Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



жүктеу 1,76 Mb.
Pdf просмотр
бет82/236
Дата03.10.2022
өлшемі1,76 Mb.
#39472
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   236
8e10fd01cc60087f7a7a338573861826 (1)

я,
ю
әріптерін алайық,
ә
дыбысын
соңғы буынға жазбайық дейді. Кейін 1951ж. “Қазақ тілі сингар-
монизм заңы құрып барады деген пікірлер көбейді” дейді.
Сонымен, Қ.Жұбанов зерттеулерінен бастап, қазақ тілін-
дегі үндесім заңы негізінен тек бір буынға тарайтын, ал дені
түбір мен қосымша арасын бір бүтін етіп ұстап тұратын құрсау
мағынасында игерілді. 1929ж. латын жазуы емлесі ережесінде
де, 1940ж. орыс графикасына негізделген қазақ жазуының ем-
лесінде де түбір сөздің басқы буыны жуан болса, сөз бүтіндей
жуан, … деп емес, түбірдің соңғы буыны жуан болса, қосымша
да жуан, жіңішке болса, қосымша да жіңішке болады деп коди-
фикацияланды. Тек бұл заңға бағынбайтын 
нікі,
қой,
кер,
паз
және көмектес септігі жалғаулары болып саналды.
Үндесім заңы туралы қазіргі көзқарастар.
Қазақ тілінің
дыбыстық қоры акцентті-фонологиялық (Қ.Жұбанов) теория
мен
сингармонологиялық
(А.Байтұрсынұлы,
Х.Досмұхамедұлы) теория негізінде жарыса анықталғанмен,
А.Байтұрсынұлының үндесім заңына табан тіреген төте
жазуынан фонемаға (дыбысқа) негізделген латын, одан кейін
орыс графикасына көшуіміз тіліміздің басты заңын – үндесім
заңын екінші дәрежелі қосалқы құбылыс қатарына тастады.
Қазақ тіліндегі екпін құбылысының күмәнділігі проф.
Ә.Жүнісбектің бұл құбылысқа басқа қырынан қарауына әкелді.
Профессор Ә.Жүнісбектің үндесім заңын славян, роман,
герман тілдеріндегі екпін қызметі мен вьетнам, корей, жапон,
қытай тілдеріндегі тон қызметімен деңгейлес келетін сөздің
дыбыстық негізін құраушы, бір бүтін етуші құбылыс деп стату-
сын анықтағаннан бері қазақ тіліндегі сөз екпініне сақтықпен
қаралатын болды. Өйткені екпіннің барлық қызметін сингармо-
низм заңы атқарады. Ал тілдегі ең кіші дыбыстық бірлік
фонема емес, сингармема болып табылады. Сөйтіп, фонеманың
консти-тутивті, яғни сөзтанымдық қызметін сингармема
атқарады. Сөзді бір бүтін етіп “цементтеп” отырған екпін емес,
сингармонизм құбылысы болды. Ол – сөздегі дауыстылар мен
дауыссыздардың тең дәрежеде өзара үндесіп, үйлесіп келуі.
Сөйтіп, Ә.Жүнісбек Қ.Кемеңгерұлының сингармонизмді
дауыстылар мен дауыссыз-дар үндесімі деген пікірін қалыпқа
келтіріп, ғылыми түрде не-гіздеді.
Проф. Ә.Жүнісбек еңбектерінде үндесім заңы былай
анықталады. “…Қазақ тіліндегі үндесім құбылысы дауыс-ты
дыбыстарды да, дауыссыз дыбыстарды бірдей қамтитын
болғандықтан қай сингармониялық варианттың негізгі екенін айту
қиын”. “Сингармонизм дауыстылардың тембрін өзгертпейді, қайта
сақтап отырады, сөзде қанша дауысты болса да, ауытқу
136
137


болмайды”. “Қазақ сөзі дыбыс құрамымен ғана емес, үндесім
типімен де ажыратылады”. Сондықтан қазақ тілінде екпін жоқ,
оның қызметін үндесім заңы атқарады, тілде тек ырғақтық
екпін бар деді зерттеуші. Қазақ тіліндегі сингармониялық
талдау тілдің буын тіл екенін көрсетті, ал буын сегменттері
төрт түрлі тембрді құрайды дейді.
Ғалым қазақ тілінде жуан, жіңішке болатын жеке дыбыс емес,
буын деп, Қ.Жұбановтың қазақ тілі буыншыл тіл деген пікірін
жаңғыртты. Бірақ буын үндесімі сөз үндесімін құрайды деді.
Сонымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесіндегі ең кіші бір-лік,
фонема емес, сингармема, яғни сингармоварианттар бол-ды.
Сөздегі дыбыстар дауысты, дауыссызына қарамай бірыңғай жуан,
не бірыңғай жіңішке, не бірыңғай жуан еріндік, не бірыңғай
жіңішке еріндік екені анықталды. Бұл тұжырым өзге ғалымдардың
еңбегінде қолдау таба бастады. Бірақ М.Жүсіпұлының өз ойымен
айтқанда қазақ тілінің дыбыстық қорын анықтаудың үшінші кезеңі
сингармофонологиялық бағыт (өкілдері А.Байтұрсынұлы,
Х.Досмұханбедұлы, М.Жүсіпұлы) болды да, олар екпіннің
қызметін мүлде жоққа шығармады, тек оны сингармонизмге
қарағанда әлсіз сипатта екенін анықтады. Жуан дауыссыздар
дыбыстық құрамның негізін құрайды, өйткені олар жеке тұрып
дыбысталады деді. Ал үндесім құбылысын дау-ысты дыбыс
таңбалары арқылы белгілеудің мәні бар. М.Жүсіпов қазақ сөзінің
кіші бірлігін 

жүктеу 1,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   236




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау