417
Оқушылардың өздері әкелген тұрмыстық ұсақ-түйек заттары да муляж жасауда қолданысқа
пайдаланылып, кәдеге жарады.
Сабақ арасында сергіту сәті жасалды, әр топ өз жәндіктерін интерпретациялап дыбыстар
шығарып әртүрлі қозғалыс қимылдарын 2-3 минут белсенділікпен қызықты көрсетті, серігу
кезінде де балалар шығармашылықтың тағы да бір қырын көрсете білді. Топтағы балалар өз
жұмыстарының күшті және әлсіз жақтарына тоқталып, өзіндік баға беріп, рефлексия жасалды.
Сабақ соңында әр топ мүшелері жұмыстарын сынып алдында қорғады, эскиз және муляж
бойынша жеткен жетістік, кемшіліктер туралы айтылды. Жалпы идея мен жұмыс соңына дейінгі
кезеңдермен пікір алмасты. Әр топ шыққан топтарды бағдаршам үлгісінде бағалады. Сабақ
аяғында оқушылар өз пікірлерін стикерге жазып тақтаға қалдырды.
Қорыта айтқанда, сыни тұрғыдан ойлайтын оқушыларда белсенділікбайқалады, олар
сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар
қолданады, ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімділікпен қарайды.
Оқушылар әлемді түсіну үшін құрылымдар мен модельдерді игеріп қана қоймай, өз
құрылымы бар ортаға қатысады. Оқу сан алуан тәжірибелік қызметке қатысуды қамтиды [1,
78б.].
Үй тапсырмасын бергенде оқушының сабақта алған білімін әрі қарай өзінің
мүмкіндігінше дамытуына мүмкіндік беремін. Сабақта және үйде орындаған жұмысының
нәтижесінде оқушының пәнге деген қабілеті және қызығушылығы артады. Мысалы, 7-сыныпта
«Бейнелеу өнеріндегі заманауи бағыттар» тақырыбында оқушылар топтық тапсырмаларда:
«Инсталляция», «Поп-арт», «Граффити» және «Абстракционизм» бағыттары бойынша сабақта
зерттеу жұмыстарын жүргізеді, әр топ пікірлерін білдіріп, дәлелді материалдарды сынып
назарына таныстырып қорғайды.Үйге тапсырма берілгенде осы ойларын әрі қарай дамыту
мақсатында әр топтың мүшелеріне өздері зерттеген тақырыптың бір нұсқа-үлгісін дайындап
келуі ұсынылады. Сонда оқушының сабақта зерттеген тақырыбы үй тапсырмасы негізінде
жалғасын тауып, толыққанды нәтижеге жетеді.
Оқу үрдісіндегі тәжірибе көрсеткендей соңғы бір-екі жылда оқушылардың жаңа пәннің
талаптарына төселіп қалғандары байқалады және қуантады. Әсіресе зерттеу жұмыстарында
оқушылардың бірден интернет желісінде ақпараттар табу, және қорғау жұмыстарында қолданыс
табуы, жаңартылған білім берудің өз алдына жақсы жолда келе жатқандығын дәлелдей түседі.
Достарыңызбен бөлісу: