Жыныс бездерінің эндокринді жҽне экскреторлық қасиеті бар. Эндокринді қасиетінің
141
Жыныс фенотипінің қалыптасу қҧбылысы баланың ҿсіп даму кезеңдерінің бҽрінде
бірдей жҥріп отырады. Дегенмен, екі кезеңде, яғни ҧрықтың қҧрсақтағы дамуының 4 ай
шамасында жҽне жыныстық жетілу кезеңінде (қыз балаларда 2-3 жыл бойына, ер
балаларда 4-5 жылдай ішінде), бҧл қҧбылыс ҿте жҽне қысқа мерзімде жҥреді.
Ер жҽне қыз бала эмбрионында алғашқы жыныс клеткалары гистологиялық бір-
біріне ҿте ҧқсас болады жҽне 7 аптаға дейін жынысты айыруға мҥмкіндік болмайды. Бҧл
кезде екі жыныс ҿзегі де бірдей кездеседі: алғашқы бҥйрек ҿзегі (Вольф ҿзегі) жҽне пара-
мезонефриттік ҿзек (Мюллер ҿзегі). Алғашқы гонада қабықтан, милы қабаттан тҧрады.
Жыныстың қалыптасуы негізінен ҧрықтанған жҧмыртқа клетканың хромосомды
жиынтығына байланысты жҥреді. Егер бҧл жиынтықта У-хромосомдар болса бір-біріне
таза ҥйлесімді беткі клеткалық антиген пайда болады, ол Н-антиген деп аталады. Осы
пайда болған антиген аркылы, ҽлі жіктелмеген жыныс клеткасы, ер гонадасы
қалыптасады.
Гонададан милы қабықтың жҽне аталық ҧрық безінің пайда болып қалыптасуына У-
хромосоманың белсенділігі ықпал етеді. Қабығы сола бастайды. Бҧл қҧбылыстар қҧрсақ
ішіндегі даму кезеңінің 6-7 аптарда жҥреді. 8-ші аптадан бастап аталық ҧрық безінде
интерстициальды гландулоциттер, яғни Лейдич клеткалары, анықталып, біліне бастайды.
Егер 6-7 аптаға дейін У-хромосомның ықпал етуі басталмаса, онда алғашқы гонада қабық
арқылы тасымалданады да, аналық безге айналып кетеді. Ал, милы қабаты тҥзеліп, ҿз
қалпына келеді. Яғни, еркектік жыныста қалыптасуы белсенді меңгеру арқылы жҥрсе, қыз
баланың жынысы ҿздігінен жҥретін табиғи қҧбылыс арқылы қалыптасады екен. Еркек
жынысының қалыптасуы келесі сатыларды пайда болып ҥлгерген аталық ҧрық безі
шығаратын гормондар арқылы жҥреді. Аталық ҧрық безі гормондардың екі тобын бҿліп
шығара бастайды. Бірінші топтың гормондары тестерон мен дигидростерон аталық ҧрық
бездегі гландулоциттардан шығады. Гландулоциттердің белсенділігін плацента
шығаратын хорионды гонадотропиндер реттеп отырады жҽне оған ҧрықтың гипофизінің
лютеиндеуші гормондардың қатысуы да мҥмкін. Тестостерон аздаған концентрацияда
жалпы ықпал етуі мҥмкін немесе аталық ҧрық безінің ҿзіне ғана ҿте жоғары деңгейде ҽсер
етуі мҥмкін. Жалпы ҽсері арқылы сыртқы жыныс мҥшелері қалыптасып, алғашқы жыныс
бҧдыры жыныс мҥшесіне айналады. Ҧма жҽне ҥрпі каналы пайда болады. Жергілікті ҽсе-
рінен алғашқы бҥйрек ҿзегінен шҽуһет жолдары мен шҽуһет кҿпіршіктері пайда болады.
Екінші топқа жататын гормондар, яғни ҧрықтың тестикулалары бҿлетін гормондар,
парамезонефрит ҿзегінің жетілуін баяулатып тастайды. Бҧл гормондар бірыңғай
бҿлінбегенде парамезонефрит ҿзегі одан ҽрі дами береді, ҽсіресе аталық ҧрық безінің
кемістігі бар жағында, бір жақты ҿсуі мҥмкін жҽне осы жерде қыз баланың ішкі жыныс
мҥшелерінің элементтері, яғни жатыр мен жартылай қынап, қалыптаса бастайды.
Тестотерон жетіспеушілігінің нҽтижесінде, оның жалпы ҽсер етуі жҥзеге аспайдыда,
қыз балаға тҽн сыртқы жыныс мҥшелері қалыптаса бастайды.
Егер ҽйелдің хромосом жиынтығы болса, сыртқы жҽне ішкі жыныс мҥшелері аналық
бездің ҽрекеттеріне жҽне аналық бездің қаншалықты дисгенетикалық ҿзгеріп,
зақымдалуына қарамастан қалыптаса береді.
Бҧл гормондар тек еркектік жыныс мҥшелерінің қалыптасуына ғана емес, сонымен
қатар, нейроэндокрин жҥйесінің белгілі бір бҿліктерінің жетілуінеде ҽсер етеді жҽне
тестестерон гипоталамус пен гипофиз текті эндокринді ҽрекеттердің циклді қайта
қҧрылып отыруын басып тастайды.
Демек ерлердің жыныс жҥйелерінің, мҥшелерінің табиғи қалыптасуы ҥшін
тестикулдің гормональды ҽрекеттерінің толық, ҽрі уақытында қосылуының маңызы ҥлкен.
Достарыңызбен бөлісу: