. Нұрлы жұлдыз
алыстан сәуле,
шұғыла шашатын, қол жетпейтін нәрсе мағынасында
бағасыз белгінің
әсерін, көркемдігін, образдылығын тіпті ұлғайтып тұр.
Төртінші шумақтың бірінші жолында тілді
кенге
балаған ақын қарсылық
мәнді
жарық көрмей жатсаң да ұзақ
тіркесін бекер қолданбайды. Ел
танып, жер көріп, басқа тілді біліп, дүниедегі ғылым атаулымен танысқан, ең
озық ойлармен, мәдениетпен қауышқан, әлемдегі саяси-әлеуметтік өзгеріс-
оқиғаларды, бір сөзбен айтқанда, тілдің қызметін, қолданылу аясы мен
мүмкіндігін көріп отырған ақын өз ана тілінің сондай деңгейге жете алмай
жатқанына өкініш білдіргенімен, оның қадір-қасиетін, байлығын, шама-
мүмкіндігін жақсы түсінеді, оның дәлелі – тіл сөзін анықтап тұрған
эпитеттер:
таза, терең, өткір, күшті, кең
.
Кең
сөзінің тура мағынасын құбылту арқылы түптің түбінде біздің ана
тіліміздің маңдайы жарқырап, ғылым тіліне айналып, қоғамдық өмірдің түрлі
саласында қолдануға келетініне күмән келтірмейді. Өлеңнің соңғы екі
жолында ақын тілдің түркі тілдес халықтарды біріктіруші күш екеніне үміт
артады, оны
бауырына тарту
фразеологизмін өлең ұйқасы мен ырғағына
қарай трансформациялап, келер шақтың болжалды түрінде қолдану арқылы
көрсетеді.
Байқап отырғанымыздай, өлең лексикасы жалпыхалықтық қолданыстағы
сөздерден тұрады. Өлең мәтінінде басы артық, шашау шығып тұрған сөз
жоқ. Автордың ойы шумақтан шумаққа ауысып отырған сөздер, яғни
доминант немесе мағыналық ұйытқы сөздер арқылы үнемі даму үстінде
көрінеді. Алғашқы шумақтағы
күш, айбынды күш
градациялық дамумен
екінші шумақтағы,
күндей күшті күркіреген елге
айналады. Осы шумақтағы
алтын ана
сөзі үшінші шумақта
алтын күн
тіркесіне ауысып, кеңістік пен
уақыт жағынан шексіздік, кеңдік, көптік мағынасын қабылдайды, яғни
аталған сөздер мәтін ұйымдастырушы, өлең шумақтарын байланыстырушы
(когезиялық) қызмет атқарады. Өлеңдегі астарлы ой, ақынның көзқарасы
оқырманға толық жетті деуге болады.
Вертикал контекст термині ғылыми айналымға кіргізілген 30 жылдай
уақыттан бері де
түрлі
ғалымдар
ұсынған
пікірлер негізінде
терминологиялық ала-құлалық орын алуда. Бұл ұғымды В.Я. Мыркин
коммуникативтік контекстің аясында қарастырса, румын ғалымы Т. Слама-
Казаку глобалды контекст, ал Г.В. Колшанский контекстер торшасы (сетка
контекстов), И.Р. Гальперин тезаурус, З.И. Тураева пресуппозиция деп
атауды жөн көреді. Терминді ұсынған О.С. Ахманова мен Ю. Гюббенеттің
айтуынша: «вертикал контекст – берілген әдеби туынды мен оның
бөліктерінің тарихи-филологиялық контексі» [53:49]. Бұл ұғымға
шығарманың жазылған уақыты мен оның кейіпкерлері өмір сүрген кезеңнің
ең қарапайым, ең елеусіз, ең ұсақ детальдарынан бастап, бүкіл қоғамды елең
еткізген үлкен, белгілі оқиғалардың астарлы түрде берілуі кіреді. Олар
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
31
айтылмаса, дәуір, қоғам шындығы толық ашылмайды. Мәселен, мына бір
өлең жолдарын алайық:
Лап еттім де көкірегіме түскенде от,
Іштім, сонсоң ...
Бостан-босқа ішкем жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |