28
Радиотехникалық аппаратурада (фазоинверторда) инверторды амплитудалары
тең, бірақ фазалары қарама-қарсы болатын екі сигнал алу үшін пайдаланады;
2) электротехникада – тұрақты токты бір фазалы немесе көп фазалы
айнымалы токқа түрлендіретін (газразрядты немесе шала өткізгішті аспап)
қондырғы;
3) есептеу техникасында – цифрлық сигналдар үшін логикалық терістеу
амалын (“емес”) орындайтын электрондық элемент. Сонымен қатар инвертор
мәлімет өңдейтін және тасымалдайтын компьютер құрылғыларында электр
сигналдарын қалыптастырып күшейтеді. Әдетте, интегралдық сұлбалар
құрамында болып, транзисторлық элементтерден тұрады. Потенциалдық және
импульстік инверторлар болып ажыратылады. Потенциалдық инверторде
кірісіндегі кернеудің жоғары деңгейі шығысында төменгі деңгейге түрленеді
және керісінше. Оның кіріс сигналы мен шығыс сигналының арасындағы
байланыс логикалық “емес” функциясына сәйкес келеді. Импульстік
инверторде кірісіне сигнал келген сәтте оның шығысында полярлығы
кірісіндегіге қарама-қарсы сигнал қалыптасады. Инвертор компьютерлердің
логикалық элементтерінің негізгілерінің бірі болып табылады. Интегралдық
сұлбаларда инвертор өзіндік тәуелсіз міндет атқармай, күрделі логикалық
сұлбалардың құрамына кіретін қарапайым элемент қызметін атқарады.
Инвертор электр техникада – тұрақты токты бір фазалы немесе көп
фазалы айнымалы токқа түрлендіретін қондырғы.
Инверторлар - жартылай өткізгіш құралдар. Олар фотоэлектрлік
жүйелердің түріне сәйкес екі түрге бөлінеді:
күн батареяларының автономды жүйелеріне арналған инверторлар;
жүйелік пайдалануға арналған инверторлар.
Екі түрінің де шығыс каскадтары ұқсас болады, тек басқарылуы ғана
әртүрлі болады. Бірінші түрінде жиілік генераторы бар, ал екінші түрі желімен
синхронды жұмыс жасауы керек.
Барлық түрі үшін негізгі параметр болып ПӘК саналады. Автономдық
инверторлардың шығыс кернеуі 220 Вольтқа тең, ал қуаты 10-100 кВт болатын
инверторлардан үш фазалы 380 Вольтты кернеуді алуға болады. Барлық
автономдық инверторлар аккумуляторлық батареяның тогын тұрақтыға
айналдырады. Осыған байланысты шығыс кернеуі 12,24,48 және 120 В
арасынан таңдалады. Шығыс кернеуі жоғары болған сайын оның ПӘК жоғары
болады.
Автономдық инверторларға келесідей талаптар қойылады:
шамадан тыс жүктеуге төзімді болуы керек;
шығынының аз болуы;
шығыстағы кернеуі реттеуі;
жоғары ПӘК;
гармоникалардың коэффициенті аз болса;
радиожиіліктерде бөгеттердің болмауы.
29
1.10 сурет – Инвертордың сыртқы келбеті
1.1.4 Контроллер және бағдарламалық қамтамасыздандыру
ҚЭЖ жүйесін басқару үшін еркін бағдарланатын контроллер Simatic S7-
300 таңдалынды. Автоматты басқару жүйесін жүзеге асыру үшін Simatic S7-
300 контроллері өте тиімді болып есептелінеді. ЭЭҚ жүйесінің автоматты
басқару жүйесін жүзеге асыру үшін Siemens Simatic Manager бағдарламасы
пайдаланылады. Контроллердің модульдерін ауыстыруға және көптеген жаңа
модульдер қосуға болады. Simatic S7-300 контроллерінің қуаты өте жоғары.
Simatic
S7-300
контроллері машина жасау саласында, қоймалық
шаруашылықта, технологиялық қондырғыларда, өлшеу және мәлімет жинау
салаларында, химиялық өндірістерде және тағы басқа салаларда
пайдаланылады. Контроллердің құрамына кіретін модульдер:
орталық процессор модулі (CPU). Шешілетін есептің қойылуына
байланысты әр түрлі типті орталық процессорлар пайдаланылады;
сигналдық модульдер (SM). Аналогты және дискретті кіріс-
шығыстарды қосу үшін пайдаланылатын модульдер;
коммуникациялық процессор (СР). Осы модуль арқылы желілік
ақпарат алмасу келесі интерфейстер арқылы жүзеге асырылады:
Industrial Ethernet, Profibus, Ptp;
функционалдық модульдер (FM). Автоматтық реттеу және санау
жұмысын жүргізу, позиционерлеу есептеу жұмыстарын атқарады;
интерфейстік модуль (IM). Контроллердің негізгі блоктарына қосылу
үшін пайдаланылады;
қоректендіру блогы (PS). Контроллерді айнымалы немесе тұрақты ток
арқылы қоректендірілуі үшін пайдаланылады [1].
30
1.11 сурет – Контроллер Simatic S7-300
1.2 Фотоэлектрлік қондырғы
Күн энергетикасы дегеніміз – дәстүрлі емес энергетика бағыттарының
бірі. Ол күннің сәулеленуін пайдаланып қандай да бір түрдегі энергияны алуға
негізделген. Күн энергетикасы энергия көзінің сарқылмайтын түрі болып
табылады, әрі экологиялық жағынан да еш зияны жоқ. Күннің сәулеленуі –
Жердегі энергия көзінің негізгі түрі. Оның қуаттылығы Күн тұрақтысымен
анықталатындығы белгілі. Күн тұрақтысы – күн сәулесіне перпендикуляр
болатын, бірлік ауданнан бірлік уақыт ішінде өтетін күннің сәуле шығару
ағыны. Бір астрономиялық бірлік қашықтығында (Жер орбитасында) күн
тұрақтысы шамамен 1370 Вт/м²-қа тең. Жер атмосферасынан өткен кезде Күн
сәулеленуі шамамен 370 Вт/м² энергияны жоғалтады. Осыдан Жерге тек 1000
Вт/м²-қа тең энергия ғана келіп түседі. Бұл келіп түскен энергия әр түрлі
табиғи және жасанды процесстерде қолданылады. Күн сәулесі арқылы тікелей
жылытуға немесе фотоэлементтер көмегімен энергияны қайта өңдеу арқылы
электр энергиясын алуға не басқа да пайдалы жұмыстарды атқаруға болады.
Шындығында, қазіргі заманды электр энергиясысыз мүлдем елестету
мүмкін емес. Сол себепті де, электр энергияны алудың шығыны аз,
экологиялық таза көздерін табу бүгінгі күннің негізгі мәселесіне айналып
отыр. Әлем бойынша электр энергиясын ең көп өндіретін елдерге АҚШ,
Қытай жатады. Бұл елдерде электр энергиясының өндірісі әлемдік өндірістің
20%-ын құрайды. Соңғы кездері экологиялық проблемалар, пайдалы
қазбалардың жетіспеушілігі және оның географиялық біркелкі емес таралуы
салдарынан электр энергиясын өндіру жел энергетикалық құрылғыларды, Күн
батареяларын, газ генераторларын пайдалану арқылы жүзеге аса бастады.
Күн батареясы, фотоэлектрлік генератор — Күн сәулесінің энергиясын
электр
энергиясына
айналдыратын
шала
өткізгішті
фотоэлектрлік
түрлендіргіштен (ФЭТ) тұратын ток көзі. Көптеген тізбектей-параллель
қосылған ФЭТ-тер Күн батареясын қажетті кернеу және ток күшімен