2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



жүктеу 3,39 Mb.
Pdf просмотр
бет124/181
Дата20.09.2022
өлшемі3,39 Mb.
#39332
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   181
2022-2023 оқу жылының ӘНХ

оқу процесі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (2017 жылғы «25» қазандағы № 545 
бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) Негізгі орта білім беру 
деңгейінің 9-сыныбына арналған «Құқық негіздері пәнінен үлгілік оқу 
бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. 
Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының басты
алғышарттарының бірі – азаматтардың құқықтық білімін жетілдіріп, құқықтық 
сауаттылық пен мәдениениетін қалыптастыру. Сондықтан жалпы білім беретін 
мектептерде «Құқық негіздері» пәнін оқыту оқушылардың қоғамда әлеуметтік 
бейімделуі үшін қажетті негізгі құқықтық білімдері мен дағдыларын меңгеруді 
қамтамасыз етуге бағытталған.
Негізгі орта білім беру деңгейінде «Құқық негіздері» оқу пәнінің мақсаты 
- құқық жөнінде негізгі білімдерді игеру арқылы құқықтық тұрғыдан сауатты 
азаматты тәрбиелеу және олардың бойында заңды құрметтеу дәстүрі мен 
құқықтық мәдениетті қалыптастыру, өз азаматтық құқықтары мен міндеттерін 
жүзеге асыруға қажетті білім мен дағдыларды қалыптастырып дамыту. 
Пәнді оқыту оқушыларда азаматтық құқықтарын жүзеге асыруға, 
мiндеттемелерiн орындауға қажетті білім мен дағдыларды, саяси-құқықтық 
сананы қалыптастырады.
9-сыныпта «Құқық негіздері» оқу пәнінің базалық білім мазмұны: Құқық 
және мемлекет, Конституциялық құқық, Азаматтық құқық, Еңбек құқығы,
Отбасы құқығы, Әкімшілік құқық, Қылмыстық құқық бөлімдерін қамтиды.
Ұзақ мерзімді жоспардағы тақырыптар проблемалық сұрақтар түрінде 
құрастырылған. Оның басты себебі – кез келген тақырып оқушыларды бірден 
ойландырады және оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, проблемалық сұрақ 
қоюға, өздігінен талдау жасау дағдыларын дамытуға жәрдемдеседі. 
«Құқық негіздері» пәнін оқытуда келесі педагогикалық әдіс-тәсілдерді 
қолдану ұсынылады: 

«Кейс стади», оқушылардың проблемаларды анықтауда өз ойларын, 
пікірлерін айту, дәлелдеу, гипотеза ұсыну, зерттеуді одан әрі жоспарлау 
қабілеттерін дамытатын ынталандырушы–проблемалық, ситуациялық жағдай 
туғызу; 


222 

белгілі бір тақырып бойынша «миға шабуыл», «фишбоун», «автор 
орындығы», т.б. әдістерін ұйымдастыру (проблемаларды табу, әр оқушының 
идеясын ұсыну, бүкіл сыныппен талқылау, оны талдау және шешімнің дұрыс 
нұсқасын қабылдау); 

сабақта оқушылардың белсенділігін қажет ететін құқықтық проблемаларды 
талқылау; 

оқушылардың пікірталас өткізу және құқықтық мәселелерді 
талқылауына игі ықпал ету үшін компьютерлік қарым-қатынас құралдарын 
(мысалы, онлайн-форумдар, конференциялар) пайдалану. 
Оқушылардың құқықтық мәселелер мен жағдайаттарға талдау жүргізу 
үшін сабақта құқықтық-нормативтік актілермен, заң түсіндірмелерімен және 
ресми құқықтық деректермен жұмысты ұйымдастыру ұсынылады.
Жалпы орта білім беру деңгейі 
Жалпы орта білім беру деңгейіндегі «Құқық негіздері» оқу пәнінің 
мазмұны құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға, демократиялық құқықтық 
қоғам идеалдары мен құндылықтарын түсінуге бағытталған.
10-11-сыныпта «Құқық негіздері» пәнінің мазмұны білім алушыларға түрлі 
құқық салаларының ерекшеліктері мен мәнін түсіндіруді тереңдетеді. 
«Құқық негіздері» оқу пәні құқық нормалары, заңдар мен нормативтік 
құқықтық актілер арқылы қамтамасыз етілетін процестерді бағалау, жіктеу, 
жүйелеу, қорытындылау, талдау үшін білім алушылардың қажетті құқықтық 
ойлау дағдысын дамытуды қарастырады. Аталған оқу пәнінің аксиологиялық 
қызметі құқықтық сауаттылықты, құқықтық сана-сезім құндылықтарын 
қалыптастыруға негізделген. 
«Құқық негіздері» пәнін оқытудың негізгі міндеттері: 

әлеуметтік және құқықтық нормалар жүйесі: адам құқығы, құқықтық 
мемлекет, азаматтық қоғам, заңдылық және құқықтық тәртіп туралы білімдерін 
тереңдету және кеңейту;

қазақстандық құқық пен халықаралық құқықтың базалық салаларының 
негізгі түсініктері мен мазмұны туралы білімдерін дамыту; 

құқыққа деген оң қөзқарасты қалыптастыру және заңдарды білу мен 
орындаудың әлеуметтік пайдалылығын түсіну; 

қазақстандық патриотизм, жалпыадамзаттық құндылықтар, гуманизм 
мен әділеттілік негізінде тұлғаның құқықтық санасын қалыптастыру; 

оқу және тәжірибелік іс-әрекетте құқықтық ақпаратты табу, талдау және 
қолдану дағдыларын қалыптастыру; 

әртүрлі өмірлік жағдайларда құқықтық нормаларға сәйкес іс-әрекеттерді 
таңдау кезінде құқықтық білім мен дағдыларды қолдана алу біліктерін дамыту; 

қоғамдағы құқықтық қатынастармен байланысты практикалық 
жағдаяттарды сын тұрғысынан талдау және бағалау дағдыларын дамыту; 

қазіргі уақыттағы өзекті қоғамдық және құқықтық мәселелерге қатысты 
пікірталасқа қатысу дағдыларын дамыту. 
2022/2023 оқу жылында 10-11-сыныпта «Құқық негіздері» пәнінен оқу 
процесі Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары бойынша


223 
ҚР БҒМ 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығымен бекітілген оқу 
бағдарламаларымен жүзеге асырылады. 
Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық және 
жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған 
«Құқық негіздері» пәнінен 1 сағатқа арналған
үлгілік оқу бағдарламасы бойынша 
кейбір оқыту мақсаттары қысқартылды. Сонымен қатар, 10-11-сыныптарда әр 
тақырыптық бөлімнен кейін берілетін зерттеу жұмысы тақырыптары 
қысқартылды. 

жүктеу 3,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   181




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау