Маемиров асхат максимович


Диссертациялық зерттеу жұмысының теориялық және практикалық



жүктеу 1,12 Mb.
Pdf просмотр
бет8/25
Дата12.06.2023
өлшемі1,12 Mb.
#42973
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25
 Диссертациялық зерттеу жұмысының теориялық және практикалық 
маңыздылығы: 
Диссертациялық жұмыстың маңыздылығы отандық театртану 
ғылымында Қазақстанның театр режиссура өнерінің тәуелсіздік жылдарындағы 
мемлекетіміздің мәдени кеңістігіндегі рөлі мен шығармашылық болмысын 
қазіргі уақыт қырынан зерттеу өзектілігін көтеруінде жатыр. Зерттеу 
жұмысында режиссурадағы сабақтастық пен жаңашылдық ерекшеліктерін 
анықтау тұрғысында өнертанушылық және тарихи-театртанушылық талдау 
жүргізіліп, бұл мәселенің әрі қарай зерттелуі үшін теориялық негіздері 
дайындалды.
 
Диссертациялық жұмыста қол жеткізілген нәтижелер Қазақстандағы 
заманауи режиссура өнерінің төңірегіндегі тұжырымдамаларды тереңдете 
түсіп, олардың ғылыми-теориялық маңыздылығын әлемдік театр кеңістігіне 
алып шығу қажеттілігін көрсетеді. Зерттеу барысында қол жеткізілген ғылыми 
нәтижелер өнертанудың барлық салаларына, әсіресе театртану үшін пайдалы 
әрі маңызды.
Автордың пайымдауынша, диссертацияда ұсынылатын ғылыми қағидалар 
мен ой-пікірлер, өзекті мәселелер өнер бойынша мамандықтарды дайындайтын 
жоғарғы оқу орындарындағы, соның ішінде театртану мамандандыруы 
бойынша оқитын студенттер, магистранттар мен докторанттардың теориялық 
білімін кеңейтіп, Қазақстанның театр режиссурасының қазіргі үдерісі мен даму 
үрдістерін зерделеуге, тереңірек үңілуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, зерттеу жұмысындағы автордың ұсынған ғылыми нәтижелері 
мен ой-тұжырымдарын қазақ театрының тарихы, қазіргі театр үдерісі, актер 
шеберлігі, режиссураға кіріспе пәндерінде оқытуына, сол сияқты гуманитарлық 
бағыттағы оқу орындарында арнаулы курс, семинар дәрістерінде пайдалануға 
болады. Қазақстанның театр режиссурасындағы сабақтастық пен жаңашылдық 
мәселесін зерттеудің теориялық-театртанушылық және оқу-әдістемелік 


14 
тұрғыдан практикалық маңызы зор. Зерттеудегі мәселенің ғылыми қойылымы 
лабораториялық немесе эксперименттік спектакльдерді сахналау барысында 
режиссерлер үшін әдістемелік-практикалық нұсқау бола алады. Сонымен бірге, 
студенттердің, магистранттар мен докторантардың, жоғарғы оқу орындары 
оқытушыларының оқу-әдістемелік және зерттеу жұмыстарында, ғылыми 
жобаларында қолдануылуына және жалғастырылуына мүмкіндік береді. 
Келешекте осы докторлық диссертацияның негізінде Тәуелсіз Қазақстанның 
театр режиссурасыдағы сабақтастық пен жаңашылдық ұғымы бойынша арнайы 
курстар мен оқу-әдістемелік құрал жасауға болады.

жүктеу 1,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау