жағдай жасау. Емдеу-сақтау режиміне толық жақсы жағдай жасау ҥшін психотерапиялық
тҽрбиелеу шаралары қоса істеліп отыруы керек. Ҧйқы жҽне демалыс тҽртібін
сақтауға
қатал талап қойылады. Жайдағы жиһаздар (мебель, гҥлдер, телевизор, телефон жҽне т.б.)
соңғы талаптарға сҽйкес болуы ықтимал.
Кҥн тҽртібі емдеу бҿлімшелерінің
профиліне қарамастан, тҿмендегі элементтерді
сақтауы керек: ертеңгі ояту, дене қызуларын ҿлшеу, дҽрігерлердің белгілеген емдерін
қабылдау, дҽрігерлердің аралауы, емдік-диагностикалық процедуралар, тамақ ішу, демалыс
жҽне қыдыру, баланың ата-аналарының қатынасуы, жайды жинау,
ауа тазарту, ҧйықтау.
Санитарлық-эпидемияға қарсы кҥрес шараларының маңызы зор.
Балалар бҿлімшесі жекелеген ҽрқайсысы 30 керуеттен тҧратын палата секциялары-
нан тҧрады, ал бір жасқа дейінгі балалар ҥшін 24 керуеттен тҧрады. Бҿлмелер секциясы
бірінен-бірі ҿтетін болмауы керек. Қабырғаларында немесе қалқаларында шыныланған
ойық болуы керек. Бір жасқа дейінгі балалар ҥшін боксты немесе жартылай боксталған
палаталар қарастырылады. Ҽрбір боксте 1-ден 4-ке дейін керуеттен орналасқан болуы
ықтимал. Бір жастан ҥлкен балаларға арналған палаталарда 4 керуеттен аспауы керек.
Жҧмыс жасауға ыңғайлы болу ҥшін бірнеше палатадан мейірбикелік бекет (пост)
қҧрылады.
Бокстар мен бҿлек секциялар жҥйесі – кенеттен пайда болған жҧқпалы
аурулардың
алдын алуға кҿмектеседі. Бҧндай жағдайға науқастар аурудың белгісі ҽлі білінбей тҧрғанда,
инкубациялық (жасырын) кезеңде душар болады. Балалар ауруханаларының – емдеу
бҿлімшелерінің санының, олардың аудан мҿлшерінің, ҿзіндік санының нормалары
дайындалып бекітілген. Аналарға арналған жайларды емдеу бҿлімшелерінен бҿлектеу,
бірақ бір жасқа дейінгі арналған палатаға жақын жерге орналастырған жҿн.
Бҿлімшелердің палаталарын жабдықтау жҽне қҧралдандыру, олардың профиліне,
медицина қызметкерлерінің жҧмыс ерекшеліктеріне жҽне қызметкерлердің ҿз міндеттерін
орындауға қолайлы жағдай жасау қажеттігіне байланысты.
Балалар бҿлімшелерінің жҧмыс ерекшеліктері ауру балаларды барынша бҿлектеу
жҽне жекелеу (изоляциялау), ҥнемі аурухана ішінде аурудың жҧғуының алдын алуға
бағышталған жҧмыс жҥргізіп отыру керек. Ол ҥшін палаталарда ҽртҥрлі керме бокстар
қолданылады. Жайлар жҽне қҧрал-жабдықтар мезгіл-мезгіл дезинфекцияланып (сҥртіліп)
тҧрады. Қызметкерлер мен келушілер бҿлменің санитарлық-гигиеналық тҽртібін сақтауға
міндетті.
Жаңа туған нҽрестелерге арналған палаталарда керуеттен басқа қҧндақтайтын стҿл,
таразы, балалар ваннасы орналастырылады. Орталықтандырылған оттегі, ыссы жҽне
салқын су жҥйесімен, міндетті тҥрде бактерия жоятын шаммен жабдықталған болуы керек.
Қҧндақтайтын стҿл орнына қайырмасы бар жеке керует қолдануға болады.
Емшек жасындағы балаларды палатаға ауруларының тҥріне жҽне хал-жағдайларының
ауырлығына байланысты орналастырады. Палаталарды аурулармен толтыру жҥйелілікпен
жҥргізілу керек. Нҽрестелермен шала туған нҽрестелерді бҿлек орналастырады. Ҿкпесі
қабынған, іріңдеген жҽне сепсис ауруына шалдыққан нҽрестелер болса, жеке палата (бокс)
бҿлінеді. Бір палатаға тек жҧқпалы емес ауруларға шалдыққан балаларды ғана
орналастыруға болады.
Жаңа туған нҽрестелермен, оның ішінде шала туған балалармен тек қана санитарлық
тҽртіпті қатал сақтайтын (аяқ киімін ауыстырып киіп, таза халат, маска киген жҽне т. б.)
медициналық қызметкерлер жҧмыс жасайды. Қажет болғанда, анасы ҿз баласына кҥтім
жасауға қатысады.
Соңғы уақытта кейбір перзентханаларда босанған соң ана мен баланың бір бҿлмеде
болуын қамтамасыз ету принципі іске асырылып жатыр.
Баланы
ауруханадан жазылғасын, хал-жағдайы толық жақсарғасын немесе басқа
емдеу-профилакториясына ауыстырғанда шығарады. Баланың ауруханадан шығуы туралы
ата-анасына жҽне балалар емханасына хабарланады. Шығар алдында ауру тарихының
қысқаша кҿшірмесі (эпикриз) дайындалады.