19
студенттің нақты тапсырманы орындау барысында ӛзіндік іс-әрекетінің дербестігін
арттырады, ізденімпаздық қабілетін дамытады, интелектуалды қызметінің белсенділігі
артады, соның негізінде пән бойынша тәжірибелік білік пен дағды қалыптасуына ықпал
туа отырып, бейнелеу іс-әрекетінің саналы түрде сауаттылық негіздері жүйелі түрде
игеріледі. Сондықтан да "Академиялық сурет 1" оқу пәні бойынша оқытушының жұмыс
оқу бағдарламасын құрастыру барысында пәннің спецификалық ерекшелігіне сай оның
негізгі мақсат-міндетін, негізгі орындалатын жұмыс түрлеріне сәйкес тақырыптары мен
тапсырмалар түрлерін, жұмыс материалдары мен бейнелеу құралдары және жабдықтарын,
нақты тапсырманы орындауға бӛлінетін уақыт бюджетін дұрыс белгілеу, жұмысты
орындау және тапсыру мерзімін бақылау графигіне студенттің мүмкінщіліктерін ескере
отырып енгізу бағытындағы тиянақты ойластырылған түрдегі жұмысын қажет етеді.
"Академиялық сурет 1" пәні бойынша 1-курста СӚЖ тапсырмалары жұмыс оқу
бағдарламасында қарастырылған модуль тақырыптары мен аудиториялық оқу
тапсырмаларымен тығыз байланыстағы тақырыптық жұмыс түрлері мен тапсырмалары
жоспарланады. СӚЖ тапсырмалары - жұмыс оқу бағдарламасында қарастырылған
тақырыптарға сай студенттің аудиториялық сабақ тақырыптарын игеру, бекіту,
толықтыру
және ӛзбетінше ізденіс жұмыстарын орындау бағытына арналып ұсынылатын
тақырыптарға сәйкес белгіленген графикалық материалдар мен бейнелеу негіздеріне
арналған жұмыс түрлерінен тұрады.
Студенттің оқытушымен ӛзбетінше жұмысы - бұл студенттің оқытушы жетекшілігі
және нұсқауымен сабақ тапсырмасының мақсат-міндеттерін шешуде тәжірибелік білім
деңгейін жетілдіру бағытындағы жұмыс формасы. СОӚЖ кезіндегі оқытушымен кеңес
(консультациялар) - бұл студенттің ӛзбетінше орындайтын тапсырмаларын орындауда
үлкен кӛмек беретін жұмыс үрдісі. СОӚЖ пән оқытушысының студенттерге ыңғайлы
уақытқа сәйкестендіріп, арнайы сабақ кестесімен байланыстырыла белгіленіп, қойылады.
СОӚЖ - «Академиялық сурет 1» пәні бойынша дайындалған жұмыс оқу бағдарламасы
мазмұнында қарастырылған тақырыптарға байланысты жұмыс тапсырмаларын орындауға
бағытталған. СОӚЖ үрдісінде студенттер аудиториялық тәжірибелік сабақ кезінде
орындалатын жұмыстарды толықтыру, қатемен жұмыс, графикалық бейнелеу тәсілдеріне
(техникаларына) арналған жаттығу жұмыстарын орындау, дидактикалық және кӛрнекілік
материалдар негізінде ұсынылатын жұмыс түрлері бойынша ауызша және тәжірибелік
тапсырмалар орындайды..
Мамандық бойынша 1 курста оқытылатын негізгі арнайы оқу пәні болып табылатын
"Академиялық сурет 1" оқу курсы бойынша пәндік құзіреттілік негіздерін қалыптастыру
бағытында студентердің ӛзбетінше жұмыстарына қойылатын негізгі талаптар:
- пән бойынша игерілетін теориялық білім негіздерін игеру бағытында арнайы оқу-
әдістемелік материалдарды зерттеу, талдау;
- пән бойынша сауаттылық негіздерін құрайтын терминологиялық сӛздіктер мен
анықтамалар
бойынша глоссарий орындау;
- пән бойынша бейнелеу тәсілдерін (техника) зерттеу бағытында орындалатын
әдістемелік кӛшірме жұмыстарын орындау;
- пән бойынша бейнелеу дағдыларын жетілдіру бағытында орындалатын сызықтық
және ӛңдік жұмыстар (долбар-нобайлар) орындау;
- пән бойынша графикалық бейнелеу құралдары мен әртүрлі бейнелеу
материалдарының техникалық мүмкіншіліктері және технологиясымен танысу бағытында
әртүрлі зерттеу-жаттығу жұмыстарын орындау;
- пән бойынша шеберлік негіздерін қалыптастыру бағытында нұсқадан қысқа
мерзімдік жаттығу жұмыстарын орындау;
- пән бойынша композиция заңдылықтарын игеру бағытында натюрморт жанрында
тақырыптық композициялар құрастыру бағытында жаттығу жұмыстарын орындау;
- пән бойынша игерілген сауаттылық негіздерін кӛрсету бағытында кӛркем
шығармашылық бағытта бірнеше сеанстық тақырыптық жұмыс орындау, т.б.