Вюрцбург мектебі
(Батыс Европа мен АҚШ-та кеңінен таралды. Психикалық процестерді
тəжірибелік зерттеулер арқылы талдады. Көрнекті өкілдері: К.Марбе, И.Орт, А.Майер,
Г.Уотт, А.Мессер, Н.Ах, К. Бюлер, О.Зельц). Бұл мектептің негізі Германияда қаланды.
Американдық психологиядағы функционализм ағымы.
Негізгі мақсаты –
психология ғылымының жетістіктерін тəжірибеде қолдана отырып, адамның мінез –
құлқын зерттеу. Бұл ағымның көрнекті өкілінің бірі Р.Вудвортс (1869 – 1962) болды.
Бихевиоризм –
ХХ ғасырдағы психология ғылымын сипаттайтын американдық
бағыт. Ол адамның құлқын жете қарастырады да, сананы негізгі зерттеу объектісі деп
санамайды. Бихевиоризмнің іргесін қалаушы Эдвар Торндайк (1874 -1949).
Гештальт – психология –
Германиядағы психологиялық мектеп. Оның негізін
қалаған Макс Вертгеймер (1880 - 1943).”Гештальт” немісше –
тұрпат, түр, форма,
құрылым.
Қазақша
құрылым психологиясы
деп алып отырмыз. Бұл мектептің мақсаты –
жеке психикалық процестердің құрылымын тəжірибе жүзінде зерттеу.
Фрейдизм.
Бұл – Австрия ғылымы З.Фрейд (1856 -1939) есіммен аталатын бағыт.
Зерттеу ілімі
психоанализ
деп аталады.
ХХ ғасырдың 30 – 40 жылдарында капиталистік елдерде бихевиоризмнің
психология ғылымының даму тарихында өзіндік бағыт – бағдары жəне ғылыми маңызы
бар
когнитивтік бихевиоризм
(адамның ішкі дүниесін зерттеп, танып білу),
гипотезалық
– дедукциялық бихевиоризм
(психологияның даму қисынын зерттеу),
операнттік
бихевиоризм
жəне
неофрейдизм
тəрізді жаңа бағыттары пайда болды. Неофрейдизм
(көрнекті өкілі – Х.Корни, 1885 - 1953) – биологиялық еліктеудің əлеуметтік
факторлармен байланысын психологиялық тұрғыдан зерттесе, ал американ психологы
Курт Левин (1890 - 1974) адамдардың белгілі бір топтарының қозғаушы күштерін, ондағы
адамдардың өзара қарым – қатынасын қарастырып, “өріс” теориясын жасады. Бала ақыл –
ойының дамуын, оның ойлауы мен сөйлеуін т.б. мəселелерді бір жүйемен қарастырған
біздің заманымыздағы көрнекті психолог маман – швецариялық Жан Пиаже (1896 - 1980).
Кеңестік психологияның дамуы.
Ресейде психологиялық ой – пікір, негізінен, екі түрлі бағытта өрістеді. Оның бірі –
бостандық жолындағы жалпы халықтық қозғалыстағы сана – сезімнің дамуы, екіншісі –
ресми идеология.
И.М.Сеченевтың “Бас миының рефлексі” деген еңбегі Ресейдегі
психология ғылымының дамуы үшін жартылыстық – ғылыми негіз болды, сөйтіп,
материалистік психологиялық ой – пікірдің дамуына күшті ықпал етті. Сонымен қатар,
Қазан төңкерісіне дейінгі Ресейде Г.И.Челпановтың (1862 -1936), кеңестік кезеңде В.М.
Бехтеревтің (1857 - 1927), И.П.Павловтың зерттеулері, Н.Е.Введенский мен
А.А.Ухтомскийдің рефлекске байланысты ашқан жаңалықтары психологияның табиғи –
ғылыми негізін одан əрі өрістетуге жол ашты Кеңестік дəуірде психология ғылымының
іргесін қалауға П.П.Блонский, В.Я.Струмлинский, К.Н.Корнилов, Б.М.Теплов т.б. үлес
қосты. Психика дамуын əлеуметтік тарихи – мəдени теория тұрғысынан зерттеп, көптеген
еңбек жазған Л.С. Выготский (1896 - 1934), іс - əрекет психологиясының мəселелерін
зерттеген С.Л.Рубинштейн (1887 - 1960), А.Н.Леонтьев т.б. еңбектері бұл ғылымның
методологиясы мен принциптерін жаңа сипатта дамуға бағдарлады. Қоғамның тарихи
даму мұқтаждығының, экономика мен идиологияның, мəдениеттің өрістеуіне сəйкес
кеңестік дəуірде психологияның түрлі салалары мен тармақтары дамып, жеке – жеке
ғылыми пəнге айналды. Соның нəтижесінде тəлім – тəрбие психологиясының даму
қарқыны мен оның қамтыған мəселері əр алуан болды.
Достарыңызбен бөлісу: