Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования



жүктеу 12,08 Mb.
Pdf просмотр
бет48/271
Дата10.04.2023
өлшемі12,08 Mb.
#42092
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   271
Әдебиеттер
1.Гуськова Алла Геннадьевна 5-6 сыныптарға арналған есептер. Ульяновск қ-сы; 2018 ж. 
2. Қ.Кервенев,Ү.А. Қосыбаева, Н.Қ. Шаматаева, С. Хабдолда, Д.М. Ахманова Математикалық 
сауаттылық.Қарағанды қ-сы, Акад.Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды ун-ті КЕ АҚ-ның баспасы, 2020 


100 
Алибекова Г.А 
КГУ СШ №74 г.Караганда 
 
ХИМИЯ ПӘНІНДЕ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ЖАҚСАРТУ 
Қазақстан күн сайын қарқынды дамып келеді және ұлттың зияткерлік әлеуетін 
қалыптастыруға батыл қадам жасап отыр. Елдің білім беру жүйесі терең де сатылы стратегиялық 
жаңғырту кезеңін бастан өткеруде. 
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруі процесінде де маңызды 
болып табылады. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу 
жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға 
және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын 
тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. 
Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа кіру қабілеттілігі 
және аса тез бейімделуі мен жұмыс істеуі. 
Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, білім берудің (бірінші кезекте жалпы білім 
беруді) көп жоспарлы адамзат қызметімен байланысын біріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану 
тәсілі ретінде түсіндіріледі. 
Функционалдық сауаттылықтың ерекшеліктері:

оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру үшін базалық деңгей болып табылады; 

тұрмыстық проблемаларды шешуге бағытталады; 

адамды нақты жағдайлардағы тәртібіне байланысты сипаттайды; 

стандартты мәселелерді шешу мен байланысты; 

ең алдымен ересек адамдарды бағалау үшін пайдаланылады. 
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру – білім беру процесінің негізі болып 
табылады. Ал, күнделікті тез өзгеріп жатқан дүниеде білім беру сапасына деген жауапкершілікті 
күшейту қажет. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. Осы орайда 
мектептерде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалай дамытуға болады, оның тиімділігі 
неде?- деген заңды сұрақ туындайды. 
Функционалды сауатты оқушы – бұл пәндік, пәнаралық, интегративтік білімдер, ептіліктер, 
дағдылар және функционалдық мәселелерді шешу әдістері жиынтығы ретінде алынатын іс 
процесінде пайдаланылатын, қабылдау, ақпаратты өзгерту, типтік оқулық және қоғаммен қарым-
қатынас есептерін шығару процесімен байланысты қажетті және жоғары деңгейдегі білімге ие 
болатын тұлға.
Жаратылыстану ғылымдарының (физика, химия, биология, география) объективті негізі, ол 
ғылымдардың зерттелуіндегі әртүрлі формада, яғни физикалық, биологиялық, геологиялық зерттелу 
формасында болуы.
Сабақта төмендегідей әдіс-тәсілдерді қолдану оқушылардың сабаққа ынтасын арттыра 
отырып, білім сапасын жетілдіріп, функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыруға зор ықпалын 
тигізеді деп ойлаймын.Атап айтсам: «Жұптағы ой қозғау», «Аквариум», «Кластерлер», «Ойлан, 
жұптас, талқыла», «Серпілген сауал», «Еркін жазу», «Сұрақтар шеңбері», «Атаулар туралы үш 
сұрақ», «Ыстық орындық». Сондай-ақ сабақта ойынды ұйымдастырғанда оқушылар бір-біріне 
көмектесетіндей, бір-бірімен бірігетіндей жағдай жасау керек. Сонда сабақ тек білім беру қызметін 
ғана емес, тәрбиелеу қызметін де атқарады. Мұндай сабақтардың өтілуі нәтижесінде оқушыларда 
бір-бірімен сөйлесе білу мәдениеті, тәртіптілік, топқа және бір-біріне жауапкершілік сезімнің 
болуы, өзін және өзгені бағалай,тыңдау қасиеттері қалыптасады. Ауқымды материалдан қажетті 
ақпаратты тауып, шешім қабылдауға дағдыланады, сөздік қоры дамиды.
Химия сабағындағы оқушылардың өзіндік жұмыстары сан алуан сарамандық тәжірибелерді 
орындаулары, есептерді шығаруы, формулалар бойынша реакциялардың теңдеуін құрастыру, 
жаттығуларды орындау, бақылау және тексеру жұмыстарын орындау, оқулықпен жұмыс, 
анықтамалар және әр түрлі қосымша әдебиеттермен жұмыс т.б. Оқушылар ұжымы бір тақырыпты 
немесе бір жоспар бойынша бірнеше топқа бөлініп жұмыс жасайды. Сарамандық жұмыстарды 
бірлесіп орындап, есептерді бірлесіп шешеді, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Мақсаты – пән 
бойынша алған білімдерін жүйелеп, бекіту, тексеру және шығармашылық қабілеттерін шыңдаумен 


101 
қатар, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту болды. Мұнда «Химия тұрмыста», «Химия 
медицинада», «Химия айналамызда», «Химия техникада» тақырыбында оқушылар постер қорғап, 
өз ойларын ортаға салды. Оқушылардың ғылыми жаратылыстану ғылымының білім сапасының 
деңгейін көтеруге арналады. 
Нақты жағдайларда білімдердін қолдана отырып сауаттылығын дамыту мақсатында
мектептің химия курсының тақырыптарына білім мен біліктілікті дамытуға негізделген 
тапсырмалар беріп отырамын. 
Оқушылардың оқу әрекеттерін ұйымдастыруда теориялық материалдарды нақты 
мысалдармен, сызба, диаграммаларларды қолдану арқылы тапсырмалар құрастырамын. 
Осылайша химия сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру арқылы келесi 
сапалы нәтижелерге жетуге мүмкiндiк бередi: 
- оқушылардың ойлауын дамыту, белсенді түрде талқылап, салыстырып, қажеттi қисындық 
(логикалық) байланыстарды өздігінен тұрғыза отырып, қорытынды жасауына, химиялық тілдің 
дамуына; 
- оқушылардың танымдық қызметiнiң белсенділігі, оның дербестiгi мен зерттеушiлік сипатының 
жоғарылауына; 
- сабақтың әрбiр минутында танымдық қызметке iс жүзiнде әрбiр оқушының 
қатыстырылуына; 
- топтық, өз бетінше жұмыс жасай алуына; 
- оқушылардың оқу еңбегiнiң тиiмдi дағдыларының қалыптасуына. 
Химия пәні барлық мектеп пәндерімен біріге отырып, оқушылардың жан-жақты дамуы мен
тұлғанның қалыптасу мәселелерін шешеді. Химияны оқу барысында алған білім, білік, дағдылар 
мектеп түлектерінің қазіргі заманға тез бейімделуіне көмек береді. 
Оқушылардың өзіне тапсырмаларды көбірек етіп беріп, оларға химиялық проблемаларды 
шығармашылықпен шешу тәсілдерін біртіндеп түсіндіру қажет. “Адам қоғамдық, мемлекеттік 
барша мүдделері үшін және бүкіл адамзат үшін пайдалырақ болса, соғұрлым кемелдене түседі” 
деген Д.И. Менделеев. Олай болса, сапалы білім табысты оқуға қол жеткізу басты талап екендігін 
ескере отырып, бүгінгі таңда оқушыларымызға білім берілуімен маңызды емес, маңыздысы – білім 
беру сапасын көтеру және олардың білімі терең, ойы ұшқыр, функционалдық сауаттылығы жоғары 
адам болып қалыптасуына ықпал жасау біздің міндетіміз деп ойлаймын. Және де Абай 
Құнанбаевтың “Бұлақ көрсең көзін аш” деген ұлағатты сөзді негізге ала отырып, бар мүмкіндікті 
пайдаланып, өзім тәрбиелеп жатқан оқушыларымның қабілеттерін, сауаттылықтарын дамытуды 
парызым деп санаймын. 
Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар: 
-белсенділік 
-шығармашылық тұрғыда ойлау 
-шешім қабылдай алу 
-өз кәсібін дұрыс таңдай алу 
-өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. 
Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. Қазіргі таңда оқушының 
функционалды сауаттылығымен қалай күресу керек? Білім беру саласында ойымыз сан-саққа 
жүгіреді. Егерде әр қайсымыз терең ойланып, біліктілігімізді жетілдіріп отырсақ осы сұрақ 
төңірегінде әр мұғалімді ойландырып сабақтарында жаңа бағыт тауып жұмыс істеуге итермелейтін 
күш туар еді. 
Қоғам талабына сай біз, ұстаздар оқушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылығын 
қалыптастыру мен дамыту үшін жаңа инновациялық технологияларды игеріп, оларды оқу 
процестерінде қолданудамыз.
Тапсырмалардың жаңа әдістемелерін қолдана отырып : 
•Оқушыларды қызығушылығын оятуға 
•Жаратылыстану сауаттылығын арттыруға жағдай жасауда. 
Менің педагогикалық іс-әрекетімнің негізігі мақсаты – оқытудың белсенді түрлері мен 
әдістерін қолдана отырып, химия пәнін оқытудың сапасын арттыру болып табылады. Сондықтанда 
өз сабақтарымда әртүрлі тәсілдері қолдануға мүмкіндік беретін оқу әдістерін қолдануға 
тырысамын.Пәнді оқытуда пән кабинетінің заман талабына сай болуы зор ықпал етеді деп 
ойлаймын. 


102 
Қортындылай келе, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға 
бағытталған білім мазмұнын игерген оқушылардың білімдері мен біліктері өмірлік жағдаяттарда 
қолдана білуді, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істей білуді және алынған ақпараттарды сыни 
тұрғыдан бағалай білуді, өзінің болжамдарын ұсыну және зерттеулер жүргізу, өзінің ойын негіздей 
білуді; іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық 
қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалануды 
қамтамасыз етеді. 

жүктеу 12,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   271




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау