73
Қаракерей Қабанбай батырға «жүктейді». Кей шығарманың
бас кейіпкері сюжет шиеленісінде біртіндеп қалыптасады.
Ал, роман-дилогияның бас кейіпкері Қабанбай жоңғарға
қарсы соғыстарда қырық жыл аттан түспеген атақты батыр,
ысылған оқырман көзінде қалыптасқан кейіпкер. Сондықтан
автор бас кейіпкерінің бейнесіндегі белгілі сипаттарға
қосымша және бір елеулі қасиеттер қосады. Солардың ең
көрнектісі және татымы мықтысы - Дарабоздың ұлттық
идея ұйытқысы бола білгендігі. Бұл қасиет оты образдың
барша тірлік-тынысынан ұшқындап тұрады. Аты-жөні
найман руының белгілі тармағымен қосақтала аталғанымен,
бас кейіпкер өзін Алаш ұлымын, Қазақ перзентімін деп
сезінетіндігімен сүйсіндіреді. Қабанбайдың қолбасылық,
батырлық үлгілері, үлкен саясаткерлігі осы ұлттық рухтан
туындайды. 1748 жылғы ұлы хан Әбілмәмбеттің ордасында
Түркістанды, Ташкентті, ұлы жүздің Жетісудай жаннат
жерін, Алтай, Тарбағатайдың сулы, нулы өңірін жаудан
тазарту ісін жүзеге асыру дәл осы бас кейіпкердің
–
Қабанбай
батыр басқарған сарбаздардың үлесіне тиеді.
Романның жақсы аталуының да, оны сынап-мінелуінің де
себептерін қазақтың азаттығы, ұлттық арман-тілегі жөніндегі
авторлық ұстанымның жүзеге асуы деңгейінен іздеу керек.
Біріншіден, әр автордың өзіне ғана тән дүниетанымдық
мұнарасы болады. Ұлттық мінез, бейне жасаудың жолдары
қилы-қилы. Кей көркем сурет тарихи фактілермен санасса,
кей тұста санаспайды. Іріктелген, жинақталған тарихи
шындықпен бірге ойдан қосу аралас жүреді. Кейде тарихи
шындық пен көркем шындықтың қарама-қайшы келетін
жағдайы да болады. Бір кезде белгілі тарихшы Лев Гумилев
Ресейді Батыстан төнген қауіптен Батый хан құтқарды, Чуд
көлі мұз айдынындағы тевтондардың көзін жойған соғыста
татар атты әскері шешуші рөл атқарды деп жазды. Ал,
74
«Александр Невский» фильмінде татар-монғол ханы әжуа,
сайқымазақ қалыпта сықақталады. Ұлы Отан соғысының
қарсаңында туған, халықты елжандылық рухта тәрбиелеу
ісінде бағалы орны бар фильмді қойған өнер иелерін сол
үшін тарихты бұрмаладың деп сөгуге бола ма?
«Дарабоз»
–
көркем туынды. Әбілқайыр ханның рөлін оң
бағалайтын тарихи ғылымның өлшем-таразысына Қабдеш
Жұмаділов романының сурет бағамы сәйкесе бермеуінде еш
оғаштық жоқ. Тәуелсіздік пен демократия жағдайында әркім
өз көзқарасын іркілмей, ашық айтуға құқылы екенін есепке
алмағанның өзінде де...
Екіншіден, «Дарабоз» романы Әбілқайыр ханның
Аңырақай соғысындағы ерлігін жоққа шығармайды.
Жоққа шығармағанымен, іле-шала Болат ханның орнына
сайламадыңдар деп өкпелеп, ұрыс даласынан Кіші жүз
қолын бөліп әкеткендігін жақсы мінезге жатқызбайды.
Жеңістің жемісін толық тере алмай, қапыда қалғанымызға
Әбілқайырды айыпты санайды.
Үшіншіден, Әбілқайыр образы тақырыбының астарына
Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылу мәселесі
қабылданғанын ұмытпау керек. Қазақ қай елге де құл болмау
керек дейтін ұстанымды басшылыққа алған жазушы:
жолбарыстан қашып, арыстанның аузына түсу қалай болады?
Арыстан асамайды деп кім айтты? - дейді.
Романда Ресейдің сол кезде қазаққа оң көзімен қарамаған
фактілері көптеп келтіріледі. Орыс патшасының Әбілқайырды
алдап соққанын айта келе, Әбіш Кекілбаевтың романында
көрсетілмеген бір фактіні еске салады. Әбілқайыр хан Еділ-
Жайық арасынан қоныс сұраған екен. Патша қоныс бермек
түгіл, бұл екі өзеннің маңына бұратана атаулыны жуытпауды
шығарған. Жайықтың екі қапталынан әлденеше шақырымға
дейін от қойып өртеп жіберген соң, ол өзеніңе енді қазақ
75
малын да суара алмайтын болған. Сауда істеп, қару алып
жырғап жатыр дегені де
–
құр қауесет. Патша, тіпті, бұратана
халыққа күрек, орақ, балта сияқты темір бұйымдарды суық
қару жасауға пайдаланады деп сатуға да тыйым салған. Жай
қара темірін қимай отырған патшалық бізге от қару беруші
ме еді? - дейді романның орталық кейіпкерлерінің бірі
–
Абылай хан.
Төртіншіден, Ресей өзге жұртты «өз еркімен
қосып алуында» қазақтың бірқатар бетке шығарының
дүниеқоңыздығын кеңінен пайдаланған. Орыс отаршы-
ларының лорд Керзон мақтаған зымиян тәсілінің қазаққа
да қолданыла бастағанын роман Әбілқайыр ханның күйеу
баласы Шақшақ Жәнібектің мысалында есте қаларлықтай
етіп суреттейді. Орыс патшасынан тархан шенін алғаннан
бері «сән-салтанаты ат тарта алмайтын дәрежеге жетіпті» деп
шенейді. Оның хан кеңесінде ақ патшаға арқа сүйемейінше,
жоңғар алдыра қояр ма екен деп тәлімсігенін Төле би қатты
түйіліп сөгеді. Жасағың не күйде? «Бәлкім, Әбілқайыр
екеуің етегінің астына барып тығылған қатын патшаның
рақымы түсіп, жеріңді жаудан тазартып беретін шығар?
Орыс
–
өнерлі жұрт қой. Бірақ аузыңды ошақ, мұрныңды
мұржа етіп, түтін жұтқаннан өзге үйренген өнерің бар ма сол
елден? Тархандығың ел қорғайтын қалқан болмай, мойныңа
салған арқан болып жүрмесін!» деп келекелейді.
«Дарабоз» роман-дилогиясының «Түйінінде» автор «ұзақ
жыл архивтің шаңын қаққандағы» алға қойған «міндетіміз
тарих жасаушылардың бұрмалаған фактілерін орын-
орнына қойып, белгілі бір жүйемен баяндап беру ғана..»
дейді. Бұндағы жүйе
–
қай жүйе? Біздіңше, кейіпкерлер
қатынасынан туындайтын сюжеттің айтпағы
–
елдің елдігін,
ұлттың ұлттығын сақтау идеясының күні бүгінге дейінгі
зәрулігі. Ол жағын автор романында толық, жан-жақты,
Достарыңызбен бөлісу: |