Махаббат, қызық мол жылдар



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
Дата05.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#43237
epub Ә Нұршайықов Махаббат, қызық мол жылдар 1




Құдай-ау, қайда сол жылдар,
Махаббат, қызық мол жылдар?
Ақырын-ақырын шегініп,
Алыстап кетті-ау, құрғырлар.
Абай
Пролог орнына
Əңгіме сүйіспеншілік жайына ауысты. Қазіргі əдебиетте махаббат
туралы қалай жазу керектігі сөз болды.
- Тургенев былай деген екен, - деді əдебиет зерттеуші, - «Емен -
ең берік ағаш. Оның беріктігін мынадан да білуге болады: өзге
ағаштардың жапырағы күзде-ақ қурап, түсіп қалады; ал еменнің
жапырағы қыста да бүлк етпейді, тек келесі көктемде -
бұтақтарында жаңа, жас бүршіктер қылтиып, бас жарғанда ғана
оларға орын босатып, жерге құлайды. Мықты жүректі мекендеген
ескі махаббат та осыған ұқсайды - өшсе де орын бермей,
қоламталанып жатып алады; оны жалынды жаңа махаббат қана
тықсырып шыға алады».
- Ал, белгілі жазушы Пришвин өз күнделіктерінің бірінде былай деп
жазыпты, - деді жазушы, - «Бүгінгі күннің тақырыбы - жеке адамға
арналған махаббатты көпке деген сүйіспеншілікпен ұластыра білу,
екінші сөзбен айтқанда: жеке адамды жақсы көре тұрып, көпті сүйе
білудің жолын табу». Өте дұрыс айтылған. Бірақ осыны қалай көр-
сетуге болады?
- Оны білмеймін, - деді журналист. - Мен сіздерге тек қана өз
махаббатымның тарихын айтып берейін.
- Айтыңыз, тілеуіңізді берсін.
- Ал, тыңдаңыздар онда.
I
– Мен оларды жақсы көрдім. Бірақ олар маған қарамады, - деп 
бастады Ербол əңгімесін. - Жалғыз қыз ғана жанымды ұқты, тек 
соны айтайын мен сізге. Сонымен, мен 1945 жылдын он төртінші 
ноябрі күні осы əсем астана Алматыдағы Қазақ университетінің 
студенті боп қабылдандым. Тарих-филология факультетінің 


деканы, батыр тұлғалы, кесек пішінді, жалпақ бетті, қысық көздеу 
келген орта жас мөлшеріндегі сабырлы кісі документтерімді
байыппен қарап шықты да, бұрын пединституттың бірінші
курсын бітіргендіктен, бірден екінші курсқа алынатынымды
айтты. Мен содан бір сағат қана бұрын, астананың Совет
көшесіндегі университет үйінің баспалдағына табанымды тіреп,
жаңа ғана үзіліске шығып, дəлізді кернеп тұрған студенттердің
арасынан өтіп, үйдің екінші қабатына көтерілгенде Алатаудың
асқар шыңына шыққандай болып едім. Шыңнан шыңырауға 
қарағандағыдай басым айналыңқырап, буын-буыным дірілдей 
түскенін де аңғарғанмын. Енді міне, декан екінші курсқа
қабылдандың дегенде өзім екі аяғыммен нық басып тұрған 
деканаттың едені жылжып, қозғала жөнелген сияқтанды. Мен 
деканат бөлмесінде емес, Алатаудың шың-құздарының үстінде, 
дүниенің төбесінде қалықтап ұшып бара жатқандай күй кештім. 
Декан алдында, стол үстіндегі шыны астында жатқан сабақ
кестесіне қарап отырды да:
— Сіздің курс қазір осы дəліздегі 33-аудиторияға жиналады. Бес
минуттан кейін сабақ басталады. Өзіңізді студентпін деп есептеп,
курсыңызға барып отыра беруіңізге болады, - деді.
Мен деканға рақмет айтып, бас идім де, есікке қарай бұрылдым.
Дəлізді қуалай жүріп келемін. Ұмытып қалмайын деп қайта-қайта 
ішімнен: «Отыз үшінші аудитория… отыз үшінші аудитория…» деп 
күбірлеп келемін. Міне, сыртында «31» деген жазуы бар есік тұр. 
Есігінің аңқайып, ашық қалғанына қарағанда аудитория бос тұрған 
тəрізді. Өзімді толық праволы студент деп сезінгендіктен бе, 
білмеймін, кенет оның ішін көргім келіп кетті. Бас сұқтым. 
Аудитория іші ат шаптырым дерлік кең екен. Еденнің оң жағы 
сахна тəріздендіріліп қойыпты. Оның төрінде - қабырғада қара 
тақта ілулі тұр. Сол жақта жыпырлаған биік парталар. «Əлде бұл
клуб па екен? » деп ойладым одан шыға беріп. «Отыз үшінші 
аудитория… отыз үшінші аудитория…» деп күбірлеп, тағы ілгері 
аяңдадым.
Келесі есіктегі «32» деген жазуға көзім түсе беріп еді, сол-ақ екен 
ол шалқасынан ашылып кеп кетті. Кітап қолтықтаған бірнеше
студент шығып келе жатты. Мен солардың арасынан есікке
жəне көз салдым. Сол жақта алдарындағы кітап, қағаздарына 
үңіліп, бұқшия төмен қарап отырған көп студент көрінді. Оң жақта, 


сөреде қатар-қатар тізіліп тұрған кітап-тардың алтын жазулы 
түптері көзге шалынды. Үстіне көк халат киген татар өңдес жас 
келіншек қашаның қасында тұрған біреуге кітап ұсынып жатыр. 
Бұл немене, кітапхана ма өзі?» деп ойлап, мен аяғымның ұшымен 
көтеріліп, мойнымды соза бергенде іштен шыққан соңғы студент 
есікті серпіп жіберді. Менің жорамалым шынында да дұрыс 
екен. Екі жармалы есіктің жабылған белігінің сыртына 
бадырайта «Кітапхана» деп жазып, оның бетін шынылап қойыпты.
Сонымен, не керек, отыз үшінші аудиторияны таптым-ау
жағалап келіп. Ендігі барлық бақытым, көрер қызық, кешер 
қуанышым отыз үш деген екі сөзге тірелгендей болып, есіктің 
жоғарғы жағына жазылған екі цифрға ентелей қарап, күлімдеп 
тұрмын. Бойым жетсе, қолымды созып, өзім үшін өзгеше ғажап бұл 
цифрды сипағым да келетін сияқгы. Өйткені мен төрт жыл
бойы Жеңісті арман еттім. 9 майда батыста неміс фашистері 
тізе бүкті, 3 сентябрьде шығыста жапон империалистері жеңіліп, 
қол көтерді. Отан үстінде жеңіс туы желбіреді. Қаһарлы қыс өтіп, 
халық аңсаған жазғытұры жеткенде жер бетіне қаулап бір көк 
шықпайтын ба еді. Сол сияқты боп, соғыс біткеннен кейін жұрт 
жүрегін жаңа арман кернеді. Ана ұлын, əке баласын, жігіт жарын,
қыз ғашығын көксеп, тезірек қауышуды тіледі. Көгеннен
ағытылған қозыдай жамырап, батыс пен шығыстан елдің
түкпіріне қарай тірі қалған солдаттар ағылды. Жолда
кездескен жыпырлаған село, көп қаланың біріне тоқтамастан 
əркім өз ауылына, өз үйіне жетуге ынтықты, өз ұясын көруге 
асықты. «Менің ұям сенсің - университет, сенсің - отыз үшінші 
аудитория! Сенен басқа менің ешкімім жоқ!» деп іштей тебірене 
есіктін тұтқасына қол создым мен.
Солдаттын ауыр салмақты керзі етігімен еденді тарс-тұрс
басып, есіктен кірдім. Менің бұл кірісім аудиториядағыларға
асфальт көшеде тағалы ат келе жатқандай əсер еткен болуы
керек. Олай дейтінім, парталарына жайғасып, алдарындағы
қағаздарына үңіліп отырған студенттердің бəрі бастарын
көтерісіп, күнге қарай бұрылған күнбағысқа ұқсап, мойындарын
соза маған тесірейді. Мен де оларға қарадым. Қарасам, 
алдымда қаптап отырған қыз екен. Соғысқа дейін бір қыз бетіме 
тіке қараса, бəшірем кететін мен байғұс аудиториядағы отыз
қыздың алпыс көзі өзіме қадалғанда қалай шыдап тұрғанымды
білмеймін… Түнде, майдан шебіне жау самолеті келіп қалғанда 


прожекторлардың қараңғы аспанды қатарласа тілгілеп, жерден 
жарқ етіп көтерілгендей найзағай сəулелерінің бірі алыста жүйткіп 
бара жатқан ақ ноқатты шалатын. Самолетнокат прожектор
сəулесінен тез сытылып кету үшін жанталаса сасқалақтап,
олай бір, бұлай бір бұлтаратын. Бірақ қанша қашқанымен,
қараңғы аспанның қабатына кіріп, жасырынып қалуға
мұршасын келтірмей, барлық прожекторлардың сəулесі лезде
тұс-тұстан шаншылып, қадалып қалатын. Сол кезде жерден
атылған зенитка оқтары шөкім-шөкім ақ бұлт болып, бұрқ-бұрқ
етіп, жау самолетінің жанынан жарыла бастайтын… Мен де
сол сансыз прожектордың сəулесіне шаншылған самолеттей
күйге түстім. Сасқанымнан командирдің алдына келген
солдаттай болып, екі қолымды жамбасыма жапсыра ұстап, тік 
тұра қалдым да :
— Сəлеметсіздер ме, жолдастар! - дедім.
Гүл бақшасында болып па едіңіз? Гүл ашылған ғажайып сəтті
көріп пе едіңіз? Бақшаның жер нəрі, күн нұрына қанып,
толысқан ақ, қызыл, қызғылт, сарыкөк гүлдері біртіндеп,
бірімен-бірі жарыса ашыла бастағанда жаныңызды лəззат 
кернеп, өз-өзіңізден өзгеше бір рақатқа кенелмейтін бе едіңіз. Сол 
гүлдердің торғыннан жұқа, əсем үлбектерінің əр дірілі жаныңызды 
толқын-толқын қуаныш боп кернеп, басқаның бəрін ұмыттырып, 
елжіретіп, елтітіп əкетпейтін бе еді?!. Міне, қыздардың менің 
сəлемімді алып, еріндерін сəнмен қозғаған осы бір сəті менің көз 
алдыма гүл бағын елестетті. Иран бақ деген осы болар, осы 
отыз үшінші аудитория шығар деп ойладым. Қыздардың томпақ, 
толық, жұқа, жұмсақ еріндері сəл ашылғанда олардың
ауыздарынан ақ маржан ақтарылып кеткендей көрінді.«Ал енді не 
айтасың?» дегендей, жазық маңдай, қыр мұрын, аққұба, аққу 
мойын, аршын төс, қара торы қиғаш қас, ақ сары қыздар əлі 
маған жаудырап қарап отыр. Енді не айтарымды өзім де 
білмедім. Алма ағаштың бұтақтарын қайыстырып, «өзіме кім көл 
созар екен?» деп жерге телміре қарасып, сабағында самсап
тұрған хош иісті, піскен алма секілді осынау тəтті қыздардың
қасынан ілгері қарай үндемей, одыраңдап, бос орын іздеп өте
беруді орынсыз көрдім бе, білмеймін:
— Рұқсат па кіруге? - деппін тағы да сасқалақтап. Есік жақ 
қатарда екінші партада отырған шашы көмірдей қара, жазық 
маңдай, қызыл шырайлы қыз күлкі қысып, теріс айналып кетті де, 


танадай көзін жалт еткізіп, қайтадан маған қарады.
— Рұқсатты кірмей тұрып сұрамаушы ма еді? - деді ол жалпақтау
біткен күрек тісі жарқ-жұрқ ете көзге шалынып. Содан соң ол
анқаусып, арт жағында отырған қыздарға бұрыла қарап қойды.
Əлдекім мырс ете түсті. Мен қызарып кеттім.
— Қанипа, сен қойсаңшы, - деді оның алдында отырған аққу
мойын, сары қыз. - Бəлкім, бұл кісі біреуді іздеп келген шығар.
— Ағай, сізге кім керек еді? - деді алдыңғы партада отырған
кішіректеу екі қыздың аққұбасы орнынан көтеріліп. - Біреуді іздеп 
жүрсіз бе?
— Отыз үшінші аудитория керек еді, - дедім мен. - Осы курсқа
қосылатын жаңа студент едім.
— Е, онда төрлетіңіз, - деді тағы да жазық маңдай, қасқа тіс қыз. -
Қосылыңыз…
Менің «жаңа студентпін» деген сөзімнің қыздарға жаңаша бір
əсері болды-ау деймін. Олар бір сəт шаштарын сипап,
сəнденген сияқтанды. Содан соң, əлдекімнің командасын
орындағандай, кеуделеріне түсіп тұрған білектей бұрымдарын бір 
кісідей болып арқаларына қарай серіпті. Сөйтті де қыздар 
қайтадан маған қарады. Бұл жолы бұрынғыдай самарқау емес, 
менің жүрегімді жандыра, күйдіре қараған сияқтанды. Əрине, бəрі
емес қой, кейбіреулері ғана сөйткен болар. Бəлкім маған
солай сияқтанып көрінген шығар… Прожекторлар сəулесінің
найзасына ілінген самолетке оқтимей қоймайды. Оқ тиген
самолет өртеніп, лаулап, соңынан қара түтін сүйретіп, бет
алдына ауытқып, жер қайдасың деп құлдилап, лаға
жөнеледі… Отыз қыздың көзі менің де жүрегімді өртеп
жібергендей болды. Оқ тиген самолеттей теңселіп, теп-тегіс 
еденде жаңа жыртылған тақтаның үстінен келе жатқандай сүріне 
аяңдап, бос орын іздеп, аудиторияның ең түкпіріндегі бос партаға 
қарай беттедім.
II
Ең артқы партаға келіп, еңкейіп, оның кітап қоятын қуысына 
əскери сумкамды, қоқайма фуражкамды сүңгітіп, енді отыра 
бергенімде дəл қасымнан дүр етіп бір топ көгершін кө-терілген 


іспеттеніп кетті. Олардың лапыл қаққан женіл қанаттарының 
жақыннан шыққан лебін де естіген сияқтандым.
«Мұнда көгершін қайдан келді?» деп ойлап, басымды көтеріп
алдым. Сөйтсем, көгершін дегенім орындарынан өре түрегелген 
қыздар екен. Қыздардын жауырындары қақпақтай, етжеңді, 
бойшаңдары да, иықтары қушиған, бірақ бойлары тартқан
сымдай тіптік, нəзік денелі, талшыбықтай майысқан
талдырмаштары да бар екен. Оларды шолып келіп, менің көзім өз 
алдымдағы көрші партадан көтерілген екі қыздың жып-жылтыр
шаштарына, олардың қос-қос бұрымдарына түсті.
Орындарынан тез тұрғандықтан болар, қыздардың тастай ғып
өріп тастаған əсем бұрымдары тақтайдай жауырындарын
сипағандай боп, жеңіл ғана қозғала тербеліп қалыпты. Қыз 
бұрымдарының осы əлсіз тербелісі аудиторияға оқытушы кіргенін,
ендеше бұл қауымға қазір қосылған жана студент менің де оған 
құрмет көрсетіп, орнымнан тұруым керектігін есіме салды.
Орнымнан ұшып тұрған бойда мойнымды созыңқырап, алға 
қарадым. Келген оқытушы қандай адам екен деп ойладым. Алда, 
қыздардың бастарынан биігіректе біреудің қозы бұйра шашы төрге 
қарай жай жылжып барады екен… Соғыста жүргенде компаспен 
жөн бағдарлайтынбыз. Компас қозғалса, оның тілі жан-жағына
қыпылық қаға шайқалып кететін де, сəл тыныштық болса, 
«міне, менің іздегенім!..» дегендей сұқтанып, солтүстік жаққа 
телміре қалатын. Неге екенін білмеймін, тегіс жерге қойған 
компастың тілі сияқтанып, менің көзім қайтадан алдымда тұрған 
қыздардың бұрымына ауды. «Білектей арқасында өрген бұрым» 
деген Абай өлеңінің жолы ойыма оралды. Жылтыр, қара шашты 
қақ жарып өтіп, маңдайдан желкеге дейін тартылған шаш
жармасының кіршіксіз құйқаны ашып көрсеткен ақ сызығы
жүрегімді қытықтағандай болды. Қос бұрымның арасындағы 
қағаздай аппақжелкелер өне бойымды балқытып бара жатқан 
сияқтанды. Осы кезде сол қанатта түрегеліп тұрған қыздардың бірі 
бұрылып, арт жаққа қарады. Кейін білдім, ол Зайкүл деген қыз
екен. Ол тура маған қараған тəрізді болды. Менің қыздарға 
сұқтанып тұрғанымды сезіп, «апыр-ай, мына жігіт келмей жатып 
елтіп қалған екен» деп ойлайды-ау деп ұялып, төмен қарап кеттім.
Ұялшақтық - ұлтымызға тəн қасиет қой. Əсіресе ауыл балалары 
ұяң келетін əдеті емес пе? Жасымда мен де сондай болдым.
Үлкендердің алдында суырылып сөйлемейтінмін, əйелдердің


бетіне қарамайтынмын. Жақсы көрген қызымның жанына жолай 
алмайтынмын. Соғыстан қайтып оралғанша əйел алдындағы 
өзімнің осы ұялшақтығымның қандай күйде екенін білмейтін
едім.Оны енді сезе бастадым. Жаңа, қыздар толы аудиторияға 
кіріп келгенде бірінші рет ұқтым. Сол бұрынғы, бала күнгі 
қалпымда екенімді білдім. Бірақ бала күнімде менің қыздардың 
сыртынан сұқтана қарауға да батылым бармайтын еді. Төрт жыл 
соғыста болып, жаман, жақсыны көп көргендіктен бе, кім
білсін, енді қыздардың желкесіне қызыға қарауға жарап қалған
сияқтымын. Ішімнен бұл күйіме де шүкіршілік еткендеймін. «Тіпті 
қыздардың бетіне де, сыртына да қарамай- ақ қояйын, - деп 
ойладым көзімді төмен салып тұрып. - Жұртпен бірге жауды жеңіп, 
аман-есен елге келіп, осы қыздардың қасында тұрғанымның өзі 
қаншама бақыт!
Оқытушының: «Отырыңдар!» дегенге ұқсас үні естілді. Шырқап
биікке көтерілген көп көгершін құйыла төмендеп келіп, жаңағы
ұшқан жеріне дүр етіп қайтадан қонды. Көгершін тобына тақау 
келіп, қалбаң етіп қонған жалғыз қарға тəрізденіп, қыздардан 
кейін орныма жалп етіп мен де жайғастым. Содан соң жайлап,
алдағы қыздардың бастарының ара-арасымен оқытушыға көз 
жібердім. Бірінші көрген оқытушым болған соң ба, əлде жүзінде 
есте қалар ерекше белгілері бар ма, білмеймін, көмірдей қара, 
қозыдай бұйра шашы мен бірден бүркіттің тұмсығын көзге 
елестететін үлкен имек мұрыны бар, қоңырқай өңді келген отыз 
үш-отыз төрттер шамасындағы сабырлы кісі өмір бойы
ойымда сақталып қалды. Оқытушының қоңырқайлығынан басқа
бетінде қазаққа ұқсайтын еш белгі жоқ сияқты еді. Сондықтан
мен оны соғыстың соңғы жылында бастығым болған аз ұлттан 
шыққан командиріме ұқсаттым да, бұл кісі қай сабақтан лекция 
оқиды екен деп ойладым. Ол лекцияның орыс тілінде оқыларына 
да күмəнім болған жоқ.
— Ал, балалар, дайынсыңдар ма?
Мен елең етіп, мойынымды ілгері создым. Қазақша сөйлеген осы 
оқытушы ма, əлде басқа біреу ме деп, өз құлағым мен өз көзіме 
өзім сенбегендей сияқтандым.
— Дайынбыз, ағай, - деген оң жақ қанаттан шыққан қыз
дауысы естілді. Алғашқы сөзді оқытушы айтқанына əлі де
иланатын емеспін. Өзгелер сатырлатып дəптерлерін аша


бастағанда мен бақырайып, қаранғыда жау пулеметінің қай
жерден от шашарын андыған түнгі барлаушыға ұқсап, бүркіт
мұрынның астындағы ауызды бағумен болдым.
— Дайын болсаңдар, жол ортасына былай деп жазындар: Сын 
есім. - Бүркіт мұрнының астынан ақ тістер жарқ-жарқ ете қалды.
Оқытушы өзін байсалды ұстап, əр сөзін баппен, байыппен
айтады екен. Соғыста командирлердің шапшаң айтылатын 
бұйрық сөздеріне үйреніп қалған маған бұл ырғақ тосындау 
танылып, оқытушы əдейі маңғазданып отырғандай көрінді.
Менің осылай деп ойлауыма мүмкіндік бергендей, құс мұрын 
оқытушы сəл бегеліп барып, сөзін ары қарай жалғады. - Біздің 
бүгінгі өтетініміз: сын есімнің түрлері - сапалық сын есімдер мен
қатыстык сын есімдер, сын есімнің мор-фологиялық құрамы,
яғни сын есімнің қосымша арқылы жасалуы, сын есімнің
синтаксистік тəсіл арқылы жасалуы жəне форма тудыратын
қосымшалар.
— Түу, ағай, тіпті көп қой, - деді төмен тұқырып алып,
дəптерлеріне сусылдатып жаза бастаған қыздардың бірі.
«Бəлəй, көп деп бекер айтты-ау» деп ойладым мен ішімнен 
жаңағы сөзді айтқан қызға жаным ашып. Өйткені командир сабақ 
беріп тұрғанда солдаттардың бұлай деп, оның əрекетіне баға 
бермек тұрғай, сөзін бəлуге хақысы жоқ. Мұндайда командир 
жаңағы сөзді айтқан адамды орнынан тұрғызып, казарманың 
еденін жууға жазалайды да, сабақтан қуып жібереді. Əскер 
өмірінің тəртібі солай. Төрт жыл бойы сол өмірге қалыптасып
қалғандықтан ба, кім білсін, оқытушы жаңағы студентканы да
аудиториядан қуып шығатын болар деп қауіптендім.
Бірақ ол сөз оқытушының кəперіне мүлде келген жоқ.
— Программа бойынша солай ғой, - деді де, лекциясына кірісті.
Бөтен ұлттың адамы болар деген оқытушының қазақша 
сөйлегеніне, оның үстіне қазақ тілінің өзінен сабақ бере
бастағанына таңданған мен оның тілін қабылдағанмен, қазақ
де-уге түрін қабылдай алмай біраз отырдым да, ақыры оған да 
көндіктім.
Содан соң өз дəптерімді алдыма қарай тартып, мен де жұртпен 
ілесе конспект жазуға талаптандым. Бірақ бір ғажабы,
қаншахалаптансам да жаза алмадым. Дəптердің дəл орта-


сына «Сын есім» деген екі сөзді баттитып қойдым да, төбеден 
ұрғандай боп тұрып қалдым. Біріншіден, төрт жыл бойы қолыма 
қалам орнына салмағы сегіз килограмм снаряд ұстап үйренген
саусақтарым икемге келетін емес. Екіншіден, бəлкім сол
себептен де болар, жаңа ғана өзім жай сөйлейді екен деп
ойлаған оқытушының дауыс екпіні тындауға қырсау сияқты
боп көрінгенмен, менің əрқайсысы əрең бүгілетін, буындары
шөр-шөр, барбиған, жуан саусақтарымның шапшаңдығынан
əлде-қайда жылдам болып шықты. Оның үстіне соғыста
зеңбірек пен винтовка сияқты жауынгер қарулардың тілін ғана
ұғып,-тас төбеңнен төне түсіп, боздай сорғалап келе жатқан 
мина мен бомбалардың қай жерге көп бұрқ ете қаларын үніне 
қарай ажыратуды мүлтіксіз білгенмен, мынадай аудиторияда 
лекция тындаудан мүлде тосырқап, əрі мүкістенген солдат құлағы 
оқытушының «сын есім… сын есім…» дегеннен басқа сөздерін 
жəне ажырата алмады. Маған құсмұрын оқытушының лекцияға
кіріскеннен кейінгі шыныдай шыңылдап қалған ликциясы тағы 
ұнамады. Ол сөйлеген сайын біреу аудитория терезелерінің
əйнегін шылдырата сындырып келе жатқан тəрізді немесе
аязды күні əлдекім ақ қарды шықырлата басып, қасыңнан өтіп 
бара жатқан сияқты болды да тұрды. Маған сөзден гөрі сол бір 
шыңыл көбірек естіле берді.
Қойшы, қаншама тырыссам да ештеңе жаза алмайтыныма
көзім жетті. Қауырсындай ғана жеп-жеңіл қарындашты қағаз 
бетінде жорғалату алпамсадай зеңбіректі ашық позицияға 
дөңгелетіп алып шығудан ауыр тиді. «Жоқ, бүйтіп босқа 
қиналмайын, - деп ойладым ішімнен. - Алдымен оқытушының үнін 
құлағыма сіңісті етейін. Содан соң бірте-бірте лекциясын жазуға 
да жаттығармын. Осы отырғандардың бəрі лекция тыңдап,
конспект жазу шеберлігіне бірден емес, біртіндеп жеткен
болар. Ендеше, төрт жыл окопта жатып, соғыс академиясын 
тауысқан солдаттың бұлармен бірге бейбіт өмір университетін 
тəмамдауға да шамасы келер əлі». Осы ойдан кейін
қарындашымды дəптерімнің ортасына қойдым да, бала күнгі
əдетім бойынша, сол жақ алақаныммен жағымды таянып, 
жақсылап тыңдамақ болдым. Тыңдай бастап, қыздардың кесте 
тоқығандай жыпылдатып, жылдамдата конспект жазып жатқан
əсем қолдарына көзім түсті де, тағы да солар туралы ойлап 
кеткенімді өзім де аңғармай қалдым.


«Қыздар! Сендер қандай ғажайып жансыңдар, шіркін!
Жаудырай қадалған қап-қара көздерің мен жанды еріткен 
көмірдей шаштарың, иықтарыңдағы толқындай тулаған, білектей 
бұрымдарың мен сол қос бұрым арасынан көрінген кіршіксіз
аппақ желкелерің қандай əсем еді сендердің. Өзеннің құба
талындай солқылдаған бойларың неткен көркем, апырау. Қыр 
жігітінің қанын қыздырып, құшақтауға құмартатын қыпша белдерің
мынау бұралған! Сендердің сымбаттарынды суреттеуге
соғыстан қайтқан солдаттың тілі жетер алар ма ешқашан?!»
Осындай ойлар бірінен соң бірі жалғаса береді, жалғаса береді. 
Ой құшағында отырған мен қыздардан өзге дүниенің бəрін де 
ұмытып кеткен сияқтымын.
«Бұл қыздарды көріп отырған мен неткен бақыттымын! - деймін 
тағы да ішімнен. - Соғыс бойы жауды жеңіп, сендерді көрсем деп 
имандай арман тұтып едім ішіме. Сыз окопта суық жаңбыр 
төбеден сорғалап тұрғанда да сендерді ойлағанмын. Ақ қар,
көк мұзда жол жағасында жау танкісін тосып, зеңбіректі құрып
қойып, шұңқырдың төбесіне плащ-палатка тұтып, тісім тісіме
тимей сақылдап, тоңып отырғанда да сендер жүрегімде 
жатқансыңдар, қыздар. Жаяу жорықта жан қиналып, күндіз жау 
самолеттерінін төбеден атқылаған оғы шинелімнің етегін шұрқ-
шұрқ тескілеп, түнде ұйқы қаумалап, кірпіктеріме қайта-қайта
желім жағып, буындарымды босатып, мазамды алып, есім
шығып келе жатқанда да сендер менің ойымнан
кетпегенсіндер, арулар. Сол күндердің, сол айлардың,
жылдардың бəрінде де мен сендерді бір минут та есімнен 
шығарған емеспін. Жалғыз менің ғана емес, майдандағы бар 
жігіттің жүрегінде болдыңдар сендер. Сендерден ауық-ауық хабар 
алу қандай бақыт еді майдандағы жігіттерге. Əр жауынгер қолына
үшкіл хат тиіп, оның сыртындағы өзіне таныс қолдың таңбасын 
көргенде жел қозғаған жапырақтай дірілдеп, тез оқып шыққанша 
тағаты қалмай асығатын. Жаңа ғана жаудың жебір танкін 
жайратып, қираған болаттың беріктігі мен сұстылығын өз
бойына, өз өңіне жиып, шымырқанып тұрған қаһарлы
солдаттың қыз хатын оқып шыққанда жаны жадырап, қара көзі 
күлімдеп, бүйрек бетіне алқызыл бояу шабатын. Ақтістері ақсия 
көрініп, өзгеше бір рақат табатын. Осы бір өңі жұмсарып, жүзі
жылып, жүрегі нəзік лүпілге басқан шағында оның көкірегіне 
өзгеше бір күш құйылатын. Сол сəтте ол бір емес, жаудың бірнеше 


танкін жалғыз өзі жайратуға əзір болатын. Міне, майдандағы
жігіттерді біресе болаттай қатайтып, біресе қорғасындай
ерітетін сендер едіндер, сендердің ғажайып хаттарың еді,
қыздар. Сендердің «жауды жеңіп қайтыңдар!» деп əр хатта
айтатын өмірлерінді орындап, тезірек Берлинге барып, одан соң 
өздеріңе жетсек деп ынтығушы едік бəріміз. Бір қазақ қызының 
жүзін көріп, қасында отырсақ арманымыз болмас еді деп аңсайтын 
едік біз. Енді міне, мен біреуіңнің ғана емес, бір аудитория толы
қыздың қасында отырмын. Қандай бақыттымын мен! «Мен
бақыттымын!» деп Алатаудың төбесіне шығып айғайлағым келеді 
қазір. Отан армиясының сапында зұлым жауды жеңгеніме 
бақыттымын! Сөйтіп, өз еліме оралып келгеніме бақыттымын! 
Каншама ер-азамат туған жерге жете алмай, туған елдің
топырағында өскен қызыл гүлдей қыздардың ақ жүздерін көре
алмай, арманда өтті. Олер алдындағы əр солдаттың аузында ең 
соңғы сөзі əйел аты болды. Біреуі анасын, біреуі жарын, біреуі
ғашығын есіне алып, тілі күрмеліп, мəңгіге көз жұмар алдында
ақтық күш жиып, солардың есімін атады. Олардың өздеріне 
деген махаббатының қарызын солдат сол бір ауыз сөзді ұмытпай 
айтып өтеуге тырысты. Содан кейін Отан сүйгіш, ана сүйгіш, жар 
сүйгіш солдат жаны мəңгіге тыншықты».
Осындай ойлар арынды өзеннің ақжал толқынындай төпеп,
бірін-бірі қуып жөнелді-ай келіп. Мен өзімде қыздарға деген
осынша мол, нəзік сезімдер бар екенін бұрын да білетін едім.
Сол сезімдердің бүгін университетке түсіп, алғашкы лекцияға 
қатыскан сəтте-ақ ағыл-тегіл ағылғанына таңдандым. «Қой, мұным
болмас. Университетке алынбай жатып аңсарым қызға ауғаны 
несі? Мен мұнда қызға қырындаймын деп емес, оқу оқимын деп 
келіп едім ғой. Ендеше қыз туралы ойлаудан тыйылуым керек» 
деп өзіме өзім тоқтау салмақ та болдым. Бірақ айы, күні
жеткен əйелді ауық-ауық қинаған толғақтай əлде бір арылмас
мазасыздық менің бойымды билеп, барған сайын бастағы ой 
ерістеп, ершелене берді.
«Ұлы Отан соғысында біз жауды қаруымыздың - самолеттің, 
танктің, артиллерияның құдіретімен жендік, - деп ойладым мен
онан əрі. - Сол сияқты алаулаған асыл махаб-баттың күшімен
де жеңдік. Біздің жүрегімізде Отанға, анаға, сүйген жарға
деген шексіз махаббат болды. Соңғы күш алдыңғының қуатты
қозғаушысына айналды да, өлім мен өмірдің арпалысындай 


айқаста біз жеңіп шықтык. Меніңше, махаббат - дүниедегі барлық 
күштің көзі, барлық қуаттың бұлақ-бастауы. Онсыз еш жерде жеңіс 
жоқ. Ендеше, қыздар, махаббаттың мөлдір бастауы - сендерді
көргенде қалай тебіренбейін, қалай қуанбайын мен! Кеше өгей
Европадан өз Европама жеткенше асығып ем, өз Европам өз
Азиямдай қуанышпен қарсы алды мені. Жолдағы ағайын 
жұрттың жылы жүз, ыстық ықыласы жүрегімді тербеп, ежелден 
таныс үнді славян сөздері құлағыма тəтті күй боп құйылды. Ал
өз Қазақстаныма жеткендегі күйім қандай болды десеңші!
Ауызбен айтып жеткізе алмаспын мен оны. Жол бойындағы жадау 
разъезд, жапырайған қазақ ауылдары қоңырайып алдымнан 
шыққанда Батыс Европаның салтанатты сарайларынан артық 
көрдім мен оларды. Үй жанында үймелеп күз тіршілігін жасап 
жатқан жүдеу жүзді, жалбыр киімді ауыл адамдары көзіме 
шалынғанда жүрегім елжіреп, еріп қоя берді шайға салған қанттай 
боп». Осы кезде «Көнілді бес жүзінші поезд» деп аталатын 
əскерден қайтқан солдаттар тиелген қызыл вагонды ұзын 
составтын Қазақстанның шеткі, шағын станцияларының біріне 
келіп
тоқтағаны көз алдыма елестеді. Тəкен деген жолдасым
вагонган қарғып түсті де, поезға сүт, айран, жұмыртқа алып 
шыққан əйелдердің қасына барды одыраңдап.
— Апалар, амансындар ма, бəріңізге мың сəлем! - деді ол бас иіп.
- Айран бар ма?
— Бар, шырағым, бар, - десті əйелдер.
Жолдасым бір банка айранды басына бірақ кетерді. Содан соң 
түбінде қалған жұғынын жинап алып, бетіне жақты. Кап-қара 
жігіттің беті алабажақ боп шыға келді.
— Мұның не, шырағым, - деді айран иесі қартаң əйел танданып.
— Мұным - қуанғаным, апа. Сұрапыл соғыстан аман келіп, 
туған жерге табаным тиіп, сіздей апамның қолынан айран
ішкеніме қуанғаным. Туған елдің дəмін татқаныма қуанғаным,
айранның қалғанын бетіме жаққаным - балалық күнім есіме
түсіп, еркелегенім, апа. Сізге еркелегенім, Қазақстанға,
халқыма еркелегенім.
Əшейінде сөзге олақ, кеудесі орден мен медальға толы,
аңқылдақ, батыр жолдасымның сол бір сөзі керемет шешендік 


болып шықты.
— Алда, бақыр-ай, елді сағынған екен ғой, - деп сол жерде
əйелдердің бəрі тегіс жылап жіберді.
— Қай жердікісің?
— Шешең бар ма еді? - деп əркімдер сұрап та жатыр.
— Талдықорған облысыныкімін. Өзіңіздей келген шүйкедей
ғана қара домалақ шешем бар еді. Соған асығып келемін, - 
деді Тəкен кемпірлердің біріне қарап.
— Алда, бақыр-ай.
— Шешеңнің жүрегі жарылып-ақ кетер-ау сені көргенде. -
Осылай деп əйелдер қолдарындағы бар жұмыртқа, бар сүт, 
айранын Төкенге ұсынды.
— Туған жердің дəмін таттым, маған сол да болады, - деді Тəкен
əйелдердің ұсынғанын алмай.
Жұрт оған қарамады.
— Жолдастарыңа бер.
— Соларға дəм татыр.
Төкен бет-аузы айғыз-айғыз болып, əйелдерді вагонға бастап
келді.
— Алындар, жігіттер! Туған ел ырзығы! Алындар!..
-Ішіңдер.
— Дəм татындар, - деп жатыр əйелдер.
Əйелдер əкелген тамақтарын бəрімізге тегін беліп берді. Біреу 
ақша төлемек болып еді, қартаң ана ренжіп калды:
— Төрт жыл соғыста аштан өлмеген біз соғыс біткеннен кейін
өледі деп пе едіндер? Қойыңдар, қарақтарым, ақшаларынды 
қозғамандар. Əлде жат жерде жүріп, елдеріңнің қонақжай салтын 
ұмытып қалып па едіндер?
Бұл сөзге жауапты тағы да Тəкең берді.
— Жоқ, апа, ұмытқанымыз жоқ, - деді ол. - Онда біз мұны 
халықтың майданнан жеңіспен келген жігіттерге шашқан шашуы 
деп қабылдайық.


— Е, жөн.
— Сөйтіндер, - деп əйелдер разы боп қалды. Осы кезде біздің
поезымыз гудок беріп, ілгері қозғалды.
Зымырап келе жатқан поездың есігінен етектегі елге қарап отырған 
менің есіме данышпан Жиренше түсті. Хан қасында көп жүріп,
ел аралап, орда, сарайларда ұзақ-ұзак қонақ болып, үйіне
қайтқан кедей Жиреншенің сирағы жаман лашығына сыймай,
сыртқа шығып жатса керек. Хан ордасындағыдай мамық
төсекте емес, лашық ішіне төселген өлең шөптің үстінде рақаттана 
керіліп жатып, шешен: «Шіркін, менің өз үйім, кең сарайдай бөз 
үйім» деген екен дейді.
Мен жолдасымның бетіне қарадым.
— Тəкең, үйіңе жетуге асығып келесің бе? - дедім.
— Е, үйіне жетуге кім асықпаушы еді, - деді ол.
Мен ауылға баруға асықпайтынымды, Алматыда қалып, оқуға
түсетінімді айттым.
— Сенің оқуыңа болады. Ал менің басыма ешбір оқу
қонбайды, - деп ол өз басын жұдырығымен тоқылдатып қойды. 
- Мен барамын да елдегі бір жақсы қызға құлындай шыңғыртып 
құрық саламын. Маған одан басқа оқудың керегі жоқ.
Мен күлдім.
— Күлме, - деді ол. - Оқуда да жақсы қыздар көп болады. Аузыңды 
ашып, босқа қарап жүрмей, сен де солардың бір тəуірін нысанаңа 
ал.
«Сөйтіп, мен кеше ғана эшелоннан түстім, қыздар. Бүгін міне 
сендердің орталарыңа келдім. Мен сендердің ағаңмын, 
досыңмын, қыздар. Мен сендердің бəріңді де жақсы көремін!..»
Аудитория есігінің сыртынан шылдырлаған қоңырау дауысы 
естілді. Бірінші лекция бітті. Құсмұрын оқытушы жайлап орнынан
тұрып, есікке аяңдады. Əшейінде қоңырау соғылса-ақ ешкідей
секендеп, есікке қарай алдымен жүгіретін қыздар сабақ
үстінде өзара уəделескендей, ешқайсысы селт етпестен
парталарында сіресіп отырып қалды.
III


Оқытушы кеткеннен кейін екеу-екеуден қатар отырған қыздар бір-
бірімен кубірлесе күлісті де, командамен бұрылған бір взвод 
солдаттай болып, тегіс кеуделерін қозғап, жүз-дерін аудиторияның 
ең артында отырған маған қарай бұрды. Түнде далада
машинамен келе жатқаныңызда алдыңыздан жайылып жүрген
қоян кездеседі. Қоянды көре сала оған машинаның фарын 
бағыттай қойса, қашудың орнына ол байғұс: «мені ат!» дегендей 
болып, артқы екі аяғымен тікиіп, құлағы селтиіп тұра калатын. 
Машина жарығына бір ілінгеннен кейін қоян сорлыны бір атсаң
да, бес атсаң да сол орнынан қозғалмайды. Тек оқ тигенде
ғана тұрған жерінде жалп етіп құлай кетеді… Қыздардын бəрі
маған қарай бұрылғанда мен де сол қоянға ұқсап, орнымнан
апалақтап атып тұрдым. Егер сол сəтте қыздардың бəрі мені
көздеп, махаббат мылтығының шүріппесін басып кеп қалған
болса, солардың бір-сыпыра бытырасы дəл осы күнге дейін
өне бойымда жүрген болар деп ойлаймын. Орнымнан атып
тұрғаннан кейін əскери машық бойынша жалма-жан
гимнастеркамның етегін төмен қарай тартқылап, қыртысын
белбеуге сұққан бармақ ар-қылы кейін қарай сырғыта 
бастадым.
Ұзын аудиторияға екі қатар қойылған парталардың есік пен
терезе жақ шетіндегі қыздар сол бұрылған күйлерінде 
қозғалмастан отырып қалды да, ортадағы қыздар орындарынан 
тұрып, маған қарай аяндады. Өзіме қарай келе жатқан
олардың тақтай еденді тық-тық басқан дыбыстарын естігенде
жүрегім атақаға шығар алдындағьщай дүрс-дүрс соғып қоя берді.
- Ал, жолдас, сізді студент болуыңызбен құтгыктаймыз, - деді 
көмірдей қара шашты, жазық мандай, қызыл шырайлы, күлімкөз 
қыз менің қасыма келіп. Маған ол сондай сұлу боп көрінді. Бұл 
жанағы, мен аудитөрияға алғаш кіріп, рұқсат сұрағанда мырс етіп 
күліп: «Рұқсатты кірмей тұрып сұрамаушы ма еді?» деген қыз 
болар деп мелш ерледім. Мен: «Рақмет», - деп басымды идім.
Қыз тағы да мырс етіп күліп жіберді де, құттықтау үшін бе,
əлде амандасу үшін бе, маған сүйріктей саусақтарын созды. 
Алдымен қолды өзім бермегеніме екі бетім ду ете қалып, мен де 
алақанымды ұсындым. Қыздардың қол ұсынып, амандасқанда
алақанын су құятындай шұнқырайта қойып, саусақтарының
ұшы жігіттің қолына тиер-тиместен тартып əкететін əдеті емес
пе. Мен өзіме төрт жыл соғыстан кейін алғаш ұсынылған қыз 


қолының алақанын алақаныма төсеп қойып, солдатша құшырлана 
бір қысармын деп ойлаған едім. Тот басқан темір іспеттес күсті 
алақаныма қыздың қолы емес, ұстай бер-генде ұша жөнелген 
торғай қанатының ұшы тигендей болды. Мен бұған мүлде 
абыржып қалдым. Өйткені солдаттар бірінің қолын бірі қатты
қысып амандасады. Олар үшін қол беріп амандасу
лəззатының өзі сонда. Бəлкім қыз қолын жаңа маған бермеген 
шығар, бəлкім ол қайта ұсынатын болар, сонда дұрыстап 
қысармын деп үміттендім. Бірақ қыз енді қолын қайта беретін
белгі танытпады. Менім. білегім жау танкісіне қарай көзделген
зеңбірек стволындай серейіп, созылды да қалды. Қайта əкетуді 
қолайсыз көрдім. Менің осы күйімді аңғарған екінші қыз шапшаң 
ілгерірек шықты да:
- Ағай, сəлеметсіз бе, құттықтаймын, - деп қолын берді. Мен бұл 
қызға сонша разы болдым. Еиік қабақ, бота көз осынау ақ сары 
қыз маған барлық қыздардың сұлуы сияқты боп көрінді. Бағанадан 
қысылып, не істерімді білмей сасқалактап тұрғанмен қыздың 
қолын қатты қыспай, демеп ұстап, тез босатып жібердім. Мен оның
өзімді қолайсыз күйден құтқарғанына қуандым. Бар абыройды
жапқан бетімнің бояу жұқпас қоңырлығы болды. Іштей қанша 
қысылып, қиналсам да өмірі өңімнен белгі білінген емес. Өзімнің 
дүрдік ерін, жалпақ бет, шойын қаралығымнан өмір бойы осыдан 
өзге тапқан пайдам да жоқ.
Тағы да еден тықылдады. Тізеден келетін юбкадан шыққан түп-
түзу екі сирак киіктің лағындай қаздандап, қасыма жəне тақай 
берді. Үстіне киген ак кофтасы ақ мамықтай үлпілдеген, қаз кеуде, 
қызыл ерін, аққұба қыз жымиғаны жанынды майдай ерітіп, иіліп 
келіп, ол қолын берді. Одан соң қос бұрымы жер сызған, биік өкше
етігінің аттағанынан аялдағаны көп, балдай шұбатылып, жібектей 
ширатылған сұрша қыз екі аттам жерге буыны құрығандай былқ-
сылқ етіп əрең жетіп, қарлығаш қанат қасын кере, қаймыжықтай 
жұқа еріндерін жай ғана жыбырлатып, кер маралдай керіліп, ол 
қолын созды. Оның артынан жасында балалар үйінде тəрбие
алып өскендерін таныта шаштарын иықтарына түсіре қидырып, 
сол əдемі қолаң шаштарын жауырындарын жаба жайып
жіберулерінің өзі жігіттің жүрегін бірден бүлк еткізетін қыр
мұрын, қыпша бел, бірі нəзік, бірі толықша екі əдемі қыз ақ 
тістерін жарқырата көрсетіп, бірінен соң бірі амандасты.
Қойшы, не керек, сөйтіп мен қыздардың жұп-жұмсақ, ып-ыстық 


қолдарын ауыртып алмайын деп еппен ұстап, бірінің соңынан 
бірін қыса бердім, қыса бердім. Олардың қолдарын алып жатып, 
ақырын ұрланып жүздеріне, көздеріне қараймын. Уыздай
уылжыған, алмадай албыраған, бүйректей бұлтиған, мамықтай
үлпілдеген, үлбіреген беттерді, қарақаттай мөлдіреген қап-қара
көздерді, жүрекке жебедей атылған «Катюша-ның» оғына ұқсас
ұзын кірпіктерді, жаңа туған жіңішке айдай немесе егіншінің
қол орағындай иілген сүйкімді қастарды бірінен соң бірін көріп, 
елтіп, елжіреп, панорамалы кинода отырғандай басым айналып, 
жығылып кете жаздап тұрмын. Сол қолыммен партадан қапсыра, 
мықтап ұстап алмаған болсам, сол сəтте гүрс етіп құлап кетуім де 
ықтимал еді. Осы мүшкіл күйімде тыныш тұрмай, Жағалбайлы 
елінен Жайыққа қыз іздеп барған Төлегенді есіме алдым. Ол да 
осы мен сияқты бір қыздан соң екінші қызды көріп, есі кеткен еді. 
«Тау басында қарағай, Төлегеннің мінезі болып кетті баладай. 
Осындай болып əр жерден, он бір қыз өтті сəулетпен, бəрі де 
қалды жарамай» деп келетін бала күнде қызыға жаттаған қисса 
жолдары ойыма оралды. Қырық шақты қыздың қасынан өткен
Төлегеннің ол күні қандай күйде болғанын білмеймін. Ал өзімнің өн 
бестей қыздың қолын ұстағанға бір шара қымыз ішкендей мас
болғаным аян. Əр қыздың алақаны қолыма келген сайын
электр еріткіші тиген қалайыдай балқып, елжіреп бара жаттым. 
Барған сайын қызуым артып, күйіп кететін сияқтымын. Егер отыз
қыздың қолын түгел ұстаған болсам, онда мүлде еріп кеткен болар 
ма едім, кім білсін. Өзімнің осы күнге дейін аман жүргенім,
бəлкім, сол күні аудиториядағы қыздардың бəрінің қолын тегіс
ұстамағанымнан да шығар деп ойлаймын кейде.
Менің бақытыма қарай алғашқы амандасқан қыз қайтадан тіл
қатты.
— Жə, өзгелерің отыра беріндер, - деді ол басқа қыздарға
қолын сермеп. - Қалғандарың кейін амандасасыңдар. Қазір 
басқа шаруа бар.
Басқалар күле түсіп, орындарында отырып қалды. Бірсыпыра қыз
мені қоршай түрегеп тұрды.
— Ал, жолдас, сөйлеңіз, - деді əлгі қыз дауысын əндете созып, мен 
бір оған баяндама жасап беремін деп уəде қылғандай-ақ.
— Не сөйле дейсіз? - дедім сəл ыржия түсіп. Бұл арада мен 
ыржалаңдайтын да ештеңе жоқ еді. Тегі коп қыздың мысы басып,


қысылғанымнан сойткен болуым керек. Бұрын бір қыздың
бетіне бедірейе қарай алмайтын басым, енді бірнеше қыз
өзімді ентелей қоршап алғаннан кейін, сойған қасқырдай боп,
ыржиғанымды қайтейін.
— Қайдан келдіңіз? - деді қызыл шырайлы қыз көзін ойнақшытып.
— Германиядан.
— Соғыстан қайтқандардың бəрі Германиядан келеді, иə, қыздар? 
- деп қызыл шырайлы қыз достарына қарай бұрылды. Олар 
қыздын мені əзілмен қағытып тұрғанын сезіп, ақырын ғана 
жымиысып қойды. Оны мен де сездім, сондықтан да жаңағы 
жауабымды қайта толықтырып:
— Берлин түбінен қайттым, - дедім.
— Түбі деген қай жер? - деді қыз мүлəйімсіп.
Қыздар мырс етісіп қалды. щ
— Шпрее деген өзеннің жағасынан, - дедім мен де сəл қысыла
түсіп. - Берлинге тақау жер.
— Ə, - деді қыз менің жауабымды түсінген болып.
— Берлинде болдыңыз ба?
— Болдым.
— Рейхстагты көрдіңіз бе?
— Көрдім.
Берлинде болып, Рейхстагты көргенім тергеуші қызға əсер етті-ау 
деймін. Берлиннен келген жігітті бүйтіп əурелемейік деді ме, кім
білсін, ол сұрағын саябырлатып, сəл бөгеліп қалды. Ол
үндемеген соң басқа қыздар да менен беттерін бұрып, төмен 
қарасты. Қолға түскен тұтқындай болып, олардың ортасында 
төмен қарап мен тұрдым.
Қыз қайта сұрақ қойды.
— Соғыста командир деген болады дейді, рас па?
— Рас, - дедім мен басымды көтеріп.
— Ə-ə-ə, - деді қыз даусын соза аңқаусып. - Сіз командир
болдыңыз ба?


— Жоқ, - деп қалдым да артынан: - Иə, болдым, - деп басымды
изедім.
Қыз сықылықтап күліп жіберді. Оған өзге қыздар күлкісінің күміс
сыңғыры қосылды.
— Жоғыңыз қалай, иə, болдымыңыз қалай? - деді қыз күлкісін
сəл басып, қара көздерін одан сайын ойнақтата түсіп. Мен 
жайымды айттым.
— Кіші командир болған едім, - дедім.
«Кіші» деген сөзді бекер айтқанымды кеш біліп қалдым. Бірақ 
«айтқан сөз - атқан оқ» деген. Өкінгенмен оқты кері қайтара 
алмайсың. Не де болса ақырын күттім. Ақыры былай болып 
шықты.
Жазық маңдайы жарқырап, қыз тұрған жерінен сəл кейін шегінді 
де, менің бұзау бас керзі етікті аяғыма бір, əлі шаш есе қоймаған 
тықырлау басыма бір қарап, шомбалдау боп біткен тəпелтек 
бойымды лезде шолып етті.
Содан соң ол менің бойыма басымнан аяғыма қарай қайтадан көз 
жүгіртті. Өң бермеген құдай маған құнттап бой да бермеген ғой. 
Қыз байғұс бейнеттеніп қанша қарағанымен, бəйтерек емес, бір 
жарым метрден аз-ақ асатын тапал бойға қанша бөгеледі. 
Жуантық келген жұмыр мойнын бір жағына қарай бұрды да:
Көрініп тұр, - деді ақырын, бірақ барлық қыздарға естірте айтты.
Əскерде кіші командир, үлкен командир болатынын оның
білетін, білмейтіні маған беймəлім. Алайда ол менің кіші
командир болдым дегенімді бойымның кішілігіне апарып
сайды. Əдейі сөйтті ме, жоқ білмегендіктен солай ойлады ма, 
оны да аңғара алмадым. Əйтеуір қыздар оның «көрініп тұр» 
дегеніне ду күліп жіберді. Басымды қайта-қайта сипалап, өзім де 
күлдім.
— Қыздар, күлмеңдер, - деді ол түсін суытқан болып. - Күлкен,
анау журналды алып келші.
Гүлдей майысқан бір қыз оқытушы столының үстінде жатқан 
журналды алып келді. Мені тергеуші қыз оны қолына ұстап тұрды 
да:
— Мұнда, курста староста болады, білесіз бе? - деді.


Ішімнен: «мені тым тақымдап тұрғаның староста екенсің ғой»
деп ойладым да, басымды изедім. Қыз сөзін қайта жалғады.
— Староста студенттердің бəрін тізімге алады.
Мен тағы басымды изедім.
Қыз енді маған маңғаздана қарады.
— Мен староста емеспін. Бірақ бүгін староста жоқ. Сондықтан сізді 
тізімге алу құрметі маған тиіп отыр. - Осылай деп ол журналды 
ашты. - Фамилияңыз кім?
— Есенов.
— Атыңыз?
— Ербол.
Қыз саусақтары майысып отырып, журналдың ең соңына 
«Есенов Е.» деп жазды да, қайтадан бетіме қарады.
— Ербол?.. Сіз соғыста ер болдыңыз ба?
Бұл сұраққа не айтарымды білмей жəне бөгеліп қалдым.
— Жоқ, жұрт қатарлы, - дедім ақырын.
— Бəсе, кеудеңіз сылдырламайды, - деді қыз.
Мұны да оның қай мағынада айтқанын аңғармадым. Кеудеңде 
орден, медальдарың жоқ дегені болар деп түйдім. Ал менің
орден, медальдарым жеткілікті болатын. Тек оларды
студенттер арасында мақтанған сияқты боп көрінбейін деп
таңертең университетке келерде кеудемнен бір-бірлеп ағытып,
түскен үйімде қалған зат қапшығымнын ішіне салып кеткенмін. 
Бірақ кызға дəнеңе демедім.
Қыз журнал бетіне үңіліп, тағы да сұрақ қоя бастады. Осы кезде 
сыртқа шығып кеткен бірен-саран қыздар да аудиторияға қайта 
кіріп жатты.
— Қай жылы туғансыз?
— 1922 жылы, - дедім күбірлеп.
— Қаттырақ айтыныз, - деді қыз менің жауабымды ести тұрса да. - 
Семья жағдайыңыз қандай - əйеліңіз бар ма?
— Жоқ.


— Сүйген қызыңыз бар ма?
Мен басымды шайқадым.
— Қыздар естіп отырсындар ма? - деді ол жан-жағына қарап.
Ешкім үндемеді.
— Түу, қойсаңшы, Қанипа, - деді осы кезде отырған қыздардың 
біреуі орнынан тұрып, бізге қарай аяңдап. - Ағайды, соншама 
əурелегенің не, тергеушідей жауап алып.
IV
Ортадан сəл ғана төмендеу бойы бар, самай тұсы шираты-а 
бұйраланып тұратын қою қара шашын ұзын қос бұрым етіп өріп, 
оны ақ мандайынан жоғарылата басына бірнеше рет орап, екі 
ұшын тас қылып төбесіне түйіп тастаған, ақ беті таза қолмен 
аршыған жұмыртқадай кіршіксіз, жасы он сегізге келген 
талдырмаш қыз мені қоршап тұрған өзге қыздардың арасын қақ 
жарып етіп, қасыма жақындай берді. Қыздың ғажап сипатын
көргенде мен ұялуды ұмытып, оған бақырайып, қадалдым да 
қалдым. Орасан үлкен де емес, онша кіші де емес дөңгелек қара 
көздер «тергеуші» қыздың көзіндей ойнақыланбай, көлгірсіп 
күлімдемей, өзгеше бір пəк, таза тұнықтықпен жаудырай
қарайды. Жылы шуақты осы қос көздің арасынан төмен қарай
ақ қағазға ақ бояумен тартқан тік сызықтай болып, қыр мұрыны 
көрінеді. Осы əсем мұрын астындағы таңертеңгі гүлдей бүрсіңкі 
оймақтай ауыздың «мені кім сүйеді?» дегендей ынтыға үлбірей 
қалған, боялмаған қызыл еріндері қыз жүрісінің ырғағымен əлде 
өзі дір еткендей ме, əлде тыныш тұрған мені дір еткізгендей ме, 
бір белгісіз жайды аңғартты. Лезде сол дірілдің суға лақтырған
тастай болып, алысқа, жүрегімнің түбіне қарай шым батып 
бара жатқаны өзіме ап-айқын боп біліне бастады. Жаныма тақап 
қалған қыздың аппақ бұғағы мен жұп-жұмыр мойнын көзім 
шалғанда тамағымның ішінен бір жұмсақ нəрсе қытықтай 
жөнелгендей жəне бір сезім пайда болды. Əсіресе, оның оң
бетіндегі мойылдай Мөлдіреген мең менің көзімді де, өзімді
де магниттей тартып, əкетіп бара жатты. Ақ қыз алдыма келіп 
тоқтап, қылымсымай, қымсынбай, бейнебір өзінің туған ағасымен 
сөйлесіп тұрғандай үн қатты.
- Ағай, бұл Қанипа деген қалжыңбас қыз, - деді ол мені 


сұрақтарымен сонша қинаған қызыл шырайлы, қасқа тіс қызды 
иығынан бір сипап қойып. - Бəрімізді күлдіріп, көңілімізді көтеріп 
отыратын осы. Сіз оған ренжіп қалмаңыз.
Неге екенін білмеймін, бұл қыздың дауысын құбылтпай, 
бірқалыпты табиғи биязылықпен өтіне айтқан сөзі маған 
бұйрықтан бетер əсер етті. Жау танкімен жекпе-жек айқасуға 
жауапты бұйрық берген командир сөзін тыңдағандай, екі
қолымды жамбасыма жапсыра ұстап, тіп-тік бола қалдым да, 
«құп болады» дегендей ишара жасап, алдымен басымды изеп, 
одан соң еңкейе иілдім. Бұл арадағы екі қимылдың бірі ар-тық: бас
изеген соң иілудің қажеті жок еді. Бірақ мен сол сəтте не қажет, не 
қажет емес екенін біліппін бе, сірө. Содан соң қайтадан кеудемді
керіп, бақырайып, бағжиып қызға қарап, оқтау жұтқандай тік-тік
боп серейдім де қалдым. Мұным: «Мен сіздің құлыңызбын,
айтқаныңызды бұлжытпай орындаймын, тағы не бұйырасыз?»
дегенім сияқтанды. Менің бұл тұрысым сылаңдаған əсем аққудың 
қасында өз-өзінен күжірейіп, одырайып тұрған күркетауықтын 
қоразын көз алдарына елестетті ме, кім білсін, кейбір қыздар мырс 
етіп күліп жіберді. Осы кезде бағанағы бүріскен гүл ашылайын 
дегендей əлпеттанытып келе жатты да, тез тоқгап, сол күйінде
қозғалыссыз қалды. Өзге қыздар күлгенмен ақ қыз əсем ернін
қытықтай бастаған күлкіні кері қайырып жіберді. Мұнысымен
ол барша ұстамды қыздың бетінен еш нəрсені білдіртпейтін,
жақсы иə жек көргенін ешқашан аңғартпайтын ең үлкен өнерін
танытқан еді. Бірақ ағасының, өзімді айтамын, ол кезде оны
аңғарарлық жайы мүлде жоқ болатын.
Сонымен, ұзын сөздің қысқасы, жігітке жұтаң соғыс кезіндегі 
ауылда өсіп, сұрапыл шақта бозбаламен қатар тұруға 
үйренбегендіктен жəне олардын қыз алдында өздерін қалай 
ұстайтындықтарын көрмегендіктен бе, əлде өзінің де мен сияқты 
қобалақ, қолапайлау ағасы болып, сол есіне түскендіктен бе, 
білмеймін, қыз менің ат байлайтын ақырдай болып, серейіп
қалған қолайсыз күйімді күлкі етпеуге, елемеуге тырысты.
Оның орнына бағанадан бері қыздар көзіне күлкінің нысанасы боп 
тұрған мені бұл жағдайдан тез шығарып əкетуге əрекеттенген 
сияқтанды. Жаныма одан сайын жанаса кеп тұрды да:
- Қане, ағай, жаңа лекцияны жаза алдыңыз ба? - деп алдымда беті
жабулы жатқан дəптерге қолын созды.


Бұл бір неміс қағазынан жасалған қалың кінағаның жартысы 
болатын. Германиядан қайтарда дүниеқоңыз кейбіреулер 
дүкеннен дүкен қоймай аралап жүріп, нəрсе алып, үйлеріне 
сəлемдеме - посылкалар жөнелтір жатты. Ал мен халқымыздың 
«Бүлінгеннен бүлдіргі алма» деген қағидасын берік ұстандым да, 
еш нəрсеге қол созбадым. Маған Отанымның жауын жеңгендігі 
мен өзімнің аман қалғандығымнан қымбат олжа жоқ еді. Осы
оймен Германиядан кеткелі жатқанымда көп айлар қоластымда
болған, кейін зеңбірек көздеушісіне жоғарылатылған жауынгер
жолдасым - коми жігіті осы қалың кінағаны қаладағы
баспаханаға барып, қақ бөлдіріп əкеп, менің зат қапшығыма 
салды. «Сержант, мұны жау жерінен алған олжам деп емес, менің 
сізге тартқан сыйлығым деп алыңыз. Еліңізге барып, оқуға
түссеңіз, бұл қағаз сізге керек болады» деп етініп болмады.
Ал, менің оқуға түсетініме еш күмəнім жоқ еді. Мен бір қызық
айтайын сіздерге: өзім соғыста ешқашан да əлемін деп ойлаған 
емеспін. Соғыстан кейін алдыма қайтсем де журналист болуым 
керек деген мақсат қойып едім, ол да орындалды. Тегі адам не 
нəрсеге сеніп, беріле істесе, оның сол ойы орындалып шығатын 
болар деп ойлаймын. Жоқ, мұның біздің əңгімеге қатысы жоқ. Жай, 
еске түсіп кеткен соң айтып жатқаным да. Сонымен, қыз менің 
алдымдағы дəптерді өзіне қарай сырғытып, бірінші бетін ашып 
қарады. Одан жол ортасына бадырайта жазылған «Сын есім»
деген сөзден еңге ештеме таппады да, бас жағын жазып үлгіре 
алмай, аяқ жағын келесі бетке жазған шығар деп ойлаған болуы 
керек, ол қағаздан да аппақ сүйрік саусақтарымен дəптердің 
екінші бетін аударды.
-Бəле, ағай, ештеңе жазбапсыз ғой, - деді ол келесі беттін де
таза тұрғанын көріп. Дес берісі қыз маған «Ештеңе жаза 
алмапсыз ғой» демей, »жазбапсыз ғой» деді. Тегі сол сөзінің өзі 
менің көңіліме көп қалды деп ойлаған болуы керек, дереу оны 
жəне жұмсартуға тырысты. - Ой, ағай, мұндай бола береді. Шүу 
дегенде осы отырған бəріміз де лекция жаза алмағанбыз. Адам 
бірте-бірте төселеді. Алдымен əр оқытушының үніне құлақты 
үйрету керек.
Осы кезде дəлізде соғылған қоңырау үні естілді. Мені қоршап
тұрған өзге қыздар өз орындарына қарай ойысты. Тек ақ қыз 
əлденені ойлағандай ернін жымыра түсіп, бөгеліп қалды да:
— Ағай, алға жүріп, менің қасыма отырыңызшы. Мен сіздің


конспект жазуыңызға көмектесейін, - деді.
Мен не істерімді, бұл ұсыныска не дерімді білмей, сəл
бөгеліп қалдым. Мұным - қыздың бұл сөзді шын ықыласымен
айтып, өзіме қиыла қарағаны су қоспаған, таза спиртті жұтқан
адамның алдымен тұншыға жаздап барып, дем алғаннан кейін
көмейінен томен қарай əлдене ішін өртеп, ақырын жылжып
бара жатқанын сезіп, біраз үнсіз отыратыны сияқты бір сəт еді. 
Бұған дейін бұл қызға бас изеп, сақаудай ыммен жауап бергеннен
басқа үн қатып ештеңе дей алмағанмын. Дей алмағаным, оны
көргеннен-ақ тіл мен жағымнан айырылдым. Қыздың ақ 
дидарынан шыққан əлдебір асыл күш менің сөйлеуге тілімді 
келтірмей, көмекейімді тас қып буып тастаған тəрізденді. Міне, 
сондықтан бұл жолы да мен қызға ризалығымды ыммен білдіріп,
басымды изедім. Осы кездегі оның ризалық, биязылық,
сыпайылық, сүйкімділігін көргенде менің жүрегім бұрынғыдан
бетер дүбірлеп, дүрсілдеп кетті. Бағанадан бері жүрегімнің
лүпілі тыныш тұрған самолет моторының от алдырғандағы 
алғашқы гүріліне ұқсаса, оның ендігі соғысы сол мотордың стартқа
келген самолетті көкке көтерер алдындағы бар қуатымен
қалшылдай дірілдеп, самолетті ішіндегі жолаушыларымен қоса 
теңселте қозғап, тітіретіп жіберер сəтіне пара-пар болды. Қойшы, 
не керек, лезде-ақ мен мұрнын тескен тайлақтай елпеңдеп, 
қыздың соңына ілесіп, аудиторияның алдыңғы жағына қарай 
аяңдадым. Жоқ, сол сəтте ол қыз менің тек мұр-нымды ғана емес, 
жүрегімнің өзін қоса тесіп, бұйдалап алыпты ғой. Кім білген, қыз 
шіркіндердің бар істі осылай, үндемей тындыратынын.
Ақ қыздың орны есік жақтағы екінші партаның оң қанатында 
екен. Мен жақындай бергенде сол жағында отырған қызға 
былай деп жатты:
— Қанипа, сен артқа барып отыршы. Мен ағайды қасыма алып,
конспект жазуына көмектесейін.
— Іһ-һі! - деді Қанипа біреу оны ынқ еткізіп бүйірден қойып 
қалғандай, даусына мəн бере жəне қаттырақ шығарып.
Жақынырақ отырған қыздар оның «іһ-һісіне!» елең етіп, мəн
бере қалды. Тек ақ қыз ғана оны елемеген сияқтанды.
— Немесе мен орнымды берейін, ағайға сен көмектес. Жаңа 
келген, əлі үйренбеген кісіге алыста отырып лекция тыңдау қиын 
ғой, - деді ол өзінің сабырлы қалпымен.


Жолдасына тағы бірдене демек боп оқтала берген қызыл
шырайлы қыз сəл бір йіп мен қасына келіп қалғаннан кейін 
жалт етіп бетіме қарады да, ақырын ғана жымиып:
— Қазір, қазір, - деп қағазын жинай бастады. - Əй, Меңтай-ай, 
жаңа ғана бұл жігіттен жауап алып, беделім күшейіп қалып еді. 
Абыройымды айрандай төктің-ау. Тым болмаса ертең ауысып 
отыратын едік қой.
Маған қамқоршы қыздың аты Меңтай екенін мен енді ғана білдім. 
Аудиторияда алғаш естіген аттарымды ұмытып қалмау үшін 
«Қанипа, Меңтай!.. Қанипа, Меңтай!..» деп өлең жаттағандай,
күбірлец», ішімнен бірнеше рет қайталай бердім.
— Ағай жауды тезірек жеңіп, оқуға келсем, біз сияқты
қарындастарының қасында отырсам деп талай арман еткен 
шығар. Сөйтіп келген кісіні ең түкпірге шошайтып жалғыз 
отырғызып қойғанымыз ұят емес пе?
Ментайдың бұл сөзі жаныма жағып кетті-ау деймін, мен:
— Иə, иə, төрт жыл арман еттік кой, - деп ыржалактап, басымды 
изей бердім. Меңтай сөзінен жеңілген Қанипа басқа еді дау айта 
алмады. Тіпті ерніне келген өткір əзіл сөздерінен де айырылып 
қалды-ау деймін. Сасқалақтай орнынан тұрып:
— Ғапу етіңіз, отырыңыз, - деп маған тағы бір жымия қарап,
жалт өткізе көз тастады да, қағаздарын құшақтап артқы партаға 
қарай кетті.
— Қанипа, қайда барасың? - деді қыздар əзілдеп.
— Эвакуация, тылға көшіп барамын, - деді ол да күле жа-уап
беріп.
Мен оның орнына отыра беріп, Меңтай ойының зеректігіне таң 
қалдым. Меңтайдың жаңағы айтқан: «Ағай жауды тезірек жеңіп, 
оқуға келсем, біз сияқты қарындастарының қасында отырсам деп 
талай арман еткен шығар» дегені, оның алдында айтқан - алыста 
отырып лекция тындау ауыр екендігі, алдымен оқытушының үніне 
құлақты үйрету қажеттігі туралы пікірлері - бəрі-бəрі менің ойым. 
Сонда осы қыз алдыңғы лекцияда ештеңе жазбай, өлдебір
əдіспен тек қана менің ойымды тындап отырғаннан сау ма
екен өзі деп, оған қымсына қарап қойдым. Қыз жай ғана
жымиып, парта қуысындағы дəптерін, сиясауытын, қаламын


бір- бірлеп шығарып, жайлап алдына қоя бастады. Оның парта 
үстіне қойған дəптерінің мұқабасындағы жазуға көзім түсті. Онда 
былай деп жазылған екен: «Қазақ тілі Қазақ Мемлекеттік 
универсигеті тарих-филология факультетінің II курс студенті
Ербосынова М.»
Мен Меңтайдың фамилиясынын Ербосынова екенін осы арада
білдім. Ол дəптерінің беттерін парактап ашқанда өткен 
лекциядан маржандай тізілген айқын əріптермен шақпақ жолды үш 
бетке толтыра конспект жазып алғанын көрдім. «Бəсе, ішіндегіні 
біреу қайдан білсін, - деп ойладым тағы да. - Өзінің зеректігімен 
мен ойлаған ойдың үстінен түсіп жатқан шығар. Дегенмен, бұл 
қыздың аузынан шыққан қарапайым сөздердің өзі мені сары
алтынның буындай балқытып бара жатқаны тегі оның əң
сұлулығынан ғана емес, осы ой зеректігінен де болар».
Қазақ тілінің оқытушысы біраз кешігіңкіреп келіп, сабағын
жалғастырды. Жақыннан қарағанда ол құсмұрындығының үстіне 
мүлде шүңірек көз кісі екен. Менің алыста оты-рып, оны бүркітке 
ұқсатқаным тіпті дұрыс болыпты.
Сабағын бастай бере ол екінші партада жапалақтай жарбиып
отырған маған көз тоқтатты.
— Сіз қайдан келдіңіз, аты-жөніңіз кім? - деді оқытушы маған.
Партаны салдыр-күлдір еткізіп, мен орнымнан атып тұрдым.
Керзі етіктің екі басы, бірімен-бірі сүзіскен бұзаудай болып, 
сарт ете қалды. Оң қолымды шошаң өткізіп жоғары көтере бердім 
де, жалаң бас тұрғаным есіме түсіп, жалма-жан жамбасыма
жапсыра қойдым. Бағанадан бері оқытушының аты-жөнін де
сұрамаппын,. не де болса деп, бұрынғыша тарта бердім.
— Жолдас оқытушы, алдыңызда тұрған - аға сержант Есенов
Ербол. Демобилизациямен əскерден қайтып, университетке 
оқуға келдім.
Қыздардың бəрі қыран күлкі болды. Оқытушы да күліп жатыр.
Тек Меңтай ғана дыбыс шығармай, езу тартты. Онысын да тез 
тыя қойып, маған қарай жақындаңқырап:
— Ағай, сержант емес, студент деп айтыңыз, - деді.
Жұрт осыған күлген екен ғой дедім де, шапшаң қатемді


түзетпек болып, қыздардың күлкісі тоқтала бергенде:
— То есть студент Есенов Ерболмын, - дедім ыржиып.
Қыздар бұрынғыдан бетер сақылдап күлсін. Күлсе күле берсін.
Қыздардың күлкісі маған майдай жағады. Өйткені ол
немістердің алты стволды минометінің абалап келіп, айналаға
ажал шаша, алды-артымда жарылып жатқан миналары емес. 
Мен қазір тірі дүниенің тозағынан шығып, пейішке келіп
тұрғандаймын. Сондықган осынау хор қыздарына қосылып, өзім 
де еріксіз күлемін.
Бір кезде күлкі басылды. Оқытушы оң жағына бұрылың-қырап, 
қалтасынан орамалын алып, көзін сүртті. Тегі мен орнына отырды 
ма деп ойлады ма, əлде маған қарасам, күліп
қоярмын деді ме, білмеймін, оқытушы сол қырын қараған күйі
сабағын бастады.
Ал мен отырғаным жоқ. Отырмағаным, əскерде ондай тəртіп жоқ. 
Шені кіші адамдар аға командир рұқсат еткенде ғана орнына 
отырады. Бұл жерде оқытушы аға командир есебінде. Ендеше мен 
ол «отыр» демей, орныма жайғасуға тиісті емеспін. Өстіп, өзімнің 
тəртіптілігімді танытпақ боп қалшиып тұрмын. Меңтай маған
сыбырлап: «Отырыңыз», - дейді. Тəртіпті солдат қалай отырды? 
Ал мен оқытушының əскерде болмағанын, əскер тəртібінің иісі 
мұрнына да бармайтынын қайдан білейін. Мен одан сайын екі 
жамбасымды қаттырақ қысып, сіресе түсемін.
Қыздар күлкіге булығып, тағы сықылықтай бастады. Тіпті
болмаған соң Меңтай мені гимнастеркамның етегінен тартып,
өзіне қаратты да: «Отырыңыз», - деп жалынғандай болды. Мен
қыздың көңілін қимай, отырайын деп ойладым да, оқытушыға 
қайта қарадым. Ол алдындағы конспектісіне үңіліп, сын есім 
туралы лекциясын төпелеп жатыр, мен жаққа ақы берсең
бұрылатын емес. Бірінші рет əскер тəртібін бұзып,
амалсыздан отыруыма тура келді. Рұқсатсыз отырғаныма,
бейне бір намазым қаза болған молдадай ішімнен бұрқылдап, 
құсмұрын оқытушыны кіналадым. Дегенмен ол мен жаққа бұрыла 
қалса, тез орнымнан атып тұруға жəне əзір болдым. Осы кезде ол 
көзін менен асырып, арт жаққа қарады. Оқытушы маған назар
аударған екен деп, елбең етіп, ұшып тұра жаздадым. Менің 
мұныма Меңтай амалсыз жымиып, ақырын ғана бас шайқады.


Əскерде сүйекке сіңіп кеткен тəртіпке байланысты осы
қылығымнан мен кейін қатты ұялып жүрдім. Оған мынандай 
тағы бір себеп те болды. Сол күннен кейін іле-шала Тəкен-нен хат 
алғамын. Ол былай деп жазған екен.
«Ербол, аманбысың? Оқуға түскеніңе қуанып жатырмын. Сенің 
түсетінінді білгенмін. Мен де аманмын. Өзім келген күннің
ертеңінде-ақ бір асауға бұғалықты тастап кеп жі-бергенмін. Бірақ 
əлі құлағына қолым тиген жоқ. Ноқтаны ыңғайлап ұстап,
жалын сипалап, жақындап келемін. Əлдеқашан-ақтұқыртып
алатын едім, өзімнен болды. Өйткені, келген күні мен оның 
шешесін өлтіріп ала жаздаппын.
Əңгіме былай. Ауылдың үлкен-кішісі біздің үйге, маған
сəлемдесуге келіп жатты. Мен де оларға əскери тəртіппен ізет
көрсеттім. Келгендер не қолымды алмақ болып, не бетімнен сүюге 
ыңғайланып, төрде отырған маған қарай ұмтылады. Мен 
орнымнан атып тұрамын да, он қолымды сарт еткізіп шекеме 
көтеріп:
- Здравия желаю, старший сержант Майшанов, - дегі қатты
айқайлап, қаққан қазықтай боп, бажырая қаламын. Міне,
осыған соғыс көрмеген сужүрек екі-үш жаман кемпір
шалқаларынан түсе жаздап, талып қалған болатын. Жұрт
олардың бетіне су бүркіп жатқанда мен: «Əкетіңдер, əкетіндер,
санротаға апарыңдар» деймін ғой баяғы. Өйткені маған 
сəлемдесуге басқа жұрт та келеді. Кемпірлерді төрге серейтіп
салып қойып отырайын ба сол. Құдай ұрғанда жаңағы талып
қалған кемпірлердің бірі мен жақсы көрген қыздың шешесі 
болып шықпасы бар ма? «Алыстан ажалдың аузынан қайтқан 
бала ғой деп, емірене еңкейіп, құшағымды жая бергенімде
төрде тып-тыныш отырған алпамсадай жігіт алақ-жұлақ етіп
атып тұрды. Кеудесіндегі теңгеліктері диуананың асасындай
сыл-дыр-сылдыр қағып, əкесінің атына əлдебір түсініксіз
сөздерді қосып, арс-арс ете қалғанда иманым ұшып, жүрегім 
жарылып кете жаздады. Мен ондай диуанаға қызымды 
бермеймін» деп айтады дейді сол кемпір. Диуана деп отырғаны - 
мен. Тапқан екен диуананы!
Біздің жағдай осы. Бірақ кемпірдің қарсылығына қарамастан
атаканы күшейтіп жатырмын.
Сен өзің де сыпайысың ғой. Дегенмен осындайдан сақ бол. 


Əскердің заңы ауылға жарамайтынын байқап қалдым. Жақсы 
көрген біреуің болса, маған ұқсап, үркітіп алып жүрме. Ал мен 
болдым.
Қанды көйлек досың Тəкен».
Хатты оқып, алдымен ішек-сілем қатып, күліп алдым. Артынан
өзімнің алғашқы лекцияда: «Аға сержант Есенов!» деп 
орнымнан атып тұрып, одан рұқсатсыз отырмаймын деп қалшиып 
тұрып алғаным есіме түсіп, кірерге тесік таба алмай өз-өзімнен 
қысылған едім. Дегенмен, əскерден қайтқан адамның бойындағы 
бұл сияқты сол теліктер келденең жұртқа күлкілілеу 
көрінгенмен, əскер тəртібінің осылай, сүйекке сіңісті боп, көпке 
дейін кеңілден кетпегеніне өз басым, бір себептен, өкін-беймін де. 
Өйткені сүйекке сіңбеген тəрбие - тəрбие емес. Тəртіпті, 
ынтымақты əскер ғана жауынан жеңілмейді. Меніңше осы күнгі 
жастар тəрбиесі үлкен үш бөлімнен құралады. Ол: семья, мектеп 
жəне əскери өмір. Осы үш тəрбиені өз бойына дұрыс сіңіре алған
жас адам - жақсы азамат. Ондай ұрпағы бар Отан - Ұлы Отан, оны 
ешқашан да жау ала алмайды.
Жə, мұның өзі бүйректеу əңгіме боп кетті-ау деймін. Енді оны
қойып, əлгі аудиторияға қайта оралайын.
Иə, мен орныма отырғаннан кейін қыз ақырын ғана жымиып, 
білінер-білінбес етіп, басын шайқады дедім ғой. Онысы
Ментайдың мені жазғырғаны ма, əлде жақтағаны ма -
аңғарғаным жоқ. Бар байқағаным қыз сыпылдатып, өз 
дəптеріне тағы да жарты беттей жазып тастаған екен. - Ағай, үш 
жарым беттей орын қалдырып, міне жерден бастап маған ілесіп 
жаза беріңіз, - деп Меңтай сол қолының шынашағымен өзі 
дəптерге енді түсіре бастаған сөйлемді нұсқады. Қыздың 
шынашағы аяпақ, жұп- жұмыр екен. Одан озыңкы өзге
саусақтар əсемдігі, əдемілігімен жəне жан күйдіреді. «Əттең,
мына саусақтарды шөпілдетіп сүйер ме еді, тым болмаса ақырын 
ғана сыртынан сипар ма еді?!» деп мен кəмпит көрген баладай
жұтынып, телмірдім де қалдым. Менің сұқтанып отырғанымды
сөзді-ау деймін, қыз дəптерінің шетін басып тұрған есем 
саусақтарын ақырын ғана жұмып, жұдырығын түйіп алды. Жас 
баланын жұдырығындай сүйкімді сол бір жұдырықты жұтып
қояр ма еді деп, мен оған да қызыға қарадым. Оң қолымен
сыпылдата конспект жазып жатқан қыз жаңағы жұмған


жұдырығын дəптер шетінде сəл ұстап отырды да, маған
сездірмеуге тырысып, сол қолын жайлап тартып алып, төмен
түсірді. Алақанымен сипалап, партаның қуысынан бірдеңе іздеген 
сияқтанды. Онысы менің көзімді тайдыру үшін жасаған қулығы- ау
деймін. Өйткені сия сорғыш іздеді ме дейін десем, онысы
дəптерінің үстінде, оң қолының астын-да жатыр.
Бір минут қана осы арада бір көлденең əңгімеге тоқтай
кетейін. Лекция жазып отырған кезде көл терлейтінін, ал 
қағаздың тер тиген жеріне сия жайылып кететінін, өйтпес үшін оң 
қолдың астына сия сорғыш не бір басқа қағаз төсеп отыру 
керектігін мен кейін Меңтайдан үйрендім. Меңтай үйреткен осы 
əдіс маған өмірлік айнымас əдет болып кетті. Күні бүгінгі үйде,
иə кеңседе отырып газетке мақала немесе очерк жазғанымда 
бір бет ақ қағазды алып, ортасынан бүктеймін де, оң қолымның 
астына салып, əр жол жазған сайын оны сол студент күнімдегі
сияқты төмен қарай сырғытамын да отырамын. Ал аудандарға
командировкаға шыққанымда шақтап қойын дəптерімнің ішіне де 
сондай бөлек қағаз салып аламын. Неге десеңіз, мен
жолжазбаларымды қойын дəптерге тек қана сиямен
толтырамын. Қарындашқа сенбеймін. Қарындаш тұрақсыз əйел 
сияқты, жазғаның қазір бадырайып тұрғанымен, біраздан соң із-
түзсіз боп өшіп қалады. Иə, кейде сондай қағазды ортасынан
бүктеп немесе қойын дəптеріме шақтап кесіп жатқанымда
ойыма Меңтай түседі де, жақсы керген жаныңнан үйренген əдет 
жадыңнан шықпайды екен-ау деп қоямын ішімнен.
Жə, енді жаңағы жерден қайта сабақтайын. Сиясы алдында
тұрған, сия сорғышы оң қолының астында жатқан қыздың 
партаның астынан басқа еш нəрсе іздей қояр жөні жоқ еді. «Тегі 
Меңтайдың мұнысы қолыма қарама дегені шығар» дедім де, мен 
лекция жазуға ыңғайландым. Гимнастеркамның омырау 
қалтасынан бір басына сол кезде сексен алты аталатын қаламұш 
сұғылған қаңылтыр қаламымды қолыма алып, Меңтайдың
сиясынан жазуға ыңғайландым. Төрт жыл бойы майданда 
санаусыз солдат, сансыз техника, қаптаған қала, деревняларды
толассыз жалмап отырғанның үстіне арттағы елде көзге
көрінген дүниенің бəрін түк қалдырмай қылғып, жұтып келген 
жебір соғыстың жойылғанына жарты жыл ғана толған ол кезде 
студент үшін бір сауыт сияның қасқалдақтың қанындай қымбат
казына екенін мен артынан білдім. Қасына өзі шақырып


əкелген кыздың сиясы да ортақ шығар деп, қолымды соза
бергенде-ақ, Меңтай: «Жазыңыз, жазыңыз» дегендей басын екі 
рет изеп, ишара білдірді. Сонда ғана менің «бəлəй, рұқсат 
сұрауым керек еді- ау» деген ойыма келді. «Жаманның ақылы 
артынан түседі» деп, маған осындай жақсы ойлар ылғи кейіннен
келеді. Енді қайтадан рұқсат сұрап жатудың реті жоқ. Не де
болса қаламымды Меңтайдың сауытына батыруға 
ыңғайландым. Сөйтсем, сиясауыт деп мардымсып отырғаным 
бармақ басындай ғана шүршиген шиша екен. Оның қай жерінде 
сия тұрғанын бір құдайдың өзі білсін. Бұл пəлені аударып аламын 
ба деп, қолым дірілдеңкіреп, оның тар аузына қаламымды
əрең дегенде бір батырып алдым-ау, əйтеуір. Ал Меңтайдың 
қалам ұстаған қолы тары шоқыған торғайдай болып, сия-сауыттың 
аузын жып-жып етіп, тез-ақ табады. Қойшы, қыздың сиясауытына 
сығалап отырып, қаламымды екі-үш рет сұққаннан кейін, ептеп 
мен де жыпылдата бастадым.
Кейде оқытушының айтқанын тұтас жазып үлгіріп, кейде ести 
алмай қалған сөзімді Меңтайдың жазғанынан қарап, ілініп-
салынып конспекті құрастырып жатырмын. Алғашқы сағаттағыдай 
емес, оқытушының үніне де құлағым үйрене бастағандай. Онда 
бір жол да жаза алмаған болсам, енді бір бетке жуық өтіп 
сойдақтатып тастадым. «Қуан, Ербол, сенен бірдеңе шығады!»
деймін ішімнен. Өстіп, өзімнен өзім масаттанып, сияға қарай
қолымды жəне соза бергенімде, өн бойымды электр тогы соғып
кеп жіберген сияқтанды. Сөйтсем, төмен қарап жазып отырған
Меңтай екеуіміздің бір мезгілде созылған қолымыз сауытқа
қатар жетіп, қапталдасып қалған екен. Кішкентай əсем аппақ
қол мен быртықайлау қап-қара қол біріне-бірі тиіскенде элекгр
сымының екі ұшы біріне-бірі жанасып, сол жерден жарқылдап
от ұшқындап жатқандай, екеуін тез айырып жібермесе өшпес орт 
тұтанатындай күй туған екен. Жүрек лүпілдеп, қан лапылдап, дене 
дуылдап кетті. Осы қазір күйіп, көмір боп кетсем де, менің өз
қолымды қыз қолынан ажыратып алғым келмеді. Меңтайдың 
мені мерт еткісі келмеді ме, əлде аға деп, сияны бұрын алуға жол 
бергені ме, білмеймін, ол өз қолын
айлап кері тартып алды да, дəптерінің келесі ақ бетін
аударыстырып қарай бастады. Сия-сауыт босағаннан кейін, 
қайтадан, ештеңе болмағандай, бұрынғысындай сабырлы 
қалында конспектісін əрі қарай жалғастырып жаза-берді.


Бірақ қыз сабырлы болған сайын менен сабыр кете бастады. Оның 
ақ саусақ, ақ білек, ақ мойнына көзім түскен сайын буын-буыным
құрып, безгекке ұшырағандай бойым қалтырай түсті. Оның
үстіндегі ангөр ешкінің жүнінен тоқылған ақ свитерге дейін мені 
өлітіп, елжіретіп, дүниеде сол свитерден сүйкімді, Меңтайға содан 
жарасымды киім жоқтай боп көрінді. Осы күйде отырып, 
лекцияның ырғағына ілесе алмай асықтым ба, əлде сол сəтте
көзіме Меңтайдан өзге ешкім, еш нəрсе көрінбей кетті ме,
білмеймін, ілгері сөзған қаламым сауыттың ернеуіне тиіп, көк 
сия молт етіп Меңтайдың дəптеріне ақтарылды да, сауыт 
домалай жөнеліп, оның ақ свитерінің етегіне барып құлады.
Менің бұл кездегі жағдайымның қандай болғанын сіз сұрамаңыз, 
мен айтпайын. Жазушы кісісіз ғой, өзінізді менің орныма қойып, 
мөлшерлеп түсіне беріңіз. Менің бар білетінім - сол сəтте өзімнін 
жерге кірерге тесік таба алмағаным. Əйтпегенде қайтейін, ағалап, 
жаны ашып, жақсылық жасағалы жанына шақырып əкелген қызға
қиянат жасап алсам. Қиянат емей немене, оның еңбегін еш
етіп, дəптеріне сия тегіп, свитерін былғасам. «Кетіңізші 
орныңызға, өзіңіз бір адам емес, аю екенсіз ғой» десе, не деймін 
қазір. Ашуланса, ауыл қыздарының тілі ащы келеді. Олардың «қу 
қайыршы», «иттің ғана баласы» деген сияқты «тəтті» сездерін
талай рет естігенмін бала күнімде. Бұл қыздың да мені сөйдеп 
тілдемесіне кім кепіл. Мына қаптаған қыздың ортасында 
масқараға ұшырайтын болдым-ау. Бұдан да бағанағы орнымда 
отыра бергенім артық еді. Бір керген қыз бір ауыз жылы сөз 
айтты деп, желпендей кеп жөнеліп едім, өзіме де обал жоқ. Енді 
Меңтай мені не деп сөксе де құлмын!..
Осылай ойлап, өзіне өлім жазасын күткен қылмыскердей құнысып, 
бір уыс болдым да қалдым. Бет-аузым бір түрлі боп быжырайып 
кеткен шығар деп ойлаймын, əйтеуір жалынышты түрмен жапалақ 
қағып, біресе парта үстіндегі көк ала боп қалған дəптерге, біресе 
Меңтайдың алдындағы аузы маған қарап «мен не істер екен» деп 
андып жатқандай көрінген кішкентай сиясауытқа кезек қарай 
бергенімді білемін…
Соғыста жүргенімде бір күні мені іздеп артиллерия полкына 
майдандық газеттің тілшілері келді. Өздері үш адам: бір орыс,
бір қазақ, бір өзбек екен. Ана екеуінен дəрежесі үлкен
капитан қазақ менімен бұрыннан таныстай, бірден
шүйіркелесіп кетті. Оның себебі бар еді. Мен дивизиялық


жəне майдандық газеттерге артиллеристер əмірінен хабар,
корреспонденция, мақалалар жазып тұратынмын. Жас кезінде
қай қазақ өлең жазбаған. Ара-тұра ол газеттерде менің 
өлеңсымақтарым да жарияланып қалатын. Содан, сырттай мені
жақын тартатын капитан Бағи Уазитов өз газеттеріне материал
жинай алғы шөпке шыққан бұл сапарларында жолдастарын
ертіп, маған жолығуға келіпті. Редакциядан ала келген блокнот, 
қағаздарын беріп, қарқ қылып тастады. Соғыстан аман қалсаң, 
журналист бол, КазГУ-дің журналистика бөліміне түс деп,
мəслихат та айтып жатыр. Тірі болсам, расындада журналист 
болуым керек деген ой менің басыма сонда ұялаған еді. Біз 
батарея желкесінде жертөледе сөйлесіп отырған болатынбыз. Бір 
кезде алдыңғы шөп жақтан гүрс еткен үн шықты да, лезде жерді 
солқ еткізе дүрс ете қалған жəне дыбыс естілді. Апыр-ай, танктен 
атқан жоқ па екен деп ойладым мен. Өйткені танктен шыққан 
снаряд лашындай ұшқыр келеді, оның гүрс етіп стволдан
шыққандағы дыбысы мен шарқ етіп, нысанаға жетіп, 
жарылғандағы үнінің арасындағы алшақтық азғантай ғана 
болады: «Апырай, жау танктері батареяға шабуыл жасап келе 
жатқан жоқ па екен?» деп сасқалақтаған мен жертəледен шыға
жүгірмек бола бергенде бір нəрсе ысылдап, ысқы-рып,
қақаңдап келіп дəл есік алдына төқтады да, шыр көбелек үйіріле 
қалды. Зəрем зəр түбіне кетіп, «ойбай, снаряд» деп жертөленің
төріне қарай жүгірдім. Журналистердіңде көздері шарасынан
шығып, «аллалап» жатыр. Біріміздің астымызға біріміз
тығылып, үйме-жүйме болдық та қалдық. Сөйтіп жатып бəріміз
бақырайып есікке қараймыз. Есік алдында ажал биін билеп,
ұршықша айналып снаряд тұр. Ешқайсымызда үн жоқ, іштей
снаряд əне жарылады, міне жарылады деп жанымыз шығып
барады. Бір кезде снарядтың шыр көбелек айналған 
шапшаңдығы азайып, оның шоқиып отырған аюдың күшігіндей боп 
бойы керінді де, сəлден соң, буыны құрып, əлі біткендей, сылқ 
етіп құлай кетті. Сол кезде менің тасамда жатқан капитан селк ете 
түсіп, көзін жұмды. Снаряд құласа да жай таппай аунақшып-
дөңбекшіп, өлі тигендей əлденеше рет тыпыршып барып, əрең 
тынышталды. Соның өзінде де: «Əй, қайдасындар?» дегендей, 
мойынсыз мұқыл тұмсығымен бізді іздеп, жер иіскеп жатқандай
боп, басын жертөленің есігіне тірей тоқтады. Біреуміз
басымызды көтерсек-ақ снаряд көмейінен қорғасын бүркіп 
жіберетін сияқтанды.


— Алла! - деді қазақ.
— Ойбай! - деді өзбек.
Бəріміз бірдей көзімізді тас жұмдық. Енді қазір снаряд жарылып,
төртеуіміздің парша-паршамыз шығатын сəтті күттік.
Жоқ, біз асыққан екенбіз. Біз төртеуміздің парша-паршамызды
шығаратын снаряд Германияның ажал фабрикасында 
жасалмаған боп шықты.
Сонымен не керек, ары жаттық, бері жаттық - снаряд
жарылмады. Осы иттің өзі біздің қасымызға келіп жарылғалы
жертөленің ішіне кіріп кеткен жоқ па екен деп, мен ақырын
көзімді аштым. Жоқ, өйтпепті, үй күзеткен итке ұқсап жатыр есік 
алдында тоңқиып.
— Жолдастар, бұл снаряд емес, болванка
болды, мен шығып, ары апарып тастайын, - дедім
қасымдағыларға.
— Ойбай, қарағым, барма, - деді капитан безек қағып, - бұл кеш
жарылатын снаряд.
— Ойбай, қозғалма, - деді өзбек журналист. - Сенің
кимылыңмен ауа қозғалады да, снарядты соғады. Содан соң 
бəріміз бірдей ғаріп боламыз.
— Черт возьми, - дейді орыс журналист, о да не істерін білмей.
Өстіп отырғанымызда бірнеше секунд уақыт өтті. Осы тұсқа 
кешеден бері анда-санда бір болванка кеп түсіп, жарылмай 
қалатынын білетін мен орнымнан тұрдым. Əлде журналистердің 
алдында өзімнің қорықпайтын батыр екенімді көрсеткім келді
ме, қайдан білейін. Алды-артты ойлатпайтын жастықтың қызуы
бойымды кернеп, бір басып, екі басып, есікке қарай
аяндадым. Болванка болмай, басқа снаряд болып, жарылып
кетпес пе екен деген де ой келді. Алайда шешінген судан
тайынбас деген емес пе, кейін қайтпай, ілгері ұмтыла бердім. 
Ептеп есіктің сəкісіне көтерілдім. Бұл жақтан Болванка - 
жарылмайтын снаряд расында да кешеден бері екі-үш рет көріп, 
көзім қанып қалған болванканың өзі тəрізденді. Оны құйрық 
жағынан ұстап, көтеріп алайын деп еңкейе бергенімде 
капитанның:


- Ербол, қарағым, қош. Біз үйіңе хабарлармыз, - деп
жыламсыраған үні естілді.
Шоққа қызған шойындай ыстық, ауыр снарядты шинелімнің 
жеңімен қапсыра ұстап, жерден көтеріп алдым да, аяғымды бір 
басып, екі басып, жертөленің сырт жағындағы шұңқырға қарай 
аяндадым.
Снарядты жерден кетеріп алуын алсам да, одан құтылғанша
асықтым. Жаңа журналистердің қасынан батырсынып
тұрғаныммен, батырға да жан керек екен. Неге тұрдым, жай
жатқан жыланның құйрығын басқандай боп, мұны неге
кетердімге қалдым. Бұл пəле болванка емес, қазір шарқ ете
түссе, менен бір жапырақ та қалмайды. Ал əлгінде бəріміз 
жертөледе жатқан кезде жарылса, бəлкім жаралы болсам да, тірі
қалатын ба едім деп ойладым. Осы сəтте қос қолдап көтеріп
келе жатқаным ауыр қара снаряд емес, шиыршықталып жатқан 
қара жылан сияқты боп көрінді. Ол қазір басын қылқаң еткізіп 
көтеріп алып, менің мойныма орала түсетін тəрізденді. Осыдан
кейін өн бойымды қара тер жауып кетті. Отыз метр жердегі
шұңқырға батпақта отыз километр жүргендей болып, əрең жеттім.
Снарядты шұңқырдың шетіне жатқызып, ептеп түбіне қарай 
домалата бергенімде ол шынында да, жыланша ысылдай 
бастады. Мен жанұшырып, кейін қарай қаштым. Алқы-нып 
жертөлеге жетіп, ішіне кіре бергенімде сырт жақтан гүрс етіп 
жаңағы снаряд жарылды - оның болванка емес, кеш жарылатын 
снаряд боп шыққанын мен сонда ғана білдім. Есіктен ішке қарай 
домалағы келе жатып, капитанның «алла» деп ышқынған даусын
тағы естідім. Жергəле тұсаулы аттай бір секіріп қалды да, оның 
тер жақ іргесі құлап, үстімізге суық топырақ сау ете түсті. Алыстан 
келген дүмпуі мынандай, ал бұл пəле жаңа жанымызда жарылса 
төртеуімізді бірдей жайратып кетеді екен-ау деп ойладым 
ішімнен…
Меңтайдың алдында жатқан сиясауытты көргенде осы оқиға
есіме түсті. Бірақ махаббат мысы басқан адамның қозғалуға 
халі келмейді екен. Кеше ғана жарты пұт болванканы жерден 
кетеріп алып, жер үйден аулаққа апарып лақтырыгі тастаған 
солдаттың енді міне, саусақ басындай шишаны жатқан орнынан 
көтеріп алуға батылы да, шамасы да жетпеді.
Менің қолымнан келмеген бұл қайрат Меңтайдың қолынан


келді. Ол шүу дегенде «бəлəй» дегендей, астыңғы ернін босан 
тістеп, не істерін білмегендей, сəл бөгеліп қалды. Содан соң, ұзын 
қою кірпіктерін бір- екі қағып жіберді де, мен жаққа бұрылып та 
қарамастан, сияны бейне бір өзі төгіп алған, оған өзі ғана кінəлі
жандай жай таныта, алдына құлаған сиясауытты алып, жайлап 
партаның үстіне қойды. Ақ свитер етегінің алақандай жері əп-
сəтте көк ала болды да Қалды. Бірақ оған Меңтай мəн бермеген 
болды да, жаудырап маған қарады:
— Қысылмаңыз, ағай, - деді. Бүған бейне бір өзі кінəлідей, 
онысына менен кешірім əтініп, жаЛынғандай боп айтты. Со-дан
соң артқы партадағы қыздарға қарай бұрылды да: - Қыз-дар,
сияларыңды бері койындаршы, - деді.
— Не боп қалды, Меңтай? - деді арттағы екі қыздың бірі жəп етіп.
— Свитерді былғап алдын бг.? - деді екіншісі жаны ашыған-сып.
Бүлардың сөздерін естігенде менің мандайымнан тағы да шып-
шып тер шықты.
— Жоқ, жай, əшейін, - деп Меңтай қыздардың сиясына
қаламын батырып алып, дəптерінің ақ бетінен бастап, қайта-дан 
жазуға кірісті. Жаза бастап, басын тез көтерді де: - Ағай, сіз де 
мына қыздардың сиясымен жаза беріңіз, - деді.
«Ұялған тек тұрмас» дегендей, сасқалақтай бұрылып, арт жаққа 
қарадым. Онда да бір шүмшиген сауыт тұр. Бір жақсысы, оны 
қыздардың бірі дəптерінің шетіне басқан сол қолының екі 
саусағымен қыса ұстап отыр екен. «Қой, біреуінің сиясын үстіне
төгіп, жетістіріп едім. Енді мына қыздың қолына қалам тығып
алып сорлатармын» дедім де, тырп етпестен отырып қалдым. 
Ми айналып жерге түсердей ыстықта ауыр жүк, қару-
жарақарқалап жорықта келе жатқандай боп, гимнастеркамның
жеңімен самайымды, мандайымды сипай бердім. Қоңырау
соғылғанда басы-көзін тер жауып, болдырған зеңбірек атындай
сенделектеп, сүмірейіп, сүйретіліп орнымнан əрең тұрдым.
V
Сөйтіп менің студенттік дəуірімнің алғашқы күндері өте


бастады. Университетке, оның биік-биік аудиторияларына
бойым үйреніп, оқытушылардың аты-жөнін біліп, қай сабақ-тың
қай жерде өтетінін адаспай табатын болып, біртіндеп көшелі
студент санатына қосылып келе жаттым. Бұрынғыдай біреу
бетіме қараса, ыржиып қоя бермейтін болдым. Мастықтан 
айыққандай, өзімді өзім тежеп ұстауға машықтана бастадым. 
Соғыста жеңіл нəрсе, жұмсақ зат ұстап көрмегендіктен, 
аудиторияда қолыма ілінгеннін бəрі жеп- жеңіл көрініп, не құлатып, 
не қиратып алатын əдетімнен де айыға түстім.
Өзіміздің курстың қыздарына да ептем көзім қанып, оларды 
аудиторияда ғана емес, көшеде де танып, бас изесетін халге 
келдім. Аш ауызға ерінге тигеннің бəрі май тəрізді боп таныла ма, 
кім білсін, əйтеуір, бірінші көргенде курстағы қыздардың бəрі
бірдей сұлу, сымбатты, бірінен-бірі өткен əсем, бейіштің
төріндегі хор қызындай, бірінен-бірі айырғы-сыз сияқтанып еді.
Алғашында балықтың уылдырығындай ұқсас, шетінен
жұмыртқадай ақ боп көрінген қыздар бірте-бірте пішін тұлғалары 
бірінен-бірі бөлектеніп, мінез-құлық-тары ерекшелене, екшеле
түсті. Олардың ішінен ептеп қараторы қыз да, қара қыз да,
шұбар қыз да шыға бастады. Дегенмен, көпшілігі сол бірінші 
жүздескендегімдей жылы шырайлы, уыздай уылжыған əсем, əдемі
күйінде қалды.
Ал солардың бəрінен де мен үшін алғашқы көргенімдегіден де
сұлу, сымбатты, одан да сезімтал һəм инабатты болып Меңтай 
ғана жеке-дара шықты.
Жігіттің қызды жақсы көруінін себептері көп қой. Бірақ оның бəрін 
ауыз шіркін айтып жеткізе алар ма? Тек жүрек қана қыз
жақсылығын қылдай тізіп, көкіректе сақтап жүреді емес пе.
Мен соғыстан қайтып келген күндері көрген қыздарымның 
бəріне ғашық едім. Жігіт өзін самғап жүрген сұнқармын деп 
есептесе, қыздың көркі сол сұңқар шырмалар тор емес пе?
Сұлу емес қыздың өзі саған жалт етіп бір көз тастаса, сорлы
жүрегің қолға түскен ұрыдай қалтырап қоя бермей ме? Ал мен 
болсам, самғап келіп, бір курста мөлдіреп отырғ-ан отыз қызға тап 
болдым - отыз торға шырмалдым. Қыздың көркі тор болса, оның 
жайдары көңіл, жақсы мінез, қылықтарын неге теңеуге болады? 
Асау тұлпардың аяғына салған болат кісеннен кем емес-ау деймін
жақсы қыздың қылығы. Алғашқы күнгі мен партаға құлатып
алған кішкентай сия-сауыттың əлсіз сылдыры бірте-бірте сол


кісен шынжырының шылдырына айналған тəрізденді. Осы
оқиға сұлу əйелдің бетіндегі мең мұндалап, мөлдіреп тұратын
меңдей болып, өмір бойы көкейімде, көз алдымда қалды.
Меңтайды шын жақсы көруімнің шеті осы оқиғадан басталды-ау 
деймін.
Бұл оқиғаны мен де, курстың басқа қыздары да бірнеше күнге
дейін естен шығара алмадық. Мен ұялғанымнан ұмытпаймын, 
қыздар қылжақ үшін естеріне алады. Əсіресе Қанипа мен Зайкүл 
деген қыз қоян қуған тазыдай тақымдап, есімді шығарды.
Меңтай алғашында бірнеше күн сабаққа мен сия төккен
свитерін киіп келіп жүрді. Тегі оны ауыстырып киерлік лайықты
басқа кеуде киімі болмады-ау деймін. Аппақ свитердің
етегіндегі алақандай көк сияны көргенде менің бетімнен отым
шығып, оған қарамауға тырысамын, көзімді басқа жаққа бұра
бастаймын. Менің дəл сол сəтімді андып тұрғандай Қанипа сөз 
бастайды. 
— Меңтай, немене, өзің көк бүйрек боп кеткенсің бе? - дейді оның
бүйіріне үңіліп.
— Тү-ү-у, қыздар-ай, - дейді Меңтай даусын соза сөйлеп, сəл 
күлімсіреп қойып. - Кірлемейтін киім болушы ма еді, қойсаңдаршы.
Осы кезде Зайкүл күлміңдеп, басын қиқандатады.
— Көк бүйрегін не, Қанипа-ау, бұл - Меңтайға ағасынын басып
берген мөрі емес пе? - дейді.
Басқа қыздар мырс ете қалады. Менің мандайымнан тер бұрқ
ете түседі. Сасқалақтап, жан-жағыма қараймын. Қыздар түк
болмағансып, төмен қарайды. Меңтай сабырмен отырып,
құрбысының əзіліне шындап жауап береді.
— Қыздар-ау, баяғыда бір сауыт сия төгіліп еді деп, ағайды күн 
сайын қинай бермесендерші, - дейді ол достарына мөлдірей
қарап. - Орнықсыз кішкентай сауыттың құлап кеткеніне ағай
кінəлі ме екен? Қарандаршы өздерің: біріміздің жөні түзу
сиясауытымыз жоқ қой алдымызда. Біріміз əтірдің сауытына,
біріміз дəрі-дəрмек шишасына сия құйып жазамыз. Ал бұған
шын кінəліні іздесек, соғыс қой ол. Соның салдары емес пе
бəрімізге қағаз, қарындаш, портфельге дейін қат болып


кеткені. - Осылай деп Меңтай лықсып кеп қалған қалың суды 
бөтен арнаға аударғандай, қыздардың күлкі кернеп келе жатқан 
көңілдерін басқа жаққа бұрып жібереді. - Қайта сəл сияны төгіп 
алғаны үшін ағайға рақмет айтуымыз жөн емес пе? Ағай бізге
қысылғанынан ұшталмаған сия қарындашын берді. Міне
бүгінге дейін осы отырған бəріміз сол қарындаштың сиясымен 
жазып келеміз.
— Оның рас, - деді Зайкүл. - Сенің сияң төгілмесе, бұл кісі бізге 
ұшталмаған қарындашын бермес еді ғой. - Зайкүл «ұшталмаған» 
деген сөзді сықылықтай айтты. Осы кезде артқы партада жалғыз 
отырған Қанипа саңқ етіп Зайкүлге сұрақ қойды.
— Бұл ағайдың басқа ұшталмаған ештеңесі жоқ па екен?
Оны естіген екі-үш қыз, біреу желкелерінен түйіп қалғандай 
тілдерін салаң еткізіп, төмен бұқты. Біреулер үн шығармай мырс-
мырс күлді. Менің қасымдағы Меңтайдан басқа
қыздардың бəрінің иықтары діріл қақты. Қатты күліп тоқтап, екі
беті қып-қызыл боп кеткен Майра ғана сəлден соң басын 
көтеріп:
— Иə, Қанипа, саған не боп кеткен, - деді құрбысын кіналаған
сияқтанып.
Қазақтың сөзі қызық қой, шіркін! Дұрыс айтылған сөзді күлкі үшін 
бұрып түсінуге де болады. Бұрып айтқан сөзден «жоқ, мен
былай ойлап едім» деп бұлтара салуға жəне оңтайлы.
Қуанышы мен бақытын күміс күлкінің сыңғырымен өлшейтін, əр 
сөзін астарлап əзілмен айтып, əрқашан «Осы күлкіден 
айырмасын» деп тілейтін ғазиз жүрегі қамқорлық пен қалжыңға 
бірдей толы, жаны жайдары қазақ үшін дүниеде бұдан тамаша тіл 
бар ма, сірə?
— Жолдастар! - Қанипа екі көзі жалтылдап орнынан тұрды.
Бетінде ешбір күлкі жоқ. Жиналыстарда мінбеден сөз сөйлейтін 
шешендей, екі қолын партаның екі жақ ернеуіне тіреп алыпты. - 
Жолдастар, мені дұрыс түсінулеріңізді сұраймын. Мен басқа 
мəселеге байланыссыз, тек қарындаш тұрғысында ғана айттым.
Бұған қыздар тегіс ду күлді. Оның алғашқы сөзін естімеген
сияқтанып, күлместен, жымимастан қалған Меңтай да бұл жолы 
мырс етіп, езу тартты.


— Əй, Қанипа, сенің тілің-ай, осы, - деп қойды ақырын ғана.
Меңтайдың үнінен маған қыз жүрегінде кінəлау емес, 
құрбысына деген сонша бір нəзік мейірбандық жатқаны 
аңғарылды.
Арада жексенбі өткен келесі бір дүйсенбіде Меңтай
аудиторияға көк свитер киіп келді. Оны есіктен көре сала 
Зайкүл:
— Əу, Меңтай, жаңа свитер сатып алғаннан саумысың өзің? - деп 
жүгіріп жанына жетіп барды. Меңтай сызыла аяңдап партаға
жеткенше ұршықша иіріліп Зайкүл оның ал-дына бір шығып,
артына бір шығып қарап үлгірді де, «жарасымды екен» деп өз
бағасын айтты. Содан кейін əлденеге мұңайғандай боп, сəл
күрсініп алды. - Жұртқа осындай жақ-сы нəрселер кездесе кетеді.
Меңтай парта жанына жеткеннен кейін аудиторияға ертерек келіп 
отырған бəрімізбен бас изеп амандасты да, күле түсіп, үйіріліп 
қасынан кетпей жүрген Зайкүлге бұрылды.
— Бұл менің бұрынғы свитерім ғой, Зайкүл-ау, - деді.
— Қойшы, - деді Зайкүл оған сенбей. - Анадағы ағай сия төгіп
тастаған свитер ме?
— Иə, сол свитер. Сонда ағайдың қолы сиясауытты қағып
кеткені жақсы болды, - деді Меңтай маған балаша еркелей бір 
қарап қойып. - Ағайға рахмет, əйтпесе мен жалқау мұны қай 
уақытта бояп аларымды кім білсін. - Осылай деп ол менің үстіне 
сия төккеніме шын қуанғандай күй танытты.
— Осындай əп-əдемі ғып, өзің боядың ба, ей, Меңтай? -деп 
Зайкүл свитерге қайтадан үңілді. - Қой, өзің емес шығарсың.
Меңтай жəне күлді.
— Өзім, - деді тағы да Меңтай басын изеп. - Бұл свитерді тоқыған 
да өзім.
— Не дейді, қашан тоқып жүрсің?
— Биыл, жазғы каникул кезінде.
— Жіпті кім иіріп берді саған?
— Өзім, - деді тағы да Меңтай басын изеп.
— Былай, битіп пе? - деді Зайкүл сол қолын жоғары көтеріп,


шынашағына іліп алған шүйкенің шумақтаулы жүнін сұқ
саусағы мен бармақ арасында қыса ұстап тұрып,оң қолымен
төмендегі көзге көрінбейтін ұршықтың сабын ширатып кеп 
қалғандай белгі жасап.
Қыздар ду күліп жіберді.
— Иə, - деп Меңтай да еріксіз күлді. - Оған несіне
таңданасың, ұршық біздің бабаларымыздан келе жатқан жүн 
иіру фабрикасы емес пе?
— Алла-ай, ішің неғып жарылып кетпеген, - деп Зайкүл
Меңтайды аяғандай боп басын шайқады. - Осыдан кейін сен де 
жалқаумын дейсің-ау өзіңді. Мына мені айтсаңшы ештеңе істей 
алмайтын.
— Дегенмен, он сегізге келген қыздың өз киімін өзі тігіп,
тоқып кие алғаны жөн ғой, - деді Меңтай құрбысының көңіліне 
келіп қалмасын деген сақтықпен жайлап қана. - Біз енді бала 
емеспіз ғой, Зайкүл-ау.
— Мен отыз сегізге келсем де өйте алмайтын шығармын.
Ештеңеге мойным жар бермейді осы, - деп қайта мұңайды 
Зайкүл. - Осы сабағы түскірді де емтихан тұсында оқымас едім, 
қайтесің, баға керек.
Сырттан Қанипа келіп кірді.
— Алла-ай, - деді ол Зайкүлдің даусына салып. - Осы сен
неғып көбелек боп ұшып кетпей жүрсің аспанға?
— Ей, рас, соған өзімнің де таңым бар, - деді ол дөңгелек көздерін
одан сайын бақырайта түсіп.
— Онда, ұшып кетпей тұрғаныңда орныңа отыр тез, - деді Қанипа 
Зайкүлді иығынан басып. - Оқытушы келе жатыр.
Əрине, ол оқытушы келді. Оны басқа оқытушы жəне алмастырды. 
Күн сайын өстіп үш-төрт адамнан лекция тындаймыз. 
Оқытушыларымыз да əр түрлі, алуан мінезді адамдар. Мəселен, 
біреуі биязы, білімдар, басы артық сөзге жоқ кісі. Біреуі байсалды, 
маңғаз, енді біреуі жеңілтек деген сияқты. Ал тағы бір 
оқытушымыздың əдеті қыздардың шашын, иегін сипау болатын. 
Ол кісі келерде басқа қыздар артқы партаға қарай қашып, алға
қасқайып Зайкүл мен Қанипа ғана шығатын. Оқытушы
орнынан тұрып, бұлардың қасына келгенде біреуі сипауға 


үйренген мысықтай боп шашын, біреуі енесі əукесін жалаған 
бұзаудай сүйсініп, бұғағын тосып отырады. Əрине, оқытушылар 
жайында уақыт алып сіздерге айтып жатуымның қажеті жоқ. Бұл 
арада тек айта кетейін дегенім Меңтайдың сол оқытушыларды
алаламай, бəрін бірдей жақсы көретіндігі еді. Біз, басқамыз əр 
оқытушынын өзімізше кемшілігін тауып, мінеп жатамыз. Сонда 
оларды жақтап жалғыз Меңтай ғана шығады.
— Қыздар-ау, қойсандаршы. Оқытушыларымыздың бəрі жақсы 
адамдар ғой. Тек кейбіреулердің сүйекке сіңген əдеті болады. 
Адамды ол үшін кінəлауға болмайды ғой, - деп жалынғандай жай 
танытады.
— Ендеше ол кісіге өзің неге шашыңнан сипатпайсың? - дейді 
Меңтайға қарсы дау айтып қыздардың бірі Бұған Меңтай жауап 
бере алмай қысылады да, шынын айтады.
— Мен ұяламын, қыздар, менің шашымды шешемнен басқа ешкім
сипаған жоқ қой, - дейді.
Қыздар оған дүрсе қоя береді.
— Біздің басымызды шешемізден басқа кім сипапты?
— О не дегенің, Меңтай? - десіп, бұртиысып қалады.
— Сендердің əкелерің бар, əкелерің сипаған шығар дегенім
ғой, - дейді Меңтай достарын өкпелетіп алдым ба дегендей,
əрқайсысына бір жаутаңдай қарап. - Ал оқытушы ағай бəрімізге 
əке құралып тас кісі емес пе, сондықтан айтамын… Мен əкемнен 
ерте, ес білмеген шағымда айырылдым ғой.
Жүзі қандай ақ болса, жанының да сондай пəктігіне көзім , жетті 
ме, əйтеуір, аузынан шыққан осындай əр сөзі мен əр қылығы
мені елтітіп, елжіретіп, күн сайын Меңтайды іштей жақсы
көруім артып, оған бар ықыласыммен беріле құлап бара 
жаттым. Енді оқытушыларды қойып, мен сізге соны айтайын.
Соғыстан кейінгі бейбіт, бірінші жаңа жыл келе жатты. Жаңа
жыл қарсаңында жұрт туған-туыс, жора- жолдастарына алдын
ала ашық хаттар жолдасып, асығыс телеграммалар жөнелтісіп,
құттықтаулар қабылдасып, мəз-мейрам болыса бастады. Осы
кезде ауылдары астанаға жақын студенттер деканаттан
жалынып жүріп рұқсат алысып, үйді-үйлеріне кетісіп жатты.
Жана жыл қарсаңындағы соңғы лекциялардың аралығында


Ментай менен:
— Ағай, ертең Жаңа жыл ғой, сіз елге қайтпайсыз ба? - деп
сұрады.
Мен басымды шайқадым.
— Неге? Өзіңіз соғыстан келдіңіз, өзге бармаса да сіздің 
баруыңыз керек қой, ағай. Əке не шйие, тіпті болмаса
туыстарыңыз бар шығар. Не басқа бір жақын адамдарыңыз
болар. - Соңғы сөйлемін Меңтай ойланыңқырап айтып еді. Тегі,
мен соны сезіп қалмасын деді ме екен, əйтеуір, одан кейінгі
сөздерін сəл шапшаңдатыңқырап жіберді. - Ал менің шешем тірі 
болса, мұнда бір сағат та тұрмастан үйге осы қазір-ақ жүгіріп 
кетер едім. Бірақ шешем былтыр қайтыс болды.
— Неден? - деппін мен өлген адамның неден қайтыс болғанын
білсем, бейне бір тірілтіп жіберетіндей-ақ.
— Неден деріңіз бар ма, бəрі соғыстың əлегі ғой, ағай, - дей салды 
қыз шешесінің неден өлгенін ежіктеп түсіндіріп жатқысы 
келмегендей.
— Біздің үйде де ешкім жоқ, - дедім мен.
— Жалғыз екенсіз ғой.
— Жоқ, қарындасым бар.
— А, қарындасыңыз бар ма? - Меңтай көзі мөлдірей түсіп, сəл 
ойланып қалды. - Соғыстан ағасы аман келген қарындастан
бақытты адам бола ма екен, шіркін! - Ол маған қайтадан
сұрақ қойды. - Ал сіз қарындасыңызға неге бармайсыз? Ол 
жалғыз өзі сізді қашан көремін деп сарғая күтіп отыр емес пе?
— Жоқ, жалғыз емес, тұрмысқа шыққан!
— Сіз соғыста жүргенде ме?
— Иə.
— Сіздің рұқсатыңызбен бе?
— Жоқ, менен рұқсат сұраған жоқ, - дедім күліп.
Қыз: «Бəлəй, неге рұқсат сұрамады екен?» дегендей, басын
шайқады да, одан соң біраз үнсіз отырды.
— Егер ешқайда бармасаңыз, - деді қыз маған қайта бұрылып, - 


ертең біздің бөлмеге келуіңізді сұраймын, ағай. Қасымдағы 
қыздардың бəрі кетіп қалды. Күні бойы елегізіп бір бөлмеде бірі 
кісінің отыруы қиын сияқты.
— Жарайды, - дедім мен əлденеге жүрегім дір ете қалып. - Бірақ 
мен сіздердің мекендеріңізді білмеймін ғой.
— Ə, солай ма еді? Сіз жатақханаға əлі бір рет барып көрген
жоқсыз ба?
— Жоқ.
— Ендеше сізге қалай түсіндірсем екен? - Меңтай ернін тістеп, 
сəл ойланып алды. Университеттің екі жатақханасы бар: бірі
Калинин көшесінде, бірі Виноградов көшесінде. Бірақ екеуі бір
жерде, қатар. Виноградов, 62 - біздің жатақхана. Соның 62-
бөлмесі. Ұқтыңыз ба? Алпыс екі, алпыс екі, - деді қыз мен ұғып
алсын дегендей əр сөзін соза айтып. Екі рет алпыс екі.
Мен сəл ойланыңқырап барып, басымды изедім. Ойланғаным, 
Калинин көшесіндегі жатақханаға майданнан бірнеше рет хат 
жолдағаным есіме түсті. Менің бөгеліп бас изегенімді шала 
ұққандығымнан деп білді ме, əлде айтқанын ұқсам да ұмытып 
қалар деп ойлады ма, білмеймін, Меңтай дереу дəптерінің аяқ 
жағынан бір бетін жыртып алды да, əдірісін жаза бастады. Мен 
оның айтқанын ұқсам да, ұмытпайтынымды білсем де, жазбай-ақ 
қойыңыз демедім. Маған өз қолымен жазып берген қағазы қымбат 
көрінді.
— Өзіңіз қайда тұрасыз, ағай? - деп сұрады Меңтай əдіріс жазған 
қағазды бүктеп, менің қолыма ұстатып жатып.
— Дзержинский көшесінде, бір жолдасымның əкесінің үйінде
пəтердемін.
— Тұрған үйіңіз Виноградов көшесінен төмен бе, жоғары ма?
— Төмен.
— Онда біздің жатақхананы былай табасыз. Үйден шыққан
бетіңізде Дзержинский көшесімен өрлеп, жоғары, Виноградовқа 
дейін көтерілесіз. Он жақ бұрышта драма театрының үйі тұр, оны 
білетін шығарсыз. Театрдан оңға қарай бұрылсаңыз, бір он 
минуттан кейін Никольский базарына жетесіз. Сол жағыңыздан бір
үлкен шіркеудің діңкиіп тұрған, - Меңтай «діңкиіп» деген сөзді
балаша созып айтты, - сары ала күмбезін көрсеңіз - сол


Никольский базары. Базардың қарсысындағы екі этажды
жалпақтау сары үй - сіз іздеген жатақхана болады да шығады. 
Енді табасыз ғой.
— Табамын.
— Келесіз ғой?
— Келемін.
Кешке лекциядан қайтқан маған Меңтай берген əдіріс қағазы
молда жазып берген бойтұмардан кем көрінбеді. Жоғалтып 
алған жоқпын ба деп сасқалақтап, үйге жеткенше 
гимнастеркамның омырау қалтасын əлденеше рет сипалағаным
бар. Үйге келе сала бітірген жұмысым Меңтай берген қағазды
тезірек ашу болды. Онда қыздың жаңа өз аузынан айтқан əдірісі 
ғана барын білсем де, соны оқып шыққанша тағатым қалмады.
Меңтай əдірісті былай деп ұзын етіп бір-ақ жолға жазыпты: 
«Виноградов көшесі, 62. 62-бөлме, Меңтай».
Шота Руставелидің «Жолбарыс терісін жамылған батыр»
поэмасынын арқандай шұбатылған ұзын жолдарына ұқсас бұл 
сөздер маған бүтін бір поэмадан кем əсер еткен жоқ.
«Бұл қыз мені неге шақырады? Əлде мені жақсы көре ме екен? 
Үндемей жүріп ол да мені ішінен ұната ма екен, сүйе ме екен? 
Əрине, солай болуға тиіс. Сүймесе мені оңаша бөлмеге шақырар 
ма еді? Жалынғашдай боп, қайта-қайта өтініп, өз қолымен əдірісін 
жазып берер ме еді? Əттең шіркін, Меңтайдай əсем, ақылды қыз
мені сүйіп, мəңгілік жарым болса - өмірде ешбір арманым болмас 
еді!»
Осылай ойлап, төсекте шалқамнан жатқан менің есіме бала
күнімде естіген бір шумақ халық өлеңі түсті.
Мінгенім дəйім менің сарым болса!
Қолымда жетелеген нарым болса!
Армансыз бұл дүниеден өтер едім,
Күлім көз, оймақ ауыз жарым болса!
«Рас, Меңтай мендік болса, менің де арманым болмас еді!» деп 
іштей күрсінемін де, осы өлеңнен картина құрастырамын.
Астында сары аты, қолында жетектеген жалғыз еркеш нар
түйесі бар жігіт алдында, ақ отаудың қасында тұрған күлім


көз, оймақ ауыз келіншекке қарай асығып бара жатқандай 
көрінеді. Сонда менің де астымда атым, қолымда нарым
болуы керек пе? - деймін мен өзіммен өзім дауласып. «Ат -
адамның қанаты» деп білетін қазақ үшін бір жүйріктің болуы
қажет-ақ дейік. Сонда нардың керегі не? Көшпей-қонбай нар 
жетектеп жүрудің өзі ұят емес пе? Əлде нар дегені дəулет деген 
мағынада ма екен? Бірақ қазіргі дəулет денсаулық пен білім емес 
пе? Қойшы, не керек, ақыры қазақтың қара өлендерінің бəрінің
алғашқы екі жолы мағынасыз келеді, бар мағынаны соңғы қос 
жолы ғана білдірігі отырады деген оқытушы сөзі ойыма оралды 
да, бұл шумақ өлеңнің бар мəні «армансыз бұл дүниеден өтер 
едім, күлім көз, оймақ ауыз жарым болса» дегенінде деп түйемін.
Осыдан кейін басыма тағы бір күдікті ой келеді. «Сені қыз
оңаша бөлмесіне сүйгендіктен емес, аға деп сыйлағандықтан,
ағасындай сенгендіктен шақырса, қайтесің?» дегі біреу мені
үрейлендіре, алғашқы тəтті ойымнан үркіте сыбырлағандай
болады. Осындай неше алуан ойлардың тұйығына тіреліп, таң
атқанша дөңбекшіп шыққан ол түн өмірімдегі ең мазасыз 
түндердің бірі болып есімде қалды.
Таңертең, шай үстінде үй иесі маған қарап:
— Ербол, қарағым, түні бойы дөңбекшіп шықтың ғой, ауырып
қалған жоқсың ба? - деп сұрады.
— Жоқ, - дедім мен басымды шайқап.
— Е, жөн, онда шайынды ішіп, нанынды жесеңші, - деді ақсақал
менің ауырмағаныма қуанып.
Бірақ мен бір түйір де тата алмадым. Еш нəрсе тамағымнан
өтпеді.
Соғыстан кейінгі жұтаң дастарқанның жұпыны шайынан ауыз тиген 
болып, апыл-ғұпыл киініп, үйден шықсам, көшелер ертегідей 
ғажап бір құлпырған күйде екен. Қала төбесінен түні бойы жауған 
ұлпа қар əр көшені ақ простыня жапқан аппақ төсекке, əр үйді 
үлпілдеген ақ бөкебай жамылған əсем келіншекке ұқсатып 
қойыпты. Ағаштар ақ тонының етегі жер сызған аяз аталарды еске 
түсіріп, бір емес бірнеше ата мұртынан күліп, саған қарай асықпай 
аяңдап келе жатқан сияқтанды. Телеграф сымдары аптеканың 
үлпілдек ақ мақтасымен жуан етіп есіп, көрмеге тартқан ақ
арқан тəрізденеді. Шинелімнің екі етегі делендеп, бұзау бас


етігімнің екі тұмсығы ұлпа қарға үйректей сүңгіп, есіп келемін 
едірендеп. Жас қардың жұпар иісі тынысымды кеңейтіп, жүрегіме 
бір ғажайып сыр құйғандай болады. Ақ қар, асыл ауа Меңтайдың 
ақ жүзін, аппақ мойнын еріксіз есіме салады. Жанға шипа мынау 
мөлдір ауа маған тек қана соның дем-лебізіндей боп танылады.
Кешеде менен басқа тірі жан жоқ. Айнала жым-жырт. Түнде Жаңа 
жылды қарсы алып, бар дүние шаршап- мүлгіп тұрғандай күй 
танытады. Меңтай есіме түскенде осы иен көшенің ортасында 
тоқтай қалып, еңкейдім де, бір жерін ауыртып алмайын дегендей 
ептеп жердегі ұлпа қардың аппақ жотасын бір сипап өттім. Оған
айызым қанбаған соң алақаныммен кесіп кеп алдым да,
уысымдағы қарды бар саусағымның күшімен мытып-мытып
жібердім. Ғашықтың ыстықалақанына түскен салқын қар лезде
еріп, көздің жасындай боп жерге тамшылады. «Шіркін, осы
ұлпа қардай боп, менің құшағымда Меңтай да ерісе-ау» дедім 
ынтығып. Одан соң «Виноградов, 62… Виноградов, 62» деген екі 
сөзді жан тебірентер жақсы əннің қайырмасындай қайталап, 
ентелей ілгері бастым.
Шіркеудің қасындағы екі этажды сары үйді адаспай табуын 
таптым-ақ. Бірақ соның ішіне кіруім мұң болды. Жатақханаға
жеткенше біреу мойнымнан арқан сап, дедектетіп келе
жатқандай-ақ асығып едім. Жатақхананың жанына келген соң 
жүрегім лүпілдеп, буын-буыным құрыды да қалды. Бағанадан бері 
жайдақ жермен келіп, енді бейне бір биік таудың басына қарай 
өрмелегендей, ілбіп, ілгері басқан аяғым кейін кетіп, дымым 
құрып, дыбысым тұншығып, əп-сəтте əлсірегендей күйге түстім.
Əрең дегенде есікген кіріп, екінші этажға көтерілдім.
Жатақхананың ұзын дəлізінің екі жағы қатар-қатар жалғаскан 
ерсілі-қарсылы есіктер екен. Шеткі есікке тақай бере буынымды 
бекіткен болдым да, үйге түскен ұрыдай тынысымды ішіме тартып, 
есіктердің номеріне көз жүгірте бастадым. Бала күнімде ауылдың 
діндар қарттарының намаз оқығанын талай рет көргенім бар еді.
Сəждеге қайта-қайта бас қойып, өз-өзінен күбірлей тізерлеп 
отырған қарт бір кезде «Ассалаумағалейкум, Рахметолла!» деп 
дауысын шығарыңқырап, басын он нығына, содан соң сол иығына 
қарай бұратын. Сол сияқты мен «алпыс екінші бəлме» деп
іштей күбірлеп, басымды екі жағыма кезек бұрып келемін. Тегі
шалдарға қарағанда менің «намазым« ұзаққа созылды-ау 
деймін, өйткені олар мойнын екі-ақ рет бұрса, менің əлденеше 


рет бұруыма тура келді. Сөйтіп, 58, 60, 61-бөлмелердің есіктері 
алдынан өттім. Енді алпыс екінші келетін шығар деп, жүрегім одан 
сайын лүпілдей түсіп, сол жағымдағы есіктің мандайшасына жəне
қарадым. Жоқ, бұл алпыс екі емес, тіпті мұның маңдайшасында 
ешбір цифр жоқ. Ал қарсысындағы есікте 63 деген цифр тұр. Сəл 
бөгелдім де, мүмкін алда шығар деп, екі жағыма кезек үңіліп, тағы 
ілгері жүрдім. Қанша үңілсем де алпыс екінші есікті таппадым. 
Шорылдап аққан су дыбысы естіліп жатқан ең түкпірдегі бөлмеге
дейін бардым да, дəліздің қабырғасына тіреліп, кейін қайттым. 
«Бұл қалай болды? Əлде Меңтай бөлмесінің нөмерін қателесіп 
теріс айтты ма? Əлде ол мені алдады ма?.. Неге алдайды, олай 
болуы мүмкін емес…» Осы-лай ойлап, ұзындығы ат шаптырым 
дерлік жатақхананың екінші басын қуалап, ондағы бірінші номерлі
есіктің алдына дейін бардым. Бірақ еш жерден алпыс екіні 
кездестірмедім. Салым суға кетіп, кейін қайттым. Енді не істеу 
керек? Қой, жаңағы номерсіз есікті анықтап қарайыншы деп, алпыс 
үшінші бөлменің қарсысына қайтадан келдім. Сөйтсем, басқа 
бөлмелердегідей ромб пішіндес қаңылтырға жазылған мандайша 
нөмері түсіп қалыпты да, оның орнына бұл есіктің тақтайына 
қарындашпен бадырайтып, 62 деген цифр жазылған екен. Екі 
көзім мандайшада боп жүрген мен алдында оны аңғар-маппын да, 
бос бейнетке түсіппін.
Бөлме табылғанымен, менің жүрегімнен бөлмеге кірер
батылдықтабылмай, тағы біраз бегеліп қалдым. Сағатыма
қарасам, таңертеңгі сегізден жаңа асып барады екен. «Апырай,
осы келісім не келіс? Қыз шақырды деп қылқандап, таң атпай
жетіп келуімнің жөні қалай болады?.. Менің бұл елпектегенімді
қыз қалай түсінеді?..» деп ойлап тұрдым да, «шешінген судан 
тайынбас» дегендей, не де болса кіруге ұйғардым. Меңтай есік
дыбысынан шошымасын дедім бе, білмеймін, əшейінде
темірдей саусақтарым киіз боп кеткендей, былп-былп еткізіп есік 
қақтым. Іштен ешкім дыбыс бермеді. Тағы да қақтым, тағы да үн 
жоқ. Үш рет сөйттім. Итеріп қарасам, есіктің кілттелмей бос 
жабылып тұрғаны байқалды. Содан соң «алға!» деген бұйрық
естілгеннен кейін окоптан қарғып шығып, мойныңды ішке
алып, мылтықты кезене ұстап, шабуыл дүрмегіне ілесе 
тайсақтай ілгері жүгірген солдаттай болып, көзімді шарт жұмдым 
да, есікті ішке қарай итеріп қалдым. Тұтқа қолымнан сүйреп, 
есікпен ілесе ішке кірдім. Ішке кірсем… Сол жақтағы жəне төрдегі 
екі төсек жинаулы, бос тұр. Екі төсектің бел ортасындағы екі ақ 


жастық: «Саған не жоқ, ей» дегендей, екі құлақтары едіреңдеп, 
маған қарай қалысты. Мен, неге екенін білмеймін, əлде бір магнит 
тартқандай болды ма, əйтеуір шапшаң мойнымды оңға бұрдым.
Бұрылсам, он жақтағы төсекте Меңтай жатыр. Жайшылықта жуан 
бұрым етіп басына орап-орап, төбесінен түйіп тастайтын қалың
қара шашы ақ жастықты көміп кетіпті. Ақ маңдайы ашыла
жарқырап, ақша беті албырап, бал-бұл жанады. Оң бетіндегі 
қара мең мойылдай мөлдіреп, көзіңді қызықтырып, жаныңды 
еріксіз шиыршықатырады. «Апыр-ай, Меңтай деген əсем ат бұған 
осы меңге байланысты қойылған екен-ау» деп ойладым ішімнен 
сол сəт. Өз лебіне өзі балқып, тəтті ұйқының құшағында жатқан 
сұлу қыздың сəбидей пəк жүзінен өзгеше бір рақат нұры шашырап 
тұрған тəрізденді.
Шинелімнің екі етегі салбырап, керзі етігімнің екі ұлтаны еденге
екі басы алшия жабысып қалғандай боп қалшиып тұрған мен
құнқағарлы қоқайма фуражкамды умаждап, бұрап, мыжғылай
бергенімді өзім де аңғармаппын. Кісі қолынан садақа дəметкен 
қайыршыдай емініп, қыз тесегіне теніп тұрып қалыппын.
Кезім Меңтайдын беті-жүзін сұқтана, ашқарақтана шолып, оның
бұғағы мен мойнына қарай ауысты. Жалаңаш жатқан мəрмəр 
екі иық пен жаңа ғана көшеде өзім көріп, қолыммен уыстаған ұлпа 
қардай аппақ кеудені көргенде жаным шығып кете жаздады. Екі 
иықтан асып келген ақ жібек иық бау, қыздың көгілдір түсті жұп-
жұқа ішкөйлегінің омырау тұстарынан жалғасыпты. Ішкөйлектің 
кеудесі көктемде қозы жейтін балауса сарғалдақтың үлдірегі 
іспеттес жұқа шілтермен безеліпті. Одан төменіректе, ішкөйлек 
астынан, қатар жатқан қос жұдырықтай боп, қыздың қос
алмасы тырсияды. Қыз денесінің өзге жағын менен
жасырғандай боп, жеңіл қызыл жібек көрпе шымқап орай алыпты. 
Қызыл көрпе маған жай көрпеден гөрі, қыз денесінің басқа бөлігін
қызғана қымтап, қаусыра құшып жатқан əлдебір толассыз
құмарлық, құштарлық бейнесіндей боп көрінді. «Мейлің, өзге
жерін көрсетпесең көрсетпе, маған мынау жалаңаш, ғажап
кеудені көрудің өзі де жетеді» деп, көрпемен іштей ұрыстым да, 
қайтадан Меңтайдың бетіне үңілдім.
Сол кезде қыз төсегінің бас жағында, жерде жатқан кітапқа
назарым ауды. Оның мұқабасында «Жас Вертердің азабы» 
деген жазу көзіме оттай басылды. Бұл менің соғыстан қайтарда 
сонау Германияда жүріп оқыған соңғы кітабым болатын.Тегі


Меңтай мұны түні бойы оқып, тауысып, талып ба-рып
ұйықтаған-ау. Бітірген соң, бас жағына тастай салған кітабы
жерге түсіп қалған болды ғой деп ойладым да, ақырын
еңкейіп, жердегі кітапты сыбдырлатпай алып, ептеп қана 
Меңтайдың жастығының жанына қойдым. Содан соң, қыздың
мынау ғажап, тəтті ұйқысын бұзбайын деп, аяғымның ұшы-мен
бір басып, екі басып, есікке қарай шегіндім.
Шығар алдында ұйықтап жатқан қыз келбетіне тағы да бір
бұрылып қарадым. Маған Меңтай «Ұйқыдағы Венера» 
картинасынан да сұлу боп көрінді. Шіркін-ай, мен ұлы суретші 
болсам, соғыстан келген студент- солдаттың ұйықтап жатқан
жартылай жаланаш сұлу қызға ыстық іңкəрлікпен, сонымен
бірге мол мейір, қадір-құрмет таныта қадалып қалған сол бір
сəтін ұрпақтан ұрпаққа жетер мəңгілік мұра етіп қалдырған
болар едім деп ойлап, бөлмеден шықтым да, ептей тартып, есікті 
жаптым.
Қайтадан көшеге шықсам, айнала бағанағыдан да
жарықтанып, төңіректің бəрі жайнап, жадырап кетіпті. Бағанағы 
жатақханаға кірердегідей емес, менің де аяғым қаздаң-қаздаң 
етеді. Жатақхананың дəл жанынан өтетін Ұйғыр көшесіне түсіп
алып, Алатаудың алыстан көрінген ақ бас шыңын бетке ұстап,
лағып, гарта бердім. Ол кезде Алматыда үш этаждан биік үйлер 
болмайтын. Олардың өздері де орталық көшелердін əр жерінен 
бір бой көрсетіп, қаланың өзге тұстарын бір қабат жатаған ағаш 
үйлер кернейтін. Əсіресе, Ұйғыр көшесі сияқты сырт аймақтарда
ұзын-ұзын барақ, жеке-жеке оңаша жай ағаш үйлер тіпті көп
болатын. Солардың ара-арасымен өтіп келе жатқан маған 
жатаған сол бір жаман үйлер алтын сарайдан кем көрінбей, сол
сəтте өзімнің ғажайып бір бөтен патшалықтың ішін аралап,
кезіп жүргендей жайым барын бұлдыр сезінемін. Аяқ
астымдағы ақ қардың шетін кейде əлдебір қызыл нұр бүркеп,
қымтап жауып қалған жай елестейді. «Ə, бұл Меңтайдың аппақ 
қар-дай денесін бүркеп жасырып жатқан жаңағы қызыл көрпе 
елесі болар» деп ойлаймын да, өз-өзімнен тамсана жымиямын. 
Ендіғі ойым алпыс екінші бөлмеғе ауысып, жаңағы картина
тұтастай көз алдыма өралды. «Əттең, шіркін-ай, Меңтайдың ақ
денесін қаусыра құшып жатқан жаңағы қызыл керпе кандай 
ғажап! - деп ойлаймын ішімнен. Мен сол кызыл көрпе болар ма 
едім. Əй, ол менің қолыма тимейтін, кесек бақыт қой. Одан да сол 


керпенің астары болсам да жарар еді-ау. Жок, ол да менің маң-
дайыма сыймас, ең жоқ деғенде, сол көрпе астарының бір са-бақ 
жібі болсам да жетер еді…»
Осындай қиялмен келе жатқан менің ойыма əлдекайдан келіп: 
«Ақ етіне қызыл көрпе басылып» деғен сөздер өрала кетті. 
Алғашында оған онша мəн бермедім де, орамы жеңілдеу сияқты 
көрінген бұл сөздерді іштей ыңылдап, тағы бір қайта-лап айтып
шықтым. Сөнда ғана оның ойнақы өлең жолына ұқсас бірдеңе
екенін білдім. Көшеде арлы-берлі өсылай ыңыл-даумен жүріп,
өзімнің шөрқақ тіл, өлақ үйқасыммен Меңтайға арнап алғаш рет 
өлең шығарғанымды аңғардым. Əр жерге төқ-тай қалып, түрегеп 
тұрып, көйын дəптеріме тізген үзік-үзік жолдардан «Қызыл
көрпе» деген атпен мынандай төрт-бес ауыз өлең
құрастырыппын.
Тəтті ұйқының құшағына беріліп, Жатты сұлу шалқасынан керіліп, 
Ақ дидарын, аппақ тəнін көргенде Бойым балқып, кетті сезім 
еліріп.
Ай секілді мандайдағы қиғаш қас, Беттегі мең - сайда жатқан қара 
тас. Дем шығарып кеудесінен жұпардай, Корғасындай толықсиды 
қарындас.
Ак етіне кызыл көрпе басылып, Көкірегі жатыр екен ашылып: Діріл 
какты уылжыған кос алма, Қара шашы толкындай боп шашылып.
Күнім туып бақ жұлдызым жанатын, Қымтап, шымқап, жаным 
рақаттанатын, Болсам етті, əттең дүние-ай, сол көрпе Құшып, 
сүйіп, құмарым бір қанатын.
Дəурен кайда маған оны сүйетін? Тым болмаса киімінің
киетін, Не сол көрпе астарының бір сабақ Жібі болсам 
денесіне тиетін! Не болса да көкіректі жарып шыққан пəле емес 
пе - осы жаман өлең сымақ ол сəтте өзіме жап-жақсы сияқты боп 
көрінді. Айта берсеңіз осындай өлең құрастырғаныма, бейне бір 
Абайдың «Айттым сəлем, қаламқасын» шығарғандай-ақ едəуір
қанаттанып қалдым. Сөйтіп көшені біраз таптағаннан кейін,
сағат он бірге таяна жатақханаға жақындап қайта келдім. Сол 
сəтте бір ой түсе қалды да, шапшаң жан-жағыма қарадым. Жол
шетіндегі аласа қашалы аулалардың бірінде шатырын қар басып, 
саңырау қуяақтай қалтиған беседка тұр екен. Қашадан бір-ақ 
аттап, жүгіріп соған бардым. Беседканың ортасында жазда үй 


иелері отырып домино ойнайтын үш сирағы ағаш, бір сирағы 
темір, ортасы ойылып кеткен ескі стол бар екен. Соның бір шетіне
отыра қалып, жасаулы жақсы ка-бинетке жайғасқан үлы
ақындай-ақ айналама маңғаздана қарап алып, жаңағы өлеңді 
жеке қағазға көшіруге кірістім. Кағаздың өртасына ірілеу етіп 
«Қызыл көрпе» деп жаздым да, оның астына жақша ішіне
үсағырак əріптермен «Меңтай ту-ралы лирикалық ой» деген
сөздерді жөне көстым. Өленді ке-шіріп болып, қайталап оқып
шықтым да, аяғына «1946 жыл, 1 январь» деп күнін көрсеттім. 
Сөдан соң қағазды жаксылап бүктеп, қойын дөптерімнің ортасына 
салдым да, орнымнан тұрдым.
VI
Жүректегі лүпілді шынашақтың сəл дірілінен аңғартып, тағы да 
менің қолым соқырдың алақаныңдай боп, алпыс екінші бөлменің 
есігін ақырын бір сипап өтті. Содан соң саусақтар бүгіліп, бірінен 
бірі сүйеу, қолдау тапқандай иықтаса жұмылып барып, тақтайды 
тықылдатты.
— Кіріңіз, кіріңіз, - деп екі рет қайталап айтқан қыз даусы естілді. 
Мен есікті жайлап ашып, ішке кірдім. Үстел басында Меңтай 
көйлегін үтіктеп жатыр екен. Мені көргеннен кейін:
— О, ағай, жоғарылатыңыз, төрлетіңіз, - деп үтігін үстел шетіне 
шоқитып қоя салды. Меңтай үстіне көп жуылғандықтан бұрынғы 
қара көк түсі бозғылттанып кеткен көнетөздау спорт костюмін киіп 
тұр екен. Ескілеу болғанмен етпен ет боп жабысқан осы бір 
жарасты киім қыз мүсінінің мүшелерін айқындап, адамды одан 
сайын ынтықтыра түсетіндей. Оның есесіне бағанағы ақ мойын, ақ 
білек, уыз кеуде біржола жасырынып, бүркеліп қалған. Мен сол
бір сұлу картинаны іздегендей тамсанып, төсекке қарадым.
Тап-тұйнақтай боп жиналған қыз төсегі маған жанды ерітер 
тамаша картинаның бос қалған рамасындай үңірейіп тұрған 
сияқты боп көрінді. Үтігін қоя салып, Меңтай екі қолын 
қатарластыра ілгері созып, маған қарай жүрді.
— Ағай, сіздің Жаңа жылда бақытты болуыңызға, ойға алған 
мақсаттыңыздың бəрі түгел орындалуына шын жүректен 
тілектестік білдіремін! - деп кішкентай əсем алақандарының 
арасына алып, менің қолымды қысты. «Егер шын тілектес болсаң, 
онда ойға алған бар мақсатым - өзіңсің ғой, Меңтай», - дедім мен 


ішімнен. Бірақ оны сыртыма шығарып айта алмадым.
— Рахмет, Меңтай, мен де сізге соны тілеймін! - дедім оның қолын 
мен де қос қолдай қысып, қысып емес-ау, жас баланың білегін 
ұстағандай мəпелеп. Меңтай маған еркелей қарады.
— Ағай, бір өтінішім бар, айтайын ба?
— Айтыңыз, - дедім, «ол не етініш болды екен» деп жүрегім лүп
ете қалып.
— Айтсам, бүгіннен бастап мені «сіз» демей, «сен» деп
айтыңызшы. Жарай ма?


— Неге?
— Мен сізді туған ағамдай жақсы көремін, - деді Меңтай тағы да
еркелей үн қатып. - Ал «сен» демей, маған «сіз» десеңіз, онда
бөтен адам сияқтанып кетесіз.
Меңтай осылай деп, оң иығына қарай басын қисайтты. Үстіне
спорт костюмін киген Ментай маған бұл сəтте көз қызықтырар
бөтен үйдің бойжеткенінен гөрі ерке-шора боп өскен тентектеу өз
бауырым тəрізденіп кетті.
— Жарайды, онда солай болсын, - дедім мен күліп.
Меңтай мені жетектеп төрге шығарып, орындыққа отырғызды.
Содан соң үстел үстіндегі үтіктеліп болған ұзын жеңді қысқы
көйлегін, гардеробтың есігін қалқалап тұрып, оның ішінен жəне
бірдеңелерді алды да: «Ағай, мен қазір келемін» деп есіктен 
шығып кетті. Мен бөлмеде оңаша қалған мен студенттік жұпыны 
тіршілік мекеніне көз жүгірттім. Арзанқол темір төсек, тақтай 
тумбочкалар. Əр қыздың төсегінің тұсына тұскиіз, кілемше
орнына газет тұтылып, олардың үстіне фотосуреттер 
жапсырылыпты. Көпшілігі екеу-үшеуден, кейде үлкен топ болып 
бірігіп түскен қыз суреттері. Əр тұстан əскери киімді жігіт суреттері 
көзге шалынады. Сондай бір жұпыны жігіт Меңтай тұсында да тұр.
Меңтай расында да тез келді. Жаңағыдай емес өзгеріп,
басқаша болып келді. Үстіндегі спорт костюмін шешіп тастап,
өзінің кыз киімін киіп алыпты. Тегі менің алдымда тар кос-
тюммен алды-артын бұлтитып жүруге ұялған болу керек. Мені не 
дəлізге қуаламай, не теріс қаратып қойып, осы жерде шешініп, 
көйлегінін судыр-сусылымен, желкені куйдіре, жақыннан
шыққандай боп білінетін ыстық демінің лебімен жанымды 
қинамай, өзі басқа қыздардың бөлмесіне барып, қайта киініп 
келген. Жіп шұлығы оқтаудай түзу аяқтарына жəне жарасып тұр. 
Мен Меңтайдың бұл инабаттылығына іштей сүйсіндім.
— Ағай, мен сізді ертерек кеп қалар деп шай қайнатып қойып едім,
- деді Меңтай, дəлізге дəл бір сол үшін шығып келгендей. Киімін
ауыстырып келгенін ешбір сез етпестен, қолына шиыршықтап
ұстаған спорт костюмін гардероб тартпасына сұға салды.
— Мен расында да ертерек келіппін. Келсем, сіз.. а, жоқ, сен, -
дедім күліп, жаңа ғана Меңтайды «сен» деп атауға уəделескенім
есіме түсіп, - ұйықтап жатыр екенсің.


— Ə-ə! - деді Меңтай даусын əндете созып. - Онда есікті қаттырақ
қақсаңыз етті, мен оянатын едім ғой.
— Мен ақырын қақтым, бірақ есік кілттелмей, бос жабулы тұр екен.
— Кілттелмепті дейсіз бе? - деді Меңтай бөлмесіне дəл қазір ұры 
кіріп кеткендей көзі бақырайып. - Бір кітапты қолыма алып едім. -
Меңтай оның не кітап екенін айтқан жоқ. Бірақ мен оның не 
кітап екенін түсініп, қыз тесегі жаққа көзімді жүгірттім. Бірақ жас 
Вертер Лоттаны іздеп, таңертеңгі жатқан жерінен «тұрып кетсе» 
керек, орындық, тумбочка үстерінде де көрінбеді. - Сол кітаптың 
қызығымен есікті əне жабамын, міне жабамын деп жатып 
ұмытқанмын ғой тегі. - Кыз əлдебір ұятқа ұрынғандай боп, басын 
шайкады. - Мен əзім сақ емес, сенгішпін. Осыным жаман-ау, тегі, - 
деді өзіне өзі ұрысқандай: - Түнде үйге ағай емес, басқа біреу кіріп 
кетсе, қайтер едім. Осыдан кейін Меңтай екеуіміз үстел басында 
отырып, шай іштік. Бір тілім қара нанды бөліп жеп, Меңтаймен 
ішкен қара шай маған балдан да тəтті боп көрінді. Екеуміздің
ортамызда тұрған кемерінен шай ұрттаған сайын күйдіріп,
ерінді қаритын екі қаңылтыр кружка, шойын шəугім мен
пластмассадан жасалған арзан тарелка сол сəтте маған 
дүниедегі ең қымбат алтын сервиздерден де артық, қадірлі 
сияқтанды.
— Сіз менің туған ағам Жүніске сондай ұқсайсыз, ағай, - деді 
Меңтай шай ішіп отырып, - біз бір əке, бір шешеден Жүй-ке
екеуіміз ғана едік. Кішкене күнімде тілім келмей, мен Жүністі
Жүйке дейді екемін, өмір бойы солай атап кеттім. Ол менен
бес жас үлкен болатын, сіз құралыптас еді. Сіз де қозыдай
жуассыз, момынсыз ғой, ағай. Жүйке де сондай еді. Анау тұрған 
сол ағайымның суреті. - Меңтай төсегінің тұсындағы газетке 
жапсырылған суреттерді нұсқады. - Сіз ең алғаш біздің 
аудиторияға кіріп келгенде, не болғанымды білмей кеттім. Сізді 
мені іздеп келген сол ағайым екен деп қалдым. Артынан Жүйке 
емес екеніңізді білсем де, жүрегім еріп, үзіліс болғанша əрең 
отырдым. Сіз тым болмаса менің ағаммен соғыста бірге болмады 
ма екен деп ойладым. Үзіліс кезінде соны сұрайын деп
оқталған едім. Қалжыңбас Қанипа сізді ұзақ тергеп, əуреге 
салды. Сол кезде менің сізге қатты жаным ашып тұрды.
Шыдамай, қасыңызға барғанымда Жүйке есіме түсіп, «Арманым,
ағатайым, қайдасың сен?» деп ішімнен егіліп, жылап тұрдым.
Кейіннен, сіздің дəптеріңізді үйге əкеліп, қазақ тілінің барлық 


конспектілерін көшіргенімде де осы жерде отырып оның талай 
беттеріне көзімнің жасы тамды. Меңтайдың мен алғаш 
аудиторияға келген сағаттан бастап маған қамқоршы болғанын 
жоғарыда айттым. Ол сол күнгі лекциядан кейін менің қазақ тілі
дəптерімді алып кетіп, бірнеше кеш отырып, бұрын еткен 
лекцияларын көшіріп берген. Сол сияқты Майра, Күлкен,
Қанипа сияқты қыздарға да бір-бір дəптер етіп басқа пəн
лекцияларын жəне кешірткен. Адал көңілмен ағасындай көріп,
жаны қалмай, қамқоршы боп жүрген қызға менің іштей ғашық 
болып, құмартуым оған бейне бір жамандық ойлаумен пара-пар 
сияқты боп көрінді өзіме. Осы осалдығым үшін өзімді өзім іштей 
кінəлап, ұрысып, үнсіз отырып қалдым. Қыздың балдай тəтті
шайы терлетті ме, əлде шайдан ыстық сөзі жіпсітті ме,
білмеймін, маңдайым бусанып қоя берді. Меңтай жайлап 
отырып сөзін ары қарай жалғады.
— Ағай, сіз Сегізінші гвардия дивизиясынан келген жоқсыз ба?
— Жоқ, мен Жүзінші бригадада болдым.
— Ондайды естігем жоқ. Маған соғыстан қайтқан жұрттың бəрі 
Сегізінші гвардия дивизиясынан келген сияқты боп көрінеді. - 
Меңтай сəл бөгеліп, ойланды да, оның жауабын өзі айтты. - 
Бəлкім, ол Жүйкенің сол дивизияда болғанынан шығар.
— Ол кісі тірі ме? - деп сұрадым мен.
— Жоқ, «қара қағаз» келген. Артынан қасында болған кісі өз 
қолыммен қойдым, өлгені рас деп сендірді. Осы арада Меңтай
екеуіміз де едəуір үнсіз отырып қалдық. Тегі ендігі əңгімені
неден сабақтарымызды білмей, бөгелген болуымыз керек. Шай
ішілгеннен кейін Меңтай ыдыс-аяқты гардероб полкаларына
тез жинап тастады да, төсегінің бас жағындағы тумбочкасынан 
бір қалың кітапты алып шықты.
— Ағай, - деді ол үстел басына қайта келіп, жаңағы шай
ішкендегідей менің қарсыма емес, енді қасыма отырып жатып, -
мен кітапханадан үш күнге сұрап əкеп, «Одиссеяны» оқып жатыр
едім. Өткен түнде Гетенің қызығына түсіп, мұның аяғын бітіре
алмай қалғаным. Сізбен бірге отырып, осыны тауысып тас-тасақ
қайтеді, егер бүгін басқа жұмысыңыз болмаса?
— Жоқ, оқиық, - дедім мен бірден.
— Онда жақсы болды, - деді Меңтай қуанып кетіп. - Бəрі-бір


жазда ежелгі грек əдебиетінен емтихан тапсырғанымызда да 
керек қой бұл. Маған сонау жазда тапсырылатын емтиханнан гөрі 
сол сəтте Меңтай қасында көбірек отыру қымбаттырақ еді.
— Шаршағанда кезектесіп оқырмыз, қазір мен бастайын, ағай.
Мен басымды изедім. Меңтай, тамағын кенеп алып, он тоғызыншы 
жырдан бастап, оқуға кірісті. Все разошлися; один Одиссей в
опустевшей палате Смерть, замышлять женихам совокупно с
Афиной остался. С ним Телемах…
Меңтайдың əсем даусы, жаздыгүні Алматының əр кешесін
бойлай ағатын сансыз бұлақтың сылдыр-сыңғыры тəрізденіп, 
бірте-бірте бөлмені керней бастады. Қыз кітапты бар ықыласымен 
беріле оқып отыр. Əсіресе ол Пенелопаның басынан кешкен 
қиыншылық, ауыр жайлар тұсын оқығанда сөл қасіреттердің бəрін 
өз басынан өткеріп отырғандай қабақ шытып, қиналып
қалады. Сол кезде мен ішім ауырып отырғандай кіржиіп,
онымен іштей қоса қиналамын. Меңтай даусы жанды əлдилер 
бүлақ сыңғырындай біркелкі күйге кешкенде мен де кең тыныс 
алып, жадырап, рақаттанып қаламын. Өзіңіз 
білесіз,«Одиссеяның» соңғы жыр-тарауларында Одиссей 
батырдың жары Пенелопа сұлудың соғысқа кеткен ерін жиырма 
жыл бойы айнымас адалдықпен күткені суреттеледі ғой. Жиырма 
жыл бойына ол өзінен дəмеленіп, қол созған жігітсымақтардың 
бəрін əр түрлі айла тауып, бойына дарытпайды. Қызығушылар қыр 
соңынан қалмаған соң, бірде ол сол елдің дəстүрі бойынша қарт 
атасына кебін тоқуға кіріседі. Соны бітіріп, атамның алдында 
келіндік қарызымды өтегеннен кейін ғана басқа күйеуге шығамын 
деп жар салады. Бірақ Пенелопа күндіз тоқыған өрмегінің жібін өзі 
ылғи түнде тарқатып тастап отырады. Дəмелі жігіттер арудың бұл
айласын сезіп қойып, көбінді тез тоқып бітір деп дігірлейді.
Бұл айласы ашылып қалғаннан кейін Пенелопа жаңа бір шартты 
жəне ойлап табады. Енді ол Одиссейдің үйде қалған адырнасы 
ағытулы садағын кімде-кім тартып, бір жебені қатар тізілген он екі 
шығыршыктың көзінен өткізсе, соған тиемін дейді. Өйткені ол 
Одиссейдің алып садағын ешкім тарта алмас, сөйтіп мырзалар 
менен күдерін үзіп, құлағыма тыныштық берер деп үміттенеді. 
Күйеулердің өзара жарысы белгі-ленген күнге Пенелопадан дəмесі 
барлардың бəрі тегіс жиналады. Бірақ олардың бірде бірі
оқатып, он екі шығыршықган өткізбек түгіл, алып садақтың 
адырнасын да кигізе алмайды. Осы топырдың үстіне Одиссей


келіп, ақ некелі əйелінің басын дауға салғандарды тегіс
құртады. Сөйтіп ол өзінің кіршіксіз адал жары Пенелопаға 
қосылып, өзі жоқта ержетіп, азамат болған ұлы Телемахпен, 
барша ел-жұртымен табысып, мұратына жетеді. Қасымдағы
қыздың оқып отырған кітабына, кітаптың екінші бетінде жатқан
оның ақ сүйрік саусақтарына мүлгіп, телміре қарап, қыздың 
үніне, кітаптың оқиғасына елтіп, екеуіне бірдей ынтығып, мен 
ұзақотырдым. Сондай сəттерде кейде менің иығым Меңтайдың
иығына тиіп кетеді де, вокзалда отырып ұйықтаған адамның
селк етіп оянып, мойнының сылқ ете түскенін көрген ешкім
жоқ па екен деп, жалма-жан жан- жағына қарап, əлек боп 
қалатынындай, кеудемді кейін шегеріп, қолымды қайта-қайта 
уқалай беремін.
Сөйтіп отырып, кешке қарай біз «Одиссеяны» аяқтадық. Əрине, 
мен осының бəрі өз жырым - өз одиссеям болмағанына іштей
өкіндім. Əлдебір көмескі елестер көз алдыма келіп,
Сəлиманың мені күтпей, басқа біреуге тиіп кеткені ернімді 
еріксіз тістетіп, жəне қынжылтты.
— Міне, бір үлкен жұмыс бітті, ағай, - деп Меңтай кітаптың соңғы 
бетін жапты. Бірақ оны алдынан ысырып тастамай, оқығанын ойға 
жинағандай боп, кітаптың сыртын сипап біраз үнсіз отырды.
— Ағай, сіз қалай ойлайсыз? - деді ол содан соңмаған соң- шама 
бір сабырлылықпен қарап. - Маған Гомер поэмалары 
қазақдастандарына ұқсайтын сияқты боп көрінеді. Мəселен, мен 
өз басым осы Одиссейді біздің Қобыланды батырға , Пенелопаны 
Құртқа сұлуға жақындатамын да тұрамын. Айырмашылық екі елдің
тіршілік кəсібінде, бірі теңізді, екіншісі даланы мекендейтіндігінде 
ғана ғой деймін. Қобыланды жауға аттанып кеткенде оның елін 
Қызылбас жұрты шауып алып, сол елдің ханы Алшағырдың 
Құртқаны аламын деп əлек салатыны жаңағы Пенелопаны 
аламын деушілердің қылығына ұқсамай ма? Өмірі Гомерді 
естімеген қазақ жырауларының онымен үндес шыққанына қайран 
қаламын.
Бұл сөздерімен Меңтай маған кітапты кей қыздарша судыратып 
босқа оқып шықпай, оның мəн-мағынасына ой жіберіп,
оқығандарын бір-бірімен салыстыра отыратын зерделілігін
танытты. «Қаласаң, сен түбегейлі зерттеуші, жақсы ғалым да боп 
шығар едің-ау» депфйладым мен.


— Иə, рас, - дедім мен Меңтайдың сөзін құптап.
— Менін əдебиеттегі əйел бейнесінен ең жақсы көретіндерім
осы Пенелопа, Құртқа тəрізділер, - деді Меңтай ойын ары қарай 
жалғап. - Бұлардың өзі еңбекші əйелдер. Пенелопаның атасына 
ақырет тоқымақ боп, күндіз-түні өрмектің үстінен түспеуі, 
Құртқаның Тайбурылдай тұлпарды балаша мəпелеп, бабын тауып
өсіруі ересен еңбекшілдікті білдірмей ме? Меніңше, əйелге
керек негізгі үш қасиет бар, ағай. Олар: еңбекшілдік, 
ақылдылық, сұлулық. Бойында осы үш қасиет тегіс бар əйелді төрт 
құбыласы түгел əйел деп бағалау абзал. Ал соның алғашқы
екеуі ғана табылса, онда соңғысынсыз да өмір сүре беруге
болады. Солай емес пе, ағай? - Мен əйелдердің сұлулықты
өздеріне ең бірінші қажет деп білетінін, сондықтан сиықсыз 
əйелдер де өздерін сүлумыз деп есептейтінін сезсем де, 
Меңтайдың сөзін құптап, тағы да басымды изедім. Бірақ 
Меңтайдың еңбекшілдікті бірінші қажетдеп біліп отырғанын оның 
келесі сөзінен ғана анғардым. - «Əдебиеттегі еңбекші əйелдер 
бейнесі» десе, бір диссертацияға тақырып та болады екен-ау өзі.
Қыз осылай деп сөзін аяқтағандай болды. Бірақ оны мен қайтадан
жалғастырдым.
— Осы тақырыпты өзің диплом жұмысы етіп алып,
университет бітірген соң оны диссертацияға неге
айналдырмайсың, Меңтай?
— Диплом жұмысы етіп алуға болады ғой, - деп барып қыз 
жымиып күліп алды. - Ал диссертация қорғау менің қолымнан 
келмес.
— Неге?
— Анада оқытушы ағайдың осы жөнінде өжеттік, өлермендік деп
екіге жіктеп айтқан бір өткір сөзі əлі күнге дейін көкейімнен 
кетпейді. Ол сөз сіздің де есіңізде болар, ағай? - деді Меңтай өзіне 
тəн сыпайылығын берік сақтай отырып.
Иə, мен оны ұмытқан жоқ едім. Өзімізге құдайдай көрінетін
қасқа мандай қадірмен оқытушымыз лекция үстінде сөзден сөз 
шығып кетіп, былай деген еді: «Бағдарлап, барлап қарасақ, кей 
кезде диссертация түрлі жолдармен қорғалатыны байқалады.
Бірі - ғылымға келер жастын шын бейімділік таныт-қан, анық
парасатпен қорғауы. Екіншісі - ешбір бейімі, ғылы-мға анық қосар 


үлесі жоқ қарадүрсін, кейбір адамдардын күрпілдетіп сиыр 
сауғандай етіп кандидаттык дипломнан ай сайын мол акша сауып 
отыру мақсатын көздеп, құлқын-құмарлықпен, пайдакүнемдікпен 
қорғауы. Соңғысы, алғашқыдай ғылымда айтатын өз сөзім бар 
деп, өзекті жарып шыққан өжеттікпен емес, жалынып-жалпайып,
əлеусіреген өлермендікпен қорғау. Сендердің іштеріңде кейін 
диссертация қорғаймын дейтін талапкерлерің болса, онда 
ғылымға анау алғашқы ақ, əділ жолмен баруларыңды мəслихат 
етемін. Осы соңғы сəлекет жол доғарылса екен деп тілеймін».
— Ағайдың сол айтқанындай-ақ, - деді Меңтай жаңағы сөзін
жалғап, - ғылымға үлес қосу үшін емес, күрпілдетіп ақша салу
үшін ғана диссертация қорғау біздің қыздардың кейбіреулерінін
қолдарынан келсе келер, бірақ мен өйте алмаспын. - Меңтайдың 
енді бұл тақырыпта əңгіме қозғағысы келмеді білем, сөздің бетін 
басқаға бұрды. - Бұның бəрі мына кітаптан шығып кетті ғой. - Ол 
алдында жатқан кітаптың сыртын тағы бір сипап қойды. -
Айтпақшы, ағай, жаңа, кітап оқып отырғанда көмейіме келген
бір сұрақ бар еді. Соны сұрайын ба сізден?
— Сұра, Меңтай, - дедім мен күле түсіп. Қыздың не сұрағалы
отырғанын сезгендей, жүрегім су ете қалды.
— Сұрасам, Одиссей батыр сияқты, сіз де соғыстан қайттыңыз 
ғой. Ал елде сізді күткен өз Пенелопаңыз жоқ па еді? Бұл
сұрағыма ренжімеңіз, ағай, - деді Меңтай соңғы сұрағым менің
көңіліме кеп қалды ма дегендей, кейінгі сөздерін тездете айтып.
Несіне ренжиін, мен қызға шынымды айттым.
— Болды. Меңтай, - дедім сəл ғана күрсініп қойып. - Аты Сəлима 
еді. Соғысқа кетерде уəде байластық. Артынан ол осы КазГУ-ге 
келіп студент болып, оқып жүрді. Хат алысып тұрдық. Оның ең 
соңғы хатын мен 1944 жылдың басында алдым. Сол хат əлі күнге 
дейін қалтамда жүр. Тындасаң, оқып берейін.
— Оқыңыз, ағай, - деді Меңтай əлденеден қаймыққандай
бөгеле сөйлеп. - Бірақ өзіңізге ауыр болып жүрмесе… олай 
болса, оқымай-ақ қойыңыз.
— Е, адам басына түскен ауырлықтың бəріне көнуге де тиіс, оны 
көтеруге де міндетті ғой. Əйтпесе оның несі адам?! - дедім өзімді-
езім қайрағандай болып. Содан соң орнымнан тұрып, Меңтай 
шифонерінің есік жақ сыртындағы темір шегеде қабырғаға ілген 


қасқырдың терісіндей жер сыза салақтан тұрған шинелімнің ішкі
қалтасынан су өтпейтін жылтыр қағазға оралған хаттарды
алдым. Бөлме іші қара көлеңке тарта бастаған еді. Меңтай да 
менімен ілесе орнынан тұрып, есіктің екінші жақ қабырғасындағы 
қара тиекті бұрап, төбе шамды жақты. Мен орныма отырып,
Сəлиманың хатын оқуға кірістім. Мең-тай жаңағы жерге
«Одиссеяні» шынтақтай қайта жайғасып, бейтаныс қыздың əр 
сөзіне барынша зейін қоя тындап қалды.
Мен онда дəптердің алты бетінің асты-үстін толтыра ұзақ
жазылған хатты Меңтайға түпнұсқадан оқып берген едім. Енді
оны сізге жаттап алған тақпақ сияқты етіп, ауызша айтуыма
тура келеді. Егер менің қолыма қарамай, сəл қырындай
отырсаңыздар онда түпнұсқадан оқылған хатты тыңдағандай
əсер алуларыңыз да мүмкін. Ал бастайын не де болса.
«Жаным Ербол!
Менің сені шексіз сүйетінімді білесің. Өзім де сен дегенде шығарда 
жаным ғана басқа шығар деуші едім. - Бұрынғы хаттарының 
бəрінде Сəлима алдымен менің амандығымды сұраушы еді. 
Содан соң есен-сау бола беруіме, жауды тез жеңіп қайтуыма
тілектестік білдіретін. Осыдан кейін ғана өз жайын, ел
хабарын баяндауға кірісетін. Ит қуған адамның айқайындай ғып, 
бірден бұлай бастағаны несі екен деп ойладым бұл хат ең алғаш 
қолыма тигенде. Содан соң оны ары қарай оқыдым. - Осы кеше 
ғана ауылға каникулға барып қайттым. Бүркітбай бригадир сенің 
папаңның орнына колхозға председатель болған еді ғой. Жақында 
соның бұрынғы бала көтермеген кəрі əйелі қайтыс болыпты. 
Ауылға мен барған күннің ертеңінде біздікіне сол кісі келді. Маған 
амандасты. Сабағымның жайын, оқуды қашан бітіретінімді сұрап, 
біраз отырып, кетіп қалды. Басқа ештеңе деген жоқ. Бірақ кешке 
шешем маған «сен сол Бүркітбайға тұрмысқа шығасың, егер мені 
ше- шем дейтін болсаң, сөйтесің!» деп қиғылыкты салды. «Ол 
менің əкемдей кісі ғой, қалай шығамын?» дедім мен. «Түгі де жоқ, 
ерлі-байлы болған соң оның үлкендігі де ұмытылып кетеді» деді 
шешем. Мен көнбедім. Шешем қарысып отырып алды.
«Əкең трудармияда, сен оқудасың. Мына екі бала мен мені кім 
асырап, сақтайды? Ал Бүркітбайға шықсаң, өзіңнің де жаның 
тыныш - ит өлген жерге оқу іздеп сандалмайсың. Менің де жаным 
тыныш - бір жағыңнан өкеңді, бір жағынан сені ойлап, түн


ұйқымды төрт бөліп, дөңбекшімеймін. Бүр-кітбай екеуің бүкіл
ауылды билеп, бірің бастық, бірің мұғалім боласындар да, 
отырасындар. Осы заманда осыдан артықтың керегі не?» деп
құлағымның етін қудай жеді. Мен сені айттым. «Ерболды
қайтесіз, екеуміздің қосылатынымызды ел біледі ғой, - дедім. - 
Ол күнде хатты Алматыдағы маған да, ауылдағы саған да жазады. 
Осы үйдің өз адамы болып жолдайды», - дедім.
Шешем шап ете түсті. «Ербол, Ербол дейсің. Ол тірі келе ме,
əлі бола ма? Оны қайдан білдің. Қайта, Ерболдың сені жақсы
көргені рас болса, бағынды байламасын. Егер өзі аман келсе,
елден Ерболға лайыққыз табылады. Сəниям жетіп жəне
келеді. Ертең оған да күйеу керек. Тіпті Ерболға соны
беремін. Оған апасын алды не, сіңлісін алды не - бəрібір
емес пе? Екеуі де менен туған. Ал дөп саған ертеңгі
Ерболдан бүгінгі Бүркітбай артық. Осыдан Бүркітбайға
бармадың ғой, ақ сүтімді аспанға сауамын, теріс батамды 
беремін. Аналық қарызымды екі дүниеде де кешпеймін!» деді.
Не істерімді білмедім. Ақыры жазғы каникулге келгенде көрейік 
дедім. Оған дейін өзіңмен ақылдасып алғым келді. «Бүркітбай 
менімен бұрыннан сөйлесіп жүрген. Қыста келгенде сені үйіме 
кіргізіп бер, оқуға жіберме деген. Сенің сонау жазыңды күтіп, қу
тізесін құшақтап отыра бере ме ол. Осындағы бойжетіп
отырған қыздардың бірін алады да қояды, сені дəт дегізіп. Ана 
Жексеннің қызы Қатипа жоқ нəрсені сылтауратып, күнде баратын
көрінеді конторға. Бүркітбайды қалай қолыма түсіремін деп
жүрсе керек. Əне, сол сияқты біреу есігіме өзі келіп тұрған
бақ-дəулет, бай күйеуді қағады да кетеді» деп шешем тепсіне
тақымдап болмайды.
Ендеше Бүркітбай сол Қатипаны алсын, - дедім мен.
-Бүркітбай оны ұнатпайды, - деді шешем. - Осы төңіректе
оның ұнататыны сен ғана болып отырсың. Құдайдың
мұнысына мың шүкіршілік, ат аяғы жетер жердегі жал-ғыз
еркек қызының аяғынан құшақтап жатса, одан артық бақыт бар 
ма шешеге! Бірақ есіңде болсын, еркектің көңілі құбылмалы 
болады. Мысықты кім арқасынан сипаса, ол со-ған сүйкеніп, 
пырылдап, алдынан түспей қоймай ма? Еркек те сол сияқты. Қай
əйел бетіне күле қарап, қылмындай бастаса, еркек те соған қарай 
бейімделе береді. Сен шалқая бер-сең, ол ерегесіп, Жексеннің


қызын алады да қояды. Сөйтіп саған арналған жылы суға
Қатипа қолын малады да отырады. Жұртқа таба боп мен 
қаламын, елге күлкі боп сен жүресің. 
— Неге табалайды жұрт? - деймін мен.
— Неге табаламайды, - дейді шешем. - Бүркітбайдың көңілі
сенде екенін бүкіл осы ауыл түгел біледі. Кеше анау шеттегі
саңырау кемпір Сақып та: «Бүбіш, Сəлиманы Бүркітбайға
қашан қосқалы жатырсың? Ұмытып кетпей мені де тойына 
шақыр. Сəлиманың тұсауын өзім кескенмін», - деп кетті. Білмесе, 
ол не? «Ел құлағы елу» деген емес пе, бəрі де біледі. Білсін,
осы қиыншылықта мына Бүбіштен басқа кімнің қызын күйеу, 
күйеу болғанда жарты патша - басқарманың өзі алып жатыр.
Мен ыза боп кеттім. «Тойыңның да, Бүркітбайыңның да керегі
жоқ» деп жылап жатып алдым. Шешем бұртиып, біраз
қасымда отырды. Содан кейін даусын жұмсартып, басымды
сипады. Біраздан кейін мені құшақтап, өзі де жылап алды. Көзін 
сүртіп, бір кезде қайта сөз бастады.
- Егер соғыстан Ербол келмей қалса, сорлайтын сен боласың, 
балам, - деді жыламсырап отырып. - Одан да бүгіннен бастап 
Бүркітбайға шығып ал, қалқам. Айналайын, ақылың бар ғой сенің. 
Мына дауылды заманда үйге тіреу болатын еркек керек. Оқуды 
қайтесің, оқудың түбіне кім жетеді? Ербол, Ербол дейсің. Ерболың 
да жасынан оқу құмар бала болатын. Соғыстан бұрын тауыса 
алмай кеткен оқуын соғыстан кейін бітіремін деп əуре болмасына 
кім кепіл оның. Алдымен соғыстың бітуін күтіп, одан соң Ерболдың 
оқуды тауысуын тосып, өз бағынды өзің байлап отырасың ба, 
күнім-ау. Қыз баланың бақыты - байға тиіп, бала құшақтау. Жалғыз
сен емес, сонау Хауа анадан бері келе жатқан жоралғы осы,
ботам. Осылай деп шешем дауыс айтып отырып алды. Бір 
жағынан сені аяп, бір жағынан шешемді, он беске кеп қалған 
сіңлім Сəния мен он жасар інім Əскержанды аяп, екі оттың 
арасында қалғандай, дал болдым. «Апатай, бұл əңгімені жазға 
қалдыр» деп таң атқанша жылап, жатып алдым.
Бүркітбаймен ақылдасты ма, əлде өзі жібіді ме білмеймін,
ертеңінде кешке шешем осыған көнді. Жазғы каникулға
шыққанымда мені Бүркітбайға қосатын болды (Ал өзім
Бүркітбайды алғаш келіп, амандасып кеткеннен кейін көргенім 
жоқ).


Мінеки, сөйтіп, ауылдан мен кеше ғана келдім. Келе сала саған хат 
жазып, мұңымды шағып отырмын. Не істейін, Ербол! Не
қылайын? Жаным, қуатым, ақылды едің ғой, бір амалын
тапшы өзің. «Сақал-мұртың қуарып, бойға біткен тамырдың
бəрі бірдей суалып, алайын деп тұрмысың мені көріп қуанып»
деп қарт Қожаққа Ақжүніс айтқандай, Бүркітбай шалға қалай 
барамын, сенсіз қалай өмір сүремін? Бармасам, шешем күн
көрсетпейді, үй ішінің халі ауыр екен. Өзің барда күзде үй
басына арба-арба еңбеккүнге тиген астық түсіп, қыс
бойы ол қап-қап болып тошалада тіреліп турушы еді ғой. Өткен 
күзде біздің үйге бір жарым қап бидай əрең тиіпті. Үйдегі үш жан 
күніне үш мезгіл дастарқанға бір уыс бидай шашып, соны тауықтай 
теріп жеп, талшық ететін көрінеді. Бір біздің үй емес, бар ауылдың 
күйі осы. Жақ жүндері үрпиіп, бозарған балаларды көргенде ішің 
удай ашиды. Міне, елдің жайы осы, Ербол!
Студенттік жағдай да жетісіп тұрған жоқ. Күніне карточкамен
алатын бір жапырақ нан мен қатықсыз қара көже ғана. Жатақхана 
да суық. Осы хатты көрпеге оранып отырып, қолымды қайта-қайта 
үрлеп, өз деміммен жылытып, əрең жазып отырмын. Бірақ
маған сенің əр хатың бес күндік азық, əр сөзің бір күндік
қызу. Қаншама жүдеп-жадап жүрсем де сенен хат келгенде 
жайнап, жадырап кетемін. Бұл шын сөзім, шын сырым, қуатым.
Сүйіктім Ербол!
Менің бар жайым осы. Ендігі хабарды өзіңнен күтемін.
Шешімін де, кесімін де өзің айт. Мен сенің айтқанынды ғана 
орындаймын. Күт десең - күтемін, шалға бар, тұрмысқа шық
десең - шығамын. Талай махаббаттың қанатын қырыққан
қанды соғысты бастаған қаскөй жауға лағынет айтып шығамын. 
Бүркітбайдың босағасында басыма қызыл желек бүркелсе, саған 
деген ақ жүрегім қара жамылып жататын болады кеудемде.
Жоқ, бұлай болуы жөн емес, Ербол. Жазға дейін соғыс бітуі керек. 
Сендер Гитлер сұмның көзін жоясыңдар. Сонда Бүркітбай
айдалада қалады. Екеуміз қосыламыз - махаббаттың мерейі
үстем болады. Махаббат зұлымдыкты жеңеді. Сендер соғыста 
жаумен жұлысып жатырсындар. Менің жүрегім де сондай
майданға айналды. Менің жүрегімде махаббат пен шарасыздық 
шарпысып жатыр. Махаббат жеңісінің туы сендердің қолдарында,


Ербол. Сендер жауды құртасындар, майданда сендер көтерген
жеңіс туы мұнда жығылып жатқан мыңдаған махаббаттың
жалауын жалтылдатады. Айналайын, қуатым, жауды тезірек
жеңіндер. Сөйтіп, өзіңді де, мені де құтқар мына азаптан.
Қасымдағы қыздар жатып қалды. Мен стол шамын жаныма
жақындатып алып, саған осы хатты жазып отырмын, жылап 
отырмын. Мына бір сиясы жайылып кеткен сөз - менің көз жасым 
тамған жер.
«Жаман айтпай, жақсы жоқ» деген, Ербол. Жазда, жазатайым 
Бүркітбайдың жайған торына түсіп қалсам, сен мені кеш. Өзіңді 
уыз махаббатыммен шексіз сүйгенім үшін кеш. Соғыста талай 
темірдің қамырша иленіп, талай шойынның шыныдай үгітіліп
жатқанын сан рет жазып едің ғой маған. Ендеше адам жаны 
темірдей төзімді ме, шойыннан берік пе? Майданда сом
болаттарды күйреткен соғыс елде де талай серттерді
сындырып, уəлелерді уатып жатыр. Əрине, оныңда тау-қыметі
жауынгерлердің иығына түседі. Олай дейтінім, осы жолы
ауылдан келгенде күйеулері соғыста жүрген кейбір жас
əйелдердін, сөз байласқан жігіттері майданға кеткен қыздардың 
күйеуге шығып алғандарын көрдім. Жоғарғы ауылдағы өзіңнің 
Ағайша жеңгең завферма боп жүрген Жолболды деген шұбар
шалға тиіп алыпты. Алматыға қайтар алдында мектептің 
жанындағы лəпкеде кездесіп:
— Неге өйттіңіз? - деп сұрадым Ағайшадан.
— Күйеуімнен соғыс басталғалы хат жоқ. Мен сонсоң шықтым. Ал 
Еркеш қайнымнан (жеңгелеріңнің сені солай деп атайтыны есіңде 
шығар) күн сайын хат алып отырған сен де Бүркітбай бастыққа 
барғалы жатыр дейді ғой, - деп ол өзімді кекетті. Төменгі 
ауылдағы «бес жорға» атанған бес бойжеткеннің бірі Қазиза еді 
ғой. Сол отыз жыл отасқан əйелін тастатып, бригадир шалға 
шығып алыпты. Бұл менің ауылдан, өзіміздің қолхоздан ғана 
көргенім. Ондайлар басқа ауылдарда да бар шығар. Осының бəрі 
тұрақсыздықтан емес, көпшілігі шарасыздықтан кетіп жатыр,
Ербол. Мұның бəрін сенің алдында ақталу үшін жазып отырғаным 
жоқ, жаным. Ертең жауды жеңіп, аман қайтқан жігіттердің бəрі 
өздерін тоспай кетіп қалған жарлары мен ғашықтарына қарғыс 
дауылын боратып, лағынет боранын ұйтқыта келеді əлі. Содан, ең 
жоқ дегенде бір жігіт - менің ақылды досым, бар жағдайды


байыппен ойлап, пайымдай білетін Ерболым олай етпесін. Ол 
пайдасыз ашу мен ызадан биік болсын. Қыз сорлылардың шалға 
телініп, жат босағаны жастанғанымен, өздерінің сол жігіттерге 
деген сүйіспеншіліктерін жүректерінің түкпіріне түйіп, өмір бойы 
жадында сақтап қалғанын білсін. Қаншама бармын, бақыттымын 
десе де, сол алғаш сүйген жігіттерінің тебесін көргенде шексіз
қуанатындарын, оңашада соларды ойлап, ексіп алатындарын
түсінсін. Сөйтіп қыздарға кешірім етсін, жалғыз өз атынан
емес, барлық жігіттер атынан кешірім етсін деп жазып отырмын 
мұны.
Жо-жоқ, Ербол сен мұны мен Бүркітбайға баруға бел
байлаған соң айтып отыр екен деп ойлама. Жоқ, атама. Бұл
менің бар жүрегімді жайып, бар сырымды ақтарғаным саған.
Ойдағының бəрін жасырмай жазғаным. Осылай ақтарыла
сөйлеуге мені өзің үйретіп едің ғой, жаным. Сол талабынды
жəне орындағаным.
Міне, ағарып таң да атты. Терезеден ақ бас Алатаудың бір
биік шыңы көрінді. Осы шыңдай берік, осы шындай тұрақты 
болсам деуші едім өмірде. Оны алдағы күндер, алдағы жағдайлар 
біледі.
Ал, қалқам, мен болдым. Сенің амандығынды тілеймін. Осы
жазда жауды құртуларыңды күтемін. Сенің маған ақыл беретін 
хатыңды тосамын.
Басынды көкірегіме басып, қысып, бетіңнен сүйдім сені.
Окобыңда аязда тоңып отырған жеріңде ыстық ерніммен 
аймалап, айқара құшақтадым, жаным.
Сенің Сəлимаң.
1944 жыл, 20 ақпан, Алматы, КазГу».
Мен хатты оқып болып, Меңтай екеуіміздің ортамызға қойдым. 
Қыз қолын хатқа созбады. Маған оның жүрегі толқып, тулап 
отырғандай боп көрінді. Бірақонысын сездірмеді.
— Бұл Сəлиманың сізге жазған хаты ғой, - деді арамыздағы сəл
үнсіздіктен кейін Меңтай.
— Иə.
Қыздың көмейіне оның ар жағы не болды деген сұрақ та келген 
болар. Бірақ ол енді лəм демеді. Басталған əңгіме аяқсыз 


қалмайтынын біліп, əліптің артын бағып, үнсіз отыра берді.
— Енді ар жағын айтайын ба? - дедім қызға қарап. Меңтай басын
изеді.
— Бұл хатты оқып шыққаннан кейінгі менің жайым еркек
қауымның бəріне де түсінікті ғой. Көзге көрінбейтін əлдебір 
алып қолмен желкемнен ұстап алып, біресе тай қазанда бұрқ-сарқ 
қайнап жатқан ыстық суға малып, одан соң сақылдаған сары 
аязда мұз ойыққа батырып алғандай болды. Сол күшті қол мені 
осы бір ыстық, бір суыққа кезек сүңгітіп тұрғанға ұқсады.
Біресе денем от боп күйіп, артынша мұздап кеп қоя береді. Өне 
бойым қалш-қалш етіп бүрісіп, Балзақтың шегірен былғарысындай 
кішірейіп, бір жапырақ боп бара жатқан сияқтымын. Қойшы, не
керек, сонымен ол кезде күндіз күлкі, түнде ұйқыдан
айырылдым. Сəлимаға не деймін, не деп жауап беремін деп 
қиналдым. Оны ойлағанда қолымдағы мылтығымның сусып қалай 
жерге түсіп кеткенінде аңғармай қаламын. Бүркітбайға бар деуге 
Сəлиманы қимаймын, Сəлимадан айырылып қалсам, енді 
ешқашан да маған ондай жақсы қыз кездеспейтіндей көрінеді. 
Ешкімге барма, өзімді тос дейін десем, өлермін деп ешқашан 
ойламағаныммен, анық тірі қаларыма, осы күнгідей он екі мүшем 
сау, аман келеріме жəне кезім жетпейді. Өлі болам ба, тірі қалам 
ба - онда шаруаң болмасын, тек мені тос деп əгоистік жасауға
тағы да арым бармайды.Сəлима хатында жазға дейін жауды
жеңіп кел, сонда өзіміз қосыламыз дейді. Менің сөйтіп оған 
жеткім-ақ келеді. Бірақ бүкіл неміс армиясын жазға дейін жалғыз 
жайпап тастау менің колымнан келе ме? Еғер бəрі менің қолымда 
болса, онда жаз-ға дейін емес, бір айда-ақ, тіпті бір тəулікте, тіпті 
сол күні-ақ жауды құртып, бар ғашықты бақытты етіп, елге қайтқан 
болар едім. Қайтейін, қанша бұлқынса да бір солдаттың қолында 
не бар.
Өстіп дел-сал болып жүргеңімде елден тағы бір хат алдым. Оны 
ауылдан Сəлиманың шешесі жолдапты. Əрине, Бүбіш апайдың
өзі хат білмейтін. Бұл апайдың кіші қызы Сəнияның да жазуы
емес. Қолтаңбасы маған өте таныстау. Басқа біреуге 
жаздырыпты. Хатының мазмұны мынандай:
«Қымбатты Ербол балам!
Дүние тыныштық болса, сені шын балам болар дегі ойлаушы едім. 
Сұм соғыс килікті де, бəрінді көгендеген қозыдай алысқа алып 


кетті. Сəлимам сені сарғайып кеп күтті. Оның енді отыруының 
орны жоқ. Ерге шығуы керек. Шырағым, мен шешемін ғой. Ең жоқ 
дегенде бір қызымды қолымнан ұзатып, қызығын көрейін. Егер
сенің оны шын жақсы көргенін рас болса, бағын байламай, 
рұқсатыңды бер. Оған кінə қойма, өз күнін көрсін, обалдарың сұм 
Китлерге болсын. Ал, қарағым, Ербол! Осыны сенен аналық
тілек етемін. Жасыңнан ана сыйлаған жалғыз едің ғой.
Айтқанымды орындасаң - батамды беремін. Құдайдан сенің аман-
есен келуіңді тілеймін. Аман келсең, өзіңе лайық қыз табылады 
елден.
Анаң Бүбіш».
Бұл хат жанымды жəне күйдірді. Күйдірген кемпірдің сөзі ғана емес 
(бірақ шеше байғұста не кінə бар), сол хаттың жазуында еді.
Əріптері қиқы-жиқы бұл шимай Бүркітбай бригадирдің жазуы.
Мен жыл сайын, оқу біткеннен кейін, жаз бойы оның төбілшісі 
болатынмын. Сондықтан да маған Бүркітбайдың қай əріпті қалай
жазатыны, тəбілдің аяғына қолды қалай қоятыны бес 
саусағымдай белгілі еді. Төрт бұрышты конверттен алынған хат
бетіне тізілген сол бір қиқы-жиқы əріптер енді маған
омартадан құжынай ұшқан сары ала шыбын - сансыз араларға 
айналып, өзімді жабыла талағалы келе жатқан сияқты боп көрінді.
Сонымен, біресе жапандағы жалғыз жолаушыны қамаған аш
қасқырдай анталап, алдан да, бүйірден де снаряд, миналар 
жарылып, біресе ордалы жыландай жан тітірете ысқырып, 
сумаңдап оқ қаумалап, біресе үстіңе төніп келген аюдың тісіндей 
сақылдаған жау танкі ыстықұяң - окопты таптап, солдат өміріне 
күніне қырық рет қауіп төндірген қырық төртінші соғыс
жылының сұрапыл қысы да өтіп бара жатты. Бұл уақыт
ішінде мен Сəлимаға арнап сан рет хат жазып, сен рет
жырттым. Ақыры, көктемнің алғашқы күндерінің бірінде мен 
оған мынандай жауап жібердім.
«Сəлима!
Менің өмірімнің қауіпті екені рас. Осы күнге дейін өзім өлермін деп 
еш ойламасам да, соғыс біткенше əлі боламын ба, тірі боламын 
ба, ал тірі қалсам - мүгедек боламын ба, əлде жай жарақатты боп 
қайтамын ба, білмеймін. Бар білетінім: осы соңғы үш айдың ішінде 
ғана бірнеше жан жолдастарымнан айырылдым.


Мен сені шексіз сүйетінімді өзің білесің. Сүйгендігім үшін өз
жүрегімді өзім тұншықтырып, құрбан етуге ұйғардым. Сен мені 
күтпе, қалаған адамыңа тұрмысқа шық. Өлсем - есінде сақта. Бір 
балаңа менің атымды қой - мен соған да ризамын.
Қош.
Ербол.
1944 жыл, 15 сəуір. Майдандағы армия».
Осылай дедім. Өйтпегенде қайтейін. Ол менің некелеп алған
жарым емес қой. Біздің екі-үш рет сүйісіп, тілден бал
сорысқаннан басқа арамызда ештеңе болған жоқ. Елде, Сəли-
маның өзі айтқандай, соғысты сылтау етіп, ақ некенің өзін бұзып 
жатқандар аз ба? Қайта Сəлиманың менен рұқсат сұрағанына 
рақмет. Бүркітбайға сұрамай-ақ шығып кетсе, мен не істейтін едім. 
Шешесі айтқандай, өзім шын сүйген Сəлиманың бағын 
байламайын.
«Тос мені, тос!» деу хатқа жазуға немесе əндетіп айтуға ғана оңай 
шығар. Тосушы ол үшін талай тозақтан, талай тұзақтан өтетін
болар. Сол көп тозақтың бірі - шеше қаһары. Үй ішіне, сөз
салушыға жеккөрінішті болып, сені күткен жардың еңбегі сен
аман барып, ақталса жақсы. Ал олай болмаса ше? Өлген
екіне білмейді. Күйініш тіріні күйдіреді. Өзің олай-пұлай боп кетсең, 
оны жəне отқа салудың қажеті не? Қыз байғұс сені сүйгеніне кінəлі 
ме?..

Осылай ойладым. Сондықтан «өзің біл, ойлан» деп,
Сəлиманың басын қатырмадым. «Мені күтпе» деп пышақ 
кескендей ғып бірден айттым.
Хатымды бүктедім де, тез почташыға бердім. Өйтпесем, тағы да 
жыртып тастайтынымды сездім. Почташы оны дивизия штабына 
апарып тастады. Одан басқа да үшкіл хаттармен бірге армия 
почтасына жөнелтілді. Сөйтіп, менің хатым елге, Алматыға қарай 
бет қойды.
Хат осылай жылжып кетіп бара жаткқнда маған тағы да мынандай 


ой келді. «Осыным дұрыс болды, - дедім өзімді өзім жұбатып _
Бұлай ету - біріншіден, менің адамгершілік парызым.
Екіншіден, Сəлимаға қойған сыным. Ол мені шын сүйсе, оның 
үстіне уəдесіне берік, табанды болса, мені тосады. Ал шын 
сүймесе, сүйсе де табансыз, тайғақ болса, мені күтпейді».
Ақыры ол мені күтпеді. Хатымды алғаннан кейін, 1 мамыр 
мерекесіне ауылға барады да, қайтадан КазГУ-ге қайтпайды. 
Бүркітбаймен қосылып, біржола қалып қояды.
Ақыры ол мені күтпеді, - деп жоғарыдағы сөзімді қайталап
айттым. - Бірақ күтпегеніне қыз кінəлі емес, «күтпе» деген өзім
кінəлідей сезіндім соғыс біткеннен кейін. Жұрт айтып жатқан 
«Тос мені, тосты» неге айтпадым деп өкіндім. Өкінгенмен не 
пайда? Мен бұл сұрапыл соғыстан тірі қалатынымды, тірі қалғанда 
он екі мүшем сау болып, елге осылай аман келетінімді біліппін бе?
Мен əңгімемді бітіріп, үстел үстінде жатқан Сəлиманың хатын
алып, бүктедім де, қайтадан шинелімнің қалтасына апарып 
салдым. Сол арада қолыма қойын дəптерім ілінді де, оның ішіндегі 
бағана бөлек қағазға жазып алған өлең ойыма түсіп, жүрегім
кеудемді тепкілеп қоя берді. «Мұны қалай етсем екен?» деп
ойладым.
— Апырай, бұл кісі Пенелопа болмады ғой, - деді Меңтай осы
кезде бір-ақ үн қатып.
— Мен де Одиссейге ұқсамай жатырмын-ау, - дедім қызға
қарай бұрылып. - Сəлиманың қолына Одиссейдің садағындай 
садақтастап кетпеген соң, əрине, солай болады.
— Дегенмен өзі ақылды, сөзге де, ойға да ұста, шешен қыз екен.
— Ақын болсам деп арман етуші еді.
— Ə, бəсе.
Меңтай Сəлиманы осыдан артық талқыға салмады. Ал менің ісіме
де бір-ақ ауыз сөзбен баға берді.
— Адамгершілік, ізгілік шарттарын бұзу өмірде көп кездескенімен, 
махаббаттан бас тарту сирек болады деуші еді. Бірақ бəрі 
жағдайға байланысты ғой.
Осылай деп, өзіне тəн ұстамдылықпен, ақырын ғана басын
шайқады да қойды.


— Ағай, сіз отыра тұрыңызшы, - деді ол содан соң орнынан
көтеріліп. - Мен мына көрші қыздардың плиткасы босады ма 
екен, біліп келейін.
Маған да керегі осы еді. Меңтай шығысымен орнымнан атып
тұрып, шинелімнің қалтасындағы бағанағы өленді алдым да, қай 
жерге тастап кетсем екен деп, жан-жағыма қарадым. Осы кезде 
Меңтайдын қайтып келе жатқан тықыры естілді де, мен буыным
қалтырап, қолым дірілдеп, үстел үстінде жатқан «Одиссея»
кітабынын ішіне тыға салдым.
— Плиткалары бос емес екен, - деді Меңтай дағдарып. - Мен тағы
да бір шай қайната қойсам ба деп едім.
— Жоқ, Меңтай, рақмет. Мен кетейін, кеш боп қалды ғой, - деп 
жалма-жан киіміме қарай ұмтылдым. Енді кішкентай бөгелсем, 
Меңтай «Одиссея» арасындағы қағазды көріп қойып, масқарам 
шығатын сияқтанды.
— Ағай, келгеніңізге көп рақмет, - деді Меңтай. - Ертең жексенбі 
ғой, уақытыңыз болса тағы да келіңіз. Келесіз бе?
Мен тілім байланып қалғандай, басымды изедім.
Жатақханадан шықсам, көшелер қараңғыланып қалған екен.
Жаңағы қағазды жылтындатып кітаптың арасына неге салып 
кеттім деп жатып өкіндім былай шыққан соң. Ол бағана мені 
туған ағамдай көремін деген жоқ па еді. Сөйтіп, «бауырыңмын,
қарындасыңмын» деп отырған қызға ғашықтық өлеңін тастап
кеткенім - қай иттігім? Ертең Меңтайды қалай көремін, оның бетіне 
қалай қараймын?
Өстіп, өзіммен өзім ұрысып, қараңғы көшеде бүкендеп келе
жатқан мен оқ-дəрі қоймасына есебін тауып сағат, минуты 
жеткенде жарылатын мина тастап, сол жарылыстан жанұшыра 
қашып, аулақтап бара жатқан жау жағының жансызындай
сезіндім өзімді сол сəтте. Махаббат пен сана бірін-бірі
тындамайтынын, əрқайсысы тек өз дегенім ғана болсын дейтінін 
мен бірінші рет осы кеште ұққандай болдым.
VII
Ертеңінде қайтадан мен жатақханаға жолай алмадым.
Меңтайға не бетіммен көрінемін, «ағай, мұныңыз не?» десе не 


деймін деп, өз жанымды өзім жегідей жедім. Сөйтіп, мені қисапсыз 
мас болған адамның өзінің орынсыз айтқан сөз, келеңсіз
қылықтарын естіп, ертеңінде тартар өкініш азабыйдай қинап,
екінші қаңтар өтті.
Үшінші қаңтарда, күндізгі сағат екіде лекциямыз басталмақ.
Жатақханадан жүрегім шайылып қалған мен университетке
баруғатағы бетімнен бастым. Кыздардың бəрі мені Меңтаймен
қосыла кінəлап, мазақтап, масқаралайтындай көрінді. Тілдері 
ашы Қанипа мен Зайкүл: «Көзі қарайған там сүзеді» дегендей, 
ағаң сені бір сүзіп көрейін деген ғой» деп қазірдің өзінде
Меңтайды ажуалап жатқандай сезілді. Əлде бүгін
университетке бармай қалсам ба екен деп бір ойладым. Əскерде 
себепсіз шашау шығып көрмеген басым мұным тəртіп бұзғандық
болар деп таныдым. Оның үстіне алғашқы екі сағаттық
лекциядан өлсем де қалуыма болмайды. Ол профессор
Əуезовтың лекциясы. Біздің филфак оқыту-шыларының ішінде
Əуезовтың орны бір бөлек сияқтанды. Кейбір лекцияларда
шулаңқырап, тіпті болмаса өзара күбірлесіп, күңкілдесіп 
отыратын студенттер аудиторияға Əуезов келгенде оған ерекше 
құрмет білдіре, жым болады. Ол лекцияға кіріскенде аудиторияда 
ұшқан шыбынның ызыңы білінерлік дейтіндей тыныштық орнайды. 
Ол кісі лекциясын шүу дегенде кібіртіктеп бастап, біраздан
кейін, тұяғы қызған тұлпардай кесіле жөнелгенде студенттердің
айызы қанады. Аса бір миғұла біреу болмаса, оған
əсерленбей, оны ұқпай ешкім қала алмайды. Профессор
студенттерін бір лекциядан бір лекцияға қарай қызықтырып,
ынталандыра жетелеп отырады. Лекциядан сырғып шығу,
əсіресе Əуезовтың лекциясына қатыспау бəріміз үшін
кешірілмес күнəдай болатын. Əсіресе, соғыста төрт жыл бойы
кітабын арқалап жүрген маған сүйікті жазушының сабағына
қатыспай қалу қылмыс жасағаннан кем көрінбес еді. Оның
үстіне мен алдыңғы күні Меңтай бөлмесінен шыққаннан бері
өзімді əлдекімнің құзырында, əлдебір көрінбейтін шеңбердің
құрсауында қалғандай сезіндім. Меңтайды керуден тартынсам да, 
қаймықсам да, көргім келетінін аңғардым. Сағат бірден аса 
университетті жағалап, келуін келгеніммен, оның ішіне ене алмай 
көп күйбеңдедім. Біресе оның баспалдағына көтеріліп, біресе
одан қайта түсіп, қарсыдағы паркке еніп кетіп, əбден есім
шықты. Өзіміздің қыздардың ешқайсысының көздеріне көрінбеуге 
тырыстым. Сағат екіге бес минут қалғанда ішке кіріп, шинелім


мен фуражкамды гардеробка өткіздім де, төменде біраз
бегеліп тұрып, екінші қатарға көтерілдім. Тура сағат екіде ішінде 
Меңтай отырған отыз үшінші аудиторияның қасына жетіп, тəңір
үйінің қақпасы алдына келген діндардай дірілдеп, есіктің
тұтқасын ұстадым. Осы кезде қарсыдағы деканаттан шығып, 
профессор Əуезов те аудиторияға қарай аяңдады. Мен 
профессорға бас иіп, ол кісіден бұрынырақ, асыға ішке еніп кеттім.
Мен аудиторияға емес, жаңа ғана жау өртеп кеткен деревняға 
енгендей болдым. Бетімді ып-ыстық от лебі шалған іспеттенді. Не 
де болса деп, өзім ең алғаш келгендегі артқы партаға қарай 
тарттым. Тұсынан өтіп бара жатқанымда Меңтай маған бірдеңе 
айтпақ болғандай жалт қарап еді, өрт ішінен созылып, оза шыққан
бір ұзын қызыл жалын мені қатты шарпып, өн бойымды күйдіре 
тұншықтырып, орап өткен сияқтанды.
Артқы партада Жомартбек деген аққұба өңді, ұзын бойлы,
тыриған арық, бала жігіт отыратын. Ол үнемі қызметкер 
ағасының үстінен түскен көнетоз киімдерін киіп жүретін жəне ылғи 
шетте отыратын. Сондықтан сырт пішіні жағынан ит-құсты үркіту 
үшін котан сыртындағы жіңішке ағашқа кигізіп қойған ескі киім, 
тымаққа - қарақшыға ұқсанқырайтын. Ал мінез жағынан - тіл 
алғыш, жұғымтал, оның үстіне едəуір қу тілді болатын. Мен ең
алғаш келгенде Жомартбек соқыр ішегіне операция жасатып,
ауруханада жатқан екен. Содан сауығып, он шақты күннен
кейін курсқа қайта келген. Отыз қыздың ішіндегі еркек кіндікті
екеуміз ғана болғандықтан бір-бірімізге үйір бола бастағанбыз.
- Ағай, менің қасыма келдіңіз бе? - деп Жомартбек тісін ақсита 
күліп, мен жанына тақай бергенде-ақ орын босатып, өзі терге 
қарай сырғыды.
Мен орныма отыра бергенде есіктен профессор кірді. Екі жақ 
самай шашы толқындай бұйраланып, қасқа маңдайы жарқырап,
орындарынан тұрып, қошемет көрсеткен студенттерге қайта-
қайта бас иіп, жымия күлімдеп, сонысымен бəрімізді баладай 
қуантып, профессор төрге қарай аяңдады.
Оқытушы столына жайғасқаннан кейін профессор алдында
отырған студенттердің бастарынан асыра əлдебір қиян алысқа 
көз тастағандай сəл үнсіз отырды да, ұзын кірпіктерін қайшылай 
қағып-қағып жіберді. Осы бір сəт алдымен аспанда айқұш-
ұйқыш нажағай ойнап, артынан шелектеп бір нөсер төгер


ғажайып шақты еске түсірді. Əуезов лекциясын бастап, телегей-
теңіз білім төгіп, ағыл-тегіл боп ақтарылды да кетті.
Алайда «Абайдың лирикасы» деп аталатын осы лекцияның 
алғашқы сағатын мен алаң-құлаң тыңдадым. Бұл лекцияның бір 
сөзін де бекерге жібермеуім керек деп, өзімді өзім қаншама 
қайрасам да, «Қызыл көрпе» өлеңі есіме түсіп, тəубамнан 
жаңылғандай, айдалаға лағамын.
Өстіп екі күйдің - аудиториядағы Əуезов лекциясы мен жүректегі 
махаббат сазының қайсысына көбірек көңіл бөлуді білмей, дел-
сал болып отырғанымда қоңырау соғылды. Мен аудиторияда 
қалмай, оқытушымен ілесе тезірек шығып кетпек болып,
парталардан аулақтап, қабырғаға жанаса жүріп, жылдамдай
басып, есікке қарай ұмтылдым. Партадан көтеріле бергенде 
Меңтайдың да орнынан тұрып жатқанын көзім шалып қалып еді. 
Оның ашулы жүзін көрмейін деп, темен тұқырып алғанмын.
Есікке тақап, тұтқаға енді қолымды сөза бергенімде асаудың 
алдынан арқан құрғандай боп, екі құлашын екі жағына керіп, 
бетіме жымия қарап тұрған Меңтайды көрдім. Қанша қысылсам
да, алдымда кісі тұрғанда кимелеп өте шығатын сиыр емеспін
ғой. Меңтайдың бетіне тура қарауға жүзім шыдамай, теріс
айнала бегеліп, тоқтап қалдым. Меңтай мені жұрт көзінше 
жерлеп, масқара етпек болған екен деп, өне бойымды тер жауып 
қоя берді.
— Ағай, сіз ақын екенсіз, - деді қыз осы кезде.
Мен селк ете түстім. Селк екенім: «мен қате естіген болармын. 
Қыз: «Ағай, сіз ақын екенсіз» демей, «ағай, сіз ақымақ екенсіз» 
деген шығар деп ойладым. Одан сайын ұнжырғам түсіп кетті.
— Ағай, сіз ақын екенсіз деймін, - деді қыз тағы да. Бұл жолы ол 
көңілді көзіндегідей əр сөзін соза, əндетіп айтты. Мен «ақын
екенсіз» деген сөзді дұрыс естігеніме сенбегендей, екі көзім
жыпылықтап, Меңтайдың бетіне қарадым. - Иə, ақын екенсіз, 
нағыз ақынсыз, - деді ол басын изеп, тағы да жымия түсіп.
Үш күннен бері тартқан қасіретімнің телеуіндей болған бұл
жымиыс маған соншама қымбат еді.
Жүрегім жаңа орнына түскендей болды. Меңтайдың маған
ұрыспайтынына, жұрт алдында масқараламайтынына енді көзім 
жетті. «Уһ!» деп, арқамнан ауыр жүк түскендей терең бір дем 


алдым да:
— Рақмет, Меңтай! Ақындық қайдан келсін, əншейін… - деп 
міңгірледім.
— Жоқ, «Қызыл көрпеңіз» жақсы өлең, - деді Меңтай. - Оны
Зайкүл де, Қанипа да, Майра да, басқа қыздар да оқыды. Бəрі 
де жақсы деп тапты. Менің сізге ол көрпенің тарихын да айтып 
бергім келді.
— Əй, Ербол, - деді Зайкүл мені қолымнан жұлқылап, төрге қарай 
сүйреп. - Осы сенің мына Меңтаймен не пəлең бар? Бұдан 
басқаны кезге ілмейсің де, мұның төсегіндегі көрпесіне дейін 
өлеңге қосасың. Саған қызыл керек болса: менің көйлегім де
қызыл, пальтом да қызыл, тіпті аяғымдағы етігім де қызыл.
Айта берсең, өзім де қып-қызыл от емеспін бе жайнап тұрған. Сен 
осы мені неге өлеңге қоспайсың?
Қыздар ду күлісіп жатыр. Осы кезде жүгіріп Жомартбек жетіп келді.
— Шұрқ етпе, Зайкүл, - деді ол кеудесін басып. - Саған деген асыл 
сөз мына алтын сандықта сақтаулы жатыр.
— Ал, айт ендеше, - деді Зайкүл қырланып.
Жомартбек тамағын кенегі, Зайкүлге жалынып, жүрек шерін 
ақтарғандай боп əндете жөнелді:
Қара көз, имек қас,
Қараса жан тоймас.
Аузың бал қызыл гүл,
Актісің кір шалмас.
Зайкүл көзін құбылтып, ернін бүрістіріп, мəз боп қалды. Жарқ 
еткізіп əсем ақ тістерін жəне ақситып үлгірді. Жомартбек «өлеңін» 
одан ары жалғастырды:
Иісің гүл аңқыған,
Нұрың күн шалқыған.
Көргенде бой еріп,
Сүйегім балқыған…
Жомартбек өлеңнің əр жолының мазмұнына қарай бірде мойнын 
созып, бірде екі құлашын кең жайып, одан соң балқып, еріп, 


ақырында бу боп ұшып бара жатқандықты танытып, неше алуан 
нəзік қимылдар жасап барып тоқтап, Зайкүлге басын иді.
— Бис! Бис! - деп қыздар қол соқты. Зайкүлдін өзі де мəз болып,
алақанын қоса шапалақтады.
— Əй, мынауың жап-жақсы өлең ғой өзі, - деді Зайкүл
Жомартбекке разы боп. - Басқа біреудікі емес пе?
— Жоқ, Зайкүл! - Жомартбек кеудесін соқты.
— Қарғаншы өзімдікі деп.
Жомартбек шұбырта жөнелді.
— Егер осы өленді Зайкүлге арнап өзім шығармаған болсам - 
аяқтағы суға ағылып өлейін, құрғақтағы киттерге қағылып 
өлейін, тумаған ту асаудың құйрығына тағылып өлейін! Оллаһи! 
Беллаһи!
Осылай деп Жомартбек зірк-зірк еткізіп сөзін аяқтап, екі қолын
бірдей аспанға көтерді.
— Сендім, сендім, - деді Зайкүл Жомартбектің «ант» ішкеніне разы 
боп. - Онда сен бұл өлеңді жақсылап ақ қағазға көшіріп, басына 
«Зайкүлге» деп жазып, менің кітабымның арасына əкеп салып қой.
— Құп болады, Зайкүлжан, - деп арық Жомартбек сұрақ
белгісіндей иіліп қалды.
— Əй, Зайкүл, сен Жомартбекке рас сеніп отырсың ба? - деді 
Майра. - Бұл Абайдың «Көзімнің қарасы» деген өлеңі емес пе?
— А, не дейді? Мен расында əзіме арналған өлен екен деп 
қуанып едім. Осы ақындар «С-ға», «Қ-ға», пəленшеге, түгеншеге 
деп жазып жатады ғой. Маған да біреу өлең арнасашы, шіркін! - 
деп Зайкүл дағдарып қалды. - Ал мен Абайдың «Айттым сəлем, 
қаламқастан» басқа əлеңін естіген емеспін.
— Естігенің не, оқымайсын ба? - деп күлді Майра.
— Жоқ, мен өлең оқымаймын, - деді Зайкүл басын шайқап _ 
Өйткені мен қызбын. Ал қыздың өзі өлең. Ендеше мені жігіттер 
оқысын.
— Рас, өзге қыздар өлең болса, біздің Зайкүл поэма ғой, - деді 
Жомартбек жымындап. - Поэманың əр бетін ақтарғаның сияқты…
Осы кезде үзіліс бітіп, профессор аудиторияға қайта кірді. 


«Мен саған көрсетермін кісі алдағанды» дегендей, Зайкүл арт 
жаққа бұрылып, Жомартбекке жұдырығын түйді. Мен бұл сабақта 
бұрынғы орнымда, Меңтайдың қасында отырып қалдым.
Меңтайдың маған ренжімегеніне шаттанып, көңіл алаңы
басылғандықтан болар, бұл жолы Əуезов лекциясын тағы да 
бұрынғыдай сүйсіне тындадым. Бұл сағатын профессор Абайдың 
«Қақталған ақ күмістей кең мандайлы» дейтін көпке мəлім
өлеңін талдауға арнады. 1884 жылы жазылған бұл өлеңнің
тақырыбы қазақтың бойжеткен қызының сырт көрінісін, мүсін
келбетін суреттеуге арналғанын, жас атаулы қызығарлық,
сүйсініп, тамаша етерлік ерекше сұлу қыздың пəртретін ұлы
ақын қалай жасағанын, сол портретті сомдау тəртібін
санамалап айтты. Қыздың сырт мүсінін суреттеуде төл 
əдебиетте теңдесі болмаған бұл өленді Пушкин, Лермонтов, 
Байрон, Гейненің қызға арнаған өлеңдерінің жатқа айтқан 
үзінділерімен салыстырып бір етті. Қалай дегенмен де бұл өлеңде 
Абайдың əлі де əлеуметтік шындықты, халық басындағы
ауыртпалықты сыншылдықпен жырлайтын қоғам қайраткері
дəрежесіне көтерілмегендігін, «Қақтаған ақ күмістей» өлеңінен 
көбінше сұлулықты, жарастық келісімді ғана жырлайтын эстет 
ақынның лебізі аңқып тұрғандығын профессор бір түйіп тастады.
Осыдан кейін ол осы өлеңнің бойындағы өзінің кемшілік, мін 
табатын жайларына тоқтады. Оның айтуынша, ақын бұл
өлеңінде тірі адамды, оның жан күйін бейнелеудің орнына 
жансыз сурет берген. Қасы қандай, шашы қандай, кезі қандай,
мұрны қандай деген сияқты анкеталық сұрақтарға жауап іздеп,
тек қана паспорттық сипаттау жасаған. Мұның себебі, ақынның 
əйел жынысына қазақы көзбен қарап, қыз көре келген жігіттің 
немесе келін айттыра келген құданың көз қарасынан аса 
алмауында деп тағы да пайымдау жасады. Бұдан кейін 
профессор Абайдың «Аттың сыны» дейтін өлеңің еске алды. 
Анықтап қараған кісіге «Қақтаған ак күмістей» мен осы өлеңнің
арасынан айқын композициялық ұқсастық танылатынын айтты. 
«Ат сынында» жүйрік аттың сырт мүсіні мүше-мүшесімен реттеле 
баяндалады. Əрине, атты солай суреттеу орынды. Ал адамзатты 
сипаттауда мұндай əдісті қолдану қонымды емес деген қорытынды 
жасады профессор.
Абайдың еш өлеңінде ешқандай мін бар дегі ойламаған біз оған 
арналған мынандай сындарды естігенде екі көзіміз ба-қырайып,


профессорға сенерімізді де, сенбесімізді де білмегендей
тесірейіп отырып қалдық. Əрине, сөнбеске болмайды. Бар 
дəлелімен тайға басқандай өтіп көрсетіп отырған бұл 
кемшіліктерді еріксіз мойындауға тура келеді.
Бұл аз дегендей профессор енді сол өлеңнің композициялық 
шалағайлығын ашады. Өлеңнің бас жағы бір тақырыппен 
басталып, аяқ жағы өкінші тақырыпқа ауысып кететінін, əуелде іс 
пен мінез жоқ, тек сырт болса, кейін сырт жоқ, тек мінез ғана 
айтылатынын, сөйтіп алғашқыда мақтаған нəрсесіне ақын кейін 
ұрысқа жақын сөздер қолданатынын көрсетеді. Атап айтқанда
ақын алғашқыда қыздың күлкісі «бұлбұлдай», «іш қайнатады» 
деп мақтаса, соңынан сол күлкіні «жыртақтап», «тыртақтаған» деп 
жаратпай шыға келеді.
Осыдан кейін Əуезов ақынның екінші бір өлеңін талқылауға 
көшеді. Бір талдаудан бір талдау қызық боп, ол бізді Абай 
өлеңдерінің қатпар-қатпар шатқал, шыңдарына қарай жетелеп 
бара жатқан тəрізденді. Əуезовтың өзге оқытушыларда жоқ бір
өзгеше дағдысы бар еді. Ол əрқашан да сондай қызықты
лекциялардың соңынан міндетті түрде бес минуттай уақыт
қалдыратын. Осы бес минутты ол жеке студенттің жай-күйімен 
танысуға жұмсайтын. Күн сайын бір студентті орнынан тұрғызып 
алып, өзі оған əр түрлі сұрақтар беретін.
Бағана менің аудиторияға кешірек келгенімді көзі шалып
қалған соң ба, бұл жолы ол мені орнымнан тұрғызды.
— Ербол, сен осы соғыста неше жыл болдың?
— Төрт жыл, Мұхит аға.
— Сонда кітап оқи алдың ба?
— Оқыдым.
— Қане, айтшы, қандай кітаптар оқыдың? - деп профессор менің 
оқыған кітаптарымды санау үшін сол қолының саусақтарын 
ыңғайлай бастады.
— Шекспирдің «Король Лирін», Шиллердің «Зұлымдық пен 
махаббатын», Гетенің «Жас Вертерін», - осы кезде Меңтай жалт 
етіп, менің бетіме бір қарап қалды. - Анатолий Виноградовтың 
«Паганиниді ғайбаттау» деген кітабын, Александр Бектің 
«Волоколам тас жолын» оқыдым.


— Пəлі, - деп профессор рақаттанып қалды. - Өзің көп кітап
оқып тастапсың ғой. Мен соғыс солдаттарының кітап оқыр хал-
мұршасы болмайтын шығар деп ойлаған едім.
— Мұхит аға, - деді Зайкүл осы арада профессордың аузындағы 
сөзін қағып əкетіп, - бұл сіздің «Ақын» романыңызды да оқыпты. - 
Осы арада Зайкүл өз-өзінен сықы-лықтап күліп алды. - Сыртын 
далба-дұлба қылып алып келіпті. Əсіресе Тоғжанды адтқанда 
аузының суы құриды мұның.
Əуезовтің өңі күреңітіп, қозғалақтап қалды. Содан соң, сүйінші 
сұрағандай боп, өз қолының қос саусағымен тыныш тұрған ет
жеңділеу келген қыр мұрнын жебей сауып, жұлқып-жұлқып
жіберді. Бұл оның қатты сүйсінгендегі немесе ерекше 
күйінгендегі əдеті еді.
— Пəлі, не айтады мына Зайкүл, рас па, Ербол? - деп профессор
менің бетіме қарады.
Мен тез басымды изедім.
— 
Сіздің «Ақыныңыз» біздің күндік нанымыз, артық 
патронымызбен бірге арқамыздағы зат қапшығында жүрді.
— Пəлі, не дейді-ау? Ал оқи алдыңдар ма оны?
— Жорықта келе жатып та, окопта отырып та оқыдық, Мұхит ағай, 
- дедім мен студент болғалы бірінші рет «ағай» деген сөз 
аузымнан шығып. - Ол кітаптың көп көмегі болды бізге.
— Пəлі, не көмегі болды? - Əуезовтың екі беті нұрланып, көзі 
күлімдеп, жүзі бұрынғыдан да жыли түсті. - Қай қаһарман басым 
көмек көрсетті?
— Бəрі де. Əсіресе Тоғжанның көмегі көп болды. Ол бір емес, 
бірнеше медсестра, санитарка қызметін жалғыз өзі атқарды 
десем, артық болмас деймін.
— Пəлі, не дейді-ау! Шын ба осының? - деп профессор мол
денесін тез қозғап, ілгері ұмсынды.
— Шын, Мұхит аға.
Əуезов сəл шалқайыңқырап, тағы да мұрнын сауа, сипалап қалды.
Осы кезде лекцияның біткенін хабарлап, қоңырау соғылды. Бірақ
профессор асықпады.


— Ербол, сен өзің мені қуантып тастадың ғой, - деді ол алдында 
жатқан папкасын бір сипап қойып. - Ал енді өзің осы 
айтқандарынды қағазға түсіре алар ма едің? Тоғжанның жаңағы 
өзің айтқан майданда талай медсестраның қызметін атқарғанын
дəлелдеп, оқушыны иландыратын етіп жазуың керек. Осы
қолыңнан келер ме еді?
— Келеді, Мұхит аға, - деді Зайкүл мен үшін жауап беріп. -
Бұл өзі акқн, «Қызыл көрпе» деген өлең жазған.
Мен ұялып, Меңтай жаққа қарай жүзімді бұрдым. Байқасам ол да
қызарып кеткен екен.
— Жазып көрейін, - дедім мен.
— Өзің өлең де жазушы ма едің? - деді профессөр орнынан тұрып
жатып.
— Жоқ, жай əшейін…
— Шын, шын, Мұхит аға! - Зайкүл қасы қанжардай дір етіп, одан 
сайын əзеурей түсті. - Өзі өзге сабаққа да жақсы. Соғыстан 
қайтқалы əлі үйіне де барған жоқ. Профессор Зайкүл сөзінің бас 
жағында күлгенімен, аяқ жағына назар аударып, менің əлі елге 
бармағаным анық па екен деп сұрады. Мен оқу басталып 
қойғаннан кейін бір жылым босқа өлмесін деп осында қалып
қойғанымды айттым.
— Жарайды, онда тіпті жақсы. Ал енді сен жаңағы айтқанды менің 
алдағы дүйсенбідегі келесі сабағыма дейін жазып əкел, - деді 
профессор. - Одан соң əлгі Зайкүл айтқан кітапты да ала кел.
Мен басымды изедім.
Келесі лекцияның оқытушысы жоқ болып шықты. Сөйтіп
студенттер «терезе» деп атайтын бос екі сағат сопаң етіп
шыға келді. Студенттер «терезеге» қайғырмайды. Бұл екі
сағатта бірсыпыра жұмыстар бітіріп алады. Соның
негізгілерінің бірі Совет көшесі мен Карл Маркс көшесінің
бұрышындағы «Алатау» кинотеатрына бару.
Бұл жолы да бірін-бірі еліктіріп, қыздардың бірсыпырасы
киноға кетті. Аудиторияда бес-алты қыз бен Жомартбек екеуміз 
ғана қалдық. Біраздан кейін киноға кіргісі келмегенін айтып, 
Меңтай қайтып келді.


Меңтайдың ұрыспасына анық көзім жеткеннен кейін, бағана өзі 
айтқан қызыл көрпеніңтарихын білгім келді. Жомартбек екеуіміз 
жағалап, Меңтайдың қасына бардық. Жомартбек қыздан бағанағы 
«Қызыл көрпе» деген өлеңдеріңді көрсетіңдерші деп өтінді.
Меңтай кітаптарының арасын ақтарып, алдыңғы күні тастап
кеткен қағазды тауып алып, «Оқыған соң өзіме қайтарып бер», 
- деп Жомартбекке ұсынды. Меңтайдың «өзіме қайтарып бер» 
деген сөзі менің жүрегіме майдай жақты. Ол менің сұрауым 
бойынша, маған «күндес» боп көрінген қызыл көрпенің тарихын 
баяндауға кірісті. Меңтай Лениногорск шахтерінің қызы екен. 
Шешесі бастауыш мектепте мұғалім болыпты. Əкесі оның сəби
шағында шахтада төбесіне тас құлап, дүниеден қайтқан.
Қыздың кішкене ағасы Жүніс сегізінші сынып бітіргеннен кейін
жұмыскер боп, семья асырауға кіріскен. Соғыс басталар
жылдың Бірінші майында оған жақсы жұмысы үшін сыйлыққа 
бес метр қызыл жібек тиеді. Бұған шеше байғұс қатты қуанады. 
Ұлынын бұл алғашқы табысын ырым етіп, өз алдына отау болып 
шыққандағы бірінші жасауы болсын деп, арасына түйе жүнін 
салып, мектептен қолы бос кездерінде көрпе қабиды. Сөйтіп ұлын 
үйлендірмек болады. Сол екі арада соғыс шығып кетіп, ол көрпені 
етіне бірақ күн жамылып, Жүніс майданға кетеді. Содан кейін 
шеше ол көрпені ешкімнің етіне тигізбеген. Ұлына сақтаған. Ал
ұлынан «өлді» деген қара қағаз келген. Жалғыз ұлының
жаманатына шыдай алмай, шеше сорлы сол хабарды естіген 
жерде, сынып ішінде өзі де дүние салған.
— Соғыста ағайым оққа ұшты, - деді Меңтай күрсініп. - Соның
күйігіне шыдамай апам өлді. Апамның өлгенін көзіммен
көрдім, ағайымның өлгенін көргенім жоқ. Сондықтан Жүйкем
өлді дегенге көпке дейін сенбедім. Жүніс ағатайымды Жүйке деп 
атайтын едім, - деді ол Жомартбекке түсіндіріп. - Соғыс біткен соң,
осы өткен күздің басында Жүйкенің қасында болған бір. кісіден 
ауызба-ауыз естігенде ғана сендім. Ол кісі терең етіп зират қазып, 
ағайымды жақсылап тұрып өз қолынан қойыпты. Жақын жердегі 
деревняның ұста дүкеніне барып, зиратқа темірден қоршау
шарбақ жасатып орнатып, оған «Жүніс Ербосынов» деп мəңгі
ешпейтін етіп жаздырып кетіпті. «Ағаңның жатқан жерін көрем 
десең ертіп апарайын, əйтпесе кейін барып көрерсің» деп
əдірісін берді. Өзім қазір қайдан іздейін, кейін оқу бітіріп,
қызмет істеп, ақша тапқан соң барармын деп ойладым.


Меңтай ағасына мұнша жақсылық жасаған адамның еңбегін сонша
сүйсіне бағалап айтты.
— Сол көрпені биыл өзіммен бірге ала келген едім, - деді қыз
күрсініп қойып. - Ол маған аса қымбат ескерткішпен пара-пар: 
ағайымды да, анамды да есіме түсіреді. Кеше кітап арасынан 
ағайдың өлеңін тауып алып оқығаннан кейін сол көрпені 
бауырыма қысып, өксіп-өксіп жылағанымды айтсаңшы менің!
Байқаймын, Меңтай əңгімесінің Жомартбекке онша əсері болған 
жоқ. Меңтай сөзін аяқтап, мұңайып, төмен қарап калған кезде ол: 
«Мен мына өлеңді көшіріп ала қояйыншы», деп жымыңдап, өз 
орнына қарай жүгірді. Ал маған бүкіл бір отбасының тағдырын
баян еткен бұл қысқа новелла дүниедегі ең қайғылы, қасіретті
жырдай танылды. Не айтарымды, қызды қалай жұбатарымды,
жүрегімдегі аянышты қалай жеткізерімді білмей, абдырап 
отырып қалдым. Оның көңілсіздігі біртіндеп маған ауа бастады.
Студенттік өмірдің бейқам, сонымен бірге аққан судай ағынды 
күндері өзінің сылдыр-былдыры мол қызық, қуанышымен бірін-
бірі қуалап өтіп жатты. Мен Əуезовке берген уəдемді
орындауға бар күшімді салдым. Алматыдан соғысқа кетерде 
мен магазиндерге жаңағана түскен «Ақын»романының бірінші 
кітабын тауып алған едім. Сол кітап бүкіл майданды менімен
бірге аралап шықты, талай солдатты тамсандырып, оқып беріп 
жүрдім. Бірақ бұл естелікті мақтанғандай боп өз атымнан 
жазбайын, басқа жолдастарым оқыған етіп баяндайын дедім. 
Сөйтіп мен ол кішкентай естелікті төрт күн жаздым. Естелігім 
Əуезовке ұнамай қалар ма екен деп, жаным мұрнымның ұшына
келді. Жазып біткен соң оған «Тоғжан» деген ат қойдым.
Зайкүл айтқандай, жазушылардың өз шығармаларын жақсы
көретін адамдарына арнап жататыны ойыма түсті. Менің бұл 
ең алғашқы естелігімді Əуезовке арнағым келді. Оң жақ шекесіне 
«Осы образды жасаған жазушы Мұхит Əуезовке арнаймын»
деген сөздерді қолымның қалай тез жазып жібергенін де
байқамай қалдым. «Қой, мұным тым бадырайып кетті жəне 
жазушыға жасаған жағым-паздық сияқты боп көрінер» деп 
ойладым да, оны қайтадан түзеттім. «Осы образды жасаған кісіге 
арнаймын» деп қана қойдым. Жексенбі күні үйде табан аудармай 
отырып, жазғанымды жақсылап көшіріп шықтым.
Дүйсенбі күні отыз үшінші аудиторияға бірінші лекцияға келген 


профессор Əуезов бұрынғы əдетінше, самай шашы бұйра-бұйра,
Сократ маңдайлы үлкен қасқа басын студенттерге мол ілтипат,
ықыласпен изеп, оқытушы столының басына барып отырды. 
Профессор есіктен кірісімен-ақ менің жүрегім өз-өзінен лүпілдеп
қоя берді. Орнына отырғаннан кейін Əуезов маған қарай бұрылды 
да:
— Ал, Ербол, уəде орындалды ма? - деді.
Мен Əуезов оны лекциядан кейін сұрайтын шығар деп, 
жайбарақаттау күйде отыр едім. Профессор бірден соны 
сұрағанда не дерімді білмей, сасқалақтап қалдым. Əрең дегенде 
ес жинағандай болып:
-Өзімше орындадым, Мұхит аға, - деп орнымнан тұрдым
— Пəлі, жөн. Əрине, сенің өзінше орындағаның керек бізге, - деп 
профессор бірден бейілденіп қалды. - Ал оқып беруіңе лекция 
аяғында қанша уақыт қалдырайын саған?
— Терт-бес минут қана, Мұхит аға, - дедім мен дəптер бетіне 
жазылған он шақты бетті оқуға қанша уақыт керек екенін ажырата 
алмай.
— Жоқ, онда мен он минут қалдырайын. Сен оқығаннан кейін оны
біздің талқылауымыз бар емес пе?
Мен «жарайды» дегендей, басымды идім.
— Ал онда алдымен кітабыңды көрсет, Ербол, - деп профессор
маған қарай қолын созды.
Мен шапшан қимылдап, сумқамдағы сырты жыртылып, жан-жағы 
жемтір-жемтір боп кеткен «Ақын» кітабын алып, Əуезовке қарай 
аяңдадым.
Əуезов бағынышты командирден рапорт қабылдайтын
генералдай боп, орнынан көтерілді. Демобилизацияға жатып, 
еліне қайтатын солдат бөлімнен кетер алдында қай жерінде 
қандай белгісі барын бес саусағындай білетін кəрі винтовкасын 
жүрегі толқи дірілдеп, рота старшинасына өткізер еді. Мен де сол
солдаттай болып, осыдан бес жыл бұрын Алматыдан майданға 
ала кеткен осынау асыл кітапты енді, міне, аман-есен иесіне 
тапсырдым.
Профессор сəл сұрланғандай түспен кітапты үнсіз қолына алды 


да, орнына отырды. Кітаптың сыртына көз жүгіртіп, жыртық 
мұқабаны қайта-қайта сипалап, ішін ашты.
— Рас, біздің кітап, - деді басын ықыластана изеп қойып. Содан 
соң бір-бірлеп, беттерін ақтарып қарай бастады. Бір кезде кітапты 
көтеріп, бетіне тақады. - Пəлі, өзінен дəрі иісі шығады, 
иіскендерші…
Əуезовтың қасына ең алдымен Зайкүл жүгіріп барды. Ол кітапты 
ала салып, дұғалықтай етіп бетіне басты да:
— Рас, мүңкіп тұр, - деді оқ-дəрі иісінің қандай болатынын сезбесе
де.
Бұған басқа қыздар мырс етіп күліп жіберді.
— Сен маған баға жетпес ғажап дүние сыйладың-ау, Ербол, - деді 
Əуезов екі көзі жасаурап, тебірене үн қатып. - Өзім майданға 
бармасам да, бұл кітап менің бір перзентім болып, соғысқа 
қатысыпты. Сол перзентті сен аман-есен ертіп əкеліп, қолыма 
тапсырдың-ау менің. Соғыс деген өрт болса, өртке жанбай шықкан 
бұл кітаптың жаңа бір бағасын жəне таныттың сен. Рақмет, 
қарағым.
Аудитория сілтідей тынып қалған еді. Профессор бойын тез
жинап, кезекті лекциясын бастады. Əуезов лекциясының екінші 
сағатының соңында бағанадан бері толассыз буырқанған теңіз үні 
тоқтап, аудитория ішінде əлдебір əлсіз бұлақтың болымсыз 
сылдыры естілгендей болды. Естелігімнің заголовогі мен оның оң
пұшпағындағы арнауды даусым дірілдеп, сүрініп-қабынып, əрең 
айтып шықтым да, тамағымды кенеп, сəл тыныс алғаннан кейін 
тексті оқуға кірістім.
«1942 жылдың ортасында Алатау бауырынан эшелон-эшелон 
əскер майданға шеру тартты. Бұл Алматыда құрастырылған 
атқыштар бригадасы еді. Жарты жылдай астана айналасында 
лагерь-лагерь болып, əскери өнерге жаттыққан жауынгер бөлім 
тұтас көтеріліп, «Отанға тиген жау, қайдасын?» деп, батысқа қарай 
бет түзеген болатын. Соңғы эшелондардың бірінде 
артиллеристер дивизионы кетіп бара жатты.
Соғыс кезінің паровозы жаңғырығы жер жарып, қатты
жүйткиді. Жолда кездескен станциялардың, разъездердің
тұсында ащы бір айғайлайды да, гүрс-гүрс етіп, тарта береді.
Су алу, көмір тиеу қажет болмаса, басқа жерге көп тоқтамайды. 


Толассыз жүйткіп, зырлап ағады.
Қызыл вагондардың екі жақ есіктерін бірдей шалқайта кең ашып 
тастап, көлденең-көрме тақтайға асыла иін тіресіп, майданға кетіп 
бара жатқан жауынгерлер туған жерге жүректері елжірей көз тігеді. 
Қарт атадай ақ бас тау, жас анадай жасыл желек жамылған 
орман, сары бел, салқын қол - бəрі самаладай болып, бірінің
соңынан бірі ұзап қалып барады. Өз алдына бір шолақ эшелонға 
ұқсап, шеткі үйінің түтіні будақтаған ауыл, тепең-тепең қаққан салт 
атты жолаушы, обадай қақшиып, қалың қойдың шетінде тұрған 
шопан жалт етіп бір көрінеді де, ғайып болады.
Күн батқанша дала бетіне үңіліп, көзі жасаурап, талғанша көп 
қараған адамның бірі салпысары, жез мұртты кəрі солдат, 
Талдықорған облысының Ақсу ауданынан келе жатқан Сəттіғұл 
Осенов болды. «Сапта жүруге жарамаймын, кеп тұрсам, аяғым
талады, белім ауырады» деп, Осенов зеңбірек атына мінуші
болған. Осыған орай бір солдат бағана: «Сапта тұрса, аяғы 
ауыратын козелдің күн бойы қозғалмастан қызыл вагон есігінің
алдында какшйюын» деп бір қағытып өткен. Оны естіген өзге
жұрт қатты бір ду күлісіп алған болатын. Жолдасының
ажуасына да, жұрттың күлгеніне де қарамастан Осенов
вагонның босағасына сүйенген күйі далаға қарап тұра берген.
Енді, міне, жер бетін түннің қара мақпал шапаны бүркеп,
вагон ішінде май шамның жалғыз көзі сығырайғаннан кейін,
Осенов артына бұрылып, шамды қоршай отырған
жолдастарының қасына келді.
- Əттең, шіркін, қалды-ау, қайран туған жер! - деді ол отыра
беріп, вагон ішіндегілердің бəріне естірте. Аузынан қызыл 
жалын атқығандай шермен, күрсіне айтты.
Шам айналасында, вагонның бұрыш-бұрышында, қара көлеңке 
жерде, төрт-бестен бірігіп алып, əр жайды коңыр əңгіме етісіп 
отырған жұрт Осеновтің мына сөзін естіген шақта тым-тырыс 
болысып, бір сəт үндеспей қалысты. Ат айдаушы шалдың: 
«Қалды-ау, қайран туған жер!» деген шер сөзі майданға
аттанып бара жатқан осынау сұсты солдаттардың жүрек қылын 
басып қалғандай болды. Шал айтқан туған жерде əркімнің
жанашыр жақыны, жақсы көрер жандары қалып барады. Біреу 
қарт əке, қадірлі анасын еске алады, біреудің көз алдына жақсы 
жар, жас баласы келеді. Енді біреудің жүрегіндеғі жар етем деген 


жанына қосыла алмай кеткен арман-зары ащы запыран болып 
ақтарылады. Шал сөзі əр жүректіңтүкпірінде жатқан осындай 
мұнды сырдың пернесін басады.
Əлден уақытта:
- Жоқ, қалған жоқ. Ол бізбен бірге! - деген, саңқ еткен бала бүркіт 
үніндей, жігерлі жас дауыс естілді. Бұл зеңбіректің екінші
кездеушісі Құсайынов Айтқали деген жауынгердің үні еді.
Айтқали қараңғы бұрышта отырған орнынан тұрып, шамға таман 
жақындады. - Туған жер мына кітаптың ішінде.
Ол жұртқа сол кезде баспадан жаңа шыққан, өзі Алматыдан 
аттанар алдында вокзал басында сатып алған «Ақын»
романының алғашқы кітабын көрсетті. Жауынгерлер тез,
қуатты, үлкен магнит тартқан көп, ұсақ шегедей болып, 
Айтқалидың айналасына жиылды. Вагондағы жалғыз жарық соның 
алдына қарай итерілді. Бір табадан ыстық күнде шүпірлей су
ішкен ақ үрпек балапандай болып, қара көлеңке вагон ішіндегі
қайратты жастардын басы сол кітаптың үстінде түйісті. Ішіндегі
жандарды жылауық баланың бесігіндей үздіксіз шайқай 
тербеген үлкен вагонньщ қабырғасына түскен үйме-жүйме көлеңке 
үздіксіз қозғалып тұрды.
Солдаттардың «Ақын» романын оқуы осылай басталды.
Алматыдан аттана аққан жұлдыздай зымырап, шұбала
созылған ұзын қызыл эшелон Москваға келді де, қазақ 
бригадасы астана түбіндегі Бабушкин деген қалада поездан түсті. 
Мұнда біраз жатып, тыныққаннан кейін, жауынгерлер қалың
тоғайлы, көкшіл көлді Калинин облысының жеріне қарай жаяу
тартты. Өне бойлары мұздай көк қарумен құрсанып, күн демей, 
түн демей, ерлер етікпенен су кешіп, аттары ауыздықпен су ішіп, 
суыт жүріп, ұзақ сапар шекті. Артиллеристер майдан жерінің 
батпағын белуардан кешіп, ер қаруы - ұзын тұмсық, көк болат 
зеңбіректерді тынбастан алға қарай сүйрейді. Ол батып қалған 
жерде: «Раз, два - взяли!» деп, орман ішін жаңғырта айғайлап,
оның қалқанынан, стволынан итереді. Доңғалақтары
күшпектерінен батпаққа батқан ауыр қаруларды ауыр азаппен
алға тартқан мұндай қиын, қысталан шақтарда екі етегін белге 
түрінген жаяу əскер зеңбірекшілерді басып озып, оларды артқа, 
алысқа тастап кетеді.
Алдыңғы шепке тақаған сайын колоннаның бас жағынан: «Во-


о-здух!» деген зəредей ащы үн жиі естіле бастайды. 
Ирелеңдеген жыландай етіп, созылтып, шұбалта айтқан осы бір 
үрейлі сөзді ести сала солдаттар жолдан шығып, тым-тырақай 
қашып, жол шетіндегі орманның қойнына тығылады. Қанатында 
қара бүйісі бар сары ала самолеттер ырылдап кеп төбеден 
төнеді… Міне, осындай жорық кездерінде он бес-жиырма 
минуттық үлкен бір дамылдау шағы болады. Он екі мүшесі сау 
кісілер қас қаққанша қолынан айырылып, шолақ, аяғынан 
айырылып ақсақ боп шыға келетін, жаңа ғана қасқая күліп тұрған 
немесе құлындай ойнақтап жүрген жолдастарың лезде жан 
тапсырып, мəңгіге жоқ боп кететін, адам өмірі түнгі үлкен оттан 
ұшқан ұсақ ұшқындай сөніп жататын майдан өмірі үшін он бес-
жиырма минут қысқа ғұмырлы солдат қауымы дамылдап, жан
шақырып, талай қызық күлкілерге кенелетін, естеліктер
айтысып, ес жиып қалысатын өзінше бір ұзақ уақыт.
Колоннаның алды тоқтап, сол жерден біреудің аузынан біреу
қағып əкетіп, артқа қарай дауыстап жеткізіп жататын «Привал!»
деген команда шыққанда теңіздің жиегіне қарай жанға рақат 
берер таудай толқындар лықсып, бірін-бірі қуалап, бар лəззат,
қызығымен өзіне қарай жақындап келе жатқан сияқтанады. 
«Привал!» Сен де бар даусыңмен қуана дауыстап, өзіңнен
кейінде келе жатқан жұртқа жар саласың да, жол шетіне 
шығып, сызды жерді салулы төсектей көріп, жолдастарыңмен 
бірге жантая кетесің. Бойыңдағы солдаттың ауыр жүгінен арылып, 
құрыс- тырысыңды жазып, рақаттана керілесін. Таңертеңгі 
ауылдың мұржаларынан жарыса будақтаған түтінді еске түсіріп, 
қомағайлана бұрқылдатып темекі сорасың. Дем аласың.
Артиллерия дивизионының жауынгерлері жиырма мен жиырма
бес арасындағы, қырдың қызыл гүліндей жайнаған, қыршын 
жас жігіттер еді. Бұл шақтағы көңілге жақсы жар, сұлу қыз жайы 
көп оралатыны даусыз. Өмірдің бүршік атар көктеміндей бұл тұста 
осы жастар орталарын қақ жарып өтіп жатқан осынау майдан
жолына көгенделген көп қозыдай бо-лып, соғыс əлегімен сол бір 
ыстық шақтан алыс қалған. Бірақ олардың орқайсысының
жүрегінде алаулап жанған махаббат бар. Сондықтан да
осындай тыныштық, демалыс минуттарын-да, алдымен екі-үш
солдат құйрық-жамбастарымен жер сыза, жымыңдай
жортақтасып келіп, Айтқалымен тізелесе жайғасады. Оның бірі 
əрқашан да зеңбірек көздеушісі Ризуан Қалиев болады.


— Айтқали, Абай мен Тоғжанның кездескен жерін тағы бір оқып
жібермейсің бе? - деп қолқалайды олар.
Айтқали шаршап отырмын деп бəлденбейді. Арқасындағы зат 
қапшығын иығынан сыпырып, алдына алады. Сабынға айналар
сақардай шұбатылған зеңбірек майы көп сіңіп, жарадар
болған, жарылған жерлеріне батпақ орнап, қап-қара боп күстеніп 
кеткен қолының арбиған салалы саусақтарымен қапшықтын аузын 
аша бастайды. Оның ішінде таңергең старшина берген күндік
қорек - жұдйрықтай нан, карабиннің алпыс патроны, «лимонка» 
аталатын, сырты тақталана бөлінген шоколад сияқты бұжыр-
бұжыр екі граната жатыр. Солардың арасында жорықтағы
солдаттың ешқашан да пайдаланылмай қапшығында жүретін
таза бет орамалына оралған «Ақын» кітабы бар. Айтқали 
орамалдың ішінен кітапты алып, оның өзі жатқа білетін
«Шытырман» деген тарауын ашып, тамағын кенеп,
қарлығынкы даусын нəшіне келтіріп, оқи бастайды.
Айтқалидың қолындағы кітапты көргеннен кейін бұлардың
төңірегіне таяу маңдағылардың бəрі тегіс жиналады. Зеңбіректе 
жегулі тұрған атының шылбырын қолына ұстап, Осенов те 
Айтқалидың артына келіп жантаяды.
Тараудың бас жағы əкесінің жұмсауымен жасөспірім бозбала
Абайдың Сүйіндік ауылына келгенін, оның көрікті, ақылды қызы 
Тоғжанды көріп, оған ғашық болатынын баяндайды. Айтқали 
тамағын тағы бір кенеп алып, ары қарай оқиды.
«…Орташа келген қырлы мұрыны енді анық көрінді. Қырынан
қарағанда бір түрлі сүйкімді екен. Жұмсақ, жұмыр иегінің 
астында жұқа ғана бір толқындай боп, нəзік бұғағы білінеді. 
Жылтырап таралған шашы, қап- қара қалың өріммен ерекше
аппақ, нəзік мойнына қарай құлап түсіпті. Үлкен де, кіші де
емес əшекей сырғасы діріл қағып, дамыл алмай сілкіне түсіп 
тұр…»
— Уап, бəле!
— Қызым-ақ екен-ау өзі де! - деп əркімдер осы тұста сүйсіне үн
қатысып қалады.
— Е, Абайды өзіне ғашық еткен қыз осал болады дейсің бе! -
Осенов жез мұртының ұшын ширатып жіберіп, ақырын бір
жұтынып қояды. Ұзақ сапар шегіп, шаршап-шалдығып келе


жатқандардың езулеріне жылы күлкі жүгіріп, кездері жайнай
түседі. Жүректері лүпіл қағып, өздері сол сұлу Тоғжанның
қасында тұрғандай сезінеді. Жүрек түбінен əркімге елде
қалған өз Тоғжаны елес береді. Онымен өзінің ең алғаш
қалай кездескені еске оралады. Бір сəтке олар өздерінің
орман ішінде, оқ астында отырғандарын, жаны тебірене жар
денесін сипауға созылған қолдары қазір автоматтың суық
стволын қы-сып тұрғандығын ұмытып кеткендей болады. Осы
кезде алдан, əр түрлі дауыспен ышқына айтылған «По
местам!» деген жауынгер команда құлаққа шалынады. 
Бойларына күш жиып, қуаттанып қалған жауынгерлер 
орындарынан атып-атып тұра-ды…
Жауынгер Айтқали Кұсайынов 1943 жылдың тоғызыншы 
қаңтарында, Великие Луки қаласының түбінде, жау танкісі мен 
зенбіректің жекпе-жек атысында ер өлімімен қаза тапты. Соғыстың 
қатал дəстүрі бойынша өлген солдаттың денесі, бойынан қару, 
жарағы, қойнынан документі алынып, жаңа қазылған жас қабір 
басында қарулас серіктерінің ақырғы құрметі көрсетіліп, туған 
жердің топырағына беріледі. Отан үшін қан төгіп, жан берген ер 
солдатты жер-ана құшағына қысып, мəңгілікке алып қалады.
Айтқалиды қастерлеп қойып, жауынгер жолдастары жаудан кегіңді 
аламыз деп серт еткендей, аспанға үш дүркін оқ атып, салют
бергеннен кейін, оның жетімсіреп, жерде жатқан карабинін кіші
сержант Ризуан Қалиев көтеріп, ал зат қапшығындағы
патрондарды өзге серіктеріне бөліп берді. Қалған екі гранат
пен «Ақын» кітабын кіші сержант өз қойнына тығып алды.
Өлген жауынгердің қойнынан алынған документ комсомол 
билеті мен қызыл əскер книжкасының арасынан жөнелтілмей 
қалған үшбұрыш хат шықгы. Хаттың сыртында: «Семей облысы,
Белағаш ауданы, Ерназаров с/с, Тоғасова Задаға» делінген
əдіріс бар екен. Зада - Айтқалидың сүйген қызы. Ол сонау 
Белағашта, селолық советте секретарь болып істейтін. Айтқали
қыздан үзбестен хат алып тұратын. Село-лықсоветтен хат келген 
сайын қуанып, жолдастарына сүйген қызы жайында көп-көп
жалынды əңімелер шертетін. Заданың сұлулығын да,
сабырлылығын да бір ғана Тоғжанмен теңестіретін. «Тек 
Заданың құлағында «дір қағып, дамыл алмай, сілкіне түсіп 
тұратын» сырғасы ғана жоқ» деп қуана да, қулана күлетін. Хат 
ішінде Айтқалидың маржандай əріптерімен мынадаи сөздер 


жазылыпты: «Қалқам Зада! Біз қазір үлкен бір орыс қаласының 
түбіндеміз. - Айтқали əскери құпияны сақтап, Великие Луки 
қаласын осылай атапты. - Жау осы қалаға аранын ашып, анталап 
тұр. Бірақ біз оны бермейміз жауға. Оған сенімін кəміл болсын.
Қазір түн. Мен жертөледе кезекшімін. Жолдастарым жанымда 
тегіс тынығып жатыр. Олар төңбай, жақсы ұйықтасын деп, темір 
пешке өкіртіп от жағып отырмын. Далада шыңыл-тыр қарды 
шықырлата басқан сақшы аяғының сықыры естіледі. Жертөленің 
сыртына немістер жақын келіп, бір мина жарылды. «Қорыққанға 
қос көрінеді» деген рас болуы керек. Немістердің түні бойы 
осылай түсінен шошынғандай, бет алды оқ атып отырмаса 
көңілдері көншімейді. Сен одан қорықпай-ақ қой, мұндай құр 
далбаса үшін атылған жау оғының маған да, менің жолдастарыма 
да келтірер қырсығы жоқ.
Сен қазір ұйықтап жатқан боларсың. Мен пешке шайыры мол
құрғақ ағашты қалап қойып снаряд гильзасынан жасалған
солдат шамының түбінде кітап оқып отырмын. Ол сен ту-
ралы, екеуміз жайында жазылған кітап - «Ақын» романы. Соның 
«Бел-белесте» деген тарауының аяқ жағында Абай мен Тоғжаннын
екінші рет кездесуі баяндалады. Екі дос жан əрең табысып, бір-
біріне жүректерін жайып, ынтыға ұмтылысқан шақта оларға
Қарауыл өзені тасып кетті деген суық хабар келеді. Бұл
Абайғада, Абай жанындағы əйелдердің де бастарына төнген
қатер еді. Сондықтан ол да тез кетпек болып, қимас ғашығын
тастап, асығыс жөнеледі. Кітаптың осы жерін оқышы, сен Зада, 
тағы бір қайталап оқышы. Екеуміздің жайымыз да нақ осы
сияқты болды ғой. Біз осы жазда қосыламыз деп уəде
байласқан шақта, сол бір тəтті түннің таңертеңінде соғыс 
басталып кетті емес пе. Бізге төнген қатер көктемде тасыған 
шағын өзен Қарауыл емес, шалқар Отанымызды ша-пыған 
сұрапыл соғыс болды ғой.
Оқасы жоқ, Зада, сол Қарауылдың қалың сеңінің қамауынан 
құтылып, өзеннен аман өткен Абайдай болып, бір күні жауды 
жеңіп жетермін мен де саған құстай ұшып. Қуана күліп, алдында 
тұрармын қанатымды кең жайып. Сонда біздің соғыс ажыратқан 
құшағымыз қайта айқасады. Мəңгілік болып айқасады. Қош, 
сəулем, Задашым-Тоғжаным менің. Ақ бетіңнен аймалай сүйіп, 
сенің тек қана сенің Айтқалиың.


8 қаңтар, 1943 ж. Дала почтасы 1745, 125-бөлім».
Жебір соғыс жалмаған асыл азамат сүйгеніне жетпеді. Төбе басын
томпитып, алыста қалды.
Бұдан кейін де соғыстың сансыз темір тісі тілгілеп жатқан азалы 
жерге адам сүйегін сепкен талай күндер өтті. Жауынгерлер
қилы-қилы қанды жорықтарды, қиын-қиын қырқысқан
ұрыстарды бастарынан кешірді. Жырым-жырым болып, 
солдаттар қойнындағы кітап та тозды. Бірақ жігіттердің 
жүректеріндегі Тоғжан тозған жоқ. Ол «əшекей сырғасы діріл 
қағып», жорықта солдаттармен қатар жүрді. Ол «жылтырап 
таралған шашы, қап-қара, қалың өріммен, ерекше аппақ, нəзік
мойнына қарай құлап түсіп», жауынгерлермен қол ұстаса,
жауға қарай сан рет шабуылға шықты. «Елде сенің де сұлу
жарың бар» деп əр солдаттың құлағына сыбырлады, əр 
жүректі наздана қытықтады. Жаралыға үміт болып, шаршағанға 
қайрат берді. Қараңғы түңде алыстан маздаған от, аспандағы 
Шолпандай болып, Тоғжан оларды атой салып, жеңіске шақырды, 
өмірге жетектеді.
Соғыс бітті. Эшелон-эшелон қызыл вагондарға тиеліп, солдаттар 
туған елге қайтты. Жеңіс поезы желдей жүйткіді. Сол
эшелондардың ішінде тарыдай шашырап, баяғы Қазақстан
бригадасының жігіттері де келе жатты. Вагонның екі жақ есігінен 
бірдей солдаттар үйме-жүйме болып, сыртқа көз салып тұр. Олар 
өздері жорықпен өткен, соларды азат ету үшін қан төгіп, қиян-кескі 
ұрыс салған қалалар мен селоларға, ормандар мен шоқыларға,
өзендер мен көлдерге қарайды. Сол жерлерде мəңгі ұйықтап
жатқан ер жолдастарын естеріне түсіреді.
- Апыр-ай, бұл соғыстан тірі қаламын деп ойлаған жоқ едім, -
дейді жездей сары мұртты, кəрі солдат қасындағы сержантқа 
бұрылып, басын шайқап. - «Ажалсызға тау құласа да өлмейді» 
деген осы екен-ау…
Сары мұртты солдат - баяғы Осенов. Оның қасында тұрған 
сержант - Ризуан Қалиев. Қалиевтың кеудесі ордендер мен 
медальға толы. Осеновтың де кеудесі құр емес, қос медаль 
жарқырайды.
Сержант та кəрі солдатқа күле қарайды. Баяғыда Алматыдан 
алғаш майданға аттанған шақ есіне түседі. Сондағы осы 


шалдың бүкіл вагон ішіндегі жұрттың жүрегіне қаяу салып, 
шерлене күрсінуі бар. Солдаттарды сол сəттегі шер тұңғиығынан 
шығарған Айтқали болып еді-ау. «Жоқ, туған жер қалған жоқ, ол 
бізбен бірге, мына кітаптың ішінде» деп жарқ етіп шыға келіп еді-
ау, айналайын… Айтқалидың өлген жерін есіне алып, сержант
еріксіз қабағын шытты. Жалғыз Айтқали ма, талай-талай
маңғаз жігіт, аяулы азаматтарды мерт қылып кетті ғой бұл
соғыс. Сержант Нəсіп Қалиев, кіші сержант Əбдірахман 
Бимурзин, жауынгер Сембек Молдабаев кімнен кем еді? Взвод
командирі лейтенант Ақыраш Андиров, под-полковник
Əбілқайыр Баймолдин, пулеметші, батыр қыз Мəншүк Мəметова 
ше? Бəрі де жанып тұрған, лаулап тұрған жалын еді. Отан үшін,
анамыздай қымбат арымыз үшін қабақтарын шытпастан
жандарын қиды да, небір қаланың табалды-рығын жастанып, 
небір өзеннің қабағын қарайтып, арыстай боп қала берді олар. 
Сержанттың көз алдына өз батареясының командирі, капитан 
Жамалбеков елестеді. Ұрыстың бір толас шақтарында немесе
бөлім екінші эшелонда тұрған кездерде жауынгерлер алқа
котан отыра қалып, кезекпен «Ақын» кітабын оқысатын еді. 
Жауынгерлермен бірге отырып, бұл кітапты капитан да 
тындайтын. Ел сағынған жүрекке осы бір тозған кітап үлкен
медеу болатын. Əсіресе оның Тоғжан жайлы айтылатын
жерлерін оқығанда жауынгерлер жымындасып, екі езулері 
құлақтарына жете мəз болысып қалатын. Жалғыз жауынгерлер 
ғана емес, капитан қоса жымиятын. Əшейінде түсі суық, сұсты 
көрінетін комаңдир жүзі Тоғжанның жүріс-тұрысы, қылықты 
қимылдары суреттелген жерде мүлде жібіп, майға балқытылған 
қорғасындай толықсып кететін… Сөйтіп, артта Еуропа қалды. 
Артта қираған қалалар қалды. Қалалардың төңірегі толы молалар 
қалды. Енді міне, жеңіспен елге келеміз. Қазақтың қара көз 
қыздарын көреміз. Өз Тоғжанымызға барамыз… Қалиевтың қиялы 
шарықтап, Шар ауданындағы өзінің туған ауылына қарай қанат 
қағады. Ажары атқан тандай жылы жүзді, жұмсақ білекті, су тиген 
қарақаттай мөлдір қара көзді аса бір сымбатты жан ұяла да, қуана 
кеп мұның алдынан шықкан тəрізденеді… Ол кезерген ернін 
жалап, бір тамсанып қалып, жанындағы жолдасына қайта
бұрылады. 
— Рас, «ажалсызға тау құласа да өлмейді» деген… - дейді 
Осеновке, əр сөзін үзіп-үзіп айтып. - Апыр-ай, Мəскеуге қашан 
жетер екенбіз. Тезірек көрсек-ау Қазақстанды…


Сержанттың жүрегі аузына кеп тығылардай боп, кесек лүпілдеп, 
қатты соғады. «Рас, рас… туған жер, туған жер…» дегендей, 
эшелон толы солдаттар вагон ырғағымен бастарын қайта-қайта 
изейді».
Мен оқып болдым. Самайымнан тер сорғалап кетті. Жазғаным
Əуезовке ұнамаған шығар деп ойладым. Қысылып, бір 
қырындай тұрып, профессорға көзімнің қиығын салдым. Оның өңі 
нарттай қызараңқы сияқты көрінді. Менің оқығанымды беріле, бар 
ынтасымен тындап шыққанға ұқсады.
— Пəлі, Ербол, сенің мынауың көркем шығарма ғой өзі, - деп 
мұрнын бір сипап қалды. - Мұны новелла десе де, естелік атаса 
да, немесе көркем очерк деуге де келеді. Бұнда бүкіл бір əскери 
бригаданың қысқаша тарихын айтыпсың. Тоғжан бейнесін жақсы 
түйіндепсің. Оны тек жақсы қыз деп қана емес, жан сүйсінтер
сұлулық мұраты, өмірдің өзі, тіпті Отан тұлғасы деп те
түсінуге болады екен. Біз жазған Тоғжанның майданда
осындай əсері болғанын соғысқа қатысып келген солдат сенің
аузыңнан есту маған қандай ғанибет екенін білесің бе, Ербол? - 
деп профессор мені көкке көтеріп тастады. Мұны жазғанда менің 
ойыма түйіндеу деген де, бір бригаданың тарихын тізу деген
де келмеген еді. Мен тек өзім керген, жолдастарымның 
басынан кешкен жайларды ғана айтуға ты-рыстым, айта алдым ба 
екен деп шүбəландым. Профессор сəл бөгеліп барып, сөзін қайта 
жалғады. - Мен мұндай болар деп ойламаған едім. Тағар сыным,
айтар мінім жоқтың қасы. Сен өзің журналист боламын деп жүрсің 
ғой. Əбден боласың. Мына аяқ алысың сенің қазірдің өзінде дап-
дайын журналист екенінді танытады. Менің саған берер кеңесім: 
осы жазғаныңды газетке апар. Мен үшін емес, өзің үшін апар.
Газет деген үлкен жаршы орын. Сен сияқты болашағы бар
журналистің газетке жарияланып, көріне беруі абзал. Ал мына
тырнақалды еңбегің ұялмай жариялауға əбден жарарлық. Сенің 
мұны қысылмай ұсынып, газеттің қымсынбай басуына болады.
Əуезов маған редакцияға баруымды мəслихат етіп бола
бергенде лекцияның біткенін паш етіп, қоңырау шылдырлады.
Мен өзімнің аудиторияда сабақта отырғанымды сонда бір-ақ
білдім. Аудиторияда Əуезов екеумізден басқа жандардың
барын да енді аңғардым. Əуезов тұруға ыңғайланып, алдында
жатқан папкасын жиыстырып, үстел үстіне қырынан ұстап 
отырды да, тағы бірдеңе айтқысы келгендей, асықпай менің 


бас-аяғыма қарады.
— Солдат студенттің жайы басқалардан гөрі ауырлау болады.
Сен өзге жұрттан кейінірек келдің ғой, Ербол, жатақханаға 
жайғасып па едің? - деп сұрады. Мен жатақханадан орын тимей, 
пəтерде жатқанымды айттым.
— Ал өзге жайларың дұрыс па?
— Дұрыс, - дедім мен.
— Онда қазір менімен бірге деканатқа жүр, сенің жатақхана
жайынды сөйлесейік.
Мен қуанып кеттім. Жатақхана жалына қол жетпес жақсы 
арғымақтай арманым еді. Орнымнан атып тұрып, Əуезовтың 
соңынан ілестім.
Декан өз орнында отыр екен. Есіктен кіріп келе жатқан Əуезовты 
көріп, ұшып тұрып, оған өз орнын берді. Бас изеп, менімен де 
сəлемдесті. Бұған менің ішім одан сайын жылып, үмітім күшейе 
түсті.
— Ыбырайым, - деді профессор деканның орнына жайғасып 
жатып, - мен өзіңді жақсы декандардың бірі санаушы едім. Бірақ 
мынау ісіңді құптамай қалдым.
— Не боп қалды, Мұха? - деді декан оған қарай еңсеріле құлағын
тосып.
— Мынау Ербол деген жігіт, - деді профессор босағада түрегеп 
тұрған мені нұсқап, - табандатқан төрт жыл соғыста болып, осы 
тұрған шағын бойымен ер шыдамас, нар көтермес жүк көтеріп, 
жауды жеңіп келген асыл азаматтардың бірі. Осы жігіт
соғыстан қайтып келе жатып, туған жеріне де бармастан, осы
біздің университетте оқуда қалған. Мұны өзің қабылдапсың,
оның дұрыс болған. Бірақ осы жігіт үш айдан бері туысы емес, 
танысы емес, соғыста бірге болған жолдасының тар үйін сол үйдің 
көп жанымен қосылып мекен ететін көрінеді. Танымайтын бет
алды біреу бұл жігітке босағасынан орын бергенде өз үйі
сияқты университет неге жатақханадан орын бермейді?
— Ойбай, Мұха, - деді декан, - қазір жатақханада орын жоқ. Бұл 
жігіт сол тұрған үйінде биылша бірдеңе ғып шыдап шықсын. 
Алдағы оқу жылында жатақханаға қайтсем де орналастырайын.


— Пəлі, со да сөз бе екен? - деді профессор түсін бірден
суыққа сала сөйлеп. - Орын неге жоқ? Жатақханаға жайғасып 
алған, өздері соғысқа бармаған, жай-күйлері жақсы, көк жаға, күйлі 
студенттер бар емес пе? Немесе, ана нашар оқитын 
студенттеріңнің бірін жатақханадан шығарып жібер де, орнын 
осыған бер.
— Ол болмайды ғой, Мұха, - деді декан сасқалақтап.
— Болмаса мен ректорға барамын. Бұны қайткенде де
болдыру керек. Біздің осы болымсыздан қол жетпейтін биік, 
көш өтпейтін шыңырау жасап алатынымыз жаман. Əйтпесе 
қоластында үш жүздей студенті бар деканға жатақханадан бір 
орын табу қиын болып па?
— Ойбай, Мұха, сөзіңіз өтіп кетгі. Мен бұл жігітті қайтсем де 
бірдеңе ғып орналастырайын, - деп декан маған бұрылды. - 
Фамилияң кім, қарағым?
— Есенов, - дедім мен.
Декан менің фамилиямды жазып алды да:
— Бүгін лекңиядан қайтарында маған соға кет. Оған дейін
коменданттармен хабарласып, бір нəрсе істеттірейін, шырағым.
— Е, пəлі, - деді Əуезов қайтадан жадырап. - Жөн істедің, 
Ыбырайым. Бұл өзі қамқорлық жасауға тұратын жігіт. Мен деканға
да, профессорға да рақмет айтып, қуанышым қойныма сыймай, 
деканаттан шықтым.
Ертеңінде мен жатақханаға көштім. Виноградов көшесіндегі
үйдің екінші қатарындағы 65-бөлмеге, Жомартбектің қасына 
орналастым. Төсек-орын жоқтықтан, əзірге ол екеуміз бірге 
жататын болдық. Сөйтіп, менің екі ыстық тілегім бірден
орындалды: жатақханаға жайғастым, Меңтайдың жанына
жақын келдім. Сүйген қызынды сыртынан жиі көріп жүрудің өзі 
бақытқой, шіркін! Бұл бақыт енді менің жүрегімді күн сайын
кернеп, оны үрген шардай тырсылдата көріп, жұқартып бара 
жатты.
VIII
Менің жазғанымның Əуезовке ұнауы бүкіл группаны қуанышқа 
бөледі. Курсымыздағы отыз қыз бен менен кейінгі еркек кіндікті 


жалғыз ұл Жомартбек сол күні мені кезек-кезек құттықтаумен 
болды. Келесі күндері де бұл əңгіме ауыздан түспеді. Əсіресе,
Зайкүл: «Мұхит ағаға мен айтпасам, мен Ерболдың қолынан
жазу келеді демесем, мен ол кісіге сенің өлең шығарғаныңды
да жеткізбесем - сен мұны жазбайтын едіңде, Əуезов аузынан 
мұндай баға да ала алмайтын едің», -деп көп мақтанды. Ал 
Меңтай бір-ақ ауыз сөзбен баға берді: «Анау өлген жігіттің 
қойнынан алынған хат оқылғанда ойыма өз ағайым түсіп, көзіме 
жас алдым» - деді. Маған Зайкүлдің жүз рет айтқан «мен-
менінен» осы бір ауыз сөз əлдеқайда қымбат боп көрінді.
Қыздар Əуезовтің айтқанын орындап, жазғанымды тез редакңияға 
жеткізуімді жөн көрді. «Газет мұны қайтсе де басады», «Мұхит аға 
мақұлдаған əңгімені неге қабылдамасың» десіп, апармасқа ерік 
алдыма қоймады.
Шынымды айтсам, ол кезде қыздармен қоса өзім де керемет
қуанышты едім. Кеудемді қайдағы бір лапылдаған сабырсыз 
мақганыш кернеді. Редакцияны іздеп келе жатқанымда Əуезов 
айтқан бір ауыз жылы сөз қанат боп, мені аспанға көтеріп əкетіп 
бара жатқандай көрінді. Творчество адамдарының көңілінде өзге
жанда көп кездесе бермейтін ерекше бір леп болатынын мен 
бірінші рет сонда ғана сездім. Сездім де: «Бір ол жуаз əңгіме 
жаздым деп көкірегім гимнастеркамды жырта көріп, көктемде 
тасыған шолақ сайдай күркіреп, шолтандап менің өзім қаншама 
əлек-шəлек болдым. Ал əлденеше əңгіме, пьесалар, «Ақын» 
тəрізді үлкен роман жазған Əуезов неғып төпан суындай тасып, 
сел боп қаптап, жолындағы жұртты жайпап кетпей жүр екен?» - 
деп жəне ойладым. «Тегі жазушы парасаттылығы жазған дүниесі 
жақсы болған сайын шошандап, шоршандап, кеуде қағуда емес, 
сабырлы, салмақты бола түсуде шығар», - деп тағы түйдім.
«Сап-сап, көңілім, сап көңілім» - деп, бұл ойыма жəне тұсау 
салдым. «Сен немене, дəл бір жазушы боп кеткендей-
ақтолғанып келесің. Саған Əуезов жазушысың немесе жазушы
боласың деген жоқ. Журналист боласың, қазірдің өзінде дайын 
журналист екенсің деді ғой, - дедім өзіме өзім. - Ендеше неменеге 
ит қуған бұзаудай боп, екі танауың шелектей делдиіп, едірең деп 
келесің?»
Үлкен екі көшенің қиылысында тұрған үш қабат үйдің биік, тас 
баспалдағының алдына кеп тоқтадым. Үйдің маңдайшасы толған


қызыл шаршы шыныларға республикада шығатын газет аттары
қағазға басылатын көзге таныс пішінмен бедерленіпті. Осында 
келген ең негізгі жұмысым солдай-ақ, мен тұра қалып, оларды
шетінен оқи бастадым: «ҚазТАГ», »Советтік Қазақстан», 
«Советский Казахстан», «Жас ұлан…»
Мен іздеп келген редакция да осында екен. Жүрексініп кеп, тас 
баспалдақтын бірінші басқышына аяғымды салдым. Редакция 
дəлізінің екі жағы қатар-қатар есік екен. Əр есіктің сыртында 
тақтайға бұранда шегемен бекітілген алақандай қызыл шыны
тұр. Шыныда əр бөлменің аты жəне оның меңгерушісі мен
əдеби қызметкерінің фамилиялары көрсетіліпті.
Əр қойдың шабын бір түрткен жетім қозыдай болып, əр есікке бір 
үңіліп келе жатыр едім, алдымнан тасыр- тұсыр пулемет атылып
қоя бергендей болды. Сөйтсем мен ашық тұрған бір есіктің
алдына көп қалған екенмін. Бөлме ішіне жағалай келемі
кішіректеу келген біркелкі тапал-тапал үстелдер қойылыпты.
Əр үстелдің үстінде бір-бір машинка. Əр үстелдің басында
əлекедей жаланған бір-бір əдемі келіншек. Əр келіншектің
қасында алдындағы қағазына қарап, бірінің айтқанын бірі 
тыңдамай, өз-өзінен екілене сөйлеп отырған бір-бір еркек.
Еркектердің ауыздары жыбырлаған сайын келіншектердің ақ
саусақтары су бетіне секіріп ойнаған ақ қайрандай боп, жарқ-
жұрқ етеді. Əйелдер де, еркектер де өз екпіндеріне өздері апиын
ішкендей елтіп, екі жақтарына кезек теңселеді. Бақсам, ол 
машбюро екен.
Онымен қатарлас, есігі ашық екінші бөлмеден дүңкілдеген жəне 
бір дыбыс естілді. Қарасам, ішінде ешкім жоқ. Жаңағыдай
тапалтақ үстелдің үстінде тұрған бір машинка тарс-тұрс етіп,
өзінен өзі басылып жатыр. Одан біртіндеп еденге қарай
сусыған молотилканың көш құлаш белбеуіндей ұзын сары
қағаз жылқының қартасына ұқсап, үсті-үстіне қатпарлана төгіледі. 
Бұл телетайп бөлмесі екен. Сол жақтағы есігі ашық тұрған басқа 
бөлмеге жəне көзім түсіп еді: қатар тұрған екі үстелдің
басында алдарындағы қағаздарына еңкейе түсіп, сырылдата 
жазып, үш адам отыр екен. Олар маған, неге екенін білмеймін, бір-
бірімен үзеңгі қағысып, танаулап келе жатқан үш сəйгүліктің 
жалдарына бұқшия жабысып, əрқайсысы өз атына қамшы басқан 
үш шабандозға ұқсап кетті. Осының бəрі маған лыпып соғып 
тұрған тамырдай сезіліп, редакция жұмысының ішкі ырғақ, екпінін 


танытгы. Ақыры, дəліздің ең түкпіріндегі іздеген есігіме де жеттім. 
Онда былай деген жазу бар екен:
«Əдебиет жəне өнер бөлімі. Меңгерушісі М. Омаров.
Əдеби қызметкер Ш. Шалғынбаев».
Есікті қағып едім, бұл бөлмеде біреу менің келуімді асыға күтіп 
отырғандай-ақ табан астында «да» деп барқ ете түскен, 
сыпайылықтан гөрі сызы көп тырнауық дауыс естілді.
Бөлмеге кірсем, ішінде екі адам отыр екен. Жас жағынан біріне-
бірі тетелес сияқты: төрдегі тарамыс арық, қара-торысы отызға 
жаңа жетсе, есік жақта отырған қалың шашты, аққұба еңді, сəл 
пұшық мұрындау келген сымбатты, дембелше жігіт одан үш-төрт 
жас қана кіші болуы керек. Есік жақта отырған сымбатты жігіт 
бөлім бастығы болар деп ойладым. Сондықтан да оған: «Омаров 
ағай сіз бе?» дедім. Бұйра шаш жігіт бағжиып бетіме қарады да, 
иегімен төрде отырған кісіні нұсқады. Оған жете бергенімде 
телефоны шылдырлап, ол трубкаға: «Қазір, қазір» деді де, 
бөлмеден шыға жөнелді.
Ол шығып кеткеннен кейін бұйра шаш орнынан тұрды да,4
маған қарамай, шолақ мұрнын маңғаздана пұштырайтып, 
бастығының орнына барып отырды. Креслоны ілгері қозғап, 
нығырлана жайғасты. Содан соң, оң жақтағы телефонды 
құлағынан сүйреп əкеп, алдына қойды. Оның трубкасын көтеріп, 
құлағына тосты да, орнына қайта салды. Осыдан соң барып маған 
қарай қолын еріне созды.
— Менің атым Шалдуар Шалғынбаев. Қане, не əкеліп едің?
— Новелла, - дедім мен Əуезовтің осылай деп атағаны есіме
түсіп, не де болса айды аспанға бір-ақ шығарайын деп. 
«Естелік» дейін десем, ол от басында отырып өткен-кеткенді
еске түсіретін шалдардың шаруасы боп кетер, «очерк» десем, 
қара мақалаға ұқсар да, мына күпиген əдеби қызметкердің
алдында беделім түсіп қалар деп ойладым.
Əдеби қызметкер өз-өзінен мəз бола қарқылдап күліп алды да:
— Жігітім, сен өзің көкте екенсің, аһ! - деді маған қарап.
— Неге? - дедім мен абыржып.


— Сол. Жер басып жүрген жоқсың əйтеуір. Əйтпесе новелла дей 
ме екен кісі? Əңгіме десеңші онан да. Ал, меніңше, мұның əңгіме 
де емес.
— Неге? - дедім тағы да одан сайын сасқалақтап.
— Неге екенін айтайын қазір. - Əдеби қызметкер шалқая отырып, 
сұқ саусағымен менің қолжазбамның тақырыбын түртті. - Мынау 
не деген сөз, аһ?
— «Тоғжан», - дедім мен əдеби қызметкер менің жазуымды 
ажырата алмай, əлде көзі жетіңкіремей отыр екен деп ойлап.
— Ол кім, аһ? - Шалдуар маған тесіле қарады.
— «Ақын» романының кейіпкері.
— Онда сол роман жайында ғой мұның, аһ?
— Иə, бірақ…
— Бірағынды қоя тұр. Мұның романға рецензия болса, онда
бізге керегі жоқ. Өйткені ол туралы бізде профессордың ре-
цензиясы шыккан. - Шалдуар сұк саусағын шошайтты. Онысы «сен 
студент қанасың, ал біз профессорлардың өздерімен істеспіз» 
дегені-ау деп ұқтым. - Ал бұның роман туралы немесе соның бір
кейіпкері туралы əңгіме болса, оның не қажеті бар бізге? Сен 
Əуезовтен артық жаздым деп ойлайсың ба өзің?
— Жоқ, бірақ бұл тек Тоғжан туралы ғана емес…
— Тоқта, тоқта, - деді Шалдуар, - сен алдымен менің сұрағыма 
жауап бер. Əуезовтен артық жаздым деп ойлайсың ба өзің, аһ?
— Жоқ, - дедім мен.
— Ендеше мұны газетке басудың қажеті де жоқ, - деді əдеби
қызметкер.
— Сонда да алдымен өзіңіз оқып көрмейсіз бе? - дедім мен
дағдарып.
— Тоқта, тоқта, - деп ол бейне бір мені қылышпен шауып 
түсетіндей сұстанып оң қолын көтерді. - Сен өзің газет 
қызметкерлерін кім деп ойлайсың, аһ? Жұмысы жоқ, сандалбай 
деп білесің бе? Біздің бəлімге сенің мынауың сияқты, - ол менің
қағаздарымды дудырата ұстап, жоғары көтерді, - күніне отыз
өлең, он əңгіме келіп түседі, аһ! Біздің бөлім осы редакциядағы 


ең хат көп келетін бөлім. Өйткені қазақтың ең жоқ дегенде екі ауыз 
өлең шығармайтыны кемде-кем. Соның бəрі өздерін ақынбыз деп 
біледі. Газетке басыңдар деп оларын бізге жібереді. Ішінде іліп
аларлық ештеңесі жоқ сол хаттардың бəрін, сеніңше, біз,
Омаров екеуміз, басымызды қатырып, оқып отыруымыз керек 
пе, аһ? - Ол есік жаққа бір қарап қойды. - Омаров оқиды. Ол
елден келген хаттардан ең жоқ дегенде сөз үйренуге болады 
дейді. Ал мен, - ол даусын сəл ақырындата сөйледі, - елден 
келген шала сауатты хаттардан ештеңе де үйренуге болмайды 
деймін оған. - Шалдуар даусын қайтадан қатайтты. - Сендердін 
бұл сияқты бытпырақтарыңды оқып біз отырып алсақ, онда
редакцияның жұмысын кім істейді? Кім істейді, аһ? Егер сен біздің 
орнымызда болсаң қайтер едің? Оқыр ма едің соның бəрін, аһ? 
Оқымайсың. Ендеше басты қатырма: мұныңды оқуға уақыт жоқ. 
Жəне, сен біліп қой, газет тек актуальды мəселелерді ғана 
жазады. Сенің мұныңның газет үшін еш актуальдығы жоқ. Сен өзің
«актуальды» дегеннің не екенін түсінесің бе? Ол злободневный 
вопрос деген сөз. Вот, біліп қой. Жəне сен өзің шүу дегеннен 
əңгіме жазамын деп ойлама. Ол - қиын жанр. Осы бөлмеде 
отыратын екеуміздің ішімізде əңгімені жаңағы Омаров қана
жазып жүр. Саған қайда əңгіме жазу. - Шалдуар «қайда» деген
сөзді мені белімнен соққандай ғып созып айтты. - Сен тұрғай 
осындай үлкен редакцияда қызмет етіп отырған мына менің өзім 
де əңгіме жазуға жүрексінемін. Мен өзім қазір очеркті боратып 
жүрмін. Сен біліп қой: очерк деген газеттің романы. Очеркті екінің 
бірі емес, журналистің төресі ғана жаза алады. Білдің бе, аһ? Ал 
артынан əңгімеге ауысамын.
— Менің мынауым да очерк, - дедім мен бағанағы
айтқанымнан бір саты төмендеп, «очерк» десем, Шалдуар 
жібімес пе екен деп дəмеленіп.
— Очерк? - Ол маған үрке қарады. - Саған очерк жазу қайдан 
келсін?! Армиядан келген солдат студенттің мұрнына очерктің иісі 
қайдан барады? Жай, əшейін, қызбалықпен айтып тұрған 
шығарсын, жігітім.
Мен не дерімді, не айтарымды білмедім.
— Оқыңызшы өзіңіз, осы очерк, - дедім Шалдуарға жалынғандай
болып.
— Оқымаймын. Бұл очерк емес, «Тоғжан» деген атының өзі 


очеркке келмейді. Егер аты «сауыншы қыз Тоғжан» деп тұрса, 
онда очерк деп ойлауға болар еді. Ал алда-жалда мұның кейбір 
жерлері очеркке ұқсай қалса, онда ешбір актуальдығы жоқ.
Осы бір «актуальды» деген сөз маған пəле болды. Шалдуар соны 
сойыл ғып сілтеп, шоқпар ғып сермеп, мені маңдайдан пергілеп, 
тобықтан ұрғылап, есімнен тандырды да отырды.
— Актуальды болмағандықтан мұның газетке қабылданбайды.
Түсінікті ме? Аһ! - деді ол тағы.
— Газетке баспай-ақ қойыңыз. Тек маған оқып шығып, пікіріңізді
ғана айтыңызшы.
— Осы саған редакцияға бар деп жүрген кім озі?
Шалдуар мені редакцияға бар деген адам қазір қолына түссе, түтіп
жіберердей боп, сұстанып кетті.
— Мұны профессор Əуезов сіздерге апарып көрсет деген соң келіп
едім.
Шалдуардың түсі қайта жұмсарды. Тіпті күліп те алды.
— Үлкен кісілер солай деп айта салады, - деді ол. - Сенің көңілінді 
қимаған ғой. Жəне ол кісінің мазасын алатын сен сияқты студент 
аз деймісің? - Шалдуардың түсі қайта суыды. - Ал Əуезов айтты 
екен, сол кісі жөн сілтеді екен деп сен малданба. Біз
Əуезовтың жазғанының да бəрін баса бермейміз. Əкелгені
актуальды болса ғана басамыз, түсінікті ме?
— Түсінікті, - дедім мен енді есім шығып, тезірек кетуге
ынғайланып.
— Түсінікті болса, жүре бер. Мə, мынауынды ала кет.
Мен қолжазбамды алып, есікке қарай аяңдадым. Осы кезде оның 
есіне авторлардың күдерін үздірмеу керек деген журналистік 
қағида түсті-ау деймін, маған қайтадан дауыстап:
— Əй, əй, тоқта, - деді қолын шошайтып.
Мен тоқтадым.
— Егер актуальды бірдеңе жазсаң, тағы да келерсің. Енді жүре
бер, - деп ол қолын сермеді.
Мен жүре бердім. Редакцияның босағасын алғаш аттауым осылай 


аяқталды. Кеше ғана Əуезовтың алдынан көңіліме қанат бітіп, 
іштей тасып, лепіріп шыққан мен Шалдуар Шал-ғынбаевтың 
алдынан жермен-жексен болып шығып, редакцияның биік 
баспалдағынан тəлтіректеп, жерге əрең түстім. «Өзіме де сол 
керек, - дедім былайырақ шыққан соң ішімнен. - Тұңғыш
баласын ЗАГС-ке тіркетемін деп, туған күннің ертеңінде ала
жүгірген жас анадай желпендеп, алды-артыма қарамай жүгіріп 
едім редакция қайдасың деп. Ал жүгір…»
Осыдан кейін бір күні тағы да редакцияға бардым. Баяғы бөлмеде
Шалғынбаев жалғыз отыр екен.
— Бұл жолғым актуальды мəселе еді, - дедім мен Шалдуар иіле
ме деп үміттеніп.
— Немене?
— Алда Жамбылдың қайтыс болған күні келе жатыр ғой. Біз
соғыс кезінде Жамбылға хат жолдап, ол кісіден өлеңмен 
жазылған жауап алғанбыз. Соның тарихын баяндап жəне…
Қаншама 
шапшаң 
сөйлесем 
де 
Шалдуар 
менің 
сөзімді
аяқтатпады.
— Оның да актуальды емес, - деп қолын бір-ақ сермеді. -
Жамбыл туралы филология ғылымының кандидаты 
Тұрғанбаевқа мақала жаздырғанбыз. Филология ғылымының 
кандидаты, - деп қайталады ол. - Соны машинкаға бастырып, 
мына өз қолыммен апарып, осы жаңа ғана редактордың алдына 
қойып келдім. - Шынымды айтсам дəл сол сəтте редактордың 
үстеліне мақала апарып қоятын мынау Шалдуардай əдеби
қызметкер болу маған қол жетпес бақыт сияқты көрінді.
Шалдуар менің осы ойымды сезіп қалғандай, қайтадан кекете 
сөйледі. - Немене, Жамбыл туралы мақала жазып, қаламақы 
тауып, аяқ астынан бір байып қалайын дегенсің-ау, тақыр студент.
Мен Шалдуардын бұл сөзіне шамданғаным жоқ. Студент
екенім рас, студенттің көпшілігі тақыр кедей болатынына тағы 
да талас жоқ. Несіне ренжимін. Тек одан өзім бұрын естімеген, 
білмейтін сөзімнің мəнін сұрадым.
— Қаламақы дегеніңіз не? - дедім.
Шалдуар тағы дүрсе қоя берді.
— Өй, сен өзің қаламақының не екенін білмейсің, қалай


журналист боламын деп жүрсің?! - Мен кінəлі адамдай басымды 
изедім. Сол түрімді аяды-ау деймін, Шалдуар жаңағы өз аузынан 
шыққан, оны білмеген адамның журналист болуы мүмкін емес 
сияқты сиқырлы сөздің мəнін маған түсіндірген болды. - Қаламақы
деген гонорар деген сөз. Ал гонорар дегенің қып-қызыл ақша. - 
Шалдуар өзінен өзі тамсанып, сықап салған ақшасы сыймай
тұрғандай, шалбары мен пиджагының қалталарын қайта-қайта
басып, сипап қойды. - Түсінікті ме, аһ?
Шалдуардың осы бір «Аһ!» деген сөзі-ақ жүйкеме тиеді. Ол
бұл сөзді «солай ма, рас емес пе?» деген мағынада айтады 
екен. Бірақ ол мұны өкпесін қабындыра аузынан қатты дем 
шығарып айтқандықтан, маған онысы кəперсіз келе жатқан 
адамға тасадан «ап!» деп əлдебір қорқынышты нəрсе тап берген 
сияқты боп сезіледі.
«Түсінікті» дегендей мен басымды изедім.
— Ендеше кете бер, - деп Шалдуар телефонға қарай қолын созды.
Сөйтіп тағы да Шалдуардан қайтып, адасып жүріп, тікенек,
қалың қарағанның арасынан əрең шыққан адамдай қалжырап, 
қарын ашып, жүрек қарайып, бұрлығып, университетке, лекцияға 
келдім.
Университет алдында Меңтай кездесті.
— Ағай, сізге айтатын бір жаңалық хабарым бар, - деді Меңтай 
менімен сəлемдескеннен кейін балаша жымиып, қуана күлімдеп. 
Жүрегім өз-өзінен дүрсілдеп қоя берді.
Меңтай жайлап өзінің Пушкин атындағы кітапханадан келе 
жатқанын, онда жаңа ғана жазушы Əуезовтың оқырмандармен 
кездесуі болып өткенін айтты.
— Профессор оқырмандар алдында сөз сөйледі, - деді Меңтай. - 
Сөзінің сонында ол біздің университетте соғыстан қайтқан,
болашақта үміт күттірерлік бірсыпыра əде-биетші, журналист
жастар бар дей келіп, солардың ішінде сіздің де фамилияңызды 
атады. Мен сізді шын жүректен құттықтаймын, ағай.
Осылай деп ол кіп-кішкентай, жұп-жұмсақ қос алақанымен менің 
қолымды қысты. Күші солғын, күйдіруі күшті ақ саусақтар оң
алақанымның іші-сыртын сəл ғана сипай ұстаған сол сəтте
іште тулаған ыстық лептер дауыл күні теңіз жағалауындағы


жалғыз жартасты сабалаған толассыз толқындай қаптап,
жүректі соғып, шүйінші сұрақндай оның ұйқы-түйқысын
шығарып, жұлқылап, жұлмалап жатты. Бал-бұл жанып, қуана
жайнап тұрған Меңтайдың жүзі маған бұрынғысынан да сұлу, 
сүйкімді көрінді. Егер жұрттың бəрінде бірдей менің көзім мен 
жүрегім болса, онда Меңтайды бар студент, бүкіл ғалам жер 
үстіндегі ен сұлу, ең ақылды қыз осы ғана деп бағалар еді-ау, 
шіркін! Дариға-ай, дүниенің тұтқасы қолымда болса, бар 
жақсылықты осы қызға жасап, бар бақытты осының басына үйіп 
қояр едім мен. Бірақ кедей студент менің қолымнан махаббат пен 
тұрақтылықтан басқа не келеді десеңші.
Меңтаймен бірге ішке кіріп, ішімдегі осы ойды мазасыз
баладай тербетіп, екінші қатарға көтеріліп келе жаттым. 
Алайда бүгін бірінші рет Меңтайды кəріп, екі қайтара оның қолын 
ұстауым, ол айтқан жаңағы жылы хабар маған күш, қуат берді. 
Қарным ашып, қалжырап, шаршап келе жатқанымның бəрі лезде 
ұмыт болды.
IX
Студенттердің қос өкпесіне найзадай теніп, жазғы емтихан да
жақындап келе жатты. Найзадай төнетіні, студент сияқты жас
желең қауымның ішінде желбас жігіттер мен желекпе қыздар
аз болмайды. Қысқы семестрді қалт-құлт етіп өткеннен кейін 
олар: «Əй, жаз қайда, біреу қайда» деп қолды бір-ақ сермеп, кітап
пен конспектіні жауып тастап, секеңдеп сауық іздеп, селкілдеп би 
билеп кетеді де, емтихан тақағанда естері кіріп, қыл көпірдің
аузына келгендей қалтырайды екен. Соғыстан келген маған
студенттердің емтихан тапсыруы əскерлердің ұзақ жатқан 
бекіністен көтеріліп, шабуылға шыққан шағымен пара-пар сияқты 
боп та танылады. Шабуыл шіркін жақсы-ақ қой. Өйткені
шабуылға шыққан армия ілгері басады, жеңіске жақындайды.
Бірақ дауысы құлақты тұндырып, жау шебін бауырдай
тілгілеген артиллерия атысы - кононададан кейін окоптан
көтеріліп, мылтығыңның найзасын ұмсына кезеп, уралай
ұмтылған жауынгерлердің бəрі бірдей алға баспайды: біреу
оққа ұшады, біреу денесінен қызыл қан саулап, жер құшады -
жаралы болады. Ал емтихан тапсырғанда ешкімнің оққа ұшуы
жоқ. Оның есесіне қан орнына көздерінен жас сорғалаған 
«жаралы» кеп болады екен.


Біздің курстан емтиханның найзасына бірінші түйрелген
Сақила деген семіз сары қыз болды. XVIII-XIX ғасырдағы қазақ 
əдебиетінің емтиханынан ол өкіріп жылап шықты.
— Не болды? Не болды? - деп жатырмыз отыз үшінші аудитория 
есігінің сыртында дəлізде ішке кіруге кезек күтіп тұрған біз.
— Құладым, - деді ол солқылдап келіп, алда тұрған қыздардың
бірінің мойнына асыла кетіп.
Біз оны ортаға алып, өзімізше жұбатып жатырмыз. «Қандай сұрақ
келді?» дейміз.
— «Бұхарды білесің бе?» деп сұрады оқытушы, - дейді Сақила
солығын басып.
— Сен не дедің?
— Білемін, - дедім.
— Сонсоң?
— Білсең оның жаңалығы, ерекшелігі қандай? - деді оқытушы.
— Дұрыс, сен не деп жауап бердің?
— Мен ойланып тұрдым, тұрдым да: «Бұхардың жаңалығы
самауыр мен ақ шəйнек қой, ағай» дедім.
Біріміз күліп, біріміз ренжіп жатырмыз. «Сейтіп кісі жауап бере ме
екен» дейміз.
— Қайдан білейін, - дейді Сақила ексігін əрең басып, - Бұхар - 
сауда-саттық қаласы, қазаққа самауыр мен ақ шəйнек содан 
тарады дегенді бір құлағым шалғаны бар еді…
— Əй, əй, қуаттарым, айтсандаршы, - деп еңі құп-қу болып Зайкүл 
ортаға шықты. - Осы сұрақ келіп қалса, менің не деп жауап беруім 
керек?
— Алдымен, - деді Меңтай, - сен Бұхар жырау өлендерінің
аттарын біліп ал.
— Иə, айтшы сол түскірлерді, - дейді Зайкүл елпілдеп. ,
— Бұхар жырау Абылай ханның тұсында өмір сүрген, - дейді
Меңтай ол жайындағы мəліметтерді Зайкүлге қысқаша айтып 
түсіндіруге асығып. - Өлеңнің аттары мынандай: «Айналасын жер 
тұтқан…»


— Мұнысы не пəле «жер тұтқан» ба, «жер жұтқан» ба, қайсысы? -
дейді Зайкүл екі көзі бақырайып.
— Өлеңнің аты - «Айналасын жер тұтқан», - дейді Меңтай оған
ыждағатпен түсіндіріп.
— Ойбай-ай, Меңтай, менің миымда тұрады дейсің бе бұл пəлен.
Одан басқаларын айтшы.
Меңтай шұбырта жөнелді.
— «Ай, Абылай, Абылай», «Керей, қайда барасың?», «Бірінші 
тілек тілеңіз», «Жал құйрығы қаба. деп», «Қалданмен ұрысып»…
— Ойбай-ай, Меңтай, қуатым-ау, мынаның қайсысы есте
тұрады? Əне біреу, «Əй, қайда барасың?» дегені болмаса.
Біз бұған ішек-сілеміз қата күйіп жатырмыз.
— «Əй, қайда барасың?» емес, ол өлеңнің аты «Керей, қайда 
барасың?» - дейді Меңтай Зайкүлге бар ынтасын сала түсіндіріп. - 
Бұл - жыраудың Абылай ханнан жапа керіп, үдере көшіп бара 
жатқан қазақтың керей деген руына айтқан өлеңі.
Осы арада жұртты емтиханға біртіндеп кіргізіп, кіргендерді
сыртқа шығарып тұрған Жомартбек мысқылға басты.
— Зайкүл Бұхар жырауды неғылсын, «Əй, қайда барасың?» деп
маған айтып жатыр ғой.
Біз бұған ішек-сілеміз қата күліп жатырмыз.
— Əй, жүгірмек, тыныш тұршы, - дейді əшейінде Жомартбекке 
жұдырығын ала жүгіретін Зайкүл қойдан қоңыр жуастықпен. - Иə, 
Меңтай, одан соң не дейін?
— Бұхардың жаңалығы не деген сұрауға мынаны айтасың.
Жыраудың өлеңдері сыңсыған шешендік сөздерге толы. Онын 
өлеңінің қай жолын алып оқысаң да ақыл, нақылға кездесесің. 
Мысалы, «Айналасын жер тұтқан айды батпас демеңіз. Айнала
ішсе азайып, көл таусылмас демеңіз» деген сияқты. Осындай
керемет шешендік - Бұхар өлендерінің ерекшелігі. Осы шешендік 
əдебиет тарихында «Бұхар сарыны, Бұхар үлгісі, оның жаңалығы» 
деп аталады. Енді ұқтың ба, Зайкүл.
— Үғуын ұқтым ғой, Меңтай. Бірақ мен көк мимын ғой. Қазір 
ұққанымды қазір ұмытып қаламын. Сақила, - деді ол əлі өксігін 


баса алмай тұрған серігіне қарап. - сенің екінші сұрағың не?
— «Махамбеттің романтизмін білесің бе?» деді содан соң
оқытушы, - деп Сақила көзін сүрте бастады.
— Иə, сен не дедің?
— Білемін, - дедім мен.
— Білсең айт, - деді оқытушы.
Ары ойландым, бері ойландым. Ақыры оқытушы Махамбеттің 
оқыған романдарын сұрап тұрған шығар дегі ойладым да:
— Махамбет романдарды көп оқыған, - дедім.
— Е, қандай романдар оқыпты? - деді оқытушы жымыңдап. Ол
жымындағанға мен ойындағысын дəл тапқан екенмін деп 
қуанып кеттім де:
— Алдымен «Жұмбақ жалау» романын оқыған, - дедім.
— Е, тағы қандай романдар оқыпты? - деді оқытушы.
— «Менің құрдастарым», - дедім мен.
— Иə, сонсоң? - деді оқытушы одан сайын күлімдеп.
— «Ақын» романын, - дедім мен дəу де болса күтіп отырғаныңыз
осы болар деп.
— Зачет книжканды əкел, - деді оқытушы қолын созып. Мен кемі 
үш қоятын шығар деп ойладым. Ол қол қойып, қайтарып берді. 
Қарасам, екі қойыпты, - деп Сақила қайтадан еңкілдеді.
— Сағынова Зайкүл, - деді Жомартбек бір қолымен тұтқадан 
ұстап, дəліздегі бізге де, іштегі оқытушыға да естірте дауыстап.
Өйткені оқытушы студенттерді өз емтиханына бөгелтпей,
кезекпен кіргізіп тұруды Жомартбекке тапсырған болатын. - 
Сіздің кезегіңіз келді, емтиханға кіріңіз.
Зайкүл есік жанына жеткенде дар алдына келгендей құп-қу
боп кетті. Оның кішкентай бөгеліп, жүрегімді тоқтатайын 
дегеніне Жомартбек қараған жоқ.
— «Шегінуге жол жоқ - артымызда Москва!» - деді де Зайкүлді
қолды-аяққа тұрғызбастан есікті шалқасынан ашып, ішке еріксіз 
кіргізіп қоя берді.
Енді біз Зайкүлдің тілеуін тіледік. Есіктің кілт салатын тесігінен


кезек-кезек сығалап, оның қандай күйде отырғанын байқаймыз. 
Содан соң тағы біраз тым-тырыс бола қаламыз. Осы кезде өксік 
қысып, солқ ете қалған Сақила дыбысы естілді.
— Саспа, Сақила, - дейді Жомартбек алақанын бипаздай сермеп. - 
«Бəрі өтеді, бəрі өзгереді» деп мен емес, Гераклиттің өзі айтқан. 
Ендеше бұл да өзгереді - сенің екің үшке түзетіледі.
— Қалай? - дейді Сақила көзін сүртіп.
*
— Былай. Қазір Зайкүл бес алып шығады. Содан соң…
— Иə, содан соң? - деді Сақила Жомартбекке, ол бейне бір 
өлімнен құтылудың жолын айтатындай-ақ жалбарына қарап.
— Содан соң Қанипа екеуі оқытушыға оңаша кіреді де, ортаға 
алады. Қанипа: «Ағай, Сақилаға үш қойып берсеңізші» дейді
көзін құбылтып. «Иə, сөйтіңізші, ағай» дейді Зайкүл емініп. Екі
қыз қиылып тұрған соң көңілшек ағай жібиді. «Сақила ерген
келсін» дейді. Сөйтіп, Гераклиттің айтқаны болады да
шығады.«Қойыныз, қойыңыз, жаман екен ойыңыз» деп Қанипа 
əндете өтірік күліп, көлгірсіп Жомартбекке қарап, сахнаға шыққан 
бишідей боп, мойнын қылқаңдатты.
— Иə, түк қоятыны жоқ, - деді Майра оған бұрылып, - шашын
мен мойнынды Кербез ағайға босқа сипатқанша, Сақиланың 
бағасын түзеттіріп бер.
Бұл сөзді басқа қыздар да шуйлдап, қостап қалды.
— Зайкүл тапсыра ала ма? - деді Сақила Жомартбекке.
— Тапсырады. Ол тегін «Чеховтың қарындасы» аталған жоқ қой.
Бұған бəріміз мырс ете түстік. Оның мынандай мəнісі болатын.
Қыста XIX ғасырдағы орыс əдебиетінен емтихан өткізуге
əзірленіп жүрдік. Бір күні үзіліс кезінде Зайкүл бəрімізге сұрақ 
қойды.
— Чехөвтың бір қарындасы туралы айтқаны бар еді ғой, сол сөз
кімнің есінде?
— Қай қарындасы туралы? - дедік біз түсінбей. - Мария


Павловнаны айтасың ба?
— Тілімнің ұшында тұр, өзінің бір қарындасы жайында айтып еді
ғой.
— Не деп?
— Не деуші еді кісі өз қарындасы туралы. Соның бір жақсы
қасиетін айтқан.
Біз Чеховтың əйел аттас шығармаларын атай бастадық.
— «Ниночка» ма?
— Жоқ, - дейді Зайкүл басын шайқап.
— «Ит жетектеген келіншек» пе?
Зайкүл сақылдап кеп күледі.
— Қойындаршы əрі, келіншек ит жетектеуші ме еді? Ол бір 
ауылдың аңшысы ма екен иттерін қасынан қалдырмай ертіп 
жүретін?
— Ойбай, Зайкүл, сен білмейді екенсің ғой, - дейді Жомартбек 
орнынан ұшып тұрып. - Келіншектердің керемет аңшылары 
болады.
— Өзгеге сенсем де, саған сенбеймін, Жомартбек, - дейді Зайкүл
қолын бір-ақ сермеп.
— Онда «Апалы-сіңлілі үшеуді» айтасың ба?
— Жоқ, үшеу емес, біреу, - дейді Зайкүл біздің діңкемізді құртып. - 
Чеховтың сол сөзін жұрт айта береді ғой ылғи.
Өлдік-талдық дегенде, келесі үзілісте оны əрең таптық.
Сейтсек, Зайкүлдің сұрап отырғаны Чеховтың «Краткость -
сестра таланта» дейтін нақылға айналып кеткен атақты сөзі
екен. Сол күні біз бəріміз ішек- сілеміз қата күле отырып, 
Зайкүлге «Чеховтың қарындасы» деген атты бір ауыздан 
бергенбіз. Жомартбектің еске алып тұрғаны осы оқиға болатын.
Біз күлкімізді тыйып үлгергенше іштен қойқан қағып Зайкүл
шыға келді. Бəріміз оған қарай қоғадай жапырылдық.
— Не алдың, Зайкүл?
Ол бізге бес саусағын көрсетті.


Сенерімізді де, сенбесімізді де білмедік. Зачет книжкасындағы «5»
деген бағаны көргенде ғана иландық.
— Не сұрақ келді өзіңе?
— Не сұрақ келгенін неғыласыңдар, мен ештеңені де жетістіріп 
айта алғамын жоқ. Бар бітіргенім мынау болды. - Қыздар Зайкүлге 
ентелей түсті. - Кербез ағай бетіме қарап отырды да: «Зачет 
книжкаңды əкел, Сағынова» деді. Байқаймын, екі қоятын түрі бар.
Емтиханды мен емес, ол беріп отырғандай-ақ, екі иығы
салбырап, ұнжырғасы түсіп барады. Аяп кеттім байғұсты. Содан 
соң қайдан шықса, одан шықсын дедім де, бастым тəуекелге. 
Зачеткамды қолыма ұстап, юбкамның өзі қыска етегін одан сайын 
көтеріңкірей түстім де, стол жанында Кербез ағайдың
қарсысында тұрған орындыққа жалп етіп отыра кеттім барып.
Ағайдың тышқан көзі жылтырай жайнап, менің мына оқтай
түзу сирағыма, жұп-жұмыр тіземе қадалып, одан да
жоғарылай берді. Мен оны сөзбеген болып, зачеткамды
ұсынып былай дедім: «Мен не қойсаңыз да ризамын, ағай. 
Бірақ, сіз сияқгы теңіздей терең білімі бар ғұлама ұстаздан сабақ 
алып жүрген мені үш пен төртке оқиды деп ешкім де 
ойламайды». «Төрт» дегенді əдейі айтып отырмын. «Əттең, үш
қойып берсе жарар еді» деймін ішімнен. Кербез ағайдың осал 
жеріне дəл тидім-ау деймін, книжкама қонжиып бесті қойды да 
берді.
Бұл оқытушымыз өте мақтаншақ кісі еді. Лекция үстінде ол екі 
сөзінің бірінде: «Мына мен нағыз қыпша бел, қыр мұрын,
сымбатты жігітпін ғой» деп отыратын. Оның үстіне . өзін
үлкен, ұлы адамдармен қатар қоя сөйлеп: «Кеше Мұхтар
Əуезовпен екеуіміз театрға бардық» немесе «Бұл тақырыпқа
байланысты менің мақаламды, одан сон Белинскийдің
мақаласын оқыңдар» деп те бөсетін. Осы мінезі үшін қыздар
оны сыртынан «Кербез ағай» дегі атайтын да, «Қыздар, тыныш 
отырыңдар, Кербез ағай келе жатыр», «Кербез ағайдың 
лекциясына барсам ба екен, бармасам ба екен?» десетін. Зайкүл 
қу оның осал жерін тап басыпты.
— Мынауың масқра екен, - деді Меңтай. Бұған дейін Меңтай 
аузынан мұндай қатал сөз шыққанын естіген емес едім. Ол
жолдастарының кемшілігін кешіре біліп, ешкімнің көңілі
қаларлық сөз айтпайгын еді. Сол сабырлы əдетін бүгін бірінші 


рет бұзғанына қысылды ма, кім білсін, Зайкүлдің сөзін естіп 
болғаннан кейін құлағының ұшына дейін қызарып, төмен қарады. - 
Мына сөзіңді бізден басқа ешкім естімесін.
— Енді қайтейін, - деді Зайкүл Меңтайдың алдында ақталғысы 
келгендей. - Жаңағы сен айтып бергеннің бəрін лезде ұмыттым да 
қалдым. Қысылғанда адам не істемейді. Ағайдын мақтаншақтығы, 
менің шашымды сипай беретіні ойыма түсті де, жаңағыны
істедім. Енді қайтейін, бір семестр бойы басымды бекерге
сипаттым ба мен оған. Басты айтасың, Кербез ағай жаңа
менің бұғағымды да сипап салды. - Біз күліп жібердік. - Мейлі, 
сипаса сипай берсін, - деп Зайкүл сөзін аяқтауға ыңғайланды. - 
Оған менің нем кетті, бір бесті соқтым да алдым.
— Бес қана емес, сен бір түлкі соғып алған сияқтысың, Зайкүл, 
- деді Жомартбек жымыңдап. - Анада аңшы əйел болмайды деп 
таласып едің, нағыз аңшы əйел өзің боп шықтын ғой.
— Əй, Жомартбек, байқап сөйле: мен əйел емеспін, қызбын.
— Ə, ə, солай екен-ау, - деді Жомартбек мүлəйімсіп. Содан сон 
түк білмеген кісідей əндете жөнелді. - «Етімді шал сипаған құрт 
жесін деп, жартастан қыз секірді терең суға» деген екен-ау Абай 
атамыз. Білген адамға жақсы сөз-ау бұл бір.
Қыздар мұның Зайкүлге арналып айтылғанын сезіп, біріне-бірі
қарап жымыңдасты.
— Əй, неге жымыңдайсындар, қыздар? - Зайкүл əр қыздың бетіне
кезек қарады.
— Жай, жаңағы Жомартбекгің «етімді шал сипаған» дегеніне
күлеміз.
— Бұл маған айтқан екен ғой. Тілі тотияйындай осы жүгірмектен 
көрдім-ау, - деп Зайкүл жұдырығын түйіп, Жомартбекке қарай тап 
берді.
— Жоқ, жоқ, Зайкүл, - деді Жомартбек қашқақтай ақталып, - 
«Етімді шал сипаған құрт жесін деп» жартастан терең суға 
секіріп жүрген сен емес, феодализм заманының ескі қызы ғой ол. 
Сенің жөнің басқа, сен жаңа заманнын сұлуысың. Кербез ағаң да 
шал емес, қырықта ғана.
— Ə, солай десеңші одан да, - деді Зайкүл Жомартбектің сұлусың 
дегеніне жайылып түсіп қалып. Оның «Кербез аған қырықта ғана» 


деген сөзіне мəн де берген жоқ.
Өстіп, Жомартбек «Шегінуге жол жоқ - артымызда
Москва»деген Клочков сөзін Бас командашының бұйрығындай 
қайталаумен жұртты еріксіз ішке кіргізіп, есіктен аппақ боп енген 
қыздар қып-қызыл боп шығып, «Не алдың?» - «Төрт». - 
«Құттықтаймын». «Не алдың? - «Үш». - «Оқасы жоқ» деп; жылап-
сықтап, күліп- қуанып, алысып-əзілдесіп жүріп, алғашқы 
емтиханды да өткердік.
X
Алғашқы емтихан маған бірсыпыра сабақ берді. Курстас 
қыздардың төрт-бесеуі ғана үздік жақсы, жеті-сегізі жақсы, он 
шақтысы орташа оқыса, алты-жеті қыздың үлгерімі мүлде нашар 
екен. Оның үстіне бұрын бұлар сабаққа жеке-жеке əзірленіп
келген. Біреу емтиханға біліп кірсе, біреулер оқытушы алдына
тек «құдайға тапсырып» қана баратын болған.
Мен қыздарға сабаққа бұдан былай бірлесіп əзірлену керектігін
айттым. Əсіресе, нашар қыздарды жақсы оқитындарымыз екі-
үштен өз тобымызға алайық дедім. Осыған келістік. Меңтай, 
Майра жəне мен үшеуміз Зайкүл, Сақила сияқтыларды 
қамқорлыққа алдық. Сөйтіп, осылай үш топқа бөлініп, кейде үш топ 
бірлесіп, бірігіп кетіп, таңертеңгі сағат төрттен тұрып алып. 
тынбастан даярланып жүрдік. Кейде бізге өз беттерімен
əзірленетін əлді деген қыздар да қосылатын болды. Бірте-
бірте қыздардың емтиханнан еңіреп шығуы тоқтала бастады.
Сондай емтиханға əзірлік күндерінің бірінде біз Калинин
көшесі жақтағы жатақхана жанындағы төбешік басында, қалың 
ағаш көлеңкесіндегі көк шөп үстіне одеялдарды жай-ып тастап, 
кезектесіп конспект оқысып, білгенімізді бір-бірімізге ауызша 
айтысып, сарылып ұзақ отырдық. Бір кезде Меңтай ұсыныс 
жасады.
— Ағай, шаршап кеттік қой, дем алайықшы. Бізге көңіл сергітетін 
басқа бір əңгіме айтып беріңізші, - деді маған қарап.
— Не айтайын? - дедім мен сəл ойлана түсіп.
— Ойбай, қыздар, - деді Жомартбек жерден жеті қоян
тапқандай ентігіп, сонысымен қыздарды одан сайын ынтықтыра 


түсіп, - мұның соғыс кезінде бір қызбен үш күн бірге жатқан 
əңгімесі бар. Соны айтсын, өте қызық.
— Оны… - деп Меңтай күмілжіп қалды. Содан соң менің көңіліме 
бірдеңе келіп қалды деп ойлады ма, ренжір деді ме, сезін қайта 
жалғады. - Лайықты десеңіз, айтыңыз.
— Айтсын, - деді Зайкүл жаны кіріп. - Ондай əңгіме қызық болады. 
- Ол Меңтайға қарай бұрылды. - Сен, Меңтай, Ерболды иектеп 
алып, аузынан қаға беретінің не осы? Əлде өзіңе өлең 
шығарғаннан кейін өзімдікі деп жүрмісің?
Зайкүлдің Меңтайға айтқан сөзінің ішінде «Ерболды иектеп алып» 
дегенінің жаны бар деуге де болар еді. Менің Меңтай қасында 
əлдебір мінімді тауып, сөгіп немесе орнымнан түсіріп кете ме деп 
жоғарыдан келген үлкен бастық алдында итей діріл қағатын
кіші бағыныштыдай, ол маған атымды атап, жөнімді жендеп
ештеңе айтпаса да, қылық-қимылымнан бірдеңе ұнамай қала ма 
деп, өз-өзімнен қысылып, қымсынғандай күйде отыратыным 
барды. Қу қыз соны аңғарып айтты.
Зайкүл өз сөзіне өзі риза болып, сықылықтап күліп алды. Меңтай
қызарып кетті.
— Сен де жоқты айтасың-ау, Зайкүл, - деді ол сабырлы қалпын 
бұзбастан сəл ғана күлімсірей түсіп. - Ағайды иектеп маған 
соншама не болыпты?! - «Жоқ, олай емес, иектесем иектеймін, 
онда сенің не шаруаң бар?» десең етті» деп ойладым мен 
ішімнен. - Əшейін, бұрын естімеген əңгіме болған соң…
— Естімесең, естисің, білмесең, білесің, - деді Зайкүл қайтадан 
сықылықтап. - Есту үшін тындау, білу үшін үйрену керек.
— Еститін де, естімейтін де, білетін де, білмейтін де нəрселер бар 
ғой… - Меңтай маған қарай сəл ғана мойын бұрып, бас изегендей 
болды. - Айта беріңіз, ағай.
— Иə, Зайкүл шырағым, осы сен тақымдамай тыныш отыршы, - 
деді Майра. - Бір нəрсенің шеті құлағыңа тиіп еді, құнжыңдап 
кеттің ғой біржола.
— Күн жыңдамағанынды көрермін қазір, - деді Зайкүл оған
шамданбастан.
Өзге қыздардың үндемегендерімен, күлімдеген көздеріне
қарағанда көбінің менің айтпақ əңгімемді тыңдағылары келіп 


отырғанын аңғарғаныммен, ол əңгімені Меңтай алдында ай-туға 
лайықсыз көріп, бөгеле бердім.
— Ал, бастасаңшы, Ербол, - деді Зайкүл дегбірсіздене түсіп. - Қай
жылы? Неше күн құшақтап жаттым дейсін қызды?
Мен басымды шайқап, қашқалақтай бастадым.
— Қырық төртінші жылдың күзінде бұл майданнан елге делегат 
боп келген, - деді Жомартбек Зайкүлдің құмарлығын одан сайын
қоздырып. - Сонда, алдымен Алматыға соғып, содан соң өз
ауылына барған. Ауылында өзің сияқты бір сұлу қызбен…
— Соғыс жүріп жатқанда ма? - деді Зайкүл көзін бақырайтып.
— Иə.
— Алла-ай, сен қандай бақыттысың, Ербол, соғыс кезінде елге
келіп жүрген!
— Иə, қоя тұрсаңшы, Зайкүл, - деді оған Майра, - Ағайдың
əңгімесін айтқызсаңшы.
— Əй, сендер дəл осыны «ағай» дегендеріңді қойыңдаршы
қылымсып, - деді Зайкүл қыза сөйеп. - Қайдағы ағай бұл,
өзіміз сияқты студент қой. Көп болса 4-5 жас қана үлкен шығар.
Соған бола соншама кəртейте бермесеңдерші бұл байғұсты.
Зайкүл аяған болып менің басымды сипады. Басқалар оған ду
күлді. Зайкүлдің өзге сөздерін жарата бермесем де, осы сөзін 
ұнатып, мен де күліп жатырмын.
— Жоқ, оны емес, басқа бір əңгіме айтайын, - дедім мен күлкімді
тоқтатып.
— Жоқ, соны айт, - деді Зайкүл тақымдап.
— Соны, - деді Қанипа сықылықтап. - Зайкүл, ер болсаң, дəл осы
əңгімені айтқызбай қойма.
— Ендеше, - деді Жомартбек менен оқшаулана шетке қарай 
ығысып, - Зайкүл, сен Ерболды мықтап ұстап отыр. Мен оның 
күнделігіне жазған осы əңгімесін бəріңе дауыстап оқып берейін.
Жомартбек менің қасымда жатқан қалың дəптерімді қолтығына
қыса кеткен екен. Шетке шығып, соның беттерін ақтара 
бастады. Зайкүл шап беріп менің мойнымнан құшақтап алды.
— Ал, оқи бер, Жомартбек. Мен мұны тырп еткізбеймін, - деді 


Зайкүл маған кенедей жабысып. - Қанипа, жақын отыр, мынау 
тыпырлап тұрып кетіп жүрмесін.
Жұрт тағы бір ду күліп, басыла бергенде Жомартбек менің
күнделік дəптеріме жазған естелік əңгімемді судыратып оқи 
жөнелді:
«Менің ауылым - «Ақбота» колхозы темір жолдан тоғыз
шақырымдай жерде болатын. Ауылдың өкпе тұсында 
«Оныншы» деп аталатын разъезд барды. Ауыл поселкеге 
айналып, поселке қала болып үлкейіп жатады. Бұл дүниеде
еспейтін разъездер екен ғой. «Оныншы» біздің бала күнімізде
разъезд еді. Жігіт болып, соғыстан келгенімде де сол разъезд
қалпында алдымнан шықты. Бірақ маған ол шетелдің сəнді
қалаларынан əлдеқайда қымбат, əлдеқайда артық еді. Күн бата 
разъезге болар-болмас қана кідіріп өткен поездан қарғып түсіп, 
мен қарсы алдымдағы қызыл шатырлы екі ағаш үйте қуана қарап, 
орнымнан қозғала алмай, қалтиып қалыппын. Ол сəтте өзімді 
Петергофтағы патша сарайының алдында тұрғаннан бір де кем
сезінсем бұйырмасын. Айырмашылық сарай алдында фонтан
суына шомылып тұрған жалаңаш əйелдер мүсіні жоқтығында 
ғана сияқты. Оның орнына менің көз алдымда өзге суреттер 
көрнеді.
— Заман менің жан досым болса, сенің де жан досың еді. Тек дос 
қана емес, жан жарың еді, Тана. Мен де саған көңіл айтамын, - 
дедім қыстығып отырып.. Сəлден соң көзімнің жасын тежеп, 
бойымды жиғандай қайта сөйледім. - Əкемнің жаманатын үйден
естідім. Заманның суық хабарын хат арқылы сен жеткіздің,
Тана. Екеуінен де маған үзбей келіп тұратын үшкіл хаттар пышақ 
кескендей тыйылып қалды. Көзбен көріп, қолмен қоймағандықтан
ба, қайдан білейін, əкем мен Заманнын өлгеніне əлі күнге
дейін өнерімді де, сенбесімді де білмеймін.
— Алғашында мен де сенбедім, - деді Тана екі иығы дірілдеп. - 
Заманнан хатты апта күттім, ай күттім. Жарты жыл бойына оны 
жаным жаманатқа қимады. Ақыры сендім. Сенбесіме не шара 
енді?!
Қыстыға жылаған Тананың дыбысы шығып кетті. Мен оған сабыр
айтып, шашынан сипадым.
Өткінші жаңбырдай боп, қыздың жасы тез тыйылды.


Орамалымен шапшаң сүртіп, көзін құрғатты. Біздің оңаша 
отырып, жылап-сықтап алғанымызды ешкім де сезген жоқ. Тана-
ның сүйген жігіті майданда өліп еді деп тəтеме де айтпадым. 
Айтпағаным, қазақтың ескі дəстүрінде некелі жары немесе басқа 
бір ет жақыны болмаса, оң жақта отырған қыз бөтен жігіт үшін 
жұрт көзінше жылауға тиіс емес, Тана екеуміздің кешке дейін
əңгімеден аузымыз босамады. Мен соғыс жайын, ол ел жайын 
айтты. Екеуміз бір-бірімізге Заманнан алған соңғы хатымызды
баян етістік. Тана маған Заманның өлімі жайында келген «қара
қағазды» көрсетті. «Лейтенант Заман Əлімбетов неміс
фашистерімен күресте ерлікпен қаза тапты» деген он шақты
сөздің əріптері мені жан-жағымнан ысқырып, ыстық тіл мен жалап 
өтіп жатқан қып-қызыл оқтай тітір етті.
Кешке тəтем қонақ қыз бен екеумізге ақ ірімшік жасап берді. Жаңа 
сауған сүтті ірітіп, үстіне сары май салып əкелген мұндай ақ 
ірімшік ет жоқта ет орнына жүреді. Сондықтан оны біздің жақ кейде 
«Ақ лақ» деп атайды. Ауылдың тəттілігі тіл үйірген бұл тамаша 
асы шынында да ақ лақтың уыздай былбыраған жұмсақ етінен бір
де кем болмайды.
Тəтемнің «ақ лағына» ауылдың бірсыпыра кемпір-шалы қоса 
жиналған еді. Ас ішіліп болғаннан кейін олар маған соғыс
жайында əңгіме айтқызып тындады. Одан кейін ауылдастарым
маған үсті-үстіне сұрақтар жаудырды.
— Немістер қандай болады екен?
— Китлерді өзің көрдің бе?
— Өзіңе мына күміс теңгелерді не үшін берді?
— Ортасында Кремлі бар мынау күміс жұлдыздарың не?
— Ал енді бұл соғыс қашан бітеді?
— Өзің келдің, өзгелер қашан келеді?
Қарттардың барлық сұрақтарына мен білгенімше жауап қайырдым.
— Ал мына қонақ бала кім? - деп сұрады одан соң кемпірлердің
бірі.
Бұл сұраққа тəтем жауап берді.
— Бұл баланың аты Тана, ауданның мұғалімі, - деді тəтем. - Осы 
күнгі оқыған балалар бірін-бірі дос тұтып жүрмей ме? Тана мен 


Ербол екеуі соғыстан бұрын қалада бірге оқыған екен. Ерболдың 
хабарын естіген соң, сəлемдесуге əдейі келіпті.
— Бəле!
— Жөн-ақ!
— Көп жаса, шырағым! - деп қарттар риза болып қалысты.
— Ал, қалқам, - деді кемпірлердің бірі, - сен бір əн айтып жібер.
Жассың ғой.
— Е, сөйтсін, - деді тағы біреу. - Ерболдың арқасында қонақ
баланың лебізін тыңдап қалайық.
Тана сəл ойланып отырды да, менің домбырама қол созды. Үйге 
келгеннен бері мен домбырама ішек тағып, пернелерін жендеп,
күмбірлетіп қойған едім. Тананың саусағы тиісімен қоңыр
домбыра лыпып, сайрай жөнелді.
— Е, өзі домбыра да біледі екен ғой.
— Уа, бəле, - деп шалдар көтеріліп қалды. Домбыраны құлақ 
күйіне келтіріп алғаннан кейін оны алдына қойды да, Тана көпке 
қарады.
— Қарт ақын Сапар Əлімбетов дейтін кісіні бəрілеріңіз де білетін 
шығарсыздар, - деді қарттарға. - Ол кісі биыл қайтыс болды ғой.
— Е, неге білмейік?!
— Сапекенді əбден білеміз, - десті қарттар. - Сол кісінің Заман 
дейтін жалғыз ұлы бар еді, - деді Тана. - Сапар атамның сол 
баласына арналған екі өлеңін өз əнімен айтып берейін.
— Айт, шырағым.
— Құлағымыз сенде.
— Ол байғұстың жалғыз баласы соғыста қайтыс болып, соның
күйігінен көп кешікпей, өзі де өлді деп естігенбіз.
— Рас, - деп Тана басын изеді. - Мынау ақын атаның қырық бірінші 
жылы шығарған өлеңі. - Содан соң Тана мұнды бір əуенмен қарт 
əкенің жалғыз ұлына арнаған жан жырын аңыратып қоя берді. 
Заманым, қиын тиді-ау осы жолың, Үйренген жалғыз қозым 
жастан қолым. Сен барда алдымнан ай, артымнан күн, Толысып
тұр екен ғой оң мен солым.


Онда мен бар да екенмін, бай да екенмін. Бір мұңсыз, өте жақсы 
жайда екенмін. Белге соққан жыландай енді болдым, Біле алмай 
сол жалғыздың қайда екенін.
Жанымның жарық таңьлтып тұрған. Егінім, жаңа дəнін татып
тұрған. Аузым аққа тигенде алып қойып, Қабағым сол емес пе 
қатып тұрған.
Не керек, үңірейіп қала берді, Орныңнан айналайын жатып
тұрған, Алды-артында қарайған қалмап еді, Жаныма сол жерің 
ғой батып тұрған.
Көзіме терезе мен шам да күңгірт. Олар күңгірт емес қой, мен ғой 
ымырт. Төр үйдің төрт қанаты құлазып тұр, Кеткендігін білдіріп 
иесі сырт.
Өзің аман келген соң орнамаса,
Базар тарқап кеткендей болдым жым-жырт.
Ағаруға айналды сақал мен мұрт. Көздің жасы көл болып, суалды 
ұрт. Жалғызға қандай уақыт кез болды деп, Кеудені жеп жатыр ғой 
қарабас құрт.
Қайтейін жалғыз ғана мен емес қой. Мен сықылды мұңды ғой
бүкіл ел-жұрт. Тағдырдың сонда мені жеткізгені. Тілегім: көз 
жасымды өзің кеп сүрт.
Баруға құс боп ұшып қанатым жоқ. Ойымнан кеткен жоқсың 
қалатын боп. Сағынып менің жаным жүдеді ғой, Жүрегім ауық-
ауық жанатын боп. Су болсамшы алысқа ағатын боп, Жел
болсамшы жер түбін табатын боп. Арқар, құлан сықылды аң
болсамшы, Айшылықты алты аттап шабатын боп.
Ол емес, екі аяқты жан болған соң, Отырмын ойдың отын жағатын 
боп. Өзіңнің сəлем жазған хаттарынды Бойыма бойтұмар ғып 
тағатын боп.
Ұзын сөздің кысқасы, сені тағдыр Сақтасын жанған оттан қағатын
боп.
Тəңірім, соның дəмін халқынан жаз, Өз көліне келгендей үйрек пен 
қаз. Көпті сақта, көппенен бірге сақта, Сөйлейтін сонан басқа 
сөзіміз аз.
Тана бұл бірінші өленді айтып болып тоқтап, көзінің жасын
сүртті. Жалғыз Тана емес, үй ішіндегілердің барлығы егіліп 


жылап кеткен еді. Шалдардың көздерінен аққан жас тарам-тарам 
болып, сақалдарын жуды. Кемпірлер жаулықтарының ұшымен 
беттерін басып, иықтары селкілдеп, бұршақ соққан егіндей 
жапырылып, тəмен салбыраған бастарын көтере алмай қалды. 
Əркімнің көз алдына өз жалғыздары елестеді. Ақын өлеңі барлық 
ата-ана жүрегінің қылын шертіп, олардың өз жүректерінің мұңын 
ағытты. Əлден уақытта шалдардың бірі бас көтерді.
— Сапекеңнің қалай өлгенін білесің бе, қарағым? - деді Танаға.
— Білемін, - деп бас изеді Тана. - «Қара қағаз» келгеннен
кейін ақын ата нəр сызбай жатып алды. Бұрынғыдай ел де
араламады, өлең де айтпады. Күндіз-түні төсегінен тұрмады.
Бір күні түсте мені шақыртты. «Отыр, қарағым», -деп қасына 
отырғызды да, ең соңғы өлеңін жаздырды. Біздің үй ақын атаның
үйімен көрші болатын. Ақын атам баласына арнаған бар хатын 
маған жаздыратын. Өзінің жаңа шығарған бар өлеңін маған 
көшіртетін. Осы өлеңін айтып, жаздырғаннан кейін ақын ата үш 
күннен кейін дүние салды.
— Е, жарықтық-ай.
— Байғұсай, жалғызымен бірге кетейін деген де.
— Қайтсін, ет жүрегі қан боп езіліп кеткен ғой сорлының, - десіп
қарттар бірінің сөзін бірі құптады.
Сапекенді соғыстан бұрын менің де көргенім бар еді.
Заманның қонағы боп жатып, ақынның бірсыпыра өлендерін 
тындағанмын. Шоқша қара сақалы бар, əр сөзін сабырмен 
айтатын, кесек тұлғалы қарақоңыр кісі еді.
— Шырақтарым, екеуің дос болыпсындар, - деп еді Сапекең мен 
ауылға қайтарымда Заман екеумізді екі жағына алып отырып. - 
Достық қарызы - ауыр жүк. Адал жар азбайды, адал дос 
алдамайды. Екеуің де бір- бір үйдің жалғызы екенсіндер. Біріңе 
бірің ақ дос, айнымас серік боп өтіңдер. Əрқашан да адал 
болыңдар. «Адалдың арқаны ұзын» деген сөз шын сөз. Осыны 
естеріңнен шығармандар!
Бұдан кейін мен қарт ақынды көргемін жоқ. Заман маған хат 
жазған сайын «əкемнен сəлем» деген сөздерді жиі қосатын. Ол 
Сапекенді «əке» дейтін. Өйткені Заман əкесінің егделеніп қалған 
кезінде, қырықтан асқанда көрген жалғыз баласы еді. Жаңа,
Тана өлеңді əндете айтқан кезде менің көз алдыма ақынның


Ақжал тауының іргесіндегі аласа үйі елестеді. «Төр үйдің төрт
қанаты құлазып тұр» деген жол сол үйдің төргі белмесінде 
оты-рып, ақынның бізге айтқан мəслихатын есіме түсірді.
- Айт, қарағым. Енді ақынның екінші өлеңін айт, - деп қарттардың
бірі Тананы қайтадан қолқалады.
Тана домбыранын құлағын қайтадан бұрап, жаңағы ырғақтан өзге,
басқа бір мұңды үнмен əндете жөнелді.
Жанымның жарық күні - жалғыз Заман! Бұл жолдан қайтар деуші 
ем есен-аман. Қайтады деп жүргенде қара жер ғып, Бір қағаз 
келді-ау сенен түсі жаман.
Қағаздың оқығанда бетін ашып, Суыды тұла бойым, сұрым қашып, 
Батқандай боп көрінді күн көзіме Əлемге жарық берген, нұрын 
шашып.
Көрінді ай тұтылып тұрғандай боп, Көрінді бетін жалған бұрғандай 
боп. «Басыңды, кəне, бəлем, көтерші» деп, Басымнан шой
балғамен ұрғандай боп. Бір қалдым қара тұман басқандай
боп. Бір қалдым қасқыр шауып, сасқандай боп. Көзіме айтқан 
жандар жек көрінді, не атып, не дарға асқандай боп.
Солар қалай айтты деп аузы барып, Қалай мені қылды деп кернеу 
ғаріп. Өмірге жазылмайтын жара таптым, Дүниеден өтпек болдым 
ашып-арып.
Əлгі ай да, əлгі күн де қаз-қалпында. Қос жарық - бірі күндіз, бірі 
түнде. Өзімнің жарық күнім батып кетіп, Өмірге менің жаным 
жанған мүлде.
Жер жүзін тұман да жоқ шалып тұрған. Мұнартып, тауды бүркеп 
алып тұрған. Жалғыз-ақ өз басыма мұнар түсіп, Жалғаннан менің 
көңілім қалып тұрған.
Бағанағы қағазды біреу жазып, Жіберсе, айтушыда қандай
жазық. Жанымның желі арқаны үзілген ғой, Сынған ғой жазым 
тауып, жалғыз қазық.
Ендеше онсыз маған өмір арам! Сөз арам сөйлеп жүрген, ойым 
қарам! Кірермін қара жердің қойынына, Сел болып көздің жасы 
тарам-тарам.
Малым деп кімнің малын жүрмін бағып?
Үйім деп кімнің отын жүрмін жағып?


Кімім бар «менікі» деп, ие болар,
Бір күні мені кетсе ажал қағып?.
Сол күні менің атым өшті-дағы.
Іштегі шемен дертім өсті-дағы.
Таныған Қазақстан Сапекеңнің
Дүниеден із-тозы жоқ көшті-дағы.
Əйелдер қайтадан өксіп, шалдар еңкілдеп, үйде отырғандар 
тегіс бордай босап кетті. Мен карт ақынның қазасын көз алдыма 
елестеттім. Өз шешемнің де соғыс салған құсадан өлгенін ойыма 
алдым. «Адам оқтан ғана өлмейді екен ғой, - дедім ішімнен. - 
Қасірет пен қайғы да улы газдай тұншықтырып, өлтіретін болғаны
ғой адамды. Соғыста Замандай жалғыз-жалғыз боздақтар жау
оғынан опат болып жатса, елде соғыс жіберген қаралы 
хабарлар қарт əке, қадірлі шешелерді оқтай құлатып жəне 
жатыпты-ау. Оны кім білген? Майданға келген хаттар ішіндегі: 
«Аз ауырып, анаң қайтыс болды» деген сияқты қысқа
хабарлардың ар жағында қандай қасіреттер жатқанын 
болжамаппыз ғой». Тана оқыған осынау екі шерлі өлең маған өзім 
үш жылдан бері күн сайын көріп келе жатқан соғысты жаңа
бір қырынан танытқандай болды. Ол соғыстың адамдарды 
майданда ғана емес, үйде де өлтіріп жатқандығы еді.
— «Бір қағаз келді-ау сенен түсі жаман» дегенге қарағанда хатты 
Заманның жолдасы жазған ғой, - дедім мен Танаға.
— Иə, алғашқы хат жолдасынан келді. Ол «бір шегініс кезінде 
адам көп опат болды. Заманнан айырылып қалдым. Тірі болса,
бері шығар еді. Опат болғандардың ортасында қалды деп
ұқтым» деп жазған еді. Артынан іле-шала командирінен «неміс
фашистерімен күресте ерлікпен қаза тапты» деген машинкаға
басылған екінші қағаз жəне келді.
— О, пақыр-ай десеңші, - деді қарттардың бірі.
Осыдан кейін ауыл адамдарының бəрі үйді-үйлеріне қайтты. 
Арқаларына бір-бір қап тас арқалағандай боп, белдері бүгжиіп, 
біздің үйден əрең шығысты. Таяқтары жерді үнсіз түрткілеп, үнсіз 
тарасып жатты.
Жатар алдында далаға шығып, Тана екеуміз біраз серуен 


жасадық. Орта көшедегі мектепке дейін барып қайттық.
— Сəлима осы мектепте ме? - деп сұрады Тана.
— Осында болар, басқа мектеп жоқ қой мұнда.
— Кездестің бе?
— Жоқ.
— Көресің бе?
— Білмеймін.
XI
Біздің үй, барша ауыл үйлері сияқты, «ауыз үй», «төр үй» жəне 
«қазандық» деп аталатын кухнясы бар екі бөлмеден тұру-ы еді.
Өткен түнде бəріміз төр үйде,- тəтем-балаларымен еденде,
мен төсекте жатып шыққанбыз. Біз қайта келсек, тəтем төргі
бөлмедегі түнде мен жатқан екі кісілік темір кереуетті Танаға
дайындап, маған еденге жер тесек салып қойыпты. Өзі 
балаларымен ауыз бөлмеге жайғасыпты.
Тана - төсекте, мен - жерде, екеуміз тағы да ұзақ сөйлесіп жаттық. 
Есігі жабық тұрған ауыз бөлмеден тəтті ұйқының қорылы естілді.
— Тана, - дедім мен сол кезде ақырын.
-Əу.
— Бері келші, бірге жатайық.
Тана үндемеді. Бұл сөзді қалай айтқаныма өзім де қайран қалдым. 
Шыным ба, əлде Тана қайтер екен деп сынамақ болдым ба - 
алғашқы сəтте оны өзім де аңғара алмадым.
Ақырын төсек шықырлап, Тана жерге түсті. Терезеден түскен 
көмескі ай сəулесімен ақ балтыры жарқылдап, ішкөйлегі 
ағарандап Тана қасыма келді. Еңкейіп, тізе бүкті де, көрпенің шетін 
өзі ашып, қойныма кірді.
Əлгінде Тана үндемеген кезде ол менің қасыма келмейтін шығар 
деп ойлап едім. Тана келіп, бір көрпенің астына кірген соң енді 
оған не айтып, не істерімді білмей қалдым. Бағана, күндіз аяп, 
басынан сипағаным есіме түсті де, тағы да оны мандайынан, 
шашынан сипай бастадым. Қыздың мандайынан қақ жара тараған
жылтыр шашын сипалай сырғып барып, қолым оның тоқпақтай, 


жуан жалғыз бұрымына тиді. Алақаным ауға шырмалған 
алабұғадай боп, бұрымда бір сəт бөгеліп қалды да, одан сытылып 
шығып, ішкөйлектің жоғарғы, ашық жағындағы қыздың жұп-
жұмсақ жалаңаш етіне тиді. Осы кезде Тана қойныма келіп
кіргеннен бері тулай бастаған жүрегім шапқа түрткен тайдай
мөңкіп, шапшып, кеудемді тынымсыз тепкілей жөнелді.
Қырынан жатқан Тана да маған үстіңгі, сол жақ қолын созып, 
басымды өзіне қарай сəл икемдеп алып, тағы да жылап қоя берді. 
Қыздың ыстық жасы жылы жаңбырдай боп, менің жүзімді қоса 
жуды.
— Жыламашы, Тана қалқам, - деп мен оның жас сорғалаған қос 
көзінен кезек сүйдім. Көзден шыққан ащы жастың кермек дəміне
де қарамадым. Тана менің оны аяғаны-ма ішінен рақмет
айтып, разы болғандай қалып танытып, жұмыр, жұмсақ 
саусақтарымен бетімді сипалады. Əлде менің жүрегімнің дүрсілін 
сезді ме, əлде сол дүрсіл əлін азайтып жіберді ме, білмеймін,
өзінің торғындай жұмсақ мойнының астында жатқан менің сол 
жақ қолымды босатып берді.
-Қолың талған шығар, ала ғой, - деді ол басын сəл көтеріп. 
Даусында жат адамның ресми ибалылығы емес, жас жардың жас 
күйеуіне жасаған ыстық лепті, мол ықыласты үні бар тəрізденді. 
Содан соң өзі шалқасынан аударылып жатып, оң иығымен оған 
қарап қырынан жатқан менің кеудеме қарай сұғына түсті. Осы 
кезде менің көңілімді əлдебір тəтті тілек кернеп, тамырларымда 
қан лықси тасып, Тана екеуміз жатқан кішкентай бөлменің
алақандай тері шыр көбелек айналып, дөңгелей жөнелген
сияқтанды. Жұмсақ бұғақты жұмыр мойнын маған қарай бұра 
түсіп жатқан Тананың ыстық демі бетіме соққанда күні бойы оттай 
лепті аңызақ желдің өтінде жүргендей таңдай кеуіп, тəн
қаталап, өзгеше бір шөлге душар болдым. Осыдан кейін
жамбасымда жатқан оң қолымды қайта көтеруге оңтайландым.
Сол сəтте ұйтқыған жел мұржаға тыққан түтіндей шалқып, 
демім ішіме тығылып, тынысым тоқтап қалған тəрізденді. Бұл жай 
бір минутқа созылды ма, бір сағатқа барды ма, оны білмеймін.
Əйтеуір өз қолымды өзім əрең дегенде көтеріп, қыздың
кеудесіне салғанымды білемін. Осы бір өмірі көрмеген, қолым
ешқашан да тимеген жұмсақ, жылы, рақаттай тəтті кеудеге
алақаным желімделіп қалғандай жабысып, қозғалмастан жатып
алды. Екі шекемді қан теуіп, өне бойымда өзендей тасыған 


əлдебір отты толқындар лықсып, кемерінен аса кернеп бара 
жатқан іспеттенді. Мен қыздың қарсылығын күткендей едім. Бірақ 
қыз қарсылықтың нышанын да білдірмеді. Мен енді не істер екен 
дегендей, кеудесі бір жоғары көтеріліп, бір төмен түсіп, үнсіз, 
дыбыссыз қатты да қалды. Содан соң барып мен ақырын 
қолымды қозғадым. Осы кезде қыздың ішкөйлегінің астынан сəл 
ғана діріл білінгендей болды. Ондай діріл менің өз қолымда да
бар еді. Сол сəл дірілмен келіп менің қолым қыздың оң жақ
алмасының үстінен шықты. Алма ашық емес, сыртын қол 
тайғанататын сырма жібекпен тырсылдата қаптап қойғандай боп
көрінді. Екінші алмасы ашық болар деп ойлап, ақ мамасын
іздеген ашқарақ баладай шыдамсыздықпен қолымды солға 
қарай жылжыттым. Ол да жабық екен. Саусақтарымның 
жалынғандай боп діріл қаққан сабырсыз, шапшаң қимылы əсер 
етті ме, қыз кеудесін кеудеме тигізе, ыстық демімен бетімді
шарпып, маған қарай бұрылды да, сол қолын арқа жағына қарай 
созып, əлдебір нəрселерді тырсылдатып, ағытып жатқандай
болды. Бұл кезде мен оның атлас иығын қайта-қайта емірене
сипағанымды білемін. Тананың кеудеме тірелген аршын төсі мен 
бетіме соққан ыстық лебі жағадан толқындай шегініп, алыстап
кеткендей болды. Сөйтсем, қыз қайтадан шалқасынан жатқан
екен. Менің қолым ашқарақтанып, тағы да жаңағы жерді
сипалады. Арқадан ағытылып, бос қалған бюстгальтер
астынан топ-томпақ, тып-тығыз қыз алмасы қолыма ілінді.
Менің уысыма ғана арналып жасалғандай шап-шағын, бірақ
адамның өне бойына бірден электросварка отының
жарқылындай ғажайып ұшқынды діріл шашатын ғажап дүниені
қайта-қайта сипай бергім келді. Ағаш басында тұрған алманы 
жұлып алардан бұрын оның қатты, жұмсақтығын білу үшін адам 
уысына салып, ақырын қысып көрмейтін бе еді. Меніңде сөйткім 
келді ме, білмеймін (тегі мен оны өз бағымның алмасы деп ойлап 
қалсам керек), бір кезде қыздың алмасын құшырлана қысып 
жібергенімді өзім де байқамай қалдым. Қыз да сүйсініп кетті-ау 
деймін, «Іһ!» деп қалды. Содан кейін тек алмасы ғана емес, бар
денесін менің алақанымның астына салып, тұла бойын тұтас
менің уысыма бергісі келгендей, сəл ыңырсыған лəззатпен
барша денесін менің алақанымның астына қарай жиырып,
кішірейіп, бір уыс боп, бүктетіліп бара жатты. Алмасын қысқан 
қолымның сыртынан қайта-қайта сипалап, Тананың да аса бір 
тəтті құмарлықтың ырқына беріле бастағанын аңғарғандай 


болдым. Бұрын жалаңаш қызды құшақтап кім көрген, шіркін! 
Танамен бір төсекте жатқан сол сəтте ажалға арналып, бір 
арқанмен маталған Еңлік пен Кебек сияқты тас қамау, берік 
шырмауда қалғандай, қазір екеуміз шыңнан шыңырауға 
құлайтындай күй кештім. Биіктен бүтін дене боп лақтырылғанмен, 
етекке түскенде парша-парша шығатынын білсем де, сол 
шыңырау түбіне тез құласам екен деген жүрегімде жалғыз жалын 
тілек барын аңғардым. Бұл сəт маған аса тəтті де, асқан үрейлі де 
көрінді. Мен шыңнан шыңырауға қарай тар-тылған əлдебір құпия
күштің арнасында тұрғандай болдым. Ақ көбікті аузын ашып,
толқын-толқын болып, суылдаған дыбысы білініп, кемерден
аса лықып келе жатқан сол күш қазір мені жаңқадай жұлып
əкетіп, құздан төмен қарай құлатып қоя беретін сияқтанды. Осы 
соңғы сəтте ойымда айдаладан, алыстан - сонау шыңырау
түбінен шыққан атты үндей болып, əлдебір қарсылықтың əлсіз
лебі білінді. Бара-бара ол үн күшейіп, күшті бір əннің əуеніне
айналған сияқтанды. Бұл əуен жаңағы мені құздан құлатуға
асығып, айдаһардай жүз бүктеле лықып келе жатқан белгісіз 
күштің суылдаған үнін өшіріп, оны еңсере жеңіп, теріс аққан судай
етіп, кері қуып бара жатқанға ұсайды. Мен оның мұншама 
екпінді не əн екенін ұққым, білгім келгендей, құлағымды тосып, 
бүкіл жер шарын уыстағандай боп, қыздың алмасы үстінде жатқан 
қолым сəл босап, қалттындап қалған іспеттендім. Ақыры мен ол 
əнді де, оны шырқаушыны да таныдым.
Сол сəттен төрт жыл бұрын, 1940 жылдың жазында осы ауылға, 
маған қонаққа педучилищеде бірге оқыған жалғыз жан досым 
Заман келіп, осы үйге қонды. Заман бұрын бұл маң естімеген жаңа 
бір жақсы əнді өзімен бірге ала келді. Əннің аты «Зəуреш» екен. 
Мазмұны: оба жалмаған отыз ұлдан қалған жалғыз қызын іздеп
келген сорлы əке қызының да өлігі үстінен, қабыр басынан
шығадьң Сондағы əкенің құран орнына зарланып айтқан аза əні 
тыңдаушыны еріксіз егілтіп жібереді. Мол дауысты, ашық үнді, 
жайдары мінезді, қою бұйра шашы маңдайына түскен, жұмсақ
нұр шашатын қоңыр қой көзді жас Заман біздің осы үйдің
қасында отырып, сол əнді шырқағанда оның үніне бүкіл ауыл 
жиналған еді. Сол күні түнде Заман екеуміз біздің үйдің төрінде, 
дəл осы арада, Тана екеуміз жатқан жерде айқара құшақтасып 
ұйықтаған едік. Сонда ол маған өз ғашығы Тана жайында сыр 
шерткен еді. «Ер мінезді, ер көңілді менің Танамдай қыз жоқ», - 
деп қуанған еді. «Ол екеуміз тірі болсақ, қайтсек те


қосыламыз» деп ант еткендей де болған. Енді міне, сол
жерде төрт жылдан кейін мен Заманның өзін емес, сүйген
қызын құшақтап жатырмын. «Апырау, менің мұным жөн бе?
Заман қайда? Қазір құшағымда жатқан сол досымның кеше
бір-бірінен ыстық лəззат татысып, бірімен-бірі қосылуға ант
етісіп, уəде байласқан қызы емес пе еді? Ол тірісінде мені
бүйтіп Тананың қасына жатқызбас еді-ау. Ол Тананы көктегі 
күннен де, жердегі желден де, көлденең көзден де, гулеген сөзден 
де, мен тұрғай өзінен де қызғанар еді-ау! Ендеше менің мұным 
оны өлді деп басынғаным ба? Мен құмарлық қысып, лəззаттың
осынау өзім сипалаған қос шыңының төбесіне көтерілсем, əзіз
досым Заманның зиратын таптағандай болмаймын ба?
Таптағаным емес пе. Жоқ, олай болмайды. Жаным тірі
тұрғанда мен досымнын атына кір келтіруге тиіс емеспін. Танадан 
лəззат ұрлап, дос қарызы, дос аруағы алдында қарабет болуға 
хакым жоқ.
Осылай деп ойлаған маған Тана екеуміз жатқан төбесі аласа,
тастай қараңғы тар бөлме көрдей қорқынышты боп кетті.
Тананы құшақтап жатып, саудыраған сүйек үстінде лəззат ойнағын 
салғандай көрініп, төбе шашым тік тұрып, жаным тітіркене түсті. 
«Арсыз, абыройсыз, адамгершіліктен азған - ит екенсің» деп 
өзімді-өзім кінəладым. Биік төсекте бөлек жатқан Тананы
азғырғандай боп, қасыма шақырып алғанымды сұмдықтай
сезіндім. Содан кейін қолымды Тананың кеудесінен тартып алмақ 
болып, қозғай бастап едім, Тана оны шап беріп ұстап алып, 
«Тағы да қысшы, тағы да!» дегендей, кеудесіне қатты басып, 
босатқысы келйегендей ыңғай танытты. Əлде Тана менің алма
қысқан қолым сəл босатса болды, кеудеден төмен сырғанап,
жүгенсіз жүйріктей лағып, басқа жаққа кете ме деп
кқорыққандықтан сөйтті ме, оны аңғара алмадым. Қылмыс
істегендей боп сасқалақтаған мен қолымды күшпен тартып
алуға шамам жоғын сездім де, енді қайран досымның өзін 
көмекке шақырдым.
— Осыдан төрт жыл бұрын, - дедім мен Танаға даусым дірілдеп, - 
қазір сен екеуміз құшақтасып жатқан осы жерде егіз қозыдай 
болып Заман екеуміз жатып едік…
Заман атын естігенде Тананың менің қолымды қысып жатқан
қос алақаны ортасынан үзілген серіппедей босап, сусып, 


сырғанап жерге түсіп кетті. Осы кезде мен қыз кеудесінде 
тұтқында қалған қолымды босатып алып, қыздан бойымды
бөлектей түсіп, Заманның біздің үйге сол жолғы келісін ұзақ
əңгіме етіп айттым. Заман аты аталғаннан бастап, Тана қайта 
жылап, солқылдап келіп, сан рет маған бетін басты.
Екі дос бір-біріне сыр айтады.
Əкесі баласына шын айтады. Айрылып, Зəуреш, сенен қалғаннан 
соң,
«Көке!» деп енді мені кім айтады?! -
деп Заман көкірегі қарс айрылғандай боп шерлене шырқағанда 
біздің ауылдың кəрі-жасының көзінен жас парлағанын баян еттім.
— Сонда өзінің осындай күйге душар боларын біліп жылаған
екен ғой Заман, - деп Тана қатты күрсінгенде аузынан шыққан 
отты жалын менің бетімді ғана емес, барша жанымды жалап, 
жайпап, күйдіріп барып тынды.
Өстіп екеуміз ұзақ жаттық. Əңгімені айта-айта екеуміз де 
шаршадық. Екеуміздің де тамырымызда тулаған бағанағы ыстық 
қан салқындап, сабасына түскендей болды.
Бір кезде қасымда үнсіз жатқан Тананың ішінен бір нəрсе
үзіліп кеткенге ұқсады. Оның менің иығымда жатқан сол қолы
сылқ ете түсті де, қорғасындай салмақпен сырғып келіп
бетіме тиді. Мен оны ептеп көтердім де, илікпейтін ағаштай 
икемсіз боп қалған қыз қолын жайлап қана жанына салдым. Ұзақ
жылап, қайтадан маған қарап қырындап жатқан қыз шалқасына 
аунап түсті де, танауы пыс етіп, тəтті ұйқыға кетті.
Ертенінде, түске таман, Тана үш күнге сұранып келгендіктен оны 
Ақжалға жібермей, үйде қалдырып, өзім ауыл аралап, кемпір-
шалдарға сəлем берейін деп көшеге шықтым. Алдымнан
соғысқа бармай, ауылда қалған, кішкентайдан бірге өскен 
құрбым Төкеш кездесе кетті. Колхозда бригадир екенін ол 
алдыңғы күні түнде, алғаш кездескенімізде айтқан болатын. Екі 
бұты талтақ, үш бұрышты саржан ағашын иығына салып алып, 
бүкендеп келеді екен.
— Ереке, батыр, сəлем бердік. Кеше қайда барып келдін, неге ат 
сұрамадың? - деді ол қос қолын бірден ұсынып.
— Солдаттың аты екі аяғы ғой, - дедім де, ауданға, военкоматқа 


барып, тіркеліп қайтқанымды айттым. - Сен ерте жер басына кетіп 
қалған екенсін, көлік сұрап Бүркітбайға барғым келмеді, - дедім.
— Айтпақшы, құсың кұтты болсын, - деді Төкеш екі көзі күлміндеп,
екі танауы қусырыла түсіп.
— Қайдағы құс?
— Кеше кешке қарай Ақжал жақтан бір ақ сұнқар құс ұшып
келіп, сенің қолыңа қонды деп естіп едім. Сонау соғыстан елге 
келгенде еңбегің еш, құшағыңның құр болмағанына қуанып 
жатырмыз.
Текештің Тананы сөз қылып тұрғанын енді түсіндім. Көктемде
мұз үстінен жүрген қызыл судай болып, ауылға Тана жайында
өсек жайылып қалғанын да жаңа сездім. Сондықтан түсімді
бірден суыққа сала бастадым.
— Батыр, шынынды айтшы, қалындығың ба бұл қыз? - деп Төкеш
қайтадан қылмыңдады.
— Жоқ, досым, - дедім мен.
— Қой, оны түнде қасыңа оңаша алып жатыпсың ғой. Қалындығың
болмаса, ол не?
— Бөлек жай болмаған соң, бір бөлмеде жатпағанда қайтесің? Ал
оны кім айтты саған?
— Ел құлағы - елу деген емес пе? Жұрт сенің кішкентай
жиендеріңнен естіпті.
— Балалар не біледі, - дедім мен салмақты түрде. - Ел де бала 
сияқты естігенін айта береді. Бірақ сен сенбей-ақ қой оған.
— Мен неге сенбеймін, - деді Текеш қылмыңдай түсіп. - Мен 
елден артықпын ба сонша? - Содан соң кешеде екеумізден басқа 
ешкім көрінбесе де, құлағыма көп сыбырлады. - Қыз деген қызыл 
гүл сияқты емес пе? Шырынын шашып, сыбағаңды алып кет одан. 
Сонда ол тырп ете алмайды. Шырыны бар ма екен өзінің?
Осылай деп ол өз-өзінен мəз болып, қарқ-қарқ күлді. Мен ыза боп
кеттім.
— Мен соғыстағы солдатпын! - дедім даусым қаттырақ шығып. 
- Бүркітбай екеуін сияқты елдегі қыз- келіншектің шырынын 
тексеріп жүргенім жоқ. Білмеймін несі бар, несі жоғын.


— Койдым, қойдым, батыр-екесі, қойдым, - деді ол екі қолын
бірдей төбесіне көтеріп. - Бірақ есінде болсын, келін-шектің 
шырмауығы болса да, шырыны болмайды. Ал жаңағы «білмеймін 
несі бар, несі жоғын» дегенің Байбала қыздың Сабырбай ақынға 
айтқанына ұқсап кетті.
«Ақын» деген сөзге құлағым елең ете қалды. Ол не əңгіме екенін
білгім келді.
— Ол қандай сөз? - дедім ажарымды сəл жылытып.
— Білгің келсе ,айтайын. Кейін соғысқа қайта барғанында 
солдаттар арасында да айтып жүруіңе болады. Қызық, - деп 
Төкеш мені ынтықтыра түсті.
— Ертеректе, мына Сыбанның бір елінде он жеті ақын болыпты, - 
деп Төкеш ашаршылық жылдары ауып келген ауылдағы екі үй 
жақты иегімен нұсқады.
— Сыбан-мыбанда шаруаң не, «осы елде» деп айта бермейсің
бе? - дедім мен Төкештің ру қуалай сөйлегенін ұнатпай.
— Жарайды. Сол елде Сабырбай деген ақын жігіт, Байбала деген 
ақын қыз болыпты, - деді ол саржан ағашына винтовкадай-ақ
шірене сүйеніп тұрып. - Сол екеуі он жеті ақынның ішінде
өмір бойы өзара қатысып, айтысып өткен екен дейді. Бірақ
қанша андыса да бірін-бірі жеңе алмапты. Бір күні Сабырбай
Байбаланың күйеуге шыққалы жатқанын естіп, енді оны жеңетін 
жерім келді деп ойлайды. Кешке ол өзіне той хабарын жеткізетін 
бірнеше жас жігіт, келіншектерді сайлап қойып, атын шылбырынан 
ұстап, той болған ауылдың сыртында отырады. Бір кезде той 
тарқап, женгелері Байбаланы күйеудің қойнына салу үшін отауға
қарай алып жүреді. Хабаршы келіншектердің Сабырбайға жетсін 
деп сықылықтаған күлкісі, шолпы сылдыры ақынға айқын естіліп 
тұрады. Қыз шолпылары сылдырап күйеу жайғасқан төсектің 
алдында шешініп жатыр дегенді естіп, Сабырбай атына мінеді. 
Ақын айлы түнде, ақбоз аттың үстінде, ақ домбыра қолында,
түнгі тыныштықты бұзып, дүбірлете дүңкілдетіп, ақ отаудың
жанына жетіп келіп, өлеңдетіп қоя береді. Күйеу құшағында 
жатқан Байбала оның əніне əн, əзіліне əзілмен жауап береді.
Сонда Сабырбай қызға қайта айтатын сөз таба алмай, 
«Болмас, Байбалаға дауа жоқ екен» деп, атын борбайға бір 
салып, жөнеле берген екен дейді. Жаңағы сенің сөзің осыған 


ұқсады дегенім ғой, - деді Төкеш əңгімесін аяқтап, қайтадан 
қылмыңдап. - Байбала айтқандай, «Той болған жер төмендеп, ой 
боп» қалса деп жатырмын да баяғы.
— Жоқ, - дедім мен қабағымды қайта түйіп. - Ешқашан да олай
болмайды.
— Жарайды, ал қайда беттеп барасың? - деді Төкеш.
Мен ауыл аралауға шыққанымды айттым.
Осы кезде қасымызға жас жігіт Тұрсын келді. Ол трактор
бригадасында учетчик екен. Төкеш екеуі ақылдасып, Тұрсын 
бүгін ауылда менімен бірге қалатын болды. Төкеш екеуінің 
жұмысын қоса атқармак боп, ертең өзі маған серік боп ауылда 
қалу үшін жер басына қарай кетті.
Тұрсынды ертіп жүріп, ауылдың үлкендеріне тегіс сəлем беріп
шықтым. Соғыста тұл қалған, жесір жеңгелеріме амандастым. 
Кірген үйімнің өлгендеріне көңіл айтып, соғыста тірі жүргендерін 
осы мен сияқты боп, аман-есен қайтып келеді деп жұбаттым. 
Үйден үйге ілесе жүріп Тұрсын кімнің үйінде қандай хал-ахуал бар, 
ауыл соғыс кезінде қандай қиындықтар көріп жатыр, қай үйге қара 
қағаз қашан келді - соның бəрін жақ жаппастан баяндаумен
болды. Менен алты жас кіші, мен соғысқа кеткенде төртінші
класта оқып жүрген бала Тұрсын енді ширақ, пысық, елпек жігіт 
болыпты. Үлкенге қызмет етуге даяр тұратын жылпостығы жəне
білінеді.
— Мынау Бүркітбай ағайдың үйі, кіресіз бе? - деді Тұрсын
колхоз председателінің үйінің тұсына келгенімізде. Мен ол үйдің 
кімдікі екенін Тұрсын айтпаса да білуші едім. Қу бала мені қайтер 
екен деп, əдейі айтты-ау деймін. Өйткені менімен уəдесі бар 
Сəлиманы бұзып, Бүркітбай алып отырғанын бүкіл «Ақбота»
ауылы білгенде, ол білмеуші ме еді?
— Ол кісі өзі қайда екен? - дедім мен Тұрсынға осы кезде өз
көңілімнің алай-түлей боп кеткенін сездірмеуге тырысып.
— Кеңседе шығар, - деді Тұрсын.
— Жүр, онда кеңсеге барып, Бүкеңе де сəлем берейік. Ол
кісі менің бұрынғы бригадирім ғой. Тұрсын бетіме қарады. «Қу 
бала, күйімнің қандай екенін білгің келеді-ау, тегі» дедім
ішімнен. Балаға бəрібір сыр бермеуге бақтым.


— Жарайды, жүріңіз, кеңсеге барайық онда, - деп Тұрсын қайтадан
лып ете қалды.
Колхоз председателі Бүркітбай Тұтқышевпен кенсе алдын-да
кездестік. Ол іштен сыртқа қарай шығып келеді екен. Басында
қызыл пүліштен тысталған түлкі тымақ, аяғында сап-тама етік.
Сақал-мұрттан қылтанақ жоқ, бет-аузы жып-жылмағай, бөшкедей 
сары шал бізді көргеннен кейін, жылан көзін маған қадап,
маңғаздана тоқтап қалды.
— Ассалаумағалейкүм, Бүркітбəді аға, - дедім мен елдің
үлкендерге құрметпен осылай сəлем беретін дəстүрі бойынша, 
өзімнің оған деген наразылығымды сездірмеуге тырысып.
Əрине, Бүркітбай менің келгенімді əлдеқашан естіген болуы
керек. Көргеніне танданбады. Аузындағы насыбайын таяқтай 
жуан сұқ саусағымен алып, жерге тастап, бір түкірді де:
— Уағалейкүмүссəлəм, қашан келдің, бала? - деді.
— Алдыңғы күні.
— Ойбай-ау, содан бері неғып кеңсеге келмей жатырсың?
— Кеңсеге келетін уəкіл емеспін ғой мен, - дедім өзімді өзім
зорлай күліп. - Кеше военкоматқа барып қайттым. Бүгін ауыл 
аралап, үлкендерге сəлем беріп жүрмін.
Бүркітбай кекжиіп қалды. Мен де үндемедім. Менің көзім оның
басындағы түлкі тымаққа қайта түсті. Шашақты екі құлағы
пілдің құлағындай үлкен сары тазы көз алдыма елестеді. Ол
Бүркітбайдың қасына керіліп келіп тұра қалып, бірден пілдей боп 
үлкейіп, Бүркітбай қандендей кішірейіп кеткен сияқтанды. Содан
соң Лашын оқтиген пілдей шөгіп, басын алдыңғы екі аяғынын
үстіне салып, тас болып қатып қалған іспеттенді…
Мен тістеніп, басымды шайқадым. Бүркітбайдың көзі менің оң 
жамбасымдағы пистолетіме түсіп кетті де, дір еткендей болып:
— Ой, Ербол, өзіңнің мылтығың бар екен ғой, - деді.
Өне бойымды ыза буып тұрған мен де қырыстана қалдым.
— Бар. Жау майданда ғана емес, елде де бар. Кездескен 
жауыңды жайратып кет деп əдейі берді, - деп қалың, қатты, сары 
былғарыдан жасалған кобураны сыртынан сықырлата сипап 
қойдым.


Мен қолымды мылтыққа қарай апарғанда Бүркітбай əлденеден
сескеніп, қозғалақтап қалды. Бірақ мен мылтық суырмаған соң 
тез тыныштанды да:
— Қой, Ербол, елде жау қайдан болсын, - деді айтарын айтса да 
қайтадан қыбыжықтап. Содан соң, суға салған көндей болып, 
бірден жібіп, жұмсай қалды. - Керегің болса айт, Ербол. Немесе 
қасындағы Тұрсыннан үйге барған сон айтып жібер. Майдандағы 
жауынгерден не аяймыз?
— Рақмет. Ештеңе де керегі жоқ, бəрі де майданда бар. Сізден 
председатель еді деп бірдеңе сұрағалы келгенім жоқ, бұрынғы 
бригадирім еді деп сəлем бере ғана келдім, - дедім «бұрынғы» 
деген сөзді нығарлай айтып. Сол арқылы бүгінгіңнің маған бір
тиынға қажеті жоқ дегенді де тұспалдап сездірдім.-
Мейлің, мейлің, - деді Бүркітбай қайтадан тəкаппарлана бастап. - 
Колхоздың далада шашылып жатқан малы жоқ.
— «Жаны да жоқ» деңіз, - дедім мен мырс етіп. Мұным оған 
өзімше атқан екінші оғым еді. Бұл Сəлиманы тұспалдағаным 
болатын. - Колхоздың мал-жанын кəрі қасқырлардан сақтай білген 
жөн.
Қу шал менің бұл сөзімнің де астарын түсінді. Бірақ ұқпаған, ұқса
да тура мағынасында қабылдаған боп, үндемей қалды.
— Ал, сау болыңыз, - дедім мен тез кеткім келіп.
— Жолың болсын, - деп міңгірледі Бүркітбай.
Біз кете бардық. Бүркітбай сол орнында тұрып қалды. Ол мені 
үйіне шақырған жоқ. Сондықтан мен баруға тиісті емеспін.
Сəлиманы несіне көремін. Адуын шалдың əйелі бо-лған соң
ол енді мені неғылсын деп түйдім.
Сонымен кешке үйге қайттым. Қайтып келе жатып та, күні
бойы үй арасында жүріп те Тананы есімнен шығармадым. 
«Апырау, түндегім теріс пе? Жоқ, дұрыс. Тананың маған деген 
айқын ықыласы бар емес пе еді? Болса, болар. Бірақ Заман
өлді деп хабар алған соң, Сəлима менен кетіп қалған соң
туған ықылас шығар ол. Сол ықыластан артықтың керегі не 
маған, қойнымда жатқан қызды құшып, құмардан шықпаймын ба
бір? Жоқ, олай етуім дұрыс емес. Мен қыздың да, өзімнің де


ертеңімді ойлауым керек. Ертең мен соғыстан аман келсем 
жақсы. Тағы да менің жаманатымды естіп, қыз байғұстың жүрегіне 
екінші рет қанжар сұғылмаса құба-құп. Бір күнгі нəпсіден емірлік 
өкініш тумасына кім кепіл?» Осылай деп күні бойы өзіммен өзім 
іштей сейлесіп, жауаптасып, ақыл қоры- » тумен болдым.
Кешке қыз төсекте, мен жерде, екеуміз екі бөлек жаттық. Мен 
қызды қасыма шақырмадым. Ол да үндемеді. Екеуміз екі жерде 
бірімізге біріміз білдірмей дөңбекшіп, танды атырдық.
Бұл күні Төкештің үйіне қонаққа барып қайттық. Төкештің
қаладағы апа-жездесі таңдап əперген сұлу келіншегі
Мəстураны көрдік. Алтын сырға, ақ білезік, алтын сақиналары
жал-тылдаған, сұңғақ бойлы ақ келіншек колхозды ауылдың 
келіні болудан гөрі үлкен қаланың артисткасы болуға лайық екен. 
Тана екеуміз солай деп ұйғардық.
Сонымен, үшінші күні түнде, шам сөнгеннен кейін, қыз түнде 
жалғыз жатқан төсегінің алдына барып, сырт киімдерін шешініп 
болды да, төрде жатқан маған тіл қатты:
— Ербол.
— Ау.
— Ұйықтаған жоқсың ба?
— Жоқ.
*
— Онда құлақ сал.
Мен басымды көтеріп, жастыққа шынтақтадым.
— Жұрт соғыстағы жауынгерлерді қыран деп атайды ғой, - деп 
бастады Тана сөзін. Кездескеннен бері оның шешендігіне көзім
жеткендей болған еді. Соны дəлелдей түскісі келгендей бүгін
бірден тұспалдап сөйледі. - Осы өңірдің қыраны өзіңсің. Сонау
майданнан шарықгап, туған жер аспанына келіпсің. Түсер
тұғырың тайып кетті, досың өліп қалды. Қияда шарықтап
жүрген қыранның көзіне төменде ілер ештеңе болмай құс 
алана ма деп, сені аяғанымнан, əрі жақсы көргенімнен, қызықсаң 
тоят алар қызылың болайын деп бел буып едім. Ендігісін өзің біл.
— Танажан, пиғылыңнан садағамын, - дедім мен даусым дірілдеп. 
Содан соң түрегеп, төсегімде отырып, бар сырымды ақтардым.


Мен саған алғашқы түнде-ақ ынтыққанмын, Тана. Қазір де
жүрегім лүпілдеп, құмартып отырмын. Өзімді қинап, үш күннен
бері тежеп келемін. Тежейтінім: ертең мен соғысқа кетемін.
Одан аман-есен оралсам жақсы. - Осы арада мен күле 
отырып, Текештің кешегі «сыбағанды» алып кет, сонда тыпыр
ете «алмайды» дегенін айттым. - Тəкеш айтқандай 
«шырынынды шашып» кетіп, қайта оралмай қалсам, сенің
Заман өлімі тілгілеп кеткен жүрегіңнің жарасы жазылмай
жатып, мен оған екінші қанжар боп жəне қадалмаймын ба? «Ат
аунаған жерде түк қалып» жүрсе, оны қайтесің? Ол жас жаныңа
азап, жас басыңа жəне қасірет емес пе? Бүкіл Отанның бар 
халқын азап пен қасіреттен азат етісемін деп шыбын жанды 
шүберекке түйіп жүрген солдат мен ендігі ең жақын жандарымның 
бірі сенің басынды өзім азапқа душар етсем, онда менің нем
солдат, өзгеге менің нем қорған! Одан да бұрын, майданда 
«өлді, хабарсыз кетті» дейтін адамдардың жаралы боп, жау 
қолына түсіп, өлмей, тірі қалатындары да кездеседі. Жасырын 
тапсырмамен жау тылына жіберілетіндері де болады…
Тана менің сөзімді төсекте, аппақ сирақтарын еденге салбыратып
отырып тыңдаған еді.
— Аһ, ондай атты күн болмаса, мен бақыттымын ғой, Ербол, - деп 
қыз жастықты құшақтап құлай кетті. Əкем мен шешем жатқан ескі 
темір кереует Тананың көкірегіндегі күйікті ауырсынып, белі 
қайысқандай, бір сықыр етті де тынды. Мен ойымды жинақтап, 
сөзімді аяқтауға кірістім.
— Бүгін мен үш күн өзімді берік ұстай алмасам, ертең Заман
тірі боп шықса, ел алдында сен екеуміз қарабет болмаймыз
ба, Тана? Онда менің Бүркітбайдан, сенің Сəлимадан нең
артық? Соғыстан кейін Заманмен жүз көрісер шақ болса,
екеумізді ен алдымен Бүркітбай табаламай ма? Сыртына
шығармағанымен іштей болса да Сəлима ойламай ма? Мен
сондықтан шыдап жатырмын, шыдайын деп жатырмын, Танажан.
— Өлді деген адам тіріледі деген ойымда жоқ еді, - деді Тана
даусы дірілдеп. - Онда менің үмітім үзілмеген екен ғой əлі. 
Заманым, жаным, барсың ба, тірісің бе? Кеш менің бір жолғы 
осалдығымды, - деп қыз аһ ұра дыбыстап барып, үнсіз қалды. 
Жастықты тістелеп, тұншығып, солқылдап жылай берді.
Сөйтіп ол қызбен мен осылай үш күн бірге жаттым. Сол үш күнде 


үш рет қыл көпірден өткендей болдым. Тізем дірілдеп, буыным 
қалтыраған сəттер болса да, құламай аман өттім. Төртінші күні 
таңертең Тананы жарты жолға дейін жаяу шығарып салдым. 
Айырылысар жерде екеуміз құшақтасып тұрып, бір-бірімізді қия
алмай, құшырлана сүйістік те, тез ажырасып кеттік. Ол
велосипедін жетектеп Ақжалға қарай , мен жаяу ауылға қарай
қайттым. Қайта-қайта қол сермесіп, біріміздің сыртымыздан
біріміз ұзақ қарасып тұрып, арамыз алыстай берді.
Түстен кейін, кешкі поезға отырып, Алматыға, одан əрі
қайтадан майданға кетпек боп, ауылдан мен аттандым. Төкеш 
пен Тұрсын екеуі пар ат жегіп, мені «Акботадан» жиырма бес 
километр жердегі Біртөбе станциясына алып жүрді. Бірақ
ауылдан бір аттанып кетіп, бес-алты километрден кейін
ауылға қайта оралуға тура келді. Бағана, үйден шығарда 
Қарашекені қораға қамап, есікті бекітіп кетіп едік. Соның қалай
босап, бізді қалай тауып келгенін білмеймін. Бір кезде ол бар 
* пəрменімен жүгіріп, тілі салақтап, біздің соңымыздан қуып 
жетті. Арбаны тоқтатып, үшеуміз бірдей: «Кет!» деп, итті үйге қарай 
қудық. Тұрсын жерден алып тас та лақтырды. Ит кетпей қойды. 
«Не атып өлтіріп кет, не қасыңнан қалдырмай алып кет» дегендей
боп, анадай жерге барып, маған телміре қарап, жатып алды.
— Станцияға барса, не қаңғып кетеді, не поезд басып, өлтіріп
кетеді ғой мұны, - деді Текеш.
Амалсыздан аттың басын ауылға қарай қайта бұрдық. Үйдің 
жанына барған соң Қарашеке ешкімге ұстатпай қойды. Тəтем
шақырса да, балалар ұстайын десе де, үйден аулақтап,
станция жақтың жолына қарай сытылып шыға берді. Ақырында 
қолыма шынжыр ұстап, Қарашекеге мен барып едім, ол қашпай, 
құйрығын бұлғандатып, төрт аяғын көкке көтеріп жата кетті. Екі
көзі менде, «қалмаймын, тастама» деп жалынып жатқан 
сияқты. Мен оның қарғыбауына шынжырды тақ-қанымда иттің 
көзінен жас парлап қоя берді. Менің сол жер-де Қарашекеге 
жаным қатты ашып кетті. - Қой, Қарашеке, мен келемін, соғысты 
бітіріп, қайтып келемін, - дедім сасқанымнан.
Қарашеке: «Сөйт! Сөйт!» дегендей боп, құйрығын бұлғаңдатты. 
Иттің иесіне мұншама адалдығы көңілімді босатты. «Сəлимадан 
сен сенімді болдың-ау, Қарашеке» деп ойладым оны үй 
алдындағы қазыққа мықтап байлап жатып.


Біз арбаға қайта отырдық. Тағы да «Қош, кош!» деген дауыстар 
естілді. Жиендерім, жеңгелерім жылады. Апайым жаулығының 
шетімен тағы да көзін сүртті. Осының бəрі ауыр жүк болғандай қос 
ат жеккен арба тағы да орнынан əрең қозғалды. Мен енді 
Қарашекеге қарамадым. Адал достың ауыр қайғысын көргім 
келмеді. Арба үйдің бұрышынан станция жаққа қарай айнала 
бергенде иттің қыңсылап, қыстыға арс-арс етіп қалған ақырғы 
даусы естілді. Ауыл адамдарының менімен қоштасып тұрып 
күрсінгендері, жиендерімнің жылағаны, жеңгелерімнің менен
жасқанып, үн шығара алмай сыңсығандары, Қарашекенің
қатты кқңсылап, не шынжырын, не мойнын үзердей боп,
арбаның соңынан қоса ұмтылмақ
боп, темір шынжыр босатпай, қылғына’ «Қош, қош!» дегендей 
боп екі рет арс еткені - бəрі-бəрі, майданға қайта аттанған менің 
құлағымда кетті. Кешке жолаушы поезына ілігіп, Алматыға қарай 
бет қойдым.
Вагонда келе жатып, ауылда еткізген төрт-бес күнімді тағы да еске 
алдым. Еске алдым да, Танамен бірге болған үш күнгі 
ұстамдылығымды бір жолғы ұрыста жау танкімен жалғыз өзім 
жекпе-жек беттескен сұрапыл шайқаспен салыстырдым.
Ол ұрыста жау біздің жаяу əскерді кейін тықсырып, тура наводкада 
тұрған біздің батареяға танктер дүрсе қоя берді. Қарасам, бір 
зенбірек расчетынан бас көтерер адам жалғыз мен ғана боп 
қалыппын. Көздеуші мен октаушы екеуі де оққа ұшқан. Өзгелер 
жаралы боп кетті. Одан кейін маған зеңбіректі оқтап беріп тұрған
жалғыз жауынгер бар еді. Танктен атылған снаряд жарықшағы оны 
да жалп еткізді. Оқсыз, отсыз зеңбірек жау танкінен жасқанғандай 
бүкірейіп, бүкжиіп, мойнын ішіне алып, үнсіз қалды. Оның 
доңғалағын құшақтап, жерге кіріп кетердей жабысып, окоп
ішінде мен жатырмын. Біресе ұзын стволы қылқандай зеңбірек
көмейінен күрк-күрк жөтеліп, біресе пулеметтердің тажал
өңешінен шыққан ыстық қорғасын лебімен жолындағының
бəрін жайпап, жарқ-жарқ еткен жыланбауыр тісін шақыр-шұқыр
шайнап, бейне бір сені жалмауға жұтынып келе жатқан таудай
темір құбыжықтың алдында оған қарсы шығуды былай
қойғанда, жер-ден бас көтерудін өзі ешбір адам баласына оңай іс 
емес, сірə. Өне бойым жерге желімделіп қалғандай боп, басымды
көтертпей, бір ауыр қол желкемнен нығарлай басып тұрған
тəрізденіп, біраз үнсіз жаттым. Танктың тура маған қарай


зымырап келе жатқанын, окопты ойрандап, оның ішінде үнсіз
бұғып жатқан зеңбірек екеумізді жаныштап, жермен-жексен етіп 
кететінін біліп жатырмын. Білсем де танк таптап, жанышса
жаншып-ақ кетсін, бірақ басымды көтермесем қайтеді деп 
ойлаймын. Бір кезде дүбір жақындап, айналам, астым дірілдеп 
бара жатты. Осы кезде танкке қарсы қолданатын гранатты қыса 
ұстап, орнымнан қалай атып тұрғанымды өзім де білмей қалдым.
Қорқақтық етегімнен тартып: «Бұқ, бұқ!» деп босатпай жатқан
соңғы сəтте жауға деген өшпенділік орнымнан көтерді-ау деймін 
мені.
Сол жолдан кейін мен солдат қабылдар шешімнің ең мəндісі соңғы 
сəттегі шешім екен-ау деген ойға келдім. Солдатты ер ететін де, 
жер ететін де сол соңғы сəт шешімі деп білдім. Кімде-кім соңғы 
сəтте бойындағы бар үрей, қорқынышты жеңіп, азаматтық
борышын орындаса, ол - нағыз жауынгер. Тек солдат қана
емес, адамның əр істің соңғы сəтіндегі ұйғарымы, сол сəтте
өзін-өзі ұстай білуі оның адамгершілігін танытатын болуға тиіс.
Иə, сонымен, орнымнан тұрғаннан кейін мен де темір танктен
бетер тістеніп, жағым қисая ашылып, бар қуатымды қос 
қолыма жиып, шоқпардай гранатты танкке қарай сілтеп кеп 
қалдым. Содан кейін жалп етіп, өз окобыма қайта құладым. 
Танктың «жан бергені» сондай қиын болады екен. Алдымен 
сұрапыл бір дыбыс шықты да, дүние солқ ете түскендей болды. 
Жер төңкеріліп кеткенге ұқсады. Содан соң қарамай, бензиннің
иісін тарата лап еткен қара жалын қолымды, желкемді жалап 
жіберген сияқтанды. Артынан аман екенімді бір-ақ білдім. Екі 
құлағым тас керең боп қалыпты…»
- Ой, мен мұны жүрек жұтқан батыр деп жүрсем, өзі қорқақ та 
болған екен ғой, - деді Зайкүл бір қолымен мені иығымнан баса 
ұстап, екінші қолымен кеудемді нұсқап.
Зайкүлдің əлде əзілдегісі келді ме, əлде мені əжуалағысы келді 
ме, оны білмеймін. Бірақ мен оған шынымды айттым.
— Мен ұрысқа кірер алдында əрқашан да қобалжушы едім, 
Зайкүл, - дедім жайлап. - Бірақ қобалжыған сайын, не ғажап 
екенін білмеймін, жауымды жеңіп шығатынмын. Сонда осы 
қобалжудың өзінде де жеңімпаз күш бар емес пе екен деп
таңданатынмын. Сол жолы жау танкін қиратқаным үшін мен
Жомартбектің кеудесіндегі анау даңк орденімен наградталған 


едім.
Осылай деп мен қыздарға Жомартбек кеудесіне тағып жүретін 
өзімнің орден, медальдарымды нұсқадым. Жомартбек менің 
наградтарымды əсіресе асханаға барғанда тағып алатын. Өйткені 
майдангер студенттер кассаға кезексіз жіберілетін. Мен
соғыстан келгенімді пайдаланып ас алу үшін алға қарай
ентелемей, кезегімді күтіп тұра беретіндіктен, Жомартбек менің
тумбочкада жатқан медальдарымды тағып алып, кассаға қарай
ұмтылатын. Фанермен қоршалған тар кассада отырған əйелге
студенттердің омырауы көрінбейді. Жомартбек ондайда кеудесін 
шайқап, медальдарын сылдырата қояды.
— Қазір, қазір, - дейді кассир əйел оның майдангер екенін 
«танып». Содан кейін оған сұраған чектерін жазып береді. Ұзын
чекті ашы ішектей шұбатып, қораздана басып ол менің
қасыма келеді де, өзімен ілестіріп, үстелге қарай алып кетеді.
Түскі тамақтың уақыты тақап қалғаннан кейін Жомартбек бүгін
де сол «кəсібін» істеп, қазір, қолындағы дəптер сөздерін
оқығаннан кейін, тайраңдап жатақханаға қарай жүгіре жөнелуге
əзір отыр еді. Мен өзің нұсқағаннан кейін Жомартбек қоқилана
түсіп, кеудесін қозғап-қозғап жіберді. Күміс медальдар
сыңғырлап қоя берді. Оған қыздар күлкісінің сыңғыры жəне 
қосылды. Жомартбек дəптерді əрі қарай оқыды. «Сөйтіп, ол үш
күнді ерлікке пара-пар-ау деп ойладым өзімше. Олай
ойлайтыным, баяғыда қазақтың бір батырынан өміріңізде өзіңіз
сүйсінген неше ерлігіңіз болды деп сұрапты-мыс. Сонда: «Өмірі
есімнен қалмайтын үш ерлігім бар» деп батыр мына 
төмендегілерді айтыпты.
— Бір ұрыста жау қолына түсіп қалдым, - деп бастапты
батыр. - Қалмақтың мені олжа еткен батыры еліңнің ерлерін 
ата, олардың осал жерлерін айт, қазақтың ұлы өзенінің өткелін 
көрсет деп қинады мені. Мен айтпадым да, көрсетпедім де.
Содан кейін ол мені кеңірдегімнен қылқитып жаңа сойылған
өгіздің жас терісіне қаптатып, босағасына байлатып қойды.
Жас тері жаздың ыстығында бір-ақ күнде кеуіп, сірі боп шыға
келді. Күн көтеріле сіріге шелектеп су құйдырады. Ол кезде
сірі сəл кеңиді де, құрыс-тырысым жазылып, ракаттанып
қаламын. Күн қыза сірінің суы кеуіп, ол енді қайтадан
құрысады. Өгіз терісінен жасалған темірдей сірі жан-жағымнан


құрсау боп қысқанда сүйектерім сытырлап, өліп кете
жаздаймын. «Жауға жанынды берсең де, сырыңды берме» деген 
емес пе? Өлсем өлермін, бірақ сырымды бермеспін деп тістеніп, 
күн сайын бір уыс боп бүрісемін де қаламын. Өстіп бір ай жаттым. 
Бір айдың ішінде арыстай басым аруақтай болды да қалды. Бір
айдан кейін қазақтың бас батыры келіп, мені қинаған жауды
өз қолымен өлтіріп, мені қысқан сіріні өз қолымен тіліп, босатып 
алды. Бір ай сіріде жатқанымда қынқ етіп үн шығармағанымды бір 
ерлік деп білемін.
Түнде, мен далада ұйықтап жатқан жерімде сұп-суық бірдеңе 
бақайымнан көтеріліп, кеудеме шығып, жоғары қарай өрмелеп
келе жатқанын сезіп, оянып кеттім. Қозғалмай жа-тып,
байқасам, бақайымнан бері қарай өрмелеп келе жатқан ұп-ұзын 
жылан екен. Ұшып тұрсам, оның шағып алатынын білдім де,
сенің іздеп келе жатқаның осы ғой деп, аузымды аша бердім. 
Жылан апандай боп жатқан ауызға басын сұға бергенде мойнынан 
қыршып алдым да, жыланның басын жерде шеңбердей боп
шоршып жатқан денесінің қасына түкіріп тастадым. Екінші
ерлігім осы деп есептеймін.
Жиырмаға жаңа ілінген қылшылдаған шыдамсыз жас шағымда
ене бойымды қышыма қотыр басып, орнымнан қозғала алмай,
жатып қалдым. Сонда тұла бойым отқа күйгендей дуылдап,
қанша қышынып, қиналсам да, етіме бір рет тырнақ тигізбей, 
шыдап кеттім. Осыны үшінші ерлігім деп айтар едім депті батыр.
Мінеки, əр адамның басынан өткерер ерекше үш ерлігі болса, мен 
мұны өз үш ерлігімнің біріне балар едім, достар!» - деп 
Жомартбек дəптердің бетін жапты.
Алғашында бұл жайды қыздардың кейбіреулері күле, жымия
отырып тыңдағандарымен, ең соңында олардың бəрі де жым-
жырт отырып қалды.
— Жоқ, бұл жазғаныңыз да жақсы екен, ағай, - деді Меңтай ғана
əлден уақытта.
— Оның несі жақсы? - деп Зайкүл шап ете түсті. - Үш күн қыздың 
қасында жатып, жігер көрсете алмағаны жігіттік пе?
— Иə, неге жігіттік емес, нағыз жігіттік, - деді Майра Абаева. - 
Орынсыз құмарлық - опасыз жаумен тең. Ендеше адамның өз 
нəпсісін тыя білуі - үлкен ерлік.


— Қойыңдаршы, ерлік соғыста болмай ма? - деді Қанипа 
қыздардың бұл өзара таласын өршіте түсу үшін шеткерірек 
отырғандарға қарап, көзін қысып қойып.
— Рас, ерлік соғыста ғана болады, бұл қайдағы ерлік, - деді 
Зайкүл Қанипа өзін қостап отыр екен деп ойлап, одан сайын 
əршелене түсіп.
— Ой, шырағым, - деді Майра да қызбаланып, - ерлік тек қана 
соғыста болады деп кім айтты саған? Біле білсең, күнделікті 
өмірдің өзі ерлік. Егер сен бірдеңеге ұшырап қалып, мына 
Жомартбек өзіңді алақанымен көтеріп, ауруханаға жеткізсе, ол да 
ерлік.
Жомартбек басын шайкады.
— Оны, кімді алақанға салып, кімді арқалап апаруды
ойланатын шығармыз. Ал Зайкүлді аяғынан салақтатып, 
арқалап алғанға не жетсін. Ол маған да жеңіл, Зайкүлге де рақат: 
аппақ саны, өзі айтқандай, «түбіне» дейін көрінеді.
Қыздар қыран күлкі болып қалды.
— Əй, өй, менің санымда шаруаң болмасын, - деп Зайкүл 
Жомартбекке қарап жұдырығын түйді. - Мен бірдеңеге ұшырап
қалсам, бəрібір сен ауруханаға апармайсың. Одан да жедел
жəрдемге жалынғаным артық. 03-ке телефон соғындар, қыздар, 
ондай бірдеңе бола қалса.
— Оған да мен жүгіремін ғой бəрібір, - деді Жомартбек күлместен, 
жымимастан. - Ал сенің санында менің ешқашан шаруам болған 
емес. Кербез ағайыңа көрсетіп жүрген өзің ғой оны.
Зайкүл Жомартбекті жене алмасын біліп, қолын бір сілтеді де,
алғашқы əңгімеге қайта оралды.
— Тоқта, Абаева, сен несіне қызылкеңірдек боласың Ерболды 
қорғап. Алдымен мұның осы жазғаны шын деп ойлайсың ба?
— Шын. Өмірде ондай болады, - деді Майра.
— Тоқта ендеше. - Зайкүл басына келген əлдебір ойға екі көзі 
жайнаңдап қуанып кетті. - Ендеше Ерболды періште дейік. Сен
сонда мына мақалды білесің бе өзің: «Алтын көрсе періште
жолдан таяр» деген. А? Білесің бе?
— Иə. - Майра сасқалақтап қалды. «Апырау, ондай да мақал


бар еді-ау. Мына түлкі қыз оны қайдан суырып ала қойды? 
Бұған енді не десем дауа?» дегендей, Зайкүл айтқан мақалдан 
адамның адалдығына бұлтартпай сендіретін сөз іздеп, 
дағдарғандай күй танытты. - Білемін. Ол мақал ғой. Бірақ 
мақалдың бəрі бірдей…
— Тоқта. - Зайкүл қолын көтерді. - Емтиханда мақал деген халық 
жүрегінің шындығы, мақал - шындық сəулесі деп таңдайың 
тақылдағанда алдыңа жан салмайсың. Енді келіп, ол мақал ғой 
дейсің. Мақал болса, өтірік демекпісің сонда?
— Жок, өтірік демеймін, шындық. Бірақ ол қандай мақал?
Мəселе сонда. Халықтың адал жүрегінен шыққан, өмірдің 
философиясын білдіретін, шын даналықты танытатын мақал мен 
мəтелге дауым жоқ. Ал халықтың сол даналығына үстем
таптың, елдегі қу, сұмдардың өз пайдасын көздеп, қосып
жіберген қоспалары жəне бар.
— Мысалы? - деді Зайкүл. - Мысалын айт.
— Мысалы, «Бəйбішеге жарасар қолындағы сабасы» деген 
мақалды ал. Бəйбішеден басқа əйел, кедей əйелдері қолдарына 
саба ұстаса, күнə бола ма екен? Олар қымыз ішсе, ауыздарынан 
ағып кете ме екен? Жоқ, бəйбішеге жарасқан саба басқаға да
жарасады. Бірақ үстем таптың сабаны бəйбішеден басқаға
ұстатқысы келмейді. Кедей, күң əйелдерге саба ұстауға жазбаған 
деп оларды сендіруге тырысады. Атам заманнан келе жатқан
халық мақалы осылай деген дейді. Сол сияқты өздерінің
өзгеге жасаған қиянат, қылмысын бүркеу үшін қу, сұм адамдар 
да мақалға ұқсас сөздер шығарып, қосқан. Мəселен жаңағы өзің
айтқан: «Алтын көрсе періште жолдан таяр» деген. Сұм, арам 
адамдар сұмдығын істеп алады да, артынан «Мен қайтейін, 
«Алтын көрсе періште жолдан таяды» деген, мен періште
емеспін, адаммын ғой» деп монтансиды. Бұл сол үшін
шығарылған сөз. Əйтпесе алтын көрсе, періште неге жолдан
таяды? Жолдан таяды екен, онда ол періште емес. Жолдан таю, 
жөнсіздік жасау - адамнын ісі. Бірақ адамның да адамы бар.
Жұрттың бəрін жолдан таяды деуге болмайды, жолдас
Сағынова. Мақалды білген жақсы. Бірақ əр мақалдың мəнін
де ажырата білу керек. Ас ішіп, ақ нан жегенді жақсы керіп,
арпа мен бидайды айыра алмаудың несі лайық?
Майра алғашында сөзін кібіртіктеп, күмілжіңкіреп бастағанымен,


орынды ой, орамды сөз тапқаннан кейін біржолата қанаттанып,
қайраттанып кетті. Үсті-үстіне бастырмалата, екпіндей сейлеп,
Зайкүлдің аузын аштырмай тастады.
— Жаса, Майра! - деп Жомартбек жалғыз өзі аямай алақан соқты. 
- Сағынованы шалқасынан түсірдің. Аяғын аспаннан келтірдің.
— Жоқ, жоқ, сен қоя тұр оны, - деді Зайкүл жеңілгісі келмей. - 
Қыздар, айтындаршы, Ерболдың қызды құшақтап, үш күн оңаша 
жатқандағы адалдығына əсте сенуге бола ма?
Ол Майрадан басқалардың өзің қолдауын күтті. Қыздар
сылқылдап, сықылықтап күліскендерімен, ешкім оған демеу 
болар ештеңе айтпады.
— Мен сенемін, - деді Қанипа сықылыктап күліп отырып.
— Мен де ағайға сенемін! - деді Меңтай күлместен, байыпты
түрде. - Майра ете дұрыс айтты.
— Жоқ, мен сенбеймін, - деді Зайкүл. - Ешқашан да олай
болмайды.
Мен өз басымнан кешкен адал, ақиқат шындыққа Зайкүлді сендіре 
алмағаныма ыза болдым. Бірақ адамның күн-шуақ жақтарына
көңіл бөлмей, көлеңке жағына көбірек кез салатын Зайкүл
сияқтыларға не дауа? Əсіресе, оның «ешқашан да олай 
болмайды» дегені жаныма батты. Неге олай болмасқа? Болғанын 
бастан кешкен кісі айтып тұрғанда неге сенбеске?
— Қалай болады ендеше? - дедім мен Зайкүлге кекете сұрақ
қойып.
— Оны өзің де білесің, - деп Зайкүл ыржалақгай күлді. Өзің өзгеше 
мас еткен əлдебір тəттінің дəмін есіне түсіргендей боп елтіп 
қалды.
— Біздің Зайкүл ерте ашылған гүл ғой, - деді Жомартбек оған 
ешбір мəн бермегенсіп, мүлəйім ғана.
— Иə, əр гүлдің өз уақытында ашылғаны жақсы ғой, - деп қостады
Майра, мырс етіп.
— Онын несі жақсы? - деді Зайкүл лап ете тез жауап беріп. - 
Уақытында ашыламын деп жүргенде суық соғып кетсе, солар да 
қалар ол гүл.
— Жоқ, олай болмас, мезгілінен бұрын ашылған гүл ғана ерте


солатын шығар, - деді Жомартбек.
— Ерте солсам да, есемді жібермесем болады. Менің білетінім 
осы, қыздар, - деді Зайкүл Жомартбектің мысқылын елемеген 
болып.
— Иə, ашыл, Зайкүл, ашыл, - деді Майра, сылқылдай күліп. - Бірақ 
бір жола ашылып-шашылып қалып жүрме.
Бұл əңгімені Меңтай басқа арнаға ауыстырды.
— Ол қыз қазір қайда, ағай? - деп маған қарады. - Тананы
айтамын.
— Осында.
— Осында-а-а? - деп екі-үш қыз қосыла дауыстап қалды. -
Алматыда ма?
— Иə. Көргілерің келсе, мен бір күні ертіп əкеліп, таныстырайын 
өздеріңмен. Ақылды, жақсы қыз.
— Бəсе, - деді Зайкүл қайтадан сықылыктап. - Енді түсінікті болды.
Осылай шығар деп өзімде ойлап едім- ау. Екеуің ЗАГС-ке де
барған шығарсындар.
— Қоя тұршы сарнамай, Зайкүл, - деді Қанипа көзі ойнақшып 
зəлімдене қалып. - Ал, ол мұнда қашан, қалай келген? Біз неге 
оны осы күнге дейін білмейміз?
Бұл бар қыздын көкейіндегі сұрақ болуға тиіс.
— Бəсе!
— Иə, - десіп қалды бірсыпыралары Қанипаны қостап.
Мен сол жолы Танаға Алматыда ЖенПИ деген жаңа интитута
шылғалы жатқанын естігенімді хабарлап, соған барып, оқуға 
түсуге кенес бергенімді айттым.
— Менің соңымнан іле-шала Тана Алматыға келіп, сол институтқа 
түсіпті, - дедім. - Қазір екінші курсында оқиды.
— Кездесу жағы қалай? - деді тағы да Қанипа.
— Анда-санда.
— Одан кейін бірге жатқан жоқсындар ма? - деді Зайкүл
шыдамсызданып.


Қыздар үндемеді, Зайкүлді қайырып тастамады. Соған қарағанда 
олардың да осыны білгілері кеп отырғаны аян болды.
— Жоқ, - дедім мен күліп. - Ол менің досымның қызы - досым
ғой. Тек дос тұрғысында ғана кездесіп, ажырасамыз.
Зайкүл одан сайын тақымдай түсті.
— Достықтан махаббат туады демеуші ме еді? Əлде достық 
махаббатқа ұласады деуші ме еді? Абаева, айтшы, осылай ма еді! 
- деді Зайкүл Майраға қарап. Майра басын изеді.
— Ендеше, - деді Зайкүл тағы да қылмындап, - дос болғаннан
кейін ептеп…
Қыздар ақырын ғана сылқ-сылқ
күлісіп алды. Жомартбек басын шайқады. Меңтай, Майра, мен
үшеуіміз ғана күлгеніміз жоқ.


— Ондай ұласқан ештеңе жоқ əзір, - дедім мен салмақты түрде.
— Ол енді екі жақтың да көңіліне байланысты шығар, - деді
Меңтай жай ғана.
Зайкүл ентелей түсті.
— Немене, Ерболдың қызда көңілі жоқ дейсің бе? Болғанда
қандай! Осында төмен қараған болып, бəріміздің ашық-шашық
жерімізді андып, сілекейіне шашалып, өзінен-өзі əлек болып
отырады ғой бұл. Əсіресе, сен қолына түссен, шайнамай қылғыр 
еді, бəлем.
Қыздар да, Жомартбек те тегіс ду күлісіп қалды. Меңтайдың ақ 
жүзіне қызыл қан ойнап шыға келді. Бірақ онысын білдірмеу үшін 
Меңтай қыздармен қоса күліп, Зайкүлдің сөзін əзілге айналдырып 
жіберуге тырысты.
— Сен немене, Зайкүл, - деді Меңтай күліп жатып. - Ағай сонша
кісі жейтін тажал ғой деп пе едің?
— Қызды жейтін жалмауыз - жігіт екенін сен білмеуші ме едін, - 
деді Зайкүл жұлып алғандай. - Сен оны «ағай, ағай!» дейсің. Бір 
күні ағайың сені, əлгі бір елдің ертегісінде айтылатын, қай елдікі 
еді өзі, иə қызыл бөрікті қызды жұтқан сұр қасқыр сияқты, «ап!»
деп асап қойғанда білерсін əлі тажалдың кім екенін,
жалмауыздың не екенін. «Қызыл көр-пені» ұмытып кеттің бе өзің? 
Ол жай шығарыла салған өлең емес. Ол жалмауыздың саған 
қарап алақтаған тілі де, шырағым.
Қыздар бұған да мəз боп қалды. Бұл жолы мен де күлдім. Тек 
Меңтай ғана не күлерін, не күлмесін білмей сəл отырды да, 
артынан амалсыздан езу тартты.
— Зайкүл не десе, о десін, - деді Меңтай қыздардың күлкісі 
тыйылғаннан кейін. - Бірақ біздің ағай ондай кісі емес!
— Көрерміз, - деді Зайкүл де ерегісіп.
— Иə, - деді Қанипа күліп.
Жаңағы Зайкүл айтқандай менің қыздарға қызыға қарайтыным рас 
еді. Бірақ менің қарауым Дон Жуанның жас келіншектерге қарауы, 
Жиль Бластың жақсы əйелдерге қызығуы емес. Менің қыздарға 
қарауым өмірге қызығу, өмірдің сұлулығына ынтығу болатын. 
Бағбанның өз қолынан өсірген гүлге мақтанышпен, құмарта


қарағаны сияқты, өзім солдат болып, қоса қорғасқан
өміріміздің жанды гүлі, жақсы қыздарға сүйсіне көз салып, 
осындай жандарды өлімге бермеу үшін күрескеніме риза болып, 
іштей мақтануым еді. Көп жігіттер осы ғажап гүлдерді көре
алмай кетті. Мен сендерге өзімнің алапат соғыста аман
қалып, өздеріңнің орталарыңда отырған баға жетпес
бақытымды сағат сайын сезіну үшін қараймын, қыздар. Ал сен
менің мұнымды мазақ етесің, Зайкүл. Бірақ мен сенің бір сөзінді 
құптар едім. Сол сөзіңнің шындыққа айналуын қалар едім. Ол
сенің Меңтайды мен тажал болып, «ап!» деп асап қояды,
қылғымай жұтады дегенің. Меңтайды менің сүйетінім рас. Бірақ 
мен оны, сен айтқандай, «асап» та қоймас едім, «қылғымай» да 
жұтпас едім. Ол мені сүйсе, мендік болса, мен оны гүл етіп
төбеме көтерер едім. Оған айнымас адал жар, ажырамас жан 
серік болар едім. Дегенмен, сен бүгін маған жақсы қызмет еттің, 
Зайкүл. Сен менің ойымды айттың. Меңтайға ауызбен айтып
білдіре алмай жүрген тілегімді жеткіздің. Бұл үшін саған мың
да бір рақмет, Сағынова.
Мен осылай деп ойладым. Бірақ мен оны ешкімге де
айтпадым. Қыздармен қосыла күліп, жайбарақат адамға ұқсап, 
үндемей отыра бердім.
— Иə, əркімнің өз Пенелопасы болғанға не жетсін! - деді Қанипа 
жұрт тегіс тынышталғаннан кейін маған көзінің астымен қарап 
қойып, өзгелерге бұрылып, көзін бір қысып қалып. Содан соң өтірік 
күрсініп алды. - Онсыз өмір қиын ғой!..
«Əркімнің өз Пенелопасы болғанға не жетсін» деген менің
сөзім болатын. Бұл курстағы қыздардың
ауыздарынан түспейтін афоризмге айналып кеткен еді. Осындай 
бір үнсіздік орнай қалған тұста əлдебіреу соны айтып жіберіп, 
жұртты ду күлдіретін.
— Жоқ, - деді Зайкүл қолын сермеп. - Бұл Ерболдың, Ербол 
сияқты ұлдардың айтатын сөзі. Біздің оны өзгертіп, «Əркімнің өз 
Одиссейі болғанға не жетсін!» деуіміз керек, қыздар. Маған 
Одиссей керек!
Қыздар тағы да күлді.
— Одан өзге жарамай ма? - деді Жомартбек Зайкүлдін сөзін қағып
алып.


— Жоқ, - Зайкүл де тез жауап берді. - Жарамайды, сен
жарамайсың. Соғыста болған жоқсың.
— Ендеше соғыста болған, омырауы орденге толып қайтқан адам 
отыр ғой алдыңда, - деп Жомартбек мені нұсқады.
— Мұның өзі бір кісіден басқаны көрмейтін соқырлау Одиссей, -
деді Зайкүл жұртты тағы ду күлдіріп.
— Қыздар, көп күліп кеттік, қояйық енді, - деді Меңтай оң жағында 
одеял үстінде жатқан кітапты қолына алып. - «Үй артында кісі 
бар» дегендей, емтихан келе жатқан жоқ па ертең тағы да.
— Иə, сақалы сапсиып, - деді Жомартбек.
Жомартбектің сөзіне ешкім күлмеді. Бəріміз, бөлменің ішін
шаңдата асыр салып ойнап, мұғалім келе жатқанда тым-
тырыс парталарына отыра қалатын төменгі класс
шəкірттеріндей бұқиып, төмен қарап, конспект, кітаптар бетіне 
қайта үңіліп, үнсіз қалдык.
Осыдан кейін бір демалыс күні мен Тананы жатақханаға ертіп 
əкеп, қыздармен таныстырдым. Ол, əсіресе Меңтаймен, 
Майрамен шүйіркелесе сөйлесіп, жақсы дос боп кетті.
XII
Нашар студенттердің көз жасын көктемнің жылы жауынындай
сорғалатып, жазғы емтихан да өтті. Біздің бірсыпыра қыздар 
жылап-сықтап жүріп, кейбіреулері құлап қалған емтихандарын 
қайта тапсырып, бəріміз тегіс үшінші курсқа көштік. Бір курс 
жоғарылағанға Алатаудың төбесіне шықпағанмен төскейіне 
жеткендей боп, көңіліміз көтеріліп қалды.
Соңғы емтиханнан құтылған күні кешке отыз үшінші
аудиторияға жиналып, өзімізше сауык өткіздік. Оны қалай 
ұйымдастыруды алдын ала ақылдасып алғанбыз.
Ішкісі келгендерге бір-бір бокал шампан қойылды. 1шпейміз
дегендерге қалағандарынша лимонад пен минерал суы берілді. 
«Сен ананы іш», «сен мынаны іш» деген сияқты біреуді біреу 
қыстау, қинауға қатаң тыйым салынды. Əркімге екі бутербродтан 
шайнама жəне тиді. Осының өзі бізге бірінші класты ресторанның
ең қымбат, ең дəмді лағамынан кем боп көрінген жоқ-
Бірлесіп жасалған программаның «Ішу, жеу, ықыластану» деген


бірінші бөлімі осымен бітті. Оның «Ойнау, ойлау, өнер таныту»
деп аталатын екінші бөлімі басталды. Бұл бөлімде əркім
өзінің бұрыннан осы күнге арнап даярлаған ең оригиналды
деген ойынын ортаға салады. Ең жақсы деп танылған
номерлерге мынадай сыйлық беріледі: ұлдар қалаған қызынын 
бетінен сүйеді; қыздар қалаған адамына өз тілегін орындатады.
… Түскенде сен есіме, ерке Гəкку, Құлпыртып осынау əнді 
толғанамын, - дейді Меңтай қыздармен қосыла. Қыздар бұлай
десе, мен ішімнен сол əуенге қосып өз əнімді, өз жүрегімді
жарып шыққан жырымды ағытамын. Мен де өз-өзімнен ырғалып, 
толассыз тербелемін. Бəрі аз бағасына барлық санның; Тəж, тағы,
мал мен мүлкі патша, ханның - Меңтайды мəңгі құшып, сүйетұғын 
Бар екен не арманы жігіт-жанның?.. Мен қайта-қайта жаутандап
Меңтайға қараймын. «Жанымның жырын ұқсаңшы, жүрегімнің
тебіренісін тындасаңшы!» деп жалынғандай боламын. «Мен
сені екі ай көрмеймін. Екі күн көрмесем, есім шығатын басым
екі айға қалай шыдаймын, Меңтай? Сол екі айға азық
боларлықтай етіп, маған бір рет қиыла қарасаңшы, аясаңшы 
мені» деп жылағандай боламын. Бəлкім, көлденеңнен анықтап 
қараған адамға менің иегім Дірілдеп, ернім кемсендеп кеткен де 
шығар. Бірақ əсем əнге елтіген жұрттың ешқайсысы менің көріксіз
бетіме көңіл аударған жоқ.
Вокзал радиосы поездың жүруіне бес минут қалғанын
хабарлап, перронға «Саржайлау» күйінің екпінді əуенін төкті.
Осы кезде қыздар мен жігіттер шыр көбелек айналып, етек-
тер үйіріліп, еріндер күлімдеп, вагондар алды би алаңына
айналып кетті. Екі-екіден жұптасқан жастар аяқтарының
ұштарымен зыр қаққанда маған вокзал алды бірін-бірі
қуалаған сансыз құйынға толып кеткен сияқтанды. Қан көбелек
айналған сол құйындар көкке бұрандадай бұралып, қазір
ұшып-ұшып, биіктен самғап, алыстап кететін іспеттенді.
Жомартбекпен билей жөнелген Меңтайға көзім түсіп еді, екі
бетінің ұшы қызарып, екі танауы əсем боп делдиіп кеткен
Меңтайдың кішкентай əдемі аяқтары жерден жоғарылай
көтеріліп барады екен. Одан айырылып қалардай зəрем ұшып, 
«алла!» деп көзімді жұмдым. Менің бақытыма қарай осы кезде күй
аяқталды да, бауырын жазып, көкке көтерілуге айналған аққу 
қайтадан жерге қонды. «Уһ!» деп ішіме терең бір дем тартып 
үлгіргенімше проводниктердің тұс-тұстан жамырай айтқан: 


«Жолдас жолаушылар, вагонға кіріңіздер!» деген үндері естілді.
Перронды кернеген жаңағы «құйындар» тегіс вагондарға қарай
лап қойысты. Біз де қыздарымызды қолтықтап, вагонның 
тепкішегіне көтердік. Олармен асығыс қол қысыстық. Меңтай
менің қолымды қаттырақ қысып, ұзағырақ ұстайтын шығар деп
үміттенген едім. Олай болмады, оның алақаны менің қолыма
тиер-тиместе екінші біреу қағып əкетті. Осы кезде радио 
«Қараторғай» əнін бастады. Оған перрондағылар қосылды,
вагондағылар жəне шырқады. Көп адамның қосыла айтқан əні
желді күнгі теңіздей толқып, вокзал үстіне көтерілді де, кең
проспектіні керней Алатауға қарай лықсыды. Келеді қара торғай 
қанат қағып…
Мен дереу ілгері ұмтылып, вагонның алдына келдім де:
- Меңтай, сен маған ұрыспа, дəптеріңе бір сөз қосып қойдым! -
дедім дауыстап.
Осы кезде гудок беріп, поезд қозғалды. Перроннан поезға, поездан 
перронға қарай қолдар созылды. Меңтай басын изеп, қыздарға 
қолын бұлғады. Ол басын маған изеді ме, қыздарға изеді ме, менің 
не дегенімді естіді ме, естімеді ме - айыра алмадым. Менің көзіме 
мөлтілдеп жас келді. Оны өзгелерге көрсетпеу үшін жылжып бара 
жатқан вагондарға қарап қолымды сермей бердім. Қол сермеп, 
жердегілер шырқап тұр. Вагондардың терезелерінен, есіктерінен
қол бұлғап, поездағылар шырқап барады. Сермелген қолдар
қалықтап ұшып бара жатқан қара торғайларға ұқсайды. Бір топ 
қара торғай зымырай, самғай ұшып, алысқа бет қойғандай. Бір 
тобы қалықтай көтеріліп, қайта айналып келіп, алғашқы орнына 
қонуға бет алып, қайта төмендегендей.
Бұлан, етіп қасымыздан соңғы вагон өтті. Сары жалаушасын
шошайта ұстаған кондуктор сан көздің шарасына жалғыз кіріп,
бейне бір сол көздердің тұңғиық түбіне сіңгендей болып,
тереңдеп батып бара жатты.
Радио музыкасы тынды. Əн тоқталды. Поездың дүрсілі бірте-бірте 
алыстай да бəсендей берді. Қалған жұрт үн-түнсіз кері бұрылып,
вокзал қашасынан қалаға шығатын қақпаға қарай ағылды.
Перрон той өткен, жəрмеңкесі тараған тақыр тебеге ұқсап, 
құлазып, бос қалды. Сол перрондай болып, поездың қарасынан 
көз айырмай, қалтиып жалғыз қалған менің көңілім құлазыды.


- Ереке, - деді біреу ақырын дауыстап. Бұл Жомартбектің үні
еді. Ол мен əскерден келген алғашқы кездегідей «ағайды» 
қойып, кейде осылай, «Ереке» дейтін болған. Үйренісе келе басқа 
бірсыпыра қыздар да мені «Ербол» деп атауға көшкен. Тек 
Меңтай ғана «ағай» деп атайтын.
Мен мойнымды бұрсам, мың кісі сыярлық перронда Жомартбек 
екеуміз ғана қалыппыз. Жомартбек менің Меңтайды құлай 
сүйетінімді іштей түсінетін еді. Сондықтан болар, ол жақаурата 
сөйледі. «Екі ай деген не, екі-ақ күндей боп өте шығады əлі.
Содан соң тағы да бас қосамыз ғой бəріміз, - деді ол екі
танауы делдендеп. - Жүріңіз, жұртта сіз екеуміз ғана қалдық».
Жомартбек мені жұбаттым деп ойлады. Бірақ онысы жұбату емес, 
жараның аузын тырнаумен тең болды. «Екі ай екі күндей боп
қалай көрінсін, - деп назаландым ішімнен. - Мен қызыққанға
келдененнің құрығы түскіш келуші еді. Көңілім құлаған осы қызды 
да тағы біреу қағып кетіп, дəт деп қалмасам жарар еді. Онда мен 
қалай өмір сүремін? Сəлиманың шерін соғыс тұншықтырған еді. 
Бұл қызға қолым жетпей қалса, оның өкінішін не ұмыттырмақ?
Мұндай келбет-көркі келісті, ақыл, парасаты мол, жаным
сүйген жақсы қыздан айырылып қалсам, сорлы жүрегім өмір 
бойы қап арқалаған қайыршыдай, арман арқалап кетпей ме 
амалсыз. Мұны ұмыттыратын басқа жақсы қызға кездессем
құба-құп, кездеспесем, мүгедектей мұнды болып қалмаймын ба
өмір бойы. Ендеше аузын буған өгізге ұқсап, сегіз ай бойы
неге жүрдім үн-түнсіз? Неге айтпадым шынымды? Неге аяғына 
жығылып, «жарым бол» деп жалынбадым мен оған? Кейбіреулер 
қызды бір көргенде-ақ «мен саған ғашықпын. Мен сенсіз өмір сүре 
алмаймын» деп, жетім қозыдай қақсамай ма, жақ жаппай? 
Құмарлығын ғашықтыққа балап, қыр соңынан қала ма қыздың 
ондайлар? Қант салған қаптай ғып, қолма-қол жүрегінің аузын 
ашып тастамай ма аңқайтып? Ендеше мен шын ғашықтық 
сырымды неге ақтармадым сонша күннің ішінде? - деп іштей 
еңіреп, өз бармағымды өзім шайнап, сүйретіліп, вокзалдың
қақпасынан əрең шықтым. Жаным жаңағы поезда кетіп, бұл жерде 
құр сүлдерім ғана қалғандай, мең-зең күйде Жомартбекке ілесіп 
келіп, трамвайға міндім. Кетеді таң атқан соң өсек бағып. Еріне
былшылдайды елді шағып. Қонаққа тамақ бер деп ептеп
айтса, Жүреді теріс қарап, жыбыр қағып.
Кісіге күле сөйлеп келмес жанап. Былшылдар ел кезінше байын 


сыбап, Таусылды күні-түні ет пен шай деп, ‘ Қонағын қыстай 
келген бəрін санап…
Орамал жерде жатыр, кірі батпан. Салдырап аяқ-табақ қирап 
жатқан. Сүтіне шелектегі ит кеп тисе, «Кет!» деп те айтпайды 
оған, құдай атқан,ө-ө, е-е-е.. Оуф!
Төрешінің ұйғаруымен Жомартбекке де сүю сыйлығы тиді. Ол
алшаңдап, Зайкүлге қарай жүрді. Ернін шүршитіп, нақ соны
ғана сүйетіндей боп, ыңғайланып бара жатты. Зайкүл
құйтыңдап, басын қиқандатып, ернін ыңғайлай бастады. 
Жомартбек оны өзіне қарай ұмтылта түсті де, басын шапшаң 
бұрып, шөп еткізіп Зайкүлдің қасында отырған Нəзилəштің бетінен 
сүйді. Зайкүл сүйісуге ыңғайлап, шошайтқан ернін не істерін
білмей, түсі бұзылып, нəумез боп қалды. Оны бағып отырған біз 
жəне қыран күлкіге баттық. - Зайкүл, немене сүйіскің келіп пе еді, 
кел, - деді Жомартбек ештеңе болмағандай жайбарақат оған қарай 
бұрылып.
— Архимедтің тұтқасын ұстағандай болмай, аулақ кетші, -деді
Зайкүл теріс айналып.
— Менің өз тұтқам да жетеді, - деді Жомартбек бейне бір
Зайкүлмен ұрысқандай баж ете қалып. - Біреудікі маған дəрі 
емес!
Осылай деп Жомартбек Зайкүлге қарап күлейін дегендей боп
ыржиып келе жатты да, дереу біреумен төбелесіп қалғандай,
түсін томсырайта қойды. Бұлай, бет-бейнесін лезде екінші
түрге түсіре қою сияқты артистік өнер курста Жомартбекке
ғана тəн болатын. Осынысымен ол бəрімізді бұрын да талай
рет күлдірген еді. Бұл жолы да ол біздің күлмес еркімізге қоймады.
Қанипа, Сақила, Назилəш үшеуі үш жақтан қол көтерді. Майра
үшеуіне де бас изеді. Олар ортаға келіп, соғыс кезінде шыққан 
«Көкем-ай» деген əнді шырқады.
Елде жүрген жас бауырдың майдандағы ағасын сағынып, жүректің 
запырандай зарымен айтқан жан-жүйені босатар ащы əні
аудиторияны кернеп кетті. Үш дауыс қосыла шырқ-ап, «Көкем-
ай!» деп зарлағанда терезенің шынысына дейін дірілдеп, 
қалтырап кеткендей болды.
Қан майданнын ішінде көкем жүр-ау, а-а-ау,


Мылтық кезеп көкеме неміс тұр-ау, а-а-ау-ай.
Көкем-ау!
Қашан келер екен-ау!?
Мен тағдырдан сұраймын күндіз-түні-ау, а-а-ау,
Көкеме атқан жау оғын маған бұр-ау, а-а-ау, а-а-ау-ай.
Жан көкем!
Дидарынды бір көрсем!
Бұдан кейінгі кезек маған келді. Үш қыз қосыла айтқан
жаңағы зарлы əн жүйе-жүйемді босатқан мен не айтарымды
білмей састым. Əзірлеп əкелдім дегенімнің бəрі жан толқыт-
қан жаңағы əннен кейін мүлде қажетсіз, керексіз сияқтанды.
Бірақ қыздар қыстап, болмады. «Шықсын ортаға, айтсын
бірдеңе» деп жанымды шығарды. Амалсыз ортаға шықтым.
— Мен Абай өлендерінде кездесетін ескі сөздердің тізбесін жасап, 
оларға өзімше түсінік берген едім. Бүгінгі конкурс сияқты
қорытынды кешке соны ұсынуыма болады. Бірақ мұның өзі
бір дəптер, - дедім қыздарға дəптерімді көрсетіп. -Бəрін табан
астында оқып шығу мүмкін емес. Сондықтан мен қазір соңғы
оқыған бір кітабымнан сұлу əйел, махаббат жайында жазып
алған екі-үш нақыл сөзім бар, соны оқып берейін.
Мен Майраға қарадым. Майра қыздарға қарады.
— Махаббат жайындағысын окысын.
— Соңғысын айтсын, - деп шуласты қыздар. Абаева кітабын 
жоғары көтерді. Жұрт тегіс тым-тырыс боп, тыныштала қалды.
— Иə, онда былай болсын, қыздар, - деді Майра. - Ербол ағайдың 
Абай өлеңдеріне түсінік жасауы біздің ешқайсысымыздың
ойымызға келмеген үлкен жұмыс. Оны білудің бəріміз үшін
пайдасы бар. Ол əсіресе ертең біз мүғалім болып, мектепке
барғанда’ керек. Сондықтан біз оны ағайдан сұрап, көшіріп
алармыз. Меніңше ағайға тандаған қызын сүю сыйлығын осы 
еңбегі үшін беруімізге болады. Ал бұл кісі жаңағы соңғы айтқанын 
оқып шықсын да, сыйлығын алсын.


Мен бір жапырақ бөлек қағазға тізіп алған махаббат жайындағы
сөздерімді оқи бастадым.
«Махаббат бар жерде көз жасы қоса жүреді.
Адамның өмірі қысқа болғанымен, махаббаты ұзақ өмір сүреді.
Құштарлық - махаббат хабаршысы.
Құштарлықты көз айтып, тілекгі тіл түсіндіреді.
Жүрегін махаббат мекендесе, ең саран деген адамның өзі ересен
мырза боп кетеді.
Əдемі əйелдің əлегі көп.
Сұлу əйел сорға бітеді. Көрікті əйелдің күйеуінің көңілінен күдік 
арылмайды.
Сұлуға сұқтанушы көп. Сорлының əйелі сұлу болады».
Жазып алған қағазымның екінші бетін оқымай, ортасынан
бүктей салып, қыздарға рақмет деген ишара жасадым.
Зайкүл аузынан емшек тартып алған жас баладай боп, баж ете
қалды.
— Екінші бетін оқыған жоқ, Майра. Ербол енді қағазының екінші 
бетіндегісін оқысын, - деп елбелектеп ұшып кете жаздады.
Абаева маған қарап, «Зайкүл бəрін естімей тынбайды» дегендей 
жымиды да, басын изеді. Бұл төрешінің «тағы оқы» деген əмірі
еді. Əскерде командир бұйрығын екі етпей орындап үйренген
басым қағазымның бүктеуін қайта жаздым.
— Бұл үзінділер үндінің ұлы жазушысы Дандиннің «Он 
ханзаданың басынан кешкен оқиғалары» деген кітабынан 
алынды. Ал тыңда, Зайкүл, - дедім мен алдымен жүзі жайнап, 
құлпырып отырған Зайкүлге қарап алып.
— Оқи бер, оқи бер, - деді Зайкүл шыдамсызданып. - Мен тындап
отырмын.
Мен тағы да оқуға кірістім.
«… Махаббат жайына келетін болсақ, оның мəні адамға дүниеде 
теңдесі жоқ өзгеше рақат беретіндігінде. Кеудесін махаббат 
кернеген еркек пен əйелдің ойлайтыны өмірдің өзгеше сол 
рақатына жету ғана болады. Жүрегіне махаббаттың нұры түскен 


жанның жай жұрттан өзгешелігі оның айналасының бəрі күліп, 
қуанып тұрғандай күйде болады. Ынтызар екі жанның 
құшақтарының айқасуы өздеріне өшпес қуаныш боп танылып,
кейін сол сəтті еске алудың өзі ол екеуін ерекше елтітіп, өзгеше 
шаттыққа бəлейді. Жүректі кернеген осы қуанышқа жету үшін 
үлкен қызметтегі адамдардың өздері аса қиын ерліктер жасауға 
дейін барып, мол-мол сыйлықтар тартады, қауіпті іс, қатерлі 
жанжалға дейін тəуекел етеді…
… Əйелге, əсіресе жүрегінде біреуге арналған маздаған 
махаббаты бар əйелге өзі сүймейтін еркекке еріксіз қосақталудан 
қиямет қорлық жоқ.
… Мені махаббаттың улы жыланы шакты аямай. Жаныма дəрі,
дертіме шипа сен ғана!
… О, құдірет, жалаң бұт жүгіріп, күні бойы қуалап торғай ататын 
сəби сияқты, садақ толғап, сан адамның жүрегіне жебе қадалатын 
махаббат тəңірі! Не жазығым бар еді менің? Неге мұнша қинайсың 
мені? Біржола өртеп, құл қылып жібермей, неге мұнша күйдіресің 
аяусыз?..
…- Өзіңдей сен оның жүрегіне! Оның жүрегі алып жартастың 
табанындай тұрақты, нағыз болаттың өзіндей берік. Ол жүректі 
өзгеше байлық - өз махаббатыңның нұрлы гауһар тасымен 
өрнектегейсің сен! Оның биік кеудесі өзіндей лайықты жардың
салмағына жаншылып, өз рақатын алсын өмірден». Ханшаның
некер қыздары осылай деп үн қатты маған. Бұл сөздерден кейін
менін жүрегімді қысқан махаббат бұғауы одан сайын тарыла 
түскен тəрізді болды».
Мен бар оқығыштық өнерімді жұмсап, бар жанымды салып,
біреудің сөзін оқып тұрғандай емес, өз жүрегімнің бар сырын
бір жанға ғана арнап, ақтарып тұрғандай боп елтіп, егілгендей
күймен үнімді үзіп, қағаздан басымды көтердім. Əрине, мен бұл 
сөздерді тек қана Меңтайға арнап едім. «Осынымды ұқты ма
екен?» деп мен басымды көтергеннен кейін, басқаларға 
білдіртпеуге тырысып, Меңтай жаққа көз тастадым.
Мен оқыған сөздерге қыздардың көбі іштей рақаттанып, бас
көтере алмай, төмен тұқырыса, сылқылдап күлісіп қалған екен. 
Зайкүлдін екі көзі ішіп-жеп, маған қадалып алыпты. «Тағы да бар 
ма, тағы да оқышы» деп өтінгендей, сұрап, тілегендей күй 


танытады. Тек Меңтай ғана күлместен, жымимастан, менің 
сөздерімді естімегендей боп, маған емес, терезе жаққа көзін 
қадап, ойланып қалыпты.
- Иə, ағай, сыйлығыңызды алыңыз, - деді Майра жаңағы мен
оқыған үзіндідегі нөкер қыздар мақтаған ханшадай жымиып. - 
Қалаған қызыңызды сүйіңіз.
Мен жаңағы махаббат жайында үзінділер оқыған сəтте бар
дүниені ұмытып, ойымнан шығарған екенмін. Сөйлегенім үшін 
маған да сыйлық бары, сыйлық болғанда таңдаған, жаным жақсы 
көрген қызды құшақтап, бетінен сүюге праволы екенім енді ғана 
есіме түсті. Сол-ақ екен жүрегім өз-өзінен лүпілдеп, дүрсілдеп қоя
берді. «Сүйсем бе екен, сүймесем бе екен?» деп ойладым. «Жоқ, 
осындай сəті кеп тұрғанда сүйіп алайын, ол қайтер екен?» дедім
де, ақырын басып, Меңтайға қарай аяңдадым. Меңтай маған
келе жатыр деп ойламаған сияқты қалып көрсетіп, басқа 
қыздардай қымсынып, бетін баса бастаған жоқ. Мен оның қасына
тақап қалғанда да өзінің сол жағындағы қыздың бетінен сүюге келе 
жатқан болар дегендей, оң жағындағы көрші қызына қарай 
мойнын бұрып, оны сөзге шақырды. Дəл сол кезде мен қолы 
дірілдеп, ең алғаш мөр ұстаған ауылнайдай, етектей ернімді 
жиған боп сəл бүрістірдім де, оны Меңтайдың қағаздай мойнына 
былш еткізіп басып кеп калдым. Бейқам отырып, селк еткендей 
болып жəне қытығы келген сияқтанып қыз мойнын ішіне 
тартыңқырап, қайтадан сол жағына қарай бұрды. Ол кез менің 
қызға құмар-ып, қиналып жүрген шағым емес пе? Егеудей ернім 
Меңтайдың мойнын, кішкентай құлағын үйкелеп барып, лезде қып-
қызыл боп кеткен ақ бетінің ұшына тоқтады. Оны өзімше
ақырын өптім де, қыздарды қыран күлкіге батырып, мас кі-
сідей сенделектеп, өз орныма қарай аяңдадым.
Менен кейін қыздар бірлесіп тағы да өлең айтты. Бірақ олардың не 
айтқанын мен ұққамын жоқ. Меңтайдың бетінен бір сүйгенге бір
шиша шербетті басыма көтеріп, жалғыз сі-міргендей, өз-өзімнен
масайып, буын- буыным құрып, елтідім де отырдым. Сол кезде
қолына шағындау дəптер ұстап, ортаға Меңтайдың өзі шықты.
— Ойынның шарты өзгешелеу нəрселер даярлап əкелуді талап 
еткен соң, - деді Меңтай бөгеле сөйлеп, - мен мына бір дəптерді
ала салып едім. Мұнда шешемнің айтқан бірсыпыра сөздері
жазылған. Шешем бастауыш мектепте мұғалімдік қызмет


атқарған, сауатты кісі болатын. Оқыған кітаптарының ақ бетіне
өз ойларын жазып, тастай салатын. Менің он жасыма дейін біз 
ауылда тұрдық. Одан соң Ридцер деген қалаға көшіп барып, əкем 
жұмысшы болды. Былтыр ауылға барғанда (əкемнің інісі ауылда 
тұрады) апам оқыған кітаптардың беттерін бір-бірлеп ақтарып
отырып, оның өз қолымен жазған жазуларын мына дəптерге 
көшіріп алған едім. Талай қызық кітапты өздерің де оқып жүрсіңдер 
ғой. Мен сендерге апамның жазғандарын айтып берейін. Мұның
кей тұстары тұрпайылау да боп көрінер. Бірақ бəріміз де ес
білген ересек балалармыз ғой, ондайларын алып тастамай-
ақтұтас оқи берейін.
— Дұрыс.
— Жөн.
— Оқы, Меңтай, - дедік біз жарыса шуылдап.
Меңтай тамағын кенеп алды да, асықпай, жайлап, бірінің соңынан 
бірін тізіп, ана жүрегінен шыққан ақылды нақылдарды ақтара 
бастады.
«1. Жазғы салқыннан жаныңды аяма. 2.Ешқашан да ешкімді 
жамандама. Ең жаман деген адамның да өз жақсылығы болады.
3.Қыз көйлегінің етегі тізеден жоғары шықпауы керек, себебі
қыздың жалаңаш жеріне көп көзінің құрты түскіш келеді. Ал 
халықта: «Есті қыз етегін қымтап ұстайды» деген мақал бар.
4.
Əйелдің жалаңаш денесі еркектің құмарлығын қоздырады.
Ақылмен бөгеп, сабырмен тұсалмаған құмарлық таудан
төңкерілген сең сияқты: жолындағының бəрін ұйпа-тұйпа етіп,
жайпап, жойып кетеді. Сондықтан əйелдің еркек құмарлығын 
қоздыратын ашық-шашық жерді көбейтпей, жауып, жария 
етілмейтінін қымтап ұстауы абзал. Əсіресе етекті қара санға дейін 
көтермеу, кеудені жалаңаштамау жөн. Сонда еркек елеңдемейді, 
əйел аландамайды, адалдық бұзылмайды.
5.


Ешкіммен барқылдап ұрыспа, бағанды жоясың.
6.
Қарқылдап күлу, тарқылдап сөйлеу - дарақылық белгісі.
7.
Кемшіліксіз кісі болмайды, оны көруден оңай жоқ. Кісі
кемшілігін тез көруге емес, тез түзетуге көмектес.
8.
Қызға қатты күлудің қажеті жоқ, жігіттерге оның жымиғаны да жетіп
жатыр.
9.
Ауыз шешендік əркімде болады. Əсіресе қыздың аузы
сүйреңдеп, көп сөйлемегені абзал. Өйткені қыздың күлкісі, 
жымиюы, бас изеуі, көзқарасы, жүріс-тұрысы - бəрі де сай-рап 
тұрған сөз. Сондықтан, оның аз сөйлеп, айналасына ақылмен 
танылғаны дұрыс.
10.
Шошаңдаған қыз шешенің атына кір келтіреді.
11.
Баласы арақ ішсе, шешесі у ішеді. Маскүнем, жаман бала
жақсы ананы ажалынан бұрын көрге кіргізеді.
12.
Жаман туыс тістеуік, жақсы жолдас үйірсек. Жақсы дос жаман


əкеден артық.
13.
Үміт күткен ұлы оңбаған боп кетсе - əке сорлы; қызы күйеуге 
өтпесе,- шеше сорлы; сұлу деп алғаны сүйкімсіз боп шықса - жігіт 
сорлы; қыран деп тигені жапалақ боп шықса - жар сорлы.
14.
Ак көңіл мен адал ниеттен туған іс əсем болмаса да сүйкімді. 
Айла мен арамдықтан туған іс əдемі болса да жиіркенішті.
15.
Қыздың жақсы жігітке шығуы, жігіттің жақсы жар таңдап алуы 
жеңіспен пара-пар. Алдымен жеңіске жету қымбат, ал жеткен 
жеңісті баянды ету - одан да қымбат.
16.
Көшеде көлденең тұра қалып, бірінің ернін бірі жұлып
жердей боп жалмап, жұрт көзінше сүйісіп жатқан қыз бен 
жігітте ар да, ұят та болмайды. Ондай əдеттен без, ондай 
құрбыдан аулақ.
17.
Кей адам кілт етпе келеді. Бірақ ол мінез жас балаға, сұлу əйелге 
жəне ұлы адамға ғана жарасады. Бұл үшеуінен басқаға біткен 
қыңырлық қырсықпен тең.
18.
Махаббат барша байлықтан күшті. Бірақ күштіге де көмек керек. 
Сол сияқты махаббат та өзін байлық пен барлыктың қоса 
қолдауын ұнатады.
19.


 Екі адамның бір-біріне шын ықыласпен қалтқысыз қызмет етуі не 
араларындағы адал махаббаттын, не асыл достықтың арқасы.
20.
Еркекке жүрек керек, əйелге тірек керек.
21.
Тірі адамның бар бақыты, бар қызығы жер бетінде. Оған көкке 
ұмтылудың немесе о дүниеден үміт етудің қажеті жоқ. Сол себепті 
бар терді төгіп, барша ой мен ақылды жұмсап, жер бетін, тұрған 
үйінді жұмақ ете біл.
22.
Ел сыйларлық бағаң болмаса, елге аға болдым деме.
23.
Жақсы адам - магнит. Магниттің бірнеше темір шегені өзіне
тартып ала алатыны сияқты, жақсы адамның да жанына жұрт 
көп үйіріледі. Өзің жақсы болсаң - айналанда досың көп; жаман 
болсаң - жалғыз жүресің; орташа болсаң - сен де бір жақсының 
жанын жағалайсың. Досты сырттан іздеме, жақыннан ізде, өзіңнің 
ішіңнен, ішкі дүниеңнен ізде. Жаның жақсы, жүрегің жылы, ақылың 
парасатты болса - іздеген досың алыстан үйіріліп, өзі келеді.
24.
Біздің ауылдың қазақтары баяғы ескі əдетпен əлі күнге дейін жүзге 
бөлінеді. Содан соң əлі жеткені əлсізін аяғынан шалып, бөтен 
жүздің баласы деп жұдырықтап, жұлмалап, жүндеп жатады. 
Алауыздықтың атасы - жүз жойылса екен. Жүзге бөлінгеннің жүзі 
күйсе екен!
25.
Ел билеген жақсы адамның өмірдің күнделікті күйбенімен кетіп, 
ертеңгі ұрпаққа мұра боларлық өз атынан ештеңе қалдырмауы 


өкінішті. Абай атамыздың өзгелерден артықшылығы да осында - 
артына тастап кеткен асыл кітабында ғой.
26.
Біреуді пəленше көп біледі деп мақтайды. Көп білген адам көп 
тындырса, мақтауға болар еді. Көп біліп, түк тындырмайтындар
да бар. Мұндай іске пайдасыз білгіштікті білдім деудің қажеті
жоқ. Ондай «білгіштен» аз біліп, көп тындыратын қоңырқай 
адамның өзі артық».
Меңтай дəптерінің бетін жауып, көкірегіне басты, жұртқа басын иді.
Қыздар қозыдай жамырасып, жарыса сөйлей жөнелді.
— Үндемей жүріп, бар білім сенде екен ғой, Меңтай.
— Міне, тамаша!
— Кітап сөзінен кем емес!
— Кей кітаптарды қырық рет ақтарсаң да, мұндай сөздерді таба 
алмайсың, - десті.
«Меңтайдың мұнша сабырлы, ұстамды болуы шеше тəрбиесінен 
екен-ау, - деп ойладым мен. - Асыл ана ешқашан да аптықпа,
асықпа, шошақай болма деп қызының құлағына сіңіріп
отырған-ау, тегі. Ақылды ананың адал перзентіне берген ақ бата 
- тəрбиесіне не жетсін, шіркін!»
— Ал Меңтай, сыйлығынды ал.
— Не тілейсің? - десті қыздар қаумалап.
Менің жүрегім, қос ішегі қатты бұралған домбырадай болып,
соғуын тоқтатып, тынып қалған сияқтанды. Меңтай не тілер 
екен, Зайкүлше, біреу келіп бетімнен сүйсін дер ме екен деп 
ынтықтым.
Меңтай басын шайқады.
— Бұл менің өз жанымнан шығарғаным емес, мен апамның 
айтқандарын ғана оқып бердім. Сондықтан мен оған ешқандай 
сыйлық тілемеймін.
Менің екі бетім ду ете түсті. Жаңа, оз кезегім келгенде,
біреудің сөзін оқып бергенім үшін ақы тілеп, Меңтайдың 
бетінен сүйгеніме ұялдым.


Кешіміз көңілді болып, ұзққка созылды да, университеттен
жатақханаға кеш қайттық. Улап-шулап, көшені басымызға көтере 
дабырласып келе жаттық. Бір қаға берісте мен Меңтайға тіл 
қаттым.
— Меңтай, сен маған өкпелеп қалған жоқсын ба? - дедім.
— Неге?
— Бағанағы сүйгенім үшін.
— Ол, біріншіден, ойынның шартына байланысты болды ғой, - 
деді Меңтай. - Екіншіден, сіз менің ағайым іспеттісіз. Ағасы 
бетінен сүйгенге қарындасы өкпелеуші ме еді?
— Шын өкпелеген жоқсың ба? - дедім мен қуанып кетіп.
— Шын, - деді Меңтай байсалды үнмен.
— Онда рақмет саған…
Біраз жүргеннен кейін тағы да үн қаттым.
— Меңтай, бір өтінішім бар еді айтатын, - дедім.
— Айтыңыз.
— Рұқсат етсең, жаңағы оқығандарыңды көшіріп алар едім.
Меңтай үнсіз екі-үш аттады. Содан соң барып жауап берді.
— Дəптерде басқа да шимайларым бар еді, - деп баяу айтты да, 
тез шешімге келді. - Жарайды, алыңыз. Бірақ басқа ешкімге 
көрсетпессіз.
— Көрсетпеймін, - дедім мен ант еткендей елпілдеп.
Қыз қолтығындағы дəптерін маған берді.
Бағана, оны бір сүйгенге сүйегім балқыған еді. Енді дəптері
қолыма тигенде патшаның сарайынан көтергенінше алтын алған 
қайыршыдай қуандым. Жатақханаға жетіп, бөлмеге кіргеннен кейін 
стол басына отыра қалдым да, шамды көлеңкелеп алып, қадалып 
қыз дəптерін оқуға кірістім. Дəптердің алғашқы бірнеше бетіне 
«АПАМНЫҢ АЙТҚАНДАРЫ» деген заголовокпен Меңтайдың
бағанағы оқығандары тізілген екен. Оның одан кейінгі беттеріне 
қыз өзінің оқыған, білген, көрген жайларын жазыпты. Соларға 
байланысты өз ойларын маржандай тізілтіп, қысқа-қысқа етіп
қағазға түсіріпті. Біткен əр ойдың арасын сызықпен бөліп


тастап, кей жазбаларына жеке-жеке ат қойып, рим
цифрларымен тараулап отырыпты. Дəптердің кей тұстары
күнделік іспеттендіріліп, онда қыздың жан сырлары
баяндалыпты. Мен ол беттердің бəрін дастарқандағы тəттінің 
бірінен соң бірін сұрап, қол созған баладай болып, бас алмастан 
оқи бердім.
Таң ағарғанша тапжылмастан отырып мен Меңтай дəптерінен
мыналарды оқып шықтым.
«Құлақтан кірген өтірік пен өсек ғашықтар жүрегінің төріне
тасқорған боп қаланады. Түрмедей қапас, сұрықсыз ол 
қорғанның кірпіштерін балталап бұзып, сүйменмен соғып, қирата 
алмайсың. Оған өзгеше құрал керек - ақтыққа көз жетіп, 
адалдыққа көңіл сенгенде ғана ол күл болып, көкке ұшады.
Зұлымдық махаббатты ториды. Қашан да махаббаттың қалай 
мерейін төмендетсем екен деп аласұрады. Тек күшті махаббат 
қана зұлымдықтың торына түспейді.
Шығыс нақылы. I. - Басқа кіммен дос болсаң, онымен дос бол, 
бірақ мынадай үш адаммен дос болма, - депті бір данышпан 
өзінен ақыл сұрай келген адамға. - Ақымақпен дос болма, ол саған 
жақсылық жасаймын деп жүріп-ақ жамандық жасайды; зеріккіш
жанға жолама, қанша сенгеніңмен ол сені тастап кетеді;
өтірікшіден аулақ бол, ол сені өсекке таңғанын өзі де сезбей 
қалады.
II. Бір адам қазының алдына келіп: «Менің үш түрлі құмарлығым 
бар, олар: шарап, əйел, өтірік айтушылық. Осы үшеуінің 
қайсысын тастасам екен?» - депті. Қазы ойланып отырып: 
«Өтірікті тастағаның жөн болар» депті. Кеңес алған адам
қайтып кетеді. Бір күні оның бөтен əйелге көңілі ауады. Сонда
оның басына мынадай ой келеді: іс аяғы насырға шауып, қазыға 
барсам - ол менен «Басқаның əйелін азғырғаның рас па?» - деп 
сұрайды. «Иə», - десем, жазаға ұшыраймын, «жоқ» десем, өтірікші 
боламын. Қой, одан да əйел құмарлықты да тастайын деген 
қорытындыға келеді. Сөйтіп, ол өзінің шарап құмарлығын да 
тастаған екен дейді. «Бұл байғұс неге шөлге құмар?» деп балық 
түйеқұсқа таңданады екен. «Бұл неге соншама суға ғашық?» деп
түйеқұс балыққа танданатын болса керек.
Інжу теңіздің терең түбінен алынады. Теңіздің суығына тоңып, 


суына тұншықпағанның інжу мен меруертке қолы жетпейді. 
Махаббат та сол сияқты.
Жылтыраған кішкентай ұшқыннан лапылдаған өрт тұтанады.
Махаббатта сол сияқты.
Жаманға бастамақ мұраттан жақсыға бастар ұят артық.
Шөлдемей тұрғанда екі рет ішкен судан шөл қысқанда бір рет
қанғанның өзі абзал.
Жалықпайтын жан жартасты мүжіген сумен тең.
Кінə тағу - кикілжіңнің басы.
Зеріккіш жанның махаббаты қайтарылмас қарызбен тең. 
Соқырдың көзі көрмесе, күнде қанша жазық бар. Тату болып, 
ажырау жаныңа түскен дақпен тең. Араз болып, жақындау, ол да 
өзінше бір мерей. Тұрақтылық - махаббат мұраты.
Сүйіскен 
жандар 
бір-бірінен 
алыста 
жүрсе, 
түс 
көрісіп,
түшіркеніседі.
Оңда тəн табысса, түсте жан жанасады.
Түс туралы. Ғашықтар көретін түстің төрт түрі болады.
I. Сүйгені тастап кеткен ғашық түсінде сүйіктісімен жақындап,
қайтадан татуласып жүргенін көреді. Ояна келсе, онысы түс 
болып, өкінішке батады.
II. Сүйгені жақында, бірақ аңаларында əлдебір салқын жүрген
ғашык түсінде сүйгенінің өзін тастап кеткенін көріп, қатты
өкініп, кейде өксіп жылап оянады. Бұл оның солай болып
кетпесе игі еді деген ішкі ойының жалғасы.
III. Сүйгенінің үйі жақын жердегі ғашықтың түсіне алыстап,
аулақтап кеткен боп көрінеді. Бұған қатты қиналып, үрейлене
оянған ол бұл түсі екенін, ғашығының ешқайда кетпегенін
біліп, «уһ!» деп, өз-өзінен қуаныш табады.
IV. Сүйгенінен алыста жүрген ғашык түсінде оның қасында
болып шығады. Екеуі қосылып, қуаныш, рақаттабады. Ал ояна
келгенде оның бірі де жоқ болып шығады да, бұрынғыдан да
күшті қайғы мен қасіретке батады.
Ұстамды əйел мен ұстамды еркек күлге көмулі қоламтаға ұқсайды, 
олар күлді аршып, өздеріне жақын келген жанды ғана күйдіреді.


Өз ойларым:
Неге екенін білмеймін, мен əйелдер туралы, олардың
жаратылыс-табиғатындағы мəңгілік мазасыздық жайында
көбірек толғанамын. Кейде менің əйелді түнгі бөлмеде маздап
жанып тұрған шыраққа теңегім келеді. Олай дейтінім, шырақ
бүкіл бөлмеге сəуле шашып, нұр таратады. Соның жарығымен
үй ішінің күндізгі тіршілігі жалғасып, шаруасы істеліп, реттеліп 
жатады. Сағат сайын шырақтың майы азайып, бойы аласара
береді. Ең соңғы тамшы майы сарқылып, білтесі біткеннен
кейін, «ал, маған разы болыңдар» дегендей, кеудеден ақтық
рет дем шығарғандай бір дір етеді де, шырақ сөнеді. Ол жан-
жағына үздіксіз жарық шашып, қараңғылықты қуалаумен бар 
өмірін өткереді де, мəңгі өшеді.
Байқап, барлап қарасақ, əйелдіңде өмірі осыған ұқсайтын сияқты. 
Бойжетті, босаға өзгертіп, басынан қыз дəурені кеткеннен кейін ол 
қызметке тұрады, жұмысқа орналасады. Біраздан кейін балалы-
шағалы болады. Одан соң қызмет, күйеу жəне баланың ғана 
қамын ойлап, бар жанын соларға салып, дедектейді де жүреді.
Кешке артынып-тартынып жұ-мыстан келе сала білекті
сыбанып жіберіп, үй ішіне ас əзірлейді. Көпшілік еркектер түз 
шаруасы, кеңсе қызметінен келгеннен кейін, жығылып қалмау үшін 
дөңгелек үстелді жағалаған жас баладай болып, диванды 
төңіректейді. Мен мұны ауылдан да көп көрдім, қаладан да
байқадым. Ал əйел оған мүлде қабақ шытпайды, балаларының 
бетінен бір-бір иіскеп алып, үй ішін күміс күлкіге толтырып,
жайраңдап, жарқылдап жүре береді. Мен осының бəрі əйел 
жүрегіндегі шексіз махаббатқа байланысты-ау деп ойлаймын.
Меніңше, əйел махаббаты - ең күшті махаббат. Еркектер
əлімен күшті болса, əйелдер махаббатымен мықты. Əйел 
махаббаты - əлемнің тұтқасы. Мен осылай деп түсінемін. Əйел 
махаббатының күші Жердің тарту күшінен кем емес-ау деп 
ойлаймын.
Мінеки, əйел деген осындай, ерекше еңбекші жұрт. Ол дүниеге 
əмір таратады, қоғам игілігіне еңбегімен үлес қосады, семьяға 
қуаныш əкеледі. Сол үшін ол қарлығаштай лы-пып, ешқашан 
тыным таппайды. Бұдан басқа тіршілікті ешбір əйел өмір деп 
түсінбейді. Біз де бір күні семья құрып, апа, аналарымыздың 
мəңгілік кəсібіне кірісеміз-ау əлі. (Біздің диван жағалағыштарымыз 
қандай болар екен десеңші?!.).


Семья - мемлекеттің негізі. Біздің мемлекетіміз - азаттықтың,
əділдіктің, адамгершіліктің Отаны. Семьяға адалдықтың үлгісі
де елден елге, ұрпақтан ұрпаққа бізден тарауы керек.
Сондықтан мен ерлі-зайыпты адамдардын жұптылық салтын
адалдық заңындай ардақтап, бұлжытпай орындауын қалаймын.
Əйелдің жүрегіне жара түспесе екен, ол əрқашан да бақытты, 
қуанышты бола берсе екен деймін. Барлық əйелдің күйеуі ақкөңіл, 
адал болса екен, олар əрқашан əйелдерін қадірлей білсе екен деп 
тілеймін.
Мен Отанымды сүйемін. Өз мемлекетімді өз үйімдей көремін. Егер 
мен соғыста болсам, сүйікті Отаным үшін Зоя Космодемьянская,
Мəншүк Мəметова, Əлия Молдағұлова сияқты, қасықтай
қанымды, шыбындай жанымды аямас едім. Бірақ менің үлесіме 
соғысқа бару тиген жоқ. Мен бұл соғыста талай адамның қаны
төгіліп қорғалған қасиетті мемлекетімнің моральдыкқ негіздері 
одан сайын берік бола беруін мұрат тұтамын. Өрістеген 
экономика мен берік моральдық негізі бар мемлекет ешқашан да,
ешкімнен де жеңілмейді деп білгендіктен соны нығайта беруге 
үлес қосуды арман етемін.
Он сегіз жас - от боп лаулап тұрған шағы екен ғой адамның. 
Жаның жалынды болып, жас ғұмырды еліңе пайдалы етіп 
өткізгенге не жетсін! Жан-жағына нұр шашып өткен өмірден 
ардақты не болсын!
Кино - жақсы өнер. Бірақ кейбір қыздардың сабақты тастап, күн 
сайын киношыл болуы - жақсы өнер емес-ау. Көз көрмегенге күдік 
келтірме. Күдік - өтіріктің, жаланың бір түрі. Ауыздан шыққан сөзді 
аңдыма. Аңдысаң да жаманға жорыма. Сырлар Л. Кеше
университеттен Е., Ж. жəне мен үшеуміз бірге қайттык.
Күлкілі, қызық жайларды көп айтысып, жатақханаға дейін жаяу
келдік. Бір кезде ұлдардың қыздардан сыр жасырмайтындығы,
ал қыздарйың ұлдарға сырын айтпайтындығы сөз болды. Е. 
менен осының себебі не деп сұрады.
— Қыздың жағдайы қиын ғой, ағай, - дедім мен. - Олар
жігіттерге сырын лак еткізіп ешқашан ақтара алмайды.
— Неге?
— Онын неге екенін айту қиын. Бəлкім қыз табиғаты, жаратылысы 
солай шығар. Əйтеуір қыз сырын ішіне бүгеді. Ол сүйіп тұрған


адамына мен сені сүйемін деп айта алмайды. Айта
алмағандықтан оның сүйген жігітінен айырылып қалуы да 
ықтимал.
— Айтуы керек қой.
— Ия, айтуы керек. Бəлкім қыздың қадірі сол айта алмауында 
шығар, кім біледі.
— Мен қыз болсам, айтар едім, - деді Ж.
— Қыз жанының нəзіктігі, жасқаншақ, үркек, сыршылдығы
айтқызбаса, қалай айтасың? - дедім мен күліп.
II. Бүгін біздің бөлмеге жүгіріп 3. келді.
— Мен бір жігітпен танысып едім, соны сынап берші, - деді екі
иығынан дем алып.
— Қой, 3., «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» деп заулатып
қоя беретін жігіт жылқы емес, қалай сынайды оны? - дедім 
əзілдеп.
— Қойшы, сен білесің ғой, адамның жақсы, жаманын бірден
айырасың ғой, - деп 3. өңештеп болмады.
— Танысқандарыңа қанша болды? - дедім ол қыр соңымнан
қалмаған соң.
— Бақандай он алты күн.
— Тым аз екен, - дедім мен басымды шайқап.
— Сеніңше жігіт пен қыз қанша уақыт таныс боп жүруі керек?
— Бір жыл, екі жыл.
— Ойбай, - деп 3-ның көзі бақырайып кетті. - Оған дейін менің ішім
жарылып кетеді ғой, Меңтай-ау.
— Жігіттің жанын сынау айлар мен жылдарды керек етеді дейді, -
деп мен күлдім.
— Қойшы, күлмеші, мен оның барлық қасиеттерін санап
шығайын, сен маған оның қандай жігіт екенін айтып берші. 3. 
өлердегі сөзін айтып, жалынғандай болды. Мен оған екі-үш сұрақ 
қойдым.
— Жігітің арақ іше ме?


— Ептеп ішеді, бірақ көп емес.
— Мас болғанын көрдің бе?
— Бір-ақ рет. Онда да бір вечерде жолдастары іш-іш деп болмаған
соң…
— Басқа қандай мінін білесің?
— Басқа еш міні жоқ: жақсы билейді, иіліп тұрады, киноға 
апарады. Оның үстіне ағасы жақсы қызметте көрінеді.
3. 
мен 
жігітің 
жаман 
екен 
деп 
айтып 
қала 
ма 
деп
сасқалақтағандай, оны үсті-үстіне мақтай жөнелді.
— Қой, 3,, - дедім мен тағы күліп. - Бұл сұрақгарды саған əшейін, 
əзіл үшін қойып жатырмын. Мен сырлас емес кісіге сын айта 
алмаймын. Бірақ апамның бір жігіт жайында айтқаны есімде 
қалыпты. Қаласаң, соны айтып берейін.
— Айтшы, жігіттерді қалай сынау жайында болар, - деп 3. одан
сайын үздіге түсті.
Апам мен жоғары класқа көшкеннен кейін өмірдің əр алуан 
қиындығы, жақсы мен жамандық, əр қилы адам мінездері жайлы 
əңгімелер айтып отыратын. Сонда байғұс апам айтқанының 
барлығы менің құлағыма сіңе берсін деп ойлайды екен ғой. Бір 
күні апам өз-өзінен отырып, маған жігіттер жайлы əңгіме айтты.
— Өмірде мінсіз кісі болмайды, - деп бастады апам сөзін. - Қызға 
жігіт жүз процент жақсы боп ешқашан да кездеспейді. Жігітті жүз 
процент жақсы ететін жақсы жар, жақсы əйел ғана. Сондықтан қыз 
балалардың дап- дайын, жақсы күйеуге шыға қоямын деуі қиын. - 
Апам осылай деп басын бір шайқап қойды. Мен əлдебір кітапқа 
көз жүгірткен боп, үнсіз тындап отыра бердім. - Ол жігіттердің де 
кінəсі емес, - деді апам қайтадан сөзін жалғап. - Олардың да бұл 
істе білім, тəжірибелері жоқ. Келіншек алу керектігін білсе де, 
онымен қалай өмір сүру керектігін білмейді. Оны жүре-жүре 
жігітке өмір үйретеді. Сондықтан жас жігіттер маған кесек-кесек
руда іспеттес боп танылады. Ал жас əйелге сол руданың
кенін алып, жақсы мүсін жасау қажет, өзінің көңіліндегідей
күйеу етіп шығаруы керек. Бұл үшін біреудің еркесі боп,
бұлғақтап өскен қыз байғұста тəжірибе жоқ. Уһ! - деп апам 
əлдебір ауыр жүк арқалап келе жатқандай боп күрсініп қойды. - 
Əрине, руданы іс қылу оңай. Ол үшін заводта арнаулы мартен 


пеші бар. Пештің қызуы руданы балқытып, оның бойындағы
құрышты қоқыстан бөліп алуға мүмкіндік береді. Содан соң 
шебердің таза құрышты қайда пайдаланамын десе де еркі бар. Ал 
жігітті руда сияқты пешке салып балқыта алмайсың. Оны тек 
əйелдің махаббаты ғана балқытады. Күшті махаббат қана
куйеудің бойындағы кінəратты жеңеді. Күшті махаббаты бар,
ақылды, сабырлы əйел ғана жаман жігіттен жақсы жар жасап ала 
алады. Содан кейін олар бірінің айтқанынан бірі шықпай,
сыйласымды, тату-тəтті өмірді бастарынан кешіреді. Бұл
жолда əйелдің көп қажыр, қайраты жұмсалады. Ол жақсы 
жарды содан соң барып табады.
— Апам байғұс бұл əңгімесін маған бір емес, бірнеше рет қайталап 
айтқан еді, - дедім 3-ға бұрылып. - Сондықтан құлағымда 
қалыпты. - Ал енді мен саған не деймін? Менің айтар ақылым 
біреу ғана…
— Е, соны айтшы, - деді 3. шыдамсызданып.
— Менің айтар ақылым мынау ғана: өзің біл, өзің ойлан, өзің
есепте. Қыздың өзіне лайық өмірлік жар тандауы ауыл боп 
ақылдасып, базардан ат сатып алу емес. Өзің оған жақсы жігіт деп 
шаң жуытпай тұрсың. Ал жақсы жігіттің əлден арақ ішуі маған 
ұнап тұрған жоқ. Қосылған соң кемшілігін түзеп əкетуге əлім 
келеді, апам айтқандай, махаббатымның күші, өз қажырым оған 
жетеді десең, өзіңе серік ет оны.
— Сонда оны жаман жігіт дегің келе ме?
— Менің ешкім жайында асығыс пікір айтқым келмейді. Оның
үстіне өзім көрмеген, білмейтін адамым туралы олай деп тіпті де
айта алмаймын. Бəлкім, бір қарағанда біреуге біреу жаман 
көрінгенімен, негізінде ол жаксы адам боп шығар, кім біледі. Жігіт 
үстіңдегі көйлек емес қой бірден иə жақсы, иə жаман деп бағасын
беретін.
— Осындайдың бəрін қайдан білесің? - деді 3. күліп. Мен оған
шындап жауап бердім:
— Адам бойындағы, əсіресе қыз бойындағы қасиет ана
берген тəрбиеден ғой. Апам маған ылғи: «Қарағым, адамды 
білмей жатып, асығыс жамандама. Кім біледі, сол жаман деген 
адамның да жақсылығы болар» деп отырушы еді. Мен ол кісінің 
өмірі біреуді «ол солай» деп жамандағанын естіген емеспін. Одан


соң адамға тəрбиені мектеп пен кітап береді ғой, - дедім.
— Мектепте мен де оқыдым, менің де шешем бар. Ендеше мен 
неге сен білгенді білмеймін? Бірақ мен ешқашан да бастаған 
кітабымның аяғына шыққан емеспін. Неге екенін білмеймін, 
кітапты қолыма алсам-ақ ұйқым келеді. 
— Сен де жақсы қызсың, - деп мен 3-ның мойнынан құшақтадым. - 
Сен ақкөңілсің, ойындағыны жасырмай тура айтасың. Бұл - жақсы 
адамның қасиеті. Бірақ сен сəл ұш-қалақсың, көргенің мен 
естігенінді байыптай бермейсің. Аздаған көрсеқызар, 
модышылдығың бар. Бірақ мұның бəрі кейін өзінен-өзі қалады.
- Рас айтасың ба? Мен шынында жақсымын ба? - деп 3.
қуанып қалды. Қуанғаны сондай, ол маған ақылдасамын деп 
келген əңгімесін де аяқтатпастан ұмытып кетті.
Біз университеттің екінші курсын аяқтауға айналдық. Ертең бəріміз 
соңғы емтиханды өткізіп, үшінші курсқа көшеміз. Кейбір қыздар 
көше алмай қала ма деп қорқып жүруші едім. Əупірімдеп олар да 
өтіп келеді. Оларға емтихан кезінде Е. ағай қатты көмектесті.
Ертең кешке курсты бітіруге арналған кешіміз болады. Оған 
бəріміз жаңа нəрсе даярлап апаруға келістік. Мен «Апамның 
айтқандарын» оқып берсем деймін».
Меңтай дəптерін ең қызық романға үңілгендей боп, бас
алмастан оқыдым. Əшейінде көп үндемейтін, ешкіммен
ешқашан да сөз жарыстырып жатпайтын, құптағанын
жымиюмен жеткізіп, теріс көргенін үнсіз қалумен аңғартатын 
Меңтайдың жан шешендігін жаңадан тағы да танығандай болдым. 
Оқыған кітаптарынан жазып алған үлгі, ғибрат боларлық сөздері, 
қоғамдық мəні бар кейбір мəселелерге өзінше ой жүгіртіп, баға
беруі мені сонша тебірентті. «Осындай көрікті, ақылды,
адамгершілігі мол қызға қолы жетіп, жар еткен жанның арманы 
болар ма екен, сірə», - деп іштей күрсініп, ынтыққан үстіне 
ынтыға түстім. Бағанағы оны бетінен сүйгенім ойыма оралғанда
жүрегім лүпілдеп, толкып, лықып аузыма келіп қалғандай
болды. Меңтайды ойынның тəртібі дегенді сылтау етіп, рұқсатсыз 
сүйгеніме қайта қысылып, «апырай, ол өкпелеп қалған жоқ па 
екен?» деп жəне қиналдым.
Осы ойлармен мен таң ата бөлменің шамын өшіріп,
бажылдауық төсегіме барып қисайдым. Мақтасы түйіртпек-


түйіртпек боп екі-үш жерге жиылып, өзге тұсы мүлде жұқарып
кеткен, жамбасқа жайсыз ескі матрац үстінде өлі тигендей боп
дөңбекшідім. Көзден ұйқы қашып, Меңтай туралы ойым
шынжырдың шығыршықтарындай біріне-бірі жалғасып, жаңа бір
өлеңнің жолдары туды. Ол жолдарды ұмытпау үшін қайта-
қайта орнымнан тұрып, қағазға тіздім. Əрең дегенде бір-екі
сағат көз шырымын алып, түске таман Меңтай дəптеріне оның 
тоқтаған жерінен жалғастырып мына шумақтарды жаздым.
Ай - қасы, күн - Ментайдың екі көзі.
Самал жел -оның күле айтқан сөзі.
Бақыт - ыстық құшағы, байлық қазына,
Дүние деген тек соның жалғыз өзі!
Құлақтың сүйкімдісі - оның аты. Көздің көркі - бір сызық жазған 
хаты, Ужымақ деген бары рас болса, Ол - тек қана Меңтайдың 
махаббаты.
Рақат - соның кеудесі, гүл - мінезі. От - өзіңе тура көз тіккен кезі.
Дүниедегі ең тəтті - соның ерні.
Дəмі қайтып, ешқашан етпес мезі.
Маржан, жақұт дейтіндер - сонын тісі. Көз тартар əдеппенен 
қылған ісі. Бір ауыз айтқан сөзі жанды ерітіп, Мас болар ақ 
дидарын көрген кісі.
Тигенде қолым оның білегіне Жеткендей болдым барлық
тілегіме. Басыма бақыт орнап өмірдегі, Бар шаттық құйылды 
кеп жүрегіме.
Қайтер ем егер Меңтай құшақтатса - Жарқырап, күнше күліп, таң 
боп атса?! Сүйгізіп тағы да бір ақ тамактан, Өң беріп, жылы 
шырай жауап қатса?!
Бəрі аз бағасына барша санның, Тəж, тағы мал мен мүлкі патша, 
ханның - Меңтайды мəңгі құшып сүйетұғын Бар екен не арманы 
жігіт жанның?!
* *
Дəптерді өзіне қайтарып берейін деп алпыс екінші бөлмеге
барсам, Меңтай бүгін түстен кейінгі поезбен каникулға 
ауылына қайтпақ боп əзірленуде екен. Кітаптарын текшелеп буып 
қойыпты. Үстел үстінде аузы жайындай ашылып, қара чемодан 


жатыр. Қанипа, Майра, Ақанас, Нəзилəш, Зайкүл бəрі сонда 
жиналған, жапырласып жүк буысып жүр.
— Өй, сен қайда жүрсің? - деді Зайкүл мені көре салып, жүк
салатын кенепке тығыздап жатқан Меңтайдың көрпе-жастығын 
тастай беріп. - Аузын түймелеп, бу мына қызыл көрпені.
Мен қолымдағы дəптерді Меңтайға қайырып үлгіргенше Зайкүл 
ағаш тұтқалы, жүк буатын екі айыр брезент белбеуді менің
мойныма салып кеп жіберіп, бұйдалап алған тайлағындай
елпеңдетіп, жүгі жиналған жаланаш төсекке қарай жетелей кеп 
жөнелді.
— Қойсаңшы, Зайкүл, - деп қыздар ду күлісіп жатыр.
— не қоятыны бар. «Қызыл көрпе» деп таңдайы тақылдағанда
сондай, бусын қызыл көрпесін. Мен бұрылып, қолымдағы 
дəптерді Меңтайға ұсындым.
— Ə, менің дəптерім бе? - деп Меңтай оны маған бергенін
мүлде ұмытып кеткен сияқтанып, жайлап қолына алды да, бетін 
ашпастан ашық жатқан чемоданның ішіне тастай салды. Мен 
біреу-міреу дəптерді ақтарып, ондағы менің өлең-сымағымды 
көріп қояр ма екен деп қорыққан едім. Асығыс болғандықтан ба,
əйтеуір, ешкім оған назар аудармады. Лезде ол Меңтайдың 
чемоданға салған басқа заттарының астында қалды.
Зайкүлдің басшылығы, Майраның көмегімен мен Меңтайдың
көрпе-жастығын, қысқы пальтосын кенепке жайғастырдым.
— Сенің осы жалқаулығың-ай, Зайкүл, - деді Меңтай қасымызға 
келіп, - ағайды əуре қылмай, өзің-ақ буа салмайтын ба едің?
— Е, Ербол тұрғанда мен неге буамын? - деді Зайкүл. - Жігіт
деген қыздың көк есегі емес пе, тəйірі. Қыздардың жүгін
көтеріп, жұмысын тындырғанды бақыт деп білуі керек бұлар. -
Осылай деп Зайкүл қыздарды ду күлдіріп алды да, сөзін қайта 
жалғады. - Оның үстіне мен бұған жақсылық жасап тұрмын, - деп
иегімен мені нұсқап, Меңтайға бұрылды. - Сенің етіңе тиген
көрпені қолына ұстаттым, сенің иісің сіңген заттарды мұрнына
иіскеттім. Бұдан артық не керек жігітке! Ербол, солай ма? -
Зайкүл мені иығымнан нұқыды.
Мен терлеп-тепшіп, күліп, басымды изедім.
— Түу, Зайкүл, сен де жоқты айтады екенсің, - деп Меңтай қып-


қызыл боп, теріс айналып кетті. Қыздар сылқ-сылқ күлісіп, төмен 
қарасты. Зайкүлдің сөзінен бе, қыздардың күлкісінен бе, күннің
ыстықтығынан ба, əлде шынында да, Меңтайдың заттарына 
қолым тиген соң елжіреп, есеңгіредім бе, əйтеуір, мандайым, өне 
бойым жіпсіп, лезде арқамды тер жауып кетті. Қалың солдат
гимнастеркасы оны сырт көзге көрсетпегенімен, соған ерегесіп,
қасақана, қыздар керсін дегендей, екі самайымнан жарыса 
домалаған қос моншақ еңкейіп жұмыс істеп жатқан менің
мұрныма қарай жылжыды. Мұны қыздар кермесе екен деп, 
меңкитін асаудай мойнымды ішіме алып, одан сайын бұға түстім. 
Дес берісі, осы сəтте біреу дүбірлете жүгіріп келіп, сартылдата 
бөлменің есігін қақты да, жұрттың бəрінің назары солай қарай
ауды. Ол түнде қаладағы жақындарының үйіне қонып,
қыздарды шығарып сала алмай қалып қойдым ба деп желпендеп 
келген Жомартбек екен. Қыздар жапырласып оған бұрылып 
кеткенде мен ұрланып, гимнастеркамның жеңімен екі
самайымды, маңдайымды сүрттім. Содан соң жүк қаптың екі жақ 
басын буып, тығыздап, белбеуін тарттым.
Қыздардын кейбіреуі қолдарына бір-бір бума ұстап, буылған жүкті 
мен, чемоданды Жомартбек көтеріп, əзіл- күлкімен жатақхананың 
дəлізін басымызға көтеріп, көшеге шықтық. Есік алдында 
Жомартбек екі қолыма тең болсын деп мен көтеріп келе жатқан 
жүкке ұмсынып еді, Қанипа қолын қылыштай сермеп кегі қалды.
— Жоқ, болмайды, мұны тек Ербол ғана алып жүруі керек.
— Неге? - деді Жомартбек апалақтап.
— Себебі бар. Солай ғой, Зайкүл?
— Солай, солай! - деп Зайкүл Жомартбек екеуіміздің ортамызға 
кимелеп кіріп, арамызды алшақтатып жіберді.
Ерігіп келе жатқан жұртқа бұл да езу жидырмас күлкі болды. 
Қойшы, не керек, аттап басқанымыз əзіл, қит еткен қимылымыз
күлкі болып, жатақхана жанынан өтетін трамвай жолына
жеттік. Никольск шіркеуінің түбіндегі көк базардың қасынан 
базардан шыққан жұртпен таласа-тармаса екінші трамвайға 
отырып, оның ішін жəне күлкіге толтырып, екінші Алматы 
вокзалына келдік.
Вокзал басын кернеген кілең студенттер екен. Біз перронға шығып, 
бірінші жолда тұрған, қабырғаларында «Алматы - Новосибирск» 


деген жазулары бар вагондарға жақындадық. Бұл поезбен Меңтай, 
Майра, Сақила аттанбақ. Олардың жүгін вагонға жайғастырып,
жерге түстік те, алқа-қотан тұра қалып, əнге кірістік. Əнді
Жомартбек бастады.
Аққұмның бір қызы бар Іңкəр атты. Сөзі бар алуа, шекер, балдан
тəтті…
— Бəсе, - деп сықылықтай күлді Зайкүл. - Жомартбек «Аққұмды» 
айтатын шығар деп едім, тура содан бастады. Енді оны поезд 
жүргенше созады бұл.
Жомартбек өзіне қарап күліп, бірдеңе деп тұрған Зайкүлге басын
изеді де, əнін тоқтатпай жалғастыра берді.
Адамның өзім көрген абзалы екен.
Айтайын əнге қосып… перизатты.
Еги-гай,
Еги-гай,
Ек-кəй,
Еги-гай, -
деп ол, қай жерінен суырып алғаны белгісіз, құрықтай ұшталмаған 
қара қарындашты бізге қарай сілтеп, сəл бөгелді де: «Ал енді 
қосылыңдар» дегендей, əрқайсымызды бір нұқып,
дирижерше басын изей бастады. Біз тез əннің қайырмасына
кірістік.
Еги-гай, сəулем, Еги-гай, сəулем, Еги-гай, еги-гай! Еги-гай, сəулем.
Еги-гай!
Бір вагонның қасында əн басталуы-ақ мұң екен, біртіндеп басқа 
вагондар тұсынан да көп дауыстар қосыла айтқан əуендер
шырқалып кетті. Бізге көрші вагонның жерде тұрған жо-лаушы
қыздары «Басында Қамажайдың бір тал үкі» деп бастап,
құйқылжыта шырқаса, бір жағымыздан «Маусымжан,
Маусымжан, танимын, сəулем, даусыңнан» деп жігіттер
екпіндете жəне жөнелді. Одан əріректе «Айттым сəлем,
қаламқас», «Айнамкөз» айтылып, енді бір жақтан «Қызы едім мен 
Уəлидің… » деп Майра əні сайрады. Мен Жомартбек бастаған
əннің «еги-гай, ек-кəйін» қоя салып, солардың əрқайсысына
кезек құлақ тігемін. Студенттер мен жүргінші жолаушылар жаңа 


ғана чемодан сүйретіп, жүк арқалап, қайшыласқан перронның енді
лезде əн аланына айналып кеткеніне таң қаламын. Əр жерде
нақыш-мəніне келтіре шырқалған əндердін таныс əуендері мен 
сөздері жүректі қытықтап, жанды тербей тамылжиды.
Сенен артық жан тумас, Туса туар, артылмас…
Мен еріксіз Меңтайға қарадым. Ол ақ мандайы жарқырап,
қыздар айтқан екінші əн «Гəккуге» сабырмен қосыла шырқап 
тұр.
Құс салып, айдын көлде дабыл қақтым.
Əн салып, талай жердің дəмін таттым…
Əннің əр сөзін айтқан сайын қыздың оймақтай аузынан керінген 
кіршіксіз аппақ тістері жарқ-жұрқ етіп, көз шағылыстырады. 
«Секілді қолмен тізген іш қайнайды» деген ақын сөзі ойға
оралады. Менің де ішім қайнайды. Мен қыздың мінез, көрік, 
келбет, ақыл, парасатына қызығамын. Мен оның адамгершілік, 
инабат, ұстамдылығын ұнатамын. Сары алтындай
сабырлылығына сүйсінемін. Мен іштей осы қыз өзімнің жарым
болса екен деп тілеймін. Бірақ сол тілегімді оған ашып айтуға тіл 
жоқ. Тіл бар-ау, тілге тілекті жеткіздірер тəуекел жоқ. Өйткені қыз 
мені «аға» деп ардақтайды, туысындай көріп, құрметтейді. Оның 
осыдан басқа ойы жоқ. Ойы жоқтығын қысқы каникул кезінде 
«Қызыл көрпе» өлеңіне байланысты бір білдірді. Кеше оны тағы
да аңғартты. Кешке, сауықтан кейін университеттен
жатақханаға қайтып келе жатқанда менің бетіннен сүйгеніме 
өкпелеген жоқсың ба деген сұрағыма: «Жоқ, біріншіден, ол 
ойынның шартына байланысты болды ғой. Екіншіден, сіз менің 
ағайым іспеттісіз. Ағасы бетінен сүйгенге қарындасы өкпелеуші ме 
еді?» деп жауап берді. Бірақ Меңтай қалай қашқалақтаса да, 
менен бойын қаншама аулақтатса да, бəрібір, мен оны жақсы
көремін. Ол күндіз ойымнан, түнде түсімнен шықпайды. Маған бір 
ауыз жылы жауап бермесе де мен оның жақыннан жүзін, алыстан 
қарасын көргенге мəзбін. Анадайдан Меңтайдың төбесі көрінсе 
болды, желді күнгі диірменнің қалағындай қалбалақтаймын да
қаламын. Өзімнің соншама күлкілі жайға түсетінімді сеземін.
Сезсем де, сезімімді тежей алмаймын. Ыржалақтап күліп, 
ықыластанып, қауқалақтай беремін. Бірақ қыз оны сөзбеген,
ұқпаған қалып танытады. Менің жүрегімде оған деген соншама
ыстық сезім барын білмеген, түсінбеген күй көрсетеді. Қазір де 


оның менің өзі жайында ғана ойлап тұрғаныммен шаруасы жоқ. 
Маған көз қиығын да салмастан, жүзін де бұрмастан
қыздармен қосыла əн шырқап, əн ырға-ғымен сəл тербеле,
теңселіп тұр. … Түскенде сен есіме, ерке Гəкку, Құлпыртып 
осынау əнді толғанамын, - дейді Меңтай қыздармен қосыла.
Қыздар бұлай десе, мен ішімнен сол əуенге қосып өз əнімді,
өз жүрегімді жарып шыққан жырымды ағытамын. Мен де өз-
өзімнен ырғалып, толассыз тербелемін. Бəрі аз бағасына барлық 
санның; Тəж, тағы, мал мен мүлкі патша, ханның - Меңтайды 
мəңгі құшып, сүйетұғын Бар екен не арманы жігіт-жанның?.. Мен
қайта-қайта жаутандап Меңтайға қараймын. «Жанымның жырын
ұқсаңшы, жүрегімнің тебіренісін тындасаңшы!» деп
жалынғандай боламын. «Мен сені екі ай көрмеймін. Екі күн
көрмесем, есім шығатын басым екі айға қалай шыдаймын,
Меңтай? Сол екі айға азық боларлықтай етіп, маған бір рет
қиыла қарасаңшы, аясаңшы мені» деп жылағандай боламын. 
Бəлкім, көлденеңнен анықтап қараған адамға менің иегім 
Дірілдеп, ернім кемсендеп кеткен де шығар. Бірақ əсем əнге 
елтіген жұрттың ешқайсысы менің көріксіз бетіме көңіл аударған 
жоқ.
Вокзал радиосы поездың жүруіне бес минут қалғанын
хабарлап, перронға «Саржайлау» күйінің екпінді əуенін төкті.
Осы кезде қыздар мен жігіттер шыр көбелек айналып, етек-
тер үйіріліп, еріндер күлімдеп, вагондар алды би алаңына
айналып кетті. Екі-екіден жұптасқан жастар аяқтарының
ұштарымен зыр қаққанда маған вокзал алды бірін-бірі
қуалаған сансыз құйынға толып кеткен сияқтанды. Қан көбелек
айналған сол құйындар көкке бұрандадай бұралып, қазір
ұшып-ұшып, биіктен самғап, алыстап кететін іспеттенді.
Жомартбекпен билей жөнелген Меңтайға көзім түсіп еді, екі
бетінің ұшы қызарып, екі танауы əсем боп делдиіп кеткен
Меңтайдың кішкентай əдемі аяқтары жерден жоғарылай
көтеріліп барады екен. Одан айырылып қалардай зəрем ұшып, 
«алла!» деп көзімді жұмдым. Менің бақытыма қарай осы кезде күй
аяқталды да, бауырын жазып, көкке көтерілуге айналған аққу 
қайтадан жерге қонды. «Уһ!» деп ішіме терең бір дем тартып 
үлгіргенімше проводниктердің тұс-тұстан жамырай айтқан: 
«Жолдас жолаушылар, вагонға кіріңіздер!» деген үндері естілді.
Перронды кернеген жаңағы «құйындар» тегіс вагондарға қарай
лап қойысты. Біз де қыздарымызды қолтықтап, вагонның 


тепкішегіне көтердік. Олармен асығыс қол қысыстық. Меңтай
менің қолымды қаттырақ қысып, ұзағырақ ұстайтын шығар деп
үміттенген едім. Олай болмады, оның алақаны менің қолыма
тиер-тиместе екінші біреу қағып əкетті. Осы кезде радио 
«Қараторғай» əнін бастады. Оған перрондағылар қосылды,
вагондағылар жəне шырқады. Көп адамның қосыла айтқан əні
желді күнгі теңіздей толқып, вокзал үстіне көтерілді де, кең
проспектіні керней Алатауға қарай лықсыды. Келеді қара торғай 
қанат қағып…
Мен дереу ілгері ұмтылып, вагонның алдына келдім де:
- Меңтай, сен маған ұрыспа, дəптеріңе бір сөз қосып қойдым! -
дедім дауыстап.
Осы кезде гудок беріп, поезд қозғалды. Перроннан поезға, поездан 
перронға қарай қолдар созылды. Меңтай басын изеп, қыздарға 
қолын бұлғады. Ол басын маған изеді ме, қыздарға изеді ме, менің 
не дегенімді естіді ме, естімеді ме - айыра алмадым. Менің көзіме 
мөлтілдеп жас келді. Оны өзгелерге көрсетпеу үшін жылжып бара 
жатқан вагондарға қарап қолымды сермей бердім. Қол сермеп, 
жердегілер шырқап тұр. Вагондардың терезелерінен, есіктерінен
қол бұлғап, поездағылар шырқап барады. Сермелген қолдар
қалықтап ұшып бара жатқан қара торғайларға ұқсайды. Бір топ 
қара торғай зымырай, самғай ұшып, алысқа бет қойғандай. Бір 
тобы қалықтай көтеріліп, қайта айналып келіп, алғашқы орнына 
қонуға бет алып, қайта төмендегендей.
Бұлан, етіп қасымыздан соңғы вагон өтті. Сары жалаушасын
шошайта ұстаған кондуктор сан көздің шарасына жалғыз кіріп,
бейне бір сол көздердің тұңғиық түбіне сіңгендей болып,
тереңдеп батып бара жатты.
Радио музыкасы тынды. Əн тоқталды. Поездың дүрсілі бірте-бірте 
алыстай да бəсендей берді. Қалған жұрт үн-түнсіз кері бұрылып,
вокзал қашасынан қалаға шығатын қақпаға қарай ағылды.
Перрон той өткен, жəрмеңкесі тараған тақыр тебеге ұқсап, 
құлазып, бос қалды. Сол перрондай болып, поездың қарасынан 
көз айырмай, қалтиып жалғыз қалған менің көңілім құлазыды.
- Ереке, - деді біреу ақырын дауыстап. Бұл Жомартбектің үні
еді. Ол мен əскерден келген алғашқы кездегідей «ағайды» 
қойып, кейде осылай, «Ереке» дейтін болған. Үйренісе келе басқа 


бірсыпыра қыздар да мені «Ербол» деп атауға көшкен. Тек 
Меңтай ғана «ағай» деп атайтын.
Мен мойнымды бұрсам, мың кісі сыярлық перронда Жомартбек 
екеуміз ғана қалыппыз. Жомартбек менің Меңтайды құлай 
сүйетінімді іштей түсінетін еді. Сондықтан болар, ол жақаурата 
сөйледі. «Екі ай деген не, екі-ақ күндей боп өте шығады əлі.
Содан соң тағы да бас қосамыз ғой бəріміз, - деді ол екі
танауы делдендеп. - Жүріңіз, жұртта сіз екеуміз ғана қалдық».
Жомартбек мені жұбаттым деп ойлады. Бірақ онысы жұбату емес, 
жараның аузын тырнаумен тең болды. «Екі ай екі күндей боп
қалай көрінсін, - деп назаландым ішімнен. - Мен қызыққанға
келдененнің құрығы түскіш келуші еді. Көңілім құлаған осы қызды 
да тағы біреу қағып кетіп, дəт деп қалмасам жарар еді. Онда мен 
қалай өмір сүремін? Сəлиманың шерін соғыс тұншықтырған еді. 
Бұл қызға қолым жетпей қалса, оның өкінішін не ұмыттырмақ?
Мұндай келбет-көркі келісті, ақыл, парасаты мол, жаным
сүйген жақсы қыздан айырылып қалсам, сорлы жүрегім өмір 
бойы қап арқалаған қайыршыдай, арман арқалап кетпей ме 
амалсыз. Мұны ұмыттыратын басқа жақсы қызға кездессем
құба-құп, кездеспесем, мүгедектей мұнды болып қалмаймын ба
өмір бойы. Ендеше аузын буған өгізге ұқсап, сегіз ай бойы
неге жүрдім үн-түнсіз? Неге айтпадым шынымды? Неге аяғына 
жығылып, «жарым бол» деп жалынбадым мен оған? Кейбіреулер 
қызды бір көргенде-ақ «мен саған ғашықпын. Мен сенсіз өмір сүре 
алмаймын» деп, жетім қозыдай қақсамай ма, жақ жаппай? 
Құмарлығын ғашықтыққа балап, қыр соңынан қала ма қыздың 
ондайлар? Қант салған қаптай ғып, қолма-қол жүрегінің аузын 
ашып тастамай ма аңқайтып? Ендеше мен шын ғашықтық 
сырымды неге ақтармадым сонша күннің ішінде? - деп іштей 
еңіреп, өз бармағымды өзім шайнап, сүйретіліп, вокзалдың
қақпасынан əрең шықтым. Жаным жаңағы поезда кетіп, бұл жерде 
құр сүлдерім ғана қалғандай, мең-зең күйде Жомартбекке ілесіп 
келіп, трамвайға міндім.
XIII-XIV
Трамвай Карл Маркс көшесімен жоғары өрлеп келіп, Шевченкоға 
қарай бұрылған бұрышта Жомартбек түсіп қалды. Қаладағы 
туыстарының бірінің үйіне кетті. Менен Жомартбектің жағдайы 


əлдеқайда жақсы: мынадай үлкен қалада ағайын, туғандары
бар. Солардың үйіне барып, ас ішеді, аунап-қунап қайтады.
Елде əке- шешесі, бір ауданды билеп тұрған ағасы бар. Онда 
барса да күп ете түседі. Ал менің сүйеніш болар қалада да,
ауылда да ешкімім жоқ. Сорайған соқа басым. Қаладағы
жалғыз танысым майдандас жолдасымның соғыстан мүгедек 
боп келген ағасының үйі. Көп балалы жəне жалғыз кісінің 
пенсиясына қарап отырған ол үйге сомадай боп, сопиып
қашанғы бара бересің. Əскерден алғаш келгенімде паналатып,
жатақханаға көшкенше тар үйінің бір бұрышынан орын
бергенінің өзіне рақмет. Тірі болсам, ағайдың ол жақсылығын
өтермін əлі.
Трамвай салдыр-гүлдір етіп, Никольск базарына келіп тоқтады. 
Осыдан екі сағаттай бұрын Меңтайдың жүгін көтеріп, жұртпен 
таласа күліп мінген трамвайдан енді алты ай жаздай сүзекпен 
ауырып, содан жаңа ғана тұрғандай сүйретіліп жалғыз түстім. 
Бағана бұл жерде адам да көп, базар да қызу сияқты еді. Енді 
аялдама басында ешкім жок, базарға кіре беріс манда да ешбір 
жан көзге көрінбейді. Əшейінде жатақханадан шыға қалсаң да,
университеттен келе жатсаң да менмұндалап, сары ала тон
киген патшаның суретіне ұқсап, үнемі қожырайып алдыңда 
тұратын шіркеу де жоқ, тағынан тайғандай, тасаланып қалыпты.
Трамвай жолынан өтіп, салбырап, жатақхана қақпасына қарай бет 
түзедім. Өне бойым сал-сал. Бірнеше күн мас болып, мəңгіріп 
қалған сияқтымын. Басым салбырап, пəленбай жылдан бері 
студенттердің аяғы таптап келе жатқан тақыр асфальттан көз
алмаймын. Жерден бір нəрсе көрсем деп ынтығатындаймын.
Бірақ қиыршық тас, ұлпа топырақтан басқа ештеңе көрінбейді. 
Міне, қызыл кірпіштің сынығы жатыр. Бұл сынық бағана біз
жатақханадан шыққанда жол ортасында тұрған. Қыздармен
қатар, алда келе жатқан Меңтай тоқтай қалып, аяғындағы 
кішкентай ақ танкеткасының тұмсығымен кірпішті итеріп, 
асфальттің шетіне қарай сырғытып кеткен.
Содан соң сəл бұрылып, арт жақта жүк көтеріп келе жатқан 
Жомартбек екеумізге қараған. Мен оның аппақ аяқтарының 
қаздиып осы кірпіштің қасында тұрғанын өз көзіммен көрге-мін. 
Енді міне, сол жерде де оның ізі жоқ. Мен ернімді тістедім. Сүйген 
жаныңның ізі кез алдында неге сайрап жатпайды екен деп наза 
болдым. Тоқтап, асфальтқа еңкейіп, қызыл кірпіштің сынығын 


қолыма алдым, үңіліп оған да қарадым, онда да еш белгі жоқ. 
Сонда да оны қолымнан тастамадым. Біресе бұл Меңтайдың 
танкеткасы болса деп ойладым. Біресе оның аяғын өстіп
сипасам-ау дедім. Алақанымдағы кесекті қайта-қайта қысып
қойдым. Бірақ ол бұрышты, қатты, икемсіз күйінде қалды. 
Жатақхананың сыртқы есігінің маңдайшасына орнатқан жаппаның
тіреу ағашына қыстырып, ішке кірдім. Алақаныма қызыл
кірпіштің қып-қызыл ұнтағы жосадай жұғып қалыпты. Ғашықтық 
ізі осы болғаны ма деп ойладым езу тартып, өзімді-өзім 
мысқылдап.
Жоқ, мен өзімді-өзім бекерге мысқылдаппын. Ғашықтын ізі болады 
екен. Бірақ ол топыраққа, тасқа түспейді екен. Мен оны жүрген 
жолдан бекер іздеппін. Асфальтқа орынсыз үңіліп, жан-жағыма 
босқа жалтақтаппын. Ол із өзге жерге түспепті, менің жүрегімде, 
ойымда қалыпты. Оны мен екінші қабатқа көтеріліп, дəлізбен
сүйретіліп, Меңтай белмесінің алдына барғанда білдім. Оны мен 
өз бөлмеме кіріп, жастығымның астында жатқан қойын дəптерімді 
қолыма алғанда көрдім.
Неге екенін білмеймін, өз болмемнің алдынан өтіп, Меңтай
белмесінің есігіне бардым. Сол жерден қайырылғым келді. Сол 
жерде Меңтайдың осы бөлмеден шығып бара жатқанда соңғы 
айтқан сөзі ойыма оралды. Қыздар топырлап бөлмеден сыртқа
қарай беттеген еді. Олармен ілесе Жомартбек шығып бара
жатты, Зайкүл мен Меңтай есікке қарай аяндады. Ең соңында 
жүкті алып, мен шыққалы жатыр едім. Есікке бара беріп, Зайкүл 
жалт бұрылды.
— Ойбу, мен айнаға қарамаппын ғой, - деп жүгіріп барып 
бұрыштағы шифоньердің есігін ашты. Оның қақпағының ішкі 
жағындағы шар айнаға итініп, тыртысқан мандайын, ұйпаланған 
қасын сипады. - Тұра тұр, Меңтай, мен бетіме опа жағып алайын.
Меңтай қайырылып оның қасына келді. Зайкүл жалма-жан
сумкасын ашып, диірменшідей бұрқыратып, бетіне ұн жаға 
бастады. Мен жүкті алып, дəлізге шығып, босағада қыздарды 
тосып тұрдым.
— Меңтай, осы сен неге боянбайсың? - деген Зайкүлдің үні
естілді.Меңтай сəл бөгеліп (тегі ол əдеті бойынша ақырын бір 
жымиып алған болуы тиіс) барып жауап қатты.


— Мен табиғатпен таласуды жөнсіздік деп білемін.
— Ол не деген сөзің?
— Адамға табиғат берген бояудың өзі жетіп жатыр. Оның
үстіне бетіңе баттастырып бірдеңе жағу… - Меңтай үні үзіліп 
қалды. Мен есікке қарай құлағымды тоса түстім, оның сөзінің 
аяғын естуге құмарттым. - Не десем екен саған? Иə, табиғат
берген бояудың үстіне баттастырып бірдеңе жағу Рафаэльдің
немесе Репиннің ғажап картиналарын жаңа бояу сүйкеп 
жақсартамын деп əуре болумен пара-пар. Мен сондықган
боянбаймын, Зайкүл.
Мен бұл сөзді өзім айтқандай қуандым. Меңтай жауабының
тапқырлығына да, оның өзге қыздар сияқты ешқашан
боянбайтындығына да сүйсіндім. «Сол керек саған, Зайкүл»
дедім ішімнен. Бірақ бұған Зайкүл қысылмады.
— Қойшы, сен де қайдағыны соғады екенсің, - деді Зайкүл өз-
өзінен сықылықтай күліп. - Бояуға не жетсін, шіркін! Ерінді қып-
қызыл, қасты қап-қара етіп боянып шыға келгенінде жігіттердің 
жаны жəннəмға кетпей ме? Сенің бетің ақ қой, опа жақпасаң да 
болар. Бірақ ерін мен екі беттің ұшын қызартуың керек. Сонда сен 
үріп ауызға салғандай болар едің.
— Жоқ, Зайкүл, мен сенің орныңда болсам опа да үстамас едім,
жосаға да жоламас едім. Ойға емес, опаға, бойға емес, бояуға 
қызыққан жігіттен не барқадар шығар дейсің.
Туфли өкшесінің тықыры шықты. Екі қыз ашық тұрған есіктің 
табалдырығынан аттады. Зайкүлдің қоңырқай беті айран 
жаққандай ала қожалақ бола қалыпты. Сонысын сұлулық санап, 
кішкентай ешкі басын кекжите ұстап, қасымнан өтті. Мен дереу
есікті қайырып, кілтін сала бастадым. Кілтті бұрап жатып,
Меңтайдың Зайкүлге айтқан сөздерін есімде қалдыруға 
тырыстым. Екі қыздың соңынан жүгіре аяңдап, баспалдақпен 
төмен түсіп келе жатсам, төменгі қатарда қыздар күтіп тұр екен.
— Сен үшеуің оңаша қоштасып шыққаннан саумысындар? -
деді Қанипа көзін ойнақшыта, мойнын қиқандатып.
— Жо-о-ға, - деді Меңтай даусын созып. - Мына Зайкүл айнаға
қарап аламын деп.
Мен Берлин қақпасының кілтін ұстағандай масаттанып қолымдағы


кілтті жоғары көтердім.
Қыздар бөлмесінің алдына барғанымда кенеттен сол сөздер
ойыма түсті. Ұмытып қалмау үшін жазып қояйын деп, өз 
бөлмеме келіп, дəптеріме үңілдім. Түні бойы отырып көшірген
жазуларым көзіме оттай болып жəне басылды. Бұл да Меңтай 
сөздері, соның ойлары. Ендеше ғашықтық ізі деген осы емес пе? 
Ақ қарға түскен қызыл түлкінің ізіндей сайрап ол көңілде, көкіректе, 
ойда қалады екен ғой. Ғашықтың ізін тек қана жүректен іздеу 
керек екен ғой.
Мен осылай деп түйдім.
Бұл кезде мен жұмыс істейтінмін. Жазуымды жазып болдым да, 
жұмысқа барғанша аздап тынығып алайын деп төсегіме 
жантайдым. Ұйықтап қап, жұмыстан кешігіп жүрмейін деп жəне 
ойладым. Олай деп ойламай қайтейін, бұл менің əрең қолым
жеткен қызметім ғой. Төсекте шалқамнан жатып, бұл жұмысқа
қалай орналасқанымды есіме түсірдім.
… Оған дейін мен жексенбі сайын жатақхана маңында
көрінбей, жоқ боп кететінмін. Қайда кетіп, не тындыратыным-
ды бір бөлмеде жататын Жомартбек те, Пернеш те, Төлеубек те 
білмейтін. Олар білмеген соң қыздар мүлде сезбейді. Жұртқа 
сездірмей мен жексенбі күні таңертең ерте Фурманов көшесіне 
түсіп алып, төмен қарай заулаймын. Көше мен темір жолдың
түйіскен жерінде сексеуіл базасы бар. Жексенбі сайын оған
отын тиеген эшелон келеді. Оны түсіру үшін базаға қосымша
жұмыс қолы қажет. Мен база жұмыскерлерімен жалғасып,
платформадан жерге сексеуіл құлатысамын. Темір жол жиегіне
біз құлатқан сексеуіл тау болып үйіліп қалады. Қала
тұрғындары оны бірнеше күн бойы біреу есек арбамен, біреу
ат арбамен, қолы ұзындаулар машинамен алып кетіп жатады.
Əркімге қолындағы талонына қарай отын беріледі. Кімнің
қанша отын алатынында менің шаруам жоқ. Мен кешке
еңбегім үшін қолыма тиген 250 килограмм сексеуілдін талонын 
білемін. Соны сатып, ақшасын стипендияма жалғап, бір апта бойы 
талшық етемін. Кешке қарай жатақханаға қайтқанда екі аяғыма
екі пұт темір байланып қалғандай боп əрең қозғаламын. 
Ертеңінде де өне бойым ауырып, жайсыз күйде боламын. Əсіресе 
қолым қалтырап, лекцияны зорға жазамын. Содан кейін бірте-
бірте құрыс-тырысым жазылып, келесі демалысқа дейін


денемнің ауырғанын мүлде ұмытып кетемін.
Қыс пен көктемді осылай өткіздім. Тек жазғы емтихан 
басталғаннан бергі жексенбілер ғана сабққа əзірлікке кетіп жатты. 
Бірақ бүгін тағы да əкемнің үйіне бара жатқандай асы-ғып, сексеуіл 
базасына қарай бет қоюыма тура келді. Себебі сен емтиханға 
əзірленіп жатыр екен деп өз-өзінен қалтаңа көк тиын келіп түспейді 
ғой. Ал, қалтадан ақша кетсе, қарынның құт-берекесі кетеді. 
Ақшан барда тойған қозыдай томпайып үнсіз жататын моп-
момақан қарның қалтаң қағылса, ішіне қоралы қасқыр кіріп 
кеткендей боп, ұлып шыға келетіні бар емес пе. Шұрылдап, 
шуылдап, құрылдап, қорылдап мазаңды алатынын қайтерсің. 
Əсіресе, қыздардың қасында отырғанда қинайтынын айтсаңшы 
оның. Ішегің шұрылдап, қарның күндей күркіреп жонелгенде 
шекеңнен тер шып-шып шығып, қысыла бастайсың. Сол кезде
Қанипанын: «Ербол, ішіңе ит қамап қойғанбысың? Қоя
берсеңші ол байғұсты» деп əзілдеген боп өз-өзінен сақылдап кеп 
күлетінін айтсаңшы. Қыз күлкісі деген бір жерінен от тисе, барлық 
тұсы бірден лап ете қалатын ашық ыдыста тұрған бензин іспетті 
емес пе? Олардың бір тұтанған күлкісін сөндіру қандай қиын.
Тек Меңтай ғана олармен қосыла күлмейді. Бəлкім ол мені
аяғандықтан сөйтетін шығар. Күлкінің неден туғанын
аңғармаған болып, дайындалып отырған пəнімізге қажетті аса 
бір керекті датаны іздегендей, дəптер бетін парақтай береді.
Бүғін мен, Канипа айтқандай, ішімдеғі «қамаулы итті» бо-сатып коя 
беру үшін келе жатырмын. Келе жатып Жомартбектің бір қылығы 
ойыма түсіп кетеді де, ақырын мырс етіп күліп аламын.
Бір бөлмеде мен, Жомартбек, Пернеш, Төлеубек төртеуміз
тұрамыз. Солардың менен басқа үшеуініңде үйінен азық
келеді. Жомартбек үйінен келгеннің бəрін қаладағы
жақындарынікіне алдырады. Пернешке бірдеңе келсе, жұртпен 
бөліп жеп, тез тауысуға құмартады. Алғаш дəм татқаннан кейін 
қалғанын өзі жесін деп, біз үнемі шегіншектей береміз.
Сабақтан келе сала, оны-мұныны сылтауратып, бөлмеден
шығып кетеміз. Ондайда Пернеш дəлізден бізді іздеп,
соңымыздан қуып жүреді. «Қайда қашып кеттіндер?
Келсендерші, мынаны бөліп жейік» деп шыр-пыры шығады. Кейде 
екеуміз оңаша қалсақ, ол маған: «Ағай, мынадан бір алып
жіберіңізші, жалғыз менің тамағымнан өтпей отыр» деп
жалынады. Ал Төлеубектің тамағынан өте береді. Ол ешкімге 


дəм де татырмайды, жұрттың көзінше теріс қарап алып, үйінен 
келген сары май мен жентті қара нанға жағып, күйсетеді де 
отырады. Күн сайын сөйтеді. Бір күні Төлеубек төсегінің алдында 
теріс қарап жайланып алып, қарыннан шыққан сап-сары майды 
нанға жағып, жаңа аузына тыға бергенде жанына Жомартбек 
жүгіріп барды.
- Төке, мынаған да жағып жіберіңізші, жүрегімді жалғайын, -
деп қалжың-шыны аралас қолындағы бір жапырақ нанын тосты.
— Жоқ, бітті, - деп Төлеубек дереу төсек астындағы қара
чемоданға құлыпты салды да тастады.
Осыдан кейін Төлеубек күндіз жұрт көзінше қара чемоданға
жоламайтын болды. Сөйтсек ол түнде, біз ұйықтағаннан кейін, 
өз тамағын өзі ұрлап жеуге көшіпті. Оның бəрін Жо-мартбек қу
біліп жүріпті. Бір күні түнде мені біреу төсегімнен жұлқылап 
оятты. Сөйтсем, Жомартбек екен.
— 0, не болды?
— Ереке, тұрыңыз, осы үйге ұры кіріп кетті.
— Қайдағы ұры, не алады бұл үйден? - деймін мен ештеңе
түсінбей.
— Жоқ, өзіңіз тұрыңызшы, - деп ол болмай орнымнан
тұрғызды да, қараңғыда қасыма отыра қалып баяндай 
бастады. - Шырт ұйқыда жатыр едім, еден сықыр ете түсіп, оянып 
кеттім.
Расында да біздің бөлменің едені сықырлауық болатын. Əсіресе 
Төлеубек жатқан тұстың тақтайы шіріген еді де, оның төсегіне 
қарай аяқ бассаң, бажылдап қоя беретін.
— Иə.
— Басымды көтеріп алып едім, біреу Төкеңнің чемоданын 
тықырлатып жатыр екен. «Əй» деп қалып едім, ұры демін ішіне 
тартты, еденге үн-түнсіз жата қалған сияқгы болды. Тегі Төкеңнің 
чемоданындағы құрт, май, жентін ұрлауға келген біреу болуы 
керек.


Жомартбек сөзінің жаны бар сияқтанды.
— Онда Төлеубекті неге оятпайсың?
— Төке! Төке! - деді Жомартбек дауыстап. - Төке, тұрыңыз,
қасыңызда ұры жатыр.
Төлеубекте үн жоқ.
— Əне, айттым ғой, Төкең қатты ұйықтап қалған.
— Ендеше шам жақ. Пернешті оят.
Жомартбек шам жақты. Пернеш те оянған екен. Бəріміз анталап, 
Төлеубектің төсегіне қарадық. Ол басын бүркеп алып, қаннен-
қаперсіз ұйықтап жатыр. Төсегінің астындағы күні-түні құлып
кетпейтін қара чемоданның аузы ашылып қалыпты, - Əне,
айттым ғой, - деп Жомартбек баж ете түсіп, жүгіріп барып,
Төлеубекті жұлқылады. - Ойбай, тұрыныз, Төке, чемоданыңызға 
ұры түсті.
Бірақ Төлеубек тұратын емес. Басын қымтап алып, құныса түседі.
— Ойпырай, Төкеңнің ұйқышылы-ай осы, - деп Жомартбек оның
үстіндегі көрпені жұлып кеп алды.
Қырыққан серкештей тыртиып, Төлеубек орнынан тұрды. Аузы
қомпаң-қомпаң етеді. Алғашында ол Жомартбектің 
жұлқылағанынан шошып кетіп, үні шықпай қалған екен деп 
ойладық.
Сөйтсек аузына толтырып алған талқанды жұта алмай,
қақалып тұр екен. Ауызындағы кебір талқанның жартысын 
əрең ары қарай жөнелткен Төлеубек көзі аларып Жомарт-бекке 
бақшиды.
— Сен немене кісінің өз тамағын өзіне жегізбейсің бе? - деді
аузынан ақ боран бұрқылдап.
— Ойбай-ау, Төке, мен қайдан білейін сіздің өз асыңызды
өзіңіз ұрлап жеп жатқаныңызды, - деп Жомартбек ез төсегіне 
қарай шегіншектей берді.
— Иə, білмегенің…
Пернеш екеуміз теріс қарап, сылқ-сылқ күліп жатырмыз.
— Оллаһи, білгенім жоқ, - дейді Жомартбек міз бақпастан. - Сізді


өйтеді деп кім ойлаған?!
Біз қайтадан орнымызға жаттық. Жомартбек шам өшіруге беттеп,
сөйлеп бара жатыр.
— Біздің ауылда бір кəнігі ұры болған екен, - дейді ол өзінен-өзі 
даурығып. - Сол кісі əбден қартайып, атқа мінуден қалған соң, 
анда-санда, түнде өз үйінін шошаласынан ет ұрлайтын көрінеді. 
Оны айдалаға апарып, бақырға асып, маңайда ешкім жоқ
екенін біле тұрса да, айналасына алақ-жұлақ қарап отыратын
болса керек. Шала піскен еттен бір асап, опыр-топыр отты 
сөндіріп, қараңғыда бұқпантайлап тұра кеп қашып, үйіне келіп, 
содан соң екі-үш күн қатарынан рақаттанып ұйықтайды екен. Біздің 
Төкең сөйтіп…
— Əй, оттамашы өзің!..
Қараңғыда бір нəрсе қабырғаға тарс ете қалды. Əрине ол 
Төлеубектің бұзаубас туфлиі. Туфли еш жеріне тимесе де
Жомартбек: «Ойбай, əлдім!» деп баж етіп төсегіне құлады. Біз
тағы мырс-мырс күлеміз. Жомартбек те күліп жатыр. Оның
мəз бола қатты күлгендігі сондай, төсегінің тот басқан шын-
жыры бірсыпыраға дейін шиқ-шиқ етті де тұрды. Көшеде келе
жатып мен өзімнен өзім осы оқиға есіме түсіп күлемін. «Əй,
Жомартбек-ай, несі бар екен Төлеубек байғұста?» деймін 
басымды шайқап. Күлемін де, «артыңнан тым болмаса қатықсыз 
қара талқан келіп тұрғанның өзі де қызық екен-ау» деп ойлаймын. 
Осы кезде көз алдыма Меңтай елестейді. Ол қалың кірпіктерін 
төмен түсіріп, «Рас» деп, ақырын ғана мені құптап, бас изегендей 
болады. Əрине, рас деймін мен содан соң өзімді-өзім 
құптағандай. Ой ойға ұласады. Қызға ғашық болу жігіт өмірінің
ғажап бір кезеңі ғой. Кейінгі өміріңнің реніш, қуанышы да соны 
сенің қалай түсініп, қалай өткергеніңе байланысты. Қайта оралмас,
қайырылмас сол бір қымбат сəтті қадірін кетірмей, адалдықпен 
ардақтап, ертең еске түсіргенде өзің сүйсініп, өзге ғибрат 
аларлықтай етіп өткізгенге не жетсін, шіркін! Бірақ сен сыртынан 
сұқтанған көрікті қыз көңіліңе тоқ болғанымен, қарныңа қанағат
əкелмейді екен. Міне, мен сондықтан таң атпай дедектеп,
сексеуіл базасына келе жатырмын.
Бірақ бұл жолғы келуім сəтті болмады. Өйткені сексеуіл тасу ісі 
жазда тоқтап, күзде бір-ақ басталады екен. Біз емтиханға кіріскелі 
базаға бір де состав келмепті. Алайда отын тау-тау болып үйіліп 


жатыр. Жүрт жазғы қажетіне ептеп осыдан алып кете бермек. 
Менің мұндағы серіктерім де ыдырап кетіпті. Қалған бірен-сараны
əркімнің есек арбасына отын тиесіп, иесінің мырзалығына қарай 
бірдеңе алатын көрінеді. Түске дейін 2-3 арба тиесіп, мен де он-
он бес сомдай ақша таптым. Бірақ қыстағыдай емес, жұрт аяғы 
сирек. Қыста ма-шина мен машина қағысып, біреуге біреу жол
бермей ию-қию боп жатушы еді. Енді алматылықтар жазда от
жағып, ас пісірмеуге ант етіскендей, тыйыла қалыпты.
Мандымды ештеңе болмаған соң, мен түс ауа қайтайын деп
қалаға қарай беттедім. Сексеуіл базасынан шыға берісте есек
арбаға еріп келе жатқан Шалдуар Шалғынбаев кездесе кетті. 
— Ау, аманбысың, Қарадомалақ, аһ! - деді ол мені көре
салып, бейне бір редакцияның дəлізінде тұрғандай өктемсіп.
— Сəлеметсіз бе?
— Е, неғып жүрсің мұнда?
— Жұртқа сексеуіл тиесейін деп келіп едім.
— Жүр, онда маған да тиес.
Шалдуар мені қолтығымнан алып, кейін қарай бұрды. Ықылас, 
ризалығымды да сұраған жоқ. Екеуміз есек арбаға мөлшерлеп екі 
жүз елу килограмм сексеуіл салдық. Шалдуар қолының ұшымен 
ғана қимылдайды, көбінесе маған бұйрық берумен жүр.
— Əй, анау қуарған кəрі сексеуілді арбадан алып таста.
— Неге?
— Сол. Оның орнына мынау бұғының мүйізіндей ербиген жасын
сал.
— Жас сексеуіл жаруға қиын болады.
— Неге қиын болады? Балталаймыз онда.
— Балта өтпейді.
— Тасқа соғамыз.
— Тасқа ұрғанмен тез сынбайды: кісіні электр тоғы соққандай
естен тандырып, екі қолды салдыратып тастайды.
— Соқ ертегіні. Одан да ерініп тұрмын десеңші.


— Ерінетін дəнеңесі жоқ, сал десеңіз, салып берейін. Маған
бəрібір.
Екеуміз сексеуіл тиеген есек арбаға ілесіп, қалаға келе жатырмыз. 
Есек иесі ұзын сирақ бала дедектеп, алда келеді. Əр көшенің 
бұрылысына жеткенде ол артына бұрылып, Шал-дуарға айғай 
салады.
— Ағай, енді қалай жүремін?
— Тура тарта бер, - дейді Шалғынбаев мардымсып. - Бірақ əр 
көшенің қиылысында осылай тоқтап, сұрап отыр.
— Қайта-қайта сұратып қайтесіз? Одан да баратын жердің əдірісін 
бірден айтпайсыз ба? - деймін мен баланы аяп.
— Сұрасын, алатын ақшасын адалдап алсын, - дейді Шалдуар
тұмсығын көтеріп.
«Шалдуар десе, шалдуарсың-ау өзің. Атыңды əкең дəл тауып 
қойған екен» деймін мен ішімнен. Содан кейін мен ептеп 
Шалғынбаевтан сыр тартамын.
— Шəке, осы редакңия маңынан жеңіл-желпі жұмыс табыла ма?
Ол бедірейіп маған қарайды.
— Кімге?
— Маған.
Шалғынбаев шалқалап кеп күлді.
— Саған неғылған жұмыс? Сен студентсің ғой.
— Студент болсам да, жұмыс істемесем болатын емес, тұрмыс 
қиын боп барады, - дедім мен шынымды айтып. - Таңертең
лекцияда болып, түстен кейін жұмыс істер едім. Тіпті түннің
бірсыпыра жеріне дейін істеуге де бейілмін.
Тегі менің үнім жалынышты боп шықты-ау деймін, Шалғынбаев 
енді күлмеді. Оның күлмегенін пайдаланып, мен өзімнің қыстай 
демалыс сайын жалданып, ептеп ақша тауып келгенімді айттым.
— Əй, сонда сен қанша ақша таптың? - деді Шалдуар тоқтай
қалып, мені иығымнан жұлқып, өзіне қаратып.
«Əй», «əй» деп сөйлеу, сөйлегенде қасындағы адамын иықтан, 
желкесінен періп қалу, жұлқып, өзіне қарату Шалдуардың əдеті 


екен. Байқаусыз келе жатқан мені ол иығымнан жұлқып қалғанда 
құлап түсе жаздадым. «Мынаған не болған?» деп ойлап, 
апалақтап оның бетіне қарап едім, Шалдуардың менің тəлтіректеп 
барып түзелгенімде шаруасы жоө, бедірейіп оз сұрағына жауап 
күтіп тұр екен.
— Жексенбі сайын 20-30 сомға дейін қаратушы едім, - дедім мен
мардымсып. - Ол көп ақша ғой!
Шалдуар екі санын шапалақтап, қарқылдап кеп күлді. Одан сон ол 
мені тағы да иықтан періп қалып, жол шетіндегі арыққа құлата 
жаздады.
_ Көп ақша дейді! - деді ол ішін басып, күлкісін тыя алмай _ Тапқан 
екенсін көп ақшаны. - Ол күлкісін əрең басып, менімен қайта
қатарласты. Тағы да мақтана сөйледі. -Сенің ол «көп акшаң»
біздің бір кішкентай информацияның құны ғана. Сен білесін бе? - 
деп Шалғынбаев оң қолының бармағы мен сұқ саусағын біріне- 
бірін жақындата ұстап, менің көз алдыма тосты. - Бес. жолдық 
мынадай информацияға бар ғой, бізде он сом қояды. Ал мынадай 
болса, - сұқ саусақ пен бармақтын арасы алғашқыдан алшая түсті, 
- жиырма сом. Егер информацияның көлемі мынадай болса, - ол 
бір нəрсені өлшеп жіберетіндей боп қарысын көрсетті, - алпыс
сом. Білдің бе: бір қарыс информация жазсан, бірден алпыс сом 
аласын. Аһ! Бұл газеттің бір номерінде бір информациян ғана 
шықса алатының. Кейде бір номерде бірнеше информацияң 
шығып кетуі де ықтимал. Ол өзіңнің пысықтығыңа байланысты.
Ал айына газеттің неше номері шығатынын білесің бе, 25-26
номері шығады. Сонда бір айда орта есеппен он бес информация 
шығарған журналистің өзі тоғыз жүз сомдай ақша табады. Білдің 
бе? Аһ! Шалғынбаев маған ежірейе қарап, бармағын
шошайтты. Мен көзім бақырайып, басымды изедім. Тегі
Шалғынбаевтың менің көзімді мүлде ұясынан шығарып жібергісі 
келді-ау деймін, сəл қабағын шытыңқырап маңызданды да, 
қайтадан сөйлеп кетті.
— Мен өзім информацияны кəсіп қылмаймын, - деді ол ол денеден 
жиіркенгендей танауын тыжырайтып. - Оны кəсіп қылу тышқан 
аулаумен бірдей. Мен етектей-етектей очерктер жазамын. Сен 
менің бір очеркіме қанша гонорар қойылатынын білесің бе? Аһ!
Мен басымды шайқаймын. Менің оны білмегеніме Шалғынбаев 
одан сайын разы бола түседі.


— Білмейсің. Саған оны білу қайда? Мен бір очеркіме алты-
жеті жүз сом аламын! - «Ал, қалай?» дегендей, ол бетіме 
қарады. «Сұмдық көп екен!» деген ишарамен мен көзімді жұмдым. 
- Ал сен менің айына қанша гонорар табатынымды білесің бе? 
Аһ?
Мен тағы да басымды шайқаймын. Шалдуар одан сайын мəз
болады
-Əр айдың аяғында мына додең, - ол бармағын шошайтып,
кеудесін түртті, - мың жарым-екі мың сом гонорарды
қалтасына салып алып, талтандап жүре береді. Оның үстіне
менің ай сайын сегіз жүз сом жалақым тағы бар. Енді осының 
бəрін қосшы өзің.
— Көп ақша ғой, - дедім мен.
— Жоқ, өзің қосшы кəне.
— Екі мың үш жүз-екі мың сегіз жүздей-ау деймін.
— Дəл, дəл. Кейде мына үшеудің өзі де боп кетеді, аһ! - деп ол 
бармағымен шынашағын басып тұрып, қалған үш саусағын 
шошайтады. - Міне, көп ақша қайда жатыр? Ал сен отыз сомды 
көп ақша көресің.
— Рас, - деймін мен Шалғынбаевтың қаламақысынан басым 
айналғандай төмен қарап. - Маған айына екі- үш жүз сомның 
жұмысы табылса да істер едім. Алда жазғы каникул келе жатыр. 
Ол кезде жұмыссыз бос жүру де қасірет қой…
— Əй, - деді Шалғынбаев ұзаңқырап барып тоқтап тұрған есек 
арбаға қарап, аяғын шапшандата басып, - біздің редакцияда екі-
үш жүз сомдық жұмыс болмайды. Курьердің өзі айына төрт
жүз сом алады, корректорлардың айлығы алты жүз, əдеби
қызметкерлердікі сегіз жүз. Сен сияқты шикі студентке əдеби
қызметкер болу қайда. Сен корректорға да жарамайсың. Егер 
курьер болғың келсе, ертең бізге кел. Мен сені жауапты 
секретарьға алып барайын. Кеше Нюра деген курьер қызымыз 
демалысқа шықпақшы боп, орнына кісі табылмай жатқан сияқты 
еді.
.*
Біз есек арбаның қасына келдік.


— Əй, былай бұр, - деді Шалдуар есектің шылбырын ұстаған 
балаға көшенің оң жағын нұсқап. - Ыстықкөл көшесіне қарай тарт. 
Анау, бұрыштағы үй.
Есек арба оңға қарай бұрылған соң мен:
— Ал, Шəке, қош болыңыз. Ертең редакцияға келемін, - деп өз
женіме кетуге ыңғайландым.
— Өй, қайда барасың? - деді Шалдуар «өзіңнің есің дұрыс па?»
дегендей маған бажырая қарап.
— Жатақханаға… Емтиханға əзірленіп жатыр едік.
— Жатақханаға… - деді ол маған бірдеңесін өткізіп қойғандай 
қабағын шытып. - Сен енді мынаны түсіріп бермейсің бе?
«Асығыспын, өзіңіз түсіріп алыңыз» дегелі бір тұрдым да, 
Шалдуардың түрінен қорықтым. «Мінезі тік пəле екен, ренжіп қап, 
ертең жұмысқа алдырмай жүрер» деп ойлап, оның соңынан 
ықылассыз ілестім. Ыстықкөл көшесі мен Гоголь көшесінің 
бұрышындағы екі қатарлы үйдің алдындағы сарайдың қасына есек 
арбадағы сексеуілді түсірдім, Шалдуар үйіне кіріп, ақша алып 
шықты да, арбакеш баланы жөнелтті.
— Əй, неғып тұрсын? - деді ол кетуге ыңғайланған маған
қарап. - Енді бұларды анау тасқа соғып, жармайсың ба? -Менің 
қырсау қимылымды аңғарды ма, ол бірден бастырма-лата 
жөнелді. - Сен өзің менен ақы дəметіп жүргеннен саумысың?! 
Саған ақы не керек. Отыз сомды олжа көріп жүрген сен ертең 
курьер боп, айына төрт жүз сом алып отырсаң, шекеңе тар келе 
ме? Менің саған берер ақшам сол. Ұқтың ба? Аһ?..
Мына пəле шынында да бір сұмдықты шығарып жүрер дедім де, 
үйіліп жатқан сексеуілді үн-түнсіз шетінен сүйреп, жаруға кірістім. 
Тасқа соғылған сексеуіл жігері жалаңаш қолымды жаңғыртып, өне 
бойымды электр тогы соққандай дір-дір еткізеді. Сонда да 
тістеніп, тырмысып жатырмын. «Мұны өзім жаратынымды білгенде
бағана тез сынатын, шірік сексеуілді көбірек салатын едім ғой» 
деймін ішімнен. Бірте-бірте алақанымның терісі ойыла бастады.
Ақыры, қолым шыдамай бара жатқан соң, жарылған сексеуілді
аяғының ұшымен жинастырып тұрған Шалдуарға бұрылдым.
— Шəке, жаман қолғап бірдеңе табылмас па екен?
— Өй, сен өзің… студенттің жаман қолын аяп, - деп ежірейді


ол маған, екі қолын қалтасында ұстап, шірене тұрып. - Мен 
саған жаман қолғапты қайдан табамын?
— Қол шыдамай барады, - дедім мен Шалдуардың қолғабы 
жоғына бейне бір өзім кінəлідей-ақ ыржия күліп.
— Онда несіне солдат болып жүрсің, бес тал ағашты жару 
қолыңнан келмесе? Жə, жар да, болған соң ана сарайға үйіп, 
құлпын сыртынан бос сал да, жатақханаңа жүре бер.
Осыны айтып Шалдуар алшаңдап үйіне қарай кетті. «Жұртқа
жылы сөйлеп, сəл кішілік көрсетсең, өстіп иығыңа мініп
алатыны жаман, - деймін мен өзімнен-өзім күйіп-пісіп. - Маған
бірдеңесін өткізіп қойғандай өкіреңдеп, алшандауын. Солдатты 
адам емес, темір деп ойлайды екен-ау бұл. Көрер едім соғыста 
болсаң, сенің жаныңның қандай темірден соғылғанын!» Өстіп,
іштей күңкілдеп қанша ұрысқаныммен, ол күні Шалдуардың 
бар шаруасын тап-тұйнақтай етіп тындырып кетуіме тура келді.
Ертеңінде, сағат таңертеңгі тоғыздан аса үкідей ұшып редакцияға 
жеттім. Редакция орналасқан үш қабат үйдің алдына келсем-
ақменің жүрегімді өзгеше бір лүпіл кернейді. Оның сыртқы
биік тас баспалдағына көтерілгеннін өзіне тау болмаса да, төбе 
басына шыққандай көңілім биіктеп сала береді. Маған редакция
адамдарының бəрі ерекше жаралған жан боп көрінедк олар 
шетінен жақсы, шетінен сүйкімді сияқтанады. алдуар
Шалғынбаевтай боп олардың ортасында жүруден артық бакыт
жоқ іспеттенеді. Өстіп, редакция үйінің əр бұрышына аса зор
құрметпен қарап, дəлізде кездескен əр адамына, ол мені
елемесе де, иіле сəлем беріп, жаңа түскен жас келіндей 
сызылып келе жатсам, Шалдуар машина бюросынан шығып 
барады екен.
— Шəке, - дедім оны көргенде əкемді кездестіргендей қуанып.
Шалдуар жалт бұрылып, қалбаландай ұмтылған маған 
таңданғандай, сүзе қарап қалды.
— Шəке, сəлеметсіз бе?
— Сені кім шақырды, аһ? - деді ол қасына келген менің қолымды
да, сəлемімді де алмастан.
— Сіз бүгін кел деп едіңіз ғой.


— Қашан?
— Кеше, сіздің үйге отын түсіргенде.
Шалдуар қабағын тыржитты.
— Отын, отын… - деді ол əлденеге мені кекеткендей. - Жұмыс
жайында десеңші одан да.
— Иə, жұмыс жайында ғой, Шəке. Курьер алып қойған жоқ па
едіңіздер?
Шалғынбаев менің бұл сұрағыма жауап бермеді.
— Жүр, - деді ол өктем үнмен иығымнан жұлқып қалып.
Бағанағыдай емес, Шалдуар енді маңғаздана аяңдады. Мен 
сүмендеп соңынан ілестім. Ілесе бере, оған тағы бір сұрақ қойдым.
— Шəке, біз кімге барамыз?
— Жауапты секретарьға, - деді ол мойнын бұрмастан.
— Жауапты секретарьларыңыз кім деген кісі еді?
— Сен білмейсің, - Шалдуар оң қолын шорт сілтеді, - жаңадан
келген адам. Сен сияқты соғыста болған.
Мен «ендеше ол кісіге кірмей-ақ қояйық» деп үлгіргенше болмады. 
Шалдуар «Жауапты секретарь» деген жазуы бар кабинеттің есігін 
жұлқып қалып, мені жеңімнен сүйрей ішке кірді.
Кабинет иесі үстеліне еңкейе түсіп, газет қарап отыр екей.
— Осы кісі жауапты секретарь, осы кісімен сөйлес, - деп Шалдуар 
мені ілгері итермеледі. Мен Шалдуар өзі айтып, қызметке өзі 
алдырады екен деген үмітпен келген едім. Ол малту білмейтін 
адамды терең суға лақтырғандай, мені кабинетке кіргізе салып,
өзі сырғып, шығып кетуге ыңғайланды. Осы кезде жауапты
секретарь басын көтеріп, бізге бұрылды. Оның жүзін көргенде
мен өз көзіме өзім сенбеген сияқтандым. Кірпіктерім үсті-
үстіне жыпылықгап кетті. Қасы түксиген, орыс өндес, сабырлы,
ақсары кісі. Екі көзі де бұрынғысындай сəл шегірлеу. Үстіне
жай киім кигені болмаса, бұрынғыдан еш өзгерісі жоқ, əскери
журналист, капитан Бағи Уазитовтың нақ өзі.
— Бəке! - дедім мен жауапты секретарьға екі қолымды бірдей
созып.
Бəкен де мені жазбай таныды-ау деймін. Тез орнынан тұрып:


— Ербол, сенбісің, айналайын!”- деп құшағын жайды.
Мен Бəкеңнің мол құшағына қалай еніп кеткенімді білмей
қалдым. Ол: «Аман-есен келдің бе?» деп бауырына қысып, 
арқамнан қағып жатыр.
— Шүкір, Бəке, мен былтыр кедгенмін, - деймін Бəкеңнің мені 
құшақтағанына көңіліл босаңқырап, бірақ оны білдірмеуге 
тырысып. - Өзіңіз қашан келдіңіз?
— Екі айдай болды. Осында бұрынғы қызметіме орналастым. Өзің
қайдасың, Ербол?
— КазГУ-де, оқудамын.
— Бəрекелді. Ал, отыр, əңгімелесейік.
— Əңгіменің үлкені, осыған
жұмыс керек, - деді жаңағы мені осында кіргізе салып, шығып
кетуге ыңғайланған Шалдуар қайтадан бұрылып келіп жəне
мені қалай да қызметке орналастыруға бел байлағандай 
белсенділік білдіріп. - Бұл корректорлыққа жарамайды, курьер ету 
керек. Өздерініз де таныс екенсіздер ғой.
— Болғанда қандай! - деді Бəкең баптай сөйлеп. - Біз бір
бөлімде қызмет еткенбіз. Мен редакцияда болдым. Ерболдың 
елең, мақалаларын газетімізде жиі жариялап тұра-тынбыз.
Бəкеңнің бұл сөзі мені бір көтеріп тастады. Шалдуар «жаман
студент», «жаман солдат» деп желкемнен түспей қойып еді. 
«Бəлем, білші мен қандай солдат болғанымды» дедім ішімнен 
айызым қанып. Менің осы ойымды сезгендей Шалдуар шап ете 
түсті:
— Бұл өлең жаза алушы ма еді? - деді Бəкеңнің сөзіне
сенбегендей.
— Бəле, жазғанда қандай! Мұның өлеңдерінің кейбір жолдары
біздің бөлімнің туы іспеттес боп кеткен. Белім шабуылға шыққан 
сайын біз Ербол өлеңінің:
Алға қарыс бассаң, бас!
Сүйем кейін шегінбе! -
Əдет жоқ ондай тегінде! -деген жолдарын үнемі газеттің шигеліне
беретінбіз.


Шалдуар басын шайқады да:
— Мынадан өлең шығады дегенге ешқашан сенбес едім, аһ, - деп 
мені бүйірден түртіп қалып, сақылдап кеп күлді. Жауапты 
секретарь сөзін қайтадан жалғады.
— Оның үстіне мен Ерболға соғыстан аман келіп, осы орында 
отырғаным үшін тікелей қарыздар кісімін, - деді ол Шалдуардың 
парықсыз күлкісінің тоқталуын тоспай. - Бұл бақандай үш 
журналисті тікелей ажалдан алып қалған.
Шалдуар бұған сенбегендей боп, маған қарады да, басын
шайқады. Жауапты секретарь үш журналистің алғы шепке келіп, 
маған жолыққанын, біздің позициямызды жау атқылап, бір 
снарядтің жер үй алдына келіп, ысылдап жатып алғанын 
Шалғынбаевқа таратып айтып жатпады.
— Ербол, сен Нығмет Елеусізовтің қазір қайда екенін білесің бе? -
деді маған бұрылып.
— Жоқ.
— Бəле, ол қазір С. қаласында, облыстық газет редакторының 
орынбасары. Ал капитан Рыжовтың қайда екенінен хабарың бар 
ма?
-Жоқ.
— Ол Москваның бір баспасына орналасыпты. Мен хат алып
тұрамын. Бір хатында сені сұрапты.
— Апырай, ə, - деймін мен қуанған үстіне қуанып. Уазитов енді
менің жайыма ойысты.
— Сен студентсің ғой, - деді ойлана отырып. - Əрине, қоса қызмет 
істемесең болмайды қазір. Ал саған не жұмыс тауып берсек екен?
Ол қарсысында түрегеп тұрған Шалғынбаевқа қарады.
— Е, мұны Нюраның орнына кешкі курьер ете салыңыз, аһ, - деді 
Шалдуар жұлып алғандай. - Бұған сол да жетеді.
— Иə, - дедім мен басымды изеп.
— Жоқ, мен Ерболға түпкілікті жұмыс болса деп отырмын. 
Курьерлікті қойшы, Ербол түбінде біздің белді қызметкеріміздің 
бірі болуға тиіс. Бірақ қазір сол уақытша курьерліктен басқа бос 
орын жоқ.


— Мен курьер-ақ болайын, Бəке, - дедім осы бар қызметтен
айырылып қалмайын дегендей асығып. - Қазір емтихан өткізіп 
жатырмыз, өзі кешкі жұмыс болса, маған қолайлысы осы сияқты.
— Жарайды, əзірше осыған орналаса тұр. Ар жағын тағы көре 
жатармыз, - деп жауапты секретарь маған бір жапырақ қағаз 
ұсынды. - Арыз жаз уақытша курьер етіп алуды сұраймын деп, 
қолынды қой. Кешкі алтыда қызметке кел.
— Айттым, орналастырдым… Аһ! Ал енді не ғыл дейсің? Аһ! 
- деді Шалдуар жауапты секретарьдан шыққаннан кейін маған 
шірене қарап, - Сен менің бұл жақсылығымды ұмытпа.
— Рақмет, Шəке, ұмытпаймын, - дедім мен оған асыға бас изеп.
Мінеки, осыдан жиырма шақты күн бұрын мен қызметке осылай 
орналаскан едім. Күн сайын кешкі алтыда редакцияға барамын. 
Түнгі он бір-он екіде жұмысымды бітіріп, жатақханаға қайтамын. 
Алғашында «курьер» деген сөздің мəнісін жөнді біліңкіремей де 
жүрдім. Сөйтсем, редакция мен баспахана арасына қағаз тасушы
кісіні осылай деп атайды екен. Редакцияда екі курьер бар. Күндізгі 
курьер Даниловна дейтін қартаң əйел. Кешкі алтыға дейін
редакциядан баспаханаға қағазды ол тасиды, кешке ол жұмысқа
мен кірісемін. Біздің таситынымыз редакция бөлімдерінің күн 
сайын газетке басылуға даярлайтын мақалалары. Соны жиналған
сайын топтап секретариаттан алып, баспаханаға апарып
тастаймыз. Цех бастығы курьерден келген мақалаларды қол 
қойып алады да, дереу линотипискаларға бөліп береді. Олар 
алдарында тұрған пианино тəріздес машиналарға -
линотиптерге отыра қалып, мақала сөздерін қорғасынға
кешіреді. Осылайша екі курьердің күні бойы кезектесіп 
баспаханаға тасыған қағаздары ертеңінде газет болып шығып, 
оқушылардың қолына жетеді.
Маған редакция да, баспахана да қызық. Күн сайын екеуінің де 
жұмысының жайына қанып, түсіне түстім. Түсінгеннен кейін өзімді 
қатар жатқан қос көлдің айдынына кезек сүңгитін қоңыр үйрекке 
теңедім.
Редакцияның негізгі мақалалары баспаханаға көбіне күндіз
жөнелтіледі екен. Кешке күндіз үлгірмеген азын- аулақ мақала,
көбінесе алдағы номерлерде басылуға тиіс запас материалдар
тасылады. Анда-санда ТАСС- тан келген тығыз мақалалар
болады. Аударылғаннан кейін баспаханаға соларды жеткіземін.


Қайткенмен де кешкі курьердің бос уақыты көп болатын.
Ондай сəттерді бос жібермей, мен оңаша кабинеттердің біріне 
кіріп алып, емтиханға əзірленетінмін. Ал емтихан өткізген күндері 
Даниловна апайдың қуанышына жұмысқа бірер сағат ерте де 
шығатынмын. Елпек атқа кімнің мінгісі келмейді. Қалған жұмысын
Даниловна да маған тастай салады. Қызмет аяғында қайта
басылған мақаланы салыстырып, асығып отырған бөлім 
меңгерушісі де маған жалынады.
— Ербол, сен мынаны тыңдай қойшы, мен оқып тастайын.
— Ербол, сен мынаны оқып жіберші, мен оригиналға қарап
отырайың, - дейді.
Ең алдымен мені машиннстка Бибіш апай жұмсайды. Мен 
баспалдақтаң көтеріле бергенде машбюроның ашық тұрған 
есігінен төрде отырған апайдың көзі мені шалып қалады да, дереу 
столының тартпасын аша бастайды.
— Сəлеметсіздер ме? - деймін машбюроның ашық есігінен
басымды сұғып.
— Айналайын, менің Ербол бауырым елгезек қой. Маған төменнен 
барып бір папирос əкеп бере қойшы, - деп Бибіш апай бірден 
ақшасын ұсынады. - Осы шарша-а-ап өлейін деп отырмын, бүгін 
жұмыс сондай көп болды.
Мен күліп, бас изеймін де, редакңияның астындағы буфетген бір 
пачка «Прибой» əкеп беремін. Оған апай мəз боп қалады.
— Ой, тілеуіңді бергір. Ой, бір жақсы келіншек алып, көсегең
көгергір! - деп батаны үсті-үстіне жаудыртады.
Апай жақсы келіншек жайын айтқанда мен өз-өзімнен қызарып
кетемін. Көз алдыма бірден Меңтай елестейді. Менің осы
ғашыктығымды осы апай бейне бір біліп отырғандай боп
көрінеді. Өстіп жүріп оқу жылын да аяқтадым.
Енді бүгіннен бастап дайындалатын емтихан жоқ.
Қыздар да ауылдарына кетті. Бір бөлмеде қалған Жомартбек 
екеуміз ғана болсақ, оның кешке дейін келу-келмеуі екіталай. Ол 
да ертең не бүрсігүндері еліне қайтпақшы. Бəлкім, ол қазір билет 
алудың қамында жүрген болар. Сондықтан мен сағаттың алты 
болуын күтпей, бүгін жұмысқа күндегіден ерте бардым.


— Ербол, өй, Ербол, - деді Бибіш апай менің төбем баспалдақган 
көрінісімен-ақ. - Жылдамырақ жүрші, айналайын.
Апайдың темекісі таусылып отыр екен. Қазір тартпасын ашып,
сумкасын ақтара бастайды деп ойладым ішімнен.
— Сəлеметсіздер ме? Жай ма, Биапай?
Апай күліп жіберді.
— Темекіге жұмсайды екен деп қалдың ба? Темекім бар, қалқам. 
Осы қазір ғана сені жауапты секретарь іздеп отыр еді. Соған бара 
қойшы тез. Саған жаңа жұмыс бергілері келіп отырған сияқты.
Салып отырып жауапты секретарьдың кабинетіне барсам, Бəкен
жалғыз отыр екен.
— Хал қалай, Ербол? - деді ол сəлемдескеннен кейін.
— Хал жақсы, емтиханды бітірдік.
— Каникулда қайда болмақ ойың бар: осында қаласың ба? Əлде
бір жаққа барасың ба?
— Осында қаламын, қайда барамын? - дедім мен. - Ауылға барып 
қайтайын десем, арлы-берлі жүруге қаражат керек.
— Онда биыл жаздай бізде корректор боп істей тұрсаң қайтеді?
— Істеймін.
— Ертең бір кешкі корректор демалысқа шығушы еді. Соның 
орнын саған ұстап отырмын. Келесі айда тағы біреуі шығады, 
оның орнын жəне сен басасың, - деді Бəкең сабырлы, қамқор 
көңілмен. - Күндіз ұйқың қанғаннан кейін маған келіп жүр.
Əнеугідей емес, қолың босады ғой. Мен сені енді завод,
фабрикаларға жіберіп, хабар, корреспонденциялар жаздырамын. 
Бұл да қосымша қаражат болады.
— Рақмет, Бəке.
— Бара-бара мақала, очеркпен де айналысарсың. Сөйтіп
екеуміз сенің қолыңнан жазу келетіндігін осындағы жұртқа 
дəлелдейтін боламыз.
Мен басымды изедім.
— Онда мен сені ертеңнен бастап корректор қызметін атқарады 
деп бұйрық бердіремін. Сөйтіп мен сол күннен бастап екі ай


корректор болдым. Екі айда «Е. Есенов» деп қолым қойылып,
газетте 6-7 хабар, корреспонденциям шықты. Газет айына екі рет 
қаламақы, екі рет жалақы береді екен. Студенттің айына бір рет
берілетін стипендиясындай емес, бір айда колыңа төрт рет
ақша ұстаудың өзі маған ересен байлық сияқты боп көрінді.
Оның үстіне Уазитов ағай менің хабарларыма студенттік
жайымды есептеп, үнемі көтеріңкі қаламақы қойып отырыпты. 
Оны қаламақы алған сайын Шалдуардың бас шайқауынан білдім. 
Мен қаламақы немесе жалақы алып шықсам-ақ, алдымнан 
Шалғынбаев тап бола кетеді.
— Əй, Қара домалақ, ақша алдың ба? Аһ? - дейді.
— Алдым, - деймін мен арсалаңдап.
— Əкел, санайық, - дейді ол қолын созып.
Мен жаңа ғана кассирден санап алып, кенетоз гимнастеркамның 
омырау қалтасына екі бүктеп салып қойған ақшаны қайта 
суырамын. Шалғынбаев оны уыстап алады да, мені оңашалау 
жерге қарай бастайды. Содан соң ол жайланып отырып менің 
ақшамды санай бастады. Санайды да:
— Көп, - деп басын шайкайды.
— Неге? - деймін мен өз-өзімнен қысылып. Ол бухгалтерияға
айтып, ақшамның жартысын қайтадан алдырып қоятындай боп 
көрінеді. Сасқалақтап, Шалдуардың бетіне жалтақ-жалтақ 
қараймын.
— Көп деген соң көп! - дейді ол ақшаны маған қайырмай,
уыстап ұстап тұрып. Мен бір оның қолынан суырып əкететіндей,
будыраған қағаз ақшаның уысынан шығып тұрған шетін
бармағымен басып қояды. Сосын мені тергей бастай-ды. - Сен 
бұл жартыда неше хабар жаздың?
— Екеу.
— Əне, айттым ғой. Екі хабарға мұнша аққша тиісті емес. Бұрын
бізге аз қойылатын.
— Мен қайдан білейін, - деймін Шалдуардын алдында қылмыс
жасағандай қысылып.
— Сен білмейсің, мен саған білген соң айтып тұрмын, аһ! - дейді
ол маңғазданып.


Бір жолы, Шалдуардың осындай тергеуінен кейін, мен одан:
— Өзіңіз қанша алдыңыз? - деп сұрадым ақырын ғана. Ол басын
шайқады.
— Бұл жолы мен ештеңе алғаным жоқ. Қазір өзі очеркке лайық
материал жоқ, - деп қабағын шытты.
Мен одан сайын қысылдым. Бейне бір Шалдуарға тиісті ақшаны 
өзім алып қойғандай қуыстандым. Мені бұл қиындықтан 
Шалдуардың өзі шығарды.
— Ал енді бұған ішпейміз бе? Аһ? - деді ол менің ақшамды
ұстаған оң қолынан жоғары көтеріп. Мен басымды изедім.
— Жүріңіз, Шəке, сіз ішіңіз, менің ішпейтінімді өзіңіз білесіз ғой.
Бұлай дейтінім, курьерлік жалақымның алғашқы жартысын 
алғанымда дəл осылай Шалдуар кездесе кеткен. Сонда да ол 
менің аз ақшамды қолына алып, ерні жыбырлап санап шығып, «ал 
енді ішпейміз бе?» деген. Мен оны көше бұрышындағы көк 
будканың біріне ертіп барып, екі жүз грамм арақ əпергенмін. Одан 
кейін де жалақы, қаламақы алған сайын Шалдуар менен
міндетті түрде екі жүз грамм ішпесе, аузы қисайып кететіндей 
боп əдеттеніп алған. Сол кездесулерде менің жарытып ішпейтініме 
оның көзі жеткен.
— Бұл сенің нешінші қаламақың? - деді Шалдуар ақшаны өзіме
қайтарып беріп жатып.
— Үшінші ғой, Шəке.
— А, солай ма? Сен де үшінші рет қаламақы алып жібердің бе, ей? 
- Ол қарқылдай күліп, əдеті бойынша арқамнан қойып кеп қалды. 
Ыңқ ете түскен менің аузымды аштырмастан тағы да өзі сөйлеп 
кетті. - Онда былай болсын. Үшінші қаламақыны жақсылап
жууымыз керек. Бəріміз де сөйткенбіз. Əйда, жүр, көк
базардағы шайханаға барамыз.
Мен бұрынғы əдет бойынша Шалғынбаевты көшелердегі көк 
будкалардың бірінен сыйлап қайтарармын деп ойлап едім. Ол 
мені дедектетіп, көк базардағы шайханадан бір-ақ шығарды. 
Үстелге отыра сала, даяшыны шақырып, өзі заказ берді.
— Жүз елу грамм арақ, - деді ол даяшының қолындағы қағазын 
иегімен ымдап, оған тез жаз дегендей ишара білдіріп.


— Шəке, екі жүз грамм ішіңіз, - дедім оның күнделікті мөлшерін
тұспалдап қалған мен.
— Жоқ, өзімнің есебім бар, - деді-Шалғынбаев, - жүз елу,
жаздыңыз ба? Аһ? Жазсаңыз, оған үш рет дұңған кеспесін 
қосамыз.
«Біз екеу емеспіз бе, үш кеспе деп осы кісі қателесіп айтты 
ма» деп ойлап, оның бетіне қарадым. Менің ойымды ұққандай 
Шалдуар: «Үш кеспе деп жаздыңыз ба? Үшеу деп жазыңыз» деп 
жəне екі рет қайталады. «Бəлкім тағы біреу келетін шығар, үшінші 
кеспені соған алып отырған болар» деп түйдім де, үндемедім.
Заказ алған даяшы кухняның есігіне қарай кетіп бара жатыр еді,
Шалғынбаев қайтадан баж ете түсті.
— Тоқта, тоқта, бері кел, - деді даяшыға қолын үсті-үстіне сермеп. - 
Тіркемесі қалып қойыпты ғой, тіркеме қосыңыз.
Даяшы үстел шетіне еңкейіп, қағазына жəне бірдеңе түртіп
алды. «Мұның тіркемесі не нəрсе, қымбат бірдеңе емес пе 
екен?» деп қыпылдап отыр едім, Шалдуар маған қарады.
— Əй, сен, тым болмаса бір кружка сыра ішсеңші, аһ?
— Бір саптыаяқ ішсем ішейін, - дедім мен. Кетіп бара жатқан
даяшыны Шалдуар тағы тоқтатты.
— Тағы бір кружка сыра қосыңыз, - деді ол мойнын созып. -
Қостыңыз ба? Енді əкеле беріңіз, тез əкеліңіз.
— Жаңағы бір тіркеме дегеніңіз не? - дедім мен Шалғынбаевқа.
Шалдуар сақылдап күліп, мені бүйірімнен тағы бір періп қалды.
— Соны білмейсің бе?
— Менің білетінім машинаға тіркеп, сүйретіп жүретін бір
нəрселер сияқты еді. Мəселен, зеңбірек сүйреткен машинаны…
— Е, оны білсең болды, - деді Шалдуар сөзімді аяқтатпай. 
Шалдуар тегі өзі ғана сөйлеуді жақсы көретін. Əсіресе ол менің 
сөзімді кез келген жерден киіп кетіп, шірік жіптей үзе салатын да, 
өзі сөйлей жөнелетін. - Бұл да сол сияқгы: жүз елу грамм арақ - 
машина, бір кружка сыра - соған тіркеме.
— Ал егер арақ жүз елу емес, жүз грамм болса ше?
— Онда бір кружка сыра тіркеме бола алмайды.


— Неге?
— Сол. - Ол менің бетіме білгішсініп, бажырая қарады. - Жүз
грамм арақ, бір кружка сыраны тарта алмайды. Түсінікті ме 
енді? Аһ?
Мен басымды шайқадым.
— Сен топассың, - деді ол бетіме бедірейген күйі. - Түсінігің нашар, 
ұтымың жоқ. Сондықтан сенен мына мен сияқты жүйрік журналист 
шықпайды. Сенікі ет пен терінің арасындағы желік сияқты бірдеңе. 
Майданда бір нəрселерді шатпақтаған болуың керек. Уазитов 
сол үшін сені көкке көтере мақтайды. Меніңше сенде ешбір 
талант жоқ.
Мен не дерімді білмей, қызарақтап күле бердім. Осы кезде
қасымызға даяшы келіп, біз сұраған ас-суды подноспен əкеп, 
алдымызға қойды.
— Кеспенің біреуін, сыраның бірін ал, - деді Шалғынбаев.
Мен айтқанын істедім. Содан соң ол кеспенің бірін өз алдына 
жақындатты да, екінші тарелкадағыны соның үстіне төңкере 
салды. Қара бұрыш пен ұсақ тұзды мол етіп септі де, асықпай 
араластырды.
— Дұңған кеспесін жаным жақсы көреді, аһ? - деді ол. - Сондықтан 
мен бір жегенде оның екеуін осылай бір табаққа саламын да, бір-
ақ жеймін. Ал, сыранды көтер.
Көбігі көпіршіген қырлы шыны саптыаяқтың құлағынан ұстадым. 
Шалғынбаев бүйірлі келген қырлы стаканға кеңірдектете
құйылған араққа асқа телмірген иттей еміне қарап,
жұтқыншағын секең еткізіп бір жұтынып алды. Содан соң,
біреу алдынан ала қашатындай, шап беріп қос қолдап ұстап,
діріл қаққан стаканды жыбырлай жөнелген ерніне тез тақап,
қылқылдатып жұта бастады. Стаканды басына көтеріп болып,
қабағын шытты да, дереу сыраға қол созды. Одан қылқылдатып 
екі жұтымды жəне ұрттап жіберді. Осыдан кейін ол терлеп-тепшіп, 
кеспеге бас қойды.
Шалдуар қасықпен копара көтеріп, қауып асап, асты да тез
жейді екен. Мен шектей шұбатылған ұзын кеспенің бір-екеуін 
сораптап жұтып үлгіргенше, ол өз табағын қотарып та тастады. 
Шанышқы мен қасықты бос табаққа салып, үстелдің жиегіне қарай 


сырғытып жіберді де, саптыаяқта қалған сырасына қол созды. Қол 
созып жатып, əрірек үстелдерде отырғандардың бірімен бас изеп 
амандасты.
— Əй, сен менің кіммен амандасқанымды көріп қой, - деді ол
мені бүйірден нұқып. - Таяуда əскерден босаған ақын жігіт, өзі 
арақты өкіртіп ішеді. Аһ!
Мен жолдасым нұсқаған жаққа бұрылдым. «Арақты өкіртіп ішетін» 
қызыл шырайлы келген еңгезердей жігіт екен. «Болса болар» 
дедім ішімнен.
— Əй, сен мына сыраға қарашы, - деді Шалдуар саптыаяғын
көтере ұстап. - Осының түсі қандай?
— Қоңыр емес пе?
— Жоқ, таба алмадың. Жақсы ішетін бір журналист мұны былай
деп суреттеген:
Тобылғы торы сыраны Толқыта ішер күн қайда? Тостаған көз
қоздарды Толықси құшар күн қайда!
«Тобылғы торы сыра» дегені жақсы теңеу емес пе, аһ? Ғажап 
тауып айтқан. Аһ! - Осылай деп Шалдуар қалған сыраны басына 
бір-ақ көтерді.
— Тобылғының түсін торы демеуші еді ғой, - дедім мен серігім
саптыаяғын үстелге қойғаннан кейін. - Қызыл тобылғы десе 
керек еді. Торы деген сөз тек жылқыға ғана айтылмай ма? Егер 
арақтың дəмін аюдай ақырған ащы дей келіп, сыраны торы 
жылқыдай жуас десе бір сəрі емес пе?
— Жок, сен түк білмейсің, тобылғының да түсі торы, - деді ол 
маған бет бақгырмай. - Жə, сен оны кой, - Шалдуар білегімнен 
қысып ұстап алды. - Енді мен осы тобылғы торы сырадан ішемін 
бе? Аһ?
— Озіңіз білесіз.
— Жоқ, сен оны қой. Мен сыра ішемін бе? Аһ!
— Ішіңіз.
Көзі кілегейленіп, ол маған тесірейе қарады.
— Жаңағыдай тіркеме қылып ішемін ғой? Аһ!
— Оз жайыңызға қараңыз.


— Жоқ, менің жайымды неғыласың, енді бір тіркеме жүргіземін бе
мен? Аһ!
Шалдуардың тағы да дəметіп отырғаны белгілі болды. Осы 
жолғы қаламақымды қосып, киім алып кисем деген есебім бар 
еді. Ол ойым жүзеге аспауға айналды. Ішімнен қынжылсам да, мен 
оған ақшам азайып қалады дей алмадым. Амалсыз бас изедім. 
Шал-ғынбаев дереу даяшыны шақырып алды да, қайтадан заказ
берді.
— Жүз елу тіркемесімен… - Ол тез маған бұрылды. - Сен ішесің
бе?
— Жоқ, - деп мен безек болдым.
— Дұңған кеспесін жейсің бе?
— Жоқ, жоқ, əбден тойдым.
— Онда, - деді Шалдуар даяшыға қарап, екі саусағын көрсетіп, -
екі рет дұңған кеспесін əкел.
Менің бір апта ішетін тамағымды мынаның бір жола ішіп
кеткелі отырғанына ішім ашыды. Ендігəрі шайханаға келмеспін 
деп өзіме өзім ант та бердім. Сол екі арада Шал-дуар құлағынан 
күн көрінетін бір арық адамға орнынан тұрып, кеудесін басып,
бас изеді. Биске шақырылған əншінің сахнаның екінші шетінде
нотасын реттеп жайбаракат отырған пианисті орнынан
тұрғызып, өзімен қоса көпке бас идіретіні сияқты, Шалдуар 
тұқырайып, кеспе жеп жатқан мені иығымнан жұлқылап, 
шайнаңдатып, орнымнан тұрғызды.
— Ағаңа сəлем бер.
Мен аузымдағымды əрең жұтып, жаңағы Шалғынбаевша оң
қолыммен кеудемді басып, жұқа құлақ кісіге қарап, бас идім. Ол 
менің сəлемімді керек етпеді-ау деймін, ары бұры-лып кетті.
— Бұл кісі кім еді? - дедім Шалдуарға ілесе мен де орныма отыра
беріп.
— Білмейсің бе?
— Жоқ.
— Мəссаған! Бұл атақты ақын ғой. - Шалғынбаев оның қай ақын 
екенін айтпастан, бірден мінездеме бере жөнелді. - Жасында
мықтап ішкен кісі. Кəрі тарлан сыр берместен əлі сол


шабысымен сілтеп келеді. Айтпақшы, сен білесің бе? Аһ?
Тамаққа ұмтыла берген мені ол тағы да бүйірімнен түйіп
қалды. Мен қасығымды қайта орнына қойып, Шалғынбаевқа 
қарадым.
— Жазушылар одағы осы көк базардың іргесінде ғой. Аһ! Түсте 
олар осы шайханадан келіп тамақ ішеді. Екеуміз сəл кешігіп
келдік, əйтпесе мен саған олардың небір жайсаңын көрсететін
едім. Сен маған жазушылар ас ішетін жерге əкелгенім үшін жəне 
анадай екі ақынды көрсеткенім үшін рақмет айт. Аһ! Мен сені ана 
кəрі тарланның өзімен қол ұста-стырып таныстырайын ба? Аһ! 
Бірақ оған ана… не.. - деп Шалдуар оң қолынын сұқ саусағы мен 
бармағын бір-біріне шапшандата үйкеп-үйкеп жіберді. - Ана… 
нетіп… тағы да ақша шығаруың керек. Аһ!
Мен күліп, басымды шайқадым.
— Шəке, рахмет. Мен өзге емес, осы сіздің өзіңізбен танысқаныма
бақыттымын!..
Осы кезде жүз елу грамм араққа бір саптыаяқ сыра, екі
тарелка дұңған кеспесін «тіркеп», даяшы жетті. Шалдуар алға-
шқысындай, кеспесін бір табаққа қотарып алды да, босаған 
ыдысты сырғыта салды. Содан соң араққа қолын созып жатып, 
маған: есептесіп, қайтып оралсам, қырлы стақан босап, табақ 
тақырланынқырап қалған екен. Шалғынбаев терлеп- тепшіп, 
қызара бөртіп кетіпті. Табақ түбінде қалған асты сынырып-сиырып 
бір-ақ асады да: 
— Сен жақсысың! Аһ! - деді ол маған бұрылып. Содан соң 
қабырғамнан тағы да бір қойып кеп қалды. - Рас айтамын. Сен 
жақсысың деймін!
— Мақтағаныңызға рақмет, Шəкі- дедім мен ыржия күліп, бүйірімді 
сипалап. Шалдуардың өзімді мақтап тұрғанының əсерінен бе,
білмеймін, бұл жолы бүйірім бұрынғыдан аз ауырған
сияқтанды. Осы арада: «Бəлəй, жаңа ақшам көп кетті деп бұған 
бекер ренжіген екенмін» деп те ойладым. Егер емеурін білдірсе 
сол сəтте мен оған енді бір «тіркеме» алып беруге де пейіл едім. 
Бірақ Шалдуар өз шамасын біледі-ау деймін, бірден орнынан 
тұрды.
— Кеттік.


Есік алдына шыққан соң Шалғынбаев екі сөзге келген жоқ. Маған
қолын сілтеді де:
— Ал сен кете бер, енді керегің жок. Аһ! - деді. Содан соң
көңілдене аяңдап, өз жөнімен кетті.
Осыдан кейін бір күні жауапты секретарға жолықтым.
— Халың қалай? - деді ол.
— Жақсы.
— Қаламақы алып жүрсің бе?
— Алып жүрмін, бірақ сіз маған көп қойып жүрген жоқсыз ба?
— Неге олай деп ойлайсың?
— Шалдуар мен қаламақы алған сайын «саған көп қойыпты» деп
басын шайқайды.
— Содан сөң?
— Содан соң: «Мұны мөлшерлі қалыпқа келтірейік, жүр
шайханаға», - дейді.
Жауапты секретарь қалың қасы түксиіп, төмен қарады да, үстелдің 
тартпасын ашты. Одан бір папка суырып, мені қасына шақырды.
— Мынау қаламақы шқаласы, - деді ол папканың бетін ашып.
Мұнда қандай мақалаға қанша сом қойылатыны көрсетілген.
Міне, мынау - сен жазған хабарларға қойылатын баға. Осыған
қарап еткен жартыда жазған мақалаңның саны мен оған 
қойылатын қаламақы мөлшерін есептеп көрші.
Мен ернім жыбырлап, іштен есептеуге кірістім.
— Дұрыс па екен?
— Дұрыс сияқты.
— Ендеше Шалдуар шатаспасын! Бұл қаламақы дегеннің өзі қып-
қызыл саясат. Мен сені қанша жақсы кергеніммен, тиісті 
мөлшерден артық ақша қоя алмаймын. Өйткені ол менің өз ақшам 
емес қой. Түсінікті ме, Ербол?
Мен басымды изедім.
— Бəсе, арқамнан ауыр жүк түскендей болды ғой, - дедім шын
қуанып.


Күн сайын жүгіріп жұмысқа барып, ай сайын ақша тауып жүрсем 
де, мен бұл екі ай бойы өзімді қараңғы қапаста қалғандай
сезіндім. Жатақханаға келсем де, жұмысқа барсам да бір
нəрсемді, аса бір қымбат затымды жоғалтқандай боп, іштей 
аландаумен, елегізумен болдым. Кейде жеген тамақ, жұтқан 
суымды да ұнатпай қалатын сəттерім кездесті. Осының бəрі 
маңымда Меңтайдың жоқтығынан еді. Осы күйім Меңтайға 
арналған үшінші елең боп жəне қағазға түсті. Менің оған арнаған 
ең соңғы өлеңім де осы болды. Ол мынау еді:
Күн күңгірт, түн қараңғы, ай болса да, Келмес үйқы жақсы орын, 
жай болса да. Күншығыс жоқтай болып- көрінеді Төрт бұрышы 
төңіректің сай болса да. Күн шығып тұрсадағы түк көрмеймін. 
Айналам қаранғыдай қол сермеймін. Сəулесін аспандағы ай
мен күннің Меңтайдың ақ жүзіне теңгермеймін. Жұтуға
ауадағы жайсыз аса. Сөйтпек пе əлде көңіл жабырқаса? Қайдан
тəтті болмақшы ауа шіркін Меңтайдың демлебізі қосылмаса.
Іздеумен елегізіп қысылдым сан. Тəн терлеп, жүрек жүдеп,
қиналды жан. Құн - күңгірт, ай - қараңғы, ауа - ауыр - 
Меңтайдың бұл маңайда жоқтығынан!..
Сонымен жаз етті. Күзде оңтүстікке қарай бет түзеген тырналардай 
тізіліп, Алматыға лек-легімен студенттер қайтты. Əр жақтан, 
алыстан келіп, өзінің үйреншікті көліне қонған аққудай сыланып, 
отыз қыз өзіміздің отыз үшінші аудиторияға жиналды?
Меңтайды көріп, менде ес қалған жоқ. Өзіме онша назар аударып, 
жақын тартпаса да, бар бейілім соған ауды. Оның аудиторияға
кіріп-шыққаны, жүрген жүрісі, сөйлеген сөзі, күлген күлкісі -
бəрі маған қуаныш болды. Енді маған күн де күлімдеді, ай да
жарқырады, ауа да жақсарды. Сары алтынның буына
масайғандай, кеңілім көтеріліп, көзім күлімдеп, мəз болдым да 
қалдым. Сөйтіп жүріп сентябрьдің өткенін де аңғармаппын. Бұл
күнде мен бұрынғыша Меңтайдың қасына отырмаймын.
Жұрттың көзі түсіп, сөзі көбейгеннен кейін, оның үстіне өзімнін 
оған деген құмарлығым артқан соң, амалсыз қоныс аударғандай 
боп, артжаққа, Жомартбектің қасына кеткенмін. Қазір Меңтай
мен Майра жұптасып, екеуі бірге отырып, бірге жүретін болған. 
Ол екеуі сияқты, курстағы еркек кіндікті бұл екеуміздің де жұбымыз 
жазылмайтын.
Бір күні, октябрьдің аяқ кезінде, Жомартбек екеуміз сабақтан


қайтып жатақханаға жаңа ғана кірген едік. Жомартбек дереу
шай əкелуге кетті. Оның артынан іле-шала ентіге жүгіріп
бөлмеге Тана келді. Терезе алдында тұрған менің қасыма əзер 
жетті де, мойнымнан бас салып, құшақтай алып, еңіреп жылап қоя 
берді. Мен шошып кеттім. Өне бойым қалтырап, не істерімді, не 
дерімді білмей қалдым. Қыз байғұстын құшағы ажырайтын емес.
— Жыламашы, тоқташы, не болды, Тана? - дедім мен үрпиіп.
Қыз тоқтап, сəл сабыр тұтып, сөз бастамақ боп, көзін сүртті. Сөйтті
де:
— Заман… Заман… - деп, ар жағын айта алмай, қайтадан
кемсендеп, ағыл-тегіл боп жəне жылады.
Тана «Заман» деп менің досым, өзінің өлген серігін айтып тұр
ма деп бір ойладым. Əлде «заман» деп дəуірді айтып, басына 
түскен тағы бір мұңын шаққалы келді ме екен деп тағы да 
дағдардым.
Бір кезде қыз есін жиды.
— Сүйінші, Ербол, Заман тірі екен! - деді бір жылап, бір күліп. -
Досың тірі екен, сенің!..
Мен сенерімді де, сенбесімді де білмедім. Төбе шашым
тікірейіп, өне бойым түршігіп кеткендей болды. Өйткені осы 
байғұс бала ойсоқты боп кеткен жоқ па екен деген күдік келді 
маған.
Сонымды сезгендей қыз басын шайқап, безек кақты.
— Рас, рас, Ербол, айналайын, қуатым. Илан менің сөзіме, илан! - 
деп Тана тез ридикюлін аша бастады. Одан бір конверт шығарып, 
конверттің ішінен екі хат суырып алды. - Мынау - Заманның біздің 
үйге жазған хаты, мынау - менің сіңлімнің маған жолдағаны.
Мен жалмажан, саусақтарым дірілдеп, Заманның хаты деген 
қағазды аша бастадым. Рас, Заманның жазуы, соның өз 
қолтаңбасы. Хаттың басына бір қарап, дереу аяғына көз жүгірттім. 
«1946 жыл, 15 сентябрь» деп жазылыпты. Содан соң мен 
бассалып, Тананы шепілдетіп сүйе бастадым. Осыдан нақ екі жыл 
бұрын бір төсекте жатып, Тананың бетінен сүйіп, көзінен аққан
қайғылы жасын қоса жұтып едім. Енді міне, оның бетінен
екінші рет сүйіп, көзіндегі қуаныш жасын қоса сіміріп тұрмын.
Екеуміз біріміздің бетімізді тыным таппай шөпілдете сүйісіп 


жатырмыз. Бір кезде дедек қағып Жомартбек келді. Сүйісіп жатқан 
екеумізді көріп ол танданғандай боп сəл тұрды да, қолындағы 
шайнекті еденге қоя салып, жүгіріп келіп, екеуміздің бетімізден 
кезек сүйе бастады.
— Сен неге сүйесің Тананы? - деймін мен Жомартбекке қуана
күліп.
— Сен сүйген соң сүйіп жатырмын. Ал сен неге сүйесің?
— Онда себеп бар. Жарайды, сен Тананы қыз болған соң сүйдің
дейік. Ал менде нең бар?
— Сен Тананы сүйген соң, ол сені сүйді. Өзін мен сүйсем, Тана да 
мені сүйе ме деп дəметіп жатырмын, - деді Жомартбек 
шімірікпестен.
Үшеуміз де күлдік. Содан кейін:
— Ендеше сені де сүйейін, бауырым, - деп Тана Жомартбектің оң
бетінен шөп еткізді.
— Мына бетім өкпелеп қалады, мұны да сүйіңіз, - деп Жомартбек 
дереу Танаға екінші бетін тосты. Тана Жомартбектің сол жақ 
бетінен тағы да сүйді.
Тағы да ду күлдік. Осыдан соң ғана есімізді жинағандай болып,
хаттарды қайта оқыдық.
Сөйтсек, 1943 жылы Заман өлмепті. Ол ротасымен қоршауда 
қалады. Қоршауды бұзып шығамыз деп түнде шептегі немістерге 
шабуыл жасағанда Заман ауыр жаралы боп, жау қолына түседі. 
Ротаның жартысы аман- есен өзіміздің жаққа өтеді. Ол
тұтқындар лагерінде болады. Бірнеше рет қашуға талаптанып, 
қолға түсіп қалады. Ақыры, 1945 жылы майда əскери 
тұтқындармен бірге біздің қолға өтіп, кейін сотталады. Содан бері
Орал тауында шахтада жұмыс істейтін көрінеді.
Заман хатының соңында өздерінің Свердловск қаласының
солтүстік-батыс жағында сексен шақырымдай жердегі Билимбай 
деген жұмысшы поселкесінде тұратындығын айтып, əдірісін 
көрсетіпті. Келем деген кісі алдымен Свердловскіге жетсе, одан 
кейінгісі қиын емес - біздің рудниктің кен тасыған машиналары 
ағылып жатады депті. Əрине, ол ешкімге де, Танаға да кел 
демеген, бірақ ерікті өзіне тастаған. Ол қалай дегенмен де, 
уақыты бітіп, босағанша біраз қиындық көруге тура келетінін 


ескерткен. Ал хатының ең соңында былай депті: «Соғыстан 
кімдер тірі қалды? Ербол аман оралды ма? Көрсең, менен көп-көп 
сəлем айт. Əдірісімді бер». Сонымен Жомартбек, Тана, мен
үшеуміз үстел үстіне жайып жібердікте, картаға үңілдік. Ары
қарап, бері қарап, ақыры Орталық Оралдан Свердловскіні таптық 
та, оның маңынан Билимбайды іздедік.
— Осы Билимбай дегеніміз картаға түсетін жер аты емес, Заман 
ағайдың пəтерде тұрған үйінің иесі боп жүрмесін, - деді 
Жомартбек күлдіріп.
— Расында да өзі қазақ атына ұқсас екен, - деді Тана бір жылап, 
бір күліп. Тана жылаған көзінде көзінен көк маржан домаласа, 
күлгенде аузынан ақ маржан шашылған секілденеді.
— Бəлкім, башкұрт жері болар, - деймін мен оларға өз
жорамалымды айтып.
— Бəсе, - деді бір кезде Жомартбек масаттанып, - бала кезімде 
бірсыпыра б… жесем керек еді. - Осылай деп ол сұқ саусағын 
шошайтып, картаға тіреді.
— Ой, ой, Жомартбек, байқа, картаны тесіп жібересің, - дедім мен 
оған күлместен, жымимастан, көзімді бақырайтқан болып. - Сенің 
саусағың саусақ емес, шеге екенін білмейтін бе едің? - Жомартбек 
мырс етті. Өйткені арық, қолы-басы шидей Жомартбектің 
саусақтары шегедей салалы, ұзын болатын. Оның саусағы
бүйіріне тиіп кеткен қыздардың қайсысы болса да баж ете 
қалатын. Əсіресе Зайкүл: «Əй, əй, Жомарт-бек, тілінді қалай 
сұқсаң, олай сұқ, бірақ ана шегелерінді ары əкет» деп безек 
қағатын. - Бірақ мақтануыңа əбден болады - бала күнінде б…-ны 
көп жесең, əрине табасың. Жарайды, саусағынды тарт енді.
— «Б» деген немене, витамин бе? - деді Тана да мырс етіп.
Жомартбек тез саусағын ала қоймады.
— Немене, сен «б… » дегенге ананы айтып тұрсың ғой, - деді ол 
маған бұрылып. Қазақта кімде-кім бала күнінде өз кəкейін көп 
жесе, өскенде сол көргіш болады деген əзіл сөз бар емес пе. 
Менің де ойыма келгені сол еді, Жомартбектің де «ананы» деп 
тұрғаны сол. - Оны жесең, өзің жеген шығарсың. Ал мен ботқаны
айтамын. Біздің жақта күріш көп болады. Мен бала күнімде күріш 
ботқаны көп жегенмін. Ал ботқа жегеннің көзі көреген болады 
дейтін үлкендер.


— Біздің жақта күрішті жасық ас деп есептейді. Сенің көреген боп 
жүргенің күріштен емес шығар, - дедім мен күліп. Тана да күлді.
Басын шайқап Жомартбектің өзі де қосылды. Күлкіміз
тыйылғаннан кейін Жомартбек картадан саусағын көтерді.
Билимбай картада расында да бар екен. Оған көзіміз түсіп,
əрқайсымыз өз ауылымыздың төбесін көргендей, қуанысып 
қалдық.
— Ал енді не істеймін мен? - деді Тана менің бетіме 
шыдамсыздана қарап. - Сенімен ақылдасуға келдім. Хатты кеше 
алғамын, бүгін сабаққа да барғамын жоқ.
Мен ойланып қалдым.
— Заман өлді деп хабар келгелі екі жылдан асты. Басқа сөз
беріп қойған ешкімің жоқ па еді? - дедім төмен қараңқырай, 
күбірлеп. Қыз жылап жіберді.
— Ербол-ау, Заманның аты ойымда тұрғанда мен кімге қараушы 
едім. Оның аты мəңгі менің жанымда, жүрегімде, жадымда емес 
пе!
Осылай деп қыз көзінің жасын қайтадан сүртті. Мен күліп, əзілге
айналдырдым.
— Маған да қарамас па едің, Тана? - дедім.
— Иə, саған да, - деді қыз да күліп. - Бірақ, Заман болмаса, саған
қарауым мүмкін еді.
— Рақмет, Тана, - дедім мен қызды шашынан сипап. - Ендеше
сенің Билимбайға баруың керек болар.
Қыз қуанып, орнынан атып тұрды.
— Өзім де осы қорытындыға келіп едім, Ербол, - деді ол түрегеп
тұрып, мені иығымнан құшақтап.
— Ойбай, бұл мəселеден мені де шет қалдырмаңыз, - деп 
Жомартбек орнынан ұшып тұрып, Танаға ол да иығын тосты. Тана 
оны да құшақтады.
— Түу, рақаттанып қалдым ғой, шашымнан бір сипап жіберіңізші. - 
Тана Жомартбекті шашынан сипап, басын бауырына қысып, 
босатты. - Осында отыз қыздың ортасында отырмыз Ербол 
екеуміз. Бірде-бірінің дəл сіздей шарапаты тиген емес бізге. 
Ербол Меңтайға неге құмар десем, қыздың сипағаны жақсы 


болады екен ғой, шіркін!
Үшеуміз де ду күлдік. Күлкі тынған соң Жомартбек байсалды
қалпына келді де, Танаға қарады.
— Оқуыңызды қайтесіз, Тана? - деп сұрады.
— Тастаймын, - деді Тана бірден. - Заманым ана жақта ауыр
жұмыста жүргенде оқу, қызық маған не керек? Барамын, 
қасында боламын. Ол отқа күйсе - бірге жанамын, ол су түбіне 
кетсе - бірге батамын! Мен Тананың түрінен шын ғашықтың 
шешімін таныдым. Таныдым да: «Ер екенсің ғой, айналайын!» деп 
іштей құптадым.
Ары талқылап, бері талқылап, ақыры біз мынаған келістік.
ЖенПИ берсе, Тана екінші курсын бітіргені жайында анықтама 
алады. Бермесе - жүре береді, артынан жібереміз. Өйткені ол 
документтерін ала кетсе, Свердлов оқу орындарынын біріне түсіп, 
Заманға жақын жерге орналасады. Ал, анықтаманы аттестатымен
қоса кейін жіберсек, онда ол сон-дағы бір институтта сырттан
оқитын болады. Сексен шақырым жерде институт болса, оны 
бітіріп алудың не қиындығы бар?!
Одан кейінгі мəселе қаражат жайына тірелді. Менің жазда курьер, 
корректор болып тапкан екі мың сомдай ақшам болатын. Тананың 
қаражатына сол жарайды деп есептедім. «Əттең, бір 7-8 мың сом 
болса, жақсы болар еді», - деп өзімнен өзім кіжіндім. Бірақ
қара табан студенттің құр кіжінгенінен не шығады?! Жоққа
жүйрік жетпегенде, ол қалай жетсін?
— Қашан жүресің? - дедім мен содан соң.
— Ұшарға қанатым жоқ, Ербол. Тез жүрсем, тез жетсем, тезірек
көрсем екен! - деп қамықты Тана.
Мен тығып жүрген бар ақшамды алып, ескі ақшаның көзі ғой онда, 
қобыратып, Тананың редикюліне салып бердім.
— Апырай, Ербол-ай, - деді Тана тағы да тамағына жас
тығылып, - мен сенің адал дос екенінді білгенмен, мынадай 
мырза екенінді білмейтін едім…
Мен бұл сөзді де əзілге айналдырып жіберуге тырыстым.
— Жолдасың жомарт болса, сен қалай сараң боларсың, - дедім
күліп, Жомартбекті нұсқап.


Жомартбек менің осы сөзімді пайдаланып, тез жəп ете түсті.
— Мұны сіз жалғыз Ерболдың бергені деп ойламаңыз, Тана, -деді 
ол қутындап. - Бұл сіздің жолыңызға Ербол екеуміздің 
қосқанымыз.
— Рақмет. Бұл еңбектерінді тірі болсам ұмытпаспын да, өтемей
жəне тынбаспын!
— Əрине, сіздің екі есе ғып өтейтініңізге мен шүбəланбаймын, -
деді Жомартбек қуақыланып.
— Əкел қолыңды, бауырым, - деді Тана күліп, екі көзі оттай
жайнап, - осы еңбектеріңді үш есе ғып өтейтініме ант етемін.
Мен баж ете қалдым.
— Қой, Тана, Жомартбек қалжындап тұр. Бұным саған қарыз емес, 
достық қарызының титімдей төлеуі ғана болар бұл. Ана 
қарызынан кейінгі өмірде өтелмес үлкен қарыз достық қарызы 
екенін білесің ғой өзің. Бұл əшейін жол қаражаты болсын -дегенім. 
Бала боп кеткенбісің, қайдағыны айтып.
Мен ашуланған болып аузымды бұлтиттым.
— Айналайын, айналайын, қалқам, - деді ол тағы жылап, -
ашуланбашы маған аптаның орайында қалайда жүрмек болды.
Жомартек екеуміз билет алып, шығарып салуға
уəделестік.Ертеңінде бұл оқиға бүкіл біздің курсқа тарады. 
Жомартбек менің анада, емтихан кезінде Тана туралы айтқан 
əңгімемнің шын екендігін, Тананың жігіті, менің досым Заманның 
өлмей, тірі боп шыққаны, соны естіп, Тананың ЖенПИ-дегі оқуын 
та-стап, Оралға жүргелі жатқанын, менің алдағы базарда костюм, 
пальто, аяқкиім сатып аламын деп жинап отырған ақшамды бір
тиынына дейін қалдырмай Тананың редикюліне салып
бергенімді бірін қалдырмай қыздарға айтып қойыпты. Қыздардың 
бəрі танаулары делдендеп, дүрлігіп алыпты.
— Рас па, ағай?
— Шын ба Жомартбектің айтып жүргені? - деп менен бірінен соң
бірі сұрасады.
— Алла-ай, не деген күшті махаббат! - дейді Зайкүл жағасын 
ұстап. - Бұл заманда да мұндай махаббат болады екен ғой. Мен 
ойлаушы едім махаббат анау Қыз Жібек, Баян сұлулармен біткен 


шығар деп.
— Иə, неге сен олай ойлайсың? - деп Майра шап ете түсті оған. - 
Махаббат мəңгілік, ол ешқашан өшпейді деп оқыған жоқсың ба? 
Ендеше əр заманның өз махаббаты, өз Қыз Жібегі болады.
— Бірақ мен махаббат бар екен деп сонау Оралдағы тұтқын
адамға төбеңнен алтын құямын десе де бармас едім, қыздар, - 
деді Зайкүл иығын қиқандатып.
— Ол - сен ғой, Зайкүл, - деді Меңтай козін алысқа қадап, катты
ойлана отырып.
— Сонда сен барар ма едің? - деп Зайкүл шап ете калды оған.
— Мен ғашық емеспін, - деді Меңтай бұрылып. - Ал шын сүйіп,
уəделескен кісім болса, əрине, барар едім.
«Рас, шын сүйіп, уəделескен кісісі болса, Меңтай сөзсіз барар еді»
деп ойладым мен де ішімнен.
— Жоқ, Зайкүл, сен барасың. Баратынынды өзің байқамай 
отырсың, - деді Қанипа қасқа тісін ақситып, көзін құйқылжыта
күлімдеп. - Төбеңнен алтын құямын десе, неге бармайсың,
барасың, əрине. Өйткені, - Қанипа бұл тұста дауысын да 
құбылтып жіберді, - ол алтын ғой…
*
Қыздар ду күлісті. Зайкүлдің өзі де күлді.
— Қайдан білейін, - деді ол басын шайқап, - онда барып та қалуым 
мүмкін-ау. - Бірақ ол бұл ойына табан тіремей жатып, тез жалт
бұрылды. - Əй, алыс қой, бара алмайтын шығармын.
Айдаладағы Орал тауы тұрғай, мына тұрған Қордай тауының 
етегіндегі ауылыма барып келуге де қиынсынамын..
Жомартбек əндетіп қоя берді.
- Бектер мінер сүр каска, Шаба алмаса, үр баска. Батырлык,
байлык кімде жоқ. Ғашықтың жөні бір баска! -
деген емес пе? Ғ ашык болсаң - қашык болса да барасың, Зайкүл
апа.
Зайкүл киім жағынан өзгелерден өзін ерекше ұстауға тыры-сатын. 
Кексе əйелдерге ұксап, мойнына студент қолы жетпейтін кызыл
түлкі салып, екі колын бірдеҮі қаракөл жеңқолғапка ты-ғып,


окшауланып жүретін. Сонысына ерегесіп Жомартбек оны 
ызаландыру үшін кейде осылай, «апа» деп атайтын.
— Əй, Жомартбек, сен қотыр тоқтыша сүйкенбей, тыныш
отыр, - деді Зайкүл бұл жолы оның «апа» дегеніне шамданбай. 
- Мен ғашықтарды құрметтеймін. Бірақ өзімнен ғашықтық 
шықпайды. Ғашық болу үшін бір-ақ кісіні сүю керек. Ал маған
өзіме күле қараған жігіттің бəрі жақсы сияқты боп тұрады.
Аудиторияны бастарына көтеріп, қыздар ду күлісті.
— Зайкүл турасын айтады, - деді Ақанас.
— Мен Зайкүл апамды сөл шындығы үшін жақсы көремін ғой, - деп 
Жомартбек орнынан тұрып, кеудесін қақты. Оған Зайкүл 
масаттанып қалды.
— Ə, бəлем, мойындадың ба? Жақсы көретінінді айтқыздым
ба өзіңе?!. Енді мына Ерболды мойындатсам, онда тіпті 
арманым болмас еді.
Зайкүлдің бұл сезі тағы күлкі тудырды. Екі кезі жалт етіп, Қанипа
Зайкүлге бұрылды.
— Əрине, группадағы екі жігітті бірдей иемденіп алсаң, сенің не
арманың болушы еді!..
Осындай əзіл-күлкімен бұл əңгіме де басылған сияқты болды.
Алғашқы қос лекцияны да тындап шықтық.
— Қыздар, маған бір ой келіп отыр, - деді Меңтай бір үзілістің
кезінде.
— Қойшы-ей, саған да ой келе ме? - деді Қанипа қуақыланып. -
Онда сал ортаға ойыңды.
Меңтай орнынан тұрып, сөзін бастады.
— Менің ойымнан Тана құрбымыз бен Заман ағай кететін емес.
— Ал?
— Сонсоң? - десті Зайкүл мен Қанипа жарыса.
— Ол екеуінікі қандай мөлдір махаббат десеңші, қыздар, а!
- Рас, рас! - десіп, басқа қыздар бастарын шұлғыды.
— Заман ағайдың суретін анада ағай көрсетіп еді ғой бізге, - 
Меңтай иегімен мені нұсқады. - Сондай бір сымбатты, өңінен 


инабаты білінген əсем жастың тұлғасын танығандай боп едік қой 
суретіне қарап. Сол асыл жігіт тұтқынға түсіп, қор болып, мына-
дай күйге ұшырапты. - Меңтайдың дауысы дірілдеп кеткендей 
болды. Ол сəл тоқтап, бойын бекітіп алды да, қайта сөйледі. - 
Тана болса, «өлді» дегенге сөнбей, өмір бойы күтуге бекінген
екен. Енді оның тірі деген хабарын естігенде бар бейнетке белін 
байлап, соған жүргелі жатыр. - Меңтай үні тағы да булыға 
бастады. - Біз ғашық тарды құрметтеген елдің қыздары емеспіз бе? 
Шамамыз келгенше бұл сапарға Тананы дұрыстап аттандырып 
салсақ қайтеді…
Осылай деп Меңтай, сөзінің аяғын айта алмай, кемсендеп, бетін 
басып, жылап жіберді. Бірсыпыра қыздар оған қосыла көздерін 
сүртгі. Жомартбек екеуміз де босап, төмен қарап, партаны 
шұқылай бердік.


Меңтай қайтадан басын көтерді.
— Ағай кеше қалтасындағы бар ақшасын беріпті ғой. «Бақа 
бірдеңе етсе көлге сеп» деген бар емес пе? Тананың жолына біз 
де қаражат жинап берейік. Танымайтын, бөтен жерде жарын 
іздеген шүйкедей жалғыз қыздың күні не болатынын кім білсін… 
Бірақ ең жоқ дегенде қалтасында ақшасы болса, ол да көңілге 
медеу ғой… Менің дайын ақшам жоқ. Бірақ бір кесек нəрсемді
беремін. Жомартбек соны ертең базарға апарып сатсын да, 
ақша-сын ағай екеуі Танаға апарып берсін.
Меңтайдың ұсынысы отқа құйған майдай болды. Қыздар лап етіп, 
оны бірден қостап əкетті. Біреу елу, біреу жүз сомнан тауып
беретіндерін айтысты. Нəзилаш қолма-қол тізім жасауға кірісті.
Осы кезде Зайкүл орнынан тұрды.
— Меңтайдың жаңағы сөзі жүйе-жүйемді босатып жіберді, қыздар-
ау, - деді ол. Əшейінде Зайкүлдің əр сезін қыздар күлкімен қарсы
алатын еді. Бұл жолы ешкім езу тартқан жоқ. Əлде оның
алдында айтқан Меңтай сөзі жүректерін тебірентті ме, əлде
Зайкүл қайтер екен деп, соны сынағылары келді ме, əйтеуір,
қыздар бірінші рет тырп етпестен, тыныш күйде қалды. Бірақ 
Зайкүл олардың неге үндемей қалғандарына мəн берген жоқ, 
сөзін əрі қарай айта берді. - Иығымда түлкі жағам болған соң мына 
Жомартбек мені бай деп ойлап, «апай» деп мазақтайды. Бірақ 
менде де бір теңге ақша жоқ. Өйткені бір теңге ақшам болғаннан 
бір үзім наным болғанды артық көремін.
— Мен де сондаймын, апамнан айнымағанмын, - деді Жомартбек.
Осы тұста ғана қыздардың еріндерін күлкі қытықтап, сəл-пəл
жымиысып қалды.
— Жомартбек, қоя тұршы қыстырылмай, - деді Зайкүл оның сөзін 
шыбын шаққан құрлы көрмей. - Одан да сен ертеңтаңертен біздің 
бөлмеге келіп, менің түлкі жағамды алып кет. Соны базарла да, 
ақшасын осы іске қос.
Мұндай ерлікті Зайкүлден ешқайсымыз да күтпеген едік. Бəріміз 
таңырқап, таңданып, бір сəтке үнсіз қалдық. Бұл үнсіздікті 
Жомартбек бұзды.
— Айналайын, апам-ай, жүрегің қандай жақсы еді. Келші, 
бетіңнен бір шеп еткізейін, - деп Ш Зайкүлге қарай ұмтылды.


Зайкүл қымсынбастан бетін тосты. Жомартбек оны құшақтап,
бассалды. Жұрттағы да қыран күлкіге батты.
Ертеңінде Жомартбек қыздардың берген заттарын осы күнгі
стадион орнындағы ескі-құсқы базарына апарып өткізіп келді.
Оның ең қымбатқа сатқаны Меңтайдың қызыл көрпесі
болыпты. Жомартбек Меңтайдың шешесі мен ағасынан қалған 
белгі - жалғыз көрпесін сатпаймын, алмаймын деген екен. Ол: «Ал,
апар, басқа бағалы затым жоқ» деп қиылып, болмапты. Сөйтіп мен 
үшін махаббаттың жалауындай болған қызыл көрпе ақыры асыл 
махаббатгың мұқтажына жұмсалды. Сонымен, қыздардан бас-
аяғы төрт жарым мың сом ақша жəне жиналды. Сол күні
кешке кітапханадан шығып, жатақханаға кірсем - маған келген
телеграмма жатыр екен. Тез ашып жіберіп, асыға көз жүгірттім.
«Алма-Ата Виноградова, 62, комната, 69
Есенову Ерболу.
Бесконечно рад, мой бесценный друг. Обнимаю и целую тебя 
тысячу раз. Таня, если хочет, если любит меня по-прежнему, 
пусть приедет. Буду ждать с нетерпением. Твой Заман».
Тана келіп, Заманның хатын көрсетіп, баруға бел байлағаннан 
кейін мен Заманға телеграмма жібергенмін: Тананың барғысы 
келеді, қабылдай аласың ба, тез хабарын жібер дегенмін. Бұл 
Заманның соған жіберген жауабы екен. Демек, оның Танамен 
бірге тұруға мүмкіншілігі бар деп түйдім.
Ертеңінде Жомартбек екеуміз Танаға барып, телеграмманы
көрсеттік. Одан соң Жомартбектің Жоғарғы Совет
Президиумында қызмет істейтін туысына барып, келесі күні
жүретін Алматы - Москва поезына билетке бронь алдық. Сол
бронымен Свердловскіге дейін деген билет қолымызға тиді.
Тек Тананың Куһбышевта басқа поезға отыруына тура келеді.
Тана жүретін күні вокзалға соңғы лекцияны тастап, біздің
группа түгел барды. Вокзал басында қыздар Танамен шетінен 
көрісіп қоштасты. Əсіресе, Тана мен Меңтай бірінен-бірі ажыраса 
алмай, көп жыласты.
— Жайықтан жеке жөнелген Төлегендей болып, жалғыз
аттандың-ау, құрбым, - деп Меңтайдың егіле айтқан сөзі 
бəріміздің сай-сүйегімізді сырқыратты.


Көзімнің құйрығын қайта-қайта сипалап, ернімді үсті-үстіне
тістелеп, бордай босап, ішімнен егіліп, мен тұрдым.
Содан соң Тананы вагонға орналастырдық та:
— Қош!
— Қош!
— Заманға сəлем айт!
— Сəлем айт! - деп біз қалдық.
Алматының қою түні бүркеген поезд ішінде, вагон 
доңғалақтарының рельс қоспасына сарт-сұрт соғылған
ырғағымен теңселіп, белгісізге бет қойып, Тана кетті алысқа. 
Аяулы ғашық аттанған поездың барлық дүрсіл- гүрсілін жүрегімізде 
сақтап, біз қалдық перронда.
XV
Көктемде топыраққа түскен дəн алдымен нəзік сабаққа ай-
налып, артынан уақыты жеткенде бас жарады. Уақыты жеткенде 
тал бүршіктейді, өсімдік түйін тастайды, алма ағашы гүлдейді, гүл 
аузын ашады - шешек атады. Өсімдік үшін осы бір ғажап шақ тек 
қана жазда болады. Ал махаббатқа мерзім жоқ - ол жылдың төрт
мезгілінің қалаған маусымының сəтті сағатында жүректе гүл жарып 
шыға келеді. Махаббат гүлдегенде жас адамның аузынан 
«сүйемін» деген асыл сөз ақтарылады. Менің Меңтайға деген
махаббатымның сол сағаты ноябрьдің алғашқы күндерінің
бірінде, Никольск шіркеуінің түнгі он бірдегі қоңырауымен қоса 
соқты.
Соның алдында ғана жүрегім өз-өзінен өрекпіп, үйде отыра алмай, 
сыртқа шыққанмын. Жомартбек жоқ еді, Пернеш кітапханадан
қайтпаған. Тек Телеубек қана төсегінде қорыл-дап, ұйықтап
жатқан. Соның қорылы ойымды бөлгеннен кейін, оңаша жер 
іздегі, екі жатақхана арасындағы ашық алаңға бет қойғамын.
Калинин көшесі жақтағы жатақхана жанында, басына темір 
телпекті шам орнатылған биік бағана түбінде ұзын орындық 
болушы еді. Соны бетке алып, аттай бердім де, онда біреудің 
отырғанын аңғардым. Аяндап қасына келсем, ол отырған Ментай 
болып шықты. Оның Меңтай екенін танығанда жүрегім дір ете 


түсіп, өз- өзімнен дегбірім кетіп, састым да қалдым.
— Кеш жарық, Меңтай, - дедім əр сөзім кекештің аузынан
шыққандай əрең қиюласып.
— Жарық кеш жан лəззəтті болсын, ағай. Келіңіз, отырыңыз.
Қасында бірнеше кісілік бос жер болса да, Меңтай сырғып, маған 
ез орнын берді. Менің жүрегім одан сайын лүпілдей түсті. «Өз 
орнын бергені - өзгеше қадірлегені ғой Меңтайдың» деп ойладым 
ішімнен. «Кадірлегенің жақсы-ау, бірақ құрметіңнің бəрі менің
аузыма қақпақ, басыма тоқпақ боп жүр ғой» дедім тағы да.
Ойлағаным осы болса да, аузымнан шықканы баска сөз болды. - 
Жалғыз неғып отырсың, Меңтай?
— Жай. Жатар алдында ауа жұтайын деп шығып едім. - Меңтай 
біздің жатақхана жаққа көз тасап алды да, сөзін қайтадан 
жалғады. - «Кімді ойласа, сол келеді» деген рас екен, ағай. Мен 
жаңа ғана сіздің бөлменің терезесіндегі шамды көріп, «ағай əлі 
сабақ қарап отыр екен ғой» деп ойлап едім.
«Ойлағаның, есіне алғаның қандай жақсы, - дедім мен ішімнен. - 
Ал мен сені сағат сайын ойлаймын ғой, Меңтай. Сен осыны 
білесің бе?
Теңіз тебіреніп, жағаға толассыз толкын лақтырғандай бір сəт
гуды. Менің де теңіздей тербеліп сөйлегім, ішімдегі Меңтайға 
деген махаббат толқынын ағылта ақтарғым келді.
— Рақмет, Меңтай, - дедім тағы да екі сөздің басын əрең қосып. -
Ойлағаныңа…
О, ғажап, теңіз тұрғай, титімдей бұлақ құрлы да қауқарымның 
жоғын аңғардым. Аузымды байқаусызда біреу желімдеп кетіп,
соны күшпен əрең ашатын сияқтымын. Ашқанмен ар жағынан
ақтарылар ештеңе жоқ, адасқан жалғыз қаздай қалбалақтап,
анда-санда бір сөз зорға шығады. Бірақ сыртқа шығарып айта
алмағанды іштей сарнауға шебермін ғой мен. Дегенмен,
аузымды судан шыққан балықтай бостан-бос ашқаныма мəз 
боп, бірсыпыра асыл ойларымды ақтардым-ау деп жорамалдадым 
ішімнен.
Осы кезде ыңыранып, Никольск шіркеуі үн қатты. Мен шіркеудің 
өзін жек көрсем де, оның қоңырауының үнін ұнатушы едім. «Дың-
дың» деп мыс қоңырау күңгірлей бастағанда істеп отырған 


шаруамды тастап, аяғына дейін тындай қалатынмын. Маған, 
əсіресе, ұзақ соғылатын, ұзаққа кететін осы түнгі қоңырау күңгірі 
аса бір сазды, қызық күйдей боп танылатын. Сол əдетім бойынша 
шүу дегенде мен тым-тырыс тыңдай қалдым да, коңырау бір-екі 
рет соғылғаннан кейін, оны тастай салып, дереу негізгі шаруама 
көштім. Осы қоңырау үнінің дүрмегімен басқа еш жанға
естіртпей айтатын басты сөзімді Меңтайдың өзіне ғана тез
ақтарып қалғым келді. Қоңырау соғылып бітіп қалмасын деп,
шапшаң Меңтайды екі қолынан ұстай алдым да, екі
алақанымның арасында «пыр» етіп ұшып кететін тірі торғай 
тұрғандай електеп, аузымды қыздың құлағына тақадым. - 
Меңтай, мен сені сүйемін! Шексіз сүйемін! - дедім біреу «тəйт!» 
десе, жылап жібергелі тұрған жас баладай кемсеңдеп. Қанща
əсемдеп, əдемілеп айтам деп пəленбай уақыт ойланып,
оқталып, жадымда жаттап журсем де мен Ментайға деген
мəңгілік махаббатымды, арман-тілегімді, шексіз ықылас,
қалтқысыз құрметімді, оны бар дүниеден өзгеше
бағалайтынымды ауызбен айтып жеткізе алмадым. Көптен бері
айтамын деп əзірлеп жүрген сездерім дəл қажетінде ауызға 
түспейтін бұлдыр, буалдыр бірдене болып кетті. Əшейінде 
тақылдақ тілім «болдырған жорғадай сенделектеп, сүрініп, 
тұтығып, тоқтап қалды. Енді сол ауыз жеткізбегенді лүпілдеген
жүрек, дірілдеген дене, денедегі лыпыл каққан сансыз
тамырлар қосыла айтып, Меңтайға асыға баяндап жатқандай 
болады. Меңтай енді солардың сөзін тындағандай, бар зейінін 
соларға аударғандай боп, жым-жырт, үнсіз отырып қалды. Осы 
үнсіздік кезінде саусақтарым терлеп, буын-буыным қалтырап 
кеткен маған кешедегі күнде міз бақпай, бақырайып тұратын 
электр шамдары өз-өзінен жыпықтай жөнелген сияқтанды. Екі
жатақхана ортасынан сылдырап ағып жатқан арықтың суы да
демін ішіне тартқандай, үнсіз қалды. Ағаш бұтақтарындағы соңғы 
жапырақтар да сыбдырын тоқтатып, сілтідей тынды. Бірақ 
өзіммен өзім əуре мен олардың неге өйткендеріне мəн бермедім, 
менің басыма төнер не сұмдықты сезгендерін аңғар-мадым.
Есілдертім Меңтайда болып, оны құшақтағым, құшқым келді.
Алғашында иық тиістіріп отырған мен оның үндемегенінен 
дəмеленіп, оң қолымды босатып, қызды қаусы-ра құшақтап, өзіме
қарай тарттым. Неге екенін білмеймін, Меңтай менің
құшағымнан сытылып шығуға əрекет етпеді. Соған
батылдандым ба, білмеймін, мен еңкейіп, оның діріл қаққан ыстық 


ерніне ернімді тигіздім. Ментай оған да қарсылық көрсетпеді. 
Осыдан кейін маған Меңтай мендік екен деген ой келді де, асыл 
арманыма шынымен қолым жеткені ме деп, көкіректе бұрқ-сарқ
қайнаған қазандай тасыған қуаныштың ыстық буы көзімді
шарпыды. Бірақ мұның бəрі Меңтайдың мені ескеруі ғана екенін 
келесі сəттерде бірақ білдім.
Ол менің сөзімді тыңдап болғаннан кейін төмен қарап, қоңыраудың 
соңғы соғылуы біткенше үнсіз отырды. Одан соң да лəм демеді. 
«Кей қыздар жігітпен кездескенде оған сүйетін, сүймейтінін бірден 
айтады. Бағзы біреулер өз ойын олай етіп жеткізе алмайды. 
Көпшілік қыздар ауызбен айтар сөзді іштей айтып, үнсіз баян
етеді. Сырттай сөзі де, үні де мəлт етіп төгілген көз жасы ғана 
болады. Сол əр тамшы жаста əр алуан отты, ыстық сөздер мен 
жан күйдірген күйініш немесе жүрек жарған сүпініштер жатады. 
Ментай да маған деген сөзін іштей айтып отырған болар» деп 
малдандым мен.
Бірақ бетіне қарасам, Меңтай бір қызарып, бір бозарып отыр
екен. Кейде дем ала алмай, кысылғанда сияқтанады. Оны 
керген-де мен Меңтай сырқаттанып калған екен деп 
сасқалақтадым.
— Немене, Меңтай, ауырып отырған жоқсың ба? - дедім көзім 
бакырайып. - Əлде менің жаңағы сөзіме ренжідін бе?
— Жоқ, ағай, - деп əлден уақытта Меңтай сəл басын көтерді. - Мен 
сіздің сөзіңізге емес, басқа нəреге қиналып отырмын.
Осылай деп Меңтай тоқтап қалды. Сəл бегелігі, одан соң əр сөзін
үзіп-үзігі айтып, қайтадан сөйледі.
— Мен де сізді жақсы көремін, ағай. - Менің бұл сөзді құлағымның 
естігеніне, ол сөздің Меңтай аузынан шыққанына сенер-
сенбесімді білмей, екі көзім жыпықтап кетті. Оған бұрынғыдан 
бетер жабыса түсіп, қолын қайтадан сипалай бердім.
Меңтайдың «Мен де сізді жақсы көремін» деген бір ауыз сөзі
мені Алатаудың етегінен ең төбесіне шырқатып бір-ақ 
шығарғандай болды. Меңтай сөзі тағы естілді. - Бірақ… - Осы 
кезде екеуміздің иығымыз ажырап, арамыз сəл ашылып кетті.
Маған «бірақ» деген сол жалғыз сөз кенет жер жарылып,
Ментай екеуміздін арамыздан түпсіз шыңырау шыға келгендей
боп керінді. Сол шыңыраудың Меңтай бір жағында, мен бір 


жағында қалған сияқтандым. - Бірақ, мен басқа біреуге уəде беріп 
қойған едім. - Меңтайдың ендігі сөзі маған алыстан, шыңыраудың 
арғы жағасынан əрең естіліп тұрғандай болды. - Сіз Совет
Одағының Батыры Мəлкен Ғабдуллаевты білесіз бе? Білсеңіз,
менің ағайым Жүніс Ербосынов соғыста сол кісінің қарамағында 
қызмет етті. Оқ тиіп, ағайым келгенде қасында Тұмажан деген 
досы болған екен. Өлерінде жалғыз бауырым, жан ағатайым 
Жүйке мені аузына алыпты. «Менің қарындасымның суретін сан 
рет көрдің ғой. Тірі қалсаң, сен соған серік, сүйеу бол - өмірлік жар 
ет. Меңтайға менің өлер алдымдағы осы өсиеттілегімді жеткіз» 
депті Тұмажанға. Ауызша айтқан өсиетік хатқа түсіріп жəне беріпті, 
- деп Меңтай көкірек жара бір күрсініп қойды. - Соғыс біткеннен 
кейін жігіт еліне барып, елінен мені іздеп осында келіп, ағайымның
қалай өлгенін баяндап берді. Ең соңында ағайымның өмірден
өтерде аузынан шыққан ақтық сөзін - өсиетін жеткізді. Мен
солқылдап көп жыладым. Көп уақытқа дейін өксігімді баса
алмадым. Жігіт қасымнан кетпей отырып алды. «Мендік боламын 
деп маған уəдеңді бер», - деді. Жанымдай көретін жалғыз
ағамның өсиеті солай болған соң жəне ел қорғап, соғыстан келген 
жіпттердің жақсы-жаманы жоқ шығар деп ойлап, «жарайды» дедім 
де, уəдемді бердім.
Меңтай терең бір дем алып,,сөзін аяқтауға кірісті.
— Бар мəнжай осы, ағай. Мен ол жігітгі сізден артық демеймін. 
Айта берсеңіз, қандай екенін де білмеймін. Ендігісін өзіңіз біліңіз. 
Тұмажанды таста, уəденді бұз дейсіз бе, оны өзіңіз айтыңыз. Мен 
сізге сенемін. Бұз десеңіз, бұзып-ақ кетейін, ағатай!..
Меңтай осылай деп айтарын айтып қалды да, бірақ бекер айттым-
ау деп өкінгендей, тез тағы да сөйлеп кетті.
— Бірақ уəде бұзған адам она ма, ағай? Уəдеге беріктік - адамның 
асыл қасиеті болуы керек қой. Ендеше қайтып бұзамын мен ол 
уəдемді.
Енді Меңтай емес, мен қиын жағдайға қалдым. Ол ендігі билігін 
өзіңіз айтыңыз деген жаңағы соңғы сөзімен менің махаббатым
мен адамгершілігімді сынға салғандай болды. Таразының бір
басында мен, екінші басында Меңтай тұрған сияқтанды. Қай 
жағына ауарын білмей таразы дірілдеп, ұзақтұрып қалған 
іспеттенді. Бір кезде оның Меңтай жақ басы дір етіп қозғалып, 
бұлдырап кетті…


Төрт жыл бірге болған майдандас достарым есіме түсті. Ол кездегі 
бəріміздің бірінші арманымыз - жауды жеңу болса, екінші
арманымыз - соғыстан соң бір-бір жақсы жар құшып, жарасты
өмір кешу еді. Көп жолдастарым осы арманына жетпей, келіп 
кетті. Тұмажан да көкірегіне сондай арман тұтып, аман келген
азамат шығар. Ендеше оның серттескен қызын бұзып алу
солдаттың солдатқа жасаған қиянаты болар. Мұным адамшы-
лықка жатпас, арсыздықпен шектесер деп бір ойладым. Жоқ, қыз 
мені жақсы көремін деп тұр ғой. Ендеше неге бөгелемін: бұз дейін
уəдеңді, бұздырайын деп тағы қобалжыдым. Осы кезде баяғы
танкпен жекпе-жек шайқасқанда өлген өз достарым көз алдыма 
келді. Олар бірінен соң бірі: «Жоқ, сержант, өйтпе. Азғырма
солдаттың серттескен қызын» деп, бастарын шайқап тұрғандай
боп көрінді. Наводчигім өзіммен өте сырлас еді. Сəлима күйеуге 
тиіп кетіп, мұңайып отырғанымда ол келіп арқамнан қағып: «Жан
табылса - жар табылады, сержант. Уайымдама!» деп жұбатқан еді 
мені. Сол наводчигім ерекше мұңайып: «Жан табылса
жар табылады ғой, сержант. Сен тірі қалдың. Жаны
кеудесіндегі кісінің жары жолында - алдында емес пе. Тағы 
ілгері жүр, ізде, табасың əлі. Бүркітбай сенің Сəлимаңды бұзып 
алғанда күйінгенің есіңде ме. Ендеше өзіңмен қарулас болып, 
жеңісті бірге шындаған солдаттың жанын жаралама, сержант.
Өтінемін!» деп тұрғандай болды.
Біресе көзіме Заман елестеді. Маңдайына түскен қою шашын 
сілкіп тастап ол: «Əй, əй, мен сенен мұндай қиянат шығады деп 
ешқашан ойламаған едім» деп теріс айналған іспеттенді. «Жоқ, 
Заман, - дедім мен оған іштей үн қатып. - Мен қиянатқа қаспын 
Азғырсам - жігітке қиянат, ыстық уəдесін бұздырсам - қызға қиянат.
Сенің досын қос қиянатты арқалай алмайды. Солдатты
қадірлегендіктен, қызды сүйгендіктен өйте алмаймын мен».
— Жоқ, Ментай, олай болса… - дедім еріндерім дірілдеп, өн-
бойым қалтырап, - мен саған сертінді_бұз дей алмаймын. -
Алтыбақан тепкен екі адамның бірі төмендегенде екіншісінің
шырқап жоғары көтерілетініндей, таразының Меңтай жақ басы
биікке бір-ақ шықты. - Онда, буынсыз жерге пышақұрып,
орынсыз қинағаныма ғапу ет…
Міне, осылай дедім. Бұлай дейтінім, тілі шабан, тілегі жүйрік ауыл 
баласымын ғой мен. Уəдеге берік, антка адалдықты жоғары


бағалап, оның өзіме келтірер залал, зиянын пайымдап
жатпастан өз үкімімді өзім шығардым сөйтіп. Əккілігі жоқ,
аңғал, адал көңілдің, жүрегіме бала жасымнан ұйып, ұялаған
арлылықтың сөзін айттым. Адалдық, тазалық, шыншылдық,
туралық - емшек сүті, мектеп өнегесі, əскер тəрбиесімен бойға 
сіңген қасиетім ғой менің. Момын əке, жуас шешеден туып, 
көшпелі колхозды ауылдың баласы болған соң, осылай айтуым 
заңды да болатын. Өзімшілдігі жоқ бөп өскен жастың бірі 
болғандықтан ол түнде өзіме қас үкім шығарыппын мен. Əрине, 
мен мұныма өкініп тұрғаным жоқ бүгін. Егер жастық шағым қайта 
оралып, мен сол жағдайға жаңадан тап болсам, соз жоқ, сол 
шешімімді іркілместен тағы қайталаған болар едім қазір.
— Сіз ренжімеңіз, ағай, - деді біраздан соң. - Біздің курстағы
қыздардың бəрі де сізді жақсы көреді. Олардың бірен-сараны 
болмаса, бəрі де жақсы қыздар. Əсіресе Майра кандай жігітке 
болса да адал жар, акпейіл дос, сенімді серік бола аларлык жан.
Сонымен мен Меңтайға бірінші рет ашық түрде сөз айттым. Ол 
қарсылығын осылай, қамқорлықпен, елжірей отырып білдірді. 
Меңтайдың қарсылығының өзі маған хош алғандай боп көрінді.
Ойын айтып болған соң ол он бойы қалтырап, сəл діріл қаққан 
тəрізденіп, орнынан тұрды. Енді кішкентай бөгелсе, өзін-өзі ұстап 
тұра алмастай көрді-ау деймін. Қолымды босатқысы да келмей, 
босатпай да тұра алмай, əлденеге күбіжіктеп, бөгелгендей болды. 
Сонсоң тез-тез басып, жатақханаға карай жонеле берді.
Қолды пышақ кесігі кеткенде адам оның ауырғанын бірден
өілмейді. Сол сияқты, өзімді өзім аяусыз жаралағанымды мен 
де Меңтай жанымнан ұзай бастағанда бір-ақ білдім. Алдындағы 
бір тар қойды қақаған қатты қыс жұт болып жалмап, қотан шетінде 
таяғын ұстап жалғыз қалған сорлы шопандай күйде болдым мен.
Менің қолыма түсер деп дəмеленген бар байлық Меңтайдың
махаббаты еді. Одан айырылып, əп-сəтте жұрдай боп, жұтадым 
да қалдым.
Өстіп ескі түрік қағанаты кезінен қалған тас мүсіндей, серейіп
тұрдым-тұрдым да, ілбіп, үйге қарай аяндадым. Аяғыма
батпан байланып қалғандай, əрең қозғаламын. Əр аттаған
сайын жер басып келе жатқандай емес, қара жердің астына 
шым-шымдап батып бара жатқан сияқтанамын. Аттаған сайын: 


«Енді маған Меңтай жоқ, Ментай жоқ!» деп күбірлеймін өз-
өзімнен.
Сол кезде Никольск шіркеуінің ыңырана, күрсіне шыққан үні
келді құлағыма. Ол да маған: «Енді саған Меңтай жоқ! Жоқ! 
Жоқ!» деп тұрған сияқты болды. Шіркеу қоңырауы түнгі сағат он 
екіні жариялады - маған он екі рет «Жоқ! жоқ!» деп қақсады. 
Бағана ғана сазды музыкадай көрінген қоңырау үні енді маған 
дүниедегі ең сүйкімсіз, құлаққа түрпідей қадалған қаңғыр лақ
дыбыстай боп танылды. Қоңырау күңгірі алыстап, талаурап
барып үзіліп кетті де, дүние тым-тырыс бола қалды. Күңгірдің
соңғы дірілімен бірге менің жүрегімдегі Меңтайға деген соңғы 
үміт қоса үзіліп кеткендей болды. Мен сүрініп, шайқалып кеттім, 
сол кезде өзімді шыңнан шыңырауға құлап бара жатқандай
сезіндім де, жалма-жан жолдағы қарт теректі құшақтай алдым. 
Оған мұнымды шаққандай өкіріп, өксіп қоя бердім…
Ертеңінде мəңгіріп, дел-сал болып қалыппын. Əлдекім мені сойыл 
сілтеп, соққыға жығып, аяусыз жаулықпен естен тандыра ұрып 
кеткен сияқты да болады. Үлкен ұрысқа əзірленіп, түні бойы жəшік-
жəшік снаряд тасып, таңертең шабуылға шығып, кешке жаудан
жеңіліп, кейін шегінген сəтте де осындай боп өлердей бір
шаршайтын шақ болатын еді. Сонда кез келген шұңқырға түсіп, 
жантайып жата қалғын келетін. Өлсем де осы жерден тұрмасам
екен деп ойлайтынсың. Сондай күйге түстім де, түске дейін
тесектен тұра алмай, тұралап жаттым. Махаббатка күйреу де 
сөғыста жасанған жаудан жеңілуден кем болмайтынын мен сонда
білдім.
Студенттің бақырауық түйедей бажылдақ темір кереуетін қайта-
қайта сықырлатып, бір жамбасымнан екінші жамбасым аунақши 
беремін. «əлі тиіп» жатқан қойдай тыпырлаймын. Бірақ маған 
«өлі» тиген жоқ, тірі тиген. Тірі болғанда мылтық кезеп, қылыш 
суырып, қырқыса кетер жау емес. Маған тиген - қарусыз қыз. Ол 
маған жау пиғылын, жат мінезін танытқан да жоқ. Күліп жүріп, 
күлімсіреп тұрып, ең ақырында көзінен бұрқ еткен ыстық жас
шығарып, мені осындай күйге, аурудай халге ұшыратты. Мен
соны ойлап, дөңбекшимін. «Не деген асыл жан еді!» деймін. 
Меңтайдың көз қызығып, көңіл сүйсініп, тамаша етерлік сырт 
тұлғасына ішкі адамгершілік парасаты қосылғанда адамды
тебірентпей, тербелтпей қоймайтынын енді ғана білгендей
болдым. Оған алғашқы көрген сəтімнен бастап, көп күндер бойы 


ғашық боп жүргенімнің де себебін сонда ғана аңғардым.
«Бұған баға жете ме? Жоқ, жетпейді!» деймін өзімнен өзім
ойланып жатып. Сондай баға жетпес қыздан айырылып
қалғаныма жүрегім сыздап, жарылып кетердей боп, екінші
жамбасыма қайтадан аунаймын. Жұдырықтан орлы жүректіңез
денемді тəсек үстінде олай бір, былай бір лақтыруға ғана əлі
келеді. Сонысымен ол маған қарсылық білдіріп, наразылық айтып 
жатқан секілденеді. «Сен неге Меңтайға тек мені сүй, тек қана
менімен бол демедің?» деп мені жазғырып, жазалап жатқанға
жəне ұқсайды. Осы арада Меңтайға жазда, емтихан бітіп, отыз 
үшінші аудиторияда сауық өткізген кештің түнінде шығарған 
өлеңімнің бір шумағы еріксіз есіме түседі. Бəрі аз бағасына 
барлық санның, Тəжтағы, дүние, мүлкі патша, ханның - Меңтайды 
мəңгі құшып сүйе тұғын Бар екен не арманы Тұмажанның?!
Өлеңнің аяғындағы «жігіт жанның» деген сөзді «Тұмажанның»
деп қалай өзгерткенімді өзім де аңғармай қалдым. «Жоқ, енді 
Меңтайға өлең шығармаймын» - дедім ішімнен өзіме-өзім ант 
еткендей. Меңтайға ешбір өлеңнің керегі жоқ. Меңтайға
керексіз дүние - маған да керексіз. Жоқ, енді мен Меңтайды
көруге де құмартпаймын. Енді мен оны ешқашан да ойламаймын.
Бірақ ғашықтың ойы басқа да, ісі басқа болады екен. Ғашық
көрмеймін, бармаймын десе, өзінің қалай барып, қалай 
кездескенін де білмей қалады екен ол.
Сол, мен үшін қайғылы түннен кейін Меңтайды ертеңінде
кешке, театрда кездестірдім тағы да. Бір-екі минуттай ғана 
қасынла тұрдым. Содан кейін мен оны, расында да, бірнеше 
күннен соң бір-ақ көрдім. Бəлкім бір аптадан кейін де болар 
шамасы.
Түнде. Жомартбек, Пернеш, Төлеубек үшеуі шырт ұйқыда жатқан 
сағат бірдің мөлшерінде, жатар алдында азғана ауа жұтбақ боп, 
аулаға шықтым. Ауладағы Меңтай екеуміз ажырасқан орындыққа 
еріксіз көз салдым. Осындай оңашада анада Меңтай отырған 
жерге барып отырғым келді. Неге екенін білмеймін, ол отырған
орындықтың тақтайын алақаныммен бір сипасам деп ойладым.
Бəлкім, онда Меңтайдын жұп-жұмсақ қолдарын қайта-қайта
сипағаным еміс-еміс есіме келген болар. Ол сəтте орындықтың
қатты тақтайы қыз қолы емес екенін ескермеген де шығармын.


Қарасам, оңаша орындықта, айнала құлаққа ұрған танадай
жым-жырт тыныштықта бұйығып біреу отыр. Жақындап келсем,
Меңтай екен. Жағын таянып, шынтағын тізесіне тіреп, төмен
қарап қалыпты. Менің тықырымды да сезбегендей, селт ететін 
емес.
Жүрегім кеудемді ұрғылап, тағы да дүрсілдеп қоя берді. 
«Жүрсенші, жүгірсеңші. Тұмажанды таста, мені сүй деп, 
жалынсаңшы Меңтайға. Аяғына жығылсаңшы жылдам!» деп тағы 
да зарлап, жылап жіберген іспеттенді. 
«Енді Меңтайдың жанына жақындамаспын, оған ешқашан бір
ауыз тіл қатпаспын» деген антымды мен біржола ұмыттым. 
Жел қуған қаңбақтай домалап, жанына жетіп барғанымды өзім де 
аңғармай қалдым.
— Сəлеметпісің, Меңтай. Жеті түнде неге жалғыз отырсың?
Бір жерің ауырып отырған жоқ па, жабырқаусың ғой өзің, - 
дедім оған бірнеше сөзді бір-ақ лақ өткізіп.
Бірнеше күн кездеспегендіктен бе, ол маған шынында да ауырып,
жүдеп қалғандай боп көрінді.
— Жоқ, қазір саумын ғой, - деді Меңтай жауап сəлемін айтқан
соң. - Жай, басым ауырған соң далаға шығып едім.
— Бірсыпырадан бері қайда болдың?
— Ауырып, үйде жаттым.
— Не дейсін, қыздар маған айтпады ғой.
— Мен қыздарға айтпаңдар, ағай босқа мазасызданбасын
дегенмін. Отырыңыз.
«Мазасызданады деп менің қамымды ойласа, онда əлі менен 
безбегені ғой. Кет əрі емес болғаны ғой» деп ойладым мен қуана 
бастап. «Мүмкін Меңтай менің əнеукүнгі өтінішімді қабылдаған 
шығар. Сонда «мен де сізді жақсы көремін» деп еді ғой. Бəлкім
сол жақсы көргені жеңген шығар. Он күн ойлап, менің
тілегімді қабылдауға бел байлап, бүгін мені əдейі күтіп отырған 
болар».
— Меңтай, - дедім мен оның қасына отырғаннан кейін
əнеукүнгідей оның қолдарын қос қолымның арасына алып. - 
Мен… мен… мен…


— Иə, сіз, - деді Меңтай қоңыр үнмен.
— Өткен жолы сен: «Тұмажанды таста деңізші. Уəденді бұз
деңізші. Сіз солай десеңіз, мен бұзып-ақ кетейін» деп едің ғой. 
Мен солай дегелі келдім саған. Сөйтші, Меңтай. Мен сені 
жанымдай жақсы көремін!…
— Жоқ, ағай, кеш қалдыңыз, - деді Меңтай қапалы үнмен.
— Неге кеш, неге? - деп мен оны өткен жолғыдай етіп, тағы да
құшақтай бастадым.
— Жоқ, жоқ, енді болмайды, ағай, - деп Меңтай құшақтатқысы
келмей, бойын аулақтата берді.
— Неге болмайды, - дедім мен оны бассалып құшактағаныма əрі 
қысылып, əрі оның өткен жолы емес, дəл бұл жолы бұлқынғанына 
таңданып.
— Өйткені болары болып, бояуы болып қалды, - деді ол
менен сəл алысырақсырғып барып, төмен қарап отырып, 
соншама бір солғын, бəсең үнмен. - Бəріне өзіңіз кінəлісіз…
Осылай деп солқылдап жылап жіберді. Орамалын алып, бір
қолымен бетін басып, өксіп отырып қалды.
Мен не істерімді, не дерімді білмедім. Бар болғаны қыздың 
жанына жақындап, оның бос екінші қолын екі алақаныммен қайта-
қайта сипай бердім. Оған да тағат қылмай, шашын сипадым.
Біраздан соң ол өксігін басып, қайтадан сөйледі.
— Əнеукүні сіз театрға Тұмажанды ертіп əкелдіңіз. Сізбен екеуміз 
осы арада отырып сөйлесетін түннің ертеңінде. Мен сол күні одан 
қашып, оны көрмейін, көрінбейін деп театрға кетіп едім. Оның бұл 
мейрамда қалайда келетінін білгенмін… Сіз театрда бізді 
табыстырып, кетіп қалдыңыз… Содан ол үш күн жатты… Мені
босатпады, - деді қыз тағы да солқылдай жылап. - Содан соң бітті, 
бəрі бітті…
XVI-XVII
Ол күні мен төсекте езіліп күні бойы жатып, кешке таман 
жатақханадан сыртқа шыққамын. Шықсам, аулада, кешегі Меңтай 
екеуміз қоштасқан орындықтың үстінде бірсыпыра таныс 
студенттер карта ойнап отыр екен. Солардың қасына бардым. Күн 


жексенбі жəне мейрамға бір-екі-ақ күн қалғандықтан ба, əйтеуір 
студенттер көңілді екен. Мені көре сала олар орталарына 
шақырды.
— Кел, кел, Ербол, - деді Төлеубек, - қарта ойнаймыз. Күні
бойы ұйықтап, басың күп боп ісіп кеткен шығар сенің. Мен 
басымды шайқадым.
— Неге, ойнамайсың ба?
— Ойнай білмеймін.
— Ең аяғы бес картаны да білмеймісің?
— Иə.
Төлеубек қарқылдап кеп күлді.
— Карта білмейсің, темекі тартпайсың, арақ ішпейсің. Сонда сен 
не білесің осы?
— Төке, Төке, ол сабақ оқуды ғана біледі, - деді Жомартбек. -
Жүріңіз, кəне, кезек сіздікі.
Жігіттер мені жайыма тастап, құлаштай соғып, картаны өздері
ойнай берді.
Осы кезде жатақхана қақпасынан елбелектеп, бірі сақа, бірі
жастау - екі жігі кіріп келе жатты. Сақасы едірендеп алға 
шығып, біздің қасымызға тоқтай қалды да:
— Жігіттер, амансындар ма? - деді.
Карта ойнап отырғандар оған оншама мəн бере қойған жоқ. 
«Аманбыз» дей салды да, отыра берді. Едірендеген жігіт маған 
көз тоқтатты да, үстімдегі гимнастеркамды көріп:
— Əй, сен өзің солдат болып па едің, əлде солдат көйлегін киіп 
отырсың ба? - деді нақ бір мені тексеруге келгендей бірден тергей 
жөнеліп.
Мен оның бетіне қарадым. Дауысы шіңкілдек, мінезі ажар-лау, 
қаймыжықтай жұқа ерінді, бітік кездеу келген талдырмаш сары 
жігіт екен. Жаңа өсіп келе жатқан, тікендей тікірейген сүйкімсіз 
шашы бар. Үстіндегісі су жаңа əскери киім: шұға галифе, 
гимнастерка, офицер белбеуі, жып-жылтыр қара хром етік. Тек 
фуражкасы ғана жоқ. Екіншісінін үстінде де көнетоз солдат киімі 
бар.


— Иə, солдатпын, - дедім басымды көтеріп.
— Солдат болсаң, бері кел, - деді өл маған көмандирімдей-ақ өкім
сөйлеп.
«Мұның менде не шаруасы бар, ей?» деп ойладым да, орнымнан 
тұрдым. Ол мені үйдің бұрышына таман алып келді де, тағы да 
тергей бастады.
- Сен студентпісің?
— Иə.
— Қай факультетте оқисың? Мен оны да айттым.
— Қай курстансың?
— Үшіншіде.
Мен тарих-филология факультетін айтқанда-ақ ол ежірендеп 
қалып еді. Ал үшінші курста оқитыным оның шамына тигендей 
боп, шытынап кетті.
— Онда сен Ербосынованы білесің бе?
— Меңтайды ма, білемін, - дедім əлде неге жүрегім су ете қалып.
— Қалай білесің?
— Бірге оқимыз.
— Басқа ештеңен жоқ па?
Мен сəл үндемей тұрдым да:
— Жоқ, - дедім.
Ол менінң бұл жауапты кідіріп барып бергеніме күдіктенгендей 
болды. Сенерін де, сенбесін де білмегендей, бетіме шегір көзін 
сығырайтып, тағы да тесіле қарады.
— Ендеше сен оны қазір бізге шақырып кеп бер, - деп бұйырды ол.
Енді мен оның бетіне тесіле қарадым. Бақсам, жігітім ептеп жұтып 
алған екен. Маған өктем сөйлеп жүргені де содан болуы керек. 
«Шабуылға шығарда сілейе шарап ішіп алып. ес-түсін білмей оққа 
қарай жүгіретін фрицке ұқсауын!» дедім оны ішімнен
кекетіп.
— Кім шақырды деймін!


«Онда не шаруаң бар?» дегендей сары шегір маған тіктене 
қарады. Көзі от шашқандай боп, қанталап кеткен екен. Морт, 
есерлеу адамның əлпетін танытгы. Ол көзін тікендей қадап, қанша 
ежірейсе де, мен орнымнан қозғалмай тұра бердім.
Сары шегір оның өз жөнін білмей шақырып бермесімді ұқты да,
мойнын күжірейтіп теріс айналды.
— Ағаң шақырады. Тұмажан келіп тұр де, - деді шіңкілдеп.
Мен селк ете түскендей болдым да, оның бетіне қайтадан
жалт қарадым. Қақас естіген жоқпын ба деп қайыра сұрадым.
— Кім дейсіз?
— Тұмажан Ошакбаев, - деді ол маған жеки сөйлеп. -
Саңыраумысың өзің?
— Иə, соғыста артиллерист болғанмын, - дедім мен де оған
тіктеп, сыздана қарап. - Содан қалған құлағымның мүкісі бар.
Мен бұл сөзді шегір сарының əкірендегеніне ыза болып айттым. 
Қанша ыза болғанмен, шыным да сол еді. Бар қиратқаным, 
дауысымды көтеріп айтқаным болды. Бірақ бұған өзімніңде
айызым қанбағанын сездім. Содан соң лақ еткізіп, аузыма келген 
бірінші сөзді жəне айтып қалдым.
— Көп болса Қыз Жібегін іздеп келген Төлеген шығарсың. Бірақ 
мен саған Бекежан емеспін, əкірендеме өйтіп!
Осылай дедім де жалт бұрылып, кетуге ыңғайландым. Алғашында 
қайтадан карта ойнаушылардың қасына барайын деп ойлаған
едім. Сонсоң осы дəлдірге ашуланып қайтемін, барып айта
салайын дедім де, жатақханаға қарай кеттім.
Меңтай бөлмесінде жоқ екен. Майра екеуі театрға кетіпті.
— Қай театрға? - деп сұрадым қыздардан оның үйде болмағанына 
бір жағынан қуанғандай, бір жағынан өкінгендей болып.
— Драмаға. Екі жігіт мені тосып тұр екен. Темекі сорған сары
шегір көк түтшді көмейлете жұтып, шпыршық атады.
Қасындағысы мені көргенде елең етіп, үсті-басын түзеп, əлек боп 
қалды.
Сары да екі саусағын белбеуіне тығып жіберіп, қораздана бастады.
— Меңтай үйде жоқ, - дедім мен олардың қасына онша


жақындамай тоқтап.
— Қайда кетіпті? - деп сары шегір тағы əкірен ете қалды.
— Театрға.
— Қасындағы жолдас қызы да жоқ па екен? - деді екінші жігіт сəл
қысыла үн қатып.
— Майра қайда екен? - деді Тұмажан онымен жарыса.
— Екеуі де кетіпті.
— Қай киноға дейсің? - деп сары шегіт қайта сұрады.
— Киноға емес, театрға. Өзің саңырау емеспісің? - деп мен де оны
шағып алдым.
Тұмажан менің кекеткеніме мəн бермеді. Қайта сұрақ қойды.
— Ол қай жерде, алыс емес пе?
— Жоқ, алыс емес. Осыдан үш-төрт-ақ квартал жерде,
Дзержинский мен Виноградов көшелерінің қиылысында, - дедім 
Никольск шіркеуі жақты нұсқап.
Мен олардың қасынан өтіп, жаңағы карташыларға қарай беттедім. 
Зығырданым қайнап, өзімнен-өзім ыза боп келе жаттым. Неге 
ашуланғанымды жəне білмеймін. Осы кезде сырт жағымнан: 
«Ағай, тоқтаңызшы» деген дауыс естілді. Мойнымды бұрсам, 
сары шегіттің жолдасы екен.
— Ағай, ана кісінің сөзіне ашуланып қалдыңыз ба? Ол кісінің мінезі 
солай. Майданда батырдың жолдасы болған кісі, өзі де ер мінезді 
адам. Меңтай оның қарындасы емес, уəделескен қызы, жаңа оны 
өзіңіз дəл тауып айттыңыз. Алда мейрам келе жатқан соң сол
кісіге жолығып қайтайық деп ауылдан, сонау Нар
станциясынан келіп едік. Оның үстіне ана кісі «Меңтайдың жақсы 
құрбысы бар, соны саған таныстырамын» деп сүйрелеп болмады 
мені. Менің де əскерден келгеніме екі ай ғана болып еді. Өзіңіз де 
солдат екенсіз. Сізден өтінішім, мына екі солдат бауырыңызды 
театрға ертіп апарсаңыз екен. Біз оның қай жерде екенін
білмейміз. Ағай, мен сізден жалынып өтінемін…
Осылай деп, Тұмажанның жолдасы лақ еткізіп бар сырын бір-ақ 
айтты. Жəне іші-бауырыма кіре өтініш етті. Мен бұл жас жігіттің 
тілегін қайтара алмадым. Осы жігіт үшін екеуін театрға алып 
бармақ болдым.


Үшеуміз Никольск базарын басып өтіп, шіркеудің жанымен,
базар маңындағы ескі үйлерді артқа тастап, алдымен Дұңған 
көшесіне, одан соң Аманкелді көшесіне шықтық. Жас жігіт екеуміз 
анда-санда тіл қатысып қоямыз. Одан жөн сұрадым. Ол Нар 
ауданындағы бір колхоз председателінін баласы екен. Аты - 
Ерғазы. Бұл əскерде жүргенде əкесі ауылдағы біреудің қызын
əпермек боп, уəделесіп қойыпты. Бірақ жігіт оны ұнатпапты. 
Қасындағы ағайы бір күні ауылдарына уəкіл болып келіп, 
үйлерінде қонақ болып отырып: «Мен саған Алматыдан қыздың 
көкесін тауып беремін» депті. Сонымен ол мұнда «қыздың көкесін» 
іздеп келіпті. Ерғазы қалған сырын осылай, шелектен су 
құйғандай етіп, тағы бір ақтарып салды да, кейінірек келе жатқан
Тұмажанға естіртпей:
— Бұл кісі аудандық мекеменің меңгерушісі, - деп қойды. Өзбек 
көшесін кесіп өтіп, драма театры тұрған Дзержинский көшесіне 
келіп тірелдік.
— Театр осы, - дедім мен кеше жақ қабырғасында кішігірім 
қазандай аспалы сағаты бар, бүйіріне сыған əйелдерінің киіміндей 
əр түрлі алаба жақ афиша қағаздары жапсырылған, жатаған, өзен 
пароходына ұқсас, үлкен үйді нұсқап.
— Бұдан біз қалай табамыз? - деді Ерғазы апалақтап.
— Билет алып, ішіне кіріңіздер.
— Қазір ойын басталып кетті ме екен?
— Басталған болар. Бірінші акт бітіп, жұрт үзіліске шыққанда
тауып аласыздар ғой.
Арттан ырғала басып Тұмажан келді. Ол келе сала театр 
қабырғасындағы афишаға үңілді. Онда көрсетілген
спектакльдерді бір-бірлеп оқи бастады.
— Е, бүгін «Қобыланды» екен ғой, - деді ол.
— Иə, «Қобыланды» екен, - деді Ерғазы. «Əр Дон-Кихоттың өз
Санчо Пансасы болады» дедім мен ішімнен. Сонсоң бұрылып 
өз жөніммен кетуге оңтайландым.
— Тоқта, сен қайда барасың? - деді «батырдың жолдасы»
дегбірсізденіп.
— Театр осы. Керек кісілеріңізді осыдан іздеп тауып алыңыздар.


— Əй, сен тауып берсеңші, біз қалай табамыз?
Бағанағыдай емес, «батырдың жолдасы» жұмсарып қалыпты. 
Бұл жолғы үні тіпті жалыныштылау болып шықты. «Батырға да 
жан керек» деген емес пе, театрға келген қалың жұрттың ішінен 
өзіміз таба алмаспыз деп қорыққан болуы керек.
— Ағай, сөйтсеңізші, - деп Ерғазы қоса жалынды.
Мен олардың бұл өтінішін тағы да жерге тастай алмадым. Ішке 
кірсем, фойеде кассирден басқа ешкім жоқ екен. Ойынның 
басталғанына жарты сағаттай болыпты. Бірақ билет бар екен. Мен 
қойны-қонышымды тінтіп, əрең дегенде балконға кіретін илеттің
ақшасын жинап алдым. Бұл ертең тамақ ішуге тиісті
ақшам еді. Намыстанамын деп жаңағыларға ақшамның жоғын да 
айтпадым. Ішке кіріп, қараңғы дəлізбен өзіміз əзілдеп «Студенттер 
олжасы» деп атайтын балконға көтерілдім. Қап-қараңғы есіктен 
ішке бас сұқтым.
Сахнада - сəнді сарай көрінеді. Бұл - Қобыландыға жау ел - 
Қызылбас жұртының ханы Көбіктінің сарайы. Сарай алдында 
«Кек, кекелеп» өзінен өзі қойқандап батыр Қазан жүр. Осы арада 
сыртта қалған Тұмажан ойыма түсті де: «екі заманның екі есер 
батырының бір-біріне ұқсауы-ай» дедім ішімнен. Бір жақтан 
сыздана алшандап Алшағыр батыр жəне шықты. Екеуі хан қызы 
Қарлығаға таласып, біріне-бірі сапы ала жүгірісіп, текедей тіресті 
де қалды.
Балконның ең артында түрегеп тұрып көрген бұл көрініске мен 
мырс етіп тағы да күлдім. Жаңағы Тұмажан екеуміздің жатақхана 
жанында шарпысқанымыз ойыма түсіп кетті. Бұлар да қызға 
таласып жатыр екен ғой дедім ішімнен.
Сахнадағы бұдан кейінгі көріністерге жете назар аудармадым. 
Бар болғаны Кекланның шашы жалбырап, «Зу-зу арзу» деп
сахнада ұшып жүргені. Қарлығаның өзіне құмар қос батыр
Қазан мен Алшағырға қыр көрсетіп, жалаң қылышты 
жарқылдата би билегені есімде қалды.
Бір кезде жарқ етіп шам жанды. Жұрт орындарынан тұра бастады. 
Үзіліс болғанын мен сонда ғана білдім. Жалма-жан балкондағы
жұртқа бір, төменге бір қарап, өзі арық мойнымды қыл-қандатып 
соза бастадым. Жоғарыға шапшаң көз жүгіртіп, төмендегі жұрт 
арасынан іздеуге асыққандықтан ба, балконда біздің қыздар жоқ


сияқты көрініп, тез төмен қарай жүгірдім. Жан-жағыма алақтап
көз салып, əркімге бір тесіле қарап, елпендей басып келе 
жатыр едім. Сол кезде фойедегі жұртты қақ жарып, таныс, 
бейтаныс адамдарымен қайта-қайта бас изей сəлемдесіп,
көрермен қауымға мейірлене, бейілдене жымиып. сол 
жымиюмен жан- жағына шуақты жылу шашып, маңғаз аяндап
профессор Əуезовтің қарама-қарсы көп қалғанын бір-ақ
аңғардым. Жалма-жан шетке бұрылып:
— Мұхит аға, сəлеметсіз бе, - деп оң қолыммен кеудемді басып,
бас идім.
— Бəле, бұл, Ербол, сенбісің, «Қобыландыны» көруге келдің
бе?-деп Əуезов бұрылып келіп, мені білегімнен ішды. Осы
арада мен көптеген таныс, жүздеген студенттері бар Əуезовтің
адам аттарына соншама зеректігіне тан қалдым. Профессорға
сəлем бере тұрып, бұл кісі менің жүзімді танығанымен,
атымды біле қояр дейсің бе? Күн сайын алдынан топ-тобымен өтіп 
жататын шəкірттерінің қайсысының аты- жөнін біле береді, менің 
есімім де есінен шыққан шығар деп ойлаған едім. Жоқ, олай емес 
екен. Профессор мені өзімен ілесе жүруге икемдеп, сөзін
жалғады. - «Қобыландыны» көруге келгенің абзал болған, көру
керек. Жалпы театрға көп барғаның, спектакльдерді көп көргенін 
дұрыс. Мен Ленинградта оқығанда əрбір жаңа спектакльді
босатпай көретінмін. Кітаптан оқығанда көп нəрсе көзден таса
қалып қояды. Ал сол оқиғаны сахнадан көрсең, ол ешкашан 
ұмытылмастан есінде жүреді. Сахна тəрбиесі деген - ерекше 
тəрбие. Ол ұғымды, жұғымды, ұтымды болады, Ербол. Жалпы
өнердің бəрі ұстаз ғой. Ал ұстаздардың ішінде тындаушының
құлағына құйып беретін бір сұңғыла, шешені, ұқпас ерік
алдыңа қоймайтын өзгеше салауаттысы болмай ма? Ендеше 
театр өнерін де сондай ұстазға пара-пар деп білуің керек. Театр - 
бос ермек, орынсыз күлкінің орны емес. Ол ақыл мен сезімге нəр 
беретін орын…
Əуезов өзінің теңіз ырғақты үнімен тебірене сөйлеп кеткен еді. Мен 
даладағы екі жігітті де, театрдан өзім іздеуге келген екі қызды да 
ұмытып, профессордың шабытты сөзін ұйып тындап қалған 
болатынмын. Осы кезде біреу көлденең деп келіп, қос қолын
бірдей ұсынып, Əуезовтің сөзін бөліп жіберді. Онымен
амандасқаннан кейін профессор қайтадан маған қарады.


— Орның бар ма өзіңнің? Қай жерде? - деп сұрады.
— Бар, Мұхит аға, - деп мен саусағымды шошайтып, төбені 
нұскадым. Оным «орным балконда» дегенім еді.
— Менің қасымда, бірінші қатарда бір бос орындар тұр. Мен
саған ақша берейін, Ербол. Егер сол орындардың бірі шын
бос болса - билет ал. Орын болмаса - ақша қалтанда қалсын,
басқа бір керегіңе жаратарсың, өз орнында отырып көре бер, - 
деп Əуезов жұрт көзінен тасалай қалтасынан жүз сом суырып,
менің алақаныма салып, жұдырығымды өзі жұмды. Сонсоң 
иығымнан қағып: бар, тез билет алып кел, Ербол, - деді.
Мен: «Рақмет, Мұхит аға» деп міңгірлеп, өз-өзімнен қызарып,
сыртқы есікке қарай аяндадым. Есікке тақағанда бүйірден бір 
таныс дауыс құлағыма шалынды.
— Иə, ағай, кімді іздеп жүрсіз?
Жалт қарасам, Майра екен. Қасында Меңтай тұр.
— Сендерді, - дедім қуанып кетіп. - Қайда отырсыңдар өздерің, 
бағанадан бері шарқ ұрып, таба алмай жүрмін.
Сөйтсем олар балконда, нақ менің алдымда, иегімнің астында 
отырыпты. Мен жарты сағаттай қараңғыда, солардың желкесінде 
тұрыппын.
— Иə, ал, неге бізді іздедіңіз? - деп сұрады Майра. Меңтай да 
етіме қарады. Бұл сұрақты ол маған үнсіз қойды. Менің жүзімнен
өзіне аса қажет бір нəрсені іздегендей боп, қымсына, қиыла,
үміттене, үзіле қарағандай болды. Сəл тобарсыңқырап тұрған 
жұқа ернінің жиегін күлкі қозғап өткен іспеттенді. Содан соң лезде
ернін жымырып, орынсыз келген күлкіні қымтап, тас қылып
бекітіп тастаған сияқтанды, - Жай, бір кісілер іздеп келген екен 
екеуіңді… Солар тауып бер деген соң…
— Иə, ол кім? - деді Майра сөзімді аяқтатпай маған қарай сəл
ентелей түсіп.
Меңтай үндемеді. Қайта менің: «Бір кісілер екеуінді іздеп келіпті» 
деген сөзім оның иығынан батпан болып басқандай, жаңағы күлкі
қозғаған ернін жазалағандай боп, аяусыз тістелеп, төмен
қарады. - Иə, қандай кісілер - əйел ме, еркек пе, айтсаңызшы тез.
— Екі жігіт, бірі Меңтайдың ағасымын, атым Тұмажан дейді, - дедім


мен бəсең, солғын үнмен.
Меңтай селк еткендей боп, ернін одан сайын тістелеп, теріс
айналып кетті.
— Неге əкелдіңіз оларды? Əкелмеуіңіз керек еді ғой, - деді
қынжылған қалып білдіріп.
Мен сасып қалдым. Біреуге істеймін деген жақсылығым екінші
біреуге жамандык болар деп ойламаған басым не айтарымды, 
не дерімді білмедім.
— Жік-жапар боп жалынған соң… Қайдан білейін… жəне уəдем
бар демеп пе едің өзің…
Меңтай қиналғандай боп басын шайқады. Онысы уəдем жоқ дегені 
ме, əлде тағы да бекер əкелгенсіз дегені ме - оны анық ұға 
алмадым.
— Ендеше көргемін жоқ, таба алмадым деп айтыңызшы, - деді ол
жалынғандай боп.
Мен қысылдым, не дерімді білмедім. Бар аузыма түскені:
— Меңтай-ау, қалай өтірік айтамын, - деппін.
— Иə, рас, ағай не деп өтірік айтады, - деді Майра. - Жүр 
шығайық. Əдейі іздеп келген кісілерге шықпау ұят болады.
Ол Меңтайды білегінен ұстап, сыртқа қарай икемдеді. Меңтай
басын шайқап, күрсінді де: «Ал, баста» дегендей ишара 
жасады. Байқасам, бетінде қан қалмай, бейне бір өлімге бара 
жатқан адамға ұқсап қуарып кетіпті. Мен өзімді Меңтайды 
жігітімен жүздестіруге емес, дар ағашына қарай айдап апара 
жатқан жендеттей сезініп, қалбақтап алға шықтым.
— Онда мен… мен… жоқ екен деп айтайын, - дедім.
Қыздар менің бұл сөзімді естімеді ме, естісе де енді кеш деп, 
елемеді ме, ілбіп, ілгері жүре берді. Жігіттер сыртқы дəлізге кіріп, 
бір бұрышта күтіп тұр екен.
Шегір көз сары қыздарды көргенде құбылып сала берді.
Жымыңдап, жылмиып, маймаңдап басып, бізге қарай ұмтылды. 
Иіріліп, иіліп, еңкейіп келіп, Меңтайға бас иді. Аяғын сарт еткізіп 
жіберіп, оның қолын алды да, алдымен ернін тигізді, сонан соң 
алақанын апарып бетіне басты. Меңтайдың қолын жайлап 
босатып, тез Майраға қарай бұрылды да, аяғын тағы да сарт 


еткізіп, жанағы жасағандарын жылмия тұрып қайталауға кірісті.
«Апырай, мына Тұмажан бір емес, екі кісі болып шықты-ау, - деп 
ойладым мен оның мына қылықтарына қарап тұрып. - Жаңа 
маған соншама сызданып еді. Енді қыз алдында құрдай 
жорғалауын қарашы».
— Бикештер, өздерің қашып, ұстататын емессіндер ғой, - деді ол
қыздарға қырлана үн қатып.
— Бізді аяғымыздан тұсап, арқандап кеткен ешкім жоқ шығар, -
деді Меңтай сабырлы үнмен.
Шегір көз сары иығын қозғап, ұрынбақ болып қопандап қалып еді.
Одан бұрын Майра сөйлеп кетті.
— Иə, Меңтай түні бойы қатты ауырып, түске дейін төсекте жатып 
еді, - деді ол. - Содан соң бой жазайық деп театрға келдік. 
Əйтпесе, əрқашанда үйдеміз.
Шегір сары Меңтайға қадалып, оның шынында да жабырқап 
тұрғанын көрді. Сондықтан ол оқталған сөзін айтпады.
— Ал, қош болыңыздар, - дедім мен кетуге ыңғайланып.
— Ағай, сізге ракмет, - деп Ерғазы келіп қолымды алды. - Сіз 
болмасаңыз, біз таба алмайтын едік бұл кісілерді.
Тұмажан жай ғана иек қақты. Меңтай үнсіз, төмен қараған күйде 
қалды. Майра көзінің астымен Меңтай мен Тұмажан екеуіне кезек 
қарай берді.
Мен енді қайта театрға кіре алмайтынымды, кірсем де орнығып 
отырып, ұғып, ойын көре алмайтынымды сездім. Театрдан 
шықтым да, ішім толып бара жатқандай боп жатақханаға қарай 
жүгірдім. Өкпем күйгенде барып бір-ақтоқтадым. Ненің қуанышы
қуалап жүгіргенімді өзім де білмедім. Жоқ, ол қуаныш емес
еді. Бағанадан бері денесінде снарядтын жарықшағы қалған
жаралы адамдай күйде болатынмын. Енді сол «жарықшақ» 
қозғалып, жанымды шығара бастады. «Апырау, неге ертіп əкелдім 
осы екеуін сол пендетіп?» - деп бір өкіндім. «Мен əкелмегенмен 
олар бірін-бірі бəрібір табады ғой», - деп қайтадан өзімді өзім 
жұбаттым. «Меңтайдың өтінішін орындап, қыздар мұнда жоқ екен 
деп, неге өтірік айта салмадым оларға? Өмірімде бір рет өтірік 
айтсам, аузым қисайып кетпейтін еді ғой» деп жəне қиналдым. 
«Қой, өлсем де, өтірік айтпаспын» деп ол ойыма тағы қарсы 


болдым. Мені мұншама ойға қалдырып, жанымды қинаған «жарық 
шақ» -қызғаныш пен өкініш еді. Мен Меңтайды уəделескен 
жігітінен қызғандым. Мен оған берген уəденді бұзбадегеніме бір
өкінсем, енді екеуін қолдарынан жетектегендей боп біріне-бірін
табыстырғаныма жəне өкіндім. Өкініш пен қызғаныш өксік болып, 
тамағыма кептеліп еді.
Ол күні осылай болған-ды.
— Сол үш күн бойына сізді ойыма алумен болдым, - деді
Меңтай күрсініп, қайтадан сөзін жалғап. - Тұмажанды
тасырлап, одыраңдап театрға жетіп келгенінен-ақ ішім
жаратпап еді. Оны сол ұнатпағаным ұнатпаған болды. Меңтай 
булығып, қыстығып сөйледі. Əлденеге іш құса болған адамның 
қалпымен ішіндегі ешкімге жария етілмес жасырын деген сырын 
актарды.
— Ол мені ерік алдыма қоймай, көшеде жүргенімізде
Майрадан бəліп, оңаша үйге алып кетті, - деді Меңтай 
орамалымен көз жасын тағы бір сүртіп алып. - Майра анау жуас 
жігіттен құтылып кетіп, шарқ ұрып, мені іздепті. Бір қаланың ішінен 
бір адамды табу бір мая шөп ішінен жоғалған инені іздеумен пара-
пар ғой, таба алмапты. Үш күннен кейін ана пəледен құтылып, 
үйге келсем, менен айырылдым деп жылап-сықтап Майра жатыр 
екен. Келгенімді көріп, жаны қалмай қуанды ол байғұс.
Келгенімді қайтейін, кеше ғана қыз боп аттап жүрген 
табалдырығымнан енді басқа боп аттаған соң. Жұрттың бəрі 
маған Тұмажанның не істегенін біліп отырған сияқты болды. Маған 
бəрінен де сол батты. Бөлмедегі қыздардың бетіне қарай 
алмадым. Тұмажан ойыма түскенде сө сұммен қалай бірге жаттым 
деп, өзденемнен өзім жиіркендім. Тұмажанның дегеніне көніп,
оны ұнатпай тұра осалдық жасағаныма өкіндім. Ішім удай
ашыды. Оған неге көнгенімді, жетегіне неге ергенімді өзім де
білмеймін, сенсеңіз. Содан соң сізді есіме алып, жəне жылай 
бердім егіліп. Осы бір жылдың ішінде сізге сондай бауыр басып 
кеткенімді сол үш күнде бір-ақ білдім. Сыртқа сездірмесем де
маған сіздің адалдығыңыз, əділдігіңіз, ақ көңілдігіңіз ұнайтын.
Жаныңыздын жұмсақ, жүрегіңіздің мейірбандығын жаратушы
едім. Көпшіл көңіліңіз, адамға деген қамқорлығыңыз жанымды 
тебіренте тербейтін. Ата-анадан, сүйген қыздан, сүйікті достан 
айырылып қалған күйініш, қасіретіңіз, олар жайында адал 


көңілмен бəрімізге айтып, ақтаратын мұңды əңгімелеріңіз жүрегімді
елжіретуші еді. Сіздің маған деген оттай ыстық махаббатыңыз 
ерітіп, есімді алатын. Бірақ бұрын біреумен уəделесіп қойғаннан 
кейін сізге сырымды бермей, ұқпаған, елемеген, естімеген боп 
жүре беретінмін. Еріп, елжіреп тұрсам да шегедей қатты,
шегендей берік боп көрінуге тырысатынмын. Меңтай аузынан
бұл сөздерді естігенде мен өне бойым қалтырап, не
болғанымды білмей кеттім. Қатты тістеніп, қайта-кайта
басымды шайқай бердім.
— Оны мен білдім бе, Ментай-ау, - дедім онымен қоса жыларман 
болып, дауысым дірілдеп. - Өзін уəдем бар, сол кісіге сөзімді 
беріп қойдым деген соң… Оның үстіне ағайымның өсиеті еді 
дедің…
— Ой, ағай-ай, сіз қызық екенсіз ғой. Қай қыз жігітке
айтқаның бола қойсын дейді. Көңілі бар қыздың «болмайды»
дегені -«болады» дегені екенін білмейтін бе едіңіз? Сонда сіз
анау Тұмажанға ұқсап, бауырыңызға қысып, босатпай қойсаңыз, 
онда сіздікі едім ғой.
— Ендеше… əлі де… кеш емес қой, - дедім сөзім үзік-үзік
шығып, Меңтайдың Тұмажанмен қосылып қойғаны көңілімді 
күпті етіп, ішімді ашытса да, оны елемеуге тырысып. - Əлі де 
өтінемін, Меңтай, мендік бол.
Меңтай басын шайқады.
— «Кіммен қарайсаң, сонымен ағар» деген мақал бар қазақта, 
- деді ол. - Мен енді не болса да Тұмажанмен боламын.
Өйткені сонымен қарайып қалдым. Уыздай ақ күнімде
қасыңызда, еркіңізде, құзырыңызда едім. Үндемей жүріп, ішпен 
ғана сізді тіледім. Енді бəрі бітті, маған өкпелемеңіз, ағай… Осыны
айтып, орамалымен бетін басып, Меңтай тағы да жылады. Мен не 
істерімді білмей, оның ақ білегінен ұстап, қоса қиналып, қолының 
басын қайта-қайта сипай бердім. Төбедегі шамның жарығы 
орындықта отырған ақ жүзді, ақ мойын, ақ жүректі ару
Меңтайдың сол сəттегі мұңды пішінін, ұлы суретшінің майлы
бояумен жасаған картинасындай етіп, менің жүрегіме мəңгі
сақталып қалу үшін, сансыз сəуле, нұрмен өрнектегі салып 
жатқан сияқты еді.
Меңтай орнынан тұруға ыңғайланып, ең соңғы сөзін айтты.


— Еркек өзін сүймеген қызбен жау боп, жамандасып кетеді деп 
ойлушы едім. Ең жоқ дегенде ол қызға теріс айналып, өш алу 
үшін басқан ізін андып, кекеп-мұқап жүретін болар деп 
ойлайтынмын. Солай екені де рас. Сіз өйтпедіңіз, қасыма келіп,
хал-жайымды сұрадыңыз. Мен оған лайық болмасам да,
жылы көңіл көрсеттіңіз. Мен сірдің бұныңызға да шексіз ризамын. 
Рақмет, ағай.
Меңтай орнынан тұрып, кібіртіктей басып, өз жатақханасының (бұл 
кезде ол Калинин көшесіндегі корпуста тұратын) есігіне қарай 
аяндады. Менің қабырғам сөгіліп, іші-бауырым езіліп бара жатқан 
сияқтанды. «Əйел жанын ұғу оңай емес деген осы екен-ау, - деп 
ойладым. - Тұмажанды жек көремін дейді. Жақсы көретін кісіге
жəне бұрылмайды. Кіммен қарайсам, сонымен ағарамын дейді. 
Ағарасың ба? Ағарсаң жақсы-ау» деп, мен басымды қайта-қайта
шайқадым. «Көзге жақын, көнілге алыс қыз шіркінді түсіну
қиын екен-ау» деп қиналдым. Қозғалмасын деп біреу өзімді 
орындыққа қыл арқанмен таңып тастағандай боп көрінді, Меңтай 
есік алдына барып, кейін бұрылып, маған иіліп, бас изеді де
ішке кіріп кетті. Ай батып, айналам түнек тартып, қараңғыға 
қамалғандай боп, мен қалдым.
Ойлап-ойлап, ақыры мен университеттен кетуге бел байладым.
Өзімді де, Меңтайды да кинамайын дедім.
Ертеңінде университеттің сырттан оқу бөліміне ауысып,
емтихан, сынақтың бəрін келесі жазда келіп тапсыруға рұқсат 
алдым. Содан соң газет қызметіне орналасармын деп көрші 
облысқа жүріп кеттім.
Облыстық «Алатау жұлдызы» газетінің редакциясы мені жұмысқа 
бірден қабылдады. Газеттің аудандарға жүріп тұратын тілшісі 
болып, бара сала қызметке кірістім.
1947 жылы июльдің басында мен өзім тұрған облыс
орталығынан поезбен Алматыға сапар шектім. Университетке, 
сырттан оқитындардың жазғы сессиясына қатысуға келе жаттым. 
Бір купеге балуан бітімді, ұзын қара мұртты, қартаң қазақпен қатар 
жайғасқан едім. Біз отырғаннан кейін поезділгері қозғалып, қала
кейін сырғып, артта қалды. Көршім терезеге үңіліп, мен кітапқа бас 
қойдым. Сөйтіп уақыт өткізуге кірістік.
Жолда, Нар станциясынан біздің купеге жүзі таныстау сияқты


бір жігіт келіп кірді. Мен быржиып семіре бастаған бұл адамды 
қайдан көрдім деп ойланып отырғанда ол мені тани кетті.
— Ой, сен солдат емессін бе? - деді салған жерден.
— Иə, бірақ қайдағы солдат?
— Қой, қой, бұлталақтама, - деді бейтаныс адам бірден сен деп 
сөйлеп, бейне бір менімен бірге өсіп, өмір бойы біте қайнасып 
келе жатқандай-ақ. - Сен КазГУ-де оқисың ғой. Өткен күзде көріп 
едің ғой, 7 ноябрьдің қарсаңында, жатақхана жанында. - Менің
жүрегім жырқ ете түсті. «Апырау, осы сол болмасын» дедім
ішімнен оған абайлай қарап. - Ұмыттың ба? Сен мені театрға
ертіп апарып, Меңтаймен жолықтырғаның қайда?
Анық сол болды.
— Иə, аман-есенсіз бе? - деп қолымды ұсындым. - Сіздің атыңыз,
ұмытпасам, Тұмажан Ошақбаев еді ғой.
_ Иə оны қойшы. Саған, жігітім, сол жолғы қызметің үшін көп 
рақмет. Сен болмасаң, мен ол жолы Меңтайды таба алмай кететін 
едім де, онын несі… - деп танауын желбендетті сары шегір. - Өзің 
де білесіғ ғой қыздың бойындағы ана несін… белгісін… Сол жолы 
сен кездеспесең, маған ол қыздың сонысы бұйырмайтын еді.
Нардан Алматыға босқа далақтап, барып қайтатын едім. Бірақ 
жолым болды.
«Жолы болғыш келеді мұңдайлардың» деп ойладым мен ішімнен.
— Өзім де «Əттең, қолыма түссе» деп алақаныма түкіріп
барып едім. Түсті ақыры. Өй, құлындай шыңғырттым-ау өзін 
де… Ошакбаев опық жемейді!
Мен не дерімді, не істерімді білмей, қызарып, қысылғанымнан
терлеп кеттім. Ол мені əңгімемнің қызықтығына елтіп отыр деп 
ойлады-ау деймін, дарақыланып, жаңағы сөзін сол тұрпайы 
қалпында қайтадан жалғастырды.
— Ал үшінші күні қызың сүзектен тұрғандай боп, екі көзі 
шүңірейіп қалды. Кешке қарай көшеден такси ұстап əкелдім де, 
ішіндегі бар нəрін сорып алып, сыртындағы қабығын лақтырып 
жіберген лимондай етіп, қызды жатақхана жанына жеткізіп 
тастадым. Ол сең соққан балықтай теңселіп, салы суға кетіп, есікке 
қарай жылжыды. Ал мен бір рота немісті жалғыз өзім
жайпағандай көңілім есіп, Нарға қарай тарттым да кеттім


құйғытып. Ошакбаев опық жемейді!
«Ошақбаев опық жемейді» деген мұның сөзінің мəтелі екен.
Əр сөйлемнің соңында осы бір дарақы, жаттанды сөзді
екілене қайталауды ол өзінің əдетіне айналдырып алыпты.
Мен бұл парықсызға не айтарымды білмедім.
— Сіз қыздың ағасымен дос болмап па едіңіз? - дедім бар аузыма
түскен сөз осы болып.
— Болса несі бар, онда не тұр? - деді Тұмажан екі танауы 
едірендеп. - Қыздың не үшін жаратылатынын білесің бе өзін?
Білмесең мен айтайын: қыз - қызық үшін, лəззат үшін
жаралған. - Осылай деп өз-өзінен тамсанып, тісін ақситты. Бұл
тұста ол маған кісі емес, тісі сақылдап тұрған қасқыр сияқты
боп көріңді. - «Қыз» деген сөздің өзі қызды көріп, бүйрегің 
бүлкілдесін, бүйірің қызсың, оны көрсең лап қой, бассал да,
умажда деген мағынаны береді. Ал мен бас салдым да,
өмірдің өзіме тиісті қызығын көрдім. Кеше немістермен біз не
үшін соғыстық осындай қызық көрмесек, а? Мен саған
айтайын бар ғой, Дүние екі келмейді. Сондықтан тірі күніңде
тəтті қыздардың шырынын сорып қалу керек, мына мен құсап. 
- Ол жыртқыштың тұяғы іспетті мұқыл саусағымен өз кеудесін
бір түртіп қойды. Содан соң қысық көзін одан сайын
сығырайта түсіп, сөзін аяқтады. - Жалғыз қыз ғана емес, өмірдегі 
тəттінің бəрінен өз үлесінді үзіп, жұлып, жұлмалап, алып қалуың 
керек! Міне, мұны білетін Ошақбаев ешқашан опық жемейді!
«Философиясын азғынның» дедім ішімнен қаным қыз-қыз қайнап. 
Одан соң оның арсыздығын бетіне баспақ боп, тағы да бір сұрақ 
қойдым.
— Қыз ағасының сізге айтқан өсиеті бар емес пе еді: тірі қалсаң, 
менің қарындасыма қосыл, қорған бол деп тілек етпеп пе еді? 
Сонда сіздің мұныңыз қалай болғаны?
— Тоқтай тұр. Оны сен қайдан білесің? Тегі сенің сол қызбен
бірдеңең бар шығар, түрің жаман, - деп Тұмажан бетіме 
тесірейді. Көзі жыланның көзіндей өткір екен, кірпігін қақпады. 
Содан соң бейне бір менің кінəмді кешіргендей боп, мардымси
сөйледі. - Жарайды, болса, бола берсін, - деп қолын бір
сілтеді де, сұрағыма жауап берді. - Бірақ «өлгеннің өсиетін тірі 
орындамайды» деген бар емес пе, сен оны білесің бе? Мен өзім 


өмірде осы қағиданы мықтап ұстайтын кісімін. - «Сен кісімісің, кісі 
бейнесіндегі қорқау емеспісің?» дегім келді осы жерде. Бірақ ол 
сөзін аяқтасын деп, үндемедім. - Өлген адам өлді, топырағы торқа 
болсын! - Ол өз-өзінен ыржалақтап, кеңкілдей күліп қойды. - 
Өлген адамның жамбасы жайлы жерде жатыр. Ал тірі менің де, - 
ол тағы кеудесін түртті, - жаныма жайлы өмір кешуім керек. 
Ендеше шөп желке бір студент қыз оқу бітіреді екен деп алтын 
өмірімді өксітіп отырмақпын ба тосып? Оқуды таста, маған қатын 
бол дедім ол қызға. Көнбеді. Көнбесе өз обалы өзіне оның. 
Ошақбаев опық жемейді!
Осы сəтте əлдебір ерлігі есіне түсіп кеткендей, Тұмажан қай-
мыжықтай ернін жымырайтып, жымиып алды. Тілін шағатын 
жыланның тіліндей жалақтатып қойды.
— Өзім де қумын, - деді ол содан соң маңғазданған боп. - Оқ тиіп, 
құлағаннан кейін қыздың ағасы өлетінін біліп, қарындасын маған 
тапсырды. Тірі қайтсаң көз қырынды салып, қамқорлық жаса, менің 
орныма аға бол деді. Оның қарындасының суретін талай рет 
кергемін, сұлу екенін білетінмін. Бір жаман ой келе қалды да:
«Осы айтқаның рас болса, қарындасыңа деген бұл өсиетінді
қағазға жазып кет» деп, қойын дəптерімді алдына тоса қойдым. 
Ол сорлының ойы шын екен. Өлетін адам өтірік айта ма? Бейшара 
қолы қалтырап, сөз құрастырып жаза алмады. Сонсоң блокнотты 
шапшаң қайта алдым да, ақ бетіне сүйкектете жөнелдім. Анау өліп 
кетпей тұрып, тез қолын қойдырып алайын деп асықтым. Ақ қағаз 
бен оның қағаздай боп ағарып кеткен бетіне кезек қарай отырып, 
былай деп жаздым:
«Бауырым Меңтай! Тумажан - менің досым. Елге тірі барса,
осының етегінен ұста, сенің басыңды қор қылмайды. Бұл менің 
саған өлер алдында айтқан өсиетім, бауырым. Орында, қалқам, 
Ағаң Ербосынов»
Осылай деп, оған сүйемелдеп отырып, қолын қойдырдым. Не 
жаздын деп сұрауға да шамасы келген жоқ. Тез қолын қойдырып 
алғаным жақсы болды. Өйткені Жүніс содан кейін бірден əлсіреп, 
сəл сұлық жатты да, біраздан соң өне бойы қақайып, ол дүниеге 
кетті. Аяғында жақсы ботинкасы бар еді, алдымен соны шешіп,
обмоткасымен орап, киіп алдым. Қалтасындағы заттарын, 
қойнындағы қыздың суреті мен əдірісін алдым да, сүйегін сүйретіп 
бір шұңқырға апарып тастай салдым. Ошақбаев опық жемейді!


«Тым болмаса мынау сасық мəтелді осы жерде айтпасаң етті» деп
ойладым мен. Одан соң:
— Бетін де жаппадыныз ба? - дедім оған шошына қарап.
— Оның қажеті не? Топырақ өзі де бүркеп алады, - деді Тұмажан
шімірікпестен.
— Ал сіз ол кісінің басына зират орнаттым деп келіпсіз ғой, - дедім 
мен Меңтайдың маған бұл адамның ағасына жасаған 
«жақсылығын» соншама сүйсіне айтқаны есіме түсіп.
— Сен оны да біледі екенсің ғой, - деп Тұмажанның жылан көзі 
маған тағы да шаншыла қадалды. Содан соң көзін тез тайдырып 
əкетті де, өзіне-өзі риза болғандай, қарқылдай күлді.
— Қыздар ертегіні жақсы көреді. Ендеше сен оны біліп қой.
Оның үстіне менің ол қыздың басын айналдырып, алдымен
уəдесін алуым керек болды емес пе? Қыз бен командирдің
алдында лыпылдап тұрмасаң болмайды. Сонда олар сенің 
сыртыңды ішің екен деп қабылдайды, өңінді өзің деп түсінеді. 
Бірақ тəжірибелі командир сенің ар жақ, бер жағыңды бірден
аңғарады. Ал тəжірибесіз қыздар жігіт неғұрлым жылпылдай 
берсе, соғұрлым соған қарай жығыла береді. Мен де сөйттім. 
Ошакбаев опық жемейді.
Мен ернімді тістеп, басымды шайқадым. Тұмажан өзінің арсыз 
қылығына өзі мəз болып, поездың терезесіне бір қарап қойды да, 
əңгімесін жалғады.
— Соғыстан келген соң қызды Алматыға іздеп барып,
ағасының сəлемін алдымен ауызша айттым. Сенбеді. Сонсоң
қойнымдағы сары майдай сақтап жүрген блокнотты суырып
алып, жаңағы сөздерді оқыттым. Дəптерімнің сол бетіне бір
қызыл бояу да жағып қойған едім. «Мынау ағаңыздың
жарасынан тамған қаны», - дедім қызға. Осыдан кейін қыз
байғұс оқ тиген жапалақтай боп, жалп ете түсті. «Өзің
жапалақ, зұлым, - дедім мен
ішімнен. Оқ тиген үйректей деуге тілін келмей ме сен сұмның. 
Періштедей Меңтайды жапалаққа теңеуін бұл жауыздың. Өзі
құзғын болған соң өзгені жапалақ дегі біледі ғой бұл
сұмырай!» - Жалп еткені емес пе, блокноттағы ағасының
қолын танып, оны қайта-қайта бетіне басып, ағыл-тегіл
жылады-ай көп. Ақыры уəдесін берді. Бірақ бойына дарытпады, 


«асықпаңыз» деп қарыласып отырып алды. Əйтпесе мен оны сол
жерде-ақ жайлап кететін едім. Ал асықпағаннын арты жаңағыдай 
болды. Оқуды тастап, маған ти, ауылға кетейік деп бірнеше рет 
хат жаздым. Көнбей қойды. Көнбесең… дедім де, - ол былш еткізіп 
былапыт сөздер айтты, - мен елде үйі-күйі, қора-жайы, 3-4 сиыры 
бар, шалқып отырған жесір, жас, бай əйелге үйлендім де алдым. 
Тышқақ лағы жоқ студент қыздың қасында бұл дегенің шылқып 
жатқан байлық емес пе? Өйткені Ошакбаев опык жемейді! -
Тұмажан менің бас изеп, мақұлдауымды күтті. Мен міз бақпай, 
отырып қал-дым. - Үйленер алдында ол қызды ең болмаса бір 
жайлап кетейін деп, қалтаға ақшаны сықап, қасыма Ерғазыны
алып, ə дегенше апыл-ғұпыл айда Алматыға тарттым да кеттім 
емес пе! Жаңа айттым ғой, онда мына сенің көмегіңмен 
ойлағанымды орындап, «екі жылдан соң оқу бітіресің, содан соң, 
біржола аламын» деп қызды алдап, абыройын жосадай ағызып, 
қатын ғып кеттім де, келе сала жаңағы əйелге үйлендім. Енді 
маған бұл əйелім де бір, Алматыда қызбын деп жүрген Меңтайың 
да бір. Қыз атандыратын белгісі бойынан кеткеннен кейін əйелден 
əйелдінайыр-масы болмайды, шырағым. «Жоқ, бекер айтасын, - 
дедім мен іштей зығырданым қайнап. - Алтынды адал қол да, арам 
қол да ұстайды. Арам қол бір тигенге алтын арам болып 
қалмайды. Сол қадірлі, қымбат күйінде қалады. Ендеше Меңтай 
сол саф алтын сияқты. Сен алтынға тиген арам қолсың ғой. 
Алтынды бір сипағанға арманымнан шықтым деп ойлайсың. Оны
кірлетіп, кадірін кетірдім деп түсінесін. Жақсы кыздың абырой
белгісі тəнінде ғана емес, жанында болатынын сен білмейсің, 
сұмпайы. Меңтай бойындағы асыл белгі - оның ақылдылығы, 
адалдығы, арлылығы, жанының жібектей жұмсақтығы. Меңтай 
бойындағы бұл белгіні сен ешқашан да жоя алмайсың, ақымақ.
Болатты тот баспайды, алтынға кір жұқпайды. Меңтай суы таза,
мөлдір бұлақ іспеттес. Ал сен - итсің. Иттің тұмсығы бір тигенге 
бұлақарам болып қалмайды… »
Осы сөздер көмейіме келді. Лак еткізіп айтып салсам ба деп
те ойладым. Бірақ аузымнан басқа сұрақ шықты.
- Сіздің мұныңызды, үйленіп қойғаныңызды Меңтай біле ме? -
дедім қыстығып. Ана жолы бұл сұмның өтінішін орындап,
театрға ертіп барып, Меңтайға кездестіргенімді қылмыстай
көріп, өзімді өзім жерледім. «Меңтайдың мені сүйетінін неге 
анғармадым, неге батылдық жасамадым, не деген соқыр, не деген 


ынжык едім мен», - деп Тұмажан жасаған қылмысты өзім 
жасағандай қиналдым. Оның осы қылмысты жасауына анқаулық, 
адалдықпен еріксіз көмекші болғаныма күйіндім.
— Е, білмегенде ше, - деді Тұмажан едірендеп. - Олардың өткен 
қыстағы каникулы кезінде мен əдейі командировка алып, 
Алматыға бардым. Ондағы ойым ол қызды тағы да бір жəукемдеп 
кету еді. Бірақ өткен жолғыдай емес, қыз қиқандап, маңына 
жуытар болмады. Жалынып та айттым, қорқытып та айттым. 
Көнбеді. «Енді оқу бітіргеннен кейін бір-ақ қосылайық. Əйтпе-
се бойыма бала бітіп қалады, сонсоң оқуды бітіре алмаймын»
деп бəлсінді. Тіпті ыза болғаным сондай, сол жерде бетіне
былш еткізіп айттым да салдым: «Ендеше, сенің бір тиынға да 
керегің жоқ. Мен үйленгелі екі ай болды. Сен құр тұлыпқа 
мөңіреген сиырсың» деп. Бірақ соны бекер айтқан екенмін деп
өкінемін. Қызға өзімнің үйленіп қойғанымды айтпай, қатынға
сездірмей, оқу бітіргенше оны да пайдалана беруім керек еді, бірін 
бəйбіше, бірін тоқал етіп. Шыдамсыздық жасадым. Өйтпесіме
тағы болмады. Жігіттік намысым жібермеді. Білсін, бəлем,
онсыз да күн көре алатынымды деп, айттым да салдым, қайдан 
шықса, одан шықсын деп. Ошақбаев опық жемейді ешқашан!
«Намысының түрін шошқаның!» дедім ішімді ыза кернеп. Оның 
бетіне былш еткізіп, түкіріп те жібергім келді. Немесе шарт еткізіп 
жағынан шапалақпен тартып жіберсем бе екен деп ойладым. 
Өйтсем, бұл ит менімен төбелесе кетеді де, мені қазір милиция 
бұл түсетін Біртөбеден қоса поездан алып қалып, тергеу, тексеруге
салады. Сөйтіп, уақыт босқа кетеді, жазғы сессияға кешігіп 
қаламын деп, өзіме-өзім амалсыз тежеу салдым.
— Анадағы, қасыңыздағы еріп келген жігіт қайда? - дедім
Тұмажанға теріс қарап отырып.
— Ерғазы ма? Ол бір ашық ауыз ғой. Алматыда қолына
ұстатқан мынадай қыздан аузы аңқайып, айырылып қалған 
одан не сұрайсың. Жүр ауылда əлі күнге дейін əйел ала алмай.
Осы кезде поездың жүрісі баяулап, Біртөбе станциясына
жақындап қалды. Тұмажан шеті жемтір-жемтір əскери сумкасын 
қолына алып, орнынан тұрды.
— Не қызмет істейсіз? - деп сұрадым мен одан орнымнан қоса
түрегеліп.


— Осы мына Біртөбе ауданында жинақ кассасының бастығымын, -
деді ол қолымен сол жақты нұсқап.
— Ақшаның көп жерінде екенсің ғой.
— Еһе, көп жерінде. - Осыдан кейін ол менің құлағыма 
сыбырлады. - Мемлекет деген қайнап жатқан қара қазан ғой.
Ебін тапсаң, ол қазаннан қалқып ішіп, қылқып жей беруіңе
болады. Нарда бір көктөбел үйім, осында бір шифер шатырлы 
үйім бар. Құдайға шүкір, жаман тұрмаймын. Ошақбаев опық 
жемейді! - деді.
Осыны айтып болып ол қисандай аяндап, есікке қарай жөнеле
берді. Есікке жете бере артына қайта бұрылып, маған қарады.
— Сен Алматыға бара жатсаң, бұрынғы байың сəлем айтты
де Меңтайға, - деді ол кеңкілдей күліп, томпиған қозы қарнын 
үсті-үстіне сипалап. Мен қабағымды шыттым. Соны аңғарды ма, 
ол сөзін дереу басқа арнаға бұрды. - Айтпақшы, сенің көңілің 
болса, ол қызды нетуіңе болады, - деді ол бұғақтанып қалған 
мұқыл иегімен поездың алдыңғы жағын нұскап. - Ол нешауа қыз. 
Бірақ енді маған оның керегі жоқ. Ошақбаев опық жемейді!
Осы сөздерімен ол мені бақытты еттім деп ойлаған болуы керек. 
Есікке қарай қайта бұрылып, талтандай жөнелді.
— Əй, тоқта, - дедім мен осы кезде өзімді-өзім ұстай алмай, өне 
бойым қалш-қалш етіп. Оның қасына қалай жетіп барғаным-ды
да білмеймін. Бара сала бала күнгі əдіспен шықшыттың астын
ала бар пəрменіммен періп кеп жібердім. Тұмажанның басы
сарт етіп, вагонның қабырғасына соғылды да, қолтығындағы
сумкасы сусып, жерге түсіп кетті. Ол көзі бақырайып, қайта
түзеле берген кезде иектің ұшынан баспен жəне бір сүзіп кеп 
қал-дым. Ошакбаев үн шығара алмастан жалп етіп барып, еденге 
құлады. Осы кезде:
— Ұр, айналайын! - деп бағанадан бері біздің сөзімізді үнсіз
тындап отырған еңгезердей мұртты қазақ орнынан атып тұрды. - 
Қызды қорлаушының сазайын осылай беру керек! Ұр, айналайын!.. 
Ата-бабамыз оң жақтағы қыздың өзі түгіл, отауына шаң 
жуытпаған; қыз абыройын қызғыштай қорыған. Қыз балаға қасқыр
боп тиген еркекте еш қасиет болмайды. Бұл жігіт емес, 
жылмандаған ұры ит қой, шырағым. Аяма мұндай сүмелекті!
Онсыз да қаным қарайып, Тұмажанды түтіп жердей күйге келген 


едім. Оның үстіне мына сөз жаныма жəне қамшы болды ма, əлде 
көрші қазақтың өзімді қостағанына арқаландым ба, білмеймін, 
орнынан тұрып келе жатқан Тұмажанды ал көп тепкілейін. 
Проводник əйел жүгіріп келіп, арашалағанда ғана əрең тоқтадым.
Менің долданып алған түрімнен қорықты ма, əлде қасымдағы
таудай қазақтың қияпатынан сескенді ме, əйтеуір, Тұмажан лəм 
деп аузын ашқан жоқ. Бар болғаны: «Əй, сен де осындай ма 
едің?» деп таңданғандай, жыпылықтап бетіме қарай берді. Содаң 
соң
жанында жатқан сумкасын алып, орнынан сүйретіле көтеріліп,
есікке қарай зытты.
— Арсыз! - дедім мен оған артынан айқайлап. Тұмажан менің 
сөзімді естімеді ме, естісе де елемеді ме, жаман сумкасын 
бауырына қысып, семіз денесін алға нтіндіріп, вагоннан түскелі
жатты. Терезеден оның домалаңдап жерге түскенін көргенде,
үйге кіріп кеткен сұр жыланнын сыртқа шыққанына көзім 
жеткендей, «уһі!» деп, орныма келіп отыра кеттім. Бұндай сұмға 
жұдырық өте ме? Бұғанам қатқан білікті журналист болып, өмірдегі 
осындай сұмдардың қылмыстарын ашып, өздерін фельетоннын 
өткір найзасымен аяусыз түйрер ме едім! - деп кіжіндім ішімнен.
Ол күні вагонда түні бойы жаман түстер көріп, ұйықтай алмай
шықтым. Тұмажанмен төбелесіп, милиция қолына түскен екенмін 
деймін. Мені тергеп отырған милиционер біресе Тұмажан болып: 
«Ошакбаев опық жемейді» деп сақ-сақ күледі келіп. Содан соң ол 
əлде қайдан Меңтайды шашынан сүйреп алып келіп, қол- аяғым 
байланып қалған менің көз алдымда іштен тепкілеп, сабай 
бастайды. Жаны қысылған Меңтай мені көмекке шақы-рып, 
құлындағы дауысы құраққашығып: «Аға-а-ай!»деп шыңғырып, мені 
шақырады. Мен жан терге түсіп, не тұра алмай, не қолымды 
босата алмай, қиналамын.
Өстіп қысылыгі жатқанымда мені қасымдағы көршім, Алма-тыға 
қазақша күреске қатысу үшін келе жатқан балуан қазақ түртіп, 
оятып жіберді.
— Жаман түс көрдің білем, шырағым, - деді. Осыдан кейін ұйқы 
болған жоқ. Меңтай байғұсты аяп, қазір қандай күйде екен деп 
жаным отқа ұстаған майдай шыжғырылды. Оның маған ең соңғы 
айтқаны: «Кіммен қарайсаң, сонымен ағар» деген мақал бар емес 


пе? Мен енді осы кісімен қарайдым, осы кісімен ағаруым керек» 
деген сөз еді. Мен онда Меңтай Тұмажанға қосылады деп кəміл 
сенгенмін. Сенгендіктен де басқа ештеңеге қарайламай, облыска 
кеткенмін. Анда-санда Жомартбектен хат алатынмын. Бірақ ол бұл 
жайды білмейді, арлы қыз жан қиналысын ешкімге айтар ма, сірə? 
Айтпаған ғой деп ойлаймын ішімнен. Қаладан Меңтайды таба 
алар ма екенмін? Əлде ол каникулға, еліне кетіп қалды ма? 
Тапсам, енді ол менің тілегімді қабылдар ма екен? Əлде тағы да 
басқа біреумен серт байласып қойды ма?
Міне, осы ойлармен мен шілденің ыстығында екінші Алматы
вокзалына келіп жеттім.
Облыстан шығарда курстас қыздар қарсы алар деп
Жомартбек атына телеграмма берген едім. Поезд тоқтағаннан
кейін вагон терезесіне қарағанымда маған келіп тұрған ешкім
байқалмады. Бəрі де жазғы каникулға тарап кеткен болар деп, 
чемоданымды алып, вагонның аузына келдім. Есіктен шыға 
бергенімде аяғы аяғына жұқпай сумандап, плашының етегі
түлеген жыланның үстінен түскен қабықтай сусылдап,
вагоннын жанына Зайкүл жетіп келді.
— Сəлем! - деді ол ақ қолғапты қолын жоғары көтеріп, екі көшенің 
қиылысында машиналарға жол сілтеп тұрған ақ қолғапты 
милиционердей қалшиып.
— Сəлеметпісің, Зайкүл? Аман-есенбісің?
— Есен-есен, Ербол, - деп ол қолын созып, жақындай берді. - 
Қайда жоқ боп кеттің сен, сағындырдың ғой əбден. Екеуміз қол 
алыстық. Құшақтассақ та болатын еді. Зайкүл оған тіпті де қарсы 
еместей екен. Бірақ мен бірден чемоданымды көтеріп, жүруге 
ыңғайландым.
— Жомартбекке телеграмма берген екенсің, - деді Зайкүл аяғы
көстендеп менімен қатар аяндап. - Ол кеше аулына қайтып кетті. 
Басқа қыздар да кетіп қалған. Жатақханада қазан түп болып 
жалғыз қалған мен ғана болған соң өзім қарсы алдым сені. Сені 
бəріміз сондай сағындық, Ербол.
— Рақмет, Зайкүл.
— Сен бізден бекер кетіп қалдың. Рас, Меңтайға қолым жетпеді 
деп өкпелеп кеттің. Бірақ бізде басқа да қыздар бар емес пе еді?


— Өзіңе бұйырмайтын өзге қыздан не пайда, Зайкүл.
— Мен-ақ бұйыратын едім ғой. «Зайкүл, айналайын» деп бір
күн жалынсаң болып жатыр еді. Ал сен: «Меңтай! Меңтай!» 
дедің де жүрдің өзгені көзге ілмей. Тегі жігіттерде ақыл жоқ осы. 
Өйткені олардың бəрі өз шамасына қарамай, жақсы қызға қарай 
жүгіреді. Жақсы қыз жете ме, қарағым-ау, бəріңе бірдей. Сөйтіп, 
көп жігіттер біз сияқты өзіне лайықтыдан құр қалып, артынан 
өкінеді.
Біз аялдамаға келіп, жатақханаға баратын екінші трамвайға
отырдық.
— Жігіттер ауылда қыздарға үйленіп алып, артынан оқу оқып
келемін деп, тастап кетіп жатыр ғой адастырып, - деді Зайкүл 
трамвайға мінгеннен кейін. - Сен де сөйтпедің бе? - Орындықта 
отырған Зайкүлдің қасында түрегеп тұрған мен басымды 
шайқадым. - Онда қазір Меңтайдың да басы бос. Ал ол анау 
Тұмажан зəліммен жанасып қойды десең, мен бармын…
— Сен жанаспаған шығарсың, - дедім мен күліп.
— Құдай ақына. Сен өзің сенсеңші маған. Кешке паркке барасың
ба?
— Жоқ, сенемін, - дедім мен тағы да күліп. - Саған сенбегенде
кімге сенемін?
Бұдан əрі сұрамауға шыдамым жетпеді.
— Меңтай қайда, Зайкүл? - дедім біраз бөгеліп барып.
— Меңтайды қайтесің? Ана сұм алдап кетті. Содан соң тағы бір 
жігіт сонына түсіп жүріп, терезеден тас лақтырып, басын жарды 
көктемде. Биыл ауылыма бармаймын деген. Осыдан екі күн бұрын 
Майраға ілесіп, Бүргендегі соның үйіне кетті-ау деймін тегі. 
Жаздай сонда болуға тиіс. Əлгі тас лақтырған сүмелегі соңынан
қуып барып, шырқын бұзбаса тағы. Айтпақшы сол сүмелек тағы 
біреуді ұрып, милицияға түсті деген ақыры.
— Ол кім?
— Сен білесің оны, Ербол. Əлгі Сейітқали деген сүмелек бар емес 
пе еді ақынмын деп кеудесін қағып жүретін. Бір газетке «Қызыл 
бұзау» деген өлеңі басылып, қыздар тегіс оны Қызыл бұзау деп 
атап кетіп еді ғой. Ол өзі барып тұрған жағымпаз болатын. Əр 


лекциядан кейін оқытушыны тоқтатып алып: «Сіздің бүгінгі
лекцияңыз ғажап болды, ағай. Тура миға құйып бердіңіз. Бұл 
лекцияға Əуезовтың лекциялары да астар бола алмайтын
шығар» деуші еді ғой беті бүлк етпестен. Енді есіңе түсті ме?
Міне, сол. Меңтайдың басын жарғаннан кейін университеттен 
қуып жіберген оны.
— Меңтайды неге ұрады ол?
— Менімен жүрмейсің, айтқаныма көнбейсің деп ұрады да. 
«Мен саған ғашықпын!» деп көкиді. Ал Меңтай оны иттің
етінен жек көреді. Сол Қызыл бұзау еліне кетпей осында жүр
деген мөңіреп. «Мен Меңтайды қайтсем де аламын. Меңтайды 
алмасам - анам қатыным болсын!» дейтін көрінеді оттап. Айттым
ғой мен жігіттерде ес жоқ деп. Өздерін сүймейтін қыздардың 
аяғына бас ұрып, жатып алады. Ал өздерін сүйетін қыздарды 
олардың ешқайсысы көрмейді. Зайкүл сықылықтап көп күлді.
— Мына өлең есінде ме? - деді де ол тақпақтата жөнелді:
Өртенуші ем көрген сайын Сенің нұрлы жүзінді. Сүюге де едім 
дайын Басып кеткен ізінді. Бір сен үшін суға батып, Отқа түсіп, 
күюге. Əзір едім алдып жатып, Аяғыңнан сүюге!..
Ал, мен, қымбаттым, «андып жатып, аяғымнан сүймей-ақ»,
жігіттер саусағымнан сүйіп отырса да, разы болар едім, - деп 
Зайкүл көзін құйқылжытып, басын қиқандатты.
Никольск базарының қасына келіп, трамвайдан түстік.
— Меңтайдың басы қатты жарылды ма? Зақым келген жоқ па? - 
дедім мен жатақханаға қарай бет ала беріп.
— Алла-ай, немене, жаның ашып бара ма? Ол бəрібір сенің қызың
емес қой қазір.
— Əңгіме онда емес қой, Зайкүл. Жолдастың жайын сүрап білуіме
болмай ма менің?
— Иə, жолдас деп жаның шығып бара жатқан шығар сенің. - 
Зайкүлдің мінезі қызық болатын. Алдында қылжақтап тұрса да, 
соңынан түзу жауабын бере салатын. Бұл жолы да сөйтті. -
Қазір жарасы жазылып кетті. Шашының арасында пышақтың 
қырындай ғана ақ дақ қалған. Бірақ білінбейді онысы. Сүйегі аман. 
Ал түсті ме жүрегің орнына?


Зайкүл екеуміз жатақхана алдында қоштастық.
— Ал, кешке паркке келесің бе, Ербол?
— Рақмет, Зайкүл, - дедім мен. - Қарсы алғаныңа, айтқан 
əңгімелеріңе - бəріне рақмет. Бірақ мен бүгін ешқайда тырп ете 
алмайтын шығармын. Қазір университетке баруым керек. Ертең - 
емтихан.
— Қойшы, сен емтиханды көзіңді жұмып отырып тапсырасың ғой.
Бұрын да жақсы оқитынсың. Ал мен кеттім онда. Айтпақшы, мен 
ертең Қарағандыға жүремін, сондағы туыстарыма барып 
қайтамын. Көшеден бері жатақхана емес, апайдың үйінде 
жатырмын. - Осылай деп ол маған қолын берді. - Сен жаңағы 
менің айтқандарымның бəрін шын екен деп қалып жүрме, жігіттер 
жайындағы сөзімді айтамын. Оның бəрін жай, қалжың үшін, сен 
қайтер екен деп айтып жатырмын.
— Оны түсінемін ғой, Зайкүл. Ал жолың болсын!
Жазғы сессия біткен күннің ертеңінде мен Меңтайды іздеп, 
Бүргенге бардым. Сессияның арасында барып қайтсам ба деп 
талай рет оқталдым да. Бірақ шыдадым.
Бүргенге келіп, автобустан түскен соң, алғашқы кездескен
біреуден Абаеваның үйі қайсы деп сұрадым. Маған ауылдың 
орта тұсындағы көк терезелі, тоқал үйді нұсқады.
Қос қыз үйде онаша отыр екен. Олар мені қуана қарсы алды.
Əсіресе Майра жылап көріскендей бөлды.
— Иə, иə, есенсіз бе, ағай? - деп кеудеме мандайын төседі. Осы 
кезде оның көзінен жас та шығып кетті. Оған мен де босаңсып, 
көзім жыпылықтай жөнелді. Тек Меңтай ғана сыр бермеу-ге 
тырысып, ернін тістеп, бір қызарып, бір бозарып, қолынын ұшын 
ғана берді де, үнсіз қалды. Амандасқаннан кейін қыздар мені есік
алдындағы көленкелі жай - беседкаға алып барды. Онда, дөңгелек 
үстел жанында салулы көрпе бар екен. Майра үкідей ұшып, үйден 
екі жастык əкеп жаныма қойды.
— Иə, ағай, жастыққа жантая отырып, демалыңыз, - деді
Жайғасып отырғаннан кейін мен қыздардың бетіне қарадым;
Майра бұрынғысынан сəл тола түскенге ұқсайды. Меңтай жүзі
шүберектей боп, қатты жүдегі қалыпты.


— Ал, халдерің қалай, қыздар? - дедім мен.
— Иə, не халды сұрайсыз, - деді Майра тез жəне жауап беріп. 
- Сіз кеткеннен кейін талай сұмдықты бастан кешірдік қой 
Меңтай екеуміз.
Осылай деп ол Меңтайға қарады, содан соң сөзін əрі қарзй
жалғастырмай, үнсіз отырып қалды.
— Мен бəрін де естідім, бəрін де білемін, - дедім қыздар ол 
сұмдық жайларды естеріне алып, тағы да қиналмасын деп-
Зайкүл айтты. Тұмажанды да көрдім.
— Иə, Зайкүл байғұс бəрін де айтып үлгірген екен ғой, - деді
Майра күліп.
Меңтай басынан өткен бар ауыртпалықгы өз құлағыммен естіп 
келгендіктен бе, мен өзімді оның алдында кінəлідей танып
кібіртіктей берген едім. Осы тартқан азабына мені жазғырып
жазалайтындай кергемін. Бірақ Меңтай өйтпеді. Жылап-сықтап 
мұң да шақпады.
— Мұндай өкінішке ұшыраймын деп ойламап едім, - деп бір
өкініш, арызын бір-ақ ауыз сөзге түйіп, үндемей отырып
қалды-Содан соң барып, сəл ғана иегін көтерді. - Жігіттің де
жігіті, майдангердің де майдангері бар екен ғой…
— Иə, ол рас. Ал ағай, өз жайыңызды айта отырыңыз, - деді
Майра.
Мен қос қызға жақсы əңгіме айтып, жандарын жадыратсам
деп ойладым. Бірақ ондайда аузыңа тілеген əңгімең келіп түсе 
қоя ма? Мен алдымен облыстық газетке тілші боп қызмет 
істегенімді ел аралағанымды айттым. Көп мақалалар жаздым 
дедім.
— Иə, бізден кеткеннен кейін басыңыздан кешкеннің бəрін де айта
беріңіз, - деді Майра.
— Айтайын, - дедім мен аузыма қыздарды күлдіретін ешбір қызық 
əңгіме түспей, сасқалақтап.
— Тек көргеніңізді ғана айтыңыз, ағай, естігеніңізді емес, ”
деді Майра сұқсаусағын шошайта күліп, профессор Əуезовтың 
оқыған Алдаркөсе жайлы лекциясын еске түсіріп.


Мен де күліп, басымды изедім. Осы кезде Меңтай сұрақ қойды.
— Сəлиманы көрдіңіз бе? - деді баяу үнмен.
— Көрдім.
— Иə, соны айтыңыз, - деді Майра.
— Айтайын.
XVIII
- Көленкесін сүйретіп ашық күнде ұзақ жортқан салт атты 
жолаушыға ұқсап, біздің тілші деген ағайындар да кезбе келеді, - 
деп бастадым мен əңгімемді. «Иə, бəсе, ағайдың əңгімесі осылай 
боп келсе керек еді», - деп Майра күлміндеп, қуанып қалды. 
Меңтай да ықыластана жымиып қойды. Олар күлгенге мен мəз 
болып, əр сөзімді одан сайын бейнелеп, бедерлеп айтуға 
тырыстым. - Ел кезіп, аудан аралап жүрген күндердің бірінде
жолым түсіп, өзіміздің «Ақбота» ауылына соқтым. Жұмабай
жездем соғыстан аман-есен қайтқан болатын. Кешке келіп
сонда түсіп, апайымды, жиендерімді қуантып, аунап-қунап
жаттым да, ертеңінде Бүркітбайға сəлем берейін деп колхоз 
кеңсесіне бардым.
— 
Ассалаумағалейкүм, 

дедім 
председатель 
кабинетінің
табалдырығын аттай бере.
Төрде күжірейіп Бүркітбай отыр екен. Мен бала күнімнен білетін 
кешегі ширақ, кірпі шаш, ұзын бойлы, көзі тұздай көк сары жігіт
бұл күнде үйелмендей сары шал болыпты. Иегі ілгері
ұмсынып, шошқаның кірпігі сияқты қою ақ кірпік торлаған,
тұзы азайғандай түссіз көк көздері өзін жұтқалы келе жатқан
жыланнан қорыққан тышқандай боп бүрісіп, бұғып қалған қарсы
алдындағы жұдырықтай əйелге тікенектей қадалып, тесірейе
қалыпты. Бүркітбай маған мойын да бұрмастан, ормандағы
сары аюдың табанындай балпиған күректей етженді алақанын 
жас баланың қос жұдырығындай қызыл мұрнына қонған шыбынды 
қаққандай бір сілтеп қалып:
— Əй, сəлемінді қойшы əрі, - деді.
Бүркітбай бұрынғысынша жай сөйлейді екен. Əр сөзін ақпанда 
құтырып, адам тарпыған бураның тізесіндей тегеурінмен 
нығарлап, нығыздай айтатын болыпты. Оның оң қол жағында 


соғыста үлкен командирлер ғана ұстайтын, қалындығы
қылыштың қырындай сары əмірқан былғарыдан жасалған, иыққа 
асынатын ұзын баулы, əскери сумка жатыр. Шабуылға шыққанда 
кей командирлер оған гранат, немістердің олжа пистолет - ауыр 
парабеллумын салып алатын. Бүркітбай шарап сауытының 
тығынын бұрала сүңгіп тесіп өткен темір бұрандадай боп əйелге 
қадалып қалған түссіз көк көзін бұрмастан, он қолын сумкаға 
қарай созып, сипалап, оның аузын ашабастады. Мен мына мылқау 
дүңгене сумкадан мылтык суырып алып, сорлы əйелді бүрісіп 
отырған бойында басып салар ма екен деп қорықтым. Шынында
да ол сумкадан немістердің ағаш сапты гранатасы сияқты
ұзындау бірденені суырып алды. Сөйтсем онысы ішімдіктен
босаған сида сауытқа толтыра салып алған, тышканның
құмалағы сияқты, қныршық-қиыршық қара бұйра насыбай екен. 
Соның шошайған қағаз тығынын алып, сол жақ алақанының
шұңқырына бір уысқа жуық насыбайды бір-ақ салды да, насыбай 
емес, қылқ еткізіп коньяк жұтқандай етіп, апандай аузына
апарып, тастап кеп жіберді. Тілінің ұшымен екі ұртын кезек-
кезек бұлтитып, тығырыққа қасқыр қуып тықандай құмарлықпен, 
аузындағы насыбайды салпы ерін мен сары тістің арасына 
жинады да, рақаттанғандықтан екі езуі үнсіз ырылдаған сары 
төбеттің езуіндей жыбырлагі қоя берді. Содан соң, сабалақ сары 
шашты аю басын əрең қозғап, солға қарай бұрды да, кəрі қойдың 
тісіндей мүжіліп, түп жағы қарайып кеткен, ұш жағы сап-сары
сирек тістерінің арасынан сыздықтата, шырт еткізіп түкіріп
қалды. Бүркітбай түкірмек боп басын бұрған кезде бұрандаға 
ілініп, суырылып бара жатқан тығындай, əйел байғұс орнынан
көтеріле берді де, Бүркітбай бері қарай қайта бұрылғанда əйел
де сылқ етіп, орнына отырды - өн бойын темір бұранда бойлай 
кіріп, қозғалтпай тұрған тығын сол күйінде қалды.’
Бүркітбайдың түкірігі сол жақтағы үстелде бұқиып бірдеңе жазып 
отырған есепшінің оң жақ бетіне шылп ете түсті. Есепші ыржың 
етіп басын бір көтерді де, бетін алақанымен сипай салды. Содан 
соң қағазына қайта бұқиып, жағына Бүркітбайдың түкірігі емес,
нақ бір құдайдың жылы жаңбыры тигендей масайрап, мыңқ
етпестен отыра берді. Есепші жігіт біздің ауылдың Тұрсын деген 
баласы болатын. «Тұрсын, төбеңнен құдай ұрсын» дедім мен
ішімнен оның бетіндегі Бүркітбайдың насыбай аралас түкірігінің
айғыз-айғыз ізін көріп тұрып.


Бүркітбай рақаттана түкіріп тастап, қатты бауырсақ
шайнағандай, аузын қайта-қайта малжандатып, тышқанның
боғындай түйіртпек насыбайдан əлдебір əл алғандай боп,
алдындағы əйелге одан сайын тесірейе қарады.
- Сендер, немене, соғыс бітті, енді Бүркітбайдың сөзінің бұты бір
тиын деп ойлайсыңдар ма? Жоқ, соғыс бітсе, соғыстан бүлінген
дүниені қалпына келтіру бар. Бұл да соғыстан кем емес.
Ендеше Бүркітбайдың бұрынғы бұйрығы - бұйрық, оның 
бұрынғыдай, ақ дегені - алғыс, қара дегені - қарғыс! Біліп қойындар 
мұны. Ертеңнен бастап өзің шөпке жұмысқа барасың. Ал балаң 
тракторға шығады.
— Бала тəуір боп қалды, барсын, - деді əйел тамағы кеберсігі, үш-
төрт сөзді бөліп-бөліп əрең айтып. - Ал маған екі-үш күн аял бер, 
Бөке, қатты ауырып жүрмін.
Əйел бойындағы бар қасіретті жүзіне жинап, Бүркітбайға жалына
қарады.
— «Ауырып жүрмін», - деп кекетті Бүркітбай оны. - Ауырсаң, 
жұмыс басында ел, білдің бе, үйде жатпа. Кеуденде жаның
болса, ертең сені шөп басынан көретін болайын, білдің бе?
Ал өйтпесең, онда менен жақсылық күтпе, білдің бе?
Əйел амалсыз көнгендей боп, басын изеді. Содан соң үнсіз
орнынан тұрып, есікке қарай беттеді.
— Əй, қатын, тоқта, - деді Бүркітбай əйелге жеки ақырып. -
Неге үндемей барасың: шығасың ба өзін жұмысқа, жоқ па?
— Өмір бойы осы колхоздың жұмысымен көзіміз шығып келеді ғой, 
Бөке. Ауырған соң, амалсыздан бір күн қалып едім. Жарайды, 
өлсем, сол шөбіңнің басында-ақ өлейін, - деді əйел. - Ауданға 
барып, дəрігерге қаралып келемін бе деп едім, жібермедің ғой. 
Қайтейін.
Бұл əйелдің кім екенін ол токтап, кейін бұрылғанда бір-ак білдім. 
Ері мен үлкен ұлы соғыста өлген Канша апай екен. Со-ғыста 
өлген үлкен үлы менімен түйдей кұрдас еді. Қолындағы кенжесі біз 
соғыска кеткенде кішкентай бала болатын. Сол есейіп, əжетке 
жарап, қаршадайынан жүмыс істеп, шешесіне сүйеніш болып жүр 
деп естігенмін.
— Сəлеметсіз бе, Қанша апай? - дедім əйел председательге


акырғы жауабын беріп болғаннан кейін. Канша апай да мені 
енді таныды.
— Аманбысың, айналайын, Ербол екенсін ғой, - деп жақын-
дап кеп, бетімнен сүйді. - Кашан келдің? Окуың бітті ме, кал-
кам?
— Кеше келдім, окып жүрмін əлі.
— Нарша байғүс куанып, ақ түйенін карны жарылып жатыр 
десеңші онда. Жарайды, қалқам, үйлеріңе барып жолығамын 
ғой, - деп Қанша апай қайтадан есікке қарай беттеді.
— Əй, қатын, - деді Бүркітбай əйелді тағы тоқтатып. Қанша
апайдың əкесі азан шақырып қойған аты Бүркітбай үшін мүлде 
өшкен сияқты, қайта-қайта «қатын» деп атайды. - Дəрігер сенің не 
теңің, жұмысқа бара бер. Егер балаң ертен тракторға жанар-май 
тасуға шықпаса, онда ауданнан мелитса шақыртып, айдатып
жіберемін ұлынды. Білдің бе?
Бүркітбайдың бар құқ айына төрт жылдан бері шарасыз көніп келе 
жатқан жесір əйел бір ауыз қарсы сөз айтпастан, тағы да бас изеп, 
есіктен шығып кетті.
Бұрынғы бригадирімнін мынадай боп кеткеніне мен тан кал-дым. 
Алғашында оның сəлемімді алмағанына ренжіп калып едім. 
Артынан əлгі сорлы əйелдіңсонша жəбірленгенін көргенде оған 
зығырданым кайнады. Өзімді-өзім əрең ұстап, оған кайтадан 
сəлем бердім.
— Ау, сен қайдан жүрсің? - деді ол сəлемімді алған болып.
Мен жөнімді айтып, тілшілік куəлігімді көрсеттім.
— Е, тілші деген қалада отырмайтын ба еді, - деді ол енді мені 
мысқылдап. - Жұрт қалаға жете алмай жүрсе, сен Алматыдан 
облыс келігі, облыстан ауылға шапқылап жүргенің қызық екен. 
«Сары иттің басын сары табаққа салса, шоршып түседі» деген
осы-ау, - деп ол өзінен-өзі рақаттанып, кеңкілдеп кеп күлді. 
«Сары ит - сенсің, - дегім келді оған. - Шашың да, қасың да, 
шарықтабақтай бетің де сары. Сен өңкиген сары аюсың!» Бірақ 
əдеп сақтап, жасы үлкен кісімен тайталаспадым. Жөн жауап 
бердім.
— Қала қайда қашар дейсіз, - дедім де койдым. Бүркітбай тағы
кеңкілдеді.


— «Өзі жақсы кісіге - бір кісілік орын бар» деген кайда?
Жалпақ жұрт сыйып жатқан қалаға сенің бір басыңның 
сыймағаны қиын екен, шырағым. Жарайды, жарайды, қалаға 
сыймасаң - дала кең. Өзің біл.


«Бұл қақпас неге менен ауылды қызғанып тұр?» деп ойладым
ішімнен. Оның себебін артынан білдім.
— Ал, менде не шаруаң бар, тілші болсаң? - деді Бүркітбай
арт жағынан оны біреу ауыздықпен шаужайлап отырғандай, екі 
езуін кезек қайшылап.
— Бірінші шаруам сізге сəлем беру еді. Оны əрең орындадым.
Берген сəлемді алмайтын боп кетіпсіз. Екінші айтарым - 
колхозшы əйелмен жаңағыдай сөйлесуіңіз дұрыс емес. Сіз ол кісіні 
өзімнің меншікті күңім деп ойлайсыз ба? Жоқ, олай емес. Ол кісі 
осы колхоздың қожаларының бірі.
— Оны кім айтты саған?
— Партия.
— Маған ақыл үйрететін кімсің сен өзің?
— Облыстық партия комитетінің тілі - «Алатау жұлдызы» газетінің
қызметкерімін.
Бүркітбай булығып, үндей алмай қалды. Мен бұрылдым да,
қоштаспастан шығып кеттім.
Ертеңінде қалаға қайтпақ болып, Төкешті іздеп, төменгі ауылға 
қарай беттеп, мектептің қасынан өтіп бара жаттым.
— Аға-а-а! - деп торғайдай шырылдаған бір бала дауысы шықты
артымнан.
Жалт карасам, шашы жалбыраған бір кішкентай қыз соңымнан
жүгіріп келеді екен. Мен тоқтап, тосып алдым.
— Аға, сізді мұғалім тəтем, - деді кішкентай қыз ентігін баса алмай, 
- Сəлима тəтем шақырады. Өзі класта отыр.
Осы кезде мектептен жамырай жүгіріп, басқа балалар шықты.
Мен Сəлиманың осында мұғалім екенін білетінмін. Бірақ барып 
жолықпаған болатынмын. Өзі шақырған сон, барайын деп
мектепке қарай бұрылдым. Колхоз кеңсесі мектептіңдəл
қасында еді. Оның сығырайған кішкене екі терезесі əлдекімді 
андығандай боп, мектеп жаққа жұтына, жымия қарап, телміріп 
тұратын.
Бұрынғы у-шуы кеп, орталау мектеп соғыс кезінде жабылып, 
бастауыш мектепке айналған. Оның тұтас бір жақ жартысын


колхоз алып, астық қоймасы етіп жібергенін естіген
болатынмын. Өзімнің ең алғаш қанат қағып ұшқан ұям
болғандықтан ба, əлде өмірлік жар болар деген үмітпен ең
алғаш құшақтаған қызым Сəлима ішінде отырғандықтан ба,
əйтеуір, мектептің табалдырығын аттай бере жүрегім қатты
лүпілдеп кетті. Сəлима екеуміз ең алғаш рет сүйіскен класта, 
мұғалім үстелінің басында, есікке қырыңдау отыр екен. Онын
қарсысындағы өзім бала күнімнен таныс парталар бұрыш-
бұрышы күшіктің құлағындай делдиіп: «Апырау, мынау Ербол 
ма?» деп, жапырлай маған қарасқан сияқты болды.
Есіктің ашылған дыбысын естіп, Сəлима жазып отырған 
журналының бетін жапты да, мойнын бұрды. Класқа кірген 
адамның кім екенін білген соң, орнынан ауыр көтеріліп, мен үшін 
өзгеше бір жат қимылмен, үйрекше, екі жағына кезек теңселе 
басып, бері қарай аяңдады. Ол өзіме жақындағанда іші едəуір 
білініп қалған екі қабат екенін аңғардым. Бұрынғы əппақ беті 
тарғақтың жұмыртқасындай тарғылданып, əр жеріне əжімге əсте
ұқсамайтын жалпақ, қызғылт сызықтар тартылыпты. Екі қабат 
əйелдің бетіне «ноқта» түседі деген осы екен ғой дегі ойладым.
Сəлиманың бұрын да бір баласы бар деп еститінмін. Ішіндегі
екіншісі болар деп жорамалдадым.
Сəлима маған қол беріп амандасты. Мен де одан артыққа 
бармадым. Тарғыл бет, шартиған іш, үйрек аяң - бəрі маған 
біртүрлі жатта, жиіркеніштілеу де көрінеді. Бірақ мұнымды 
сездірмеуге тырыстым.
Сəлима алдымен өзі барып сəлем бере алмай жатқанына кешірім
сұрады.
— Соғыс кезінде келгенінде де көре алмап едім, - деді.
— Оқасы жоқ, Сəлима, - дедім мен. - Оз халың қалай?
— Халдың несін сұрайсын? - деп күрсінді ол үстел жанындағы
өз орнына отырын жатып. Мен шəкірт сияқтанып, оның
алдындағы бірінші партаға жайғастым. - Қара түнде адасып,
қанғып, елсіз шөл далаға шығандап кеткен адамда не хал 
болушы еді?
Мен үндемедім. Сəлиманың жүрегіндегі ескі жараның аузын 
тырнағым келмеді. Бірақ Сəлима өз жайын мен сұрамай-ақ 
баяндай бастады.


— Мен сені ешқашан да кінəламаймын, - деп бастады ол сөзін. - 
Осалдың омыртқасын омырып, беріктің белін бүгілдіріп кеткен
соғысты кінəлап, жас өмірімді мəңгілік өшпес өртке салып
кеткен соған лағнег айтамын. Осалдық жасап, омырылып 
қалғаныма өкінемін, өзімді кінəлаймын.
— Осылай деді ме? Тура осылай деді ме, ағай? - деп Меңтай
білегімнен ұстай алды.
— Иə, - деп мен басымды изедім.
— Түу, ағай, қандай жақсы болған. Мен сіз Сəлимамен кездесіп,
ол тура осылай деп, өз қатесін сіздің алдыңызда мойындаса деп 
ойлаушы едім. Кездескеніңіз, Сəлиманың осылай дегені қандай 
жақсы болған!
Меңтай арқасынан əлде бір ауыр жүк түскендей, ішіне сыймай 
жүрген осы бір мойындау сөзін Сəлима емес, бейне бір езі 
айтқандай боп, масайрап, рақаттанып қалды.
— Сəлима бұдан басқа да бірсыпыра сөздер айтты.
— Енді ретімен айта беріңіз, ағай. Маған ең керегі жаңағы
мойындауы еді, - деп Меңтай қайтадан сабырлы қалпына келді.
— Өзімді кінəлайтыным, - деді Сəлима ауыр бір күрсініп алып, 
- мен анау Танадай тұрақты бола алмадым. Сым қоршаудың 
ішінде болса да ол қазір сүйгенінің қасында жүр. Шын ғашыққа 
одан артық мұрат бар ма?
— Тананың қайда екенін біледі екен ғой, - деді Майра.
— Біледі екен…
— Ойлап қарасам, менің саған жазған соңғы хатым аққудың 
ақырғы əніндей бопты, Ербол, - деп Сəлима тағы бір күрсініп 
алды.
— Ол хат əлі күнге дейін сақтаулы, - дедім мен.
Сəлима басын изеді.
— Онда мен шешен де, шебер де екенмін. Ақын болсам деген 
талап бар еді ғой онда кеудеде. Соның бəрі мына сары шалдың, 
саңырау дүлейдің, - Сəлима мектеп сыртындағы колхоз кеңсесі 
жақты нұсқады, - алқасында қалды. Тұяғы қанданып, тұмсығы 
майланып, қорбандап, жас жемтіктің кеудесін кеулеп жатқан кəрі 
қасқырдай күйге жеткен соң ақын емес, ақымақ қылды ғой ол мені.


— Сен əлі де акынсың, Сəлима, - дедім мен. - Мына сөздеріңнің
өзі тегіліп тұрған теңеу ғой.
— Акындық қайда енді бізге, - деп күрсінді ол. - Бала-шағамен 
қалдық қой біз. Ал сен нағыз журналист боп кетіпсің, Ербол. 
Жазгандарыңның бəрін газеттерден үзбестен оқып жатамын.
— Нағыз журналист болуға əлі ерте ғой, - дедім мен басымды
шайқап. Сəлима да басын шайқады.
— Жоқ, жок, рас айтамын.
Осьгдан соң ол сəл ойланып, үнсіз қалды да, алғашқы баста-ған
əңгімесін қайтадан жалғады.
— Тағы да айтамын, Ербол, мен сені ешқашан да
кінəламаймын. Тұл - жетім, жар - жесір болып, əр кеудеде 
жүрек орнына жүдырықтай мұз жатқан, əр адамның кезінен аққан 
қанды жасы екі бетті кислотадай күйдірген сұрапыл соғыс 
жылдарының азабын, зардабын кім ұмытады дейсің. Бұл да сол 
мындаған жанның жүрегінде қалған тарқамас шердің бірі ғана ғой. 
Оның үстіне өмір бойы өзімді кінəлап өтермін дедім емес пе жаңа.
Егер үнім жетсе, мен бар қызға, қыз боп туар болашақ бар
ұрпаққа былай деп жар салар едім: «Қыздар, бай деп, бақты 
деп ешқашан да шалға шықпандар. Жаның сүйген тең құрбы, до-
сыңа балғын бал көңілмен берген уəденді өлсең де бұзба!» дер 
едім. Бірақ менің үнімді кім естиді, кімге айтамын? Сөзінде тұра 
алмай сорлаған, шатасып, шалға шыққан Сəлиманың ендігі сөзі 
кімге керек, кімге дəрі…
— Түу, байғұстың жағдайы қиын екен ғой, аяп кеттім ғой, - деді 
Майра. Меңтайдың да мөлтілдеп көзіне жас келген сияқтанды. 
Мен əңгімемді ары қарай жалғадым.
— Осы арада Сəлима ексіп жылап қоя берді. Оның жылағанын 
көріп отырып, өзім де қиналдым. Бірақ, қиналғанмен менің 
қолымнан келер не бар? Сəлима ексігін тоқтата алмай, қайта-
қайта жылай берді. Оның ендігі сезі екі өксік арасында
айтылып қалған үзік-үзік ойлар түрінде жалғасты. Ол маған
шал күйеуінің соғыстан соңғы бір жыл ішінде өзіне істеген зəбірін 
жеткізді. Бұл ауылда Бүркітбай етегін ашпаған жас əйел, əңі бүтін 
орта жастағы қатын кемде-кем көрінеді деді.
— Бұл қорлыққа көнгенше өлгеннің өзін хош көрген сəттерім де 
болды, Ербол, - деді ол тағы бір ексіп алып. - Алайда мезгілсіз 


жан шықпайды екен кеудеден. Əлі күнге дейін өлмей, тірі келемін. 
Бірақ тек тірі жан дегенің болмаса, мендегі ендігі тіршілік шамалы 
боп қалды бұл күнде. Əйтеуір бала-шаға болған соң бой үйреніп,
кендігіп кетіп бара жатырмын, тенізге лақтырылған бір кесек
тастың су түбіне қарай сыбдырсыз домала-ғанына ұқсап.
Сəлима көзінің жасын сүртіп, сөзін жинақтай бастады.
— Сені терезеден көрген соң, шыдамай шақырттым, Ербол.
Келгеніне рақмет, саған шағып, ішімдегі шемен шерім біраз 
босап қалғандай болды…
Осы кезде сарт етіп, класс бөлмесінің есігі ашылды. Екеуміз де 
жалт қарадық. Түсі оңа бастаған көк көздері құтырған иттің 
көзіндей қанталап, оқ тиіп долырған сары аюдай қорбаңдап, 
Бүркітбай кіріп келе жатыр.
— Ə, екі ғашық, қол ұстасып, отырсыңдар ма сыбырласып, - деді 
ол тістене, тақпақтай сөйлеп. Содан соң Сəлиманың қасына
келді де, үнемі тершіп, быршып жүретін жалпақ алақанымен
жағынан сылп еткізіп тартып кеп жіберді.
— Əкеңнің аузын… Сен менің қатыным екеніңді ұмытып қалған
боларсың тегі…
Аюдың табанындай ауыр алақанымен Сəлиманы беттен салып
қалғанда «Ойпырай, өлтіреді-ау мына бейшараны» деп жаным 
шығып, орнымнан атып тұрдым.
— Неге ұрасың, не жазығым бар? - деді Сəлима жылап жіберіп.
— О, шешеңді… Міне жазығың! - деп ол, əйелінің екінші бетінен
жəне тартып жіберді. - Кет үйге қазір.
Менің көз алдым тұманданып, өзімді-өзім əрең ұстап қалдым. 
Оның үстіне жаумен соғысқа болмаса, мен өзі бала күнімнен 
ауылдың жаяу төбелесіне жоқ жанмын. Қазір қызбаланып, 
жағасынан алсам, мына аю сары шалдың осы минутта шапқылап 
ауданға барып: «Мені тілші сабады», - деп өзін-өзі өтірік жаралап, 
жалған жала жауып, соттатып жіберуі хақ. Сондықтан не де болса 
шыдап, ернімді тістеп, үндемей бақтым.
Екі бетін басып, еңкілдеп жылап, Сəлима есікке қарай ұмтылды. 
Егер Сəлима екіқабат болмаса, мына дүлей оны жығып салып, 
насыбай толы қалың ернін тістеніп алып, ішке тепкілейтіндей еді.


— Мұныңыз дұрыс емес қой, ақсақал, - дедім мен бұл сəтте бар
қолымнан келгені осы болып.
— Мен сенен ақыл сұрамаймын, - деді ол былш еткізіп партаға 
түкіріп. Содан соң есікке қарай аяңдады да, тоқтай қалып жəне 
тістене сөйледі. - Үлкен үйдің итаяғынан жұғын дəметкен бұралқы 
күшікше ілмимей, жайыңа кетсең өзің!
Маңдайымнан қара тер бұрқ ете түсті. «Мұның кеше қаладан 
Далаға неге келдің деп домбытпалап отырғаны осы екен ғой.
Менің əйелімді торып келдің дегені екен ғой» деп ойладым.
Сары аюдың нақақ жаласына жаным күйді.
Бүркітбай бар ашуымен есікті тарс еткізе жауып, шығып кетті.
Ол Сəлима екеуміз бала күнімізде оңашаланып келіп, бірінші 
рет сүйіскен класс бөлмесін, мектептің баска жағын қойма,
атқора етіп алғаны сияқты, абақты етіп, соған мені тас қып қамап 
кеткендей болды.
Осылай деп мен үнсіз отырып қалдым. Қос қыз да бастарын 
шайқап, ауыр мұңға батқандай болды. Енді мен əңгіменің аяғын 
тиянақтадым.
— Сол жолы Бүркітбай Тұтқышевқа қатты ыза болып кеткен
едім. Оның жалғыз Сəлимаға ғана емес, Қанша апайға 
көрсеткен жəбірі де жадымда жүрген. Қанша ыза болсам да 
Бүркітбайды маған бірден жыға қою оңай емес кой. Өйткені мен 
жас журналиспін ғой əлі. Ал Бүркітбай болса жас аңшыға 
кездескен кəрі қабан іспеттес. Алыстан жəне жанды жерінен дəл 
көздеп атпаса, жаралы қабан аңғал жас аңшының өзін де
жайратып кетпей ме? Осыны ойладым да, мен Бүркітбайдың 
Сəлимаға байланысты арсыздықтарын былай қойып, оның
колхозшылармен дөкірлігін сынап, Қанша апайға - көрсеткен
зəбірін баяндап газетке «Əй, қатын…» деген фельетон жаздым. 
Өйткені Сəлима туралысын айтсам: «Бұл менің əйелімнің бұрынғы 
жігіті болатын. Сондықтан өштікпен жазып отыр» деп бассалар да, 
басқалар соған иланып қалар деп ойладым. Соным дұрыс бопты. 
Кейіннен Аудандық партия комитетінде жаңағы мен жазған 
фельетон талқыланғанда ол шынында да солай деп шатыпты.
Кейбіреулердің Бүркітбайды қолдағанына қарамастан, бюро
колхозшылармен дөкірлігі жəне колхоз шаруасын ақсатқаны
үшін оған сөгіс жариялапты. Егер мұндай қылықтары 
қайталанса, орнынан алынатындығын ескертіпті.


Осы кезде баска бір үйден шығып, сары кідір тартқан ақсары əйел
қасымызға келді.
— Апа, бері жақында, мына Ербол деген балаңмен таныс. Біздің 
бірге оқитын жолдасымыз, - деді Майра əйелге.
Мен орнымнан ұшып тұрып, басымды иіп, үлкен кісіге сəлем
бердім.
— Сəлеметсіз ба, апа?
— Аман-есенбісің, шырағым. Күйлі-қуатты жүрмісің, жаным. - 
Содан соң əйел қызына қарады. - Майра, қалқам-ау, тал түс 
болды. Қонақтарыңа шай қайнатып бермейсіңдер ме? - деді.
— Қазір, қазір, апа, əңгімелесіп отырып қалдық, - деді Майра 
ақталып. Меңтай екеуі тез орындарынан тұрып, беседка 
сыртындағы қазандыққа қарай ұмтылды. Ақкофталы, қызыл 
юбкалы Меңтайдың сыртынан мен сұқтана қарап отырып қалдым.
Қос қыз бен қарт ана үшеулеп, лезде шай жасап əкелді.
— Қарағым, əкең бар ма? - деді қарт ана маған Майра арқылы
шай ұсынып жатып.
— Жоқ, апа, соғыста өлді.
— Е, бақыр-ай, - деді ана ернін сылп еткізіп. - Біздің Майраның да
əкесі соғыстан қайтпады.
— Білемін, апа. Майра айтқан болатын.
— Шешен бар шығар?
Мен басымды шайқадым.
— Е, бақыр-ай, - деп Майраның шешесі тағы да ернін сылп
еткізді. Содан соң, менің əке-шешемнің жоқтығы ана жүрегінің
əлдебір қылын қозғады ма, білмеймін, ол бұрынғысынан да 
мейірленіп, дастарқан үстіндегі май мен бауырсақты өз қолымен 
молырақ етіп, менің алдыма қарай ысырды.
— Жеп-іш, қарағым. Тойып ал.
— Иə, менің апам жақсы кісі, - деп Майра еркелеп, шешесіне
басын сүйеді.
— Кімнің шешесі жаман дейсің? Баласының қасында басы 
қарайып отырған шешенің жаманы бола ма, қарағым, - деді қарт 


ана шайын ұрттай отырып.
Шайдан кейін Майра, Меңтай, мен үшеуміздің əңгімеміз қайтадан
жалғасты.
* * *
— Жас баланың өз туған əке-шешесінің нендей адамдар
екенін, олардың мінез-құлқы, қадыр-қасиеті қандай екенін 
білмейтіні сияқты, жас күнімізде бəрімізде туған халқымыздың 
бойындағы барлық қасиеттерді тегіс біле бермейді екенбіз.
Əсіресе, оның кемшілік жақтарын көрмейді екенбіз, қыздар. 
«Халық - ана», «Халық - каһарман», «Халық - данышпан» деп 
жүре береміз. Онымыздың бəрі де рас. Бірақ жаксы адамның да 
басында кемшілігі болатыны сияқты, сол қаһарман, данышпан 
халықтың да бойында бір кінəрат болады екен. «Жеке
адамдардың кемшілігіне халық кінəлі ме?» деп, екеуіңнің
маған қарсы дау айтуларыңа да болар. Бірақ халық жеке 
адамдардан тұратын болғандықтан, мен олардың кемшілігін 
халықтың бойындағы мін деп отырмын. Сонда мен əйгілі 
академик Қаныш Сəтбаевтай, дүниенің төрт бұрышына кең 
танылған үлкен жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Əуезовтей,
дүлділ композиторлар Мұқан Төлебаев пен Ахмет Жұбановтай,
бұлбұл əнші Күлəш Байсейітовадай есімдері мəңгі жасайтын
ұл, қыздары бар, дарынды, данышпан қазіргі қазақ қауымының 
басындағы мін арызқорлық деп түйдім.
Бұған өзім алты жарым айдай, яғни 190 күн тілші болып, ел
аралағанда еркін көзім жеткендей болды. Өйткені мен сол 190 
күннің тең жарымынан артығын арыз тексерумен өткіздім.
Бір жолы редактор шақырып алып, алыс ауданнан түскен арызды
қолыма ұстатты.
— Ербол шырағым, осы хатты жақсылап тексеріп келші, - деді 
редактор. - Олай дейтінім, мұны жазып отырған мұғалім адам.
Бұл кісіден бізге бұдан бұрын да бірнеше арыз келген.
Қараңғы колхозшы емес, оқыған ауыл интеллигенті боп 
есептелетін бұндай адам неге арыз жаза береді екен, соның 
себебін білші.
Хатты алып, редакцияның бір бос бөлмесіне барып, оқи бастадым. 
Қарасам, дəптердің төрт бетіне жазған хаттың іші бықып тұрған
қате. «Сауатын арызбен ашатын ағайындарым-ай» деп ішімнен


тынып, хаттың аяғына қарасам, «Тілеуғали Рүстемғалиев» деп
қол қойыпты. Аты-жөні маған таныс адам сияқты боп көрінді. 
Соғыста дəл осындай бір қаруласым болған еді, сол емес пе екен 
деп ойладым. Іздеп келсем, соның нақ өзі боп шықты. Мен
өның арызына байланысты көп адамдармен əңғімелестім.
Аудандык партия көмитетінің секретарымен де, ауатком
председателімен де, прокурормен де, аудандык оқу бөлімінін
менгерушісімен де сөйлестім. Бүлардан басқа адамдардың,
Тілеуғалимен бірге қызмет істейтін мұғалімдердің ол туралы
пікірлерін тындадым. Олар бір ауыздан менің ескі досымның
оңбағандығын дəлелдеді. Солай екеніне өзімнің де кезім жетті. 
Осы кісі бір езі ғана екі жылдың ішінде жөғары орындарға əркімнің
үстінен отыз екі арыз жазыпты. Соның бірде-бірі раска
шықпаған. Отыз үшінші арызды қолыма ұстай отырып, мен ескі 
досымның езімен əңгімелестім. Ол бəрін де мойындады, «рас-
талмағаны рас» деді.
— Ендеше расталмайтын арызды неге жазасыз, Тілеке? - дедім 
мен. Соғыстың талай сұрапыл кезеңдерін басымыздан бірге
өткерген ескі дос болғанымызбен, ол менен 5-6 жас үлкен еді.
Сондықтан мен оның жасының үлкендігін құрметтеп, осылай - 
«Тілеке» деп атадым.
— Біреудің үстінен бірдеңе жазбасам, отыра алмаймын, - деп
ескі досым шынын айтты. - Біреуді жамандамасам, ішкенім ас 
болмайды. Тегі қанымда сондай бірдеңе бар ғой деймін,- деді ол.
Оның қанында не бар, не жоғын тексергемін жоқ, білмеймін. 
Өйткені мен дəрігер емеспін. Бірақ журналист те дəрігер сияқты, 
ол да өзінің тексерген ісіне диагноз қояды, операция жасайды - 
кемшіліктен кұтылудың жөнін көрсетеді. Дəрігер операцияны 
адамның тəніне, журналист жанына жасайды. Теріс диагнозбен 
жанға жасалған операция адамды өмір бойы мүгедек етеді, сөйтіп 
оны баспасөзге деген сенімнен айырады, оған өштестіреді. Бұл
жалпақ жұртқа жария болады. Ал тəнге жасалған операция
теріс болса, адам өледі, ештеңені білмейді, ешкімге айта
алмайды. Өлген адам тіріге қорқынышты емес. Екеуінің тағы
бір айырмашылығы - дəрігер адамның бойынан ауру тапқанда 
оған жаны ашығанын айқын аңғартпайды, ішінде сақтайды;
журналистің əр адамның бойынан кемшілік көрген сайын жаны
ауырады, «бұл сорлы мұндай кесірге қайдан тап болды екен?»
деп, өз-өзінен қиналады. Мен де қинала отырып,


командировкадан қайтқаннан кейін, «Алатау жұлдызына» «Ескі 
досқа хат» деген үлкен мақала жаздым. Мен сендерге соның ен 
соңын ғана оқып берейін, қыздар. Мен арт жағымда, ақ
жастықтың қасында жатқан қоңыр папкаға қол создым. Онда
менің «Алатау жұлдызында» жариялан ған барлық
мақалаларымның қиындылары бар еді. Жомартбекке көрсетіп
мақтанайын деп облыстан Алматыға əдейі ала келген едім. 
Жомартбек жок болғандықтан келгеннен бері беті ашылмай
жатқан бұл папканы мүмкін Меңтай мен Майраға көрсетермін
деп, бағана осылай қарай шығарда қолтығыма қыса салғамын. 
Майра лып етіп, маған қол жалғап жіберді. Мен аталған мақаланың 
ең соңғы бағанасын оқи бастадым.
«… Досым, сен маған алғашында дипломыңның барлығын, 
сауатты екеніңді айттың. Сол кезде алдымда жатқан сенің 
арызыңның соңғы бетіне көзім түсті менің. Онда сен былай деп 
жазған екенсің.
«Редаксиядан (!?) сұрайтыным (?) менің осы хатмның (?) қата (?) 
Жер (?) болса түзетіп (?) Жазып (?) қостың (?) қосып, өңдеп (?) 
кəзит бетіне жазуды (?) сұраймын (?). Т а қ ы р ы б ы: «Ескіліктің 
Жат (?) əдеттеріне (?) Жол (?) беруші бастықтар» деп (?) басқа 
теме (?) алуыңа (?) болады (?). Тезірек тексеруіңді (?) сұраймын
(?).
«Хат Жазушы (?) мұғалим (??) Тілеуғали (?) Рүстемғалиев(???)»
Сөзіңді тыңдап, жазуыңды оқи отырып, сен үшін мен қызардым, 
досым. Қырық шақты сөзден үлкенді-кішілі жиырмадай қате 
жіберіпсің. Жазуыңнан көрінген сауатсыздық сол жердегі сөзіңнен 
танылып тұрды сенің.
- Мені қудалап жүр. Сондықтан мектеп директорының
жазалануын талап етемін, - дедің сен сөзіңнің соңында.
Сабақтың сапасын білу үшін комиссия құруын қудалау деп 
есептесең, онда директордікі дұрыс, Тілеуғали. Өйткені, директор 
мектептегі оқу-тəрбие жұмысына жауап береді. Ол бар оқушының 
барша пəннен сауатты болып шығуын көздейді. Ал, сен, шала
сауаттысың, сенен оқып, ештеңе білмей шыққан баланың
обалы кімге ертең? Сен осыны ойладың ба өзің? Ойласаң, олай 
демеген болар едің, əрине.
Мен ауданнан қайтқанда сен туралы дəнеңе жазбай-ақ қоярмын 


деп едім. Бірақ оным саған болысқандық болмайды екен, ескі дос. 
Сен тек өзімдікі жөн деп, өзгенің сөзін өрге бастырмайды екенсің. 
Қит етсе, иректеп арыз жазуға құмар көрінесің. Бұл оқиға сенің 
өміріңдегі бір рет еткен ағаттық болса, мен оны елемеген де
болар едім. Бірақ бұл сенің сүйегіңе сіңіп бара жатқан дерт 
көрінеді. Сондықтан мен жүрегім сыздай отырып, осы хатты 
жолдауға мəжбүр болдым саған.
«Жалақор» деген жаман ат, Тілеуғали. Арызшылдық абырой
əпермейді. Ескінің бұл жиіркенішті қалдығы жаңа өмірге
жараспайды, коммунистік жаңа заман адамына лайық емес.
Əсіресе, осы өмірді қорғау жолында қасықтай қанын, шыбындай 
жанын аямай, жаумен күрескен Отанның ер солдаты - сенің 
бойыңа сыйымсыз іс. Ойлан осыны. Коллективіңмен тату бол, 
жолдастарыңды сыйла; орынсыз арыз айтып, өтірік жала жауып, 
олардың тынышын алма, шырқын бұзба. Сонда олар да сені 
құрметтейді. Жалқаулықтан арыл, ерінбей ізденіп, сауатыңды аш. 
Сонда сені шəкірттерің қадірлейтін болады. Сен екеумізді 
майданда бір күні, бір жиналыста партияға алды. Соғыста ел үшін 
еткен ерлігіміз үшін ұлы партияның мүшесі болдық. Ендеше
екеуміз əрқашан өзгелерге өнеге көрсетуге, майдандағыдай тек 
қана алға ұмтылуға тиіспіз, жауынгер дос.
Мен сенің редакцияға келген хатыңды алғаш оқып, соңындағы
атың мен фамилияңды көргенде қуанышымда шек болмады.
Бірден сені көз алдыма келтіруге тырыстым. Тезірек өзіңмен
кездесуге құмарттым. Бірақ жайыңды көріп, жабырқап қайттым.
Мен сені мұндай болады деп ойламаған едім. Сəлеммен сенің 
майдандас ескі досың Ербол Есенов».
- Бұл - бір, - дедім газет қиындысын қайтадан папкаға салып
жатып. - Бұдан басқа да бірнеше мысал айтайын мен
сендерге. Мінеки, осы екеуің сияқты, бір кабинетте қатар
отырған, бірімен-бірі ойнап-күліп жүрген адамдардың бірінің 
үстінен бірі арыз жазғанын естідіңдер ме, сендер? Жоқ, естіген 
жоқсыңдар. Ал мен көрдім ондай адамдарды.
Редакцияға бір колхоздың председателі мен орынбасарының
бірін-бірі жамандап жазған хаты келеді. Екі хатта да: «Ол ішіп 
қойды, жеп қойды. Мемлекет мүлкін талан-тараж етті» деген 
ауыр-ауыр айыптар бар. «Жазған құлда жазық жоқ» дегендей, екі 
етекті белге түріп алып, мен жөнелдім ол хатты тексеруге.


Аудан басшыларымен ақылдасып, адамдармен сөйлесіп,
тексеріп қарасам, колхозда шашау шыққан ештеңе жоқ. Бар 
мүлік орнында, бар дүние қалпында.
— Ау, ақсақалдар-ау, бұларың не? - деймін мен күліп, 
председатель мен орынбасарға кезек көз тастап. Екеуі де төмен 
қарап, күмілжиді.
— Мынау бір тойда жұрттың бəрін мақтап сөз сөйлеп, менің 
атымды əдейі аузына алмай кетті. Мен соған ыза болып едім, - 
дейді председатель.
— Бұл кісі ылғи ойын-тойда өзі төрге отырып алады. Басты да 
өзі ұстайды, басқаны да өзі таратады. Маған үлкен едің деп
үстел басын бір билетпейді. Мен соған ерегісіп едім, - дейді
орынбасар. Сөйтсем орынбасар председательден 2-3 жас үлкен 
екен.
Мінеки, ол екеуінің арыздасқандағы əңгімелерінің түрі осы.
— Екеуіңіз де үлкен адамсыздар, менің əкемдей кісісіздер, - 
деймін мен оларға қынжылып. - Екеуіңізге менің өнеге айтуым 
келіспейді де. Бірақ осыларыңыз ел-жұрт, естір құлақтан ұят емес 
пе?!
— Қояйық, кояйық.
— Жаздық, жаңылдық, - дейді олар, мен бейне бір ол екеуін атып
кететіндей апалақтап.
— Шаршадыңдар ма, қыздар?
— Жок, жоқ, айта беріңіз, ағай, - дейді Майра мен Меңтай қосыла
үн қатып, тағы да тыңдауға ынталанып.
— Енді тоқсандағы өлмелі шал жазған тағы бір арыздың
қызық хикаясын айтайын да, бұл əнгімені доғарайын біржола.
— Иə, қызық емес, қасірет қой бұл, - дейді Майра. Майраны 
мақұлдап, бас изеймін де, қызып алған мен тағы да сөйлей 
жөнелемін.
— Іргелес қатар отырған екі ауылдың бірінің тоқсандағы шалы
екінші ауылдың алпыстағы шалының үстінен арыз жазыпты, 
былай деп көрсетіпті:
«… Үшбу, жоғарыда аталған Əлімбай шал аруағымызды
қорлап, атамыздың бейітіне қол тигізді. Соны тексеріп, 


атамыздың аруағын қорлаған кісіні жазалауды сұраймыз… »
— Иə, түуһ, - деді Майра қабағын шытып. - Ол соншама Қозы 
Көрпеш пен Баян сұлудың бейіті ме екен қол тигізбейтін?
— Тексере келгенімде, - дедім мен, - мəселе мынадай боп шықты. 
Арыз жазған тоқсандағы шалдың арғы атапары білікті кісі болса 
керек. Ауылдарының шетінде соған орнатылған, бір жақ бүйірі 
құлаған ескі зират тұрады екен. Көрші отырған екінші ауылдың 
қарты Əлімбай деген кісі бір күні сол зираттың құлаған жерін
қайтадан қалап, бұрынғыдай етіп, жақсартып, түзеп қояды. 
Тоқсандағы шал осыған ашуланады.
— Əлімбайды неге кінəлайсыз? - деймін мен оған.
— Атамыздың бейітіне қол тигізді.
— Атаңыз қадірсіз кісі ме еді?
— Жок, қадірлі болатын.
— Онда Əлімбайдың атаңыздың құлап жатқан бейітін түзеткені
дұрыс емес пе?
— Жоқ, теріс.
— Неге?
— Өйткені ол - біздің атамыз.
— Онда зиратты өзіңіз түзетейін деп жүр ме едіңіз?
— Жоқ, менің оған халім жоқ, Əлімбайдай жас емеспін.
— Жас болмасаңыз, зираттың түзетілгеніне қуанбайсыз ба қайта?
— Жоқ, куанбаймын.
— Неге?
— Ол - біздің атамыздың зираты. Оны түзетсек, біз түзетуіміз 
керек. Түзете алмасақ, бөтен ешкімнің қолы тиюге тиіс емес!..
Міне, мұны алжыған шалдың сандырағы ғана деп, ешбір мəн 
бермеуге де болар еді. Бірақ дəл осы штрихта жоғарыда айтқан
кінəраттың ескі психологиялық элементтері жатыр. Ол кінəрат,
ол дерт - арызқорлық, ауылға бөлінушілік. Мен халқымыз осы
жаман дерттен арылса екен деп арман етемін. Ең жоқ
дегенде болашақ ұрпаққа осы дерт жұқпаса екен деймін. Құр
арманмен іс бітпейді. Арманды жүзеге асыру үшін аянбай 


күресу керек. Жан-жақты күрес қажет. Мен журналист, сендер 
мұғалім болып, бəріміз бір үнмен осы тілектің ұранын жас 
ұрпақтың құлағына құюға тиістіміз! Мен осылай деп ойлаймын, 
қыздар.
— И-иə, ағай-ай, жақсы айттыңыз-ау, - деді Майра менің сөзіме 
сүйсінгендей болып. Меңтай да Майра екеумізді құптағандай бас 
изеді де:
— Жалақорларға жаза қолданылса, қандай жаксы болар еді! - деді
баяу үн қатып.
— Иə, оның рас, арызқорларды шен-лауазымына қарамай
əшкерелеп, халық алдында қарабет етсе, тоқталар еді бұл 
пəле.
Екі қыз маған қарады. Мен де басымды изедім оларға. Содан
соң үшеуміз де, əрқайсымыз іштен ойланғандай боп, біраз үнсіз 
отырдық. Менің есіме профессор Əуенов түсті.
— Мұхит ағай қалай, қыздар? - деп сұрадым келгелі ол кісіні
көрмегенімді айтып.
— Жақсы, - деді Майра. - Сізді лекцияға келген сайын сұрап
қояды. «Ерболдан хабар бар ма, Жомартбек?» дейді. «Ол
облыстық газетте тілші боп, ел кезіп жүр» деп жауап береді
Жомартбек. Оған Мұхит аға риза боп қалады. «Бəле, жас жігіттің 
өмір көргені жаксы. Ол - соғыстың сұрапылын белуардан кешіп 
келген азамат. Енді ел өміріне қансын. Ербол сияқты жігіттерге 
өмірдің өзі университет. Көрерсіңдер, Ербол үлкен журналист 
болады əлі» дейді Мұхит аға. Біз, Меңтай екеуміз, асыл ағаның 
сізді мақтай айтқан бұл сөзіне төбеміз көкке жеткендей боп 
қуанып қаламыз. Рас, қой, Меңтай? - Меңтай сабырмен бас изеді.
Рақмет, - деп мен де басымды изедім оларға.
Содан кейін мен оларға анада, осы екеуін іздеп театрға барғанда, 
Мұхит ағай маған алдыңғы қатардан орын ал деп ақша бергенін,
бірақ мен ол акшаға билет ала алмағанымды, кейін, облысқа
кеткенде жол қаражатына жұмсағанымды айттым.
— Соны алмауым керек еді, алғаным ұят болды-ау деп осы күнге 
дейін ойлаймын. Бірақ үлкен кісі өзі ұсынып тұрғаннан кейін 
алмауды тағы ерсі көрдім.
— Иə, оның несі бар? Тəбəрік қой, қайта жақсы болады, - деді


Майра.
— Ол күні Мұхит ағаның залда сізді қолтықтап, əңгіме шертіп 
жүргенін біз де көргенбіз. Мұхит ағай қандай əңгіме айтты деп 
сізден сұрағалы бұрышта тосып тұрған едік.
— Иə, иə сонда. Енді сол ақшаны Мұхитағаға калай қайырып
берсем деп жүрмін.
— Қойыңыз, ол кісі ренжір, - деді Майра.
— Неге? Егер мен студент боп қайтарып берсем, ол кісі
ренжір еді. Ал қазір мен журналиспін, жас интеллигентпін ғой.
— Жоқ, тəбəрік болады, оны қозғамаңыз, - деп Майра үзілді-
кесілді кесім айтты.
— Ал енді не қалды айтылмаған онда, - деп қос қызға кезек 
қарадым. - Бүгін мен сондай мақтаншақ боп кеткен сияқтымын.
Көңіліме келгеннің бəрін кідірмей, ақтарып жатырмын. Ол 
сендерді сағынғандығымнан болар, қыздар. Кешірім етіңдер.
— Жо-жоқ, бəрі де жақсы, ағай, - деді Майра бəйік болып. -Сіз 
келгенге жанымыз жасап қалды. Иə, айта беріңіз, тағы да 
айтыңыз.
— Онда, мынау менің «Алатау жұлдызында» осында жүрерде 
жарияланған ең соңғы мақалам еді, - дедім папкамды қайтадан 
ашып, оның ішінен тұтас газет номерін суырып. - Махаббат 
туралы. Енді соны оқиық. Тарихы мынадай. Бір жігіттің 
уəделескен қызы басқа біреуге тұрмысқа шығып кетеді. Соған 
назаланып жігіт редакцияға: «Осы ма еді, ей қалқа, берген сертің» 
деген мақала жолдады. Мақала газетке басылып, оған көптеген
пікірлер келді. Сол хаттарды қорытындылау маған тапсырылған
еді. Мен бірнеше күн ойланып, толғанып жүріп, осы мақаланы 
жаздым. Майра, сен оқисың ба, мен оқиын ба? - дедім газеттің
ішкі бетін ашып жатып.
— Əкеліңіз, ағай, мен оқиын. Сіз бағанадан бері əңгіме айта-айта
шаршаған боларсыз.
Мен газетті Майраға бердім. Ол тамағын бір қырнап алып,
мақаланың басына көз жүгіртті.
— «Ербол Есенов, жас журналист», - деп Майра алдымен мақала 


тақырыбының үстіңгі, оң жақ шекесіне бадырайта жазылған
менің аты-жөнімді айтып, сəл тыныс жасады да, содан соң
судыратып, төмендегі мақаланы оқи жөнелді.
Алтын діңгек
«Алатау жұлдызы» газетінің осы жылғы 12 майдағы санында «Осы 
ма еді, ей қалқа, берген сертің?.. » деген тақырыпта мақала
жарияланды. Бұдан кейін газет бетінде бірнеше дүркін
оқырман қауым сол мақалаға байланысты өз пікірлерін ортаға 
салды.
Аталған мақалада да, оған байланысты көтерілген əңгімеде де 
адам жанының ең сұлу, ең асыл сезімі, жас ғұмырдың жалынды 
əні - махаббат мəселесі сөз болды. Махаббат деген не?
Махаббаттың басты шарты қайсы? Тек сұлулық үшін ғана сүюге 
бола ма? Алған жарыңның мүсіні көкейдегі мұратыңа сай келмесе, 
не істеу қажет? «Бір көргеннен» ғашық болу деген рас па? Екі 
адам бірін-бірі көрместен ғашық бола ала ма? Құмарлық пен 
ғашықтықтың арасында айырма бар ма? Махаббаттың жауы не? 
Тұрақсыздық қайдан туады? Сезімді тұрақты етіп қалай тəрбиелеу 
керек? - міне, осы жайлар едəуір талқыға түсті. Көп оқырманның 
бірі ретінде менің де бұл əңгімеге атсалысуыма тура келді.
Газеттегі мақалаларды оқып шыққаннан кейін менің ойыма сонау 
жайлауда жатқан бір қарт шопан айтқан сөз түсті. Социалистік 
Еңбек Ері Ілияш Қызырбаевпен əңгімелесіп отырғанымызда, бір 
реті кеп қалған тұста мен Ілекеңнен «Махаббат деген не, өзі?»
деп сұрадым. Қарт шопан қой бағуға байланысты емес бұл
сұраққа да ойланып жауап берді.
— Ол - əр үйдің алтын діңгегі ғой, шырақтарым, - деді.
— Сонда кемпір мен шал сіздерде де махаббат бар ма? -
деді менімен бірге келген жас зоотехник Ілекеңе бəйбішесі 
Ақнұрды нұсқай əзілдеп.
— Осы сен күннің нешеу екенін білесің бе? - Осылай деп, Ілекең
зоотехник жігітке қарсы сұрақ қойды.
— Білемін, аспанда жалғыз ғана күн бар.
- Жоқ, - деді шопан бурыл басын шайқап, - күн екеу, оның бірі көкте 
болса, бірі жүректе. Жүректегінің аты - махаббат. Махаббат 
мекендемеген жүрек қыстыгүні қар астында қалған қараңғы үймен 


тең.
Ілекең өзіне сұрақ қойған жігітті осылай жеңіп кетті. Біз шопанның
тапқырлығына мəз боп, құттықтап, кезек- кезек қолын алдық.
«Махаббат деген не?» деген сұраққа газет бетінде бұл
мəселені талқылауға ат салысқан жұрттың бəрі жауап берді. 
Бұл жөнінде даналардың да, данышпандардың да айтқандары 
көп. Бұл сұраққа шопанның да берген жауабы орынды. Өйткені… 
«қанша бас болса, сонша ақыл болады, демек, сонша жүрек, 
соншама махаббат болады» (Л. Толстой). Осыдан екі мың жыл 
бұрын Рим ақыны Тибулл махаббатты «тəтті жұмбақ» деп атаса
керек. Шығыстың бір бұлбұлы, атакты Хафиз акын оны «мəні
мəлімсіз сəт» депті. Мəселе махаббатты кімнің қалай 
атағанында емес. Əңгіме адам жүрегінің осы қымбат қазынасын 
қадірлей білуде ғой.
Газетте жарияланған мақалаларға қарағанда кейбір жастардың
махаббатқа жеңіл-желпі қарайтыны байқалады. Мұның өзі
олардың махаббат мұраты не екенін алдын ала ойлап,
бажайлап, саралап алмайтындықтарынан болуға тиіс. 
Махаббаттың алдында жазда алыстан көзге шалынған таудай 
мұнартып, əрқашан екі мақсат тұратыны аян. Оның бірі табиғи
тілек те, екіншісі сана мұраты болмақ. Табиғи тілек дегеніміз
ұрық, ұрпақ қалдыру жөніндегі соқыр сезімнің жетегі екені 
түсінікті. Ол қыз бен жігіттің бір-біріне қызығып, құмартуы түрінде
білінеді, нəпсіге тіреледі. Ал, сана мұраты жігіттің қыздан
немесе қыздың жігіттерден өзімен ойы тең, ақылы сай, бір-бірінің 
қуаныш-реніштеріне өмір бойы ортақ болысып, мұң шағып, сыр 
шертіп, шер айтысатын, жанымен жаны үндес адам іздеуі,
бірін-бірі шексіз сүйетін жан тауып, соған қосылып, қосылған
соң бірін-бірі өле-өлгенше қадірлеп, құрметтеп өтуге ұмтылуы. 
«Кімнің жаны махаббаттан тəн лəззəтімен қоса рухани лəззəт 
алуға ұмтылса, тек соны ғана адам деп бағалаймыз» дейтін
Бальзак сөзінің мəні осы арада айқындала түседі. Қызқұмар 
жігіттің (немесе керісінше) желекпе, жеңілтек, қызыққыш, 
құмартқыш келетіні ежелден белгілі жай. Ондай адамдардың 
қысқа қызық, шолақ шаттыққа аңсарлары ауып тұрады да, бара-
бара нəпсінің құлына айналады. Ондай жандар өздерінің осы
нəпсі құмарлығын өзгеге махаббат деп ұсынады. Бірақ
шынайы махаббат пен құмарлықтың екеуі екі басқа. Құмарлық
көбіне аңшыға тəн қасиет. Аңшы көрген аңын құтқармауға ты-


рысады. Ол көк ала қанат үйректі сүйгеніне емес, соған
оғының тигеніне разы болады. Аңшыға шолақ сəттің қуанышы 
ғана қажет. Ал, махаббат мəңгілік қуаныштың туын ұстайды.
Кей қыздар махаббаттың басты шарты сұлулық деп түсінеді.
Неғұрлым жігіттерге сұлу боп көрінсем, соғұрлым махаббатта 
жолым болады деп есептейді. Сондықтан ондайлар бетін бояп, 
қасын күзеп, кірпігін «ұзартып», ернін қызартып, əлек болады.
Жақында трамвайда сондай бір қаракөз қызды көрдім. Қасты 
қырып, оның орнына бір сызық қара бояу тартыпты. Сол
бояуды көзінің құйрығына да жағып, оны жəне «ұзартып» 
қойыпты.
Бетіндегі баттасқан бояуды былай қойғанда, қасының орны
мен көзінін құйрығынан қатарласа сызылған жаңағы екі жіңішке 
сызық көлденең адамға жыланның айыр тіліндей танылып, 
сүйкімсіз əсер етеді. Қыздың онда шаруасы жок, «Мен сұлумын,
маған сұқтана қараңдар» дегендей жағын таянып, орындықта
сіресіп отыр. Оның қасына қарт ана келіп, түрегеп тұрды. Қыз 
кішілік жасап, үлкенге орын берер деп ойлап едім, бірақ өйту 
оның кəперіне де келмеді. Біреу қызға қолын созып, қасындағы 
кассадан билет жыртып əперуді өтінді. Сұлу адам сыпайы болуға 
міндетті еместей-ақ, ол міз бақпастан теріс айналып, терезеге 
қарап кетті.
Мұндай қызға қандай жігіттің ғашық боларына таң қаласың. 
Табиғаттың өз бояуы бойында тұрған уыздай жас қыздың жалпақ 
жұртқа деп шығарылған қайдағы бір жасанды бояуды жағып, сұлу 
боп көрінуге тырысуы келіспейді-ақ. Көп қыздардың ішін
сұлуламай, тек сыртын сұлулауға тырысуы өкінішті. Қыз қанша
боянғанымен саналы жігіт оған салғаннан құлап түспесе керек
қой. Қызға ажары үшін ғана емес, адамгершілігі үшін ғашық 
болмай ма? Ғашық адам сүйгенінің бойынан сұлулықтан басқа да 
асыл қасиеттер іздейді. Ол қасиеттер: ақылдылық,
адамгершілік, сыпайылық, сыйластық, еңбексүйгіштік болса
керек. Жалқау қызға жан жоламауға, еріншек қызды ер алмауға 
тиіс. Мұның растығына көптеген мысалдар бар. Еңбекте үздікті
сүйеді. Оқуда озықты қалайды. Қай қыз жұмысты жақсы
істесе, жұмысшы жігіт соған ұмтылады. Қай қыз сабақты жақсы 
оқыса, студент жігіт соған қырындайды. Нашар оқитын қыз өзін 
сүйікті етіп көрсетуге тырысады. Жігітті де қыз танауы үшін
емес, таланты үшін сүйеді. Еріншек жігітке ешкім қарамайды. 


Ендеше махаббаттың басты шарты сұлулық емес. Бұл арада 
алғашқы ма-қалада айтылатын Күлəш деген қарындастың 
Жомарт деген жігітті «түр-тұлғасы үшін сүйемін» дегеніне қосылуға 
болмайды. Сұлулық жоғарыда аталған ғашық болуға қажетті
шарттардың бірі ғана. Сұлу деп қазақта көрікті əйелді айтады.
Ал көркінің үстіне ақыл-парасаты мол əйелді ару деп атайды.
Өмірде сұлу көп те, ару аз. Ауыз əдебиетінде ару бейнесіндегі 
Құртқа, Қарашаш, Мендісұлу сияқты қыздар ғана суреттеледі.
Кейбір жігіттер «мен пəленшеге бір көргеннен ғашық болдым» деп 
соғады, ал «бір көргеннен ғашық болу» ешбір қисынға келмейді.
Бір көргенде қыздың ұнауы немесе оның жігіт қиялындағы өзі 
мұрат еткен əйел бейнесіне бір жері (беті, аузы, көзі, мұрны,
шашы, т. б.) ұқсауы ықтимал. Сол ұқсастық жігіт жүрегіндегі
құмарлық сезімін лап еткізеді де, ол енді қыздың қалған 
қасиеттерін өз ойындағыдай етіп, қиялмен жобалай жөнеледі. 
Осыны ол «бір көргеннен ғашық болдым» деп түсінеді. Бұл 
шындық емес. Өйткені, бір көрінген қыздың басындағы қасиеттер
оған қараған жігіттің көңіліндегі бейнеге қаншалықты
ұқсайтынын бірнеше көргеннен кейін ғана анықтауға, сонда оның 
көп белгілері сəйкес келмейтініне көз жеткізуге болады.
Ұлы Отан соғысына дейінгі біздің ауыл бозбалаларының 
көпшілігінің арманы аққұба енді, ақ жүзді жар еді. Өйткені онда 
əйел жөніндегі біздің мұратымыз фольклордан, ақындардың 
өлеңдерінен қалыптасты. Біз үшін ол кезде дүниедегі ең сұлу əйел 
Қыз Жібек болатын. Ал, қиссада ол былай суреттелетін:
Қыз Жібектін ақтығы
Наурыздың ақша қарындай…
Көкейде қалыптасқан осы бір жақсы жар мұратын Абайдың 
«Білектей арқасында өрген бұрым», Ақан серінің «Аққұба қатын 
алсаң бойы сұңғақ» дейтін өлеңдері жəне толықтыра түсті. Сөйтіп 
олар танадай жалтылдаған қара көзді, қардай аппақ қызға шықты, 
сондай жарға қолымыз жетсе деп арман етті. Соғыстан кейін 
олардың бірсыпырасы жар сүйді. Бірақ көбінің көңілдегі
мұраты алған əйелдерінің мүсінімен үйлескен жоқ: «наурыздың
ақша қарындай» ақ қыз орнына қараторы, бидай өңді, қызыл
шырайлы, ақсары, шикілсары келіншектерге ие боп шыға келісті. 
Тіпті олардың бойлары да əр түрлі: сұңғақ, орта, тəпелтек; көздері 
де əр түсті: қоңыр, шегір, көк болды. Енді олар мұраттарын


алған жарларының мүсініне лайықтап, қайта қалыптастырды. 
Осы арада олар өздерінің бұрынғы мұраттарының мол пішілген 
киімдей олпы-солпысын да көрді, кемшілігін де білді. Егер 
жарыңның жаны жақсы, адамгершілігі биік болса, оның «ақтығы 
наурыздың ақша қарындай», ал көзі «аласы аз, қара» боп
келуінің тіпті де қажеті жоқ екенін ұқты. Менің
құрдастарымның балалықпен тағы бір білмегендері
жарымыздың бойы Ақан айтқандай сұңғақ болса деп
армандауы болыпты. Енді қарасақ, олардың бəрінің өз бойлары 
орта, тəпелтек, бəкене екен. Ал өзін тапал, жарың биік болса, 
онда қандай жарастық болмақ? Жі гіттер оны да байқамапты. 
(Əрине, өмірде ұзынды- қысқалы боп та жұптаса береді. Бұл 
қосылушы екі адамның көңіл жарастығына байланысты).
Махаббатты өзенге емес, көлге емес, тек қана теңізге теңестіруге 
болады. Теңіз сияқты мұның да бетінде тулаған толқындар жүреді, 
түбінде ғажайып сырлы тереңдік жатады. Адамның жыныстық
соқыр сезімінен туған сусыма жүйрік тілек толқынға ұқсаса, шын 
санадан шыққан жан тебірентер жақсы мұрат, асыл арман тізбегі 
махаббаттың терендігін танытады. «Бір көргеннен ғашық болу» 
деген сөз де сол «толқын» іспеттес, ол тəн құмар-лығынан
туған, жалт етпе сезім ғана. Алғашқы лап еткен сəтте оның
күшті боп көрінуі де ықтимал. Бірақ бұған қарап алданып қалуға 
болмайды. Тəн құмарлығы алдамшы, өткінші, тұрақсыз сезім.
Онда шынайы махаббатқа лайық тереңдік жоқ. «Бір көргеннен 
ғашық болдым» дегеннің өзі-ақ ол сезімнің таяздығын танытады, 
көре сала сөны құшуға құмартқан жүгенсіз, ұшқыр тілекті 
көрсетеді. Теңізді бірінші рет көрген адам онын суының ащы 
немесе тұщы екенін, астында не барын бірден білмейді. Мұны 
теңізге түсіп көріп, түбіне талай сүңгіген адам ғана айта алады. 
Сол сияқты бір көргеннен адамның бойындағы барлық
адамгершілік қасиетін аңғаруға болмайды. Оны анықтамаған соң 
ғашық болу да мүмкін емес. Ендеше «Сізді бір көргеннен ғашық
болдым» деген сөзге сенудің орны жоқ. Олай деп оңай 
«олжа» тапқысы келген қу жігіттер мен шын сезімнен хабары 
жоқ, жасөспірім, бейкүнə қыздар ғана айтуы ықтимал.
Сонымен, «бір көргеннен ғашық болу» деген ұшқары сөз. Бір
көргеннен тек қана ұнатуға, қызығуға, құмартуға болады. 
«Құмарту - ғашықтық емес. Адам жек көре тұрып та құмарта 
береді» (Ф. Достоевский). Ал, бірсыпыра жастар бірін-бірі ұната 


сала: «Бітті, біз ғашықпыз!» деп есептейді. Сөйтіп, қолма-қол 
сүйісіп, сүйкенісіп жібереді. Көзді ашып жұмғанша ерлі-зайыпты
боп та шыға келеді. Олар мұның шынайы сезім емес екенін
артынан аңғарады. Содан соң бір-бірімен айтысып, ажырасып
əлек болады. Мұндай күйге душар болмас үшін жастар тез
қауышуға құмартпауы керек. Ұзак сөйлесіп, сыйласып,
сырласып, əбден біліскеннен кейін, шын сүйетініне, бірігіп, 
жарасты өмір кешетіндеріне анық сеніскеннен соң ғана бір-біріне
лəззат құшақтарын ашса абзал. Кіршіксіз, таза махаббаттың
тəттілігі де сол болмақ. Қыздар бос күйеу тапқанына емес,
дос күйеу тапқанына қуануы қажет. Жігіттер кино, театрға
бірге баратын жолсерік қана емес, жан серік тапса ғана 
бақытты. Осылай жұптасып, зайыптылық өмірдін алтын босағасы - 
достық пен махаббатты берік ұстаған берекелі семьяны ғана 
көрші ұнатады, коғам құптайды.
Махаббат ұшқыны дананың да, даңғойдың да жүрегіне түседі.
Біріншісінің жүрегіне түскен ұшқын махаббаттың маздаған
мəңгілік отын тұтатады; соңғысына түскені - мұз үстіне
лақтырған қызыл шоққа ұқсайды. Шын махаббаттың шырғалаңы 
да болады.
Махаббат мəңгілік болуы үшін, оның оты өшпеуі үшін оған жұп боп 
қосылған екі жақ кезек «тамызық» тастап отыруы парыз. Мұның
өзге ешбір математикалық формуласы жоқ. Махаббатта бір-ақ
формула бар, ол - тұрақтылық. Махаббаттың да досы мен қасы 
бар. Досы: ұят, ар, борыш. Осы үшеуін ренжітпей, өзіне сенімді 
серік еткен махаббат қана зайыптылық заңына берік болады. 
Қасы: ашу, қызғаныш, кикілжің. Осылардың əзəзілі - арақ. Жас 
жұбайлардың бірін-бірі сүйіп қосылуымен іс бітпейді. Олар 
қосылғаннан кейін де өз махаббатын гүлдей мəпелей беруі тиіс.
Сүйіктісін қуантуға тырысу, соны риза етерлік бір нəрсе істеуге
ұмтылып отыру - мəпелеудің бір түрі осы. Сүйгеніңнің көңілін 
қалдырмау үшін оның тілегін мүлтіксіз орындау да ғанибет.
Сайып келгенде əр адам - өз махаббатының бағбаны. Солып 
қалмауы үшін қай гүлге қашан су құю керектігін бұлжытпай білетін
бағбан тəрізді, адам да өз махаббатының үнемі жайқалып
тұруына тынбастан жағдай жасап отыруы тиіс. Бұл үшін ерлі-
зайыптылардың əрқашан да бір-біріне құштарлығы, шексіз
сенімі, əлдеқалай іште бас көтерген қызғанышты сыртқа 
шығармай, сабырмен жеңуі, ағат айтылған сөздерді кек тұтпауы, 


кешірімділігі, өзара қалтқысыз қамқорлығы, сыйластығы, ашуды 
тежеп, нəпсіні тыйып ұстауы қажет. Бір сөзбен айтқанда, өздерін
тəртіппен ұстай білген зайыптардың махаббаты ешқашан
өшпек емес. Бұл арада атақты Абайдың: «Болмаса мінезінің жат 
кесегі, майысқан бейне гүлдей толықсыған, кем емес алтын
тақтан жар төсегі» деген сөздерін əрқашан да есте ұстау абзал. 
Сонда ғана ерлі-зайыптылар арасындағы жарасты махаббат үйге 
нұр, ұяға көрік береді, тұрмысқа ажар, көңілге базар орнатады.
Мен мақаламды шопан қарттың сөзімен бастаған едім. Сөл сөзбен 
аяқтағым келеді. «Махаббат - əр үйдің алтын діңгегі» деген 
болатын Ілекең. Бұл - өте орынды айтылған даналық сөз. Өйткені 
діңгек болмаса, үй төбесі ортасына шөгеді, құлайды. Мен 
Ілекеңнің сөзін қайталап, əрбір жас семьяның алтын діңгегі 
əрқашан да берік болсын деп тілеймін. Əр үйдің ортасында нұр 
шаша жарқыраған алтын діңгектер тұрсын деймін».
Түу, жүрегім лүпілдеп кетті ғой, - деді Майра газетті маған қайырып 
беріп жатып. - Ағай, өзіңіз мүлде өзгеріп, есейіп кеткен сияқтысыз.
— Ел көріп, өмірімен араласқан соң солай болады да, - деді
Меңтай. - Адам ысылмай ма?
— Иə, дегенмен ағай алғашқы əскерден келгендегідей, біздің 
бəрімізден жасқанып тұратын ұяң жігіт емес, енді бəрімізге ақыл
айтатын, нағыз байсалды кісіге айналған. Жалғыз жастардың
ғана емес, мен мына мақалалардан жұрт қамын ойлайтын үлкен 
аза-мат үнін де аңғарып отырмын, Меңтай.
— Түу, қойыңдаршы, - дедім мен қыздардың мақтауынан қысылып. 
- Мен баяғы қалпымдамын. Ештеңем де өзгерген жоқ. Ал енді күн 
кешкіріп барады. Жаңағы əңгіменің жалғасы немесе аяғы іспетті 
бір кішкентай ғана əңгіме айтайын да, кетейін мен.
— Иə, айтыңыз, ағай, - деп Майра тағы да тыңдауға дайындалып,
жағын таянып отыра қалды.
— Жаңағы Майра оқыған мақалада жайлауда Ілияш Қызырбаев 
деген қарт шопанмен кездестім дедім ғой. Ол күні Ілекең бізді 
босатпады. Қонақ етіп, өз өмірінен көп хикаялар шертті. Июнь 
айының əсем кешінде далаға төсек салдырып, Ілекең, жас
зоотехник, мен үшеуміз далаға жаттық. Ұзақ сөйлесіп, əңгіме
аяқталғаннан кейін ұйқы тыныштығы туды. Менің көзім жаңа
ілініп бара жатыр еді. Ілекең менен жасырғандай боп, жас


зоотехникпен күбірлесе бастады. «Бұлар не сөйлесер екен?»
деп ұйықтаған боп жатып, мен олардың өзара күңкіліне құлақ 
салдым:
— Келінмен қайтадан жарастың ба, балам? - деді Ілекең жігітке.
— Жоқ, Ілеке, ана оқиғадан кейін қайтып жібимін?
— Сұлу əйел бақтан үзіп алған бір шоқ гүл сияқты ғой, шырағым. 
Гүлді кімнің иіскегісі келмейді. Сұғанақ біреу сен бейқам тұрғанда 
қолыңдағы көтерген гүліңді бір иіскеп қалса, сол үшін сен оны 
лақтырып тастай аласың ба?
— Бір емес, үш иіскесе қайтем, Ілеке-ау.
— Гүлің жақсы болса, оның жұпар иісі мың иіскесең де 
жойылмайды. Бір рет немесе өзің айтқандай, үш рет иіскеді деп, 
мың рет лəззат алар хош иісті гүліңді лақтырып тастағаның жөн 
бе, балам?
— Біреу мұрнына тақаған гүлді қалай иіскеймін, Ілеке-ау?
— Сен оны ешкім иіскеді деп ойлама. Тек қана өзім иіскеп 
жатырмын, бұл тек менің ғана гүлім деп ойла. Сонда ештеңе де 
етпейді.
— Бұл өзіңді өзің алдау ғой.
— Адам өзін-өзі алдамайды, балам. Адам өзіне-өзі басу
айтып, бақытсыздықтан сақтанады. Келіннің бауырында алтын 
айдар ұлың бар. Оның бір білместігін кешіруің керек, шырағым. 
Адам бір адасқан жерінен екінші рет өмірде адаспайды.
— Өзім де жақсы көремін оны, қимаймын.
— Онда өзіңді де, оны да қинама, балам. Ал ұйықтай бер енді.
Жігіт түні бойы дөңбекшіп, ұйықтай алмай шықты. Таңертең
екеуміз аттанып кеттік. Жігіт жолда сырын айтты. «Енді 
əйеліммен қосыламын!» деді.
Осылай деп əңгімемді аяқтадым да, мен екі қызға кезек қарап, 
өзімнен-өзім ыржиып күлдім. Майра бірдеңені сезгендей, жымиып 
төмен қарады.
— Иə, ал бұдан шығатын қорытынды не? - деді содан соң.
— Ақсақалдікі дұрыс қой! - дедім мен тағы да өз-өзімнен қысылып 
күліп. Шал мен жігіттің сонау жайлаудағы, жұлдызды түндегі


осы диалогы арқылы, соған астарлап, бұл менің Меңтайға 
оларды іздеп келген мақсатымның түйінін айтқаным еді. Бірақ 
Меңтай ештеңе ұқпағандай, үнсіз қалды.
Күн бата екі қыз мені шығарып салмақ болып, автобус тоқтайтын
жерге ертіп əкелді.
— Түу, ағай, келгеніңіз қандай жақсы болды! - деді Меңтай
кетерде маған ризалығын жеткізіп. - Көп рақмет. Сіз менің
кеудеме керемет бір күш құйып, жігер бергендей болдыңыз.
Соңғы кезде жігіттердің ешқайсысын көргім, көздеріне түскім 
келмеуші еді. Ал бағана сізді көргенде, неге екенін білмеймін, 
бірден қуанып кеттім.
— Ол Ербол ағайды өзіңнің туған ағаңдай көретіндіктен ғой, 
Меңтай, - деді Майра сəл жымиып, астарлай сөйлеп.
— Рас, содан болар, - деді Меңтай Майраны бірден қостап,
тағы да оның сөзінің астарын ұқпағандай қалып көрсетіп. - Мен 
қиналған шақта сіздің бір айтқан сөзіңіз көңіліме медеу боп, қайрат 
берді, ағай. Сіз ол не сөз екенін білесіз бе?
— Қайдан білейін, Меңтай, мен солдаттан келгелі көп сөйледім 
ғой, - деп күлдім мен. - Төрт жыл жаумен үнсіз соғысқан күндердің 
есесін қайтардым білем.
— Есіңізде ме, сіз былай дегенсіз: «Адам өз басына түскеннің
бəріне көнуге де тиіс, оны көтеруге де міндетті. Өйтпесе оның
несі адам?!» Осы сөзіңіз өмір бойы жанды жанитын
жануыштай боп, көкірегімде қалды. Сіз бұл сөзді біздің бөлмеде, 
«Қызыл көрпені» шығарған күні айтып едіңіз.
Меніңде есіме түсті. Ол күні Одиссей мен Пенелопа жайында 
əңгіме болған. Сол күні Меңтай өтініп, маған Сəлима оқиғасын 
айтқызған.
Автобус келіп, мен қыздармен қоштастым. Меңтайдың қолын
ұстағанда жүрегім аузыма тығылардай лүпілдеп қоя берді. Ол: 
«тағы ештеңе бітпеді ме?» деп зар қаққандай болды. Елжіреп, 
Меңтайдың бетіне телмірдім. Ол төмен қарап кетті. Автобус мені 
екі қыздан айырып, Алматыға қарай ала қашты.
XIX
Бұл күні мен ештеңе бітіре алмадым. Меңтайдың хал-жайын


біліп, егер оның басы бос болса, тағы сөз айтсам деген ойым
орындалмастан қалды. Орындалмағанымен, оны көргеніме мəз
болып, толассыз, тоқтаусыз сөйлей бердім. Сұрағандарының
бəріне жауап та қайырдым. Меңтай толық етіп айтыңызшы
дегеннен кейін əр əңгіменің бүге-шігесіне дейін қалдырмай,
тəптіштеп баяндадым. Мақтанып кеттім бе, масайрап кеттім бе, 
білмеймін, қыза келе облыстық газетте жарияланған 
мақалаларыма дейін көрсеттім. Осынымның бəрі орынсыз
болғанын түнде, Калинин көшесіндегі жатақхананың отыз
жетінші бөлмесінде жатқанда бір-ақ пайымдадым. Күні бойы мас 
болып, енді ғана есімді жиғандай күй кештім. «Апыр-ау, неге
өсіттім? Неге көкіп, ұзақ күнге жақ жаппай, сөйлей бердім? Одан 
да Меңтайға оны əлі күнге дейін сүйетінімді неге айтпадым? 
Айтып тұрып, «адал жарын болайын, енді мені өмірлік серігің ет» 
деп неге жалынбадым оған?» деп өзіме өзім ұрыстым. «Жоқ, 
айтуға мүмкіндік болды ма» деп өзімді-өзім жəне ақтадым. 
«Ағай, басыңыздан кешкеннің бəрін бүгінгі күнге деиін толық 
айтып беріңізші» деп Меңтай қиылғанда мен қалай үнсіз 
отырамын. Оның үстіне Майра да маңымыздан шықпай қойды. 
Сөйтіп бір əңгімеге бір əңгіме жалғасты. Тоғыз айдың оқиғасын 
тоғыз сағатта айтып шығу оңай ма? Əлі де айтылмаған талай 
сөздер қалды… »
«Талай сөздер қалды, талай сөздер қалды…» - деймін біраздан 
кейін өзімді өзім қайтадан əжуалап. - Сен «сөз, сөз» деп əлі 
жүрсің. Ал майданнан сенімен қатар қайтқан жігіттер келе сала 
үйленісіп алды. Олардың қазір бір-екіден балалары да бар. Баса-
көктер батылдығың жоқ боп, сүйгеніңді тек қана сырттай қызықтай
берсең, өмір бойы қу тізеңді құшақтап өтерсің сен… » «Үйлену 
оңай, үй болу қиын ғой, - деймін мен белгілі нақылдың белгілі 
сөзін қайталап, тағы да ақталып. - Сомадай жігіт боп, сөз айтып 
тұрсаң, саған да біреу тиер-ау. Тəн де табыса беретін болар. 
Бірақ алдымен адамның жаны үйлесуі абзал ғой. Жаны үйлескен
жандар ғана жақсы өмір сүріп, қызықты күндер кешпек. Ал,
жан жарасымы махаббат арқылы келмек. Махаббат - жас
ғұмырдың жалынды жыры. Жастыққа тəн ерекше екі қасиет
ерлік пен махаббат болса, біріншісінің сынынан сүрінбегенім 
аян. Енді екіншісінен де сүрінбесем деймін. Ол үшін өзім сүйген
жанды ғана
жар етуім керек! Ол - Меңтай ғана… Бірақ «батыл емессің» дегенің 


рас. Батыл болсам, баяғыда, соғыста, жүргенде Сəлимаға: «Басқа 
ешкімге барма, тек қана мені тос!» деп кесіп айтпайтын ба едім. 
Батыл болсам, баяғыда Меңтай: «Өзіңіз айтыңызшы: таста 
деңізші ол жігітті, бұз деңізші уəдеңді - бұзып-ақ кетейін» деп
толқып тұрғанда, «Таста! Бұз!» демейтін бе едім… Жарайды,
енді өйтпеймін. Ертең қайтадан барамын. Барамын да 
Меңтайға бірден өзімнің оны əлі күнге дейін сүйетінімді айтамын! 
Содан сон оған: «жарым бол» деп тікелей тілек білдіремін! Бірден 
осылай деймін!..»
Ертеңінде мен Бүргенге тағы да танертең келдім. Ауылдың орта 
тұсындағы кешегі көк терезелі тоқал үйдің тұсына тақағанда отау 
үй іспеттес дөңгелек беседкада оңаша отырған Майра мен 
Меңтайды көрдім. Олар мені жандарына жақындағанда бір-ақ 
білді. Майраның сөз арасында «иə, иə» дей беретін əдеті болушы 
еді. Бір нəрсеге таңданып, иə қуанғанда аузына сөз түспесе, оның 
«иəсі» мүлде көбейіп кететін.
— Иə, иə, өзіңіз де сəлеметсіз бе? Иə, иə, келіп қалдыңыз ба? Иə,
иə, төрлетіңіз, - деді мені орнынан тұрып, беседка баспалдағында 
қарсы алған Майра.
— Иə, иə, келіп қалдым, - дедім мен оған əзілдеп.
— Иə, иə, келетініңізді білгенбіз, - деді Майра күліп, Меңтайға
қарай жүзін бұрып.
Баспалдаққа аяғымды сала беріп, мен де тез Меңтайға
қарадым. Беседка ортасындағы дөңгелек үстел жанына төрт
қабаттап салынған шəйі көрпе үстінде оң қолымен жер тіреп,
сол қолымен кешегі қызыл юбканың етегін тізесінен төмен
түсіре қымтап, бір жамбастай отырған Меңтай, менің тағы да
келгеніме сенер-сенбесін білмегендей, неге келгенімді таба алмай 
дағдарғандай, дөңгелек қара көздерін таңдана кең ашып, босаға 
жаққа бақырая қарап қалған екен. Мен беседканың соңғы сəкісін 
аттай бергенімде ол лып етіп орнынан тұрды. Оның алғашында
сəл қуқылдау көрінген ақ бетіне лап етіп қызыл бояу
жайылғаны байқалды. Бірақ қыз ішіндегі толқынды тез басып, 
таңданарлық ештеңе болмағандай қалыппен маған қарай қолын 
созды.
— Ағай, сəлеметсіз бе?
Екі қыз қол алысқаннан кейін мені беседканың төріне қарай


икемдеді.
— Иə, таңертеңгі шайымызды жана ғана ішіп болып, енді жинайық 
деп жатыр едік, - деді Майра едендегі үлкен қара таба деп күлдің 
үстінде тұрған шойын шайнекке еңкейе беріп сəл кешіксеңіз, 
жамандап жүреді екенсіз дейтін едік. Иə, шай жиналмай
келгеніңізге қарағанда бізді жақсыламасаңыз да,
жамандамайтыныңызды білдік. Иə, оған да шүкіршілік.
— О не дегенің, Майра, - дедім мен күліп. - Сендерді жамандаған 
жігіттің жаны шықсын дер едім. Бірақ мақтаған кісінің де мəз 
болмайтынын байқағанбыз.
— Иə, əй, осы сіздің тіліңіз-ай, - деді Майра сықылықтай күліп. 
Күліп тұрып, «бұл қайтер екен?» дегендей, көзінің қиығын 
Меңтайға тастады. Меңтай сəл жымиды да, үстел үстіндегі бос
шыны аяқтарды бір жерге жиыстыра бастады.
— Майра, мен үшін шай қоймай-ақ кой. - Оған қарап, «рақмет»
деген ишара білдіріп, кеудемді бастым.
— Иə, танертеңгі шайыңызды ішіп пе едіңіз?
— Іштім, - дедім мен əлі оразамды ашпасам да.
— Иə, асығыс па едіңіз?
— Асығыспын, - дедім тағы да бас иіп.
— Онда от ала келген боларсыз? - деді Майра басын шалқайта
түсіп, сақылдай күліп.
— Рас, от ала келдім, - дедім мен неге екенін білмеймін бетімді
Меңтайға қарай бұрып.
Меңтай қолына бос шыны аяқтың бірін ұстап, түрегеп тұр еді.
Мен: «Рас, от ала келдім» деп оған қарай бұрылғанда қыздың ақ 
жүзін тағы да лап етіп қызыл жалын шалған іспеттенді. Осы кезде 
қызыл юбка, ақ кофта киген Меңтай маған маздай жанып, лаулап 
тұрған өшпес оттың өзі сияқты боп танылды.
— Иə, онда, асығыс болсаңыз, - деді Майра шайнекті қайтадан 
орнына қойып жатып, - нан ауыз тиіңіз, кейін келіншегіңіз тастап 
кетпеуі үшін.
Осылай деп Майра тағы да сықылықтап күліп алды.
— Ауыз тиейін, - дедім мен үстел үстіндегі бауырсаққа қолымды 


созып. - Кейін тастаса тастап-ақ кетсін, өз жамандығымнан онда. 
Бірақ бүгін қолым жетсе екен соған, - деп мен де күліп, бір 
бауырсақты аузыма тастап кеп жібердім.
— Иə, бауырсаққа бапандай көрінесіз, жететін шығарсыз оған да, -
деп Майра тағы да күлді.
— Енді қайтейін, «таз ашуын тырнадан алады» деген бар ғой, - 
дедім мен ұялған тек тұрмастың кебін танытып. Бұған Майра 
екеуміз қосыла күлдік.
— Иə, сіз асығыс болсаңыз, мен де асығыспын, - деп Майра 
кетуге ыңғайланды. - Кешеден бері апам басым ауырады, жүрегім 
шаншиды деп мазасызданып жүр. Менің сол кісіні дəрігерге 
көрсетіп, дəрі-дəрмек алып беруім керек.
— Жүректің дəрісі маған да керек еді, - дедім мен Майраға
əзілдеп.
— Иə, біліп тұрмын, - деді Майра да əзілге əзілмен жауап
қатып. - Сізді Меңтайға тапсырамын. Сізге керекті дəрі-дəрмекті 
тауып, біз келгенше емдеп қояр деп ойлаймын.
- Бұл кісі менен дəрі сұрап келмеген шығар, - деді де, Меңтай 
тоқтап қалды. «Бұл сөзді бекер айттым-ау» дегендей боп, өз-
өзінен қызарып, төмен қарады.
— Дəрі сұрамаса, дəнемен кетпес. Біз келгенше ағайды ертіп, өзен 
басына барып қайт. Ағайға ауылдың айналасын көрсет. 
Көктебенің басына ертіп бар, - деп Майра құрбысына шегелей 
тапсырды да, өзі шапшаң аяңдап, үйге қарай жəнелді.
— Сіздің уақытыңыз бар ма еді? - деді Меңтай Майра үйге
кіргеннен кейін.
— Бар.
— Онда, қаласаңыз, мен сізге ауылдың айналасын көрсетейін.
… Біз аяңдап Бүрген өзенінің жағасына келдік. Айғай-шуды
көбейтіп, ақ көбік атқылап, өз-өзінен лепіріп жатқан таяз өзенге 
біраз үнсіз қарап тұрдық.
— Тау өзені көпіріп, көп сөйлейтін мақтаншақ, даңғой адамға 
ұқсайды, - дедім мен. - Қарашы, суы тізеге жетпейді, шуы жер 
жарады.
Меңтай мені құптап, бас изеді.


— Рас. Дала өзені лықсып, үнсіз ағады. Суы да терең болады ғой,
- деді ол.
Осыдан кейін біз гүлді өзекті қуалап, Көктөбеге қарай беттедік.
— Мен сізді ешқашан да көрмейтін шығармын деп ойлаушы едім, -
деді біраз жүрген соң Меңтай.
— Неге?
— Білмеймін…
— Онда мені ойлаған екенсің ғой?
— Ойладым, көп ойладым. Сіз туралы ешқашан да ойламаймын 
деп өзіме-өзім талай рет ант еттім. Бірақ соның артынша қалай 
ойлап кеткенімді өзім де білмей қалып жүрдім.
Мен Меңтайдың қолын уысыма алып, құшырлана қыстым. Меңтай 
қолын тартып алмады, тіпті ауырсынған да белгі бермеді. Енді 
мен оның қолын алақанымнан шығармадым.
— Ал мен сені бір күн де ойымнан шығарған жоқпын, Меңтай.
— Сенемін.
— Тоғыз ай сенен аулақ болу менің махаббатымды өсірмесе,
өшірген жоқ Мен сені сол қалпымда сүйемін! Осыған сенесің 
бе?
— Сенемін. Бірақ.
Меңтай əппақ, жұп-жұмыр мойнын сəл солға қарай бұрыңқырап,
үнсіз қалды.
— Бірақ дегенің не? - дедім мен сыбырлай үн қатып.
— Бірақ… - Меңтай ар жағын тағы да айтқысы келмегендей,
ернін тістеледі де, тез босатып жіберді. Қалпына келген
томпақ ерін тістегенге запы болғандай, бір дір етіп барып,
қайта ашылды. - Бірақ менің сақинам сынып, сабағым үзіліп 
қалды ғой… - Меңтай тағы да ернін тістеледі. - Кейін бетке шіркеу 
болар… - Меңтайдың тамағына жас кеп тығылғанын аңғардым.
Жаным онымен қоса қиналып, не істерімді білмей, қабағымды
шытып, мен де ернімді тістелей бердім. Бірақ ол лықып келіп
қалған көз жасын тез тоқтатып тастады да, сабырмен сөзін 
аяқтады. - Жақсы жардан жан ауыртар сөз естіп отыру азап 
болар…


— Жоқ, жоқ, - дедім мен өз үніме ие бола алмай, қыстыға сөйлеп, - 
мен сені соғыстан келген күні бірінші рет көрген күйімде 
қабылдаймын. Сен сол күйіндесің, сол қалпындасың, Меңтай! 
Сенің ештеңең өзгерген жоқ…
Меңтай ақырын ғана басын шайқады. Менің одан сайын дегбірім 
қашты. Оны қалай жұбатарымды білмей, жаным күйзелді. 
Тістеніп, жан-жағыма қарап, пиджагімнің өңірін жұлмаладым. 
Осының бəріне сəл кінəлідей- ақ, біржола жұлып алардай боп, 
қайта-қайта түймемді жұлқыладым.
— Сезіме сенбесең, өзіме сенесің бе? - дедім екі танауым
қусырылып.
Меңтай бетіме қарап, ақырын ғана басын изеді. Тегі менің екі
көзім құрық көріп, құйрығын тігіп алып, шығандап қашқан 
қашағанның көзіндей долырып кеткен болуы тиіс. Меңтай тез екі 
қолын бірдей көтеріп, бетімді сипады. Осы кезде мен алқымын 
бұғалдырық қысқан асаудай жуаси бастағанымды білдім.
— Сенемін! Сенемін! - деп Меңтай бетімді сипап тұрып екі рет
қайталады. - Дегенмен, бірде болмаса бірде көңілге келіп 
жүрмесе дегенім ғой.
— Келмейді, келмейді! - дедім мен басымды шайқап. Осылай
деп мен Меңтайды құшағыма алып, бетінен, көзінен, 
маңдайынан, иегінен аймалап сүйе бастадым. Ол қарсылық 
білдірмеді. Бар ықыласымен бауырыма кіре түсіп, ақтамақ, қызыл 
ерін, жұмыр мойнының мен қалаған жерін ерніме тоса, екі көзін 
шарт жұмып алып, шалқая берді. Біз төбесінде тұрған Көктебе 
теңселіп кеткендей болды. Ол бізді махаббаттың бесігі болып, 
тербей жөнелген сияқтанды.
Осы сəттен бастап мен уақыттың мөлшерін білуден қалдым. 
Меңтайдың маңында жүрсем, маған шығыстан сарғайып таң
атса-ақ болды, көзді ашып-жұмғанша батыстан түнеріп,
тенірекке түн шөге бастайтын тəрізденді. Əншейінде аяғын тəй-
тəй басып, жүк жағалаған баладай боп, аспанда күні бойы 
дөңгелеп жүріп алатын күн енді гүрс етіп стволдан шыға сала
дүрс етіп, көздеген жерге барып жарылатын танктің
снарядындай ұшқыр боп кетті. Сол сияқты түн де, электр
қырықтықпен қырқылған қара қойдың жабағы жүніндей боп,
лезде еңсеріледі де қалады. Ал мен Ментайдың қасынан сəл 


ұзап шықсам-ақ бітті - сағат жүрмейді, күн бедірейіп бір жерден
қозғалмайды, түн тұншықтырып, туырлықтай тұтасып, жатып
алады. «Еркектің таңын атырып, күнін шығаратын, күндізін көрікті, 
түнін тəтті ететін, жақында жүрсе, жаныңа қанат беріп, алыста
жүрсе, аңсататын, жұлдызын оңынан туғызып, еңбегін жемісті
ететін сүйген жар екен ғой шіркін!» деген ой осы кезде келді 
маған.
Сонымен біз Майраның үйіне кешке қарай бір-ақ оралдық. Меңтай: 
«Апамнан ұят болды-ау. Мені қайда кетті деп іздейді-ау» деп, 
жеткенше қысылып келді.
Майраның шешесі шынында да Меңтайды күтіп отыр екен.
— Қарағым, қайда жүрсің? Қарның ашып қалды ғой, - деді ол 
есіктен аттай берген Меңтайды құшағын жая қарсы алып. Содан 
сон шеп еткізіп мандайынан сүйді.
— Сəлеметсіз бе, апа? - дедім мен кемпір Меңтайдың бетінен
сүйіп бола берген кезде.
— Сəлемет пе, қалқам, - деп ол бұрылып, менің бетіме қарады. - 
Кешегі баламысың? Е, жоғары шық, шырағым.
— Апа, өзіңіз қалайсыз, тəуірсіз бе? - деді Меңтай.
— Тəуірмін, қалқам, тəуірмін. Осы дəрігерлердің бір салауаты
бар. Үйде қанша ыңқыл-сыңқыл болып, ауырып жүрсем де, 
құдайдың құдіреті, дəрігер алдына барғанда жазыламын да 
кетемін. Бүгін де сөйттім. Бағана, түсте берген дəрісін ішіп, ағыл-
тегіл терлеп едім келіп. Енді мүлде жазылып кеттім.
— Бəле, жақсы болған екен, апа, - деді Меңтай кемпірді құшақтап.
- Ойбай-ау, мен өзімнің ауруымды айтып, сарнап тұрып алыппын-
ау, - деді кемпір тез орнынан қозғалып. - Сендерге деп əлгінде бір 
май шайқап қойып едім. Майра келгенше нанға жағып, соны жей 
тұрыңдар. Майра қазір келеді, сиыр қайырып келуге кетті.
Мейірбан ана батар күннің соңғы сəулесі мол төгіліп тұрған төрт 
бөлме ішіндегі дөңгелек үстелге дастарқан жайып, Меңтай 
екеуміздің алдымызға ас қойды.
— Осыны аужал қыла тұрыңдар, қарақтарым. Мен қазір тез сиыр
сауып, ыстық ас жасап беремін.
Осыны айтып, Майраның шешесі шығып кетті.


— Апам сондай ғажап кісі, - деді Меңтай. - Мен бұл кісіні осында 
келген күннен бастап өз шешемдей көріп кеттім.
Есік қайтадан ашылды.
— И-иə, екі ғашық, қол ұстасып келдіңдер ме? - деп жүре сөйлеп 
келе жатқан Майранын үні естілді. - Иə, отқа келген кісінің отыз 
ауыз сөзі бар деуші еді. Сіздің сөзіңіз одан көбірек болды-ау 
деймін.
Бұл Майраның мені таңертең айтқан асығыспын деген сөзіме орай 
қағытқаны еді. Менің көңіліме келмесін дегендіктен болар, ол 
«отқа келген қатынның отыз ауыз сөзі бар» деген халық
мақалын сəл өзгертіп, «қатынның» дегеннің орнына осылай, 
«кісінің» деп айтты.
— Майра-ау, ол отына жəне келген кісісіне байланысты шығар, -
дедім мен күліп.
— Əрине, менің Меңтайым отыз ауыз сөз айтып, бықсытып, 
бақырға салып ала жөнелетін ауыл-үйдің арзан оты емес. Бұл 
- алыстағыны күйдіріп, жақындағыны жандыратын, жаманды
естен тандыратын, жақсының құмарын қандыратын, өзгеше от.
— Рас. Майра-ау, өзің ақын болып кетіпсің ғой, - дедім мен.
— И-иə, неге аөын болмайын: арманым орындалып, айтқаным 
келген болса. - Осылай екілене сөйлеген Майра шапшаң 
Меңтайға бұрылды. - Иə, ал айт жылдам, тура солай болды ма?
Меңтай жымиып, жайлап қайта-қайта басын изей берді. Майра 
дөнгелек үстел басында отырған Меңтайға шапшаң еңкейіп, оның 
екі бетінен кезек шөп еткізіп екі сүйді де, қапсыра құшақтап 
орнынан тұрғызды.
— Иə, ей, тұрсаңшы, жарылып кетпей неғып отырсың? - деп ол 
Меңтайды шырқ көбелек айналдырды. - Иə, айтпап па едім мен 
саған, Ербол сені шексіз сүйеді, ал шын сүйген адам ештеңеге 
қарамайды деп. Иə, айттым ба? - Көзін бір ашып, бір жұма түсіп, 
Меңтай тағы да бас изеді. - Иə, мен саған қыстыгүні-ақ, ана
сұмпайың «қатын алдым» деп кеткеннен кейін, айтпап па едім 
Ерболды іздейік, осыны айтып, хат жазайық деп. Сен без-без етіп 
болдың ба сонда. - Майра енді Меңтайдың дауысына сала 
сөйледі. - «Жо-жоқ. Ағай мен үшін оқуын тастап кетті. Ендігі
біреумен танысып та қойған шығар. Оны бұзуға болмайды.
Мен не болсам, ол болайын. Бірақ ол кісінің бақытты болуын


тілеймін!» деп еңіреп жылап, жатып алдың. Аш күзендей 
бүгіліп, бір жұма бойы төсектен тұрмадың. Иə, сонда мен саған 
айттым емес пе: ағайың сияқты адамдар тез таныса білмейді.
Ондай кісі танысының бəріне табына да бермейді. Осында,
оның айналасында отыз шақты қыз оқыдық. Солардың ішінде
жалғыз саған ғана ықыласы ауды. Сенен күдер үзгенде де
өзгемізді көзге ілместен кете барды. Басқаны былай қойғанда
қақылдаған Қанипа мен мүйізі қарағайдай Зайкүлге де қараған 
жоқ. Ағайдың бақытты болуын тілеймін дейсің. Мен айтайын саған: 
Ербол ешқашан да сенсіз бақытты болмайды, сен онсыз өмір 
сүре алмайсың! Иə, осылай дедім бе? Дедім. Иə, енді сүй қазір 
ғашығыңның бетінен. Осы менің көзімше сүй!
Меңтай күліп, екеуінің қасында түрегеп тұрған маған қарай
қолын созды. Мен магнит тартқан бүркеншікті шегедей лып етіп, 
қыздың қасына бардым. Ол мені сүймекші боп жатыр еді. Жібектей 
созылған Меңтайдың баяу қимылына шыдамадым білем, 
бассалып, оны өзім сүйе бастадым.
Майра сақылдап кеп күле жөнелді.
— Иə, апырай, көніңіз кеуіп қалған екен сіздің, - деді ол
күлкісін тыя алмай. - Тұра тұрыңыз, енді сізді мына қыз сүйсін.
Отқа тақаған балауыз шамдай қызып, балқи бастаған мен
əрең тоқтадым-ау деймін. Сол кезде Меңтай келіп, бар
ықылас, махаббатын танытып, дірілдеген ыстық ернін ерніме
тақағанда теміршінің электр дəнекерлегішінің тұмсығы тиген 
кесек қорғасындай ерітіп, елжіреп бара жатқанымды сездім.
— Жарайды, болды, болды, - деді Майра тағы күліп. - Бір
жабыссаң, айырылмайды екенсің ғой өзің.
— Енді қайтейін, сүй деген соң сүюдің жөні осы екен деп жатқаным
да, - деп Меңтай да қымсына күлді.
— Сен өзің жаңағылардың бəрін тегіс айттың ба? Айтты ма? - деп 
Майра күлкісін тыйғаннан кейін Меңтай екеумізге кезек қарады.
Меңтай басын изеді.
— Күні бөйы арамызда айтылмаған жыр, ашылмаған сыр
қалмаған сияқты, - дедім мен.
— Бəсе, өзіңіз айтыңызшы. Əйтпесе мынаның қуанғанынан
тіл-аузы байланып қалыпты. - Майра Меңтайды нұсқап, тағы да 


сақылдап күліп алды. - Енді сізді «ағай» дегенін қойды ма?
— Қойды, - дедім мен күліп.
— Бір, - деп Майра сол қолының шынашағын бүкті. - «Сіз» дегенін
қойды ма?
— Қойды. Бірақ бұған бірнеше рет репетиция жасауға тура
келді. Ұмытып кетіп, қайта-қайта «сіз» дей береді.
— Əйтеуір сізді «сен» деуге тілі келді ғой.
— Келді.
— Екі, - деп, Майра аты жоқ саусағын бүкті. Содан соң ол 
«үндемеңіз» дегендей ишара жасап, маған ақырын көзін қысып 
қойды. - Дұрыс. Ал енді сізге Меңтай «жаным, сəулем!» деді ме?
— Жоқ, - дедім мен басымды шайқап.
— Ендеше соны айтқызу керек, - деп, Майра бұрыштағы биік үстел 
жанындағы жайдақ орындықтан атып тұрды.
Ментай оның бұйрығын екі етпеді. Жерде қатар отырған менің
қолымды ұстап:
— Жаным! Сəулем! - деді үздіге үн қатып.
Маған сол арада дүниеде Меңтай аузынан шыққан сөзден тəтті, 
осы екі сезден күшті ештене жоқ сияқты боп көрінді.
— Қой, Майра, сыртқа шығып, апама көмектесейік, - деп Меңтай
тез орнынан тұрды.
— Иə, сіз де жүріңіз, - деді Майра, не қыздармен бірге сыртқа 
шығарымды, не үйде қаларымды білмей, қипақтап қалған маған. - 
Меңтай сиыр сауады, сіз бұзау ұстайсыз.
Осыны айтып, Майра тағы да күлді. Сырттай сабырлы көрінетін, 
орынсыз көп те сөйлей бермейтін Майра бүгін адам танығысыз
боп өзгеріп кеткен сияқтанады. Əр түрлі əзіл-күлкісімен
Меңтай екеуміздің жанымызды қытықтап, күміс қоңыраудай 
сылдыраумен болды.
Біз бірімізді-біріміз жетектеп, сақылдай күліп, сыбырлай сөйлеп, 
сыртқа шықсақ, Майраның апасы сиырды сауып болып қойыпты. 
Беседкаға таяу тұрған, кірпіштен қаланған кішкене мұржалы 
қазандық басында кешкі тамағын түсіріп жатыр екен.


— Майраш, төргі үйге шам жақтың ба? - деді ол қыздарының
даусын естіп.
Біз үйде əңгімемен отырып, байқамаппыз. Күн əлдеқашан батып,
кешеге қараңғылық үйіріле бастапты.
— Қазір, апа. - Майра бізге қарай бұрылды. - Бəлəй, сізге бұзау 
ұстатып, Меңтайға бір сиыр саудырып көрейін деп едім, 
болмағанын қарашы…
Майратағы да өз-өзінен сақылдай күліп, ішке қарай жөнелді. Біз де 
қайта кірдік. Майра ондық шамды жағып, биік үстелдің үстіне 
қойды.
— Майра, мына орындықты дөңгелек үстелге жақындатып,
шамды үстіне қояйық. Сонда жарығырақ болады, - деді Меңтай 
бір қолымен шамды, бір қолымен орындықты алып жатып.
— Жарайды, жарайды, - деп Майра енді ыдыс-аяқтарды 
сылдырата бастады. - Иə, жігітім аузын таба алмай қала ма деп 
жаның шығып барады ғой тегі… Майраның езуі күлкіден 
жиылмады. Бір сөз айтып - бір, екі сөз айтып - екі күледі. Күле 
жүріп тамақ ішетін тарелкаларды үстел жанына жайғастыра
бастады. Шам жақындағаннан кейін дөңгелек үстелдің үсті
бұрынғыдан бетер жарықтала түсті…
«Меңтайдың мұнысы қандай оңды болды?» деп ойладым мен
ішімнен. Тек үстел басы ғана емес, Меңтайдың əр сөзі, əр
қимылынан жаныма жарықтарап, жүрегіме нұр кіріп жатқан
сияқты болып көрінді маған.
— Əлде, сіз… Ереке, - деді Майра маған қарап. Ол бұрынғыша 
«ағай» дейін деді де, олай атамай «Ереке» деді. - Иə, ала 
көлеңкеде аузыңызды таба алмайтын ба едіңіз?
— Майра, мен өз аузымды қараңғыда да таба аламын, - дедім 
жымиып. Өзімше тауып айттым деп ойлап, іштей рақаттанып 
қалдым.
Майра бұған сақылдап күлді. Бір толқын күлкісі толастай бергенде 
екіншісі басталды. Содан кейін жалаңаш білегімен көзінің жасын 
сүртіп, күлкісін тыйды.
— Əй, қайдан білейін, қараңғыда табатын кісі жарықта адаспаса
керек еді.


Майраның үсті-үстіне толқындата неге ұзақ күлгенін мен енді ғана 
аңғардым. Ол менің батылсыздығымды, бостығымды ажуалап тұр 
екен. Ол Майраның «Батыл болсаң, Меңтайға баяғыда қолың 
жететін еді»дегені екен. Мен оны бірден мойындадым да:
— Иə, оның да рас, Майра, - дедім. Майра тағы күлді.
— Əй, Ереке-ай, қандай адал, ақ көңілсіз. Шындықтың шеті
шықса, шынжыр торға шырмалғандай боп қалатыныңыз тағы 
бар-ау сіздің. Біздің мына қыздың көкейін тесіп жүрген де осы 
адалдығыңыз ғой, шіркін!
Меңтай үндеген жоқ. Тек қасында түрегеп тұрған Майраның бір 
иығынан құшақтап, оның маңдайынан қақ жарған қос бұрымды 
ұзын шашын қайта-қайта сипалай берді.
— Екеуіңе бір тарелка қояйын ба? - деді Майра иығын құшақтап 
тұрған Меңтайға мойнын бұрып. Меңтай көзін жыпықтатып, басын 
изеді.
— Бір қасық берейін бе?
Меңтай тағы да бас шұлғыды.
— Айттым ғой мынау бүгін тіл-жағынан біржола айырылып қалған
деп.
Майра тағы да сықылықтап кеп күлді. Қыз жүрген жер қызықсыз, 
күлкісіз болмайды ғой. Дегенмен Майра бүгін бірнеше қыздың 
күлкісін бір өзі міндетіне алған сияқты болды. Оның үстіне 
Майраның бұл жағдайы күлгенінен күлімсіреуі көп Меңтай мен 
ешқашан қарқылдап қатты күлмейтін менің қасымда ерекше білініп
тұрды. Алайда Майраның күлкісі адал досқа деген ақ жүректен 
ақтарылып жатқан асыл қазына екенін біліп, бізде оны іштей 
қосыла құптауда едік.
— Балалар, үстелді жасадыңдар ма? - деп дауыстады осы кезде 
ыдыс көтеріп, сырттан кіріп келе жатқан Майраның шешесі.
— Дайын, ана, - деп Майра мен Меңтай қосыла жауап қатты.
Майраның апасы буы бұрқыраған бір тегене ыстық асты үстел
қасына əкеп қойды. Өзі соның жанына жайғасты да, қызының
қолынан бір-бірлеп тарелка алып, бəрімізге бөліп құя бастады.
Абзал ананың қолымен ақ сүтке жасалған кеспе көже Меңтай 
екеуіміз ақ тілеумен табысқан алғашкы күні аузымызға алған асыл 


асымыз болды.
— Ішіңдер, қарақтарым. Нанмен қосып ішіңдер, - деп шешеміз
бəйек болып жатыр. Содан сон маған карай бұрылды. - 
Қарағым, сен азаматсың ғой, тауысып іш. Келгенің жақсы болды, 
айналайын. Сенің төбең көрінгеннен бері мына екі баламның 
ажары кіріп, адам болып қалды.
— Иə, ажары ғана емес, мына қызыңыздың кеудесіне жаны кіріп, 
жақсы болып қалды, апа, - деп Майра өзінен жоғарырақта, маған
тақау отырған Меңтайды нұсқады. Шешесі басын көтеріп,
қызына қарады. Меңтай «тыныш отыр» деген ишара жасап,
Майраны ақырын жеңінен тартқылады. Бірақ оған Майра
тоқталмады. - Меңтай мен мына отырған балаңыз екеуі бір-
біріне Қыз Жібек пен Төлегендей ғашық болатын. Араларына 
бір Тұмажан деген Бекежан түсіп, мына балаң оқуын тастап, 
былтыр басқа қалаға кетіп қалған. Дүниеде Бекежандар оңушы
ма еді, ол Меңтайдың оқу бітіруін тоспай, басқа біреуге
үйленіп қойыпты. Сөйтіп мына аңқау қызынды алдап кетіпті. Иə, 
кеткені жақсы болды сол сұмпайының! - Бұл тұста Майраның 
жазық маңдайы шытынап, кеудесін ыза кернегендей, дауысы 
дірілдеп шықты. - Мына балаң оны білмей, ана жақта жүре 
берген. Ал қызың ұялып, оны айтпаған. Сонымен андағы Ербол 
балаң жазғы оқуға келе жатып, жолда бір жерде жаңағы 
сұмпайымен - Бекежанмен кездеседі. Содан бар жайды біледі. 
Білген соң Меңтайды іздеп, кеше осында келеді. Иə, апа, мына 
қызың, - ол қолымен Меңтайды бүйірінен түртті, - бүгін бұрынғы 
Меңтай емес. Төлегеніне қосылған Қыз Жібек боп отыр кəзір. Ал 
құттықта, апа, балаларыңды.
— Алда, қарақтарым-ай! Алда, айналайындар-ай! Бақытты 
болыңдар ендеше! Босағаларың берік, үбірлі- шүбірлі болыңдар, 
қалқаларым, - деп Майраның шешесі қапелімде аузына түскен 
тілегін айтып, ақ батасын берді. - Келіңдерші, қарақтарым,
екеуіңнің де беттеріңнен сүйейін, - деп орнынан тұрды. Біз де
қоса көтерілдік. Екі беті қып-қызыл боп кеткен Меңтай төмен
қарап, ілбіп басып, Майраның анасына қарай аяңдады. Ана 
оны айқара құшақтап, бауырына басып, қайта-қайта шашынан 
иіскеді. Содан соң маңдайынан сүйді де: - Қосағыңмен қоса ағар, 
ботам! - деді.
— Айтқаныңыз келсін, апа, - деген үш сөзді даусы дірілдеп əрең 


айтты да, Меңтай Майраның анасын тез қайта құшақтап, 
солқылдап жылап қоя берді. Оған қосылып, ана да көзіне жас 
алды. Меңтай жылағанға мен қоса қиналып, ернімді тістелей 
бастадым. Ішіміздегіміз бақпаған Майра ғана болды.
— И-иə, несіне жылайсың? Қуанғанына көрінсін! - деді ол
құрбысын сыртынан құшақтап, анасының бауырынан ажыратып 
жатып. Содан соң маған қарап, көзін бір қысып қойды.
— «Қуанған да, қорыққан да бір» деген ғой, қайтсін жыламай, 
- деді Майраның шешесі басындағы орамалының ұшымен өз
көзінің жасын сүртіп жатып. - Бəлкім, анасы есіне түскен
болар. Ол байғұс тірі болса, өз қолынан ұзатар еді ғой бүгін. -
Осы сөздерді айтып болған соң ана құшағын жайып маған 
бұрылды. - Кел, балам. Аналық құшағын кең жайып тұрған бұл
мейірбан кісі менің де өз шешеме ұқсап кетті. Мені де
алдымен төсіне басып, сонсоң екі қолын екі иығыма салып, 
тебірене сөз сөйледі
— Сен де жалғыз екенсің, балам. - «Жалқылығым жадыңда екен-
ау» деп ойладым ішімнен. - Жалғыздың жан жолдасы - ары мен 
жары болады. Ендеше, қалқам, жарыңды жаныңмен тең ұста, 
жаныңды арыңмен тең ұста. Сен сенімді серік болсаң, Меңтайым 
мейірімді жар бола алады саған. Жерден шыққан жетім қыз
алдым деме, шырағым. Ақылды қызға - ана көп, аяулы жанға - 
пана көп. Мен жалғыз Майраның ғана емес, Меңтайдың да 
анасымын, қарағым…
— Иə, біздің апам боздатты біржола, - деді Майра Ментайдың көз
жасын құрғатып жатып.
Əзіз ана өз сөзін одан əрі жалғастыра берді.
— Ендеше сен құрсағымнан шықпаса да, құшағымнан шыққан 
баламды алғалы тұрсың, міне. Еркектің бақыты да, тақыты да
жақсы жар болады, шырағым. Саған айтар ақыл, берер
кеңесім, қарағым: өзіңді тапқан анаңды сыйласаң - анау адал 
жарыңды сыйла. Сенің де анаң бір кезде осындай жас келін боп 
түсіп, жан ұшырып жүріп, сені дүниеге келтірген. Ана
болғаннан кейін дана болған. Адамның екінші қымбаты -
арыңды қадірлесең, жарыңды қадірле, қарағым. Мына
бүлдіршіндей Меңтайымды жарым деп қана емес, жаным деп 
қабылда, қалқам. - Осы арада ана бір тоқтап, тыныс алды да, 


сөзін аяқтады. - Бұны Жетісудың бір бейтаныс кемпірінің сөзі 
емес, өзіңнің туған шешеңнің есиеті деп ұқ, балам!
Осылай деп ана менің де маңдайымнан сүйді. Ананың сөздері 
менің де сай-сүйегімді сырқыратты. Меңтай көзінен тағы да үнсіз 
жас сорғалады. Бұл тұста Майра да босады. Мұнысын білдірмеу 
үшін ол Меңтайды уата жүріп, оның бетін үнсіз аймалай берді.
Жүрегім елжірей тұрып мен осынау шүйкедей кемпірдің
шешендігіне, даналығына таң қалдым. Менің Флобер, Бальзак,
Тургенев, Горький кітаптарын айлар бойы ақтарып, алтын
тапқандай қуана қойын дəптеріме көшіріп алатын асыл
создерімді бұл кісі бір ғана сəтте түйдек-түйдегімен төкті де
салды. Осы үйдегі кешеден бері ең елемеген адамым да осы кісі 
еді. Кеше келгенде «Сəлеметсіз бе, апа» деп сəлем беріп, 
кетерде «сау болыңыз, апа» деп қоштасқаннан басқа жылы 
ұшырап, бір ауыз сөйлескемін жоқ. Менің есіл-дертім екі қызда, 
Меңтайда болды. Солар не айт десе, соны айтып, осы үйдің 
алдында патефондай сайрадым да отырдым. Олар күлген сайын 
мен əңгімемді соза бердім. Оларды күлдіре түскім, қуанта түскім
келді. Сонда мəсісінің ұшымен басып, есікті сықырлатпай ашып, 
үйге кіріп-шығып жүрген осы кісі көлеңке іспетті ғана боп көрініп
еді маған. Кітап қадірлегіш, өткен данышпандарды сыйлағыш
мен екі күн бойы қасымдағы тірі дананы елемеппін-ау. «Ана
болғаннан кейін дана болған» деген сөзі қандай жақсы еді
апамның! Жо-жоқ, жалғыз бұл емес, жаңағы айтқан бар сөзі
маржан ғой тізіліп тұрған. Кеш менің білместігімді, данышпан 
ана. Мен ішпей маспын ғой бұл күндері. Мас кісі не білуші еді, не 
анғарушы еді. Соны ескер, абзал ана. Əрине, мен мұны
ауызша айтқамын жоқ. Оймен айттым. Өйткені мен үндемей
отырып, іштей сөйлесуге ғана шешенмін ғой. Ал ауызша айтқан 
бар сөзім мынау ғана болды.
— Алдияр ана, айтқаныңызды орындаймын! - деп бас иіп, ант
еткендей оң тіземді бүктім.
Бұл менің анаға деген ризалығым еді. Бұл жəне Меңтайға 
ризалығымнан айтылған сөз болатын. Осы аз сөздің өзін əрең
айттым. Өйткені мен өзімнің тебінгідей үлкен еріндеріме ие
бола алмай қалдым. Ол жылаған жас баланың ерніндей боп, 
кемсеңдеп кетті.
Майра жүгіріп кеп, мені қолтығымнан көтерді.


— Иə, не боп кетті өзі. Жұрт қуанады екен десе, - деп ол өз-өзінен
күбірлеп жүр.
— Қуаныш деген осы ғой, күнім, - деді ана енді камзолының
қалтасынан орамалын алып, көзін сүртіп жатып. - Қуаныш тек
күлкімен ғана келмейді. Ол тек бала басынан кешіретін тəтті 
қуаныш қана. Азаппен келетін ащы қуаныш та болады. Нағыз 
қуаныш һəмəнда жанды қинап, жүректі сыздатып, жылата келеді 
ғой, қарағым. Ең қайырлы қуаныш та сол болады.
— Иə, апам бүгін философ болып кетіпті, - деп Майра бізді
орнымызға жайғастыра бастады. - Отырыңызшы, Ереке. 
Отырсаңшы, Меңтай.
— «Былайсоп-мылайсобыңның» не екенін білмеймін, қалқам, -
деді ана қызы орнына отырған соң. - Соғыс кезінде соқаға 
жеккен сиырды «соп!» дейтінбіз. Менің білетінім осы ғана. Ендігі 
білетінім - ертең ел- жұртты жинап, той жаса, балам.
— Иə, жасаймыз, - деп Майра күлімдеп кетті.
— Ертең ана ақ бұзауыңа айырбастап колхоздан бір семіз қой ал. 
Жиырма жылдан бері осы колхоздың ыстығына күйіп, суығына
тоңып келеміз ғой. Соғысқа кеткенше əкең де табан аудармай
жұмыс істеген. Берер бір малын.
— Береді, апа, береді, - деді Майра алақанын шапалақтап.
— Берсе, солай ет, ботам, - деп ана орнынан көтерілді. Ол
тегенені, Майра мен Меңтай ыдыс-аяқты жинап алып, ауыз үйге 
əкетті.
Төргі бөлмеде оңаша қалған мен өз-өзімнен отырып тағы да 
тебірендім. Ері соғыста өлген, жалғыз қызын медеу етіп, күнделікті 
еңбегімен күн көріп отырған жесір əйелдің мынадай мырзалығына 
жəне таң қалдым. Алты аласы, бес бересі жоқ біреуге той жасап, 
жалғыз бұзауын сойып бермек. Неткен дарқандық десеңші бұл!
Бүгін біреуге той жасап, ертең өздері аш отыруға бейіл ғой
бұл ел. Жоқ, Меңтай екеуміз бұзауды сойдыртпаспыз. Ал
алда-жалда айтқанымызға көнбесе, екі есеғып өтерміз бұл
жақсылықты. Жалғыз Майраның ғана емес, үшеуміздің бірдей 
ортақ анамыз етіп алармыз бұл кісіні!
Мен осыны ойлап отырғанда төргі үйге Майра кірді.
— Біз, Меңтай екеуміз де күнде беседкаға жатушы едік, - деді ол 


орындықтағы шамды алып, биік үстелдің үстіне апарып жатып. - 
Үй ыстық. Сізге төсекті қайда салайық?
— Үйдің төбесіне жатуға бола ма? - дедім мен. Менің бүгінгі
көңіл күйім не үйдің төбесіне, не таудың төбесіне жатуды керек 
қылғандай еді.
— Болады. Онда мен сізге төбеге салайын, - деп Майра төр жақта 
жинаулы тұрған жүкті бұза бастады. Орнымнан ұшып тұрып, мен
де оған көмектесуге кірістім. Мен текеметті, Майра көрпе-
жастықты көтеріп, екеуміз сыртқа қарай беттедік. Меңтай ауыз 
бөлмедегі биік ағаш төсектің жинауын бұзып жатыр екен.
— Меңтай, - деді Майра шығып бара жатып, - сен андағы,
апамның төсегін салып болғаннан кейін өзіміздің төсек-орынды 
беседкаға апара бер.
— Жарайды, Майра.
Бұл екі сөз маған ғажап музыка, асқақ əндей боп білінді. Сол
əн мен музыка жаныма қанат бітіріп, жайраңдап далаға 
шықсам, аи сүттей жарық, ауа қымыздай тəтті екен. Кеудемді кере 
дем алып, қабырғаға сүйеулі тұрған саты ағаштың орта беліне 
дейін көтерілдім де, текеметті жоғары шығардым. Одан соң жерде
тұрған Майраның қолындағы көрпе-жастықты алып, тесекті өзім 
салып аламын деп оны қоя бердім. Маған алаңдамай, олардың 
тезірек беседкаға жайғасуын тіледім.
XX
Майра маған бір көрпе мен бір жастық жəне ұзынша келген
құрақ көрпеше беріпті. Соғыстан соңғы, дүниеге тапшы кез еді
ғой ол. Құрақ көрпешені текемет үстінен төсеуге əрі простыня
орнына бергенге ұқсайды. Төсекті тез салуын салып
алғаныммен, тыншығып жата алмадым. Текеметке киімшең
құлаған бойыммен, өлі тигендей дөңбекшіп, біресе оң 
жамбасыма, біресе сол жамбасыма аударыла беремін. Кейде
төмен домалап, үй үстіне қаулап өскен алабота, көк қурайды 
сытырлата сындырып, аунай кеп жөнелемін. Төбедегі шөпті ат
аунағандай етіп жапырамын да, одан соң қайтадан орныма
ораламын. Біраздан кейін киімімді шешіндім де, тек трусишең 
ғана күйде қалдым. Содан сон, аюмен алысқандай боп, екі 
иығымнан демалып, екі танауым делдеңдеп біраз шалқамнан 


жаттым.
Сөйтіп жұрт аяғы басылып, ел ұйқыға кеткенше өз-өзімнен
аласұрумен болдым. Əлден уақытта жолбарыстай ырғып 
орнымнан тұрдым да, біреу көріп қоятындай еңкеңдеп, бір басып, 
екі басып сатының қасына келдім. Беседка жаққа көз салып
едім, қыздардың жайбарақат ұйықтап жатқандары аңғарылды.
Сатыдан түсе салып, жүгіріп қастарына барсам, Майра басын
бүркеп алған екен. Қою қара шашы ақ жастыққа шашылып,
шалқасынан жатқан Меңтайды көргенде үстіне құлап түсе
жаздадым. Буын-буыным қалтырап, тынысым тарыла түсіп, 
Меңтайды еңкейіп ернінен сүйдім. Ол тез көзін ашып алды да, 
мені қос қолымен бетімнен сипап, мойнымнан құшақтады.
Мен дегбірім кетіп, оны тез орнынан тұрғызбақ болып, екі қолынан 
тарттым. Меңтай кеудесін көтеріп отырды да, Майра жаққа карап, 
маған екі саусағын көрсетіп, ерніне басты. Онысы: «Ақырын, 
Майра оянып кетеді» дегені деп ұқтым. Мен оған саусағыммен 
беседканы нұсқап, одан соң үйдің үстін көрсеттім. Оным: «Жүр,
үйдің төбесіне барып жатайық» дегенім еді. Ол орнынан
тұрып, үндеместен соңыма ілесті. Беседкадан шыққаннан кейін 
екеуміз қол ұстасып, сатыға қарай жөнелдік. Жұқа, шолақ 
ішкөйлегінен екі тізесі жарқ-жарқ көрініп, ақ мəрмəрдəй мойын,
кеудесі айға шағылысып, қалың, қою, ұзын қара шашы ту
сыртын қара мақпалдай қымтап, Меңтайдың сахнаға шыққан 
бишідей
аяғының ұшынан лыпып басып, қасымда келе жатқанын көргенде 
менін жүрегім жарылардай боп дүрс-дүрс соқты.
Үйдің үстіне шыққаннан кейін Меңтай төсек үстіне келіп, демін 
ішіне тартып, дымы құрығандай боп шоқиып отыра кетті. Сол 
тұста көкте қайырған қыранның тегеурінінен тайсалақтап, діріл 
қағып, жан ұшырып, тегіс жерде шалқасынан құлаған қызыл 
түлкінің үстіне жарқ етіп, нажағай соққандай болды. Ерінді ерін 
тауып, бір- бірінен шырын сорып, бал жұтысқан тойымсыз, 
тынымсыз толассыз бір сəт туды.


Меңтай екеуміз құшақтасып, жалаңаш денеміз сүйіскен екі еріндей 
жабысып, көрпе астында үн-түнсіз ұзақ жаттық. Бұл - күн
ыстықта ұзақ жол жүріп, қаны кеуіп шаршап, қаталап келіп,
алдынан кездескен мөлдір бұлаққа бас қойған адамның
алғашқы алған рақатынан кейінгі тапқан тынысы тəрізді шақ
еді. Қатты шөлдеген адамның сусыны қанушы ма еді? Менің тағы 
да шөл қандыру əрекетіне кіріскім келді. Осы кезде Меңтай мені 
сəл бөгеп, бір нəрсе сұрағысы келгендей ыңғай білдірді.
— Сіз… сен менен жиіркенген жоқсың ба? - деді ол.
-Жоқ.
— Жиіркенбейсің бе?
— Жоқ.
— Өмір бойы ма?
— Иə…
Осы кезде менің денемнің Меңтай жақ жартысы дір ете қалғандай 
болды. Діріл тез қайталап, бірден жиілей түсті. Сөйтсем, Меңтай 
өксіп, жылап жатыр екен. Оны неден ренжітіп алдым деп мен 
жаным шыға бəйек болып, асты-үстіне түстім.
— Не болды, жаным?
— Жай, əшейін.
— Əшейін емес қой, айтшы, қуатым, - дедім мен жалынып.
— Əшейін, - деді Меңтай үстіміздегі көрпенің шетіне көзін сүртіп.
— Айтшы, сəулем?! - дедім оның ащы жас шыққан екі көзінен,
аузынан тынбастан сүйіп. - Айтшы, қуатым.
— Жай, əшейін дедім ғой… Сен болмасаң, мені кім бағалар еді? 
Өзегіне құрт түскен алмаға кім қолын созар еді… деп… Əшейін 
соған..
Меңтайдың неге жылағанын енді білдім. Тезірек оны жұбатуға
асықтым.
— Қойшы, қалқам, оны ойламашы, - дедім тағы да толассыз сүйіп 
жатып. - Ол бір сəт түнде көрген жаман түс сияқты болып, өтті де 
кетті емес пе. Ойламашы соны. Сен бітеу тұрған, бұзылмаған ең 
тəтті алмасың, жаным!


— Мен сіздей… сендей кісіге лайық емеспін-ау, тең емеспін-ау деп
ойлаймын.
— Жоқ, лайықсың! Сен менен артықсың, сəулем!
Меңтай біраз үнсіз жатты.
— Жарайды, сенің көңіліңе келмесе болды маған, - деп ол
мені ыстық ернімен аймалап, жұмсақ алақанымен жанымды 
сүйсіндіре жауырынымды сипады.
— Келмейді, келмейді, қуатым! Сенші маған. Келмейді ешқашан 
да! Ешқашан да! Мен сені осылай құшып жатқаныма бақыттымын, 
қуатым, қызығым, өмірім, өзегім!..
— Айналайын, көкетайым! - деді Меңтай «айналайын» деген сөзді
жанды еріте созып айтып.
Айлы түнде айдай жарымның ашық жатқан аппақ кеудесіне тағы 
да құмарта көз тіктім. Ұлы даналар жасаған жан лəззаті - жалаңаш 
əйел бейнелері көз алдыма елестеді сол сəт. Гойяның биік төсекте 
шалқалай сұлап, топ-томпақ қос анары қызықтыра көз тартып,
өзіне маужырай қараған бұраң бел, жалаңаш Махасын
көргендей тамсандым. Енді бір сəт Тицианның қою қолаң
шашын уыздай денесіне шəлі етіп жамылып, жұмыр білегі, қос 
анары, үлбіреген ақтамағы ғана ашық қалған жанды еріткен жас 
сұлу Мария Магдалинасы мен ақ санын айқара ашып тастап, 
сабыры сарқылып жатқан Данаясының; бір сəт Рубенстің оң 
иығына жалт бұрылып, əлденеге құмарта қарап қалған сымбатты 
Вирсавиясының қасында тұрғандай сұқтандым.
— Айналайын, - деді осы кезде Меңтай даусын соза сөйлеп, 
жалынғандай болып, - қарамашы тесіліп, қойшы, көкем! Ұяламын! 
Біреу көріп қояды.
— Кім көреді? Ешкім де көрмейді, - деймін мен оны кеудесіндегі
тырсиған ақ алмасынан аймалап.
— Əне, ай көріп тұр, - деді Меңтай күліп, қытығы келіп.
— Ай көрсе, көре берсін.
— Ол айналасына айтады.
— Айтса, айта берсін.
— Жұлдыздар көріп қойды. Олар жер жүзіне жаяды.


— Жайса, жая берсін.
Дүниеде əйелдің тəнінен тəтті, оның тұлғасынан сұлу ештеңе жоқ 
шығар деп ойладым мен Меңтайдың ақ денесін көрпемен
қайтадан қымтап жатып, - Əйелдің асыл тəніне тəнті болу -
еркектік тіршіліктің түйіні шығар деп түйдім мен онда. Бірақ
ешбір картина менің Меңтайымның сымбатын бере алмайды.
Барлық Венералар да, Данаялар да, Мариялар да, Вирсавиялар 
да Меңтайдың шеніне келмейді. Өйткені бұл ешкім көрмейтін, 
менің өз картинам, өз дүнием, өз байлығым, өз бақытым! Міне, 
мен Меңтайды бауырыма басып, ішімнен осылай деп жаттым. 
«Меңтай - менің өз картинам, өз дүнием, өз байлығым, өз 
бақытым!» деп мың мəртебе қайталадым.
Əйел мүсінінің сұлулығын қылқаламмен жырлап өткен ұлы 
даналар қалдырған Эрмитаж қабырғаларындағы бір көрген
адамның ешқашан есінен кетпес мəңгілік ғажап картиналар-дай 
болып, сол бір түн, жарық ай, жалаңаш Меңтай күні бүгінге дейін 
менің көз алдымда қалды. Сол жолы мен сұлулықтың шын сырын 
ұқтым. Əйел сымбаты, əсіресе оның жа-лаңаш мүсіні дүниедегі ең 
қуатты күш екенін түсіндім. Əйел тəні еркектер үшін магнитпен 
пара-пар екенін білдім. Жалаңаш əйелді жау да жеңе алмас-ау 
деп ойладым. Бұл сабақты маған сол түн, сол сəт берді. Ол түн 
маған дүниеде ең бір ұлы сабақтың алғашқы əліппесі болды.
Мен шалқамнан жатырмын. Меңтай бір қырындап, мені құшақтап 
алған. Мен оны мойнынан қысып, екінші қолыммен қолын сипап 
жатырмын. Аспанда асыға ай дөңгелеп барады. Одан əріректе 
менің Меңтайымның жүзін көруге таласқандай боп, жұлдыздар
жапырласады. Олар бір-бірімен жарыса жымыңдасады. Содан
соң: «Сен қандай бақыттысың!» деп маған бас изегендей
болады. «Иə, мен бақыттымын! - деймін жұлдыздарға күбірлеп. 
- Менің бақытыма сендердің де сандарың жетпейді!» Өстіп
Меңтайды құшақтап, жұлдыздармен сөйлесіп жатып мен
соншама бір ғажап, рақат теңізінің түбіне қарай шым батып
бара жатқандай сияқтандым.
Таңертең Меңтай ерте тұрып, мені қайта-қайта сүйді. Содан соң 
беседкадағы Майраның қасына кетті. Мен жалғыз қалдым. Бұл 
жолғы жалғыздығымды мен басқаша сезіндім. Үй үстінде бір өзім 
оңаша болғаныммен, Меңтай көзге көрінбей, қасымда жатқан
тəрізденді. Ол да оңаша емес, қасына мені алып жатыр деп


ойладым.
Көкжиектен дөңгелеп күн шығып келе жатты. Жалғыз жатып,
мен күбірлеп күнмен сөйлестім, сыбырлап желмен тілдестім. 
Оларға да өз бақытымды айттым.
Бір кезде үйден шелегін салдыратып, сиыр саууға Майраның 
анасы шықты. Мен киініп, үй төбесінен түсіп, абзал анаға сəлем 
бердім.
— Армысыз, анам!
— Бар бол, балам. Ұйқың келмесе, өзенге бар, - деді ол.
— Бүрген, Бүрген, мен бақыттымын, - дедім өзен жағасына келіп
айқайлап.
Одан соң аяңдап гүлді өзекке түстім.
— Гүлдер, гүлдер! Мені құттықтаңдар! Мен сендердей гүл
құшақтадым, мəңгі құштым! - дедім оларға. Гүлдер қуана 
құттықтап, бастарын изесті. Содан соң мен Көктөбеге көтерілдім.
— Мен бақыттымын! - дедім төбе басында тұрып дауыстап. Маған 
алыстағы таулар үн қосты. Олар: «Мен бақыттымын! Мен 
бақыттымын!» деп жаңғырыға жауап қатты.
Маған Бүрген өзені шалқып жатқан дария, Көктөбе асқар тау 
сияқты боп көрінді. Мен дүниенің төріне шығып, төбесінде 
тұрғандай сезіндім өзімді.
Иə, сол күні кешке Майра болмастан той жасады. Ауыл жиналды. 
Махаббат гимні - «Жар-жар» айтылды, əндер шырқалды. Ауыл
адамдары Меңтай екеумізге ақ жүректерінен шыққан адал
тілектерін айтысты. Шарап жоқ, шатақ жоқ шаршы ғана жиын 
жасадық өзімізше.
Ертеңінде Меңтай, Майра, мен үшеуміз қалаға келдік.
Жатақханаға кірсек, маған деген тілдей ашық хат жатыр. Оқып 
жіберсем, былай деп жазылыпты.
«Ербол!
Сен бізге аса қажетсің. Тез келіп, маған жолық.
Б. Уазитов».
— Мені редакция іздеп жатыр. Барамыз ба, қыздар? - дедім неге 
екенін білмесем де өз-өзімнен қуанып.


— Барайық, - деді олар бірден.
Базардың қасына келіп, трамвайға отырдық. Одан кейін біраз 
жаяулап, редакцияға бардық. Жол бойы мен жақ жаппастан 
сөйлеумен болдым. Қыздар күлумен болды.
Қыздар тосып, сыртта қалды. Мен ішке кірдім.
— Ə, келдің бе, Ербол? - деді жауапты секретарь мені көріп. - 
Сəлеметсің бе? Хал қалай? Сессияң бітті ме?
— Бітті.
— Окуыңды қашан тауысасың?
— Енді бір он шақты айдан кейін.
— Бізде бір орын босады. Сені қызметке алсақ деп ойлап едік.
Қалай көресің?
— Ақылдасып кеп артынан айтайын. Кімнің орны?
— Шалғынбаевтың орны.
Менің көзім бақырайып кетті.
— Ол қайда? Неғып кетті?
— Басқа жұмысқа ауысты. Газетте істеуге қабілеті жетіңкіремеді. 
Оның үстіне мақтаншақ, даңғой, ішкіш адам болып шықты. Ал өз 
шешіміңді айт кəне.
«Апырай, Шəкем-ай, - дедім мен ішімнен. - «Аһ!» деп өзіңнен өзің 
сиыр қайырғандай болып отырушы едің. «Тіркемелі» жүз елу 
грамм түбіңе жеткен екен ғой, тегі».
— Қазір, семьяммен ақылдасайын, Бəке, - дедім содан соң.
— Семьялы болып па едің? Құтты болсын! - деді жауапты 
секретарь. - Семьялы болсаң, осы қызметке кіргенің жөн болар.
Жүгіріп есік алдына шықсам, Меңтай мен Майра күтіп тұр екен.
— Иə, неге шақырыпты? - деді Майра.
— Бізге қызметке кел дейді.
— Иə, сіз не дедіңіз?
— Семьяммен ақылдасайын, - дедім.
Майра мəз болып күлді.


— Ал, семьясы, айт, - деді Меңтайға бұрылып.
— Оқу бар ғой, - деді Меңтай.
— Қалған бір курсты жұмыс істеп жүріп-ақ бітірмеймін бе?
— Ана жақтағы жұмысыңды қайтесің?
— Оны тастаймын. Редакция ол жақтан өзі босатып алады.
— Қайдам, өзіңе ауыр болып жүрмесе?
— Жок, түсейін. Менің арманым нағыз журналист болу емес пе? 
Ол үшін осы газетте жұмыс істеуім керек. Оның үстіне 
қызметістесем, екеуміздіңде жағдайымыз жақсарады.
— Өзің біл. Бірақ маған осыдан артық еш жағдайдың керегі жоқ, 
Ербол. Мен қандай қиындық болса да шыдаймын ғой.
Сол күні маған Ербол Есенов республикалық газеттің əдеби 
қызметкері болып тағайындалсын деген бұйрық берілді. Тағдыр 
менің сүйген қызымды да, сүйікті қызметімді де осылай, бір-ақ 
күнде қолыма ұстатты.
Сонымен, не керек, нағыз бақытты жан мен болдым. Меңтай
екеуміз Мичурин көшесінен оңаша бөлме жалдап алдық. Мен 
Меңтай дегенде, ол мен дегенде ішкен асымызды жерге қоятын 
болдық. Біріміз жоқта біріміз бір ұрттам су ішпейтінбіз,
тамағымыздан өтпейтін. Мен жұмыстан, ол сабақтан босасақ-
ақ болды, екеуміз бір-бірімізге қарай ұмтылатынбыз. Жылдам 
жетіп, жолығысқанша асығатынбыз.
Біздің кішкентай бөлмеміз бүкіл курс студенттерінің орталығына 
айналды. Олар, əсіресе, демалыс күндері біздің үйден
шықпайтын. Шай ішетін, шарап тататын. Өте-мөте Жомартбек
пен Майра біздің үйге жиі келетін.
— Екеуің қосылсаңшы, - дейтінбіз біз оларға əзілдеп.
— Менің қосылғым-ақ келеді-ау, - дейтін ондайда Жомартбек күліп. 
- Бірақ мына Майра мен сенен үш жас үлкенмін, апаңмын деп
болмайды. - Осылай деп Жомартбек күлкісін тыя қояды да,
моп-момақан болып, Меңтай екеумізге кезек қарайды. Содан соң: 
- Апасын алушы ма еді жұрт? - деп сұрайды.
Бəріміз қыран күлкі боламыз. Майра Жомартбекті төмпештеп, екі
құлағынан кезек жұлады.


— Ойбай, апатай, алмаймын, апатай, - деп Жомартбек бақырып,
үйді басына көтереді.
Бұған да көзімізден жас аққанша күлісіп, мəз боламыз. Кейде 
Зайкүл келеді. Келеді де ол біздің ескі-құсқы базарынан сатып 
алған жаман диванымызға жалп етіп отыра кетеді. Содан соң, бір 
аяқты бір аяқтың үстіне салып, юбканың етегін кейін серпіп 
жіберіп, екі санын жарқырата жалаңаштап тастайды да, сөзге 
кіріседі.
— Өз курсында оқитын қыз бен жігіттің оңаша үйі болып, аяқты 
көсіліп тастап отырған қандай рақат, - дейді ол мардымсып.
Жомартбек оған дүрсе қоя берді.
— Əй, əй, Зайкүл, - дейді ол қабағын түйіп. - Сен Кербез
ағайынның алдында отырған жоқсың, жап етегіңді.
— Ой, осының өзі мəдениетсіз, - дейді Зайкүл міз бақпай,
бетін тыжырайтып. - Қызға кісі өстіп дөкір сөйлей ме екен?
Жомартбек қарқылдап күліп жіберді.
— Е, немене, қыз емес дегің келе ме, - дейді Зайкүл басын 
қақшита ұстап. - Менің мына Меңтай сияқты күйеуім бар ма? Жоқ. 
Ендеше не керек саған? Артта қалғансың. Мен саған жолда 
жатсаң, қарамас едім.
Меңтай тез орнынан тұрып, Зайкүлдің қасына барды.
— Қойшы, Зайкүл, Жомартбектің қалжыңына несіне ашуланасың, - 
дейді оны құшақтай арқасынан қағып. - Қарның ашты ма? 
Жұмыртқа қуырып берейін бе?
— Сөйтші, Меңтай, - дейді Зайкүл Жомартбекпен ұрысып 
отырғанын бірден ұмытып. - Ішім ұлып барады. Мен қуырған 
жұмыртқаны сондай жақсы көремін, Меңтай. - Содан соң 
Меңтайдың құлағына сыбырлайды. - Шарабың бар ма?
— Сендік бірдеңе табылады, - дейді Меңтай тез Зайкүлді
тамақтандыру қамына кірісіп.
Біраздан кейін мен Меңтай пісірген жұмыртқаны табасымен
көтеріп, шыжылдатып əкеп үстелдің үстіне қоямын. Меңтай 
біреулерден қалған шараптың аузын ашады.
— Зайкүл, жалғыз ішесің бе? Жомартбек басын шайқап отыр ғой.


— Жоқ, мен сенімен қағыстырып ішемін, - дейді Зайкүл шарапты
жұтпай жатып, сықылықтай күліп.
— Мен мұны ішпеймін.
— Неге?
— Менің шарабым басқа.
Зайкүл алдындағы стақанды сырғыта салды.
— Ендеше мен де ішпеймін. Сендер тəуір шараптарыңды өздерің 
ішіп, маған біреуден қалған жаманын беріп отырсыңдар.
— Мен күлдім.
— Менің шарабым, шербетім мінеки, - деп қасымда бейқам
отырған Меңтайдың бетінен сүйіп кеп алдым.
— Күн сайын ішесің, күнде мас боласың, ə? - деді Жомартбек
желпініп.
— Иə.
Зайкүл сықылықтап күліп, стақанға қайтадан қолын созды.
— Олай болса, ішемін.
— Ербол, Зайкүлмен соғысып ішсеңші, - деп Меңтай маған да
құйды.
— Ендеше маған да тамыз, - деп Жомартбек те стақан тосты.
— Бəрібір Ербол Зайкүл екеумізге басқа шарап-шербетінен
татырмайды.
Зайкүл орта стақан шарапты бір-ақ қағып салды да, күлді.
— О не, Зайкүл? - деді Жомартбек бұрылып.
— Менің шарабым басқа дегенде мұның өзі оңаша ішіп
жүрген бəлзамы бар екен десем. Мен бір мықтының үйінен 
ішкемін ондай бəлзамды. Бірақ оның сауыты қыздың беліндей жіп-
жіңішке болады екен. - Осы арада Зайкүл көзінің қиығымен 
Меңтайға қарап қойды. - Ал, мына Ерболдың бəлзамының 
сауыты… - Зайкүл одан сайын сықылықтады. - Аузын кенеппен
тығындап қоятын қойшылардың карелин сауытына ұқсай ма, 
қалай, Жомартбек?
Меңтай қызарып кетті, бірақ үндемеді. Іші білініп, жүріс-тұрысы 


ауырлап қалған жарымды сөккені маған да ұнамады. Жомартбек 
те теріс айналып кетті.
— Əй, əй, өкпелеп қалдыңдар ма?-деді Зайкүл бірден күлкісін
тыйып. - Мен қалжыңдап айтамын.
— Мен қалжыңды білмейді дейсің бе, Зайкүл, - деді Меңтай. -
Алаңдамай тамағыңды ішіп ал.
— Сенің осы ешкімге ренжімейтін мінезің үшін жақсы көремін,
Меңтай, - деді Зайкүл шанышқыны қайтадан қолына алып. -
Менің бір ауыз қалжыңымды көтере алмай, мына екеуі
торсиды да қалды. Ойпырай, биыл госэкзамен келе жатыр ғой. - 
Зайкүл қолына алған шанышқысын қайтадан тастай салды. - Анау 
кітапты көріп, ойыма түсіп кетті.
— Бір тілде, бірыңғай таза сөйлеуге болмай ма осы? - деп
Жомартбек Зайкүлге тағы тиісті.
— Өзім орысша араластыра сөйлегенді сүйемін.
— Өйткені сен Чеховтың ««қарындасысың» ғой…
— Онда жұмысың болмасын. Араластырып сөйлесең, ең жоқ 
дегенде екі тілді білетінің білінеді. Маған жұрт Сағынова 
орысшаға да, қазақшаға да судай екен деп түсінсе болды, 
басқаның керегі жоқ.
— Оның атын көзбояу дейді.
— Əй, болса бола берсін!
Меңтай басын шайқады.
— Ол жөн емес кой, Зайкүл.
— Өзіңе не ұнаса - сол жөн, басканікі не керек, - деп Зайкүл
шанышқыға қайтадан қол созды.
— «Адасқанның алды - жөн, арты - соқпақ», - деп Жомартбек
ақырын əндетіп қойды.
— Осы кітапты көрсем бар ғой, - деді Зайкүл жұмыртқадан тағы бір 
асап жатып, этажеркадағы кітаптарға көзі түсіп кетіп, - аза бойым 
өаза болады. Кітапты жек көретіндігімнен бе өайдан білейін. 
Əнеукүні түсімде бар ғой, Меңтай, бар кітап жиылып, мені сабап 
жүр. Мынау Жомартбектей шілмиген жұп-жұқа «Логиканың» өзі
жұдырығын түйіп, ентелеп келе жатыр. Түсте кітаппен


төбелескен не болады екен осы? Білесің бе, Меңтай? - 
Меңтай басын шайқады. - Ендеше мен емтиханда құлап қалатын 
шығармын деп жорыдым.
— Сен құласаң, мен мұрнымды кесіп берейін, - дейді Жомартбек
қуланып.
— Керегі жоқ мұрныңның. Бірақ қалай құламаймын - төрт жыл 
оқығаннан түйірдей ештеңе жоқ басымда. Сенесіңдер ме осыған?
Біз үшін жауапты Жомартбек берді.
— Сенеміз. Бірақ сендей сұлу қызға жасаған жар болады, Зайкүл.
Зайкүл мақтанып, қуанып қалды.
— Табиғат əділ ғой, шіркін, - деді ол. - Ой бермей, маған ен 
бергенін айтсаңшы! - Үстел шетіндегі айнаны алып, басын 
қисаңдатып бетіне тосты. - Мынандай өңі бар кісіге ойдың керегі 
не? Əһ?
— «Айнаның қарсы алдына маймыл барып», - дейді тағы да 
Жомартбек əндетіп, бірақ «маймыл» деген сөзді Зайкүлге 
естіртпей, міңгірлей айтып. - Жаман болсаңда, жас болғанға не 
жетсін, Зайкүл.
Біз бəріміз ду күлеміз. Сөйтіп Зайкүл кетеді. Одан соң өзгелер
келеді. Күлкі күлкіге жалғасады.
Осылай базар болып тұрған алтын отауымыздың шаңырағы бір-ақ 
күнде, ойламаған жерде салдыр-күлдір етіп ортасына түсті…
Ғапу етіңіздер, мен бұл əңгімені əлі күнге дейін тебіренбей,
көзіме жас алмай айта алмаймын… Ол күндерде еңірегенде 
етегім толатын еді… Одан бері жиырма жылдай уақыт өтті. Бірақ 
бəрі-бəрі əлі күнге дейін көз алдымда сайрап тұр… Иə, қай жерге 
келіп едім? Қазір… Бір күні түнде Меңтай ішім ауырды деді. Ол 
былай болды.
Мен ол күні күндіз редакцияның тығыз тапсырмасымен бір
заводка барып келіп, кешке мақала жазып отырдым. Үстелдің 
екінші басында Меңтай болашақ бөпемізге деп көйлек пішіп, 
əбігерленіп жатты.
— Ербол деймін, - деді бір кезде Меңтай.
— Ау, - дедім мен тез қағаздан басымды көтеріп.
— Өстіп, тігісін сыртына қаратып тепши берсем, бола ма?


— Болады, болады, Меңтай.
Осыдан кейін екеуміз де өз шаруамызды істеп отыра бердік.
— Ербол деймін, - деді бір кезде тағы да Меңтай.
— Ау, Меңтай.
— Сенің иткөйлегің болды ма?
— Болған шығар.
— Менікі де болған шығар, - деді Меңтай басын изеп. - Бірақ
біз ғой шешеміздің оны қалай тіккенін білмейміз.
— Əрине, білмейміз.
— Иткөйлегін екеуміздің осылай ақылдасып отырып тіккенімізді 
біздің бөпеміз де білмейтін болады ғой əлі, иə Ербол?
— Қайдан білсін ол тентек…
— Ой, ішім, - деп Меңтай ішін баса қалды осы кезде. Мен
орнымнан ұшып тұрып, оны арқасынан құшақтадым.
— Ербол-ай, бүріп əкетіп барады, енді қайттым? - деді ол
маңдайынан тер бұрқ ете түсіп.
Менің де жаным шығып кете жаздады.
— Қазір, қазір, жедел жəрдем шақырайын, - дедім сасқалақтап.
Меңтай басын изеді. Мен жан ұшырып көшеге шығып, автоматтан 
жедел жəрдемге телефон соқтым. Көп кешікпей жедел жəрдем 
машинасы келіп, мен Меңтайды перзентханаға алып бардым. Мен 
қиналмасын деп перзентханаға жеткенше ол тістеніп дыбыс
шығармауға тырысты. Барысымен сестралар «ай-түйге»
қаратпастан, ішке қарай ала жөнелді. «Кетпеңіз» деп біреуі маған 
ескертіп те кетті. Осы қазір келіншегімді босандырып, баламды 
əкеп қолыма құшақтатады екен деп, оған едəуір дəмеленіп 
қалдым.
Бір кезде қолына түйіншек ұстап, жаңағы сестралардың бірі
шықты.
— Алыңыз, - деп ол түйіншекті маған ұсынды.
— Мұныңыз не?-дедім мен шошып кетіп, шегіншектей кейін
сырғып.


— Əйеліңіздің киімі.
— Əйелім кайда?
Сестра күлді.
— Қорықпаңыз, жігітім, əйеліңіз осында қалады. Киімін үйге алып 
қайтасыз. Босанғаннан кейін бір аптадан соң киімдерін қайта 
алып келіп, əйеліңізді де, балаңызды да үйіңізге алып кетесіз, - деп 
тыныштандырды ол.
«Аузыңызға май!» дедім мен ішімнен. Содан соң Меңтайдың киімін 
құшақтап үйге қайттым. Үйге жеткенше денемнің дірілі
басылмады. «Апырай, мына киімін қайтарып беретіндері жаман
ырым екен!» дей бердім ішімнен. Сонда неге жаманға
жорыдым екен деген ой маған күні бүгінге дейін келеді.
Əрине, ол ойлағандықтан да емес қой. Əшейін құр далбаса ғой
менікі. Сонымен не керек, мен сондағы Меңтайдың киімін 
құшақтаған бойда қалдым ғой ақыры…
Меңтай перзентханада төрт күн болды. Үш күн бойы күніне үш рет 
барып, терезеден көріп кетіп жүрдім. Ол екінші этаждағы палатада 
болатын. Мен «Меңтай!» деп дауыстаймын келе сала асығып. Ол 
менің үнімді ести сала төсегінен түсіп, терезенің ал-дына
келеді. Сөзіміз бір-бірімізге жөнді естілмейді. Содан кейін
екеуміз сақау кісідей ымдаса бастаймыз. Мен төменде тұрып, 
оған суға батып бара жатқан кісіге ұқсап, қайта-қайта иек
қағамын. Оным - «Жайың қалай?» дегенім. Меңтай балаша 
жымиып, басын изейді. Ол - «Түсіндім» дегені. Содан соң 
аурухананың олпы-солпы ақ көйлегінің сыртынан кеудесін басады 
да, алақанын жайқайды. Онысы - «Қорықпа, мен үшін алаң
болма» дегені. Сөйтеді де, екі көзін ботаның көзіндей
мөлдірете кең ашып, маған қарайды. Сұқ саусағымен қайта-
қайта мені нұсқайды. Онысы - «Өзің қалайсың?» дегені. Мен бас 
изеймін де, екі қолымның басын төмен салбыратып жіберіп, кезек 
көтеріп, саусақтарымды жыбырлатамын. Оным - «Кешегі 
мақаланы машинаға бастырдым» дегенім. Меңтай түсініп,
қайта-қайта басын изейді. Сонсоң мен сұқ саусағымды
шошайтып, аспанды нұсқаймын да, бас бармағымды
көрсетемін. Мұным - «Мақаламды редактор оқып, жақсы деп
айтты» дегенім. Солай түсініп, Меңтай да қайта-қайта бас
изейді. Мен тағы да ишара жасап, қолымды сілтеп, көше жақты 
нұсқаймын. Оным - «Мақала баспаханаға терілуге кетті» деген 


сөзім. Меңтай алақанын шапалақтайды.
Тағы бір барғанымда Меңтай «Маған тамақ əкелме, өзің іш» деп 
ымдады. Бір күні кешке екі қолын жастық етіп, соған қисайтып 
басын қойды. Онысы - «Маған алаңдамай, жақсылап ұйықта» 
дегені еді. Бірде қолын төбесінен аса созып, өзі жоғары
қарады. Онысы «Ұзынбала» - Жомартбек келіп кетті дегені деп
ұқтым. Өйткені Жомартбек: «Енді жеңгем болдың, маған ат қой» 
деп болмағаннан кейін Меңтай саған қойған атым деп оны 
Ұзынбала деп атайтын. Бір жолы ол бас бармағы мен сұқ саусағын 
дөңгелетіп көзіне апарды да, екі саусағын көрсетті. Онысы - 
«Тостаған көз Майра бүгін екі рет келіп кетті» дегені болатын.
Төртінші күні түсте (таңертеңде келіп, Меңтайды көріп кеткен 
болатынмын) жүгіріп келіп, таныс терезенің түбінен «Меңтай!» 
деп дауыстадым. Терезе алдына ешкім келмеді. Тағы да 
«Меңтай!» деп айқайладым. Бұл жолы өз дауысымнан өзім 
шошып кеттім. Даусым палатаға да үрейлі естілді-ау деймін, 
терезе алдына орта жастағы қазақ əйелі жетіп келді. Келді де
мені көре салып кейін қашты. Тұлабойым шіміркеніп, не
болғанымды білмей кеттім. Тағы да «Меңтай-а-ай!» деп
айқайлап жібердім. Бұл жолғы үнім перзентхана маңын ғана 
емес, бүкіл Алматыны, барша Алатау аясын басыма көтере 
шыққан жан даусымдай еді. Іштен ақ халат киген қартаң сестра 
жүгіріп шығып, тез-тез бірдеңе деп, мені қолтықтап ішке қарай 
алып кетті.
Мен сіздерге бұдан кейінгісін айтпай-ақ қояйын. Оны тар есікті, мұз 
еденді мəйітхананың тас төсегінен қалай көргенімді, асыл жарды 
өлі туған перзентімен бірге қалай қиып қара жердің құшағына 
бергенімізді айтуға дəтім шыдамайды.
Меңтайды қойғаннан кейін үшінші күні үйге жас орыс əйелі бас
сұқты.
— Сіз Есенов боласыз ба? - деп сұрады менен.
— Иə, Есеновпін.
Алдымен əйел сіздің қайғыңызға ортақпын деп маған көңіл
айтты. Содан соң өзінің перзентхана сестраларының бірі
екенін білдіріп, қалтасынан қол басындай дəптер шығарды.
Тани кеттім. Бұл менің Меңтай перзентханаға түскен күннің 
ертеңінде апарып берген дəптерім болатын.


— Осы дəптерді жарыңыз сіздің өз қолыңызға тапсырыңыз деп
аманат етіп еді маған.
Əйелдің қолынан дəптерді алып, денем дірілдеп, бірінші бетін 
аштым. Меңтайдың маржандай жазуы көзіме оттай басылды. 
Бірінші бетке ол былай орысша жазыпты: «Улица Мичурина, 65. 
Есенову Ерболу, лично».
Ағыл-тегіл тағы жыладым. Көлденең жұртқа жақсы көрген 
жарынан айырылған еркектің еңірегенін естуден ауыр жай жоқ 
екенін сонда білдім. Жанжарынан айырылған еркектің сəбидей 
қорғансыз, сақау, саңыраудай бейшара боп қалатынын сонда 
ұқтым. Содан кейін ол дəптер менің бойтұмарым болды. Оның 
беттеріндегі жазулар, тыныс белгілері, үтір-нүктесіне дейін,
тасқа қашалған Орхон-Енисей жазуындай болып менің
жүрегімде мəңгі сақталып қалды. Мен сіздерге соны оқып берейін 
де, əңгімемді аяқтайын енді.
Ал тыңдаңыздар. Азғантай ғана өзі де.
«Ербол, жаным, Ербол!
Өткен түнде, сен мені перзентханаға əкеп салып, қайтып
кеткеннен кейін маған осында өліп қалатын шығармын деген 
ой келді. Мен өлсем де, бала өлмесе екен деп тіледім. Атын өзің 
қой. Сен не деп қойсаң, мен соған ризамын, менімен келістім деп 
есепте. Бұл - менің, болашаққа жолдаған сəлем хатым болады ғой
сонда, иə. «Мамаң аты кім?» десе, «Меңтай» дейді ғой ол тілі 
шыққан соң! Ол мені айтқаны ғой. Сонда сен күлесің де, күрсініп 
мені еске аласың ғой.
Жо-жоқ, бұл жай ой ғой, Ербол. Мүмкін мен өлмейтін
шығармын. Бірақ, «Өлетін адам ажалын сезінетін сияқты» деп 
сен өзің айтушы едің ғой. Мен де бірдеңені сеземін бе, қайдан 
білейін. Сезбегенім жақсы болар еді. Бəлкім, бұл сені шексіз 
сүйетіндігімнен шығар. Сенен ажырамасам екен деген тілегім 
өзінен-өзі үрейге ұласатын болар. Сүйген жүрек - дірілшіл, күйген 
көңіл - ырымшыл келетін шығар тегі.
* * *
Ерболым менің!
Мен тағы да қорқынышты ойлар ойладым. Адамдар бірін-бірі
сүйеді. Содан соң біреуі өліп, саудыраған сүйек болып, жер 


астында қалады. Ол ештеңені де білмейді, сезбейді. Ештеңеге 
қиналмайды, ойламайды. Бірақ бар салмақ, бар ауыртпалық тірі 
қалғанға түседі ғой. Жаман, арсыз жар есепті тіршілігін жасай 
жатар. Адал жарға ауыр тиеді-ау жалғыздық. Шіркін, шын 
сүйіспеншілікпен қосылған жандар өлмейтін болсыншы! Жоқ, 
мұным табиғат заңына қайшы болар. Онда, ондай адамдар ұзақ 
жасайтын болсашы ең болмаса!
Бірақ мен өлсем де өлмейтін шығармын деп ойлаймын тағы да. 
Өйткені мен ішімнен шығатын балада жəне сенің жүрегіңде өмір 
сүремін ғой. Сонда ол менің ол мендік емеспе? Солай емеспе, 
Ербол? Солай деші, жаным, көкетайым!..
Мен саған бұл жолдарды тек ішім ауырмасын деп қана жазып 
отырмын, Ербол. Сені ойлап, сен туралы жаза бастасам-ақ, 
ішімнің ауырғаны қоя қояды. Тегі ішімдегі тентек əкесін сыйлайтын 
болуы керек. Көрдің бе міне, əкенің беделі қандай болатынын!
* * *
Айналайын, көкетайым!
Сен менің осы сөздеріңді жақсы көресің ғой. Сен естісін деп мен 
мұнда осы екі сөзді əлденеше рет айттым. Естідің бе?
Ойпырай, ішім əкетіп барады… Уһ, бұрап бұрап, əрең басылды-
ау, əйтеуір. Дəрігерлер мерзімінен бұрын келген толғақ дейді. Ол 
неге мерзімінен бұрын келеді екен?..
Не айтайын деп едім саған ? Иə, жаңа есіме түсті. Ұнжырғаңды 
түсірмей, уақытында шашыңды алдырып, əрқашан да
умаждалмаған таза киім киініп жүр, қуатым. Жұрт сенің ішіңе
үңілмейді, сыртыңа қарайды. Жаның жадау, жағаң жамау болса, 
соған сүйсінетіндер де шығады, Ешкімге таба болмай, тік жүр, 
жаным, жарайма? Арақ ішпе, керегі жоқ. Өзің де құмар емессің 
ғой. Өзіміз ішпей үлгі көрсетсек, кейін балаларымыз да ішпес еді 
деп ойлаймын, ішпесе деп тілеймін! Менің еркіме салса, бұны
болашақ ұрпақ атымен арақ ішпесе екен деймін. Капитализмнің 
қалдығы дегеннің ең зұлымы - осы арақ. Біздің қоғамымыздың ішкі 
жауы да осы. Ендеше арақты құрту керек, өмірден аластау керек 
оны! Арақ бар жерде, меніңше, ешбір мораль заңы, ол қандай 
асыл сөздерден тізіліп, алтын əріппен жазылса да жүзеге аспайды, 
Ербол. Дүниеде су, сүт, шай, қымыз, лимонадқа жететін не бар, 
шіркін! Адамды желіктірмейтін момын сұйық - осылардың өзі 


жақсы.
«Момын сұйық» дегенім кісі сияқты боп кетті, иə, Ербол. Бұл
бейнелеп сөйлеуді сенен үйренгенім болу керек.
Сен менен не үйрендің? Ештеңе үйренген жоқ шығарсың деп 
ойлаймын. Ал мен сенен көп нəрсе үйрендім ғой, күнім. Кісіні
алдамауды, адамды арына қарап құрметтеуді, өз ойыңды
күмілжімей, ашық айтуды, қайырымдылықты, басқаларға 
болысқыштықты, біреудің ішіндегі жан ауруын білдірмей біліп
ала қоюды - осының бəрін сенен үйрендім, Ербол. Нағыз өмірдің 
өзін сен үйреттің маған! Сенсің менің мəңгілік ұстазым!
Біздің палатада бір артистің əйелі жатыр. Сен білесің, Ербол,
ол артисті, «Отеллода» Яго боп ойнайды. Əйелі алтыншы 
балаға босаныпты. Босанғанына бір айдан асса да, тапжылмастан 
осында жатқан көрінеді. -Апай, мұнда неге жатырсыз үйге 
қайтпай? - деп сұрадым кеше одан. - Ой, шырағым-ай, төсегі 
жақсы, тыныш жерде жата беру керек қой, - деді ол. - Осында 
демалып алған жақсы. Бұлар бір апта өткен соң-ақ шығарамыз 
деп қодыраңдай береді. Ал, əдісін тапсаң, шығара алмайды.
Алғашында «тымау тиді, басым ауырады» дедім. Соңғы бес күн 
бойына «температурамен» жатырмын.
— Ыстығыңыз жоғары ма ? - деппін оған аңқау басым. Əйел күлді.
— Əңгіме сол ыстығымның жоқтығында ғой, - деді ол. -
Ыстығымды өлшеуге термометр бергенде сестраның көзін ала 
беріп, жіңішке жағын одеялға ысып-ысып жіберемін. Кейде - 37, 
кейде - 38 боп шыға келеді. Олар сенеді. Кейін сен де сөйт.
Мен жағамды ұстадым.
— Апай, алдағаныңыз дұрыс емес қой, - деп басымды шайқадым.
Жо-жоқ. Мен ешқашан да өйте алмаймын, Ербол.
Перзентханага келгелі тұтқынға түскендеймін мен. Осында 
өзіңсіз өткен үш күн (бүгін үшінші күн) үш жылдай боп көрінді 
маған. Мен босанғаннан кейін бір күн де қалмаймын мұнда.
Мені босана салысымен дəрігерден сұрап алып кет, Ербол.
Жарайма, жаным, жарайма?
Жұрт күйеулеріне еркелетіп ат қойып жатады ғой осы: 
Құрманғалиды - Құрмаш, Уатайды - Уаш деп. Мен сені əлі бір рет 
еркелетіп атамаппын ғой жаным. Бүгіннен бастап Ертай деп 


еркелетейінші сені. Ертайым менің!
Сенің халық қамын, мемлекет мүддесін ойлайтын үлкен
журналист болғаныңды көрсем деп арман етуші едім іштей. 
Бағана өзің əкеп берген газетте басылған «Жұмысшы мүддесі» 
деген мақалаңды оқып, төбем көкке жеткендей боп қалды бүгін. 
Редакторың мақтаса, мақтағандай екен! Бірақ сен оған мақтанып 
кетпе, күнім. (Мақтанбайтыныңды білем ғой, əшейін айтамын, 
оған өкпелеп қалма. Жарайма ?)
Айтпақшы, бүгін майдың 5-і екен гой. Сен əкеп берген
газеттен көріп, есіме түсті. Сені баспасөз күнімен
құттықтаймын. Жеңіс күнімен құттықтаймын. Жалғыз мен ғана
емес, «Папама менен де сəлем айт!» деп бүйірімді тепкілеп 
жатыр мына тентегім. Оның да сəлемін қабыл ал!
Айтпақшы, Ертай, сен барып деканатқа айт -мені перзентханада 
жатыр деп мемлекеттік емтиханға кіргізбей қойып жүрмесін.
Менің «Əдебиеттегі еңбекші əйелдер бейнесі» деген тақырыпта
жазған диплом жұмысшысының да дайын екенін айт. Өзің білесің, 
осыған дейін бір күн сабақтан қалған жоқпын ғой мен. Мемлекеттік 
емтихан тапсыруға қалайда күйім келеді. Қалайда менің биыл 
құрбыларыммен бірге диплом алуым керек. Мектепке жолдама
алып, класқа кіріп, «Сəлеметпісіңдер, балалар. Мен сендердің
мұғаліміңмін» деп, жас ұландардың алдында жымия күліп тұрсам, 
арманым болмас еді, дүние-ай!..
Ойпырау, мынау Сəлемхат тағы да тынышсыздана бастады
ғой… Мен осыны Сəлемхат, Сəлемхат дей беремін. Түбінде 
Сəлемхат атанып кетіп жүрмесін осы тентегіміз. Мен бұл тентегіңді 
қандай болса екен деп ойлайтынымды білесің бе сен ? Ұл болса - 
саған, қыз болса - маған тартса екен деймін. Бірақ ұл болса да,
қыз болса да ақылы, адамгершілігі сендей болса екен. Ал саған 
тағы да Сəлемхаттан сəлем, папасы.
* * *
Адал дос адамға медеу де, демеу де, мақтаныш та, мереке де ғой, 
шіркін! Біздің Майра сондай ғой. Жаны қалмай жүр байғұстың біз 
үшін. Бағана келіп: «Баланы уайымдама, босанған соң апама 
бақтырамыз. Апам өзіме əкеп беріңдер деп айтты» деп кетті.
Апамды əуре қылмаспыз. Солардың сырттай жасап жатқан
қамқорлығына жаным ериді. Оның артынан өзіңнің «кешкі 


көлеңкең» - Жомартбек келді. (Сен екеуің біріңді- бірің жеңе 
алмай-ақ келесіңдер қажасып. Сен оны кешкі көлеңкем деп 
атасаң, ол сені өзімнің түскі көлеңкем деп шыға келеді. Əйтеуір 
қисындырып, бір нəрсені таба қояды.) Бір газетті бала етіп 
əлпештеп, «іңга-іңга» деп мені мазақтап кетті терезе сыртынан.
Мейлі, мазақтаса, мазақтай берсін. Ертең өзі келіншек алып,
баласы болғанда көреміз оның əуселесін.
* * *
Бұл күнделікті мен жай, əшейін, ермек үшін жазып жүрмін, 
папатай, Сəлихатың балс етіп, бақырып жерге түскеннен кейін
өзіңе беріп жіберемін мұны. Кейін дос-жарандарға оқып,
тұңғышымыздың дүниеге қалай келгенін айтып, осы күндерді 
еске алып, күліп отыратын болармыз əлі. Соған жазсын, соған 
жеткізсін! Иə, папатай…»
Эпилог
Көңілі босап, көзіне жас келгендей болып, Ербол біраз уақыт
үнсіз отырды. Бойын жиып, буынын бекіткеннен кейін ол сөзін 
қайта жалғап, əңгімесін аяқтауға кірісті.
- Мінеки, Меңтайдың соңғы күнделігі осы. Жан тəсілімін жасап
жатқан адамның акырғы тынысы, соңғы қырыл, соңғы дірілі 
сияқты, асыл жардың ақырғы сөзі еді бұл. Бірақ осы азғантай 
сөзде мен үшін қаншама сыр, қаншама жыр жатыр десеңізші! 
Қаншама өкініш, қаншама мұң бар мұнда. Оқып отырып, сан рет 
өкіріп, өксіп жылағанмын мен. Одан айырылып қаларымды өзім 
де сездім бе, қайдам, Меңтайды аялап, аймалап, құшып сүюге, 
баладай əлпештеп, еркелетуге бір тоймаушы едім. Ақыры оның 
бір кішкентай қара тырнағына да зар боп, аңырадым да қалдым. 
Төрт жыл соғыста төрт талына қылау кірмеген көмірдей қара
шашым Меңтайдан айырылған тұста аппақ қудай боп шыға 
келді. Талай рет ұйықтап жатып Меңтай үнін естідім. «Жаным 
Ербол, Ербол!» деп ол сан рет құлағыма сыбырлады. Еден сықыр 
ете түссе, Меңтайдың жүрісін танып, сан рет басымды көтеріп 
алдым. Оның көйлегінің сыбдырын естігендей боп сан рет 


елеңдедім. Бірақ ол келмеді, көрінбеді. Мəңгілікке жоқ болды, 
ғайып болды. Таң алдында көрген тəтті түстей ғана елес қалды.
Кейде бір оңашада өткенді ойлап, мұңға батасың. Сонда 
«Құдай-ау, қайда сол жылдар?» деген Абай жолдары еріксіз
еске түседі. Ойлап-ойлап келіп, жастық шағыңның орынсыз
өтпегенін іштей медеу, мақтаныш етесің. Өйткені адамзат 
толқын-толқын болып дүниеге келеді, түйдек-түйдегімен өмірден 
өтеді. Əр толқын, əр түйдек алғы шепке шеру тартқан əскер легіне 
ұқсайды. Октябрь революциясы мен Азамат соғысына қатысқан
құрыш адамдардың темір тасқынды легіне ілесіп, біз 18 бен 22
жастың арасында азаттықтың ауыр жүгін арқалап, төрт жыл
толассыз қан кештік. Пештен жаңа ғана қотарылған қызыл
шойындай жүйткіп, батыстан Москваға қарай лықсыған от пен өрт 
селінің, қорғасын мен темір топанының алдын тостық. Біздің жас
тəнімізді неміс фашистерінің оғы шұрқ-шұрқ тескіледі, жау
танктері үстімізден таптап, жас сүйегімізді сықыр-сықыр
сындырды; жас жүректерімізге немістің селінің қос құлаштай
қанжарлары кірш-кірш қадалды. Концлагерьден қашқанымызда 
немістің қасқыр иттері қоң етімізді жұлмалап, терімізді
жалбыратып, қанжоса етіп талады. Бізді зұлым жау
камераларға қамап, улы газ жіберіп, тұншықтырды. Бізді олар 
тірідей өртеді, көзімізді бақырайтып қойып, тікемізден тік
тұрғызып, көрге көмді. Бірақ біз:
- Қасиет күші Ұлы Отанның, Қанатын бер қыран құстың, Ашуын бер 
арыстанның, Жүрегін бер жолбарыстың! Күллі əлемнің ашу-кегі. 
Орна менің кеудеме кеп! Жау жолына атам сені, Бомба бол да 
жарыл, жүрек!- деп, жанған самолеттен жау колоннасына жай 
оғындай шаншылдық; айналаға өлім шашқан ажал ДЗОТ-ына өз
денемізді өзіміз қол гранатадай лақтырып, дұшпан пулеметін
қанымызбен қақалттық. Жауға жанымызды берсек те, 
арымызды бермедік. Біз жығылып жатып - тұрып жаттық, өліп 
жатып - жеңіп жаттық.
Халық намысын қорғасынға қоса құйып, құрышпен кіріктірдік
те, бомбаға қанат, снарядқа заряд еттік. Ел тəуелсіздігін 
төбемізге ту етіп көтердік. Сөйтіп біз дүниені жайпап келе жатқан 
темір топанды тоқтаттық. Біз Отан жауын осылай жеңдік.
Ақын айтқан біздің «сол жылдарымыз» - махаббат, қызықтан гөрі 
мұңы мол боп өткен жастық күндеріміз, жарты сағат бұрын дəл 


төбеңнен күркірей жауған қалың жаңбырдың бұлты басқа жаққа 
қарай аунап, оның əр жерінен бой көрсеткен алыс нажағайдың 
қылыш бойындай ғана қысқа жарқылы іспеттеніп, күннен-күнге,
айдан-айға аулақтап, шегініп, ұзап барады. Сол жарқылдың
ішінде мен де, менің Меңтайым да бар деп күбірлеймін мен 
осылай, өз-өзімнен тебірене, тербеле отырып, ойымды өзіммен 
қоса тербеп…
Біз майданда қандай адал болсақ, махаббатта да сондай пəк
болдық. Əр жүректе асыл адамгершілік, айнымас махаббат 
болуын тіледік. Өйткені өмірден қол ұстасып өтер жан серік, 
жалғыз жарын шын сүйе білмеген адам жолдасын да жақсы көре 
алмайды, коллективін де құрметтей білмейді. Жан жарына адал
болмаған адам қылған қызмет, істеген іс, атқарған жұмыс,
арқалаған қоғамдық міндетіне де адал бола алмайды. Себебі 
саналы өмірдің бар қызығы махаббатқа тіреледі. Сондықтан да 
махаббатқа соқпай кететін сезім аз. Анаға сүйіспеншілік, жарға
құштарлық, Отанға перзенттік, туған топыраққа борыштылық
сезімдерінің бəрі махаббатқа байланысты. Адам бойындағы ең
асыл қасиет адамгершілік сезімі де махаббатпен сабақтас.
Өйткені махаббат қадірін білмейтін адамда адамгершілік сезімі
болмайды, ал адамгершілігі жоқ кісінің жүрегін махаббат
мекендемейді. Жоғарыда Тургенев пен Пришвиннің махаббат
жайындағы тамаша
Қ. Аманжоловтан сөздері келтірілді. Менің оған қосарым 
«махаббат» деген асыл жібекке түйілген отаншылдық,
еңбекшілдік, достық, туыстық, бауырмалдық сезімдері əрбір
жас жүректің жалынды туы болса екен деп тілеймін. Біз -
Октябрь революциясынан кейін дүниеге келген жаңа ұрпақ
Отанға да, махаббатқа да ақ жүрегімізбен адал қызмет еттік.
Міне, біз мұны өзіміздің мəңгілік мақтанышымыз деп білеміз. 
Осы мақтаныштың əкелер жүрегінен балалар жүрегіне көшуін 
көрсету де бүгінгі күннің тақырыбы. Оны қалай көрсету, əрине, 
жазушының міндеті.
Иə, иə, ұқтым. Не сұрайын деп отырғаныңызды түсіндім. 
Меңтайдан басқалар қайда қазір демексіз ғой? Оны да айтайын 


сізге. Университет бітіргеннен кейін, ұядан ұшқан балапандай
болып, əркім əр жаққа кетті. Біреу қияға қонып, біреу қиырды 
мекендеп жүріп жатыр қазір. Балапан басқан тауықтың ұясына 
байқаусызда түсіп кеткен үйрек жұмыртқасынан шыққан сушыл
балапандай болып, филфакты бітіре сала мұғалім болмай,
журналистиканың айдын көліне тартып мен кеттім. Ол отыздың 
біразы ғылыми қызметкер болды. Көпшілігі мұғалім. Қыздар
əлдеқашан күйеуге шыққан, жігіттер əйел алған. Бір кездегі
бүлдіршіндей қыздар мен қыршын жігіттер бүгінде сары қарын 
əйел, сақалды шалға айналды. Алдының балалары институтқа 
ілініп, баяғы біз басымыздан кешкен жастықтың жəрмеңкесіне
енді олар кірді; біздің жастықтың жығылған жалауының орнына 
олар өз туларын көтерді…
Солардың ішінен Меңтай екеуміздің мəңгілік, адал досымыз
Жомартбек Жолдин ғылым докторы атағын алды. Зайкүл есебін 
тауып, бір бастықтың етегінен ұстаған. Соның беделімен, тамыр-
таныстық деген кəрі кеселдің көмегімен ол да кандидат деген атқа 
ие боп алған. Қазір ол бір институтта «басын жарып, көзін
шығарып», əдебиеттен сабақ береді. Зəкең бұрынғының бəрін 
ұмытқан. Əншейінде шекірейіп жүретін əйел кандидат болса, 
мүлде кекірейіп кетеді емес пе. Ол да солай: кездесе қалсаң, 
танығысы келгенін таниды, танығысы келмегенге танауын көтеріп 
жүре береді. Жеңілтек адамды жағдай өзгертпей қоя ма? Мінеки, 
өмір дегеніңіз кейде ойсыз, ұшқалақ адамды ұшпаққа осылай
шығарады екен. Қанипада - кандидат. Майра Абаева Ленин 
орденімен наградталған. Жақында оған еңбегі сіңген мұғалім атағы 
берілді.
Тұмажанның да қайда екенін білгіңіз келетін болар? Жер
үстінде ол да жүр. Бірақ біздің қоғамымызда ондайлардың
орны түрме емес пе? Түрмеге түскен. Жинақ кассасына
меңгеруші боп тұрғанда бірнеше облигацияға подлог жасап,
мемлекеттің көп ақшасын жегені жəне өз сөзімен айтқанда,
басқа да «үзіп, жұлып, жұлмалағаны» үшін көп жылға
сотталған. Оның екі сөзінің бірі «Ошақбаев опық жемейді»
болып келуші еді. Жоқ. Ошақбаевтар да омақа асады екен.
Олардың əділетсіздігінің, арсыздығының, нысапсыздығының 
зауалы - заң екен.
Ал енді, қалған кім дейсіз ғой? Қос ғашық Тана мен Заман 
болар. Ертедегі еш ғашықтың қолы жетпеген мұратқа осы екеуі


жетті. Екеуі қосылып, көп бейнеттерді бастарынан кешіріп, сол
жақта жүріп, институт бітіріп, елу төртінші жылы елге келді.
Қазір екеуі де мұғалім. Тана Серкебаева екі рет Жоғарғы
Советке депутат болып сайланды. Білімбай, Ербол, Махаббат, 
Меңтай есімді төрт баласы бар. Бір ұл, бір қызына Меңтай
екеуміздің атымызды қойыпты. Мен олармен анда-санда
кездесіп тұрамын. Кездескен сайын алдымен кішкентай 
қыздарын құшағыма алып: «Меңтайым менің!» деп шөпілдете 
сүйемін. Содан соң Тана мен Заманға карап:
- Ал осы заманның Қозы Көрпеші мен Баян сұлуы, амансыңдар
ма? - деп құшағымды жаямын.
Көздері жасаурап, еріндері дірілдеп, ол екеуі қатарласа маған
қарай ұмтылады.
Асыл жар, адал досқа не жетсін, шіркін!
1963-1970 Алматы.
«МАХАББАТ, ҚЫЗЫҚ МОЛ ЖЫЛДАР» КІТАБЫ ҚАЛАЙ ЖАЗЫЛДЫ?
( Оқырмандарға жауап)
Менің «Махаббат, қызық мол жылдар» атты кітабым 1970 жылы 
жарық көрді. Содан бері биыл үшінші жылға аяқ басты. Бірақ 
бұған дейін де менің оннан аса кітабым жарияланды. Жұрт кезінде 
мені жақсы очеркист деп таныды. Солай бола тұрса да мен ол 
кітаптарымның бірде-біріне хат алған емеспін. Ал «Махаббат, 
қызық мол жылдардың» жалғыз өзіне ғана мыңға жуық хат алдым. 
Бұрын кейбір кітаптарыма бірді-екілі реиензия шығып, кей
кітаптарым атаусыз қала беретін. Ал мына романға
республикалық, облыстық, аудандық газеттер беттерінде отызға
жуық пікір жарияланды. Сол сияқты, бұған дейін мен кітап
оқушылар конференциясы, жазушының өз оқырмандарымен
кездесуі дегенді естігенім, көргеніммен, менің бірде-бір кітабым 
бойынша конференция өтпеген, өзім жазушы ретінде оқырман 
қауыммен кездеспеген едім. Ал осы роман жайында Қызылорда, 
Шымкент, Қарағанды, Семей пединституттарында, Қызылорда 
мен Жамбыл педучилищелерінде, астанамыз Алматыда С.М.
Киров атындағы мемлекеттік университет пен қазақтың Абай
атындағы педагогтық институтында, республиканың көптеген
қазақ орта мектептерінде оқушылар конференциялары өтті.
Мен автор ретінде Қызылордадағы Мəншүк Мəметова


атындағы қыздар педучилищесінің бес жүз шəкіртімен, 
Алматыдағы қазақтың Абай атындағы пединститутының тіл-
əдебиет факультетінің студенттерімен жүздестім.
«Махаббат, қызық мол жылдар» романына байланысты маған
хат жолдағандардың көпшілігі студенттер, орта мектептердің 
жоғары класс оқушылары, ауыл-селодағы жұмысшы жастар, 
Совет Армиясы мен Əскери- Теңіз Флотының жауынгерлері.
Солардың ішінде пенсионерлердің де, үй шаруасындағы
əйелдердің де, ауыл интеллигенциясының да лебіздері бар.
Өз республикамыздың барлық облыстарынан тегіс хат
алғандығымның үстіне, туысқан Өзбек
республикасыныңТашкент, Самарқанд, Бұхара, Ферғана сияқты
қалаларынан да хаттар келгенін, соның ішінде əсіресе, Қарақалпақ 
АССР-інен көптеген хаттар алғанымды ерекше атап айтуым 
қажет. Осы хаттардың бəрінде де оқырмандар алдымен өздерінің 
бұл кітапты қызыға оқығандарын білдіріп, мұндай шығарманы
ұсынғаны үшін «Жазушы» баспасына, авторға рақмет айтады.
Сөзіміз жалаң болмас үшін бірнеше хаттан қысқаша үзінділер 
келтірейік.
Орал облысының Фурманов ауданынан механизатор Е.
Əбдаров өз ойын қысқаша ғана былай деп түйіндепті: 
«Махаббат, қызық мол жылдар» романын нағыз махаббаттың
сырын, мəнін ұқтыратын құнды шығарма деп білемін. Тағы да 
айтар едім, бірақ та əттең, əттең тілім жетпейді.» Ал Талдықорған 
облысының Панфилов ауданынан «Жазушы» баспасының
атына келген хатта мынадай сөздер жазылған: «Əзілхан
Нұршайықовтың жакын-да шыққан «Махаббат, қызық мол
жылдар» романын оқыдық. Бұл кітап бізге өте ұнады, 
əрқайсымызға да ой салды. Сол кітаптағы кейіпкерлер осы күні 
бар ма екен? Солардың шын аты- жөні кім? «Ербол кім? 
Жомартбек пен Майраның өмірі қандай болады? Бұл сұрауларды 
қойған себебіміз бұл кітапта Мұхтар Əуезовтің аты мен
фамилиясы өзгерген. Мүмкін Ербол да сол сияқты осы күнгі
ақын, жазушыларымыздың бірі шығар. Əлде бұл романның
екінші кітабы бар ма? Біздің осы сұрауымызды ескерусіз 
қалдырмай, жауап беруді өтінеміз.
Механизатор қыздар: Ахметова Тұрсынбүбі, Қамырбаева Пəтігүл».
Сол сияқты Шымкент облысы Қапланбек шаруашылық оқу 


орнының агрономы Махамбет Алтаев өз пікірін былай
хабарлайды: Əзілхан Нұршайықов «Махаббат, қызық мол
жылдар» романында осы заман тақырыбының күрделі мəселесі 
- жеке адамға деген махаббатты көпке деген сүйіспеншілікпен 
ұштастыра біліп, дəл бүгінгі күннің көкейтесті жəйттерінің пернесін 
тап басқан. Адамгершілік, ізгілік шарттарын бұзбауға, адал
махаббатты ардақтап, соның ыстық-суығына күйе білуге,
еңбекшілдікке үйретеді… Бұл кітаптың жүректерінде махаббат
оты бар бүкіл жастар қауымының керекті құралына айналып,
жақсы іске тұлға боларына сенімім зор. Осындай жан азығы мол, 
жақсы кітаптар шыға берсе екен».
Челябі облысының əскери бөлімінде қызмет етуші жауынгер
Кəкібай Əйімбетов «Жазушы» баспасына кітапты оқығаннан 
кейін былай деп сəлем жолдайды: «Соғыс кезінде Ербол ағаларға 
серік болған «Ақын» романы сияқты, «Махаббат, қызық мол
жылдар» кітабы біздің серігіміз болды. Жорықтардан шаршап
келгенде оны қолыма алып, оқи бастасам, біржола
шаршағанымды ұмытып кетемін. Қасымдағы орыс жігіттеріне
де бірнеше рет əңгімелеп айтып бердім. Оларғада өте қатты
ұнады. Біздің взводтың жігіттері сіздерге жəне осындай қызық, 
тартымды роман жазып шығарған Əзілхан Нүршайықов ағайға көп-
көп рахмет айтады». Житомир облысында əскери борышын өтеп 
жатқан жауынгер Қуантай Бұзаубаев бұл романның өзінің əскери 
борышын ойдағыдай атқаруға көмектескенін жазады.
Сөйтіп оқырмандар өз хаттарында осылай, алдымен кітап
жайындағы пікірлерін білдіре келіп, өздерінің «əттеген-
айларын» айтады: анау неге олай болмады, мынау неге
бүйтпеді деген сияқты өз өкініштерін ортаға салады. Осындай
бірнеше сұрақтарына жауап беруді өтінеді. Ондай сұрақтарға
оқырмандармен бетпе-бет жүздескенде толық жауап беруге 
мүмкіншілік мол. Ал конференцияда кездеспей, республиканың,
тіпті, Отанымыздың алыс түкпірлерінде жатқан оқырмандарға 
жеке-жеке жауап беру қажет. Алғашқы 4-5 хат келгенде мен
оларға қолма-қол жауап та бердім. Өйткені мен ол кезде
мұндай көп хаттың астында қалармын деп ойламап едім. Бірте-
бірте хат көбейе бастаған соң олардың əрқайсысына бөлек-белек 
жауап жазып үлгіре алмайтынымды аңғардым. Жүзінші хат 
келгенде «Жүз хатка жауап» деген тақырыппен газетке мақала
жазуға, сөйтіп оқырмандарға баспасөз арқылы жауап беруге


ұйғардым. Бірақ осы кезде науқастанып, ұзақ уақыт ауруханада
жатып қалдым. Шынымды айтсам, сол науқастанып жатқан
кезімде оқырмандардан үзбей келіп тұрған хаттар маған
дəрігерлердің емі мен дəрісінен кем болған жоқ. Əр хат маған 
əл берді, жаныма жігер құйды.
Міне, ауруханадан шығып, қолыма қуат кіргеннен кейін,
романым жөнінде жылы лебіздер білдіріп, хаттарымен қиын 
күнде демеу болған қадірлі оқырмандарыма рақмет айту үшін 
қолыма қалам алып, осы жауапты жазуға кірістім. Жоғарыда 
аталған мыңға жуық хатты түгел оқып шыққаннан кейін солардың 
ішіндегі барлық оқырман үшін ортақ мəні бар деген он шақты 
сұраққа жауап беруді жөн көрдім. Олар мыналар:
Сұрақ: Сіз ақынсыз ба? Əлде жас кезіңізде өлең жаздыңыз ба?
Жауап: Мен бала күнімде өлеңге құмар болдым. Мектепке 
барғанша елден ескі дастандарды көп тыңдадым. Хат танығаннан 
кейін «Батырлар жырының» бірін қалдырмай жаттап алдым. 
Соларға қарап өзімнің де өлең шығарғым келді. Сөйтіп жүргенде 
соғыс басталды. Алматыға əскерге келдім. Бір күні кешке (1941 
жылы декабрьде) бəрімізді тездетіп сапқа тұрғызды. Командир 
алға келіп:
— Майдандағы 8-гвардиялық дивизияны толықтыруға кім барады -
екі адым алға шығыңдар, - деді.
Денесі төртбақтау келген, жұмыскер пішіндес жас жігіт шығып, 
бізге қасқая қарсы қарап тұрды. Қапелімде одан басқа ешкім 
шықпады. Мен шықтым, шыға сала жігіттерге қарсы қарап тұрып, 
өлеңдетіп қоя бердім:
- Біз жеңеміз, өйткені ісіміз ақ.
Барлық адам баласы бізбенен жақ.
Дүниеге зұлымдық үстем болып,
Тұрмақ емес, əділдік жеңуі хақ!
Əділ ісіміз үшін шығыңдар, азаматтар, алға! -
дедім.
— Жарайсың! - деп тертбақ жігіт қолымды қысты. - Өлеңді өзің
шығардың ба?
— Өзім шығардым.


Сол-ақ екен біздің оң жақ, сол жағымызды жігіттер кернеп
кетті. Сапқа бірге тізілген екі артдивизионнан керегі 80 адам 
екен, 100 адам шығыппыз. Жиырма адам артық деп командир 
бірсыпыра адамды кейінге қалдырды. Мені де сол жиырманың 
ішіне қосты.
— Сен ақын екенсің. Ақын бригадаға да керек. Соғысқа бұлардан
сəл кейінірек бірге барамыз, - деді.
— Кұп!
Майданға барамын деп саптың алдына алдымен шығып,
жігіттерге қасқая қарап тұрған жігіт Төлеген Тоқтаров еді.
Кейіннен Тоқтаровқа Совет Одағының Батыры атағы берілгені
туралы хабарды естігенде: «Апырай, сонда Төлегенмен бірге 
кетіп қалсам, мен де батыр болатын ба едім?!» - деген ой келді. 
Ол менің албырттығым еді. Əйтпесе екінің бірі ер бола бермейді 
ғой.
Сонымен мен майданға бару үшін жаңадан жасақталып жатқан 
бригаданың құрамында қалдым. Өзім бала күнімнен елгезек,
ширақ едім. Екі күнде ефрейтор атандым. Көп ұзамай кіші
сержант боп шыға келдім. Бəрінен де жақсысы бұрын 
«Лениншіл жасқа» бір конвертке салып он өлең жіберсем, соның 
бірде-біреуі басылмайтын еді. Енді бригада газетінде бұрқырап 
менің өлеңдерім шығатын болды. Бұрын бір ауыз өлең
шығарғанға өзімді ақынмын деп санап жүрген басым бригада
газетінің бетінде «Кіші сержант Ə. Нұршайықов» деген атпен
өлеңдерім жиі жариялана бастаған соң өзімді едəуір үлкен
ақынмын-ау деп ойладым. Соғысқа барғаннан кейін ұзақ
өлеңмен бригада атынан «Ата-мыз Жамбыл ақынға» деген хат
жаздым. Менің осы өлеңім мен оған берген Жамбылдың «Жүз 
жасаған жүректен» деген жауабы екеуі қатар «Социалистік 
Қазақстанда» шықты.
Соғыс бітті. Бірден Алматыға келіп, университетке түстім. 
«Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жасқа» өлеңдерімді
апардым. Ешқайсысы баспады. «Мынауың бықып тұрған
фольклор көрінеді. Фольклордың заманы өткен, шырағым. Бұл
түріңменен ешқашан да ақын шықпайды» десті. Бұрынғымның
бəрі бос əурешілік екеніне сонда ғана көзім жетті. Сөйтіп, албырт, 
жас кездегі ақылсыздығымнан ақын бола жаздап, аз-ақ қалдым. 
Осыдан кейін өлеңмен үзілді-кесілді қош айтысып, журналистік


жолға біржола бет түзедім. Прозаның ауылы жаққа да алыстан 
көз салып жүрдім. Ал поэзия, алғашында уəдесін беріп,
үміттендіріп, артынан өзге біреуге күйеуге шығып кеткен қыздай 
болып, көңілімнен де, көкейімнен де біржола алыстап кетті.
Сұрақ: Осы роман қалай туды? Қанша уақытта жазылды?
Жауап: Мен ұзақ уақыт журналист болдым. Тек қана журналистика 
жанрларымен: бас мақала, сын мақала, очерк, рецензия
жазумен шұғылдандым. Ал əңгімеңі ауызша ғана айтатынмын.
Ауызша айтатын əңгімелерімнің тақырыбы лирикалық, 
сатиралық, əзіл-қалжың түрінде боп келе беретін. Ұзақ жол жүріп 
келе жатып машина ішінде, дастарқан басында, демалыс
үйінде тынығушылар арасында айтатын ондай əңгімелерім 
бірнешеу еді. Олар «Ботакөз», «Жемпір», «Əтір», «Алтын сағат», 
«Үлкен жазушының жанында», «Аупартком секретары туралы
баллада», «Қызыл көрпе» т.б. болатын. Осылардың
бірсыпырасын кейін жолдастардың кеңесімен қағазға түсіріп,
газет-журналдарда жа-рияладым. Кейбіреулері кітапқа да кіріп
кетті. Тек сонау 1945-49 жылдардағы студенттік өмірдің бір
сəтіне ғана құрылып, кейін əлденеше рет өңделіп, жөнделіп, 
толықтырылған «Қызыл көрпе» əңгімесі ұзақ уақыт қағазға 
түсірілмей, ауызша айтылумен келді. Оның қысқаша мазмұны 
мынадай еді: соғыстан келген солдат - студент өзімен бірге оқитын 
қызды сүйеді. Қыз да жігітті жақсы көреді. Жігіт сөз айтқанда қыз 
басқаға беріп қойған уəдем бар еді, оны қайтемін деп қиналады.
Жігіт қыздың уəдесін бұздырмайды. Содан кейін ол сырттан
оқуға ауысып кетеді. Бұл əңгімені мен ауызша ең соңғы рет 1968 
жылы 7 ноябрьде белгілі тіл маманы Əйтім Əбдірахмановтың үйіне
жиналған көп адамның алдында айттым. Сонда ақын Ғафу 
Қайырбеков орнынан тұрып, құттықтап қолымды алды да:
— Осы айтқаныңыз қағазға түскен бе? - деп сұрады.
— Жоқ.
— Қағазға түсіресіз бе?
— Түсіремін.
— Ендеше, тез қағазға түсіріңіз, əйтпесе мұны мен поэма етіп
жазып қоямын…
Студент күндегі блокноттардың беттерін ақтардым. Ақтара
отырып, бұл жайды өзім жазбасыма болмайтынын жəне


түсіндім. Күндіз-түні соны қағазға қалай түсіруді ойладым.
Қандай қосалқы оқиғалар жанастыру жағын іздестірдім. Ақыры 
сол жылдың декабрінде демалыс алып, осы əңгімені қағазға 
түсіруге отырдым.
Мен - журналист-жазушымын. Өмір бойы кеңседе қызмет істеп
келемін. Профессионал жазушылардың журналист-
жазушылардан артықшылығы олар кеңседе қызмет істемейді,
үйлерінде жатады, тек қана творчествомен шұғылданады.
Ондай мүмкіншілігім болмағандықтан, мен кесек деген көркем
шығармаларымды тек қана жыл сайынғы кезекті демалысымды 
алғанда жазатынмын. Осылай етіп мен бір жылғы демалысымда 
«Ма-хаббат жыры» деген алғашқы повесімді аяқтадым. Одан 
кейінгі екі демалысым «Ботакөз», «Əсем» дейтін шағын 
повестерге жұмсалды, т. т. Ал алпыс сегізінші жылдың кезекті 
демалысын «Жастық жыры» деген жаңа атпен ауызша «Қызыл 
көрпе» аталып келген осы əңгімеге жұмсамақ болдым.
Алғашқы жоспарым бұрын жарияланған «Махаббат жыры», 
«Ботакөз», «Əсем», «Ескі дəптерге» енді «Жастық жырын» 
қосып, замандастар жайлы шағын, бес повестен құралған роман 
жасау болды. Осы арада бұл шығарманың қай жақтан 
баяндалатыны да белгілі боп қалды. Өйткені оған дейінгі шағын 
повестердің бəрі де бірінші жақтан баяндалатын. Солардың
бір бөлігі болғандықтан, мұны да солай етудің қажеттігі
айқындалды.
Бұған дейін де мен бұл əңгімені қағазға түсіремін деп бір-екі
рет талаптанған болатынмын. Бір рет бастағанымда журналист 
Ербол Алматыдан келген жазушымен екеуі тың жерлерді аралап 
жүріп, ауатком председателінің кабинетінде қонады. Сонда
Ербол астана жазушысына өз өмірін баяндап беретін.
Екіншісінде ол кабинетте емес, далада, машина ішінде
баяндайтын. Ал үшінші жолы оны кабинетте де емес, машина
ішінде де емес, өзен жағасындағы шонан үйінде жатып
баяндайтын еттім. Бірақ кітап біткеннен кейін оның басталуын
тағы да өзгертуге тура келді. Бір кездескенімізде жазушы
Мырзабек Дүйсенов екеуміз романның жалпы атын не деп қоюды 
ақылдастық. Ол «Махаббат, қызық мол жылдар» деп қоюға кеңес 
берді. Осыған тоқтадық. Осы атпен «Жазушы» баспасының 1970 
жылғы жоспарына 15 баспа табақ роман беремін деп мен заявка 
жасадым.


Ал ауызша айтқанда 20-30 минутта аяқталатын «Қызыл көрпе» 
əңгімесі «Жастық жыры» деген атпен қағазға түсе бастағанда 
шағын повесть көлеміне сыймай, шырқап кетті. Бір ай 
демалысымда оны бітіре алмадым. 1969 жылдың басында тағы
да бір ай демалыс алып, тапжылмастан отырдым. Онда да
бітпеді. Жазған сайын жаңа линиялар қосылып, шығарманың 
арқауы қалыңдай берді. Бұрын əңгіме бір ғана Меңтай мен
Ербол арасында ғана болса, енді оған Ербол - Сəлима, Бүркітбай 
- Сəлима, Меңтай - Тұмажан, Заман - Тана линиялары қосылды. 
Белгілі бір дəуір - Отан соғысы кезінің қиындығы, одан кейінгі 
ауыртпалық туралы шығарма жаза отырып, сол кезге тəн бұл 
оқиғалардан аттап кете алмайтын болдым. Оның үстіне Меңтай
мен Ерболды, олардың қасындағы жəне басқа жанама
кейіпкерлерді сол 40-жылдардың дəрежесінде қалдыру керек пе
деген сұраққа да көп ойлануға тура келді. Қалдырсам, 70-
жылдардың жастарына олар ұнай ма? Бұл кітаптың 
оқырмандары сол Меңтай мен Ерболдың, солардың тұстарының 
балалары болады. Олардың əке-шешелерінің махаббатын əрі
таза күйінде, əрі өздеріне үлгі ете көрсету міндет. Қазіргі
жастардың білім дəрежесі де, сыншылдық өресі де өте жоғары. 
Бұлар жоқшылық дегеннің не екенін білмей, молшылық
дүниесінде балықтай жүзіп келе жатқан жандар. Олардың
махаббат жайындағы түсінігі де өзгешерек. Осылардың бəрін 
елеп, ескеру, екшеу қажет болды. 1969 жылдың басында алған 
демалысымда шығарманы аяқтай алмаған соң, сол жылдың 
декабріне дейін жұмыс істей жүріп, кештетіп үнемі соған үңілумен 
болдым. Ақыры 1969 жылдың аяғында бір айлық кезекті
демалысымды алып, 1970 жылдың 19 январында кітаптың соңғы 
нүктесін қойдым.
Кітаптың əр тарауын жеке новелла етіп аяқтап отырдым. Шамасы 
келсе, əр тарау келесі тарауға жетекші болсын. Шамасы
келмесе, біткен бір тарау өз алдына жеке əңгіме сияқтанып
қалсын дедім. Өйткені осы күнгі оқушының кез келген романды
басынан аяғына дейін оқып отырарлық мұршасы жоқ. Қолына
тиген романның бір тарауын оқып, тартпаса тастай салуы да
мүмкін. Мен кітабымның ең жоқ дегенде оқушы шыдамы жетіп 
оқыған тарауы ойында қалуына тырыстым. Ол үшін оның оқиғасы 
қызықты, тілі тартымды - екеуі де өмірдің өзінен алынған
шындық болуына көп назар аудардым. Бірсыпыра тарауларды
кейін қайталай көшіріп, ондағы оқиға, сезім, сөз шындығын


үнемі тексеріп отырдым. Кей күндері жаңа материалдан 3-4
бет жазсам, кейде жарты бетті толтыра алмай, қиналған
шақтарым да болды. Əсіресе оқушының көз алдында картина 
тəрізді боп қалса-ау деген тұстар тұтқыр тарта берді. Мысалы, 
Ерболдың ең алғаш жаңа жыл түнінде жауған көбік қарды
шинелінің етегімен боратып келе жатқан сəті, Ерболдың
Меңтайға сөз айтатын түні, Ерболдың қайта майданға кеткелі
жатқанда Қарашекені шын-жырлап жатқан жері т. б.
Əсіресе бұрын ауызша айтып жаттыққан жерлерім (Ерболдың ең 
алғаш аудиторияға кіруі, бірінші лекцияны тыңдауы т. б.) өте тез 
жазылды.
Кітапты жазуын жазып бітірсем де қолжазбамды жолдастарға 
көрсетуге қорқып жүрдім. «Ұнай ма, ұнамай ма? Ұрсып тастамай
ма?» деп қымсындым. Оны алғаш оқып, пікір айтқан, көңілімді
демеп, буынымды бекіткен ақын Мұзафар Əлімбаев болды. 
(Баспа қызметкерлері кітаптың кіріспесін ықшамдау керек дегенде
тағы да Əлімбаев сенің кітабыңның бар мазмұны Пришвиннің
мына сөзінде тұр, соған зер салшы деген кеңес айт-ты.
Осыдан кейін алғашында эпиграф ретінде алынған Тургенов
сөзі мен Пришвин пікірін ұштастырып, кітаптың кіріспесін қайта 
ықшамдадым).
«Жастық жыры» біткеннен кейін оған бұрынғы повестерді қосуға 
болмай қалды. Өйткені жалғыз осының өзі баспа жоспарындағы 
көлемнен көбіректеу боп шықты. Енді мұны жеке кітап етіп 
шығаруға тура келді. Тек «Жастық жыры» деген аты өзгертіліп, 
баспаның жоспарында көрсетілген «Махаббат, қызық мол жылдар»
деген атпен шығып, «роман» деп аталатын болды. Сонымен,
осы кітаптың түбіне бірінші рет фамилиям жазылды.
Сұрақ: Роман неге тек қана махаббатқа құрылған?
Жауап: Бұл романды жастар өмірінен алып, жастарға арнап
жазған мақсатым, бұрынғы ата- бабаларымыздың мекеніне ұя
салып, бүгінгі біздің орнымызды басатын, ісімізді жалғастырып,
алға апаратын болашақ ұрпаққа, солардың жүректерінде асыл 
адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына титтей де болса
өзімнің себімді тигізуге ұмтылу еді. Біз - ата-ана, жан-
жүрегімізді жарып шыққан жас қауымның жақсы болуын тілейміз. 
Солар əділ, адал болып өссе екен дейміз. Баяғы Төлеген 
ағаларындай уəдеге берік, Жібек апаларындай ақылды,


жаугершілік жағдайға душар болса, сонау Қарақыпшақ
Қобыландыдай қаһарман батыр, кешегі Төлеген Тоқтаров, Əлия 
Молдағұлова, Мəншүк Мəметова сияқты отаншыл, ержүрек болса 
екен деп арман етеміз. Өз жүрегімдегі сол арманды мен жастарға 
қалай жеткізсем деп толғандым. Сонда осы ойдың бəрін оларға
бір ғана махаббат деген асыл жібекке түйіп беруді мақұл
көрдім. Өйткені саналы өмірдің бар қызығы махаббатқа тіреледі. 
Махаббатқа соқпай кететін сезім аз. Анаға сүйіспеншілік, жарға 
құштарлық, Отанға перзенттік, туған топыраққа борыштық 
сезімдерінің бəрі махаббатқа байланысты. Адам бойындағы ең 
асыл сезімдердің бірі адамгершілік сезімі де махаббатпен 
сабақтас. Өйткені махаббат қадірін білмейтін адамда 
адамгершілік сезімі болмайды, ал адамгершілігі жоқ кісінің 
жүрегіне асыл махаббат ешқашан да ұя салмайды. Мінеки, осы 
себептен де мен жастардың жүрегіне махаббат арқылы 
жақындауды мақсат еттім. Кітабымның негізгі арқауын махаббат 
ете отырып, жастарымыздың жанына,-жүрегіне, ойына қарапайым
халқымыздың кейбір асыл қасиеттерін: ананы ардақтаушылық,
қызды қадірлеушілік, алған жарын жанындай сүюшілік, ағаны
құр-меттеушілік, сертке беріктік, ұйымшылдық, бірлік-
бірауыздылык, бауырмалдық сияқты советтік моралімізге сай
келетін дəстүрлерін сіңіргім келді. Халқымыздың бұл қасиеттері 
туралы басқа кітаптарда да жазылған, айтылған, əлі де айтыла 
берер. Ал мен соған өз үлесімді қосуды парыз тұттым. Ол 
мақсатым орындалды ма, орындалмады ма - оны оқырман қауым 
біледі.
Сұрақ: Романда Меңтай неге трагедиялық күйге ұшыратылды? 
Оны тым болмаса тірі қалдыруға болмайтын ба еді?
Жауап: Меңтайдың басынан кешкен трагедиялық жағдай бірнешеу. 
Алдымен кішкентай күнінде əкесі өлді. Одан соң соғыста жалғыз 
ағасы қаза тапты. Оның күйігіне шыдай алмай, шешесі қайтыс 
болды. Бұл соғыс кезіндегі соғыстың тақсіретін тартқан əр
семьяға тəн қасіреттер болатын. Халықтың қалың ортасынан
шыққан қыз болғандықтан, əрине, Меңтай да сол азаптардан
өтуге тиіс еді. Байқауымша, бұл жағына оқырмандар қарсы 
емес, дəнеңе демейді. Бұдан баска Меңтай ұшыраған тағы екі 
трагедиялық хал бар: бірі оның Тұмажанның торына түсіп
қалуы, екіншісі - өлімі. Көп жұрт, əсіресе, Меңтайдың өліміне
өкінеді. Меңтайды өлімге кəрі де, жас та қимайды. Көп жастар 


Меңтай өлімін жылап отырып оқығандарын жазады. Ал Павлодар 
облысының Майқайың поселкесінде тұратын пенсионер қарт 
Кəрібай Уайысов бұл туралы өз хатында былай дейді: «Жолдас 
Əзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» деген 
романын түгел оқып шықтым. Жақсы жазылған. Менің сіздерге хат 
жазып отырған себебім, романға сын айту емес, Меңтай өлімінің
қайғылы екенін айту. Сондай абзал жаратылған адамның өлді
деген жерін оқығанда не болып кеткенімді өзім де білмеймін.
Жүрегім əлсіреп, сасқанымнан дəрі ішіппін». Немесе
Қызылорда облысының Жаңақорған станциясының тұрғыны
Қылышбек Бейсекеев былай деп жазады: «Өмірімде қолыма
қалам ұстап, шығарма талдап немесе пікір айтып көрген жоқ
едім. Əзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» 
деген романын оқып, қатты толғаныс үстінде қалдым. Мейлі, 
Меңтай өлді дейік (жоқ, «өлді» деуге ауыз бармайды; оны өлді
дегенше əлгі батырдың жолдасы болмай кеткір Тұмажанды 
өлтіру керек еді). Бірақ «өлгеннің артынан өлмек жоқ» деген бар 
емес пе? Ендеше Ерболдың содан бергі 20 жылдық өмірінен 
оқушыға екі-үш бет қана хабар беруге болар еді ғой. Сосынғы бір 
айтарым: біздің ауылда осы кітаптың ішіндегі «Апамның
айтқандары» деген нақылдарды қойын дəптеріне көшіріп алған
адамдарды көрдім. Бұл да Меңтайды сыйлағандықтың белгісі
деп білдім. Мінеки, оқырмандардың пікірі - Меңтайдың тағдыры 
туралы екі ұдай: біреулер өлгенін дұрыс көреді, біреулер тірі 
қалдыру керек еді деседі. Бірақ қанша қиналып, 
қынжылғандарымен көпшілік оқырмандар оның өлгенін дұрыс 
санайды.
Шынымды айтсам, мен Меңтайды «өлтіремін» деп ойлаған жоқ
едім. Алғашқы жоспарымда Меңтай Ерболмен қосылмайтын, 
Тұмажан опасыз боп шыққаннан кейін басқа біреумен тұрмыс 
құрып кететін. Содан жиырма жыл өткеннен кейін Жоғарғы 
Советтің сессиясы кезінде депутат Меңтай мен журналист Ербол 
екеуі астанада кездесетін. Бірақ Татьяна менің еркімнен тыс ерге 
шығып кетті деп Пушкин айтқандай, Меңтай да менің еркімсіз 
Ерболға шықты, онымен аз уақыт қана тəтті дəурен сүріп, 
дүниеден қайтты.
Меңтайдың күйін кешіп, осы күні тірі жүргендер де бар өмірде. 
Ендеше оны романдағыдай қайғылы халге ұшыратпауға да
болатын еді. Бірақ романның мазмұнын «Меңтай жақсы қыз


еді. Алғашында адасты. Артынан бақытты болды» деген 
сөздерге ғана сыйдырсақ, оқушы соған иланар ма еді? Иланбауы 
мүмкін. Өйткені өмірде екінің бірі бақытты бола бере ме? Қазір 
ғашықтарға ешбір бөгет жоқ: заман дұрыс, заң əділ дегенімізбен, 
əлденелер бөгет болып, əркім əр түрлі себеппен арманда кетіп 
жатпай ма? Романда Заман мен Тана мақсаттарына жетіп, 
бақытты болады. Оның үстіне Ербол мен Меңтайды бақытты етіп 
қойсам, тым тəтті болып кетпей ме? Міне, осындай толғаныс 
үстінде Меңтайды трагедиялық халге жеткізу жайында еміс-еміс 
ой келді. Оған мынадай бір себеп ге болды.
Бұл роман жазылмас бұрын, газетте қызмет істейтін журналист 
кезімде бір жас əйелдің редакцияға жазған хатын тексере бардым. 
Аупартком кабинеттерінің бірінде арыз иесімен əнгімелестім. 
Қазірдің өзінде уыздай өңді келіншектің қыз кезінде керемет
сұлу болғаны аңғарылады. Келіншек көзінің жасын сығып
тастап, сұрақтарыма жауап берді. Ол өзі облыстық қалалардың 
бірінде жоғары оқу орнын бітіріпті. Көрікті қызға көз салғыштар
көп болмай ма? Бұған да солай болыпты. Соған мастанып,
бұл ешкімге қарамай қояды. «Бұйырмаған қызға бұғалық
түспейді» дегендей, ешкімді көзіне ілмей, ойнақтап жүре
береді. Əсіресе бір жұпыны жігіт қызға кеп жалынады. Киімің 
нашар, бойың тапал деп қыз ол жігітті де маңына жуытпай қояды.
Сөйтіп жүргенде қыз институтты бітіруге айналады. Бір күні кештен 
бірге қайтқан екі жігіт қызды шығарып салмақ болып келе жатып, 
алдап бір үйге кіргізеді де, екіншісі есікті сырттан кілттеп, кетіп 
қалады. Тағамы, шарабы жасаулы тұрған иен үйде əлсіз қыз 
еңгезердей жігітпен екі күн оңаша қалуға мəжбүр болады. Сөйтіп
сақтығынан айырылған қыз пəктігінен айырылады - арамза 
жігіттердің шығарып саламыз дегеніне сеніп жүре берген сорлы 
бала осылайша опасыздың олжасына айналады. Бұл оқиғадан 
кейін қыз институтты тауысып, 
дипломын алып, үн-түнсіз қызметке жөнеледі де, барған жерінде 
бірінші сөз айтқан жігітке тұрмысқа шығады да кетеді. Бірақ 
шыққан жігіті мінезсіз боп кездеседі.
- Пəктіктен айырылғаннан кейін ақтығың адыра қалады екен,
ағай, - деді келіншек тағы бір өксіп жылап алып. - Күйеуім мас
болған сайын мені балағаттап: «Сен маған келгенде қыз емес
болатынсың» деп кінəлайтын, тіпті, қол жұмсап, ұратын болды. 
Осылай да осылай, зорлыққа душар болдым деп талай рет


жалынып, жылап, шынымды айттым. Бірақ оған күйеуім сенбеді. 
Сенін бұрын ғашықтарың болған, пəктігіңді солардың біріне 
сыйлағансың деп, ол өз сөзін айтатын болды. Кей күндері үйге 
қонбайтынды шығарды. Күйеуім - жоғары білімді зоотехник.
Алғашында оқыған жігіт қой, ескі салттардың жөн-жосығына
мəн бермейтін шығар деп ойладым. Оған уəдемді берсем де, 
ұрлық қылған кісідей, өмірлік жан жарыма ақаусыз күйде жете
алмағаныма қиналып, қысылған едім. Ақыры ойлағанымдай
болып шықты. Сөйтсем оқыған жігіттердің өздері-ақ студент
күндерінде көрікті қыз кездессе, қызыл көрген қарғадай
шуласып, таласып, төбелесіп жүргендерімен, кейін үйленген 
кездерінде алған қыздарының сызаты жоқ, шыныдай мөлдірлігін
талап етеді екен. Алған қыздары көңіліндегідей боп шыққан
жігіттер қуана құнжыңдап, алтын тапқандай мақтанышын
сездіріп жүрсе, ондай болмағандар өз-өзінен тұнжырап, суық
тигендей шытынай беретінін байқадым. Тегі, күйеуім мені
сүймейтін шығар, шын сүйген адам ондайға қарамауы керек
қой деп те ойладым. Қайдан білейін. Осыны күздің күніндей
тұнжыратпай, біржола ажырасып кетсем бе деп те оқталдым.
Ерден шыққан əйелден ешкім пəктік талап етпейді ғой. Дəм
жазса тағы біреуге қосылармын дедім. Бірақ олай етуге елден
ұялдым, өзім оқытып жүрген шəкірт балалардан қысылдым. 
«Пəленше мұғалім күйеуінен ажырасып кетіпті» деген қаңқу 
сөзден қорықтым.
Өстіп дел-сал болып жүргенімде бір күні түнде күйеуім мас боп, 
менің бала күнімдегі жолдасым деп үйге бөтен біреуді ертіп
келді. Оған төсек салдырып, маған соның қасына жат деп
итермеледі. «Бұл маған келгенде қыз емес болатын, бүгін сен 
қойнына жатып шық» деп оған ыржалақтады. Мен жерге кіріп 
кете жаздадым. Бұл қорлықты көргенше өлейін деп, қыстың 
аязында киімсіз далаға қаштым. Содан үсініп, үш ай ауруханада 
жаттым. Жақында ғана жазылып шықтым.
Шынымды айтсам, жынданудың аз-ақ алдында қалдым, ағай. Тағы 
да сол үйде тұрып жатырмын. Күйеуімнің бетіне кісі екен деп 
қарағым келмейді. Бір столдың басында басымыз түйіспейді. Ол 
өз тамағын өзі істеп ішеді, мен де өз бетіммен тіршілік етемін.
Ортамызда жалғыз бала бар. Екеумізді бір ошақтың басында
ұстап отырған дəнекер сол ғана. Əйтпесе сырт бүтін болғанымен, 
іш түтін.


Осылай деп, келіншек темен қарап, сəл үнсіз отырды да, əңгімесін
қайта жалғап кетті.
- Жас күнде, қыз кезімізде, көбіміздің көзімізді шел қаптап
жүреді екен, ағай. Бір жігіттің бойы аласа, екіншісінің өңі
сиықсыз - бұлар «Ландыш», бізге «Венера» керек деп, өзімізге
адал серік болар жақсы жігіттерді аяғымыздың астында жатса
да аңдамайды екенбіз. Бұрын институтта жүргенде группадағы
жігіттердің бəрі мені қатты сыйлайтын еді. Олар менің атымды 
Гүлім демей, ылғи Ақгүлім деп атаушы еді. Енді міне ақгүл емес, 
қара гүл болдым. Жер үстінде құр сүлдерім жүргені болмаса, 
кейде өзімді тірі өлік, тірі аруаққа санаймын. Қызмет, бала, жора-
жолдас - бəрі алданыш қой. Бірақ əйелдің шын бақыты осылардың
үстіне өмірлік жан жарының жақсы болуында екен.
Мінеки, ағай, өмірім осы менің. Ауруханада жатып, жаным 
қиналғанда редакцияға хат жазғанмын. Бір адам жіберсеңіздер
бар қайғы-сырымды айтамын дегенмін. Келгеніңізге рақмет.
Бірақ өзімді-өзім əшкерелеп, жұртқа жайып қайтемін деген тағы
бір ойға тоқтадым. Сізден өтінішім, менің күйеуіммен оңаша
сөйлесіп, осының бəрін айтыңыз. Алдымен арақ ішкеніңді қой
деңіз. Бар пəле содан басталады. Осыған уəдеңді берсең,
мен сені масқаралап, газетке жазбаймын деңіз. Ол осыған
көнсе, газетке жазбай-ақ қоюыңызды сұраймын.
Əрине, мен келіншектің күйеуімен де сөйлестім. Ол уəдесін берді. 
Бірақ осы окиға менің есімде сақталып қалды. Мінеки,
романдағы Меңтайдың тағдырын немен тындыру керек деп
толғанғанда бұл жай ойыма оралды. Келіншектің сонда айтқан: 
«Тегі, күйеуім мені сүймейтін шығар, шын сүйген адам ондайға 
қарамауы керек қой деп ойладым» деген сөзі бір шындықтың
шетін аңғартқандай болды. Меңтайды Ерболға қосу туралы ой
осыдан туды. Ал халқымыз ежелден ұлын адал, қызын пəк
етіп өсірген. Өйткені пəктік жас жұбайлардың бір-біріне болашақ 
қадір-құрметінің, достық-сыйластығының, риясыз берілгендігінің 
басы деп білген. Ендеше біз өз ұрпағымызды ата-бабамыздың 
бүгінгі коммунистік моральға жақын келетін осы дəстүрі негізінде 
неге тəрбиелемейміз? Осы мақсат үшін қимасам да, қиналсам да, 
оқушы жан-тəнімен жақсы көрген ақылды ару Меңтайды құрбан 
еттім. Бұл «қаталдығым» үшін оқырман қауымнан кешірім өтінемін. 
Бұл арада менің ұзақ жыл очеркист болғаным да кінəлі ме деп 
ойлаймын. Өйткені очеркист өмірде болған оқиғаны ғана


суреттейді, фактыны ғана баяндайды. Тегі, менің ескі кəсібіме 
тартып, Меңтай басынан өткен трагедиялық халді өмірде шын 
болған оқиғаға негіздеп жіберуім де ықтимал.
Қалай дегенмен де мен автор ретінде Меңтайға разымын. Ол
өлсе де көңіліндегі сабағын беріп тынды. Адалдықтың, 
адамгершіліктін, достықтың, асыл жардың əнін өзінше шырқап 
өтті. Менің жақсылығымнан үлгі алыңдар, қатемді
қайталамаңдар деп кетті. Ол өзінің қоғамшыл, көпшіл ісімен,
əділ, адалдығымен əр оқырманның көңілінде қалды.
Сұрақ: Ербол мінезіндегі кейбір жасықтықты қалай ұғуға болады?
Жауап: Ербол - момын ата-анадан туған, халқының, қоғамының 
бойындағы ең жақсы қасиеттерді бойына сіңірген, Октябрь 
революциясынан бес жыл кейін дүниеге келген жас азамат. Ербол 
социалистік қоғамның қырқыншы жылдары піскен нəрлі жемісі,
осы күні жаңа адамдар деп аталатын Октябрь төлінің
алдыңғы легіндегі күрескер. Сырттай қораш көрінгенімен
Ербол іштей ақылды, адамгершілікті, көпшіл, қоғамшыл,
досшыл, сабырлы жігіт. Əңгіме адамгершілік пен арға
тірелгенде ол екінін бірі бара алмайтын кесек қимылдарға
барады: жан-жағын жалмауыздай жайпап келе жатқан жау
танкісімен жекпе-жек айқасады: жолдастарына қауіп төнгенде
жыландай ысқырып, жарылайын деп жатқан снарядті құшақтап
алып, шұңқырға лақтырады; досының қызы Тананың абыройын 
төкпеу үшін онымен үш күн бірге болғанда тастай боп қатып 
қалады; өзі жақсы көре тұра Меңтайдың басқаға берген сертін 
бұздырмайды; өзі жалаңаш-жалпы жүріп, костюмге жинаған 
ақшасын Заманды іздеп бара жатқан Танаға жол қаражат етіп 
береді. Оқырмандар оның бойындағы осы қасиеттерді дұрыс
түсініп, бағалаған. Түсіне тұра кейбір оқырмандардың Ербол
мінезіндегі екі «жасықтыққа» зығырданы қайнайды.. Мектеп ішінде 
Бүркітбай Сəлиманы ұрғанда Ербол неге Бүркітбайды сақалынан 
алып, жағасын жыртпады? Неге ол вагонда Ошақбаевты тым 
болмаса шапалақпен бір тартып жібермеді? - деп өкінеді. Алматы 
облысының Кеген ауданынан «Меңтайдың өліміне Ерболдың
ынжықтығы кінəлі. Ербол шүу басында сертін бұздырып, Меңтайға 
үйленіп алса, онда мұндай аянышты хал болмайтын еді. Бəріне 
еркектер кінəлі, оларға ешқашан да сенуге болмайды» - деп маған 
ашулы хат жазды. Бірақ осылардың бəріне оқырмандардың өздері 
жауап беріп жатыр. КазГУ-дің М.О. Əуезов атындағы əдеби


бірлестігінде осы романға арналған конференцияда бірді-екілі 
жігіттер Ерболды аузындағысынан айырылып қалатын ынжық
деп кінəлағанда, өзге жастар (əсіресе қыздар) бұл пікірге
қарсы шықты. Трибунадан сөйлеген кейбір қыздар əзілдеп: егер 
осы күнгі жігіттеріміздің бəрі Ерболдай болса, қыздар одан 
артықты іздемес еді деген пікірді де айтты.
КазПИ-де болған кездесуде сөйлеген Жамалова деген
студентка: «Ербол Бүркітбайды бір ұрғанмен, Сəлиманың 
басына бақыт орнай ма? Ошақбаевтың бетіне бір түкіргенмен, 
Меңтайдың міні бүтінделе ме? Екеуі де болмайды. Ендеше мен 
Ерболдың сабыр-лылықпен астасқан ақылдылығын құптаймын» 
деді. Мен бұл жайында осы студенткадан асырып ештеңе айта 
алмайтын сияқтымын.
Жазушының кітаптағы кейіпкерлерін жан-жақты білуі парыз. 
Сондықтан да мен шығармаға кіріспес бұрын оның 
кейіпкерлерінің кейбір прототиптерімен əлденеше рет кездестім. 
Оған журналистік қызметім мүмкіндік берді. Олардың бəріне де 
«Қызыл көрпені» ауызша айтып бердім. Əңгімем тыңдаушыларға 
ұнаған сайын маған да шабыт келіп, осыны жазсам, жұрт
оқыр еді-ау деген ой баурай бастады. Осы тоқтамға 1968
жылдың күзінде анық келгенімді жоғарыда айттым. Ескі
достармен жүздескенде өтіп кеткен қырқыншы жылдардағы
студенттік өмірдің өзім ұмытып қалған детальдарын қойын
дəптерге жəне түрте жүрдім. Шығармаға отырар алдында 
университеггің Совет көшесіндегі ескі корпусын əдейі барып 
аралап шықтым. Өзіміздің ескі аудиторияларға кірдім, кітапханаға 
да бас сұқтым. Университеттің Калинин мен Виноградов
көшелеріндегі ескі жатақханаларын жағалай жəне аралап
шықтым. Дəлізде жүріп, бөл-мелердің номерлеріне дейін үңіліп 
көз салдым. Қасымнан арлы-берлі өтіп жатқан қыз, жігіттер менің 
осыдан жиырма жыл бұрын өздері сияқты студент боп, осы
бөлмелердің бірінде жатқанымды, қазір сол студенттік өмір
жайында кітап жазуға келіп жүргенімді, əрине, сезген де жоқ.
Ескі орындарды аралай жүріп, мен кітабымның бас 
каһармандарының бірі Ербол Есеновтың қандай болуы керектігін 
ойладым. Сөз жоқ, ол Ұлы Отан соғысына барып, жауды жеңіп 
қайткан саналы қазақ жастарының жиынтық бейнесі болуға тиіс. 
Сондықтан да Ербол кітаптың алғашқы беттерінде ұлы жеңіске 
семіріп, туған жеріне, арман-астанасына сағынышпен жетіп,


романтикалық күйде жүрген солдат күйінде суреттеледі.
Мысалы, оның Совет кешесін бойлап университетке келе жатуы, 
оның тас баспалдағына табаны тигендегі жан тебіренісі,
университетке қабылданып, деканаттан шыққанда өзін асқар
Алатаудың үстіндегі ақ бұлттардың төбесінде қалықтап ұшып 
жүргендей сезінуі осыны дəлелдейді. Алғашқы лекция үстіндегі 
оның қыздар туралы лирикалық ойы, группадағы отыз қыздың 
бəрін бірдей ақылды, бəрі бірдей сұлу деп есептеуі осының 
айғағы. Əрине, төрт жыл қанды қырғынға қатынасып, соғыс 
күнделікті өмірлік ісі боп кеткен адам оның үйреншікті əдеттерінен 
бірден арыла алмайды. Сондықтан да Ербол алғаш аудиторияға 
кіргенде өзіне қадалған отыз қыздың көзін түнде жау самолетін
іздеген прожекторлардың айқыш-ұйқыш сəулесімен
салыстырады. Алғашқы лекцияға келген оқытушы аты-жөнін 
сұрағанда ол орнынан атып тұрып: «Сержант Ербол Есенов» деп
тақ-тұқ жауап береді. Соғыста болмаған, əскер тəртібін
білмейтін оқытушы түрегеп тұрған солдатқа «отыр» деп
айтпай, лекциясын ары қарай жалғастыра бергенде Ерболдың
рұқсатсыз отырмай, қақиып тұрып қалуы - міне, осының бəрі 
əскери дағды. Ерболдың сол қақиып тұрғаны көлденең жұртқа 
күлкі боп көрінгенімен, сол сəттің көп сыры бар. Бұл
біріншіден, Ерболдың бойына əскери тəрбиенің мықтап
сіңгендігін көрсетеді. Ал Ұлы Отан соғысының жеңісі əскери 
уставтың талаптарын адал көңілмен атқаратын Ербол сияқты
солдаттардың табандылығымен келген. Егер Ерболға қаптап
келе жатқан қалың жаудың алдынан зеңбірекпен не пулеметпен 
жеке қалып, жалғыз шайқас десең, шайқасады. Өзгелер межелі 
жерге жетіп алып, жайғасқанша сен тапжылма, шамаң жетпесе, 
сол жерде Отан үшін ол десең, ол оғы біткенше жаумен атысып, 
сол арада тапжылмастан өледі де. Ал Ерболдың бойына армия-
ананың сүтімен сіңген бұл қасиет ол əскерден қайтып келіп,
студент боп аудиторияға кірісімен кете қалмайды. Оқытушы
орнынан тұрғызып алып, қайтадан «отыр» деместен лекциясын 
бастай жөнелгенде Ерболдың жұрт көзіне нысана, күлкісіне тиек
болып, рұқсат күтіп, бір сəт тапжылмастан тұрып қалған
күлкілі жағдайында осындай бір астарлы жай жəне бар.
Рас, кейіннен əскери əдеттің кейбір сырт көріністері Ерболдың 
бойынан біртіндеп қалада бастайды. Бірақ əскери тəрбиенің мəні
оның қанында мəңгі сақталып қалады. Сондықтан да Ербол
үлкендерді көргенде генералдың алдынан өткен солдаттай


сызылады, нашар оқитындардың сабақты ұғуына болысып,
жолдастарының арасында коллектившілдік сезімін күшейтеді. 
Ербол өз аузынан мынадай тұжырым айтады: ананың емшек сүті, 
мек-теп тағылымы, əскер тəрбиесі бірін-бірі толықтыра түседі; осы 
үш тəрбиені бойына сіңірген адам асыл азамат болады. 
Сондықтан да ол Меңтайдың басқа біреуге берген сертін 
бұздырмайды. Өйткені, ант бұзу ана тəрбиесіне де, армия 
дəстүріне де жат іс - сұмдық жай. Сол себептен де ол сүйген
қызын ондай сұмдыққа итермелей алмайды.
Автордың мақсаты Ербол мен Меңтай жақсы жігіт, білімді қыз 
екенін көрсетіп қана қою емес, солар арқылы халқымыздың
бойындағы кейінгі ұрпаққа, арғы, алыс болашаққа үлгі
боларлық дəстүр, қасиеттерін насихаттау. Сол қасиеттерді 
Меңтай мен Ерболдың бойына өлшеп піше отырып, жұртқа 
жарасымды үлгі ұсыну еді. «Апамның айтқандары», «Өз 
ойларым», «Алтын діңгек» дейтін нақыл тараулар, т.б. осы пікірді
нығайтуға қосымша түрінде кірді. Ауыз əдебиетінің үлгі-
нұсқаларының ең асылдарын ауызға ала отыру да осы ниеттен 
туған. Ерболдың облыстық газетте тілші боп жүргенде ел ішіндегі 
ескі салт-сананың кейбір ерсі қылықтарын сынап-мінеуі де осы
тілекпен қабысады. Сырт қараған кісіге жасық, жуас көрінген
Ерболға автор осындай идеялық жүк беріп, адамгершіліктің
асыл қасиеттерін əр жүрекке жеткізер елші міндетін жүктеген
үміт артқан еді. Сондықтан мен көптеген оқырмандар пікіріне
қосыла отырып, Ерболды «сырт қараған кісіге жуас, момын 
көрінетін - соғыста батыр, еңбекте ер боп шығатын, жаны 
жалынды, қарапайым қазақ жігіттерінің бірі деп ұғамын.
Сұрақ: Кітаптың аяғында кейіпкерлердің кейіннен кім болғаны 
көрсетілген. Ал Ерболдың қандай күйде екені неге айтылмаған?
Жауап: Ерболдың қазір кім екендігі кітаптың соңында емес,
басында айтылды. Жазушы мен əдебиет сыншысына 
журналист Ербол өз басынан өткенді баяндап береді. Демек, ол 
журналист.
Сұрақ: Роман кейіпкерлерінің прототиптері бар ма? Бар болса,
олар қазір қандай күйде, не қызметте? Семья жайлары 
қандай?
Жауап: Бірсыпырасынікі бар. Кейбіреулерінікі жоқ. Ал бірді-екілі
кейіпкер кітапқа өмірдегі өз атымен кірді.


Бірақ бар деген прототиптердің сырт пішіндері, кейбір басынан
кешкендері кітапқа кіргенімен, кейіпкер бейнелерін жасау 
үстінде олар мүлде өзгеріп кетті. Прототиптердің өздері білмейтін, 
бірақ өмірде болған, басқалар басынан кешкен жаңа окиғалар
қосылды. Сондықтан кітапты оқып шыққаннан кейін мына
кейіпкердің прототипі менмін-ау деп ойлаған кейбір 
таныстарымның «мұндай оқиға менің басымнан өткен жоқ еді 
ғой» деп таңданулары да, шамданулары да мүмкін. Олай етудің 
қажеті жоқ. Өйткені бұл кітап деректі дүние емес, көркем шығарма 
ғой.
Енді сол прототиптердің немесе жартылай прототиптердің бас-
басына жеке тоқтайын.
Меңтай бейнесінің соңғы жақтары қайдан, қалай алынғанын
оқушы жоғарыда аңғарған болар. Ал ол бейненің алғашқы
бөлігінің - бала, пəк Меңтайдың прототипі сол кезде бізбен
бірге оқыған бір қыздың өмірінен алынды. Оның ағасының
өлгені, соғыстан келген бір жігіттің мен ағаңмен жолдас
болдым, ағаң өлерінде сені маған тапсырып кеткен деп ол
қыздың уəдесін алғаны, «сен уəдеңді бұзба, бұзсаң сені
өлтіремін!» деп мейрам сайын Алматыға келіп, қызбен кездесіп 
жүргені рас. Артынан оның елдегі сиыры, үйі бар жесір
келіншекке үйленгені, сберкассада қызмет істеп, облигацияға
подлог жасағаны үшін сотталып кеткені де шындық. Меңтай
прототипіне негіз ретінде алынған ол қыз - қазір екі баланың
анасы, орта мектептің мұғалімі. Жолдасы - ағарту қызметкері.
Ерболдың прототипін күнде көремін, екеуміз бір мекемеде
қызмет істейміз. Əсіресе, таңертең асығып, жұмысқа келген
бетте шаш сипау үшін айна алдында жүздесіп, жымыңдасып
та қаламыз. Оның төрт баласы, əйелі бар. Оны көргенде: 
«Сен кітаптағы Ербол менмін деп мақтанасың. Бірақ
жазушының əр шығармасында өз өмірінің элементтері араласа
жүретінін, ендеше Ербол бейнесінде менен де титтей бірдеңе
бар екенін оқырмандар да сезетін шығар» деп қоямын.
Расында да кейбір оқырман Ербол мен авторды бір адам деп 
есептейтін көрінеді. Ал көптеген оқырмандар Ерболды өмірде бар, 
тірі адам деп те ұғады. Сондықтан да олар баспаға жолдаған өз 
хаттарының сыртына «Ербол Есеновке тапсырылсын» деп
жазады.


Заман менТана туралы. Заманның прототипі екеу. Біреуі 1941
жылы немістер тұтқиылдан шабуыл жасағанда Брест түбінде
тұтқынға түсіп, 1945 жылы майда əскери тұтқындармен бірге
ол да қолға өтіп, кейіннен сотталған жігіт. Ол Орал тауында 
шахтада жұмыс істеген. Жігіттің сүйген қызы артынан оны іздеп
барып, қосылып, екеуі балалы-шағалы боп бірнеше жылдан
соң елге келген. Бірақ бұл қыз ЖенПИ-де оқымаған, орта
біліммен ауылда мұғалім боп жүрген еді. Заманның екінші 
прототипі белгілі халық ақыны Сапарғали Əлімбетовтың жалғыз
ұлы, 1943 жылы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жас ақын
Маман болатын. Маманныңда шын сүйіп, серттескен қызы бар
еді. Міне бұл қыз ЖенПИ-де оқыды. Егер Маман жоғарыдағы 
жігіттің жағдайына ұшырап, аман қалса, бұл қыздың да оны жер 
түбіне болса да іздеп барары кəміл еді. Бұл кісі де кейін тұрмысқа 
шыққан, балалы-шағалы, жанды-жақты дегендей, үлкен семья 
болды. Қазір ерімен екеуі де орта мектепте мұғалім. Романдағы 
Заман мен Тана бейнесі осы екі жігіт пен екі қыздан алынған
болатын. Ал Ербол мен Тананың соғыс кезінде кездесіп,
екеуінің үш күн бірге болған сəтін суреттейтін достық, адалдық, 
адамгершілік жыры өмірде шын болған, нақты оқиғаға негізделген 
еді. Бұған кейбір кексе кісілердің сенбейтіні байқалады. Оған мен 
не айта аламын. Қолына тиген кітап жайында қалай ойласа да 
оқырмандардың еркі ғой, əрине.
Зайкүлдің прототипі бар десе де, жоқ десе болады. Бар деуге 
болатыны, соғыс кезінде сезімі ерте оянып, еркек көрсе,
қылмыңдай бастайтын кейбір қыздардың болғаны рас.
Сондайлардың біреуі ЖенПИ-ден қуылып, Университеттің біз 
оқып жүрген группасынада келген болатын. Ол қыздың 
жатақханада сол кезде жаңа ғана шыққан «Алтын кілт» деген
кəмпитті бір-біріне тұмсығынан жем берген көгершіндей болып,
жігіттердің аузынан (бір ұшын жігіт, бір ұшын қыз тістеп) сорып
отырғанын да көргенбіз. Зайкүл бейнесін жасарда сол қыз ойыма 
түскен де болар. Бірақ ол қыздың кейін қайда кетіп, қазір қайда 
жүргенін, тіпті, бар- жоғын да білмеймін. Зайкүлдің прототипі жоқ 
десе де болады дейтінім, ол бейненің бойына осы күнгі кейбір
қыздарда кездесетін кемшіліктерді жəне қостым. Сөйтіп,
Зайкүл жеңілтек, желөкпе бұрынғы қыздарға да, бүгінгі
қыздарға да ұқсап шықты. Менің өз түсінігімше, бойында
ұшып-қонба жеңілтектік мінездері болғанымен, жалпы Зайкүл
ақкөңіл қыз. Жақсы жар кездесіп, қарапайым өмір сүрсе,


ондайлардың кейін салиқалы əйелдер қатарына қосылып
кетері сөзсіз. Бірақ «басына бақ» қонса, Зайкүл сияқтылардың
кердеңдеп кететіні де болады. Ондайлар ең алдымен
тыраштанып киінеді. Одан соң кенедей жабысып, күйеуінің 
машинасынан түспейді. Осыдан кейін өзі шатпақтаған 
бірдеңелерін диссертациямның тарауы деп əркімге бір түзеттіріп
немесе жаңадан жаздыртып, ғылым кандидаты деген атақ
алып, алшаңдап шыға келеді. Ал оның қорғаған
диссертациясынан қоғамға келер бір тиын пайда болмайды.
Өмірде осындай оқиғалар кездесіп жататындықтан, біздің Зайкүл 
де мұндай «модадан» құр қала алмады. Оның бойындағы жас
кезіндегі - жеңілтектік, өскеннен кейінгі ұятсыздык, күйеуге
шыққаннан кейінгі келісіп тұрған жағдай осындай озбырлыққа 
барып ұштасты. Зайкүлге көп тиісетін қуақы мінезді
Жомартбектің де прототипі бар. Қазір ол Қазақ ССР Ғылым
Академиясында қызмет істейді, филология ғылымының докторы. 
Көптеген ғылыми еңбектері шыққан жəне бірнеше əңгімелер 
жинағы, повестері жарияланған белгілі жазушы. Бірақ қу тілді 
жігіттерді қыздар менсіне қоймайды ғой. Сол себептен де ол
өлдім-талдым деп отызға жеткенде əрең үйленеді. Роман
прототиптерінің ішіндегі əзірге балалары институтқа ілінбеген
тек осы ғана. Автордың мақсаты халқымыздың бойындағы 
жақсы қасиеттерді көбірек көрсету болғандықтан, романда 
жағымсыз кейіпкерлер өте аз алынды. Түптеп келгенде кітаптағы 
шын мəніндегі жағымсыз кейіпкер екеу ғана. Оның бірі Тұмажан
да, екіншісі Бүркітбай. Тұмажан Ошақбаевтың басында біздің
қоғамымызға жат екі түрлі мін бар. Ол Тұмажанның советтік
моральға сыймайтын озбырлығы мен қоғам дəулетіне
сұғанақтығы. Оның бойындағы осы қылықтарды оқырмандар 
қатты айыптап, зығырданы қайнаған хаттар жазады. «Махаббат, 
қызық мол жылдар» романын сүйсіне оқып, көп уақытқа дейін 
ойландым. Өзімді əлденеше рет Ербол мен Тұмажанның орнына 
да қойдым, - деп жазады колхозшы Алтынбек Дəкібаев. - Сонда 
Тұмажандай болғанша, ұл боп анадан тумағанның өзі артық
деген қорытындыға келдім». Алты баланың анасы, үй
шаруасындағы əйел Бағила Мұқанова - Шапатова: «Кітапты 
оқып отырғанда Тұмажанға жының келіп, сондай ыза болып 
отырасың» десе, совхоз жұмысшысы Əлмұханбет Дос-жанов өз 
хатын: «Ошақбаевты ошаққа тірідей тығып жібергің келіп, бойыңды
ашу-ыза кернейді» деп түйіндейді. Ал Л. Құтылбекова, С. Жаукеев 


жəне басқалар Тұмажан сияктылардың ауылда əлі де бар екенін 
айтады.
Рас, Тұмажан сияқтылар ауылда ғана емес, қалада да
кездеседі. Бірақ қазіргі Тұмажандардың іші өзгермегенмен, түсі
өзгерген. Олар қара костюм, ақ көйлек киіп, екі беттері
шиқандай боп, шекірейіп, мейманханалардың маңында жүреді.
Мінеки, Тұмажан бейнесінің прототипіне шүу дегенде баяғы 
өзімізбен бірге оқыған қызды аламын деп алдап кеткен жігіт 
алынған болатын. Оның сотталып кеткеннен кейінгі хал-жайынан 
хабарым жоқ. Менің мақсатым, қыздарды қашан да болса 
Тұмажан сияқтылардың қармағынан сақтандыра отырып, қыз 
намысын қорлау қылмыс жасағанмен тең екендігін жас жігіттерге 
ұғындыру еді.
Енді романдағы прототипі жоқ бейнелерге келейік. Олар Бүркітбай
мен Сəлима.
Бұл екі бейненің екеуі де ойдан жасалғанымен, оқырмандар
Бүркітбайға лағнет айтып, Сəлимаға шын жүректерінен аяныш 
білдіреді. «Сəлима сияқты, аюға қосақталған аяулы жандар біздің 
ауыл, ауданымызда да бар» деп жазады. Мұның өзі бұл екі 
бейненің мен өзім көрген прототиптері жоқ болғанымен, жұрт 
көрген, ел білетін прототиптері бар екенін көрсетеді. Кітапта
өз атымен аталған кейіпкерлердің бірі Майра Ыбыраева 
(кітапта - Абаева). Ол қазір педучилищенің оқытушысы. Майрамен 
кітап шыққаннан кейін тағы бір кездестім. Сол жолы: «Мынау
Майра деп отырғаны мен шығармын деп, көңілім тасып, аяқ
басысым шапшаңдап, қыз күніме жетпесем де, келіншек 
күйімдегідей халге келдім. Бес балам ер жетіп, өз алдына отау 
болғанда солардың үйлерінің бірінші жасау - мүлкі болсын деп, 
бесеуіне арнап бес кітап сатып алдым. Алтыншысы мына Уəкең
екеуміздікі. Осыларға автограф жазып бер» деп, Майра алты
кітапты алдыма жайып тастады.
— Осы Майраның шын сөзі, шын сезімі, - деп жолдасы басын
изеді.
— Кітабым жастардың жасауына жараса, неге автограф бермейін, 
- деп, мен оның біріншісіне мынадай сөздер жазып, қолымды 
қойдым: «Бұл кітапты осы романдағы тікелей өз атымен атаған 
кейіпкерім, соғыстан кейінгі ауыр жылдарда университеттің 


азынаған аудиториясында аш отырып, бірге лекциялар тыңдаған 
ескі досым, қазіргі педагог, асыл ана Майра Ыбыраева мен оның 
жан жары, абзал азамат Уəкеңе шын жүрек-тен сыйладым.
1 декабрь 1970 ж.
Жамбыл қаласы».
Сол сапарымда Меңтай прототипінің негізіне алынған кісімен де 
кездестім. Менің келгенімді естіп, күйеуімен екеуі мейманханадан 
ертіп үйлеріне апарып, қонақ етті.
— Ағай, кітабыңызды оқыдым. Аяғында Меңтайды өлтіріп
тастаған екенсіз. Бірақ тіріден артық етіп суреттепсіз, - деді үй 
иесі əйел ас үстінде.
— Ондағы анау Меңтай деген сен емессің бе? - деді күйеуі.
— Маған да ұқсаңқырайды, - деді əйел.
— Əй, осы өздеріңнің бірдеңелерің жоқ па еді? - деді күйеуі
əзілдеп.
— Жоқ екеніне көзің жетіп еді ғой, - деді əйелі наз-наразылығын
қосарлай білдіріп.
— Рас, рас, - деп күйеуі əйелінің арқасынан қақты.
Романдағы анық өз аты-жөнімен алынған екінші адам Тəкен 
Майшынов қазір Талдықорған облысының Ақсу ауданында 
тұрады. Жақында ғана Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталды. 
Сəуле деген ақжарқын əйелі бар. Екеуі де сауда қызметінде
істейді. Үлкен қызы Фарида университетті, одан кейінгісі
Халима политехникалық институтты бітірді. Өзге балалары
институтта, мектепте оқып жүр. Майданнан қайтқан эшелоннан
Ербол оқу оқимын деп Алматыға түсіп қалғанда мен үйге
барып үйленемін деп елге тартқан Тəкеннің балалары заңды 
түрде Ерболдың балаларынан бұрын ержетті. Анау, соғыстан 
қайтқан эшелон ел шетіне кіргенде арсалаңдап, бетіне айран 
жағып алатыны сияқты, осы кітап шыққанда Тəкеннің істеген тағы
бір қызығы бар.
Аудан магазиніне «Махаббат, қызық мол жылдар» түскенде соның 
ішінде өзі де бар екенін білетін Тəкен (үйге бір келгенде жазып 
отырғанымды көріп кеткен) он бес кітапты бірден сатып алады. 
Көп кітап құшақтап, Жансүгіров селосын бойлап үйіне қарай келе 


жатқан оған таныстары кездеседі.
— Ассалаумағалейкүм, Тəке, мынауыңыз не?
Тəкен сəлем алмастан кездесушіге қарсы сұрақ қояды.
— Сен Нұршайықов деген жазушыны білесің бе? Алматыда 
тұратын үш жүздей жазушыны жұрттың бəрі тегіс біле бере ме, 
алғашқы жолыққандардың бір- екеуі «білмеймін» деп жауап 
береді.
— Онда жүре беріңдер, сендердің керектерің жоқ, - деп Тəкен
ілгері кетеді.
Тағы да таныстар кездеседі. Сəлем бергеннің бəріне Тəкең жаңағы
сұрағын қайтадан қояды.
— Е, білемін, аға.
— Білсең, мына кітап соныкі. Оқы, ішінде мен бармын, - деп
алшаңдай басып жөнеле береді.
Сөйтіп ол үйіне жеткенше қолтығында екі-ақ кітап қалады. Осыны 
Алматыға келгенде Тəкеннің əйелі Сəуле айтып, біздің ішек-
сілемізді қатырғаны бар.
Кітапқа кірген «Тоғжан» деп аталатын новелла - тарауда
аталатын адамдардың бəрі де өмірде болған, кейбіреулері
қазір де бар адамдар. Олар неміс фашистеріне қарсы күресте
ерлікпен қаза тапқан кіші командирлер: Айтқали Құсайынов,
Нəсіп Қалиев, Əбдірахман Бимурзин, Сенбек Молдабаев,
Мəншүк Мəметова, офицерлер Қажым Көшеков, Жамалхан 
Жамалбеков, Ақыраш Андиров, подполковник Əбілқайыр
Баймолдин - бəрі де біздің құраманың түлектері болатын. Бұл
солдаттар тұрады емес, студенттер жайындағы кітап
болғандықтан, оқырмандарды жалықтырмау үшін соғыс
көріністерін мысқалдап қана алдым. Сол алған жерлеріме ең жоқ 
дегенде өз кітабымда аттары атала жүрсін деп, Отан соғысында 
опат болған азаматтардың аты-жөндерін сыналап кіргізіп
отырдым. Осы тарауда аты аталған Ризуан Қалиев қазір бір 
облыста колхоз агрономы боп қызмет атқарады. Қаза табар 
алдында жауынгер жігіт хат жазған Зада есімді қыз да қазір 
республиканың бір жерінде болуға тиіс.
Енді кітаптағы оқытушы кейіпкерлер туралы бір ауыз сөз.
Роман жалпы университет туралы емес, бір факультеттің 


студенттері жайлы ғана болғандықтан, оқытушылар бейнесін 
сомдауға оншама бой ұрғаным жоқ. Тек бірер ғана оқытушының 
аттары аталады. Олар сол кездегі ұстаздарға ұқсай ма, ұқсамай 
ма, - оны сол кездегі студенттер біледі. Бірақ солардың
кейбіреулері арқылы романда осы күнгі кейбір оқытушылардың 
да басындағы оғаш қылықтары ептеп сыналатыны хақ.
Міне, роман кейіпкерлерінің прототиптері, олардың қазіргі
жайы дегенде айтылатын сөз осы. Бір жердің оқырмандары 
үшін бұл кітаптың шылғи шындық боп, кей жерлерде болған 
оқиғаға ұқсап тұратын себептері де кітап кейіпкерлерінің
прототиптері барлығынан болар. Бірақ пəленшенің прототипі
пəлен дегенмен, романда солардың мүлде өзгеріп кеткендігін 
тағы да ескерткім келеді.
Сұрақ: Осы романды жазу үстінде қандай кітаптар оқыдыңыз?
Жауап: Жаңа кітап оқығаным жоқ. Ескіден Фадеевтің «Тас-
талқаны» мен Ерубаевтың «Менің құрдастарымын» қайталап
қарап шықтым. Ал романым өндіріске кеткеннен кейін қолыма
бірінші алған кітабым Шыңғыс Айтматовтың «Ақ кемесі» болды.
Сұрақ: Жазушылардан кімді жақсы көресіз?
Жауап: Классиктерді кім жақсы көрмейді. Ал жалпы совет
жазушыларынан сүйіп, сүйсініп оқитыным А. Фадеев, М. 
Шолохов, М. Əуезов, Ғ. Мүсірепов.
Сұрақ: Роман желісіндегі əр алуан махаббат линияларының 
бірінен жазушы М. Иманжановтың «Есеновтың тағдыры» дейтін 
əңгімесіне ұқсастық аңғарылады. Осы неден?
Жауап: Мен қазіргі қазақ жастарының өмірін жырлаған 
жазушылардан екі адамды ерекше бағалаймын. Олар - Саттар 
Ерубаев пен Мұқан Иманжанов. Біріншісін көре алғамын жоқ. Ал 
екіншісімен 1954 жылдың күзінде бірінші рет жақын танысуымның 
сəті түсті. Қазақстан комсомолы Орталық Комитетінің 
жолдамасымен тың игерушілер өмірінен шығарма жазуға
Павлодарға келген Мұқан Иманжановқа серік болып (ол кезде 
мен Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінің редакторы едім),
тың игеруші жаңа совхоздарды араладым. Бірнеше күнге
созылған сол сапарда Мұқан менің «Шешен», «Қызыл көрпе», 
«Командировка» сияқты ауызша əңгімелерімді айтқызып,
тыңдады. «Сен өзің дайын жазушы екенсің, осы айтқандарыңды


қағазға түсір» деп кеңес берді. Ал қисаң «Қызыл көрпенің» 
сюжетін маған бер, мен əңгіме жазайын. Қимасаң оны да өзін жаз 
деді. Əрине, жақсы көретін жазушың қолқаласа, оның үстіне 
жазылмаған əңгімең болса, оны кім қимайды. Алыңыз дедім. 
Жазғандарымды Алматыға, тура Иманжановтың өзіне жіберуге 
жəне уəде еттім. Мұқан менен алған сол сюжетті «Есеновтың
тағдыры» деген əңгіме етіп, «Тыңдағылар» атты кітабына
кіргізді. Мінеки, Иманжанов екеуміздің арамыздағы
творчестволық достық осылай басталды. Мұқан Иманжановтың 
тікелей қамқорлығымен 1956 жылы «Алыстағы ауданда» деген 
атпен менің тұңғыш очерктер жинағым жеке кітап боп басылып 
шықты. Маған СССР Жазушылар одағына мүше болып өту үшін 
бірінші рекомендацияны да Мұқан Иманжанов берді (Серік 
Қирабаев екеуі). Мұқан Иманжанов жалғыз менің ғана емес, ол 
кездегі көптеген жас жазушылардың (осы күнде олардың 
бірсыпырасы атақты жазушы болып кетті) шынайы қамқоршысы, 
адал ұстазы болды.
Міне, сол 1954 жылдың қарлы күзінде, түнде, ауатком 
председателінің кабинетінде қонып жатып Мұқанға айтқан
кішкентай əңгіме келе-келе кеудемді кернеп, оны өзім
жазбасыма болмайтын күйге жеттім. Мұқан жазған ол əңгіме 
ақыры осындай үлкен романға айналды. Романның бір
линиясындағы ұқсастық осыдан шықты.
Сұрақ: Сіз бұл кітапты қайда: курортта, теңіз жағасында ма,
əлде үйде, тек кабинетте отырып қана жаздыңыз ба? Қалай 
жаздыңыз, басынан бастап, аяғынан бір-ақ шықтыңыз ба?
Жауап: Бізде кабинет деген болмайды. Бір бөлмеде төрт бұрыш 
болса, соның бір бұрышын «кітапхана», екіншісін - «ас ішетін
орын», үшіншісін - «қонақ бөлме», төртіншісін «кабинет» деп
атаймыз. Кітаптың көпшілік беттерін сол «кабинетте» отырып 
жаздым. Жеке тарауларын ауруханада жатып жалғастыруыма
тура келді. Мысалы, Меңтай өлетін тарауды ауруханада, 
«Мəдениет жəне тұрмыс» журналының редакторы Мұса 
Дінішевпен бір палатада жатып бітірдім (Мүсекен соқыр ішегін 
алдырған-ды). Ал қалай жаздың дегенге келсек, басынан бастап, 
сыдыртып аяғынан бір-ақ шыққамын жоқ. Творчестволық процесс 
кейде қазанның қайнағанына ұқсаңқырайды. Қазанға суды
толтырып, астына от жағып, бетіне қарап отырсаң, оның беті
бірден бұрқ-сарқ етіп шыға келмейді. Əне жерден бір бүлк етіп, 


мына жерден бір бүлк етіп, бірте-бірте су беті тұтас сарқылдай 
бастайды. Сол сияқты мен романның бас жағын жазып жатқанда 
оның орта тұсында, не аяқ кезінде айтылар ойлар, оқиғалар 
қаумалап келе берді. Ондай кезде мен жазып отырған жерімді қоя
қойып, жаңадан келген ойларды дереу бір-бір жапырақ қағазға 
түсіріп отырдым. Онын үстіне шырт ұйқыда жатқан шағың - түнде 
төсектен түртіп оятатын ойлар тағы болады. Кейін, сол тұстарға 
жеткенімде, осыдан бірнеше күн бұрын қағазға түсіріп алған
оқиғаларды өрбітіп, жеке ойларды сол күйінше романға
көшіріп отырдым.
Кітап тек үйде ғана жазылған жоқ. Сонымен бірге оның көптеген 
жолдарын көшеде тұрып та жаздым деуіме болады. Өйткені
таңертең жұмысқа бара жатқанында неше алуан адамдарды
көресің, олардың əр түрлі қимылдарын аңғарасың. Содан өзіңе 
ой түсіп, кітабыңа керекті жаңа детальдарға кездесесің, жаңа 
нақылдар табасың. Жолда кездескен үркек ойдан айырылып 
қалмау үшін бір үйдің бұрышында тұра қалып, жалма-жан қалтаң-
нан қойын дəптерің мен қарындашыңды шығарып, жаңағы
сөзді жазып алуың қажет. Өз-өзіңнен тоқтай қалып,
жанталасып қағазға бір нəрсені түрте бастауың жүріп жатқан
жұрттан ұятта. Ұят болса да өйтпеске амалың жоқ. Өйткені, 
басқа келген ой, бұтаққа қонған бір топ торғаймен тең. Сол сəтінде 
суретке түсіріп алмасаң, топ торғай пыр етіп ұшады да кетеді.
Содан соң ұмытқан ойды іздеуден ауыр азап жоқ. Іздегенмен 
оны таба алмайсың. Мысалы, кітаптағы мынадай жолдар ең 
алдымен көшеде қойын дəптерге түскен еді:
«Баласы арақ ішсе, шешесі у ішеді. Маскүнем, жаман бала жақсы
ананы ажалынан бұрын көрге кіргізеді.
Жақсы дос жаман əкеден артық.
Көшеде көлденең тұра қалып, бірінің ернің бірі жұлып жердей боп 
жалмап, жұрт көзінше сүйісіп жатқан қыз бен жігітте ар да, ұят та 
болмайды.
«Шошақай қыз шешесінің атына кір келтіреді», т.б. Өстіп барып 
«Махаббат, қызық мол жылдардың» осы күнгі нұсқасы дүниеге 
келді…
Сұрақ: Бұл кітап енді қашан қайта басылып шығады?
Жауап: «Махаббат, қызық мол жылдарды» қайта бастырып


шығару жайында «Жазушы» баспасына да, Қазақстан 
комсомолының Орталық Комитетіне де оқырмандардан көптеген 
өтініш тілектер түсті. Жер-жерде өтіп жатқан оқырмандар 
конференцияларында айтылған осындай тілектерді жəне ескере 
отырып, Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитеті 1971 жылдың
басында Қазақ ССР Министрлер Советінің Баспасөз жөніндегі
мемлекеттік комитеті мен «Жазушы» баспасына жас 
оқырмандардың тілегін айтып, бұл кітапты қайта басып шығару 
жөнінде ұсыныс енгізді.
Баспа бұл өтінішті ескере отырып, оны 1972 жылдың жоспарына
енгізді.
Сөйтіп бұл кітап 1972 жылы «Махаббат жырлары» деген атпен 
қайтадан шықты. Кітап екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімге 
«Махаббат жыры», «Ботакөз», «Əсем», «Ескі дəптер» кіреді, екінші 
бөлім «Махаббат, қызық мол жылдардың» бір өзінен ғана тұрады. 
Ең алғашқы жоспарым бойынша осылардың бəрінің басын қосып,
бір роман деп атадым. Романның бірінші бөлімінде: журналист
Ербол Есенов өзгелер туралы баян етсе, екінші бөлімінде өзі 
жəне өзінің достары туралы сыр шертеді.
Осы арада егер кітап қайта басылса, оған оқырмандар айтқан 
кейбір ескертпелер ескерілді ме деген сұрақ тууы мүмкін. Иə, 
ескерілді. Мəселен КАЗГУ-де өткен конференцияда Ербол 
Меңтайдың мойнын сілекейлей береді делінген еді. Енді Ербол
сілекейлемейтін болды. Сол сияқты артық деген абзацтар 
қысқартылды. Жұрттың тілегіне сəйкес кейбір беттерге 
толықтырулар жасалды.
Кітап 20 тараудан тұрады. Мұндай көлемді кітапты кейбір
авторлар бірнеше бөлімге бөледі. Əр бөлімді жеке-жеке 
тараулайды. Мен өйтпедім. Кітап ұнаса, оқырман бас алмастан 
оқыр, ұнамаса үш бөлімге бөліп, отыз тарауға таратып
секектетсең де оқымайды деп ойладым да, бұл жағының 
«техникасына» мəн бермедім. Осылай ойласам да жұрт бұған 
наразылық білдірмес пе екен деп іштей сезіктеніп жүрдім. Бақсам
бұған оқырмандар да мəн бермепті. Сондықтан кітаптың бұл
басылымында оны бөлімдерге бөлмей, бұрынғыша қалдырдым.
Қайта басылымында кітабым кемшіліктен жүз процент арылды
демеймін. Кем-кетіктері əлі де болар. Оларды жаңа 
оқырмандар көрсетер, сөйтіп тағы да түзетермін деп ойлаймын.


Сұрақ: Бұл кітапты Меңтай өлімімен бітіру жөн емес пе еді? Одан 
соң қалған кейіпкерлердің кейіннен кім болғанының керегі не?
Жауап: Өзі де солай, кітап Меңтай өлімімен бітіп тұр. Содан
кейін бір беттей ғана эпилог ретінде басқа кейіпкерлердің 
бүгінгі тағдырынан мəлімет беріледі. Өйткені «Махаббат, қызық 
мол жылдар» осымен бітеді. Олай болса, оқырмандардың өзге 
кейіпкерлердің кейіннен кім болғанын білгісі келер, ендеше бұл 
біреуге қажет болмағанымен, біреуге керек болар деп ойладым.
Оның үстіне кейбір оқырмандар бұл кітаптың жалғасы қашан
шығады деп сұрайды. Енді біреулер: «Махаббат, қызық мол 
жылдар» үш кітаптан тұруы керек. Қазіргісін екінші кітап деп 
есептеп, енді Ерболдың соғысқа дейінгі жəне университет 
бітіргеннен кейінгі өміріне арнап бірінші, үшінші кітаптарды жазу 
жөн деп кеңес береді. Əрине, ондай кітаптар болмайды. Ендеше 
кітаптың ең соңындағы эпилог орнындағы кішкентай тарауы 
оқушыға автордың осы ойын жеткізу жөніндегі жүкті арқалап тұр 
деп білген жөн.
Сұрақ: «Менің сіздерден өтінішім: «Махаббат, қызық мол жылдар» 
кітабын баршаға ортақ тіл - орыс тіліне аудартсаңыздар екен. 
Менің орыс, тəжік, дүңген, татар құрбыларым да оқысын бұл 
кітапты.
Алтай Жапарбекова, Жамбыл қаласы».
Осындай өтінішті Целиноград қаласынан Қасым Қарпышев,
Чернигов қаласында əскери борышын өтеп жатқан жауынгер 
Сағынбай Қаратаев жəне басқа оқырмандар да жолдаған.
Жауап: Оқырмандардың осы тілектерін ескере отырып, «Жазушы» 
баспасы бұл кітапты 1973 жылы орыс тілінде басып шығаруды 
жоспарлап, Ленинградта тұратын орыс жазушысы Г.А. 
Горышинмен шарт жасасты. Жазушы Глеб Горышин «Махаббат, 
қызық мол жылдарды» орыс тіліне аударып жатыр.
Мінеки, оқырман хаттарындағы авторға қойылған сұрақтардың ең
негізгілері осылар.
Осымен оқырмандарға жауабымды аяқтаймын. Əр жүректе
асыл адамгершілік, айырылмас махаббат болсын. Өмірден қол 
ұстасып өтер жан серік жалғыз жарын шын сүйе білмеген адам 
жолдасын да жақсы көре алмайды, коллективін де құрметтей 
білмейді. Жан жарына адал болмаған адам қылған қызмет, істеген


жұмыс, атқарған қоғамдық міндетіне де адал бола алмайды. 
Кеудесінде өз адамгершілік, берік махаббат ұя салмаған адам
анасына да, Отанына да адал бола алмайды. Жоғарыда
келтірген осы ойымды тағы да қайталағаныма кешірім өтіне 
отырып, əр жастың жүрегінде асыл махаббат болсын, сол 
махаббат əр жас семьяның алтын діңгегіне айналсын деп 
тілеймін, қырда жайқалған қызғалдақтай қыздарым мен өндірдей
өрен ұлдарым менің! Тек жас семьяның ғана емес, «махаббат» 
деген асыл жібекке түйілген отаншылдық, еңбекшілдік, достық,
туыстық, бауырмалдық, Октябрь революциясының ісіне,
дəстүріне жан-тəнімен берілгендік сезімдері біздің социалистік 
Ұлы Отанымыздың алтын діңгегі болсын деймін!
Жастықтың, жігердің, адалдықтың, адамгершіліктің алтын туы
асыл махаббат жасасын!
1 - 10 январь, 1972 ж.

жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау