«Цеснабанк» АҚ-пен ерекше қарым-қатынастағы тұлғалар үшін



жүктеу 132,84 Kb.
Pdf просмотр
Дата14.12.2017
өлшемі132,84 Kb.
#4275


 

«Интернет-банкинг» жүйесінде қызмет көрсету шартының үлгілік формасы

Бекітілген:

 «Цеснабанк» АҚ Басқармасымен 

201__ ж. «__»______№___ хаттама  

  «Цеснабанк» АҚ-пен ерекше қарым-қатынастағы тұлғалар үшін 

 «Цеснабанк» АҚ Директорлар Кеңесімен 

2016 ж.  «08» желтоқсан_№189-16  хаттама/шешім

 «Интернет-банкинг» жүйесінде қызмет көрсету 

ШАРТЫ 

Осы   Шарт  «Цеснабанк»   АҚ-тың   (бұдан   әрі   –   Банк)  Клиентіне   (-теріне)



«Интернет-банкинг»   жүйесінде  қызмет   көрсету   тәртібін   анықтайды   және   Банктің

www.tsb.kz

,   onlinetsb.kz   мекенжайларындағы   корпоративтік   веб-сайттарында,   сондай-ақ

Банктің   және   қосымша   орынжайларындағы   операциялық   залдарында   орналастырылған

Қазақстан   Республикасының   Азаматтық   кодексі   389-бабының   талаптарына   сәйкес

жасасатын   қосылу   шарты   болып   табылады.   Клиент   Шарттың   талаптарын   осы   Шартқа

жасалған және Клиенттің (оның өкілі) өзі қол қойған Қосылу туралы өтініштің (бұдан әрі –

Қосылу туралы өтініш) негізінде осы Шартқа қосылу арқылы және Клиентті «Интернет-

банкинг»   жүйесіне   қосу   арқылы   қабылдайды.   Банк   және   Клиент   туралы   мәліметтер

Қосылу туралы өтініште көрсетіледі. Бұндай кезде Қосылу туралы өтініш осы Шарттың

ажырамас бөлігі болып табылады.

1.

ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР

Аутентификация  –   Банк   белгілеген   қауіпсіздік   процедурасын   пайдалану   арқылы

электронды құжатты жасау дұрыстығы мен оның түпнұсқалылығын растау. 

Банктік күн - Банк Қазақстан Республикасында өз қызметін жүзеге асыру үшін ашық

болатын   күн   (сенбі   және   жексенбіні   немесе   ресми   мерекелік   және   демалыс   күндерін

қоспағанда).

ЭСҚ   жабық   кілті   –   тіркеу   куәлігінің   иесіне   мәлім   және   ЭСҚ   құралдарының

көмегімен ЭСҚ жасауға арналған электронды сандық символдардың тізбегі.

Клиентті   сәйкестендіру  –   Клиент   туралы   мәліметтің   дұрыстығын   Клиенттің

электронды банктік қызметтерді алу құқығын растау мақсатында нақтылау процедурасы.

Клиент – қосылу арқылы Банкпен осы Шартты жасасқан заңды тұлға/өкілдік/заңды

тұлғаның филиалы, жеке кәсіпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат және

кәсіби медиатор. 

Бастапқы  инициализациялау кілті  – Банктен  алынатын,  Клиенттің  Куәландырушы

орталықпен жұмыс істеуді бастау үшін, оның ішінде оларды ЭСҚ криптографиялық кілтіне

ауыстыру үшін пайдаланатын Токендегі криптографиялық кілттер.

Криптографиялық кілт  - кездейсоқ сандардың бірізділігі негізінде нақты ережелер

бойынша жасалған белгілі бір ұзындықтағы сандардың тізбесі. 

Логин – Пайдаланушыны Жүйеде аутентификациялау кезіндегі сәйкестендіргіш.

ЭСҚ ашық кілті – кез-келген тұлға қол жеткізе алатын және электронды  құжатта

ЭСҚ-ның дұрыс екендігін дәлелдеуге арналған электронды сандық символдардың тізбегі. 

Операциялар  –  Шоттың (шоттардың) ақша сомасы  туралы  ақпаратты  алу, банктік

операцияларды жүргізу, және Банк «Интернет» желісі арқылы ұсынатын ақпаратпен алмасу

үшін   Пайдаланушының   Клиент   шотына   (шоттарына)   қол   жеткізуге   байланысты

электронды банк қызметтері. 

Пароль   –  Жүйеде   аутентификациялау  кезінде   Пайдаланушы   Логинін   растау  үшін

қолданылатын құпия сөз немесе символдар жиынтығы.

ПИН-конверт - құпиялы ақпаратты Клиентке беруге арналған қорғалған құжат. 

Пайдаланушы   –   Жүйеге   қосылған   және   Жүйе   арқылы   Клиенттің   Шотына

(шоттарына) басқаруға уәкілетті тұлға болып табылатын Клиенттің қызметкері.



Тіркеу куәлігі – Қазақстан Республикасының «Электрондық құжат және электрондық

сандық   қолтаңба   туралы»   Заңында   белгіленген   талаптарға   ЭСҚ-ның   сәйкестігін   растау

үшін   Куәландырушы   орталық   беретін   қағаз   түріндегі   немесе   электронды   құжат.  Тіркеу

куәлігінің   қолданыс   мерзімі   шектелген   және   бұл   мерзім   аяқталған   кезде   жаңадан

шығарылуы тиіс. Тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімі КО-ның ішкі құжаттарына және КО-

ның қызмет көрсету шартына сәйкес анықталады. 

Пайдаланушының нұсқаулығы – Клиенттің ЭСҚ пайдаланумен Жүйеде жұмыс істеу

тәртібін   реттейтін,   Банктің

 

https://onlinetsb.kz



,

 

www.tsb.kz



 

веб-сайттарында

орналастырылған Банктің ішкі құжаты. 

«Интернет Банкинг» жүйесі (Жүйе) – Клиенттің Банктің бөлімшелеріне келуін қажет

етпейтін   Клиенттерге   қашықтықтан   банктік   қызмет   көрсету.   Шотты(-тарды)   басқару

Интернет желісі арқылы Online – нақты уақыт режимінде басқарылады.  

ЭСҚ   құралдары   –   ЭСҚ   жасау   және   оның   түпнұсқалылығын   тексеру   үшін

пайдаланатын бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы; 

Шот (-тар) – Клиенттің Банкте ашқан банктік шоты(-тары); 

Токен


 -   сандық   сертификаттармен   және   ЭСҚ   жұмыс   жасайтын

аутентификациялаудың дербес құралы болып табылатын аппараттық қондырғы.

Куәландырушы орталық (КО) – ЭСҚ ашық кілтінің ЭСҚ жабық кілтіне сәйкестігін

растайтын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті рұқсаттары

және лицензиялары бар Тіркеу куәлігінің дұрыстығын растайтын заңды тұлға; 

Сандық сертификат – КО шығарған ЭСҚ ашық кілтінің иеленушісіне тиесілі болуын

растайтын электронды немесе басылған құжат.

Электронды   сандық   қолтаңба   (ЭСҚ)   –   ЭСҚ   құралдарымен   жасалған   және

электронды   құжаттың   дұрыстығын,   оның   сол   тұлғаға   тиесілі   болуын   мен   мазмұнының

өзгермегенін растайтын электрондық сандық символдардың жиынтығы; 

Электронды   банк   қызметтері   (ЭБҚ)   –   Пайдаланушының   Клиент   шот(-тар)ының

жағдайы туралы ақпаратты алу, банктік операциялар жүргізу, Банкпен Банк «Интеренет»

желісі арқылы ұсынатын ақпаратпен алмасу үшін Клиент Шот(-тар)ына кіруге рұқсат алуға

байланысты қызметтер; 

Электронды   құжат   –   ақпарат   электронды-сандық   формада   берілген   және   ЭСҚ

арқылы куәландырылған құжат. 

PIN-код – Токенге кіру үшін қажет символдардың құпиялы жиынтығы.

2. ШАРТТЫҢ МӘНІ

2.1. Банк   Клиентке   Шот(-тар)ын   «Интернет»   желісі   арқылы   басқаруға   мүмкіндік

беретін   Жүйені   пайдалану   арқылы   Клиентке   банктік   қызметтерді   және   төмендегі

электрондық қызмет түрлерін ұсынады:

1) транзакциялық-банктік қызметтер (операциялар):

Клиенттердің Шотын (шоттарын) жүргізу;



ұлттық және шетел валютасында төлемдер мен аударымдарды жүргізу;

қолма-қол   ақшасыз   шетел   валютасын   айырбастау   операциялары  (сатып



алу/сату/конверсия).

2) ақпараттық-банктік қызметтер:

Клиенттің Шот(-тар)ының жағдайы туралы үзінді көшірме ұсыну;



валюталар бағамы туралы ақпаратты және басқа да қаржы-анықтамалық ақпаратты

ұсыну.

2.2. Клиент Қосылу туралы өтінішке қол қою арқылы төмендегілерді растайды:



2.2.1.   «Цеснабанк»   АҚ   операцияларын   жүргізудің   жалпы   шарттары   туралы

ережемен,   Пайдаланушының   нұсқаулығымен   және   осы   Шарттың   талаптарымен

танысқанын; 

2.2.2. банктік қызметтерді көрсету үшін тарифтер (бұдан әрі – Тарифтер), Жүйеде

банктік қызметтерді ұсыну шарттары туралы ақпаратпен және Шартқа қосылу үшін қажетті



құжаттар тізбесімен, егер осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайдағы

Клиенттің   жауапкершілігі   және   орын   алуы   мүмкін   тәуекелдіктері   туралы   ақпаратпен

танысқанын;

2.2.3. Банк   пен   Клиент   осы   Шарттың   талаптарын   жүзеге   асыру   мақсатында

Клиенттің   Куәландырушы   орталықтан   Криптографиялық   кілттерді   және   ЭСҚ   Тіркеу

куәліктерін алуын қамтамасыз ету мақсатында іс-қимылдарды жүзеге асырады.

2.3. КО   ЭСҚ   қолданыс   мерзімі   КО   оны   шығарған   сәттен   бастап   бір   күнтізбелік

жылды құрайды. 

2.4. Банк Клиент  ЭСҚ-сының қолданыс мерзімі өткеннен кейін 2 (екі) айдың ішінде

Клиентке қызмет көрсетуді тоқтатады (Жүйеден ажыратады). 

3. БАНКТІҢ КЛИЕНТКЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУІНІҢ ЖАЛПЫ ШАРТТАРЫ  

3.1. Банк   Клиенттің   Бастапқы   инициализациялау   кілттерін   жасауға   өтінішін

қабылдайды. 

3.2. Жүйеде жұмыс істеу үшін Клиентте «Интернет» желісіне қосылу мүмкіндігі

болу   керек   және   келесі   комплектацияға   сәйкес   келетін   меншікті   аппараттық   және

бағдарламалық жасқатаманы қолдануы тиіс:

 Интернетке қосылған дербес компьютер;

 Жаңартылу орнатылған Windows (Vista/7/8) лицензияланған операциялық жүйе;

 8 және одан жоғары нұсқадағы Internet Explorer браузері;

 PDF файлдарымен жұмыс жасау үшін Adobe Acrobat Reader;

 Жаңартылу орнатылған 2003 және одан да жоғары нұсқадағы лицензияланған MS

Office;


 Жаңартылу орнатылған, лицензияланған вирусқа қарсы бағдарлама.

3.3.


  Клиент   Банктің   электрондық   түрдегі   ЭСҚ-мен   расталған   құжаттарды   алуы

Клиенттің Қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар (болған жағдайда) құжаттағы уәкілетті

тұлға(-лар) қолымен расталған қағаз бетіндегі құжаттарды алуына заңды түрде тең екенін

мойындайды.   Клиент   Банкке   ЭСҚ-мен   расталған   құжаттарды   қағаз   бетіндегі   Клиенттің

уәкілетті   тұлғасының(-ларының)   өз   қолымен   расталған   құжаттармен   қатар   пайдалану

құқығын береді.

3.4.

Клиенттің бастапқы инициализациялау кілті, Токендегі ақпарат пен кілтке қол



жеткізу паролі құпия болып табылады.

3.5.


Бастапқы   инициализациялау  кілттерін   және   Клиенттің   ЭСҚ   пайдалануға  қол

жеткізу Пайдаланушының нұсқаулығына сәйкес Клиент дербес өзгерте алатын парольмен

қорғалған.

3.6.


Клиент Токендегі ақпаратты тек ЭСҚ қайта шығарған кезде ғана өзгерте алады.

3.7.


Жүйеде  электронды   банктік   қызметтерді  жүргізу   туралы   Клиенттің   нұсқауы

Банкке Электронды құжаттар түрінде жіберіледі.

3.8.

Клиент Жүйеде төмендегі құқықтармен жұмыс істейді:



1) Бірінші қол қою – Банкке ұсынылған қол қою үлгілері және мөр таңбасы  бар

(болған жағдайда) Құжатқа сәйкес бірінші қол қою құқығына ие Пайдаланушыға беріледі;

2) Екінші  қол қою  – Банкке ұсынылған  қол қою  үлгілері  және  мөр  таңбасы  бар

(болған жағдайда) Құжатқа сәйкес екінші қол қою құқығына ие Пайдаланушыға беріледі; 

3) Бір   қол   қою   –   Банкке   (Штаты   жоқ   Клиенттер,   сондай-ақ   екінші   қол   қою

құқығымен Шотты басқаруға уәкілетті тұлғалары қарастырылмаған штаты бар Клиенттер)

ұсынған қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар (болған жағдайда) Құжатқа сәйкес қол қою

құқығына ие Пайдаланушыға беріледі;

4) Қол қою құқығынсыз –қол қою үлгілері және мөр таңбалары  (болған жағдайда)

қойылған   құжатта   көрсетілмеген   Пайдаланушыға   төлем   құжаттарын   қарау   және

қалыптастыру үшін беріледі. Бұндай кезде қол қою құқығынсыз Жүйеге кіруді рұқсат ету

үшін   Клиент   бұндай   кіруді   болжаған   рұқсат   ету   күніне   дейін   1   (бір)   жұмыс   күннен




кешіктірмей осы тұлғаға берілген сенімхатты ұсынуға міндетті,  

3.9. Клиентке қызмет көрсету ұзақтығын Банк дербес анықтайтын операциялық күннің

ішінде   жүзеге   асырылады.   Тиісті   өзгертулер   туралы   ақпарат   операциялық   күн

кестесінде осындай өзгертулерді қолданысқа енгізгенге дейін Банктің  

www.tsb.kz

мекенжайындағы   корпоративтік   веб-сайтында,   сондай-ақ   Банк   филиалдарының

және   олардың   қосымша   орынжайларындағы   операциялық   залдарында   көрінетін

жерлерде 3 (үш) жұмыс күннен кешіктірмей  орналастырылады.

3.10. Шот (шоттар) бойынша көрсетілген қызметтер үшін комиссиялық сыйақыны Банк

Тарифтерге   сәйкес   ұстап   қалады.   Банктің   қолданыстағы   Тарифтері   Банктің

www.tsb.kz

  мекенжайындағы   корпоративтік   веб-сайтында,   Банк   филиалдарының

және   олардың   қосымша   орынжайларының   операциялық   залдарында

орналастырылған.

3.11. Қауіпсіздік   процедурасы   ретінде,   оның   ішінде   рұқсат   етілмеген   төлемді

жасамау үшін Банк Клиентті Аутентификациялау және Сәйкестендіруді жүргізеді. Клиентті

Аутентификациялау Логин, Пароль,

 

сондай-ақ



 

Клиенттің ЭСҚ арқылы жүзеге асырылады.

Клиентті   Сәйкестендіруді   Банк   Жүйедегі   бірегей   сәйкестендірме   нөмірі   (бұдан   әрі-ID)

бойынша жүзеге асырады.

3.12. Егер   Электронды   құжат   тиісті   түрде   ресімделсе,   ЭСҚ-мен   расталса,   Жүйе

арқылы жеткізілсе, сондай-ақ тексеріліп, қабылданса, ол Клиенттің және Банктің осы Шарт

бойынша міндеттемелерін туындатады.

3.13. Электронды   банктік   қызметтерді   көрсетуге   байланысты   ақпаратты   ұсыну

Банктің  

https://onlinetsb.kz

  және  

www.tsb.kz

  веб-сайттарында   орналастыру   арқылы   және

8 800 080 2525 телефондары бойынша жүзеге асырылады.



4. БАНКТІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

4.1. Банк міндетті:

4.1.1. Клиентке Банктің ішкі құжаттарында қарастырылған, қажетті бағдарламалық

жасақтаманы  бастапқы  орнату, Жүйеде  жұмыс істеу жөніндегі  нұсқаулықты  электронды

түрде Банктің   

https://onlinetsb.kz

  және  


www.tsb.kz

  веб-сайттарында орналастыру арқылы

қол жеткізуді ұсынуға; 

4.1.2. Жүйеге Клиентті тіркеу бойынша талаптарды тиісінше орындауды, Клиентке

қажет мәліметті/ақпаратты беруді және Клиенттің кейін КО-дан Тіркеу куәлігі мен ЭСҚ

кілттерін алу үшін бастапқы инициализациялау  (Пайдаланушының  ID,  PIN-код, Бастапқы

инициализациялау кілттері, Логин және Пароль) және осы Шарттың талаптарына сәйкес

Жүйеде Клиентке банктік қызмет көрсету құжаттарын беруді қамтамасыз етуге міндетті.

Құжаттар мен деректерді табыстау Қабылдау-табыстау актісі бойынша жүзеге асырылады,

Қабылдау-табыстау   актісіне   Клиент   қол   қойған   кезден   бастап   табысталған   құпиялы

ақпарат/деректердің сақталуы үшін жауапкершіліктің барлығы Клиентке жүктеледі; 

4.1.3. Клиенттің ЭСҚ шығару сұрау салуын қабылдауға және КО-ға жолдауға;

4.1.4. Клиентті Сәйкестендіруді және Аутентификациялауды қамтамасыз ету;

4.1.5. Клиент   осы   Шарттың   және   Банк   пен   Клиент   арасында   жасалған   өзге

келісімдердің   талаптарын   және   Қазақстан   Республикасы   заңнамасының   талаптарын

орындаған кезде Клиенттің электронды құжаттарын орындауға; 



4.2. Банк құқылы:

4.2.1. Тарифтерге сәйкес  Банк қызметтері үшін комиссиялық сыйақыны Клиенттің

келісімінсіз Шоттардан есептен шығаруға;

4.2.2. Клиенттің  байланыс  арналарындағы  кедергілердің  және  сырттан  әсер  етудің

салдарынан зақымданған Электрондық құжаттарын өңдеуге қабылдамауға;

4.2.3. Банк   төмендегі   жағдайлар   мәлім   болғаннан   кейінгі   келесі   жұмыс   күннен

кешіктірмей   Клиентке   (жазбаша   немесе   электронды   тәсілмен)   хабарлап,   Клиентке  ЭБҚ

ұсынуды тоқтата тұруға немесе тоқтатуға:




Клиент осы Шартта қарастырылған ЭБҚ ұсыну тәртібі мен талаптарын бұзған 

жағдайда; 

ЭБҚ ұсынуды қамтамасыз ететін техникалық құралдар бұзылған кезде; 



Банкте   Клиенттің   шот(-тар)ына   заңсыз  қол   жеткізу   туралы  күдік   туындаған

жағдайда; 

Клиенттің Шот(-тар)ына рұқсатсыз қол жеткізу фактісін анықтау кезінде;



Электрондық   құжатта   ашылған   кілттің   Клиенттің   Тіркеу   куәлігінде   көрсетілген

ашылған кілттің сәйкес келмеуі;

Клиенттің ЭСҚ қолданыс мерзімінің аяқталуы;



осы Шарт бойынша ұсынылатын қызметтерді төлеу үшін Шотта (-тарда) қаражат

болмаған жағдайда.

Банк ЭБҚ тоқтата тұруын (тоқтатылуын) туындатқан себептер жойылған кезде ЭБҚ

ұсынуды қайта бастайды. 

4.2.4. Клиент   осы   Шартта   қарастырылған   немесе   оған   байланысты   көрсетілген

қызметтерге   төлеу   бойынша   Банк   алдында   берешегі   болған   жағдайда,   берешекті   өтеу

есебіне Клиенттің Шот(-тар)ынан Клиенттің келісімінсіз ақшаны алуды жүргізуге құқылы.

Қосылу туралы өтінішке қол қоя отырып, Клиент Банкке Шоттан (-тардан) ақшаны сөзсіз

және даусыз алу құқығын береді. Бұндай кезде ақшаны осындай алу үшін қандай да бір

құжаттарды тапсыру немесе Клиенттің қосымша келісімі талап етілмейді;

4.2.5. осы   Шартта   және   Қазақстан   Республикасының   заңнамасында,   сондай-ақ

Шотты   ашу   туралы   сәйкесінше   шартта   белгіленген   жағдайларда   Электрондық   құжатты

алған   күннен   бастап   3   (үш)   жұмыс   күннің   ішінде   Клиенттің   Электронды   құжаттарын

орындаудан   бас   тарту   себебі   көрсетілген   хабарлама   жолдаумен   (жазбаша   немесе

электрондық тәсілмен) бас тартуға; 

4.2.6. Клиенттің ЭБҚ алу құқығын тоқтата тұруға әкелген себептер жойылған кезде

Клиентке ЭБҚ ұсынуды қайта бастау туралы жазбаша немесе электронды тәсілмен 3 (үш)

жұмыс күннің ішінде хабарлап, Клиентке ЭБҚ ұсынуды қайта бастауға;

4.2.7. қылмыстық   жолмен   алынған   кірістерді   заңдастыру   (жылыстату)   және

терроризмді   қаржыландыруға   қарсы   іс-қимыл   саласындағы   Қазақстан

Республикасының   заңнамасында   қарастырылған   тәртіпте   және   жағдайларда

Клиенттің Электронды құжаттарын орындаудан бас тартуға. 

   


5. КЛИЕНТТІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

5.1. Клиент міндеттенді:

5.1.1. осы   Шарттың   3.2.   тармағына   сәйкес   қажетті   жабдық   пен   бағдарламалық

жасақтаманың болуын қамтамасыз етуге;

5.1.2. Тарифтерге сәйкес Банк қызметтерін төлеуге;

5.1.3. Жүйеде   жұмыс   істеу   үшін   қажетті   Банктің   веб-сайтында   орналасқан

бағдарламалық жасақтаманы («Инсталлятор»)  дербес орнатуға;

5.1.4. Жүйедегі   жұмысты   тек   бағдарламалық  жасақтамасы   жаңартылған

техникалық   ақаусыз   жабдықта   жүргізуге   міндеттенеді.   Клиент   техникалық   ақауы   бар

жабдықты   және/немесе   ескірген   және/немесе   осал   бағдарламалық   жасақтаманы

пайдаланғаны   үшін,   соның   ішінде   болуы   мүмкін   зиянды   өтеу   үшін   жауапкершілікте

болады;

5.1.5. Қазақстан   Республикасының   заңнамасына,   осы   Шартқа   сәйкес   Шот   (-тар)



бойынша   төлем   құжаттарын   ресімдеуге   міндеттенеді.   Төлем   құжаттарын   дұрыс

толтырмауға байланысты болуы мүмкін залал  үшін Клиент жауапкершілікте болады;

5.1.6. жабдықтың   қатты   дискісінде   орналасқан   төлем   құжаттарының   және   үзінді

көшірмелерінің мұрағаттарының сақталуын қамтамасыз етуге;

5.1.7. өзінің   ЭСҚ   Жабық   кілтін   үшінші   тұлғаларға   табыстамауға   және   ашпауға,

Токенді   уәкілеті   жоқ   тұлғалардың   қол   жеткізуінен   тыс   сенімді   жерде   сақтауға,   оны




жоғалтпау,   жарияламау,   бұзбау   және   заңсыз   пайдаланбау   үшін   барлық   шараларды

қолдануға;

5.1.8. Жүйені пайдалануға байланысты барлық ақпараттың, соның ішінде Жүйеде

жұмыс істеуге арналған ЭСҚ Жабық кілті, Логин және Паролі, PIN-коды туралы ешқандай

жазу   жазбауға,   сондай-ақ   осы   Шартты   орындауға   байланысты   басқа   да   ақпараттың

құпиялылығын сақтауға;

5.1.9. Жүйені тек осы Шартта қарастырылған мақсатта пайдалануға міндеттенеді.

Жүйемен жұмыстың әр кезеңінен кейін Жүйемен жұмыс істеу үшін ашқан «Интернетке»

қосылған барлық сессияларды жабуға;

5.1.10. Жүйеге   дербес   қосылу   және   Бастапқы   инициализациялау   кілттерін   қайта

шығару жөніндегі әрекеттерді оны шығару күнінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде

орындауға;

5.1.11. төмендегі   жағдайлар   басталған   кезден   бастап   1   (бір)   жұмыс   күннен

кешіктірмей  Жүйеге кіруді  оқшаулау үшін кез  келген  мүмкін тәсілмен тез  арада Банкке

хабарлауға:

Жүйе арқылы Клиенттің Шот(-тар)ын заңсыз пайдалану байқалған кезде немесе



заңсыз пайдалану қаупі төнген жағдайда; 

Пароль және/немесе PIN-коды жарияланған және/немесе олардың кез келгенінің



жариялануына күдіктенген жағдайда;

Токенді жоғалтқан/бұзған немесе оны басқа тұлғалар пайдаланған  жағдайда; 



ЭСҚ қарау кезінде сәйкес келмеген немесе қате байқалған жағдайда; 

Клиент Пайдаланушысын (-ларын) ауыстырған жағдайда;



5.1.12. ЭСҚ   жасау  үшін   тек   Клиенттің   Тіркеу   куәлігінде   көрсетілген   ЭСҚ   Ашық

кілтіне сәйкес келетін қолданыстағы ЭСҚ Жабық кілтін қолдануға;

5.1.13. Клиент   айына   бір   реттен   кем   емес   Токен   PIN-кодын,   паролді   ауыстырып

тұруға;


5.1.14. Пайдаланушы   нұсқаулығына   сәйкес   бастапқы   Токен   PIN-кодын,   Паролді

өзгертуді жүргізуге; 

5.1.15. Банкке пошта арқылы немесе қолға табыстау арқылы Пайдаланушы (-ларды)

ауыстыру туралы хабарламаны бұндай өзгерту болған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күннің

ішінде жолдауға және Қол қою үлгілері және мөр таңбасы (болған кезде) бар құжатты және

Қол қою үлгілері және мөр таңбасы (болған кезде) бар құжатқа сәйкес кілтті ақпаратты

ауыстыру   үшін   қажетті   құжаттар   пакетін   ұсынуға   міндеттенеді.   Жоғарыда   аталған

құжаттарды алғаннан кейін Банк Электрондық құжаттарға қол қою құқығына уәкілеттігі

тоқтатылған   Пайдаланушының   Жүйеге   кіру   рұқсатын   тоқтатады.   Бұндай   кезде   Банк

жоғарыда   аталған   құжаттарды   алғанға   дейін   ЭБҚ   ұсыну   кезінде   Банкте   бар   Қол   қою

үлгілері және мөр таңбасы (болған кезде) бар құжатты басшылыққа алады;

5.1.16.   Логин   мен   Парольді   олардың   жариялы   болуына   жол   бермейтін   тәсілмен

сақтауға және пайдалануға;

5.1.17. Логин   мен   Жүйенің   паролі   немесе   маңызды   ақпараттың   кез   келгенінің

жариялы   болуына   жол   берілуі   (Токен   жоғалған/бүлінген,   Логиндер   мен   Парольдердің

қайталануына күдік туындаған/жоғалғаны) туралы олар анықталған күннен бастап 1 (бір)

жұмыс   күннен   кешіктірмей   Банкке   маңызды   ақпаратты,   Шотты(-тарды),   Логин   мен

Парольді оқшаулау үшін және оларды рұқсат етілмеген пайдалану мүмкіндігін жою үшін

Банкке 8 (7172) 770-765 немесе 8 800 080 2525 телефондары арқылы хабарлауға;

5.1.18.   Клиенттің   смс-хабарламаларды   алуға   және   Банк   тарапынан   қосымша

санкцияларды талап ететін төлемдер бойынша ауызша растауға жауапты қызметкерлерінің

мобильді телефонының нөмірін ұсынуға міндеттенеді. Клиенттің жауапты  қызметкерінің

мобильді телефон нөмірі ауысқан кезде Банкке уақтылы хабарлауға;

5.1.19. Клиентті   қосымша   аутентификациялау  және   сәйкестендіру   үшін   Банкке  код

сөзін   ұсынуға,   код   сөзінің   құпиялылығын   сақтауға   және   оны   үшінші

тұлғаларға   жария   етпеуге   міндеттенеді.   Бұндай   кезде   Клиент   осы   Шарт




қолданысының мерзімінде кез келген уақытта еркін түрдегі жазбаша өтініштің

негізінде код сөзін өзгертуге құқылы.

5.1.20. Банк   қызметкерлерінің   тарапынан   төлемдер   мен   Шот(тар)   бойынша

операциялардың құпиялылығына қауіп төндіретін кез келген әрекеттер туралы 8 (7172) 770-

765, 8 800 080 2525 телефоны бойынша Банкке хабарлауға. 

5.1.21. Банктің  

www.tsb.kz

  мекенжайындағы   веб-сайтында   орналастырылатын

Тарифтер   және   Шарт   талаптарына   енгізілетін   өзгертулер   мен   толықтырулар   туралы

ақпаратқа мониторингіні дербес жүргізуге. 



5.2. Клиент құқылы:

5.2.1. Жүйедегі  жұмыстың қауіпсіздігін  арттыру үшін  кілттерге кіру парольдерін

дербес өзгертуге;

5.2.2. Жүйеде  жұмыс  жасау  мәселесі   және   Банктің   ЭБҚ  ұсыну   тәртібі   бойынша

Банктің  

www


 

 .  online

 

 .  kz


 

немесе 


www

 

 .  tsb



   .  kz

  веб-сайттарында   көрсетілген   байланыс

мекенжайлары мен телефондары бойынша Банк қызметкерлерінен кеңес алуға; 

5.2.3. Жүйеде жұмыс істеу үшін бағдарламалық жасақтаманы дербес орнату мүмкін

болмаған жағдайда Банк мамандарына хабарласуға;

5.2.4. Банкке шектеу күніне дейін 1 (бір) жұмыс күн бұрын пошта арқылы немесе

оны   қолға   табыстау   арқылы  жазбаша   хабарлама   жіберу   арқылы   Пайдаланушылардың

Жүйеге кіруіне шектеу қоюға;

5.2.5. тоқтата тұру күніне дейін 1 (бір) жұмыс күн бұрын пошта арқылы жазбаша

хабарлама   жолдау  немесе   оны   Банкке   қолға   табыстау   арқылы   Жүйедегі   жұмыс   істеуді

уақытша тоқтата тұруға.

6. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

6.1. Тараптар (Банк және Клиент) осы Шартты жасауға және орындауға байланысты

мәліметтерді   үшінші   тұлғаларға   жариялағаны   үшін,   осындай  ақпарат  Қазақстан

Республикасының   заңнамасының  талаптарына   сәйкес   жариялануы   тиіс  жағдайларды

қоспағанда жауапкершілікте болады;



6.2. Тараптар   осы  Шарт   бойынша   міндеттемелерін   орындамағаны  және/немесе

тиісінше  орындамағаны   үшін   осы  Шартқа,   сондай-ақ   Қазақстан   Республикасының

заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады;

6.3. Тараптардың   бірі  Парольді   жариялауының   немесе   үшінші   тұлғаларға

себептеріне  байланыссыз   Пайдаланушы  Логині,  Пайдаланушы   ID-і   мен   PIN-кодын,

деректерді   шифрлау   үшін   пайдаланылатын  криптографиялық  кілттерді   беруінің

салдарынан   туындаған   зиянды  кінәлі  тарап  ҚР   заңнамасында   қарастырылған   тәртіпте

өтейді;

6.4. Клиент   электронды   төлем   құжаттарының   дұрыс   ресімделуі   үшін

жауапкершілікте болады;



6.5. Банк төмендегілер үшін жауапкершілікте болмайды:

 осы Шарттың талаптарын орындамаған жағдайда Клиенттің Шотына (шоттарына)

заңсыз қол жеткізгені үшін; 

 осы Шарттың  5.1.11.  тармағында көрсетілген жағдайлар нәтижесінде туындаған

салдар үшін; 

 Қазақстан   Республикасының   заңнамасында   белгіленген   негіздер   мен   тәртіп

бойынша Шотта(-тарда) орналасқан ақшаныүшінші тұлғалар алған жағдайда;

 Клиенттің   жабдығының   немесе   байланыс   арналарының   ақауына   байланысты

қателіктер, кідіртулер немесе Клиенттің Жүйеге кіруге мүмкіндігі болмауы үшін; 

 Клиент жабдығын немесе Клиенттің жабдығында сақталған ақпаратты бүлдіргені

және әртүрлі вирустар мен басқа зақымданудан Клиенттің бағдарламалық жасақтамасы мен

дербес компьютерінің қауіпсіздігі үшін;




 үшінші тарап қамтамасыз ететін (Интернет қызметінің провайдерлері және т.б.)

Жүйедегі қызмет көрсетілетін құралдар, өнімдер және қызметтер үшін; 

 Банкке төлем құжаттарын тапсыруға мүмкіндік бермейтін Интернет жұмысындағы

және байланыс желісіндегі олқылықтар және кедергілер үшін.



6.6. Банк (Шот(-тар) бойынша Операциялар жүргізу және Жүйені қолдану кезінде)

нұсқау   жасаған   құрылғылар   мен   қорғау   құралдарынан   Клиент   бас   тартқан   жағдайда

Клиентке келтірілген залал үшін жауапкершілікте болмайды.

7. ЕҢСЕРІЛМЕЙТІН КҮШ ЖАҒДАЙЛАРЫ 

7.1. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелердің орындалмау немесе тиісті түрде

орындалмау жағдайларына, егер олар еңсерілмейтін күш жағдайларының салдарынан болса

жауапкершілікте болмайды.

7.2.   Тараптар осы Шартқа қол қойғаннан  кейін төтенше сипаттағы күтпеген және

болдырмауға келмейтін жағдайлардың нәтижесінде туындаған жағдайларды, соның ішінде,

бірақ бұлармен шектелмей  соғыстар мен әскери қимылдарды, табиғи апаттар, Қазақстан

Республикасының заң шығарушы және/немесе атқарушы өкімет органдарының, Қазақстан

Республикасы   Ұлттық   Банкінің   Тараптардың  қызметіне   тыйым   салатын   немесе   шектеу

орнататын   әрекеттерді,   бағдарламалық   жасақтама   жұмысының   тоқтауы,   электр

энергиясының өшірілуі, байланыс желілерінің зақымдануы және Тараптардың еркінен тыс

және  осы   Шарт  мәніне   тікелей  қатысты  басқа   да   жағдайларды   еңсерілмейтін   күш

жағдайлары деп түсінеді.

7.3. Осы Шарттың 7.2. тармағында көрсетілген жағдайлардың салдарынан осы Шарт

бойынша өз міндеттемелерін орындауға мүмкіндігі болмайтын Тарап бұл туралы екінші

Тарапқа жазбаша түрде кідіртпей  хабарлап  және бірінші талап бойынша екінші Тарапқа

еңсерілмейтін   күш  жағдайларының  басталғанын  және/немесе   тоқтағанын   растайтын

дәлелдерді   беруі  тиіс.  Уәкілетті   орган   берген   жазбаша   құжаттар  аталған   жағдайлар

басталғанының және олардың ұзақтығының дәлелі болып табылады.



7.4. 7.1.-7.3.   тармақтарында   қарастырылған   жағдайларда,   осы   Шарт   бойынша

міндеттемелерін орындау мерзімі осындай жағдайлар мен олардың салдары әрекет ететін

мерзімге сәйкес жылжытылады.

8. ШАРТТЫҢ ЕРЕКШЕ ШАРТТАРЫ

8.1. Банк осы Шарттың талаптарын біржақты тәртіпте өзгертуі мүмкін, соның ішінде

Шартқа   өзгертулер   және/немесе   толықтырулар   енгізуді   талап   ететін  Қазақстан

Республикасының заңнамасына тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізілген жағдайда.

8.2. Банк   ақпаратты   Банктің  

www.tsb.kz

  мекенжайындағы   корпоративтік   веб-

сайтында,   сондай-ақ   Банк   филиалдарының   және   олардың   қосымша   орынжайларындағы

операциялық   залдарында   көрінетін   жерлерде   орналастырып,   Шартқа   және/немесе

Тарифтерге   өзгертулер   және/немесе   толықтырулар   енгізуге   бастамашы   болуға   құқылы.

Тиісті   өзгертулер   және/немесе   толықтырулар   туралы   ақпарат   бұндай   өзгертулер

және/немесе   толықтырулар   қолданысқа   енгізілетін   күнге   дейін   5   (бес)   жұмыс   күннен

кешіктірмей Банктің  

www.tsb.kz

  мекенжайындағы корпоративтік веб-сайтында, сондай-ақ

Банк   филиалдарының   және   олардың   қосымша   орынжайларындағы   операциялық

залдарында көрінетін жерлерде орналастыру арқылы хабарланады.

8.3. Клиенттің  енгізілген   өзгертулер   және   толықтырулар   ескерілген   жаңа

редакциядағы   Шарттың   талаптарын   қабылдамау   туралы   өтінішті   Клиентке   Шартқа

өзгертулер және/немесе толықтырулар енгізілгені туралы хабардар етілген күннен бастап 5

(бес)   жұмыс   күннің   ішінде

 Банкке   ұсынбауы   Клиенттің   Шарттың   жаңа

(өзгертілген/толықтырылған)   редакциясымен   келісетінін   және   оған   енгізілген   өзгертулер

және/немесе толықтыруларды ескерумен толық қосылатынын білдіреді.   

8.4. Шартқа өзгертулер және/немесе толықтырулар енгізілгеннен кейін ол енгізілген

өзгертулер мен толықтырулары бар жаңа редакцияда қолданыста болады.  




9. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ

9.1. Осы   шарт   бойынша,   сондай-ақ   оған   байланысты   туындайтын   даулар   мен

келіспеушіліктер өзара мүдделерді ескере отырып, сотқа дейінгі тәртіпте шешіледі. 



9.2. Талап   ұсынуға   негіз   туындаған   жағдайда   (туындағаннан   кейін)   Клиент   осы

Шарт   бойынша   дауды   «Большое   жюри   Казахстана»  Тұрақты   әрекет   ететін   Арбитражда

шешу туралы арбитраждық келісімді келесі редакцияда жасасуға міндеттенеді: «Қазақстан

Республикасының заңнамасына сәйкес Арбитраждардың ведомстволық бағыныстылығына

жатпайтын   және   осыған   байланысты   құзыретті   сотта   қаралуға   жататын   дауларды

қоспағанда  (Клиенттің   атауы   көрсетіледі)    және   «Цеснабанк»   АҚ   арасында  (шарт



жасасу   күні   көрсетіледі)  жасалған  Клиентке  «Интернет-банкинг»  жүйесінде   қызмет

көрсету  шартына байланысты туындаған барлық даулар Тұрақты әрекет ететін «Большое

жюри   Казахстана»  арбитражында   осы   арбитраждық   келісімнің   ажырамас   бөлігі   болып

табылатын  оның дауды  қарау туралы  арызды беру күнінде  қолданылатын  редакциядағы

регламентіне сәйкес, бір немесе бірнеше арбитрлардың қарастыруына жатады. «Большое

жюри   Казахстана»  арбитражының   шешімі   түпкілікті   болып   табылады.   «Большое   жюри

Казахстана»  тұрақты әрекет ететін Арбитражының  регламенті   

www.kazcourt.kz

  сайтында

орналасқан



10. ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫС МЕРЗІМІ ЖӘНЕ ОНЫ ТОҚТАТУ НЕГІЗДЕМЕЛЕРІ 

10.1. Осы Шарт Клиент Қосылу туралы өтінішке қол қойған және Банк оған тиісті

белгі қойған күннен бастап күшіне енеді. 



10.2. Осы Шарт белгіленбеген мерзімге жасалды.

10.3. Осы Шарт келесі жағдайларда қолданысын тоқтатады:

Тараптардың келісімі бойынша бұзылған кезде; 



бұзу   үшін   белгіленген   күнге   дейін  15   (он   бес)   күнтізбелік   күннен   кешіктірмей

екінші тарапқа алдын ала жазбаша түрде хабарлап, бір Тарап Шартты орындаудан біржақты

тәртіпте бас тартқан кезде; 

 Клиент барлық Шоттарын жапқан кезде;

 Клиентке   өзгертулер   және/немесе   толықтырулар   енгізілгені   туралы   хабарлаған

кезден бастап 5 (бес) жұмыс күннің ішінде Банкке қабылдамағаны туралы өтінішті ұсыну

арқылы Клиент енгізілген өзгертулер және/немесе толықтырулары бар жаңа редакциядағы

Шарт талаптарын қабылдамаған кезде; 

 Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа жағдайларда, соның

ішінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді

қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында

қарастырылған тәртіпте және жағдайларда

11. ШАРТТЫҢ ӨЗГЕ ТАЛАПТАРЫ

11.1. Осы   Шарт  мемлекеттік,  орыс  және   ағылшын  тілдерінде  жасалды.  Шарттың

орыс, қазақ және ағылшын тілдеріндегі мәтіндерінде алшақтық болған жағдайда Тараптар

Шарттың орыс тіліндегі мәтінін басшылыққа алады.

11.2. Осы   Шартта   қарастырылмаған   жағдайларда   тараптар   Қазақстан

Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.



11.3. Осы Шарттың қосымшалары оның ажырамас бөлігі болып табылады.

11.4. Осы   Шарт   Клиенттің   талабы   бойынша   қолдану,   орындау   және   сақтау

ыңғайлылығы үшін өзіне табысталуы мүмкін. Клиент Шартта қарастырылғандардан басқа,

Банк   ұсынатын   өзге   қызметтерді   пайдаланғысы   келген   жағайда   тиісінше   қызметтерді

ұсынуға жеке шарттар жасасу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық

актілері   және/немесе   ішкі   саясаттар,   процедуралар,   стандарттар,   Банктің   өзге   ішкі

құжаттарының талаптарын орындау талап етіледі.




12. БАНК ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ

«Цеснабанк» АҚ

010000, Астана қ., Сығанак көш, 24,

БСН 920140000084

ҚР ҰБ ЖСК KZ48125KZT1001300336

 

  

БСК TSESKZKA, КБе 14,



2003  жылғы 26 желтоқсандағы заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама

(2014 жылғы 19 мамырда өзгертулер мен толықтырулар енгізілді)

Резиденттік белгісі - 1, 

Экономика секторы - 4,  



жүктеу 132,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау