л, р, у, и
ден басталатын сөздерде
(
қап,
лосу,
рабай,
рұқсат,
уақыт, іине
)
ы,
у
дыбыстары сөз басында дүдәмал естілсе жа-
зылмасын; 8) есімшені” “тұн” жұрнағы (
баратұн,
келетүн
)
естілуінше
“тін” боп жазылсын. “Үшін”, “үркер” сияқты сөздерде
ү, ө, і,
е
жазылсын;
9) демеу жалғауының қосалқы қосымша сөздер (
ғой,
ғана,
мен
)
дыбыстары естілуінше,
түбір сөздер сызықша мен айыры-
лып жазылсын (
берді-ғой,
рас-қой,
шақ-қана,
жүрсек-те,
алды-ма, келіп-бе, адам-мен, еп-пен
);
10)
сын есімді күшейтетін үстеу буындар (
қап-қара,
оп-оңай
)
естілуінше қосылып жазылсын;
11) ау, ай
одағайлар сөзге тіркелгенде
(
япырмау, жанымай
)
бірге жазылсын, сөзден бұрын келгенде, бөлек жазылсын (
Ай,
Асан
);
12) еке (аға, еке)
жұрнағы өзге жұрнақтарша түбірге бірігіп
жазылсын
(ағаеке);
13)
кейбір көмекші етістіктер (
бар,
жүр,
еді,
ген еді
) етістік-
пен бірге иә сызықша мен айырылып жазылсын;
14)
“сын”,”сық” боп қысқарып айтылатын
соң
сөзге
келгенде бірге жазылсын (
барғансоң,
онсын
).
Осыған байланысты “Еңбекші қазақ” газетінің бетінде
ұсыныстар жасаған, айтысқан т.б. көптеген мақалалар жарық
көреді. Мысалы: Байтұрсынұлы А. “Емле туралы” (1929, 27 на-
урыз); “Қазақстан мен Қазағыстан туралы”, Дулатұлы М. “Емле
өзгерту жайында”, “Емле жайындағы пікірлер”; (Ақдәулетұлы
Әбділда, Мұқанұлы Сәбит, Есенғали Манабайұлдарының пікір-
лері) (1929, 28 наурыз); Қайменұлы І. “Емлені түзету туралы”
(1929, 10,19 наурыз); Мамытұлы “Емле, пән атаулары туралы”
( 1929, 19 наурыз); Марғұланұлы Ә. “Жазу мәселесі” ( 1929, 16-17
тамыз); Аймауытұлы Ж. “Әліпби емлесіне түсінік” ( 1929, 18
ақпан); “uv,v,іv,
y
v” ( 1929, 9 наурыз); “Әдеби тіл мен емле” ( 1929,
12 мамыр), Аймауытұлы Ж. “Емле, әріп жайында”, “Емлені
өзгертуге жоба”, “Тағы да емле туралы”, Аманжолов С. “Жаңа
емленің кейбір дыбыстарын өзгерту, емле мен термин-дерді
дұрыстау туралы”, Омаров Е. “Айнымалы дыбыстардың жазылу
мәселелері”, Уәлитов Ш. “Емлені өзгерту жайында”,
Шаймерденов Е. “У” мен “И”, Байтоғайұлы Б. “Қос сөздер ту-
ралы, Омаров Е. “Емле мәселесі”, Шонанов Т. “Шет сөздердің
імләсі жайында” т.б. атауға болады.
Бас әріп мәселесі латын әліпбиіне көшкеннен кейін кейін
талқыға түсті. Әсіресе бас әріпті алу-алмау мәселесі туралы газет
бетінде біраз таластар болған. Бұл мәселеге әсіресе оқытушылар
белсене үн қосқаны байқалады. Ондай мақалалардың қатарына:
“Бас әріпті былай алайық” (1929, 26 қараша); “Бас әріп туралы
айтыс” (1929, 2 желтоқсан); Ш.Тоқжігітов “Бас әріптің керегі жоқ”
(1929, 2 желтоқсан); “Бас әріп керек” (1930, 4 ақпан); “Бас әріп
керек не, жоқ па?” т.б. жатқызуға болады. Бұл мәселе латын
графикасына көшуге байланысты туындағаны белгілі.
Бүкілодақтық Орталық жаңа түркі әліпбиі комитетінің І пле-
нумында бас әріпті жою не сақтау туралы мәселе қойылып, онда
бас әріпті алмау туралы шешім қабылданады. Көп ұзамай бас
әріпті кіргізу мерзімі жайында 1930 жылы 2 маусым айында
Қазақстан Орталық Атқару комитетінің қаулысы бойынша алы-
нады (Еңбекші қазақ. 1930. 20 октябрь. №232). 1930 жылдың 11
сәуірінде Қазақстан Орталық атқару комитетінің “Бас әріпті алу
туралы” қаулысы шығады. Онда 1931/32 оқу жылына арналған оқу
құралдары бас әріппен басылсын, барлық мерзімді әдебиет 1931
жылдың бірінші қаңтарына шейін барлық оқушыларын бас әріптің
түрі мен ережесімен таныстырып болсын да, сол күннен бастап
бас әріпке көшсін, 1931 жылдың қаңтарынан бастап оқу
құралдары бас әріппен басталсын т.б. қаулыларды қабылдайды.
О.Жұбаева, Қ.Күдеринова, Н.Әміржанова «Латын графикасы
негізіндегі қазақ әліпбиі: тарихы, тағылымы және болашағы»
(Алматы, 2007) жинағынан.
Достарыңызбен бөлісу: |