Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова


Авторы Гүлжанат Ғафу (Gafu, 2019)



жүктеу 2,34 Mb.
Pdf просмотр
бет76/149
Дата10.03.2023
өлшемі2,34 Mb.
#41684
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   149
Bilim-beru-zertteulerine-kirispe

Авторы
Гүлжанат Ғафу (Gafu, 2019)
Тақырып атауы
Жаһанданған элиталық университеттің басқа университет-
терге әсері: Қазақстан жағдайында 
Мақсаты
«Жаһанданған» «элиталық» университеттің Қазақстандағы 
өңірлік мемлекеттік университеттердің зерттеу саясаты мен 
практикасына, интернационалдануына қаншалықты әсер 
ететінін және ол университеттердің бұған қалай қарайтынын 
зерттеу 
Кейс
Қазақстан
* Элиталық университет – кейс емес
* Өңірлік университеттер – кейс емес
* Министрлік – кейс емес
Аналитикалық
ая
Элиталық болуға ұмтылған университеттің әсері.
Интернационалдандыру мен зерттеулерді күшейтудің диффе-
ренциациясы мен мақсаты, сондай-ақ ұлттық жоғары білімді 
жаңғыртудың қозғаушы күші ретінде НУ-ға назар аудару
үкіметтің «жаһандық жоғары білім беру», «әлемдік деңгей-
дегі университеттер» секілді кең ауқымды тақырыптар мен 
аймақтық университеттер жөніндегі ұстанымы.
Кейс шегі
Кім?
Қазақстандағы әкімшілік және академиялық қызметкер: 
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және халықаралық 
ынтымақтастық департаменттерінің қызметкерлері, факуль-
тет декандары мен аға оқытушылар құрамы
Не?
НУ-нің элиталық университет ретінде өңірлік үш универси-
теттің интернационалдану және зерттеу саясаты мен тәжіри-
бесіне әсері
Қайда?
Өңірлік үш университет, НУ және БжҒМ
Неге?
Егер бар болса, Үкімет белгілеп, міндеттегендей, ұлттық 
жоғары білім беру жүйесіне деген жаңа саясаттың ықпалы 
қандай?
Қанша?
Көптеген қосалқы жағдайы бар бірегей кейс (элиталық бо-
луға ұмтылған университет ықпалы)

1 мысал. Міндетті түрде таңдалатын кейс


120
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
Кейс әдісі басқа кейс (жағдай) не қандай да бір жалпы мәселені 
тану үшін емес, аталған нақты жағдайға деген қызығушылықтан 
не болмаса нақты жағдайды зерделеу қажеттілігіне байланысты 
таңдалады. Қазақстанның жағдайы мен жаһанданған университет-
тің ықпалы айрықша деуге болады және, бәлкім, олардың зерттеу 
нәтижелері «элиталық» университет құрушы басқа дамушы елдер-
ге таралмауы мүмкін. Зерттеуші «элиталық» университет ретінде 
Назарбаев Университетінің үш өңірлік университеттегі интерна-
ционалдану және зерттеу саясаты мен тәжірибесіне ықпалын зерт-
тегісі келетіндіктен, осы кейсті таңдаған.
Басқа жағдайда зерттеу нақты жағдайды қарастыру арқылы 
мәселенің мәнін ашу мақсатында зерттеу сұрақтарынан бастала-
ды. Демек, зерттеушінің кейсті таңдау мүмкіндігі бар. Төменде си-
патталатын мысалды құралдық (instrumental case study) кейс-стади 
(Stake, 2005) деп жіктеуге болады, себебі кейс мақсатқа қызмет 
ету құралы ретінде пайдаланылады.


121
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі

жүктеу 2,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау