81
қашықтықтан оқыту мәселелерін шешуде Қазақстанда С.С.Құнанбаева, Б.Б.Баймұханов,
Е.У.Медеуов,
Д.М.Жүсібалиева,
С.С.Үсенов,
Г.Б.Ахметова,
А.И.Тәжіғұлова,
Ж.М.Тусубаева және т.б. ғалымдар елеулі үлес қосқан. Сонымен қатар, келесі шетел
ғалымдарының С.Г. Григорьев, В.П.Демкин, С.А.Жданов, А.Ю.Кравцова, Г.А. Краснова,
В.В. Лукин, Е.С.Полат, И.В. Роберт, И.Н.Скопин, О.Г.Смолянинова, А.Н.Тихонов,
И.И.Трубина, С.А.Щенников және т.б. ғалымдардың еңбектерін атап ӛтуге болады.
Қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша оқытуды ұйымдастырудың негізгі
ережелерінде қашықтықтан оқыту технологиясы ретінде «білім алушы мен педагогикалық
қызметкердің жанама (қашықтықтан) немесе толық емес жанама әрекеттесу кезінде
ақпараттық және телекоммуникациялық құралдар кӛмегімен іске асылылатын оқыту
технологиясы» делінеді [5:6]. Ал А.Н.Щукин ӛз еңбегінде бұл жайында: «Қашықтықтан
оқыту бұл оқушылардың оқу курстарын әртүрлі оқу бейіні арқылы ӛтулерін, ба қылау
жұмысын орындауды, күндізгі (сырттай) оқу нәтижесін бағалауды қарастырады»,− деп ой
түйеді [6:92]. Бұған қоса қашықтықтан оқыту әдісі жӛнінде Жүсіпалиева Д. М:
«Қашықтықтан оқыту – бұл әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді тиімді шешуші құрал,
яғни ол демократизациялық, гуманизациялық, индивидуализациялық оқыту процесінде
мәдени ақпараттың дамуы мен сапалы білімді жоғарлатуына әсерін тигізетін оқыту
формасы», − деп анықтама береді [7:8].
Қашықтықтан оқыту технологиясының маңыздылығы мен оның білім саласында
пайдаланудағы пайдасы жӛніне келсек, АҚШ-та 1 миллионнан астам адам қашықтықтан
оқыту арқылы білім алса, Францияның ұлттық қашықтықтан оқыту орталығы жыл сайын
әлемнің 120 мемлекетінен 35 мыңнан астам қолданушыларды қамтамасыз етеді. Ал
Түркияда алыс аймақтағы тұрғындарға мамандық алуға кӛмектесу мақсатында 1974
жылдан ашық университет жұмыс істейді екен. Қосымша сабақ ретіне теле-радио арқылы
курстар ӛткізеді. Осылай 12 000-нан астам қолданушыларды игереді.
Қазір дәстүрлі қашықтықтан оқыту, электронды қашықтықтан оқыту, аудиториялық
сабаққа түрлі электронды құралдарды пайдалану сияқты қашықтықтан оқыту үлгісінің
2000-ға жуық түрі бар екен. Соның ішінде еліміздің жоғары оқу
орындарында кейс, желілі
және телевидение сынды ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарының
кӛмегімен қашықтықтан оқыту түрі таңдалған-ды. Қашықтан оқытудың ерекшеліктері
классикалықпен қатар салыстыру бойынша мынандай жетістіктерге ие:
- Жеке адамның үздіксіз әлеуметтену мүмкіндігі;
- Икемділік (оқытудың уақыты, орны, кӛлемі және қимылы бойынша);
- Жеке оқу жоспарын қолдану мүмкіндігі;
- Оқу ақпаратына қол жеткізу,
оны жедел жаңарту;
- Экономикалық (оқу алаңы, транспорты, техникалық құралдардың шығынын
қысқарту есебінен);
- Жаңа технологияларды қолдану;
- Оқып үйренушілердің әлеуметтік құқығының теңдігі (олардың тұратын жерлері мен
денсаулық жағдайына қарамастан);
- Барлық елдегі ақпараттық – оқыту ресурстарының шығысы мен кірісі;
- Материалдарды кӛбейту мәселелерінің жоқтығы,
оларды тарату ыңғайлылығы;
- Оқып үйренушілердің ӛз-ӛзіне бақылау жасауын қамтамасыз ету.
Бүгінгі таңда шетелдік компаниялар ӛздерінің электронды оқыту платформаларын
ұсынып және оларды отандық оқу орындарына сатып та үлгергендері бар. Мәселен,
қазіргі таңда Алматы техникалық университеті Tamos University Suite деген қазақстандық
ӛнімді пайдаланса, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті – Сlіх,
Германиялық ІМС фирмасының жасап шығарған ӛнімін ендіруде. Сондай-ақ Platonus
Прометей сынды Ресейдің қашықтықтан оқытуға арналған оқу бағдарламасын қолданып
жатқан жоғары оқу орындары да кездесуде. Алайда бұл деректер еліміздегі қашықтықтан
оқыту технологиясының әлемдік деңгейге жеткендігінің дәлелі бола алмайды және тағы
бір ескере кететін жайт, осы саланы зерттеп жүрген ғалымдардың кӛпшілігінің еңбектері