Кіріспе
Құрметті оқырман бұл кітапты жазудағы басты мақсатымыз дара
тұлғаларымызды дәріптеп, өскелең ұрпаққа ұлылардың жүріп өткен
жолдары мен қилы ғасырға тап келген асыл ғұмырын насихаттау. Қазақ
жазушыларымен, ақындарының, сал-серілерінің шығармалырын, істеген
істерін үлгі ете отырып, өзге елдермен тереземіз тең екендігін жас ұрпаққа
жеткізу.Кемегер тұлғаларымыздың шығармалары арқылы өткен ғасырларға
үңіліп, енді ғана бүршік жарып бара жатқан қазақ елінің бұрмаланбаған
тарихын одан әрі нәрлендіру. Әр бір елдің өзінің мәдениетімен әдебиетін
таныстырып, өзгелерге көрсететін сол елдің ақын-жазушылары.
Сондықтанда көптеген елдерде оларға көп көңіл бөлінген. Мысалы
қытайдың Конфутциі, гректердің Герадоты, Италияндықтардың Моцарты
әлемдік деңгейде танымалдылығымен көш басында тұр. Ал олардың
шығармалары төл тарихтарымен байланысып, сабақтасқан. Өзгелердің
шығармасын тану арқылы сол елдің мәдениетімен танысамыз. Біз де сол
үшін алаш жұртының асыл қазынасына айналған тұлғаларымызды елеусіз
қалдырмай насихаттай беруге тіспіз.Иә, бірақ әлі талай даналарымыз бен
дараларымыз бұл кітапшадан орын алмауы мүмкін. Бірақ алдағы
ізденістердің нәтежиесінде барлығына қол жеткіземіз деген сенімдемін.
«
Абай жолы»
«Абай жолы» - қазақ жазушысы
Мұхтар Әуезовтың
тарихи романы.
«Абай жолы» – қазақ халқының тұңғыш роман-эпопеясы. 1-кітабы «Абай»
деген атпен 1942 жылы, 2-кітабы «Абай жолы» деген атпен 1947 жылы,
3кітап 1952 жылы, 4-кітап 1956 жылы жарыққа шықты. Төрт том 26
тараудан, 2 эпилогтан тұрады. «Абай жолының» бас кейіпкері – Абай
Құнанбаев. Біз ақынның өмірінің елу жылына айғақ боламыз. Абайдың
адам, азамат, ақын ретінде қалыптасуы сол жарты ғасыр ішіндегі қазақ
қоғамының барлық саласындағы өмірдің барлық ойы-қыры,
қияқалтарысымен өріле суреттеледі. Абай арқылы өткен ғасырдың екінші
жартысындағы және осы ғасырдың басындағы бүкіл халық тіршілігін, оның
көп бұралаң тағдырын, ой-арманын, мақсат-мүддесін, күрес-тартысын...
бәр-бәрін түгел шарлап өтеміз. «Халық» дегенде, бұл ұғымның негізінде
ұлттың әдет-ғұрпы ғана емес, ұлттық рухы жататыны сөзсіз. Демек, «Абай
жолында» кешегі қазақтардың тұрмысы, әдет-ғұрпы ғана емес, күллі рухы
сайрап білініп тұр.
Бұл шығарма оқушыға қызықты қиял мен өрен ой өлкесін кездіріп, талай
терең толғаныстар тудырады. Ол қазақ әдебиеті туындыларының маңдай
легінен орын алады деу аздық қылады, әлемнің басқа елдерінде онымен тең
түсер шығарма табу қиын.
|