45
арналған (қайшылар, тығыздағыштар,
шина-құбыр игіштер, сұққылар, бетті
бүгетін, бұрғылайтын, сыратын, ағынды, токарлық, фрезерлік және үстіріктеу
білдектері);
арту-түсіру және монтаждау жұмыстарына арналған монтаждау механизмдері
(автомобиль крандары, пневмодөңгелекті жүріс крандары, құбыр төсегіштер
және
трактор крандары, гидрокөтергіштер және телескоптық мұнаралар,
бұрғылау және бұрғылау-кран машиналары, кран біліктері және электрлік
талдап, аккумуляторлы және автомобиль тиегіштері, мұнара крандары және
тиегіш крандар, талдар және жүкшығырлар, блоутар және полипасттар),
сонымен қатар, жалпы құрылыс механизмдері (тракторлар, бульлдозерлер).
Тесу жұмыстарын механикаландыру құралдары ретінде электрлік
магнитті
бұрғылар, электрлік тескіш машиналар және жұмыс құралы бар электрлік
балғаларды пайдаланады (бұрғылар, шлямбур, тәждер), олар қатты
балқымадан жасалған пластиналармен жабдықталған, сонымен қатар,
перфораторлар, пневматикалық және ұнтақты құралдар қолданылады.
Электролік магнитті бұрғы
СЦ-2 (3.7 сурет) саңылауларды бұрғылауға
арналған, ол екі тәуелсіз
қозғалтқыштан жасалады, олар дюраль корпусқа
монтаждалады: бір фазалы синхронды элеткрмагнитті соққылы әсерлі және
бір фазалы коллекторлы айналмалы әсерлі қозғалтқыштан құралады. Екі
қозғалтқыш та өзара тосқауылданған түрде болады.
1 — соққылы әсерлі синхронды электромагнитті қозғалтқыш;
2 — айналмалы әсерлі коллекторлы қозғалтқыш.
Соққылы әсерлі қозғалтқыш екі шарғыдан– тік және кері жүрісті, сыртқы
магнит жолынан, диамагнитті бағыттаушы тығын, буферлі серіппесі бар
тоқпақтан құралады. Қозғалтқыш жұмысы барысында тоқпақ бағыттаушы
тығынның ішінде үздіксіз ілмекті қозғалыс
жасайды және айналдырғының
артқы ілмегіне минутына 3 000 соққы жасайды. Серіппе тоқпақтың кері
1
3.7 сурет. Электрлік магнитті бұрғы СЦ-2:
46
жүрісінің энергиясын жинақтау үшін қажет болады. Қозғалтқышты қосу
микросөндіргіш көмегімен жүзеге асырылады, ол бүйір жақ тұтқада
орналасады, ал қорек түзу пульсті тоқпен 44 В кернеумен кремнийлі күш
шұралармен беріледі.
Айналмалы әсерлі қозғалтқыш үш сатылы редуктор және фрикциялық
жалғастырғыш арқылы айналдырғымен
байланысады, оған айналу моментін
береді. Жұмыс құралы айналдырғымен конус арқылы жалғанған болады.
Қозғалтқыш кернеуі 44 В және жиілігі 50 Гц айнымалы тоқтан қорек алады.
Микросөндіргіш артқы тұтқада орналасқан. Түрлендіру қондырғысы 220/44 В
төмендеткіш трансформатордан және екі кремнийлі түзеткіштерден құралады.
Барлық құрылғылар металл құты ішіне монтаждалған, оның бүйіржақ
қабырғасында үш полюсті резетке кабельді жалғау мақсатында орналасқан.
СЦ-2 электрлік магнитті бұрғысы жұмыс құралы ретінде металл бойымен
арнайы оралма үскі қолданылады, олар қатты балқыма пластиналарымен
жабдықталады. Үскілерді 90... 100° теріс бұрышпен қайралады. Электрлік
магнитті бұрғының негізгі техникалық сипаттамалары келесі түрде болады:
Бетонды максималды бұрғылау диаметрі, мм .................................. 26
Айналу жиілігі, айн/мин ................................................................... 420
Бір минуттағы соққы саны ............................................................. 3000
Соққы энергиясы, Н ........................................................................... 4,5
Салмағы (кабельсіз), кг ......................................................................... 8
Қозғалтқыш қуаты, Вт:
электромагнитті ............................................................................ 500
коллекторлық ................................................................................ 220
Төмендеткіш трансформатор қуаты, В • А ...................................... 900
Қозғалтқыш кернеуі, В ........................................................................ 44
Қозғалтқыш тоғы жиілігі, Гц .............................................................. 50
Түрлендіру құрылғысы салмағы,
кг ................................. 19
Электрлік
магнитті
бұрғының
жұмысы
барысында
алдымен
айналдырғыны айналдыруға арналған
электрлік қозғалтқыш қосылады, ал
бұрғы негіздемеге аздаған тереңдікке енгеннен кейін (құралдың 3-4
айналымы) – соққылы қозғалтқыш қосылады. Бұрғылаудың қажетті
тереңдігіне қол жеткізгеннен кейін соққылы қозғалтқыш сөндіріледі,
бұрғыланған саңылаудан шығарылады және одан кейін айналдырылатын
қозғалтқышты сөндіреді.
Электрлік магнитті бұрғыны жалғау кезінде бір мезгілде оның корпусын
жерге тұйықтау керек.
Достарыңызбен бөлісу: