Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде Саясаттанудың объектісі. Саясаттанудың танымдык пәні. Жеке пән ретіндегі саясаттанудың жанжақтылығы


XX ғасырдағы Қазақстандағы саяси ой мен ағарту идеологиясының



жүктеу 0,9 Mb.
Pdf просмотр
бет27/124
Дата15.11.2022
өлшемі0,9 Mb.
#40160
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   124
Лекция. Саясаттану ылым ж не о у п ні ретінде Саясаттануды объ

XX ғасырдағы Қазақстандағы саяси ой мен ағарту идеологиясының 
шығармашылық дамуы (М.Дулатов, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейханов, 
Ш. Құдайбердиев., М.Шоқай, М. Тынышпаев, X. Досмұхамедов., Т. Рысқұлов, Е. 
Садуақасов, Е. Торайғыров., С.Сейфуллин және т.б). 
ХХ ғасырдың басында тарих сахнасына қазақтың ұлттық зиялыларының үлкен бiр 
тобы келедi. Бұл топ кейiн 
«Алаш»
қозғалысын ұйымдастырып, халықтың саяси мүддесiн 
жаңа заман туғызған саяси құндылықтар ауқымында тұжырымдай бастайды. Олардың 
арасынан iрi тұлғалар 
Ә. Бөкейхановты, А. Байтұрсыновты, Х. Досмұхамедовты, М. 
Дулатовты, М. Тынышпаевты, М. Шоқайды
және т.б. атап көрсетуге болады. Бұл 
ұлттың алдыңғы қатарлы өкiлдерiнiң көзқарастары сол тарихи кезеңдегi саяси ахуалға 
сәйкес қайшылықтардан бастау алады. Қазақ жерiндегi қалыптасқан саяси санада екi, бiр-
бiрiнен сапалы түрде айырмашылығы бар саяси бағдар қалыптасады. Бiрiншiсi, ұлттық-дiни 
құндылықтарға бет бұрып, мұсылмандық шарттарға арқа сүйеу арқылы дамуды көксесе, 
екiншiсi, ұлттық-либералдық құндылықтарды қолдайды, яғни батыстық бағдарды ұстанады 
(екiншi бағыттағылар Ресейдегi демократтарға жақын болуға тырысады және соны 
жақтайды). Сол кезеңнiң саяси элитасы өздерiнiң бағдарламаларында төмендегiдей саяси 
құндылықтардың маңыздылығын атағаны жөнiнде «Қазақ» газетiнде материал жарық 
көредi.

тең құқылық (дiнiне, шығу тегiне және жынысына қармастан адамдар тең құқылы); 

жеке бастың еркiндiгi (мемлекет шенеунiктерi кiмдi болса да заңсыз жолмен 
тұтқындай алмайды); 

сөз, ұждан бостандығы (жиналыстар өткiзу, бiрлестiктер өткiзу, бiрлестiктер құру, 
сөз сөйлеу, газеттер шығару, кiтаптар басу бостандығы); 

сот әдiлдiгi (соттың талқылауынсыз және шешiмiнсiз бас бостандықтан айыруға 
болмайды) және т.б. демократиялық елдерге тән либералдық құндылықтарды саяси өмiрге 
ендiруге талпынады. Бұл қазақ даласындағы әрбiр азаматтың тұлғалық қадiрiн, абыройын 
қорғауға деген нақты қадамдар болатын. Осындай құқықтық тұрғыдан қорғауға деген 
талпыныс қазақ зиялыларының саяси мәдениетi деңгейiнiң бiршама жоғары болғанын
танытады. Сонымен қатар, отарлық жағдай қазақ жерiнiң көптеген саяси-азаматтық 
проблемаларының болғанын бiлдiредi. 
Ресей оқу орындарында бiлiм алған қазақ зиялылары ұлт мәдениетiнiң дамуындағы 
қайшылықтарды терең түсiнiп, оның тұптамырын ұлттың тәуелсiздiгiмен байланыстырады. 
«Ұлттық тәуелсiздiк» – саяси құндылық ретiнде XX ғасырдың басында саяси сананың 
басты iргетасына айнала бастады. Бұл қазақтың қоғамдық-саяси болмысындағы Ақпан 
және Қазан революциясына дейiнгi өзiндiк дүмпуi болатын. Ресей империясы үшiн де, кейiн 
келген Кеңес үкiметi үшiн де бұл әрекеттер ұнамды үрдiстер ретiнде қабылданған жоқ. 
Большевиктердiң ұсынған саяси құндылықтары қоғамдық санада бiркелкi қолданыс 
алмаған болатын. Бұл жағдай революцияларға дейiн қалыптаса бастаған болатын. Оны Ә. 
Бөкейхановтың, М. Дулатовтың, М. Тынышпаевтың және т.б. қазақ зиялыларының саяси 
көзқарастарынан байқауға болады.


1913 жылы қазақ қоғамының саяси, мәдени мүдделерiн жоқтайтын жалпы ұлттық 
саяси басылым «Қазақ» газетi ұйымдастырылады. Бұл халықтың шынайы саяси, мәдени 
құндылықтарды, бағдарларды ресми анықтау мақсатындағы үлкен қадам болды. Өйткенi, 
бұл басылым тек қана жаңалықтарды жеткiзушi орган емес, сонымен қатар ұлт-азаттық 
қозғалысы идеологиясының негiзiн салушы орталыққа айналады. Сөйтiп, саяси аномияда
өмiр сүрiп жатқан қалың қазақтың саяси құндылықтар жүйесiне жаңа ұғымдар, түсiнiктер 
ене бастайды, ұлттың өзiн-өзi етенелестiру талпыныстарында бiршама өзгерiстер пайда 
болады. Әрине, феодалдық бытыраңқылық ондаған жылдар бойы қалыптасқан отарлану 
дәстүрi өз әсерiн тигiзбей қоймайды. Сондықтан да болар 

жүктеу 0,9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   124




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау