~ 7 ~
өзгерістер енгізеді. Болмашы өзгерістерден, бəлкім, құтылу
мүмкін емес, дегенмен осындай өзгерістер
сабақты жоспарлау
кезеңінде алдын ала қарастырылса анағұрлым жақсы болады.
Егер де мұғалім айтарлықтай өзгеріс енгізетін болса
бақылаушылар өздерінің жұмыстарын істеуге дайын болмайды
жəне жинақталған дəлелдердің құндылығы БАҚЫЛАУ маңызды
рөл атқарады, себебі ол мұғалімдерге зерттеудің бүкіл кезеңінде
оқушылардың оқуына ілесіп, олардың
ойлауында болып жатқан
өзгерістерге жəне оқушыларға оқытудың қандай əдістері ықпал
етіп жатқанын назарда ұстауға мүмкіндік береді. Десек те,
осыған қоса, топтар бақылауды сабақтың нəтижесі ретінде
ұсынатын оқушылардың жазба жұмыстары сияқты қосымша
дəлелдемелермен толықтырады.
Командалар «Сабақты бақылау бойынша нұсқаулықты»
əзірлей алады немесе сабақты қалай бақылау
керектігін, кімді
бақылау керектігін, не нəрсеге мəн беру керектігін жəне
бақылауды қалай жазып отыру керектігін көрсететін формамен
де шектеле алады. Бақылаушылар сабақты бақылаған кезде
дəлелдемелерді жинау бойынша ұсыныстарды басшылыққа
алады. Мектептегі барлық мұғалімдер мен топтарға ортақ етіп
əзірленген нұсқаулықта негізгі қағидалар мен нормаларды, тіпті
этика, сұхбат, фото жəне бейнетүсіруды
қолдану ережелерін де
жазып көрсетуге болады.
Бақылау формалары – Lesson Study үдерісінің дəлелдемесі
жəне есептілігі үшін пайдалануға болатын құжаттардың бірі
болып табылады. Егер де сіз қандай да бір отырыста, коучинг-
сабағында зерттеу сұрағына қатысты сабақты бақылау
формаларын əзірлеуді ұйымдастырып, өткізсеңіз,
бөлінген
көшбасшылық қағидасын көрсетесіз. Топтарға өзіңіз басқа
дереккөздерден алған дайын үлгілерді ұсынудың қажеті жоқ. Топ
зерттеу сұрағын қойып алады, содан кейінгі олардың келесі
қадамы – бақылау формаларын əзірлеу. Аталған форма
анағұрлым
егжей-тегжейлі
болса
тіпті
жақсы,
себебі
бақылаушылар
сабақты
бақылау
кезінде
əзірленген
критерийлерге сəйкестікті іздестіріп, белгілейді жəне сабақ
аяқталған соң қолдарын қояды.
Бұдан кейін ешқандай
хаттаманың жəне жұмыстың қажеті жоқ, тек қана бірлескен
талқылау жəне талдау жүзеге асырылады. Lesson study
мұғалімдер жұмысын жеңілдетуге жұмыс жасағаны өте маңызды
жəне қосымша жұмысты туындатпауы тиіс! Осы орайда, бақылау
формасы – мұғалім бақылауының жəне қорытынды жасағанның
күшті дəлелдемесі болып табылады. Бұл дəлелдемелер кейін
топтың бірлескен кездесуінде талқыланатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: