ҚР ҚН 1.03-00-2022
IV
КІРІСПЕ
Осы құрылыс нормалары құрылысты жүргізудің жалпы
ережелерін және орындалуы
құрылыстың сенімділігі мен қауіпсіздігін, пайдалану кезінде салынған ғимараттар мен
құрылыстардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін құрылыс ұйымдарына қойылатын
талаптарды белгілейді.
Осы нормативтік техникалық құжаттың талаптары
Қазақстан Республикасының
аумағында құрылыс қызметін жүзеге асыратын барлық заңды және жеке тұлғалардың
орындауы үшін міндетті болып табылады.
ҚР ҚН 1.03-00-2022
1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ
СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
ҚҰРЫЛЫС ӨНДІРІСІ. КӘСІПОРЫНДАРДЫ, ҒИМАРАТТАРДЫ ЖӘНЕ
ҚҰРЫЛЫС САЛУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
СТРОИТЕЛЬНОЕ ПРОИЗВОДСТВО. ОРГАНИЗАЦИЯ СТРОИТЕЛЬСТВА
ПРЕДПРИЯТИЙ, ЗДАНИЙ И СООРУЖЕНИЙ
Енгізілген күні – 2022-06-21
1 ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
1.1
Осы құрылыс нормалары жобалау және құрылыс салу үшін заңнамада белгіленген
тәртіппен алынған бастапқы материалдар (деректер) негізінде салынатын жаңа объектілерді
салу, сондай-ақ бұрыннан бар объектілерді (кәсіпорындарды, ғимараттарды және олардың
кешендерін) реконструкциялау (жаңғырту), күрделі жөндеу, жою (бұзу), консервациялау
кезінде
кәсіпорындардың, ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс өндірісін
ұйымдастыруға, сондай-ақ құрылыс алаңдарын инженерлік дайындау мен абаттандыруға
қойылатын негізгі талаптарды белгілейді.
1.2
Желілік
құрылыстарды, электр беру, байланыс желілерін,
құбырларды және
инженерлік инфрақұрылымның басқа да объектілерін салу кезінде, сондай-ақ темір
жолдарды
иеліктен шығару жолағында, автомобиль жолдары мен басқа да көлік
жолдарының бөлінген жолағында қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптары
қосымша ескерілуі керек.
1.3
Құжат
Құрылысы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы
заңнамаға сәйкес құрылысқа рұқсатсыз жүзеге асырылуы мүмкін ғимараттар мен
құрылыстарға, сондай-ақ құрылыс салушылар (жеке тұлғалар) өз күшімен, өздеріне тиесілі
жер учаскелерінде тұрғызатын жеке тұрғын үй құрылысы объектілеріне қолданылмайды.
Құжат
құрылыс
индустриясы
мен
құрылыс
материалдары
өнеркәсібі
кәсіпорындарында
материалдар, бұйымдар мен конструкциялар өндірісіне де
қолданылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: