21
өсімдіктер, бұлттар, тірі организмдер шағылыстырады. Жылулық
энергияның тәуліктік және мерзімдік ауытқуының үлкен экологиялық мәні
бар. Жылулық энергия судың булануымен, ауаның жылу ағынының пайда
болуымен,
дүниежүзілік
кеңістікте
таралуымен
шығындалады.
Энергияның ғарышқа шығуын баяулататын кез келген фактор булы
эффектіге және биосферадағы температураның жоғарылауына әкелуі
мүмкін. Жылулық энергия температураны қолдайды, топыраққа әсер етеді,
су айналымын қозғалысқа әкеледі.
4.
Ағыс
. Гидросферада толықтай тыныштық өте сирек және аз
ғана уақытты қамтиды. Су ағысы газдардың концентрациясы мен қорек
заттарына ғана емес, сонымен қатар, шектеуші факторларға түрлік
деңгейде де, ұйым деңгейінде де тікелей әсер етеді. Ағынсыз сулар
экожүйе үшін стрессті жағдай туғызады, ал ағынды және мезгілдік су
басулар өнімділікті жоғарылататын энергияның қосымшасы қызметін
атқарады.
5.
Жел.
Ол организмдер үшін құрғақ жерде белсенділігі мен
таралуына шектеуші әсер көрсетеді. Жел өсімдіктердің сыртқы түр-әлпетін
өзгертуге қабілетті. Ауа қозғалысы, су ағысы сияқты, өнімділіктің
көбеюіне жақсы әсер етеді; дауыл жануарлар мен өсімдіктерді үлкен
арақашықтыққа ауыстырып отыруға және бірлестіктердің құрамын
өзгертуге қабілетті. Құрғақ аймақтарда жел, булану жылдамдығы мен
ылғалдылықты жоғалтуды күшейтетіндіктен, өсімдіктер үшін маңызды
шектеуші фактор болып табылады. Қалаларды жобалағанда жел режимін,
басымды бағыттары мен жел күшін, оның құрылыс орнын таңдауды
есептеу үшін жыл мезгілдеріне байланысты кезеңділігін, құрылыстың
белгілі бір жобаланған құрылымын, көшелердің бағыттарын және т.б.
жетік біліп алған жөн. Қала, пәтер сияқты, жақсы желдетілген болуы
керек, олай болмаған жағдайда түтін пайда болады – жер бетінде ластаушы
заттар қабаттасып кетуі мүмкін. Қаланың ауа бассейнінің желдетілмейтін
шартында, атмосфера ауасының тазалығын сақтауға бағытталған, қалдығы
аз технологияны енгізу керек, шаң мен газұстағыштар қойылып, зиянды
заттардан қосымша тазарту сияқты тағы басқа шаралар қолданылуы қажет.
6.
Қысым.
Атмосфералық қысым тікелей әсердің шектеуші
факторына жатпайды, алайда оның өзгеруіне әсері көп. Бірақ қысым
шектеуші факторлар болып табылатын ауа райы мен климатқа тікелей
қатысы бар. Мұхитта гидростатикалық қысым үлкен рөл атқарады. Су
ішіне сүңгігенде әр 10 м сайын қысым 1 атмосфераға жоғарылайды. Таулы
аймақтарла керісінше, әр 10 м биіктікке 1 атмосфераға төмендейді.
7.
Достарыңызбен бөлісу: