11
атағын беру арқылы Елбасымыздың өзі, режиссердің ұлттық құбылыс пен
өнердегі эталон екендігін нақты дәделдеді.
– Тәуелсіздік арқылы кеңестік идеология зардабынан рухани бейнесін еске
алу былай тұрсын, есімдерін атауға тыйым
салынған тарихи тұлғаларды
ұлтымызбен қайтадан табыстыру үрдісі режиссурада басты бағытқа ие болды.
Бұл үрдіс өз кезегінде халықтың елдік рухын биіктетіп, ұлттық мақтаныш
сезімін оятып қана қоймай, жасампаздық идеясымен қаруланған Қазақстанның
рухани тұрғыда қайта түлеуіне жол ашты. Халықтың ұлттық санасы мен
рухының тарихи тамырымен әрқашан бір болу керек екендігі, мәдени мұрасын
сақтауға деген әрекетінің белсенді болу қажеттігі режиссурада басты ұстанымға
айналды.
– Бұл жылдары қазақ режиссурасы бұрын қозғауға болмайтын жабық
тақырыптарды еркін және батыл түрде көтеріп, халқымыздың көлеңкелі
тұстарындағы тарихи фактілерді сахналық құралдар арқылы қойылымдарға
арқау етіп, ұлттық жаңғыру идеясы мен әлеуметтік-рухани қайта түлеу
үдерісіне мол үлес қосты.
– Республика шеңберінде дәстүрлі түрде өтетін театр фестивалдері,
халықаралық байқаулар арқылы Қазақстан режиссурасының жаһандық
үрдістермен астасқан заманауи ерекше мәдени түсініктер мен құндылық
бағдарлары құрылымын туындатты. Еуразияның
театр кеңістігіндегі
мәдениеттердің бір-бірімен тоғысуының, бірін-бірі танып-білуінің, жақындаса
әрекеттесуінің арқасында Қазақстан режиссурасының әлемдік стандарттарға
сай даму жолдары анықталды.
– Әлемде баламасы жоқ ұйғыр, неміс, кәріс және орыс театрларының
шығармашылық келбеті, репертуарлық саясаты негізінде – жас көрермендерге
толеранттық пен бірлік негізіндегі Қазақстандағы ұлттар мен ұлыстардың
өздерінің салт-дәстүрін, әдет-ғұрыпын, тілі мен дінін танып-білу арқылы,
этникалық қауымдастықтарды гуманистік үдерістерге сүйене отырып,
бірлесе
өмір сүру маңыздылығының мәнін ашуға ықпал етті. Еліміздегі өзге ұлт
театрларының сахнасында мемлекет құрушы ұлт ретіндегі қазақ халқының
рухани құндылықтары мен тарихи өткен жолдарын драма тілімен сөйлетіп,
Елбасы көтерген «Мәңгілік Ел» доктринасы аясында «Бір ел, бір тағдыр, бір
халық» идеясын режиссерлер көркемдік шоқтығы биік қойылымдар арқылы
қоғам назарын рухани-адамгершілік құндылықтарға бұрып, Қазақстанның
заманауи сахна өнерінің этносаралық жасампаз ұстанымдардың бастауы бола
алатындығын дәлелдеді.
– Әзірбайжан Мәмбетов – Қазақстандағы авторлық режиссураның негізін
салушы тұлға, әрі кеңестік кезеңдегі қазақ театры мен тәуелсіз мемлекетіміздің
сахна өнері арасындағы «алтын көпірі болды» деп нақты тұжырым жасалынды.
– Қазақ театр сахнасында К.С.Станиславский жүйесімен
жұмыс жасаған
А.Тоқпанов пен И.Мадиевскийдің режиссерлік әдістемесі – М.Байсеркенов,
Е.Обаев,
Р.Андриасян,
Ә.Рахимов,
Х.Әмір-Темір,
Е.Оразымбетов,
Ә.Оразбеков, М.Ахманов режиссурасында кәсіби түрде жалғастық тапты.
12
Кейіпкержандылық сезім үдерісін ояту, тебіреніс арқылы көрермендерге әсер
ету,
реалистік
дәстүрге
негізделген
орындаушылық
шеберлікті
қалыптастыруда, сабақтастық ұғымының Қазақстан режиссурасында өркен
жайғанын дәлелдеді. Олардың режиссурасында ұлттық мінездердің даралығы,
ана тіліміздің әуездік, дыбыстық табиғаты, шешендік өнер қырлары терең
ашылып, спектакльдердің көркемдік құндылығын арттырды. М.Байсеркенов,
Е.Обаев, Р.Андриасян, Ә.Рахимовтар театрдың ең басты шығармашылық
әлеуеті – актерлерді тәрбиелеудің мектебін қалыптастырған, Қазақстанның
театр педагогикасының деңгейінің өсуіне ат салысқан ұстаз–режиссерлер
болды.
– Саңлақ сахнагер Ә.Мәмбетовтің шәкірттері - Н.Жақыпбай мен Б.Атабаев
Қазақстанда «мектеп-студия-театр»
құрылымын тұңғыш қалыптастырып,
өздері құрған театр базасында шәкірттерін бір мақсат, бір идеяға жұмылдыра
отырып, актерлік техниканы таптаурындықтан, стереотиптерден арылтып,
сахналық бейнелеу құралдарын жаңғыртты. Сонымен қатар, Қазақстанның
сахна өнерінде мюзикл жанрының қадам басуына дәнекер болып, алғаш
сахналаушы режиссерлер ретінде тәуелсіз еліміздің театр тарихынан орын
алды. Н.Жақыпбай –
пластикалық театр, Б.Атабаев – рационалдық театр
әдістемесімен жұмыс жасай отырып, режиссурада философиялық таным мен
тағылым қалыптастырып, көрермендердің интеллектуалдық деңгейінің
биіктеуін көркемдік ұстанымдарына айналдырды. Қазақ театрының әлемге
танылуына ұйытқы болды. Көрнекті режиссер Ж.Хаджиев – халықтық
дастандар мен эпикалық драмаларға интерпретация жасауда батыл
эксперименттік шешімдер жасап, «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»,
«Қарагөз», «Ақан сері – Ақтоқты», «Ерте ояндым, толғандым» қойылымдары
арқылы қазақ ұлттық классикасын өзгеше сөйлетудің заманауи озық үлгілерін
көрсетті. Авторлық режиссураның хас шебері – «шартты театр»
заңдылықтарына сүйене отырып, сахнаны тұрмыс-салттық
элементтерден
арылтып, шығарманың философиялық мазмұнын аша отырып, көрермендерге
қойылым рухын ұғындыруды алдыңғы кезекке шығарды.
– Қ.Қасымов, Қ.Сүгірбеков, А.Кәкішова, Н.Дубс, К.Адылов, Г.Мерғалиева,
Г.Пьянова – Қазақстан режиссурасын авангардтық бағытта дамытып,
эксперименттік-лабораториялық жұмыс жасаудың еуропалық үлгісін жасай
білді. Классикалық пьесаларды және қазіргі драматургиялық туындыларды
инновациялық тұрғыда, небір заманауи құралдар арқылы сахналай отырып,
өздерінің режиссерлік шешімінде жалпыадамзаттық және ғаламдық
мәселелерді көтеруімен, рухани-эстетикалық маңыздылығымен ерекшеленді.
Өз қойылымдарындағы актерлер ойынында кейіпкержандылық пен
кейіпкерсындылық
мектебінің
техникасын
сабақтастырып,
Қазақстан
актерлерінің бейне сомдаудағы ерекшелігін көрсете білді.
– 2010-шы жылдардан бастап Қазақстан режиссурасының постмодерндік
бағытында жұмыс жасауға талпынған жас буын өкілдері Е.Нұртазин,
Е.Нұрсұлтан, Д.Жұмабаева, Ә.Баймаханова, Б.Абдрахмановтар
пластикалық
13
театрдың, физикалық театрдың құрылымын сахнаға әкелуге қадамдар жасады.
«Жаңа драма» бағытындағы пьесаларды сахналау арқылы бүгінгі замандастар
бейнесін, олардың ортасын, тағдырын, виртуальды әлеммен қаруланған
болмысын сипаттаумен және сценорграфиядағы минимализммен ерекшеленді.
Қазақстанға мюзикл жанрының басталуына себепкер болған орта буын
өкілдерінің режиссурасынан – Еуропалық театр үдерісінің эстетикасы көрініс
тауып отырды.
– Тәуелсіздік жылдарындағы театр режиссурасында сабақтастық пен
жаңашылдық бағыттары кең тұрғыда қанат жайып, өзіндік қолтаңбасы мен
авторлық стилі қалыптасқан, көркемдік деңгейі жоғары режиссерлер шоғыры –
мемлекетіміздің сахна өнері мен мәдениетін
халықаралық деңгейге алып
шығуға ат салысқан суреткер тұлғаларға айналды. Қазақстан режиссурасы
ұлттық театр өнерін дамытудың өркениетті үлгілерін көрсетті. Аға буын, орта
буын, жас буын өкілдері Қазақстанның режиссерлік өнеріндегі ұрпақтар
сабақтастығының нақты көрінісін анықтап, болашақ даму жолдары мен
перспективасын айқындады.
Достарыңызбен бөлісу: