М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық


Машиналарды бөлшектеу мен детальдарды



жүктеу 5,89 Mb.
Pdf просмотр
бет123/149
Дата12.10.2022
өлшемі5,89 Mb.
#39629
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   149
kulgildinov-kolik

3.3. Машиналарды бөлшектеу мен детальдарды 
дефектациялауды ұйымдастыру
Бөлшектеудің технологиялық реті жобамен, мысалы, экскаватор 
үшін төмендегідей болады. Алдымен жөндеуге кететін жебесі, білегі, 
шөміші және басқа тораптары шешіліп алынады да, металқұрылым 
цехына жөнелтіледі. Сонан соң экскаватордан торапты детальдарға 
бөлшектейтін участоктарға жіберілетін ірі тораптар – шығырлар, ре-
дукторлар, жүріс арбашалары бөліп алынады. Платформадан негізгі 


207
тораптар алынып болған соң оны көпірлі кран арқылы көтеріп, жөндеу 
цехына жөнелтеді.
Жөндеу-механикалық кәсіпорындарында бөлшектеу жұмыстарын 
механикаландыру негізгі бөлшектеу операцияларын орындауға, 
бұрандалық, престік, бастырмалық қосылыстарды ажыратуға арналған 
құрылғылар мен арнайы механикаландырылған аспапты кеңінен 
қолдану бағытында жүргізіледі. 
Жөндеу кәсіпорындарының тәжірибесі бөлшектеу жұмыстарының 
технологиясын қатаң сақтау, механикаландырудың тиімді құралдарын 
пайдалану, мойынтіректерді қайталап қолданудың көлемін 15...20% 
өсіруге және машинаны жөндеудің өзіндік құнын 5...8% азайтуға 
мүмкіндік беретіндігін көрсетті.
Жөндеу-механикалық заводтардың көпшілігінде жуылған маши-
наны арбашамен жинақ бірліктерге бөлетін бөлшектеу-жуу бөліміне 
жеткізеді, сонан соң жуып, детальдарға бөлшектеп, арнайы машина-
ларда тағы да жуады.
Бөлшектеу-жинау жабдықтарына престер, рольгангтар, конвейер-
лер, шебер столдары және әмбебап, арнайы, жылжымалы, жылжымай-
тын стендтер жатады. Жөндеу кәсіпорындарында максимал күші 100 
және 1000 кН болатын гидравликалық престер қолданылады. Сонымен 
бірге шынжырмен байланысқан арбашалар топтамасынан тұратын кон-
вейерлер де пайдаланылады (3.5-сурет).
3.5-сурет. Жетекші арбашалы жинау-бөлшектеу конвейерінің сұлбасы:
1 – тартым механизмі; 2 – тартқыш шынжыр; 3 – арбаша;
4 – рельстер; 5 – редуктор; 6 – электрқозғалтқыш
Бұрандалы қосылыстарды бөлшектеу немесе жинау үшін сомын-
ды, шетжақты, бұрамасұқпалы және арнайы кілттер қолданылады. 
Тербелу мойынтіректерін шешу үшін ішкі сақинаға (3.6 а-сурет) және 
сыртқы сақинаға (3.6 ә-сурет) күш түсіретін бұрамалы ажыратқыштар 
қолданылса, шарикті мойынтіректі босату үшін ішкі сақинаға (3.6 
ә-сурет) күш түсіретін гидравликалық ажыратқыштар пайдаланылады.


208
3.6-сурет. Ішкі (а) және сыртқы (ә) сақиналарға түсірілген күші бар 
мойынтіректерді баспалауға арналған бұрамалы ажыратқыштар:
1 – таяныш стакан; 2 – тартым; 3 – бұрама; 4 – маңдайша
Ал эксцентрикті кілттер көмегімен (3.7-сурет) бұрамасұқпаларды 
бекітеді немесе босатады. Бұрандалы қосылыстарды босату электрлік 
(3.8-сурет) немесе пневматикалық сомынбұрағыштар көмегімен жүзеге 
асырылады.
3.7-сурет. Эксцентрикті кілт
3.8-сурет. Соққылы-импульсті муфтасы бар электрлік сомынбұрағыш:
1 – құрал сағасы; 2 – аша; 3 – айналдырық; 4 – серіппе; 5 – шарик


209
Бөлшектеу участоктары әртүрлі стендтер және жабдықтармен 
жарақталған. Мысалы, бульдозер агрегаттарын жөндейтін учас-
токтар жарты осьтер мен мойынтірек айналмаларын шешетін 
гидроқондырғылармен, борттық редукторды бөлшектеуге арналған 
стендпен, фрикционды бөлшектейтін қондырғымен, тарту механизмін 
шешуге арналған стендпен және т.б. жабдықталған. 
Автомобиль қозғалтқыштарын мотор цехтарындағы арнайы пост-
тарда бөлшектейді.
Майдан тазартылған және жуылған детальдар олардың техникалық 
жайдайын анықтау үшін (ары қарай пайдалануға болады немесе қайта 
жөндеуге жіберіледі) бақылауға қойылады. Бақылау цехтың бақылау-
сұрыптау бөлімінде немесе тікелей жұмыс орнында жүргізіледі. 
Детальдардың дефектациясы машиналарды күрделі жөндеудің 
техникалық шарттарынан тұратын детальдар жөндеуі мен ақаулар 
картасына сәйкес жүргізіледі. Көлік техникасының әр түрлі типіндегі 
детальдардың жекелеген түрлерінің (біліктер, осьтер, мойынтіректер) 
дефектациясына қойылатын техникалық талаптар ұқсас болып 
келеді.
Дефектация кезіндегі тозудың, зақымданудың түрі мен сипатына 
қарай детальдар төмендегі топтарға бөлінеді: жөндеу кәсіпорнында 
жөндеуге кететін жарамды және жасыл, ақ, қызыл түстермен белгіленетін 
жарамсыз. Детальдардың техникалық жағдайын бақылауға сыртқы 
пішінін қарау, сәйкес карталарда көрсетілген өлшемдерді тексеру неме-
се арнайы аспаптарда (ақаукөргіште, серпімділікті өлшейтін құралда) 
тексеру жатады.
Дөңгелектер күпшегі мен муфталар арқылы өтетін біліктер мен 
мойынтіректер ұясына арналған тесіктер отырғызылуында кездесетін 
сызаттары бар детальдар сыртқы пішінін қарау арқылы ақауы бар жа-
рамсыз деп есептеледі. Ал өлшемдерін тексеру арнайы немесе әмбебап 
өлшеу аспаптары, шектік мөлшерлегіштер мен қима үлгілер көмегімен 
жүзеге асырылады.

жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау