Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов


Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін



жүктеу 1,24 Mb.
Pdf просмотр
бет8/113
Дата05.04.2023
өлшемі1,24 Mb.
#42025
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   113
азык тулык китап

1.4. Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін 
қамтамасыз ету критерилері
Қазақстан Республикасының жəне оның аймақтарының азық-
түлік қауіпсіздігі – халықтың қалыпты тіршілік етуін қамтамасыз 
етуге мүмкіндік беретін деңгейде, азық-түлікке деген қажеттілікті 
қанағаттандыруға кепілдік беретін мемлекеттің қабілеті ретінде 
қарастырылады.
Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі 
критерилеріне: 
– халықтың қоректі заттар мен энергияға физиологиялық 
қажеттілігін қанағаттандыру деңгейі, адам денсаулығына қауіпті 
тағам өнімдеріндегі заттарды ең төменгі деңгейге түсіріп, адам 
тамағының рационына сəйкестендіру;
– тағам өнімдерінің физикалық жəне экономикалық тұрғыдан 
халықтың түрлі топтарына қолжетімді болуы, Қазақстанның азық-
түлік нарығында бағаның тұрақты болуы;
– азаматтарды тағам өнімдерімен қамтамасыз етуді тəуелсіз ету 
деңгейі жəне агроөнеркəсіптік кешенді ресурспен қамтамасыз ету 
арқылы шетелден сатып алынатын тауарлардан тəуелсіз ету деңгейі;
– отандық агроөнеркəсіптік кешен салаларының даму деңгейі 


14
жəне қарқыны, олардың кеңейтілген түрде ұдайы өндірілуін 
қамтамасыз ету мүмкіндіктері;
– мемлекеттің стратегиялық азық-түлік қорларының жəне 
жеделдетілген (оперативті) азық-түлік қорларының өлшемдері жа-
тады.
Ұлт денсаулығын сақтау жəне нығайту үшін аймақтардың 
құрылымымен келісілген, табиғи жəне экономикалық жағдайларды, 
демографиялық ерекшеліктерді, еңбек қызметінің түрлерін 
жəне ұлттық дəстүрлерін ескере отырып, толық құнды тағаммен 
қамтамасыз ету қажет.
Адам ағзасының қоректік компоненттерге жəне энергияға деген 
физиологиялық қажеттілігін қанағаттандыра отырып, бір уақытта 
тағам өнімдері ауруды алдын алу жəне емдік қызмет атқаруы тиіс. 
Экстремалды жағдайда жұмыс істейтін жұмысшылар, балалар, кəрі 
жастағы адамдар жəне созылмалы аурумен ауыратын науқастардың 
тиімді тамақтануын ерекше назарға алу қажет. 
Азаматтар тамақтануының минималды рұқсат етілетін деңгейі 
ретінде тұтыну нормасы қабылданады, ол тағам өнімдерінің саны 
жəне ассортименті, құрамындағы қоректік заттары мен энергети-
калық жеткіліктілігі бойынша минималды тұтыну кəрзеңкесін есеп-
тегенде шығады.
Азық-түлікті тұтыну қауіпсіздігін сипаттайтын параметрге тағам 
өнімдеріндегі денсаулыққа зиянды заттардың шекті рұқсат етілетін 
мөлшері жатады.
Адамдардың тағамдық заттар жəне энергияға физиологиялық 
қажеттілігін қанағаттандыруды шешу міндеті – тұтынушылар 
үшін тағам өнімдерінің қажетті мөлшерін жəне ассортиментінің 
физикалық жəне экономикалық қолжетімді болуын қамтамасыз 
етуді талап етеді.

жүктеу 1,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау