табылады. Дҽрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлері ата-аналарға балаларды
тҽрбиелеу, тамақтандыру жҽне кҥтім жасау мҽселелері жҿнінде кеңес береді.
Ал, барлық балалар диспансерлік есепте тҧрады да, жҥйелі тҥрде педиатрлармен жҽне
басқа маман дҽрігерлермен тексеріліп тҧрады. Кҿптеген балалар ауруханаларында
орталандырылған тҽулік бойы кҿрсетілетін жедел кҿмек жҧмыстары ҧйымдастырылған.
Балалар поликлиникасында (емханасында) негізгі педиатриялық бҿлімшелер,
мамандандырылған кабинеттер, яғни, қҧлақ, тамақ, мҧрын ауруларының маманы
(оториноларинголог), офтальмолог (кҿз ауруларының маманы), невропатолог (нерв
жҥйелерінің ауруларының маманы), ортопед (дене мҥшелерінің кемтігін емдейтін маман),
травматолог (сынықтарды емдейтін маман), хирург (хирургиялық ауруларды емдейтін
маман), стоматолог (ауыз қуысының ауруларын емдейтін маман), кардиолог (жҥрек
ауруларының маманы), эндокринолог (ішкі секреция бездері ауруларының маманы) жҽне т
.
б. қызмет істейді. Сонымен қатар,
диагностикалық кабинеттер, физиотерапиялық жҽне
емдік дене тҽрбиесі кабинеттері, емшек сҥтін жинақтау бекеті болуға тиісті.
Ҽрбір емханада алдын ала егу, емдік егу жҽне басқа емдеу шаралары орындалатын
процедуралық кабинет жҧмыс істейді.
Емханада жҥргізілетін негізгі іс қағаздары «Балалардың даму тарихы» болып
табылады. Тарихтар тіркеу бҿлімінде (регистратурада) сақталады (қазіргі уақытта
балалардың даму тарихы ата-аналарына таратып беріледі). Балаларды қабылдауды дҧрыс
ҧйымдастыру осы бҿлімнің жҧмысына байланысты. Тіркеу бҿліміне жҧмыс істеуге жҽне
есеп-статистикалық жҧмыс жҥргізу ҥшін кіші жҽне орта буын медицина қызметкерлері
қатыстырылады.
Балалар емханасында кең тҥрде санитарлық ағарту жҧмысы жҥргізіледі. Ата-аналарға
аурулардың алдын алудың ережелерін ҥйретеді. Жас нҽрестелерді бақылауға (патронажға)
шын ілтипатпен кҿңіл бҿлінеді. Бҧл жҧмыстарға дҽрігерлер жҽне орта медицина
қызметкерлері ҥлкен белсенділікпен қатынасады. Егу кҥнтізбегіне сҽйкес егу жҧмыстарын
жҥргізеді.
Соңғы
кезде
қалаларда
КЕҢЕСТІК-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ
ЕМХАНАЛАР
ҧйымдастырылып, олардың қҧрамында педитриялық,
терапиялық, акушерлік жҽне басқа
бҿлімшелер қарастырылған. Бҧл мекеме болашақта отбасылық медициналық кҿмек кҿрсету
жҥйесіне аусудың басы болса керек.
ДИСПАНСЕР. Ҽртҥрлі топтағы аурулармен ауыратын науқастарды алдын ала (ерте)
айқындауды, оларды тіркеп жҽне есепке алуды, диагнозын анықтау ҥшін тексеруді,
мамандандырылған кҿмек кҿрсетуді, олардың денсаулығын белсенді арнайы жҥйемен
бақылауды, аурулардың алдын алудың керекті шараларын дайындап жҽне оларды іске
асыруды ҧйымдастыруға арналған емдеу-профилактикалық мекеме. Балаларға диспансер-
дің балалар бҿлімшелерінде қажетті кҿмек кҿрсетіледі. Денсаулық сақтау мекемелерінің
номенклатурасы бойынша диспансерлердің тҿмендегідей тҥрлері болады. Туберкулезге
қарсы кҥресу,
онкологиялық, психоневрологиялық, емдеу дене тҽрбиелік жҽне басқалар.
Осыған ҧқсас қызметтерді балалар ауруханасында ҽдейі бҿлінген мамандандырылған
орталықтарда
атқара
алады:
кардиоревматологиялық,
гастроэнтерологиялық,
пульмонологиялық, генетикалық, гематологиялық жҽне басқалар. Бҧл мекемелердің
жҧмысында, ауруларды есепке алатын, іс қағаздарын жҥргізетін, дҽрігерге ауру қабылдауға
кҿмектесетін, ауруларды ҥйлерінде бақылау жҥргізетін, санитарлық ағарту жҧмыстарын
жҥргізетін орта буын медицина қызметкерлерінің еңбектерінің маңызы зор.
БАЛАЛАР САНАТОРИЯСЫ. Ауру балаларға емдеу мен реабилитациялық жҽне
жалпы сауықтыру шараларында кҿбінесе табиғаттың физикалық ҽсерлерін, емдік тағамдар,
емдік дене тҽрбиесімен жҽне физиотерапиялық тҽсілдерін тиісті емдеу, еңбек (мектепте
оқу) жҽне демалыс тҽртіптерін сақтай отырып, пайдаланылатын емдеу-алдын-алу
стационарлық мекеме. Соңғы мерзімде санаторий жҽне курорттың
қызметтерінің маңызы
ҧлғайып келеді.
Балалар санаториясы мамандандырылған курорттық зоналарда ҧйымдастырылады.
Сонымен қатар, жергілікті санаторийлар (олар қаланың сыртында, жақсы микроклиматы
бар жерлерде орналастырылады) болыпта бҿлінеді. Балалардың ата-аналарымен бірге
емделуін жҽне демалуын ҧйымдастыруға да ҥлкен кҿңіл бҿлінеді. Бҧндай жағдайларда
балаларды емдеу ана мен балаға арналған санаторийлар мен пансионаттарда, мектептегі
демалыс уақытында ҽдейі ана мен балаға арналған бҿлімдер ҧйымдастырылып, санаторий-
профилакторияда жҥргізілетін емдеу жҽне демалыс шараларына ҥлкен кҿңіл бҿлінеді.
БАЛАЛАР ҤЙІ. Жетім балаларды, сонымен қатар тастап кеткен жҽне дене
қҧрылысының немесе психикалық жетілуіне зақым келген балаларды асырап кҥтуге,
тҽрбиелеуге жҽне медициналық кҿмек кҿрсетуге арналған мекеме.
БҾБЕКТЕР ҤЙІ – 3 жасқа дейінгі тастамды немесе ата –
қамқорлығысыз қалған
балалар тҽрбиеленетін денсаулық сақтау мекемесі. Олардың қуаты 30–100 керуеттен артық
болмауы керек. Жастарына байланысты – емшек жасындағы балалар, кішкене, орташа
жҽне ҥлкен топтар болып бҿлінеді. Бҿбектер ҥйінен ата-анасы балаларды алып кеткенде,
басқа балалар асырап алғанда шығарылады. Олар 3–4 жасқа толғанда халыққа білім беру
министрлігінің немесе саяси қамсыздандыру министрлігінің (жарымжан балалар ҥшін)
балалар мекемесіне ауыстырылады.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР МЕКЕМЕЛЕРІ. Олар арналу бағытына байланысты
бірнеше тҥрге бҿлінеді.
БҾБЕКТЕР БАҚШАСЫ: 3 жасқа дейін балаларды тҽрбиелеу ҥшін ҧйымдастырылған.
БАЛАЛАР БАҚШАСЫ: 3 жастан 6–7 жасқа дейінгі балаларды мектепке оқуға
барғанша тҽрбиелеуге бағышталған мекеме. 1959 жылдан бастап мектепке дейінгі балалар
мекемелерінің біріккен тҥрлері.
ЯСЛИ-САДТАР ҧйымдастырылады. Бҧл мекемеде балалар мектепке дейінгі шақта
тҽрбиеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: