КӘСІБІҢ – НӘСІБІҢ
Округ әкімі Сағат Сұлтано-
втың сөзіне қарағанда қазіргі
ауыл тынысы қалыпты. Елдің
әлеуметтік жағдайы да жақ-
сарған. Кәсіпкерлікке бет бұрған
ауыл азаматтары да аз емес.
«Кәсібің – нәсібің» деген қағида-
ны ұстанған ауыл жастары түрлі
бағыттардағы гранттарға қаты-
сып, оны ұтып алып та жатыр.
Әрине, қатысу бір басқа, ал оған
лайықты бағдарлама-жоспар жа-
сап, оны қорғай білу бір басқа.
Бұл тұрғыдан келгенде шеңбер-
лік жастардың шаруаға деген
ыдығы көрініп тұр.
– Қазір ауылдық округ ау-
мағында 3 шағын кәсіпкерлік
субъектісі жұмыс істейді. «Ер-
ден-Едіге», «Нұрсәт» азық-түлік
дүкендері халыққа қызмет көр-
сетуде. Десек те, осы бағыттағы
жұмыс ауқымын кеңейтуге ниет
етіп те жатырмыз. Өткен жылы
кәсіпкерлікті дамыту және қол-
дау аясында бөлінген аудан
әкімі грантын Саламат Бірлік пен
Жұмағат Елдос (750,0 теңгеден)
қоғамдық монша салу бағыты
бойынша алып, іске асырса,
биылғы жылы Саламат Бірлік –
900,0 теңге грантты жеңіп алып
отыр. Ол бұл қаржыға әртүрлі
пішінді, құм-цементті блок «пе-
скоблок» шығаратын цех ашпақ,
– дейді Сағат Нүриденұлы.
АЛДА
АУҚЫМДЫ МІНДЕТТЕР ТҰР
Округ әкімі Сағат Сұлтанов
әңгіме барысында алда тұрған
жұмыстарын да тізіп шықты. Ол
әсіресе елдің қалаға, өзге де
өңірлерге қиындықсыз қатынауы
үшін жол қатынасын дұрыс жолға
қоюды басты мақсат етіп оты-
рғанын айтты. Осы орайда жол
бойындағы
«Ашылысайдағы»
суағар құбырға жөндеу жұмы-
старын жүргізу үшін – 4.938.000
теңге қаралғанын (қаржысы
алынды, биыл жасалынады),
Ұлытау көшесін асфальттауға
– 51.173.000 теңге, Орталық
көшесін асфальттау жұмыста-
рына – 60.833.000 теңге «ЖСҚ»
дайындап өткізіп, сұраныс беріп
қойғанын, қаржысы беріледі де-
ген үмітте екенін жеткізді.
Ауылдағы шешімін таппай
келе жатқан мәселелердің бірі –
ауыз суды үйді-үйге енгізу мәсе-
лесі екенін, осы бағытта биылғы
жылы үлкен жұмыс тұрғанын да
бүкпесіз айтты.
Ауылдағы ескі, пайдаланыл-
май тұрған ғимараттарды іске
асыру бағытында да ауқымды
жобалар бар екен. Соның бірі
– білім бөлімі есебіндегі ескі
жылу қазандығының ғимаратын
балансқа алып, жылытылған ав-
тотұраққа айналдыру мәселесі
де қолға алынып жатыр екен.
– Осыдан екі жыл бұрын
ауылдың арғы-бергі тарихынан
сыр шертетін энциклопедиялық
жинақ шығаруды қолға алған бо-
латынбыз. Бүгінгі күні кітап бас-
паға ұсынуға дайын. Оның сы-
ртында елді мекенге «Әнұран»
болатындай әнге мүшәйра жа-
рияланған болатын. Қазір сөзіне
ән жазылған алты туынды дай-
ын тұр. Осының аясында, әрі ту-
ризмді жарнамалау мақсатында
мамыр айында үлкен деңгейде
іс-шара өткізуді жоспарлап отыр-
мыз. Осы іс-шара негізінде өтетін
«Аламан бәйге», «Күрес» «Қыз
қуу» тағы басқа ұлттық спорттық
ойындарға қаржы қаралса деген
өтінішім де бар, – дейді Сағат
әкім ағынан жарылып.
Достарыңызбен бөлісу: |