167
VI БӨЛІМ.
ТАҒАМ ӨНІМДЕРІН ЛАСТАУ КӨЗІ
РЕТІНДЕ ҚАРАСТЫРЫЛАТЫН ПОЛИМЕРЛІ
ЖƏНЕ БАСҚА ДА МАТЕРИАЛДАР
Тағам өнеркəсібі жəне қоғамдық тамақтандырудағы полимерлі
материалдардың қолданылу спецификасының мəні азық-түлік
шикізаты жəне тағам өнімдерімен байланысуында жатыр
.
Сондықтан полимерлі материалдарға оларды қолдану бағытынан
тыс, қауіпсіздігіне де арнайы талаптар қойылады.
Полимерлер синтетикалық жəне табиғи түрде болады, соңғысы
химиялық өңдеу əдісімен модификациялануы мүмкін. Тəжірибеде
көрсетілген полимерлер таза күйінде емес, түрлі
қоспалармен бірге
қолданылады. Бұл жағдайда полимерлі композициялар құрамына
полимерлерге белгілі бір қасиет беруге арналған қаттыландырғыш,
пластификаторлар, толтырғыштар, бояғыштар, саңылау түзгіштер
жəне басқа компоненттер енгізеді.
Тағам өнімдерімен қатынасқа түсетін
полимерлі материалдар
қажетті эксплуатациялық қасиеттері бар жəне гигиеналық талаптарға
сəйкес болуы тиіс. Эксплуатациялық қасиеттер (химиялық төзімділік,
өткізгіштік жəне т.б.) тағам өнімінің тағайындалуына, қаптау неме-
се жабдықтарды пайдалану шартына тəуелді болады.
Гигиеналық
талаптарды токсикологиялық жəне басқа да арнайы зерттеулер
нəтижесінде Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
органдары əзірлейді жəне бекітеді.
Полимерлі жəне басқа да материалдардың қаптама ретінде
қолданылуы:
– өнімнің қапталу жəне тасымалдану мүмкіндігін қамтамасыз ету;
– қоршаған орта əсерінен, ауру тудыратын жəне
зиянды
микроағзалар əсерлерінен қорғау;
– өнімнің тағамдық құндылығын сақтау;
– өнімнің жарамдылық мерзімін ұзарту жəне т.б. міндеттерді ше-
шуге бағытталған.
Материалдар өнімнің органолептикалық қасиетін өзгертпеуі жəне
жоғарыда айтылғандай адам ағзасына кері əсерін тигізетін химиялық
заттар бөлмеуі тиіс. Қоспалар жəне төмен молекулалы қоспалар
химиялық түрде полимерлермен байланыспайды,
сондықтан белгілі
жағдайда олар тағам өніміне тез өтіп, адам денсаулығына кері
əсерін тигізуі мүмкін. Полимер немесе басқа материалдар құрамына
168
уыттылығы бар заттар кірмеуі керек. Мұндай заттардың тізімін адам
саулығы жəне тұтынушылардың құқығын
қорғауды қадағалау бой-
ынша мемлекеттік қызмет органдары анықтайды.
Қоспалар биологиялық белсенділігі, полимерлі материалдар-
дан орын ауыстыру деңгейіне, ағзаға зиянды əсер етуіне байланы-
сты рұқсат етілетін жəне рұқсат етілмейтін болып екіге бөлінеді.
Қоспаларды пайдалану токсикологиялық
сараптамада анықталған
гигиеналық нормативтермен регламенттеледі. Мұндай норматив-
терге ОАРЕМ – орын ауыстырудың рұқсат етілетін көлемі, мг/л;
ТМРЕМ – тəуліктік максималды рұқсат етілетін мөлшер, мг/л – жа-
тады.
Полимерлі материалдарды өндіру технологиясында келесі
қосылыстар жиі қолданылады:
Достарыңызбен бөлісу: