I теоретические основы логопедии



жүктеу 5,47 Mb.
Pdf просмотр
бет33/230
Дата01.11.2023
өлшемі5,47 Mb.
#44090
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   230
Логопедия

 

«Қажетті ережелерді білуіне қарамастан, орфографиялық 
дағдыларды қалыптасып, меңгере алмаудың салдарынан жазуда байқалатын 
тұрақты, ерекше қателердің түрлерін дизорфография деп атауға болады»
 
(А.Н. Корнев).
 «Дизорфография әр түрлі қателермен сипатталатын орфографиялық 
морфологиялық және дәстүрлі принциптерін менгеру мен пайдаланудың 
тұрақты және ерекше бұзылуы»
(Р.И. Лалаева) 
Негізгі қиыншылықтар – балалар керек орфограмманы жаза алмайды және 
орфографиялық тапсырмаларды орындай алмайды. Сонымен, логопедияда әр 
түрлі тіл кемістіктердің бірнеше түрін ажыратады. Оның ауызша сөйлеу 
тілінің бұзылыстары (дисфония (афония), тахилалия, брадилалия, тұтықпа, 
дислалия, ринолалия, дизартрия (анартрия), алалия, афазия), ал жазбаша 
сөйлеу тілінің бұзылысы (дислексия (алексия), дисграфия (аграфия) және 
дизорфография. 
Қорытынды:
клиникалық–педагогикалық классификация медицина мен 
логопедияның 
әрекеттестігіне 
негізделген. 
Бұл 
классификацияда 
психологиялық – лингвистикалық критерийлер бастапқы роль атқарады. 
Солардың негізінде негізгі топтар, тіл кемістіктерінің түрлері, формалары 


72 
ажыратылады. Осы критерийлер тіл кемістіктер жайында толық көрініс 
береді. 
Қазір ғылымның қарқынды дамуына байланысты сөйлеу тілі, психикалық, 
физиологиялық 
механизмдері 
туралы 
білімнің 
нығаюына 
және 
логопедиядағы жаңа зерттеулерге байланысты сөйлеу тілі бұзылыстарын 
топтастыруда өзгерістер еңгізілді.
Қазіргі таңда логопедиялық мекемелерді құру негізі ретінде және түзету 
жұмысының 
фронтальды 
әдістерін 
қолдану 
үшін 
сөйлеу 
тілі 
бұзылыстарының 
психологиялық-педагогикалық 
классификациясы 
пайдаланылады. Оны Р. Е. Левина құрастырған.
Психологиялық- педагогикалык топтастыру
 
кейіннен сөйлеу тілінің 
бұзылыстарын клиникалық тұрғыдан қарастырып, талдау нәтижесінде пайда 
болған. Бұл топтастырудың негізіне сөйлеу тілі жүйесінің құрылым 
компоненттері (сөйлеу тілінің дыбыстық, лексикалық, грамматикалық жағы), 
сонымен қатар сөйлеу әрекетінің түрлерінің қатынасы (ауызша және жазбаша 
түрі) ескерілген. 
Осы топтастыру бойынша сөйлеу тілінің бұзылыстары екі топқа бөлінеді: 
1.
қарым-қатынас құралының бұзылуы; 
2.
қатынас құралының қолдану кезінде бұзылуы. 
Бірінші топқа келесі бұзылыстар кіреді:
- фонетикалық бұзылыстар. Балалар кейбір дыбыстарды бұзып айтады 
немесе мүлдем айтпайды. Бұл баланың сөйлеу тілінің қалыптасуына әсерін 
тигізбейді, коммуникативті функциялары сақталады; 
- сөйлеу тілінің фонетика-фонематикалық жетіспеушілігі (ФФЖ) - 
фонемді қабылдау және айтуындағы ауытқушылықтарының салдарынан әр 
түрлі тіл кемістіктері бар балалардың ана тілінде сөйлеу жүйесінің бұзылуы. 
Ол балаларда есту және ойлау қабілеті сақталған. 
ФФЖ кезінде балалардың сөйлеу тіліндегі дыбыс айтудың ерекшеліктері 
байқалады: дыбыстарды анық айтпауы, дыбыстарды алмастырып айтуы, 
сыңар дыбыстарды ажырата алмауы, дыбыстарды артикуляциясы жеңіл 
дыбыстармен алмастыру, дыбыстардың айтылуының тұрақсыздығы. 
Дыбыстарды талдау, жинақтау процесі қалыптаспаған болады. 
- жалпы сөйлеу тілінің дамымауы (ЖСТД) – сөйлеу тілінің күрделі 
бұзылуы. Бұл кемістікте ақыл ойы және есту қабілеті қалыпты балалардың 
сөйлеу тілінің барлық компоненттерінің қалыптасуының бұзылуы 
(фонетика, лексика, грамматика). Бұл бұзылыс тұрақтылығымен сипатталады 
және түзету жұмысында арнайы тәсілдерді қолдануды талап етеді. Аталған 
кемістік сөйлеу тілінің мүлдем жоқ болуынан толық дамуына дейінгі 
деңгейде болуы мүмкін, бірақ фонетикалық және лексика-грамматикалық
дамымаудың нышаны сақталады. 
Р.Е. Левина бойынша ЖСТД үш денгейге бөлінеді. 
Бірінші денгейдегі
балаларда тілдің мүлдем қалыптаспауы байқалады. 
Мұндай балаларды мақау деп атайды. Бала былдырлап сөйлейді, жеке 
дыбыстарға еліктейді, дыбыстық кешендер қолданады. Дыбыстардың айтуы 


73 
қате, тұрақсыз болады. Сөз түсінігі төмен, сөздерді бірнеше рет қайталанған, 
таныс ситуацияда түсінеді.
Екінші денгей:
баланың сөйлеу мүмкіншіліктерінің өсуінде қолайлы 
динамика байқалады. Жалпы қолданбалы сөздер пайда болады, бірақ олар 
бұрмаланып айтылады. Көбінесе балалар зат есім мен етістікті қолданады. 
Әлі де жест ере жүреді. Көптеген дыбыстарды бұзып айтады (ысқырық, 
ызың, сонорлы). Бала өзі, жанұясы жайында әнгімелеп бере алады, бірақ 
сөйлемдерінде аграмматизм байқалады. 
Үшінші денгей:
Балалар қарым - қатынас құралдарын кеңінен қолдана алады. 
Сөйлеу тілінде фонетика, лексика, грамматикасында күрделі жетіспеушілік 
байқалмайды, бірақ кейбір қателер болады.Сөздік қорының кедейлігінен 
балалар керекті сөзді тауып айтуда қиналады. Айтылуы және мағынасы ұқсас 
сөздерді шатастырады. Сөзжасам және сөзөзгерту дағдылары қалыптаспаған. 
Сөйлемнің жай конструкциялары қолданылады. Сөйлеу тілді түсінуі 
жақсартылған. 
Бір денгейден келесі денгейге ауысуы сөйлеу тілінің бұзылуының 
тереңдігіне, 
коррекциялық 
ықпалдың 
уақытына 
және 
мазмұнына 
байланысты. 
Бұзылыстың 
екінші тобына
тұтықпа жатады. Тұтықпа жалпы сөйлеу 
тілі дамымауымен тіркесіп, байқалуы да мүмкін. 
Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы (дисграфия, дислексия, дизорфография) бұл 
топтастыру бойынша фонетика-фонематикалық жетіспеушіліктің немесе 
жалпы сөйлеу тілі дамымауының құрамында қарастырылады. 
Сонымен, психологиялық-педагогикалық классификация логопедиялық 
тәжірибеде ғылыми тұрғыдан негізделген мектепке дейінгі және мектеп 
жасындағы балалардың сөйлеу тілі бұзылыстарына және басқа да 
психикалық функцияларына әсер ететін коррекциялық фронтальды әдістерін 
кеңінен пайдалануға мүмкіндік ашты. Психологиялық-педагогикалық 
классификация бойынша ең маңызды мәселе - сөйлеу тілі жүйесінің дәл қай 
компоненті бұзылған немесе жетілмегенін ескеру болып табылады. Осы 
қағиданы ұстанып, педагог ауытқудың әр түрінде түзету жұмысының дұрыс 
және тиімді бағытын анықтай алады.

жүктеу 5,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   230




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау