Күлтөбеде өткізілген. Зерттеуші ғалымдар билер мен билер кеңесі билігіне қатысты әртүрлі
пікірлер білдірген. Мәселен, мына пікірлер: билердің сот билігі басқару жүйесіндегі
биліктің жетекші формасы; билер кеңесі билікті «жекешелендіруге» ұмтылушы мұрагер
ақсүйектер билігіне қарама-қарсы қою үшін құрылған; билер кеңесі биліктік қатынаста
тікелей және кері байланысты жүзеге асыратын маңызды мемлекеттік ұйым.
Билер Кеңесі:
біріншіден, кеңесші ұйым болды, ханмен бірге жалпы мемлекеттік мәселелерді шешу
үшін құрылтай шақырып, оның жұмысына қатысты;
екіншіден, халықтың мемлекеттік биліктегі өкілі, билік құрылымындағы қара халық
арасынан шыққан, әрі оның мүддесін билікті қорғаушы ұйым;
үшіншіден, заң талқылайтын ұйым, қазақтың әдет-ғұрып құқығы жүйесінің негізін
салушы.
Билер кеңесіне өкілділік билік ретінде мынандай өкілеттіліктер берілді:
- сыртқы саясатта, яғни көрші елдермен тиімді дипломатиялық қатынасты
қалыптастыру, елшілік қызметті жетілдіру;
- ішкі саясатта қоғамда тұрақтылықты орнату, яғни жүздер, рулар арасындағы дау-
жанжалды тоқтату, әкімшілік-шаруашылық жұмыстар мен қоғамның құқықтық жүйесін
реттеу;
- ұлттық қауіпсіздігін сақтауға байланысты өкілеттіліктері болды, атап айтсақ,
сұлтандар сепаратизміне жол бермеу, трайбализмге қарсы шешімдер қабылдау, қоғамның
жікке бөлінуіне жол бермеу, ел қорғау жүйесін жетілдіру.
Билер шешімді қабылдау және таратудың өзіндік ұлттық негіздегі механизмін де
қалыптастырған. Билердің қабылдаған шешімдері дәстүрге, көрегендікке, келісім мен
сабырлыққа, ыждағаттыққа негізделген және таңдаған әрекеттерінің орындалу
жауапкершілігі де жоғары. Оған негіз болған себептер:
- би шешімінің мақсатқа сай келуі. Өз мүддесінен халық мүддесін жоғары қоя білу;
- уакыт талабына сай келуі, шешімнің уақытында орындалу мүмкіндігін көре білу;
- сәйкестілік, яғни қоғамда әрекет етуші дәстүрлі құқықтың нормаларға шешімнің сай
келуі;
- шешімді халықтың түсінуі, мойындауы, яғни шешімді ашық сұхбаттасу және еркін
пікірталас арқылы қабылдау;
- шешім қабылдау процесінде өз шешендігін, өнері мен өнегесін, білгірлігін т.б. халық
алдында паш ету.
Билер кеңесіне ең беделді қазақ билері кірді, олардың пікірімен әрбір билеуші хан
санасуға мәжбүр болды. Беделді билер сөздері қазақ билеушілері үшін маңызды және өтімді
болды.
Достарыңызбен бөлісу: