Қазіргі заманғы демократия теориялары мен түрлері.
Бұл өлшемдерге сай
келетiн кез-келген саяси тәртiптi «демократия формасы» деп атаймыз. Демократия
ұғымына ағылшын саясаттанушысы
Д. Хелдтiң теориялық моделi
бойынша қарап
көрелiк.
1) «
Протективтi»
(қорғаушы) демократия бойынша (Т. Гоббс, Дж. Локк, Ш.
Монтескье, Дж. Мэдисон, И. Бентам, Дж. Милль). Бұл моделдi жақтаушылар демократия –
азаматтарды билiктiң шырмауынан, жеке адамдардың заңсыз әрекетiнен сақтауға, жалпы
мүдделер негiзiнде басқаруға көмектеседi деп санады. Егемендiк халықта, ол өз өкiлдерiн
сайлау арқылы белгiлеп, соларға сенiм артады. Бұл моделдiң негiзгi айырмашылығы –
мемлекет пен азаматтық қоғамның аражiгiн ажыратып, билiктегiлердiң қоғамдық өмiрге
көп араласпауын қалайды, әсiресе экономикаға. Протективтi демократияның басты
қағидасы – өндiрiс құралдарына жеке меншiк пен нарықтық экономика. Сондай-ақ, саяси
топтардың бәсекелесуi құпталады.
2)
«Дамушы»
демократия (Ж.Ж. Руссо). Ұлы француз ағартушысының
пайымдауынша, демократия тек мемлекеттiк механизм ғана емес, сонымен қатар
адамдарды жетiлдiрушi қызметтi атқаруы қажет. Яғни, ол әрбiр адамның саяси шешiмдерге
қатысуын армандады. Сонымен бiрге, ол билiктiң заң шығарушы және атқарушыға бөлiнуiн
қалады.
Ж.Ж. Руссо пiкiрi бойынша алдыңғы саяси тәртiптердiң негiзгi кемшiлiктерi –
билiктiң моралдық аспектiлерiне және оны пайдалануға назар аудармаулары.
Ж.Ж. Руссо ұсақ меншiктi жақтаушы, ол барлығы азаматтарға тең бөлiнуi керек деп
есептедi және фабрикалық өндiрiске қарсы болды. Көп жағдайда оның көзқарасы
утопиялық болды, сондықтан дамушы демократия еш уақытта iске аспады. Бiрақ жетiлген
саяси тәртiптi iздеушiлерге теориялық көмектер бердi.
3)
«Мемлекеттiң жойылуы»
моделi (К. Маркс). К. Маркс еркiндiктi экономикалық
езгi жойылуымен байланыстырды, әрі оның негiзгi агентi мемлекет болып табылады деп
есептедi. Сондықтан мемлекеттiк емес жолмен дамуды марксизм шынайы демократия
жолы деп атады. Яғни халықтың жиналыстары өз мәселелерiн шешушi органдарға айналуы
тиiс едi. Бұл құрылыс коммунистiк революция жолымен орнатылады, онда белгiлi бiр
кезеңге дейiн «пролетариат диктатурасы» сақталынады, негiзгi мiндеттi - өзiн-өзi басқаруға
жағдай жасау. «Франциядағы азамат соғысы» атты еңбегiнде К. Маркс «жойылушы»
мемлекеттiң институттық өзгешiлiгiн жазады. Оның негiзi халық жиналысы жататын
сайланбалы органдардың пирамидасы, яғни тiкелей демократия болып табылады. Барлық
қызмет орны – тек сайланбалы ғана емес, сондай-ақ шақырылып алына алады да. Билiктiң
бөлiнуi, кәсiби бюрократия, әскер және полиция жоқ. Мемлекеттiң жойылуы әзiрге
утопиялық идея.
4)
Достарыңызбен бөлісу: |