16
2) Стилистикалық емес қателер:
а) лексикалық қателер:
- сӛздің мағынасын білмей тіркестіру: «Кеше
ғана университет
есігін
аттағанда
»;
- сӛздің мағынасының нақты қолданылмауы, күңгірт болуы: «Жігіт
жігерлене
жұтынды», «... ұйқылы кӛзбен сабақққа келіп,
аузын ашып
сабақ айтады,
айтпаса ол да жоқ»;
- Паронимдердің (дыбысталуы жақын, бір түбірлес,
жалпы грамматикалық
белгілері ортақ, қолданылуында мағыналық ерекшеліктері бар сӛздер)
қолданысы: «Тӛсек
жаңартты
» (жаңғыртты).
ә) фразеологизмдерді қолдануда кететін қателер:
- тұрақты тіркес мағынасының контекске сай келмеуі: «
Қысылтаяң қатал
жағдайда қайрап, егеп «сӛз тапқанға қолқа жоқ» дегендей
ерге, елге медет
болып, адамның ақиқат пен шындыққа, ақылдылық пен қайраттылыққа меңзеп
отырады.
б) морфологиялық қателер:
-
зат есімдерге септік жалғауының дұрыс жалағанбауы: «ХХІ ғасырдың мақсаты
осы,
ӛмірде
сау сәбиді ӛмірге келтіру, ішімдік пен есірткіден аулақ болу»;
-
сын есімнің шырайларын орынсыз қолдану: «Мен оны
ӛте қатты
сыйлаймын».
в)синтаксистік қателер
- сӛз тіркестірудің
нормаларының сақталмауы, бағыныңқы мен басыңқы
сыңарлардың араларының тым алшақ болуынан мағына байланысының
нақтылығының болмауы;
- сӛйлемдегі сӛздердің орын тәртібінің сақталмауы: «Кӛшеде
бір қарапайым
ӛзімен-ӛзі кетіп бара жатқанда
адамды
бір полиция қызметкерлері кӛріп
қалады»;
-есімдіктерді орынсыз қолданудың себебінен сӛйлемнің мағынасының
күңгірттенуі: «Қазіргі
кезде қылмысты жасайтын
адамдар олар
негізінен
жас
балалар
», «
Халық
жоқтықта ӛмір сүрсе
, ол
ӛзіне керек затты алу үшін әр түрлі
әрекеттерге барады, кейде адам ӛлтіруге дейін де барады»;
- бастауыштың қайталанып, үстемеленіп жұмсалуы: «Менің
Ы.Алтынсарин
шығармаларынан алған
жерім, яғни Ы.Алтынсариннің
бізге қалдырған ӛнеге-
ӛсиеті бізге үлкен бір ғанибет»
- құрмалас сӛйлем компоненттерінің арасында
логикалық-грамматикалық
байланыстың болмауы;
-құрмалас сӛйлем кӛмпоненттерінің тым шұбалаңқы болуы;
-дәйек сӛздерді қолдана алмаудың салдарынан болатын қателер: «... сол үшін
ата-бабамыз айтпақшы,
«Болар бала боғынан»
демекші, бала жастайынын әке-
шешесіне
сыйластықты,
ар-намысты,
отанға
деген
сүйіспеншілікті,
сабырлықты,
«үлкенге құрмет, кішіге ізет»
деген түсіністікпен тәрбие алып
ӛсуі керек»;
-
мәтін ішіндегі сӛйлемдердің бір-бірімен
мағыналық-грамматикалық
байланыстың болмауы, соның салдарынан ойдың күңгірттенуі:
17
«
Қазақ табиғатында ақын, шешен халық. Оның осы бір ерекшелігі тілінде
айқын кӛрініс тапқан. Ендеше, осындай қасиеті ерте заманнан бері жетіліп,
дамып, жылдан-жылға ӛркендеуде. Бұл – тіл табиғатындағы заңды
құбылыс».
Осындағы «ендеше» сӛзінің орынсыз қолданысы сӛйлемдердің
тұтас логикасын бұзып тұр.
Достарыңызбен бөлісу: