61
Дискретті дабылдарды өңдейтін техникалық құралдыр
.
Техникалық құралдарды үш топқа бөлуге болады, олар да әрі қарай
ЭЕМ –ға берілетін дабылдардың пайда болу тәртібі ретінде
көрсетілген.
1.
Өтпелі қондырғы. Олар ұқсас дабылдарды өңдеу кезіндегідей
тапсырмаларды орындайды.
2.
Дабылдарды қалыптандыру құрылғысы. Олардың қызметі ұқсас
дабылдарды өңдейтін ұқсас құрылғылардан өзгеше. Дискретті
датчиктерден түсетін дикретті дабылдар дабылдың ақпараттық
параметрі мәнінің екеуінің біреуін иеленеді, яғни, электр кернеуін:
оның мәні не төмен болады ( жекелеген жағдайларда нөл), немесе
жоғары (әдетте, бұл 5 В кернеу). Дабылдың төменгі деңгейі деп
логикалық нөлге (0) тең сәйкестікте есептейді, ал жоғарысын –
логикалық бірге (1) сәйкестікте есептейді. Мысалы қандай да бір
датчиктің 0 дабылы осы электр тізбегіндегі датчикпен байланысты
контактілердің тұйықталған күйі жайлы ақпаратты алып жүруі
ықтимал, ал сол датчиктегі 1 дабылы осы тізбектегі контактілердің
ашық екенін білдіреді. Немесе 0 дабылы датчиктен қалпақша ашық
болғанда түседі, ал 1 дабылы – қалпақша жабық болған кезде және т.б.
Дабылды кабель арқылы беру процесінде олар түрлі сыртқы
әсердің ықпалымен тозып кетуі мүмкін және дабыл деңгейінде 0ден
5В-ға дейін айырмашылық болуы ықтимал, бірақ бұл тозулар 0 және 1
дабылдарының логикалық мәніне күман келтіретіндей айтарлықтай
үлкен емес. Сондықтан да дискретті дабылда қалыптандыру
құрылғысы дегеніміз – бұл дабыл мәнін кейбір шектік деңгейімен
салыстыратын шектік құрылғы. Олардың міндеті – 0 және 1
дабылдарын дәл ажырату. Олар егер кіріс кернеуі кейбір шектен
жоғары болғанда (мысалы 4В) 1 шығыс дабылын қалыптастырады
(мысалы 5В түріндегі кернеу) және егер кіріс кернеуі берілген шектен
төмен болса ( мысалы, 1В), 0 дабылын қалыптастырады (ДҚК
шығысындағы кернеу нөлге тең).
ДҚК шығыстарынан түскен дабылдар стандартты болып саналады
және сондықтан да, дискретті дабылдар әрі қарай өңдеуге түсетін
(тіркелімдер мен есептегіштермен) құрылғылармен сәйкес.
3.
Тіркелімдер мен есептегіштер. Дискретті дабылдарды өңдейтін
техникалық құралдардың негізгі міндеті екілік дискретті таңбаларды
тіркеу ( «қосылды-өшті», «бар-жоқ», «ашық-жабық» түріндегі) және
жекелеген оқиғалардың көп рет қайталануын санау (конвейрде
датчиктің қасынан өтіп кеткен бөлшектердің саны; баржаның трюміне
тиелген контейнерлер саны). Әрі қарай бұл ақпарат еске сақтау үшін,
есептеу үшін, оператордың қорытынды шығаруы үшін ЭЕМ-ге
жіберіледі.
|