6.3
Ауа мен газдарды ұңғыны тазалауға пайдалану жағдайлары.
Жуу сұйығының шыр айналым ағысы болмайтын жағдайда, ұңғыны ауамен
немесе газбен үрлеп бұрғылаған тиімді. Ол үшін тек ұңғы тілмесінде мұнай,
немесе су, болмағаны жөн
Үрлеп бұрғылау әсіресе шөл, шөлейт және қысы суық аудандарда көп
қолданылады. Үрлеп бұрғылау қолайлы жағдайда пайдаланса, бұрғылау
қарқынын арттыруға және оның өзіндік құнын азайтуға мүмкіндік туады.
Себебі, балшык ерітінділері дайындалмайды және қыс айларында қатып
қалатын сұйык керек емес болғандықтан, бұрғылау процесі әжептеуір
жеңілдейді. Тағы бір ескеретін жағдай, ұңғыны үрлеп бұрғылағанда табиғатты,
қоршаған ортаны, жер асты суларын қорғау мәселелері дұрыс шешіледі, яғни
оларға ешқандай зиян келтірілмейді. Үрлеп бұрғылауда қолданылатын
жабдықтардың орналасу схемасы 41- суретте көрсетілген.
Үрлеп бұрғыланған ұңғының бір қума метрінің өзіндік құны, жуып
бұрғылаумен салыстырғанда 25-30 пайызға азаяды.
Үрлеп бұрғылау үшін қысылған ауаны қолданған жөн. Ең керекті
көрсеткіш ол бұрғыланатын ұңғының гидрогеологиялық жағдайы. Жер асты
сулары үрлеп бұрғылаудың нәтижесін төмендетеді. Егер су тым көбейіп кетсе,
үрлеп бұрғылау қолданылмайды, себебі су көп жерде оның статикалық деңгейі
жоғары болады, сондықтан компрессордан шыққан қысылған ауа қысымының
күші жер асты суын айдап шығуға жетпей қалады.
Мұндайда қысымы жоғары компрессорды қолданады, бірақ ол ұңғының
өзіндік құнын өсіреді.
Ұңғыларды үрлеп бұрғылауға қажет қысылған ауаны өндіру үшін
жылжымалы компрессорлар қолданылады. Барлама бұрғылау ісінде көп
қолданылатын жылжымалы компрессорлардың сипаттамалары 33– кестеде
келтіріліп отыр.
33- кесте
Компрессордың негізгі сипаттамалары
Параметрлері
Компрессорлардың түрлері
ПК-10
ДК-9М
ЭК-9М
ЗИФ-55
ПКС-5М
Өнімділігі, м
3
/мин
Жұмыс
қысымы, МПа Компрессорға
кажет қуат мөлшері, квт
10,5
0,7
64
9,5
0,7
66,2
9,0
0,7
70,0
5,0
0,7
36,0
5,0
0,7
24,0
Компрессордың өнімділігін мына формуламен анықтайды:
,
мұнда
- қысылған ауа өнімділігі, м
3
/мин;
- көтерілме ауа ағысының жылдамдығы, м/сек;
- ұңғы қабырғасы мен бұрғылау кұбырларының арасындағы сакиналы
саңылаудың ауданы, м
2
;
= 1,25- ауа жоғалуын ескеретін коэффициент.
Ұңғы диаметрін
және бұрғылау құбырының сыртқы диаметрін
әріптерімен белгілеп. мына формула аркылы сақиналы саңылаудың ауданын
табуға болады;
Демек,
41- cурет Ұңғыны үрлеп бұрғылауда жабдықтардың орналасу схемасы
1-компрессор; 2- ауа жинағыш; 3- шланг; 4- ылғал бөлгіш; 5- шығарғыш
кран; 6- cыртқа шығарғыш түтік; 7, 9, 13, 14 – вентилдер; 8- сытқа
шығарғыш шланг; 10- шығын өлшегіш; 11- манометр; 12- термометр; 15-
үштік кран; 16- айдағыш шланг; 17-сальник; 18- жетектегіш құбыр; 19-
насостың шлангасы; 20- шламды ауаны шығаратын құбыр; 21- бітегіш
Компрессор қысымы 7 кг/см
2
ден кем болмағаны жөн. Жер асты сулары
көбейіп ұңғы терңдеген сайын компрессор қысымын арттыра түсіру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |