Мектебінде



жүктеу 2,18 Kb.
Pdf просмотр
бет31/35
Дата14.12.2017
өлшемі2,18 Kb.
#4131
түріЛитература
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35

118
Сұрақтар:
1. Айша бибі кесенесі қай қалада?
2. Ахмет Иассауи кесенесі қай жерде орналасқан?
3. Бабажы қатын кесенесі қай қалада?
VІ. Ахмет Иассауи кесенесіне тоқталып өтейік.
 - Түркістан дегенде Қожа Ахмет Иассауи еске түседі. 
Яғни,  Түркістан  қаласы  Қожа  Ахмет  Иассауи  атымен 
әйгілі болды. Балалар, Қожа Ахмет Иассауи кім болған?
Ахмет Иассауи – ХІІ ғасырда өмір сүрген ақын, философ. 
Білімді, ақын – халық құрметіне ие болған «әулие» атанған. 
Оның  туған  және  қайтыс  болған  жылдары  әлі  анық  емес. 
Әлемге әйгілі шығармасы – «Диуани Хикмет».
1397  жылы  қаһарлы  Ақсақ  Темір  (әмір  Темір,  Тимур  – 
завоеватель,  полководец  Темирлан)  А.Иассауидің  құлайын 
деп тұрған күмбезінің орнына кесене салуға бұйрық берді. 
Ахмет  Иассауи  кесенесінде  әлемге  әйгілі  Абылай  хан, 
Қазыбек  би,  Бөгенбай  батыр,  Жәнібек  батыр,  Есім  хан, 
Жолбарыс  хан,  Ақсақ  Темірдің  шөбересі  Бабыр  хан,  т.б. 
жерленген.
VІІ.  Күні  бұрын  берілген  Нұраш  Жиенғалиұлының 
«Армысың, Түркістан» өлеңін оқушылар жатқа оқиды.
1-оқушы: - Армысың, Түркістандай қаламыз, 
                    Атың шалқып сілкінгендей санамыз. 
                    Ұлан-ғайыр он бес ғасыр өткізген
                    Кәрі жүрек соғып тұрған данамыз.
2-оқушы: - Халқың сенің қуанады мақтанып,                       
                   Аруақты Түркістанды бақ танып.
                   Талай ғасыр дақ түспеген даңқына,
                   Кім де болса қайран қалар шаттанып.
3-оқушы: - «Кіші Мекке» – мұсылманның тірегі,                   
                     Түркістанның иесі – қазақ күйеді. 
                     Әмір Темір өзі бас боп салдырған
                     Нұр сәулетті сағанасы киелі.


119
   
   
 
4-оқушы: - Бұл өлкенің табиғаты тамаша,                           
                    Дария-сулар толқын атқан жараса.  
                    Имандылық нұрын шашқан осында
                    Қожа Ахмет Иассауидей дана ата.
5-оқушы: - Ұлы баба, сөйле бүгін барыңды,                         
                    Көңіліңнен шығар отты жалынды.          
                    Түркістаның тойлап жатыр дүрілдеп,
                     Ұрпағыңмен қарсы ал бірге таңыңды.
ІХ. Қорытынды. Бағалау.
 - Балалар, бүгін біз қазақ елінің тарихи ежелгі қалаларын 
толық  қайталадық.  Ежелгі  қалалар  туралы  білімдеріңді 
пысықтадыңдар. 
Х.  үй  тапсырмасы:  М.Жұмабаевтың  «Түркістан» 
өлеңінен үзінді жаттау.
Нұржамал ЖАЛМАҒАМБЕТОВА,
Астана қаласындағы
№31 мектеп-гимназиясының 
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
МЕКТЕП ӨМІРІ 
 
ТІЛДІК ОРТА
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  мектеп  өмірі  туралы 
мәлімет  беру,  оқушылардың  коммуникативтік  құзыреттілі-
гін  қалыптастыру,  алған  білімдерін  өмір  жағдаятында 
қолдана  білу;  дамытушылық  –  құзыреттілік  әрекеттерін 
ойлау,  белсенділіктерін  дамыту;  тәрбиелік  –  мектепке, 
ұстазға деген құрмет сезіміне тәрбиелеу.
Көрнекілік:  интерактивті  тақта,  слайдтар,  бейнесюжет. 
Түрі:    жаңа  сабақ.  Әдісі:  түсіндіру,  сөйлесу,  әңгімелесу, 
сұрақ-жауап.


120
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа дайындықты және оқушының жұмыс жүргізетін 
орнын тексеру.
Сәлемдесу. Кезекші жұмысымен танысу.
- Бүгін кім кезекші?
- Сыныпта кім жоқ?
- Бүгін нешесі?
- Аптаның қай күні?
- Жылдың қай мезгілі?
- Қазір қай сабақ?
- Нешінші сабақ?
- Үйге не берілді?
II. Баланың  білімін тексеру.
Үй жұмысын сұрау:
а) 3тапсырма; ә) енді тақтаға қарап, оқу құралдары туралы 
жұмбақтарды шешіп жіберейік.
1. Оқуыма төреші,
 Тоқуыма төреші,
 Парақтасам байқалар,
 Білімімнің өресі,
 Онда және жазылған
 Кестем де бар келесі. (Күнделік)
2. Ата тегі ағаштан болды,
Ақылын тауып, әсем жанды.
Теңіз беті шимайланды,
Бірақ ойым симай қалды. (Дәптер)                                                                      
3. Білімі берген – сыйасы,
Балғындардың ұясы (Мектеп)
4. Ілулі тұр кең алаң
Керегімді мен одан
Жазып алам көшіріп,
Сүртем сосын өшіріп. (Тақта)


121
5. Бір нәрсе білмегенімді білгізеді,
Өзіңді тұрсаң қарап күлгізеді.
Жалғанда әңгімесі сондай қызық,
Жаныңды тыңдай берсең кіргізеді.  (Кітап)
6. Білімнің  дәнін тереді,
Балаға тәлім береді. (Ұстаз)
III.  Бейнефильм  көру  (Әр  көріністен  соң  сұрақтарға 
жауап беру).
1. №31 мектеп-гимназиясы бойынша көрініс.
– Балалар, таныдық па, бұл қай мектеп?  Осы мектепте 
кімдердің  мектеп  өмірі  өтеді?    Мектеп  қандай,  ауласы 
қандай?  Балалар мектеп ауласында не істейді?
2. 1-қабат.
–  Балалар  1-қабатта  кім  отыр?  Күзетшінің  қызметі 
қандай?  1-қабатта  кім  кезекшілік  етеді?  Мынау  кімнің 
кабинеті? (Асхана, спорт залы)
3. 2-қабат.
2-қабатта не бар? Біз мұнда не істейміз? Балалар 2-қабатта 
кім  отырады?  Кітапханада  кім  жұмыс  істейді?  Оның  есімі 
кім? Кітапханада не бар?
Мәжіліс залы.
Мәжіліс залында біз не істейміз?
IV. Жаңа сабақ: «Мектеп өмірі».
Алдымен жаңа сөздермен танысайық!
Шақ – время;                           Үйрену – учиться;
Сыныптас – одноклассник;   Құрбы-құрдас – ровесник;
Ықыласпен – с вниманием;     Балалық шақ – детство;
Ұмытылмас – незабываемый.
1. Сөз тіркесін жасату.
2. Сөйлемдер құрастыру.
3. Сөз таптарына ажырату.
4. Синоним, антонимін табу.
V. Мәтінмен жұмыс.


жүктеу 2,18 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау