Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде Саясаттанудың объектісі. Саясаттанудың танымдык пәні. Жеке пән ретіндегі саясаттанудың жанжақтылығы



жүктеу 0,9 Mb.
Pdf просмотр
бет4/124
Дата15.11.2022
өлшемі0,9 Mb.
#40160
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   124
Лекция. Саясаттану ылым ж не о у п ні ретінде Саясаттануды объ

 Саяси плюрализм
концепциясының негiзгi өкiлдерi – Э. Дюркгейм, М. Дюверже, Р. 
Дарендорф болып табылады. Олардың негiзгi идеясы: қоғамда таптардың жойылуына және 
олардың орнына әлеуметтік қабаттардың өзара әрекет пен келiсiмде өмiр сүруiне негізделді. 
Мұнда мемлекет бейтарап төреші қызметiн атқаратын болды. 
5
 Демократия концепциясы
, оның негiзiн салушы А. Токвиль. Демократия 
концепциясы негiзiнде құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам, адам құқығы мен бостандығы 
сияқты iлiмдер қалыптасты. 
6
 Бюрократия концепциясының
дамуына М. Вебер, Р. Мертон, С. Липсет еңбектерi 
ықпал етті. Олар еңбектерiнде бюрократияның қызметi мен құрылымын жан-жақты 
зерттеді. Бұл теориядағы маңызды нәрсе бюрократиялық билiктi заңдастыру және 
демократиямен қарым-қатынасы туралы мәселе болып табылады. 


7
 Тоталитаризм концепциясы.
Тоталитаризм мәселелерi немiс-американ ғалымы Х. 
Арендт, австро-американ ғалымы Ф. Хайек, орыс ғалымы Н. Бердяев еңбектерiнде 
жазылды. 
Қай ғылым болмасын белгiлi бiр қызметтердi (функцияларды) атқарады. 
Ал, 
саясаттану ғылымының қызметтері мыналар
1 Танымдық қызметi. 
Саясаттану қоғамдағы оқиғаларды танып-бiлуге, олардың 
саяси мәнiн түсiнуге және болашақты болжауға мүмкiндiк бередi. Көптеген жылдар бойы 
Ресей империясы, одан кейiн кеңестiк тоталитарлық тәртiп саясат пен билiк сырын бүгiп 
келдi, қазiрдiң өзiнде халқымыздың саясат және саяси жетекшiлердiң iс-әрекеттерi жөнiнде 
хабарлары аз. Оларды бiлмей демократиялық жолмен алға басу қиын. Ондай білімді 
саясаттану ғылымы бере алады.
2
Бағалау (аксиологиялық) қызметi.
Ол саяси құрылысқа, институттарға, iс-
әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға бередi. Қоғамдағы саяси оқиға мен құбылыстарды 
бағалау арқылы көпшiлiк оны ақтайды немесе қаралайды. Демократиялық қоғамда 
халықтың қолдауына ие болудың маңыздылығын билiк құрылымдары жақсы бiледi. 

жүктеу 0,9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   124




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау