ІІІ БӨЛІМ.
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
жанрлар дың ғылыми тұрғыда қа-
растырылуына өз әсерін тигізбей
қалмады.
Дәуір талабы туындатқан осы
екі міндет ғылыми-зерттеушілік ой-
пікірде әдеби мұраны таптық көз-
қарас тұрғысынан қарап бағалау
мен «тұрпайы социологизм теория-
сына» сай зерттеудің бәсең тартуы-
на әсер етті. «Халық жауларын» әш-
керелеу науқанынан кейін 1947 жыл -
ғы қаһарлы қаулы шыққанға дейінгі
аз ғана уақыт аралығындағы ғылы-
ми-зерттеу жұмыстарына берілген
мүмкіншілікті қазақ әдебиет тану
ғылымы пайдаланып қалуға ұм-
тылды. Ғылыми-зерттеушілік ой-пі-
кір қолданудан шығарылып тастал-
ғанымен, 1920-1930 жылдардағы ғы-
лыми еңбектер мен мақалалардағы
әдебиет тарихы мен теориясын тек-
серудегі бағыт-бағдарды жалғас-
тырып әкетті.
Мезгіл жағынан алғанда жаңа
оқулықтар мен оқу құралдарын жазу
жұмыстары соғыстың алдында-ақ
қолға алынған болатын. Оған басты
себеп, Қазақ ССР Оқу халық комисса-
риаты 1939 жылы «Орта мектептер-
дегі 8-10 кластардағы әдебиет са-
бағы 5-7 кластардағыдай әдебиеттік
оқу болмай, тарихи әдебиеттік курс
ретінде жүруі қажеттігіне» шешім
қабылдап, жаңа жүйедегі оқу бағдар-
ламалары мен оқулықтар жасау-
ды талап етті. Осыған сай алғашқы
барлау ретінде әдебиет пәнінен
бағдарламалар жобасы жасалынып,
соның негізінде хрестоматиялар құ-
растыру қажет болды.
Себепсіз салдар жоқ екені белгілі.
Орта мектепті оқу құралдарымен
қам тамасыз етуден туындаған осы қа-
жеттілік ғылыми-зерттеушілік ой-пі-
кірдің әдебиет тарихы мен тео рия сын
тексеру бағытында тың ізденістерді
жасауына, жаңа еңбек тердің жазы-
луына ықпал етті. Жаңа бағдарлама
жобасына орай, 1937-1938 жылдары
жазылған әдебиет хрестоматиялары
мен оқулықтар түгелдей өзгеріске
ұшырады. Оның басты себебі, «халық
жаулары» атанған ақын-жазушылар
шығармашылығына байланысты еке-
ні айтпаса да түсінікті.
Партияның көркемөнер мен әде-
биет, ғылым салаларындағы саяса-
тының талаптары негізінде жасал-
ған жаңа бағдарламада орта мек-
тептің 8 сыныбына фольклор мен
XVІІІ және ХІХ ғасырдың І жарты-
сындағы әдебиетті, 9 сыныбына
ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан төң-
керіске дейінгі әдебиет тарихын,
ал 10 сыныпта кеңес дәуірінің әде-
биетін оқыту жоспарланған еді.
Бұл, әрине, жоғарғы сыныптардағы
әдебиетті тарихи курсқа жақындата
жүргізу мақсатынан туындаған бо-
латын-ды. Осыдан ұлттық ғылы-
ми-зерттеушілік ой-пікірдің әде-
биет тарихын тексеруіне жаңа мүм-
кін діктердің жолы ашылып, тың
ізденістерге баруына жағдай туды.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
270
Достарыңызбен бөлісу: |