Электр аппараттары «Федералдық білім беруді дамыту институты»



жүктеу 8,21 Mb.
Pdf просмотр
бет17/116
Дата18.09.2023
өлшемі8,21 Mb.
#43447
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   116
8 Девочкин Электр аппараттары. Оқулық

Алюминий
. Бұл материалдың жеткілікті жоғары электрлік өткіз-


33
гіштігі жəне жылу өткізгіштігі болады. Ток өткізгіштің аз тығыздығы 
арқасында мыс өткізгіші сияқты осындай токқа есептелген алюминий- 
ден жасалған дөңгелек қима бөлігінің шамамен 4 %-ға аз массасы бола- 
ды. Бұл аппарат массасын төмендетуге мүмкіндік береді.
Алюминийден жасалған түйіспелердің кемшіліктері: жоғары меха- 
никалық беріктігі жəне жоғары кедергісі бар қабықшаның белсенді ор- 
тада жəне ауада түзілуі, төмен жылуға төзімділік (алюминийдің балқу 
температурасы мыс пен күміске қарағанда аз), аз механикалық беріктігі. 
Сонымен қатар, мыспен алюминийдің түйіспесі кезінде қатты электро- 
химиялық коррозияға ұшырайтын жұп түзіледі. Осыған орай мысты 
алюминиймен қосу кезінде электрхимиялық жолмен мыстың жұқа қа- 
батымен жабу керек не екі металды күміспен жабу керек.
Алюминий жəне оның қорытпалары (дюраль, силумин) негізінен 
аппараттардың құрылымдық детальдерін жəне шинаны дайындау үшін 
қолданылады.
Вольфрам
. Вольфрамнан жасалған түйіспелердің оң қасиеттері 
жоғары жылуға төзімділік, эрозияға, пісірімдеуге қарсы үлкен беріктік 
болып табылады. Вольфрамды түйіспелердің жоғары қаттылығы олар- 
ды жиі қосылулармен жəне сөндірулермен жұмыс істейтін аппараттар- 
да қолдануға мүмкіндік береді.
Вольфрамнан жасалған түйіспелердің кемшіліктеріне жоғары шекті 
кедергі, аз жылу өткізгіштік, берік оксидті жəне сульфидті қабықша- 
лардың түзілуі жатады. Жоғары механикалық беріктікке жəне қабықша- 
ның түзілуіне байланысты вольфрамды түйіспелер үлкен қысуды талап 
етеді.
Үлкен емес қысумен аз токтағы реледе алтын, платина, палладий 
жəне басқа коррозияға қарсы материалдар қолданылады.
Металқыш материалдар
. Қарастырылған металдардың қасиет- 
терін талдау олардың бірде біреуінің ажыраушы түйіспе материалына 
қойылатын барлық талаптарды толығымен қанағаттандырмайтынын 
көрсетеді.
Түйіспелі материалдың негізгі қасиеттері – жоғары өткізгіштік жəне 
жылуға төзімділік – күміс пен вольфрам, мыс пен вольфрам қорытпа- 
ларының есебінен алынбайды, себебі көрсетілген қорытпа металдары 
түзілмейді. Түйіспелер үшін қажетті қасиеттерге ие материалдар ұн- 
тақты металлургия (металқыш) əдісімен алынады. Металқыш түйіспе- 
лерді дайындау кезінде металдардың физикалық қасиеттері сақталады. 
Жылуға төзімділік керамикаға вольфрам, молибден сияқты металдарды 
береді. Екінші компонент ретінде түйіспенің төмен өтпелі кедергісін 
алу үшін мыс немесе күміс қолданылады.
Түйіспе материалында вольфрам неғұрлым көп болса, соғұрлым 
олардың жылуға төзімділігі, механикалық беріктігі, пісірімдеуге ке- 
дергісі жоғары болады. алайда түйіспелердің кедергісі неғұрлым артық


34
болса, олардың өткізгіштігі аз болады. Әдетте вольфрамның құрамы 50
% жоғары металқыш қысқа тұйықталудың үлкен токтарын сөндіретін 
ауыр жүктелген аппараттар үшін қолданылады.
Төмен кернеулі аппараттарда күміс пен кадмий оксидінен жасалған 
металқыш аса кең таралды (CdO). Осы материалдың айрықша ерек- 
шелігі кадмий жəне оттегі жұбында CdO диссоциациясы болып табы- 
лады. Бөлінетін газ доғаның ионсыздануына ықпал ететін түйіспе беті 
бойынша тез ауысады.
Күмістен жəне 10 % мыс оксидінен тұратын металқыш жақсы тозуға 
төзімділігіне ие.
Күміс-никельді түйіспелер жақсы өңделеді, электрлік тозуға қарсы 
жоғары беріктікке ие, пайдалану кезінде төмен жəне тұрақты өтпелі ке- 
дергіні қамтамасыз етеді.
Күміс-графитті жəне мыс-графитті түйіспелер пісірімдеуге қарсы 
жоғары төзімділік арқасында доға сөндіруші ретінде қолданылады.

жүктеу 8,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау