалуына әсер ететін
қолданыстағы заңнаманың талаптары өзгертілсе; және/немесе
Банктің, Клиенттің Кешенді шарт, Шарт бойынша міндеттемелерін тиісті
орындауларына әсер етуі мүмкін және/немесе Банктің іскерлік беделіне теріс әсер етуі
ықтимал сот істерін Клиент немесе оның өзіне қарсы әлдекім қозғаса; және/немесе
Банкте қажетті, Қолданыстағы заңнамаға, Қазақстан Республикасы ратификациялаған
халықаралық шарттарға сәйкес талап етілетін Клиенттің келісімдері
болмаған жағдайда;
Кешенді шартта қарастырылған өзге жағдайларда.