ЖБЭ-ң IV-ші дәрежесінде)
науқастардың барлық тітіркендіргіштерге
жауап беруі тоқталады. Арефлексия дамиды. «Көз алмасының жүзу белгілері» дамып,
«шапалактаушы тремор» жоғалады. Көз қарашықтары кеңейеді, жарыққа әсері болмайды. Қанның
биохимиялық анализінде және коагулограммадағы өзгерістер өте айқын болады.
Шартты түрде команы ерте және кеш деп бөледі. Ерте алғашқы 10-14 күн, ал кеш 14
күннен кейін дамиды. В гепатитінің өліммен аяқталуы 0,5-2% болады.
Жедел В гепатитінің нәтижелері.
Жедел В гепатитімен ауыратын науқастардың 90-95%-
тінде HBV элиминацияланып, сауығу басталады; қалған 5-10%-тінде процесс созылмалы түрге
айналып созылмалы В гепатит, кейіннен өлімге әкеп соғатын бауыр циррозы мен біріншілік
қатерлі ісігі дамиды.
Диагностикасы.
Жедел В гепатиттің диагнозы анамнездік, клиникалық-биохимиялық
мәліметтерге, вирустың серологиялық маркерлерін зерттеу нәтижелеріне негізделеді.
Егер ауру басталуынан 45-180 күн бұрын науқасқа қан препараттары құйылған болса,
операциялық, акушерлік-гинекологиялық, стоматологиялық шаралар, эндоскопиялық зерттеулер
жасалынса, көптеген инъекциялар (соның ішінде, есірткілер) енізілсе, егер В гепатитімен
ауыратын науқаспен жыныстық немесе басқа тығыз қатынас болса В гепатитті болжауға болады.
Манифесттік жедел В гепатитке бірте-бірте басталу; полиартралгиямен, кейде терідегі
аллергиялық бөртпелермен өтетін ұзақ сарғаю алдындағы кезең; сарғаю кезеңінде науқас
жағдайының жақсармауы немесе нашарлауы, ұзақ сарғаю кезеңі; реконвалесценция кезеңінде ауру
симптомдарының баяу жоғалуы тән.
Диагнозды ерте дәлелдеу критериі – қанда HВsAg, HВеAg,
anti-HВc IgM және HBV-ДНҚ-ның анықталуы болып табылады.
Гепатиттің қолайлы циклдік ағымына HBеAg тез жоғалып анти-HBе пайда болуы, HBV-
ДНҚ-ның жоғалуы, HBsAg жоғалып, анти-HBs антиденелерінің пайда болуы сай. Ерте пайда
болатын анти-HBc IgM кеш пайда болатын HBc IgG антиденелерімен ауысады.
Қанда HВеAg, HBV-ДНҚ, aнти-HВс IgM және HBsAg-нің ұзақ уақыт (3 айдан көп) жоғары
титрде болса, жұқпалы процестің созылыңқы ағымы туралы және созылмалы түрге айналу
мүмкіндігінің жоғары болуы туралы айтады.
Егер қанда 6 айдан астам HBsAg тұрақты титрде анықталса созылмалы гепатиттің дамуы
туралы, активті вирусты репликация маркёрлері (HBеAg;
anti-HВcIgM, HBV-ДНҚ), клиникалық көріністер және биохимиялық көрсеткіштердің
өзгеруі болмаса да, ойлау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |