Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


Оқушылардың жазу дағдыларын  жетілдіру жолдары



жүктеу 1,98 Mb.
Pdf просмотр
бет20/46
Дата18.05.2022
өлшемі1,98 Mb.
#38643
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   46
жазуға үйрету

2.4.Оқушылардың жазу дағдыларын  жетілдіру жолдары
 
 
       Әдемі  жазу  -  өнер.  Таза,  анық,  әдемі  жазуды  оқу  де  жеңіл  ондай  жазумен 
берілген  ойды  түсіну  де  оңай.  Әріп  таңбаларын  әдемі,  көркем  етіп  салуға 
жаттықтыру  мақсатында  жүргізілетін  жұмыстардың  оқушы  бойында  жақсы 
қасиеттердің  қалыптасуына ықпалы бар. Мектепке алғаш келген күннен бастап 
баланың  жазуына  жете  көңіл  бөлмеу  көп  жағдайда  оның    өз  ісіне  салдыр  – 
салақ  қарауына,  жауапкершілікті  сезінбеуіне  әкеп  соғады.  Таза,  әдемі  жазуды 
талап  ету  оқушының  әсемдік  сезімін  оятып,  мінез  –  құлқын  тәрбиелеп, 
жауапкершілікке,  тыңғылықтылыққа,  ұқыптылыққа  үйретеді.Оқушыларды 


77 
 
көркем жазуға үйретуде үш нәрсені басшылыққа алу керек: біріншісі - әріптерді 
мәнерлі жазуға және жеке әріптерді жазуға өзара құрастыра білу, екіншісі - әріп 
элементін дұрыс жазуға дағдыландыру, үшіншісі – жазу жұмысына өте ұқыпты
мұқият болуды қалыптастыру.  
      Оқушылардың  әріптердің  салынуын  есте  сақтауы  үшін  және  сауаттылыққа 
үйрету  үшін  диктант  жүргізудің  рөлі  ерекше.Сауат  ашу  кезеңінде  мынадай 
диктант  түрлерін  жүргізуге  болады:  графикалық,  буындық,  әріптік,  сөздік, 
көру, терме, шығармашылық, өздік диктанттары. 
      Графикалық  диктант  сауат  ашудың  дайындық  кезеңінде  жүргізіледі,  оның 
мақсаты- оқушылардың ойлаған  сөз, сөйлемдерін сызба арқылы беру арқылы 
негізгі ұғымдар туралы мағлұмат беру. Сауат ашудың кейінгі кезеңдерінде бұл 
диктант түрін басқа нұсқада беруге болады.Айталық, берілген сызба бойынша 
сөйлем құрау, т.б. 
 
Әріптік  диктант.Сауат  ашу  кезеңінде  оқушы  үйренген  әріптің  салынуын  есте 
сақтауы  үшін  әріптік  диктант  жүргізіледі.  Оны  әріптің  әр  элементін  жекелеп 
ауызша айту арқылы немесе бірінші элементін толық жазып, екінші элементін 
нүктемен  белгілеу  арқылы  немесе  баспа  түрінен  жазба  түріне  аударып  жазу 
арқылы жүргізуге болады. 
Буындық  диктант.  Ол  әр  дыбысты  есту  арқылы  дұрыс  жазуға,  қатесіз  жазуға, 
буындап оқудан тұтас оқуға, сөздерді тасымалдай білуге үйрету сияқты жұмыс 
түрлерін қамтиды. 
Сөздік  диктанты  әріптік  пен  буындық  диктантқа  қарағандабіраз  күрделірек. 
Оның  мақсаты-  оқушыларға  сөзді  өздері  естігені  бойынша  мағынасын  түсіне 
отырып,  әріпті  тастап  кетпей,  артық  әріп  қоспай  немесе  әріптердің  орнын 
ауыстырмай, қатесіз көркем жазуға дағдыландыру. 
Терме  диктант.    Белгілі  бір  ережені  оқушылардың  қалай  меңгергенін  байқау 
мақсатында  сабақ  үстінде  жүргізіледі.Мұғалім  бұл  диктанттың  мақсатын 
алдымен  түсіндіріп  алуы  керек,  айталық,  тек  қана  дауысты  дыбыстарды  теріп 
жазу  немесе  мәтіннен    тапсырмаға  лайықты  сөздер,  сөз  тіркестерін  теріп 
жазады. 
Көру  диктанты.  Бұл  диктант  түрі  оқушылардың  көру,  есте  сақтау,  затты  тану 
қабілеттерін  дамыту  мақсатында  жүргізіледі.  Көру  диктанты  үшін  әріп,  буын, 
сөз, сөз тіркестерін, шағын мәтін, жұмбақ, жаңылтпаш, өлең алуға болады. Сөз, 
сөз тіркестерін, шағын мәтін тақтаға алдын ала жазылып қойылады, оқушылар 
оны 2-3 рет оқып, асықпай көріп, жадында сақтауына 2-3 минут уақыт беріледі. 
Содан соң тақта жабылады, оқушылар оқығандарын естеріне түсіріп, дәптерге 
жазады.  Мұнда  жазылуы  қиын  сөздер,  сондай-ақ  терминдер  ереже  негізінде 
түсіндіріледі. 
Өздік диктантында оқушылар өтілген  материалдарға байланысты әріптер мен 
буындарды, сөз  бен сөз тіркестерін және жекеленген сөйлемдер, жаттап алған 
өлең,  жұмбақ,  жаңылтпаш,  мақал-мәтелдерді  естеріне  түсіріп,  ойлана  отырып 
өз  бетінше  жазады.  Диктанттың  бұл  түрінің  өткенді  қайталап,  тіл  ұстартуда 


78 
 
маңызы зор. Мұғалім өздік диктант жазбас бұрын нені қайталап келу керектігін  
оқушыларға ескертіп қояды.
 
Шығармашылық  диктант  -үйрету  диктанттарының  ішінде  мазмұн,  құрылым, 
әдіс-тәсіл  жағынан  ең  күрделісі,  оқушылардың  ойлау  қабілетін,  сөздік  қорын, 
білім  деңгейі  мен  өздігінен  жұмыс  істеудегі  шеберліктерін  арттыру 
көрсеткіші.Бұл диктанттың көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қою, сөздерді 
дұрыс  орнластыру  арқылы  сөйлем  құрау,  мәтінді  аяқтау,  т.б.  тапсырма 
түріндегі өзгешеліктері болады. 
         Жас жеткіншектің көркем жазу дағдысы біртіндеп қалыптасады. Мұғалім 
бұл  үшін  жұмыстың  әр  түрлерін,  оқыту  әдіс  –  тәсілдерін  тиімді  пайдаланары 
сөзсіз.  Түрлендірген  жұмыстар  оқушыларды  қызықтырып  қана  қоймайды, 
логикалық ойлауын арттырады.  
        В.Т.Лихачевтің  пікірінше,  педагогикалық  технология  форма,  әдіс,  амал, 
тәрбиелік  құралдардың  бірлігі  негізінде  арнайы  іріктеліп  алынған 
психологиялық, 
педагогикалық 
қондырғының 
жиынтығы, 
мазмұнды 
ұйымдастырушылық  құрылым болып есептеледі. Ол өзгермейтін механикалық 
құрылым  емес,  қайта  оқушы  мен  мұғалімнің  үнемі  түрленіп  отыратын  өзара 
қарым-қатынасының 
өзегі, 
педагогикалық 
технологияның 
мәні 

шығармашылық  қабілеттің  дамуы  үшін  қажетті  жағдай  туғызу.  Яғни 
педагогикалық  технология  дегеніміз  –  қоғам  талабына  сай  белгілі  бір 
педагогикалық  мақсатқа  жету  жолында  қолданылатын  әдіснамалық  амалдар 
мен  құралдар  жүйесінің  жиынтығы.  Олай  болса,  сауат  ашу  технологиясын 
жетілдіру  дегеніміз  сауат  ашудың  сапасын  танымдық,  тағылымдық  тұрғыдан 
арттыру  мақсатында  қолданылатын  әдіснамалық  амалдар  мен  құралдардың 
жүйесін  жақсарту,  сауат  ашуды  технологиялық  тұрғыдан  жетілдіру 
психофизиологиялық,  педагогикалық  ілімдердің  дәстүрлі  және  соңғы 
жетістіктері  негізінде  оқушының  дұрыс  оқу,  жазу  дағдысын  қалыптастыруды 
сапалық  деңгейге  көтеру.  Сауат  ашу  технологиясын  жетілдірудің  кейбір 
жолдарына тоқталып өтелік. 
     Оқу  мен  жазу  бірге жүргізіліп отырады. Баланың  дұрыс  оқуға  машықтануы 
мен сауатты жазуға үйретуі осы кезеңде жүзеге асырылады. Сондықтан мұғалім 
балаларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке үйрете отырып, өз жұмысына өздері 
баға беріп, қорытынды жасай білуге үйретуі тиіс. Алты жастағылар негізінен өз 
ана  тілінде  сөйлей  алады,  алайда  олар  тұрмыстық  ауызекі,  диалогті  тілді  ғана 
меңгерген,  сөздік  қорлары  аз,  грамматикалық  формалардың  барлық  түрін 
қолдана  алмайды.  Алты  жастағылар  әрқашан  сөздердің  ретін,  нормаларын 
бұзбай,  сөйлем  құрай  алмайды.  Олардың  монологтік  сөйлеуі  нашар  дамиды. 
Оқушыларды  сауаттылыққа  үйрету  нәтижелі  болуы  үшін  сабақ  барысында 
элементтерін  пайдаланған  тиімді.  Мектеп  жасына  дейінгі  баланың  негізгі 
әрекетінің бірі – ойын. Бала мектепке келгенде де ойнауын тоқтатпайды. Әйтсе 
де,  енді  оқу  әрекеті    бірінші  орында  тұрады  да,  ойын  оның  өміріндегі  екінші 
дәрежедегі әрекетке айналады.  
       Ойын  әрекеті  –  баланың  барлық  нышандарының  дамуына  мүмкіндік 
туғызатын, өзіндік ерекшелігі бар, интелектуальды мектеп. Ойынның қозғаушы 


79 
 
күші  –  баланың  тілегі  мен  қызығуы.  Бала  сол  ойын  барысында  тапқырлыққа, 
ептілікке,  қиялдау,  ойлауға  дағдыланады.  Ойын  оқушыларды  сабаққа 
қызықтырады,  материалды  тез  қабылдап,  есінде  ұзақ  сақтауға  көмектеседі. 
Сабақта ойын элементтерін пайдалану немесе сабақты толықтай ойын түрінде 
өткізу  мұғалімнен  аса  біліктілік  пен  шеберлікті,  шығармашылық    ізденісті  
қажет  етеді.  Оқу  мазмұнындағы  ойынды  талғап,  таңдап  қолданған  жөн,  ол  ең 
алдымен  оқу  материалымен  байланысып,  сабақтасып,  астарласып  жатуы  тиіс. 
Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: 
- олар ойланады; 
- эмоциялық әсер ұшқындайды; 
- белсенділігі артады; 
- ерік қасиеті, қабілеті артады; 
- қиялы дамиды. 
Әліппе кезеңінде оқушыларды оқу мен жазуғаүйретуде кеспе әріптер мен кеспе 
буындардың  пайдасы  мол,  ол  арқылы  оқушылардың  білімдері  мен  дағдылары 
артады.  Бірнеше  әріпті  өткеннен  кейін  «Сөзді  тез  тап»,  «Есімде  жаттап 
сақтайын», т.б.  ойындарын ойнату арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін 
арттыруға  мүмкіндік  туады.  Балалар  қалтаға  салып  қойған  әріптерден  сөз 
құрайды,  кім  көп  сөз  құраса  немесе  тез  құраса,  сол  бала  жеңімпаз  атанады. 
Оқушылар  сөз  құрауды  меңгергеннен  кейін,  ойынды  қайталаудан  жалығады. 
Сол кезде әр түрлі ағаш, жапырақ пен гүл формаларын түрлі түсті қағаздардан 
қиып  алып,  астына  әріптерді  жасырып  қойып  ойнатуға  болады.  Айталық,  екі 
тор көзі бар қағаз берілсе, екі дыбысты сөз, үш тор көзі бар қағаз берілсе, үш 
дыбысты сөз құрайды. 
«Қай  әріпті  жоғалттым?»  ойыны  оқушылардың  білімін  бекіту  мақсатында 
қолдану  тиімді.  Ойынға  сөз  ішінде  бір  әріп  қалдырылып  кеткен  (бір  әріп 
жоғалған) парақшалар немесе алма, ағаш, үйрек, т.б. суреттері пайдаланылады. 
Жоғалған  әріптер  сөздердің  басында,  ортасында,  аяғында  кездесуі  мүмкін. 
Оқушылар нүктенің орнына әріп қойып жазады. 
«Қай буынды жоғалттым?» ойыны. Тақтаға кү(рек), бақ(ша), жа(лау), тор(ғай) 
сөздердің  алғашқы  буындары  жазылады.  Оқушылар  тақтаға  шығып,  келесі 
буындарды орнына қойып, сөздерді толық жазып шығады. Немесе «Буынды сөз 
құрау»  ойыны  бойынша  екі  қатарға  буындар  жазылады,  оқушылар  ол 
буындардан сөздер құрайды.  
1. Ма, дәм, ас,қой, мал.               2. Шина, ал, хана, пазшы, шы. 
Сөздер: машина, дәмхана, аспазшы, қойшы, алма, асшы, малшы.  
«Көрші-көрші»  ойынынөткізу үшін балаларға буындар (-күл, -ба, -кі, -ла, -ша, -
ке,  -на,  -мір)  жазылған  карточкалар  таратылады.  Балалар  көршілерін  тауып, 
жеңіске  жетеді.  Мұндай  ойынды  ретсіз  берілген  әріптерден,  дыбыстардан  сөз 
құрату үшін де жүргізуге болады.  
1. р, а, қ (қар); 
2. а,л,а, қ (қала); 
3. л,а,б, а (бала). 


80 
 
«Сөзтізбе» ойыны (чайнворд – ағылшынша «чайн»-тізбек, «ворд»- сөз деген екі 
сөзден  құралған).  Бір  сөздің  соңғы  дыбысы  екінші  сөздің  бірінші  дыбысы 
болады.  Бір  оқушы  сөз  айтады,  келесі  бала  сол  сөздің  соңғы  дыбысынан 
басталатын сөз тауып жалғастырады: бас, сақа, ат, таға, азық, т.б. 
«Өзгертпе  сөз»    (анаграмма  -  гректің  «ана»  -  өзгерту,  «грамма»  жазу  деген) 
берілген сөздегі әріптердің орнын өзгерту арқылы жаңа сөз жасалады: тамыр – 
тырма, маса – сама, озық- қозы. 
«Тумасөз»  (метаграмма  -гректің  «мета»  -  соңынан,  «грамма»  -  жазу  деген 
мағына)  жаңа  сөз  жасалу  үшін  пайдаланылатын    сөздің  бір  әрпі    өзгертілуі 
қажет: табан- сабан, түлкі – күлкі. 
«Өзгермесөз»  (логогриф  -  гректің  «логос»  -  сөз,,  «грифос»  -  жұмбақ  деген 
мағына)  сөзден әріпті алып тастау немесе оған жаңа әріп қосу арқылы жаңа сөз 
тудырылады: жылан – жыла – жыл, елік – ерлік,  қаз-аз. 
«Жедел  жәрдем»  ойыны.  Тапсырма:  «Ауру  әріпті  емде».  Медициналық 
атрибуттарды  пайдалану  арқылы  (ақ  халат,  қызыл  крест)  тақтаға  графикалық 
және  каллиграфиялық  жағынан  қате  жазылған  әріптер,  сөздер  жазылады, 
оқушылар қандай қате екенін табады, жазу үлгісін көрсетеді. 
«Ырғақты буын» ойыны.Сөздер буынға бөлінеді.  Буын доғамен белгіленеді. 
 
Сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.Тапсырма: көрсетілген 
ырғақпен –да- буынын  айту. 
׀
   
     ׀    ׀       ׀
   
׀  ׀   ׀  ׀׀׀׀׀
 
Да да    да     да да да      да да    да да      да      да 
 
«Баспалдақ» ойыны. Әр баспалдақ сатысына әріп не буын жазу. 
«Тез ойла, сөз ойла» ойыны. Ойын шарты: буындардан сөзқұрау. 
та 
да 
са 
уа 
Ла 
   ша 
ра 
ға 
   на 
ма    ар 
ұс   
со      қа     қо      бо      Ба 
 
Сауатты  көркем  жазудың  негізі    әліппенің  сауат  ашу  кезеңінде  қалыптасады. 
Бұл  жұмыс  шығармашылықпен  ұштастырғанда  ғана  оқушы  сауатты,  көркем 
жазуға  төселеді.Осы  мақсатта  оқу  белсенділігін  арттыратын  әріптік,  буындық 
үлестірмелі  материалдар  пайдаланылып,  берілген  сөздерді  талдап,  өзінің 
кассаларынан  сөз  құратып,  оқытып,  ауызша  жат  жазу  жүргізу  керек.  Ауызша 
құралған  сөзді  тақтаға  жазып,  қатесіз  көркем  етіп  дәптерге  жазғызып,  оны 
оқытып  тақтамен  салыстыру  керек.  Үйрету  жат  жазулары  жеңілден  басталып, 
біртіндеп  күрделенеді.  Бір  –  екі  әріпті  үйретісімен  сабақ  сайын  үйрету 
диктантын  жатқа  жазуда  оқушы  сауатын  ашып,  естуін  дамытады.  Осындай 
жұмыстың біріне әріпті жат жазуды ұсынамыз. Мұнда үйренген дыбыстардың 


81 
 
әріптік  таңбаларын  қаншалықты  меңгергенін  байқауға  болады.  Ол  үшін  әріп 
жазуын мынадай мазмұнда өткізген жөн: 
-Естілу бойынша жазу. 
-Кіші әрпін жазу. 
-Жаттап жазу. 
-Іздеген әрпін жазу. 
-Дауыстыны жазу. 
-Дауыссызды жазу. 
-Суреттегі затты атап, бас әрпін жазу. 
-Алфавиттік жұмбақты шешу. 
Әріп диктантынан кейін қатемен жұмыс істелінеді. Ол үшін: 
-  өткен  дыбысты  есту  бойынша  жаза  алмаса,  суретші  дидактикалық  материал, 
жетекші сурет көрсетіп, әліпбиден таңбалануын көріп жазу немесе әр түрлі зат 
суретін  көрсетіп,  сол  дыбыстан  басталатын  затты  табу,  әріпті  жазу,  білмесе 
оқушылар  көмегімен  орындап  дәптерге  жазғызып,  жаттықтырып,  есінде 
сақталғанша  жұмысты  жалғастыру,  әліпбиден  берілген  әріпті  іздеп  табу,  жеке 
кассада  жинау.  Бұл  үшін  «Кім  көп  тереді?»,  «Теруге  қатыс»,  «Жарысқа  түс» 
деген  ойындар  ұйымдастыру  нәтижесін  көрсетеді.    –  Бас  әріппен  кіші  әріпті 
аралас беріп   тауып жазу астын сызу жұмыстарында: «Қатем бар ма?», «Өзіңді 
байқа», «Іздеріңді тап» сияқты ойындар арқылы жұмыс істеу қолайлы. 
Әріп  жат  жазуын  жазуға  үйренген  оқушыларға  сол  әріптерден  құралған  буын 
диктантын  жаздыру  қажет.  Алдымен  буын  кестесімен  жұмыс  жасап  оқушы 
дағдысын жетілдіреміз. 
Буын жат жазуда мынадай үлгіні ұсынады: 
-Берілген әріптен буын құрау. 
-Жоқ буынды табу. 
-Буын жігіне айыру (ажырату). 
-Буындар құрау, буындап сөз жазу. 
Бастауыш сыныпта жазуға үйретуді машықтандыруда әріп буын жат жазуларын 
дұрыс жазып, сөздердің мазмұнын түсініп алмайынша, бірден сөз, сөйлем, жат 
жазуларын  өз  дүниесінде  сауатты  жазу  мүмкін  емес.  Жат  жазу  жиі  болса, 
оқушылардың  сауаты  артады.  Жат  жазудың  мақсаты  –  оқыған  ережені 
оқушының  қаншалықты  меңгергенін,  қосымша  қандай  жұмыс  жүргізу  керек 
екенін  анықтау.  Баланың  жазу  дағдыларын  жүргізуде  жат  жазу  жүргізу 
жұмысына қоса қатені түзету жолдарын да ұсынамыз. Олар: үйрету жат жазуы 
және көшіріп  жат жазуы. 
Бұл үшін: 
-  жекелеген  жұмыс  беріп,  жіберген  қатесін  жаттығуға  үйретіп,  қайталап 
пысықтау; 
- ауызша жауапта қате кеткен ережені сұрау; 
- қиын тапсырманы сынып болып орындау; 
- бірін – бірі тексеру; 
- өзін - өзі тексеру; 
- қате кеткен сөздегі әріптің астын сызу; 


82 
 
- құралдармен жұмыс; 
- диогностикалық картамен есеп алу
- ойын түрлерін қолдану; 
        Сауат  ашудың  дайындық  кезеңінде  оқушының  қол  икемділігі  мен  көз 
мөлшерлеу  қабілетін  жетілдіру,  графикалық  дағдыларды  қалыптастыру  үшін 
суретті  және  сызықты  жаттығуларды  орындатады.  Сонымен  бірге  бұл  кезде 
штрихтау  жаттығуларын  орындатудың  мәні  зор.  Мектепке  алғаш  келген 
баланың  жетекші  әрекеті  –  ойын,  ал  штрихтау  ойын  түрінде  жүргізіледі.  Әр 
түрлі  зат  бейнесін,  геометриялық  фигураларды  штрихтау  баланың  қолын 
жаттықтырып  қана  қоймайды,  оның  сөйлеуі  мен  ойлауын  белсендіреді. 
Штрихтар арқылы сурет салу жаттығуларын сурет альбомына орындатқан жөн. 
Сурет  альбомы    беттеріне  жазу  сызықтары    сызылады  да,  жаттығулар  жазу 
дәптеріндегі  үлгідей  орындалады.  Оқушылар  үшін  геометриялық  фигуралар 
мен әр түрлі зат бейнесінің трафареті дайындалады немесе оларды өздері дайын 
геометриялық  фигуралар  трафаретінен  зат  бейнесін  құрастырады.  Мұғалім 
альбомға  салынған  бейнелерді  штрихтауды  талап  етеді.  Штрихтарды  өзара 
қосып  сурет  салу  кезінде  балаларзаттардың  пішінін,  құрылысын  жазықтықта 
орналасу  қалпын  еркін  қабылдап,  «оң»,  «сол»,«шеті»,  «жоғары»,  ,«төмен», 
«түзу»,«қисық», «дөңгелек», т.б. ұғымдарды  меңгереді. 
 
 
Ал    сауат  ашудың  әліппе  кезеңінде  әріптерді  жазып  үйренеді.  Әріптің  толық 
таңбасы  оның  элементтерін  ретімен  жазу  арқылы  орындалады.  Демек,  әрбір 
әріпті жазып шығу дегеніміз – көп қырлы талдау процесін атқару деген сөз. Ал 
мұның  өзі  мектеп  табалдырығын  алғаш  аттаған  бала  үшін  аса    күрделі  іс  - 
әрекет.  Әріп  элементтерін  ретімен  жазып  үйрену,  ең  алдымен,  оның  неше 
элементтен  тұратынын,  екіншіден,  ол  әріпті  қай    жерден  қалай  бағыттап 
жазудан меңгеруіне септігін тигізеді. Жазуға үйретудің алғашқы күннен бастап 
балаларды үзбей жазуға дағдыландыру қажет. Тұтас әріпті үзбей жазғанда оның 
әр  элементтін  жазудағы  қимылдың  аяқталуы  келесі  элементтін  басталатын 
жерінде  бітіп,  әрі  қарай  келесі  элементіне  жалғастырылады.  «Үзбей  жазуға 
жаттықтыру жұмыстары балаларға қызықты тапсырма ретінде берілуі тиіс»деп 
бағдарламада  көрсетілгендей,  қызығушылықты  оятатын  түрлі  жаттығу 
жұмыстарын  жүргізу  мұғалімнен  ізденушілікті  талап  етеді.  Тәжірибеде 
қолданып  жүрген  әр  түрлі  жаттығулар,  айталық,  әріптің  тұтас  бейнесін 
көрсететіндей  суреттерсалғызу,  штрихтау,  зат  бейнесін  әшекейлеу,  т.б. 
тапсырмалар оқушылардың көркем жазу дағдыларының сапасын арттырады.  
 
         Ресейде 
сауат  ашуда  талдау-жинақтау  әдісінің  негізін  салушы 
К.Д.Ушинский  болып  табылады.  XIX  ғасырда  оны  енгізу  және  тарату 


83 
 
психология-педагогика  және  тіл  білімі  ғылымдарының  ірі  жетістіктерінің  бірі 
болды. Дыбыстық талдаудағы К.Д.Ушинскийдің үлесі - талдау-жинақтау әдісін 
біріктіру,  соның  нәтижесінде  оқу  мен  жазудың  бір-бірімен  ұштасып  отыруы 
және  бірін-бірі  толықтыруы.  Ғалым  жазуды  оқудан  бөлуге  болмайтындығын, 
дыбыстық  талдауда  жазу  бірінші  орында  тұратындығын,  яғни    оқу  дыбыстар 
тіркесінен  тұрған  сөздерді  оқу  арқылы  жүзеге  асатындығын  дәлелдеп  берді. 
К.Д.Ушинскийдің  әдісі  кейінгі  ғасырда  да  жалғасын  тапты.  1970  жылдары 
Щвейцария  педагогі  Юрген  Райхеннің  әдісі  пайда  болды.  Бұл  әдіс  бойынша 
оқушы «Әріптік кемпірқосақ» деп аталатын  әліпбилік кесте  жасайды. 
      Сауат  ашу  кезеңіндегі  жазу  сабақтарында  балалардың  ұзақ  жазып 
отырмауын қадағалау керек. Бірінші сыныпта үзбей жазу ұзақтығы 5 минуттан 
аспауы тиіс, өйткені ұзақ  уақыт жазу оқушыны тез шаршатады, соның әсерінен 
сабаққа зейіні де төмендейді. Зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, бірінші сынып 
оқушысы әр 5-7 минут сайын жазғанда дұрыс отыру қалпын өзгертіп, жоғалтып 
отырады.  Сондықтан  сергіту  жаттығуларын  өткізіп  отырған  абзал.  Ол  қолға 
қысқа  демалыс  болады,  әрі  дұрыс  отыруға  мүмкіндік  жасайды.  Қолдың 
саусақтарын,  алақанын,  білегін  қимылдататын,  дамытатын  жаттығуларды 
сабақтың  тақырыбымен  байланыстырып  отырса,  оқу  үрдісі  үзілмеу  жалғасын 
тауып отырады. Айталық, «а» әрпін жазғанда, «ағаштан алма терейік, «ағашты 
арамен  кесейік»,  «б»  әрпін  үйреткенде  «барабан  соғайық,  «ж»  әрпіне 
байланысты  «жаңбыр  жауды  тырсылдып»  деп,  соған  қарай  түрлі  қол  қимыл 
жаттығуларын жасап үйретуге болады. 
Бастауыш мектеп оқушыларының жазуында кездесетін графикалық қателер: 
1)әріп элементтерін дұрыс жазбауға байланысты жіберілетін қателер; 
2)әріп элементтері ара қашықтығының сақталмауы
3)жазу көлбеулігін сақтамауы; 
4)әріп элементтерінің биіктігін сақтамай жазуы; 
5)артық сызық не байланыстырудажіберілген қателер. 
Мұндай  қателерді  болдырмау  үшін  оқушыларға  берілетін  тапсырма  әрі 
қызықты, әрі баланың ойлауын арттыратындай түрде беріледі. «Оқыта отырып, 
дамыту»  қағидасына  сүйенсек,  төмендегідей  жаттығулар  баланың  қабілетін 
жетілдіреді.Сондай жаттығулардың бірнешеуін ұсынып көрелік.   
Мына әріптердің ұқсастығын тап: 
  
1.
 
Ұқсастығы мен айырмашылығын тап. 
          Ұқсастығы    Айырмашылығы 
 
 
 
 
 
 
 
 


84 
 
2.Элементтерінің 
ұқсастығы 
бойынша 
біріктір. 
 
 
 
 
 
 
 
3.Қандай элементтер түсіп қалған? Толықтырып жаз. 
 
 
    4. Мына элементтерден әріп құрастырып жаз. 
 
   5. Берілген әріптердің ұқсастығын тап. 
   1) а, л, п 
   2) к, қ, р 
3) и, й, ц 
Ал күрделі элементтерді дұрыс жазуға төселдіру үшін берілетін жаттығулар 
 
б, д сияқты әріптердің басталуын көрсету үшін берілетін жаттығулар 
 
Осындай міндетті жүзеге асыруға мүмкіндік туғызған тәжірибелерге тоқталып 
өтелік. 
Әдіскер    Евгения  Николаевна  Потапова  жазу  сабағында  әріпті  үйретуді  үш 
сатыда  жүргізеді:1-саты  –  бұлшық  еттерді  дамыту.  5-6  жас  аралығындағы   
бұлшық еттері сезімтал, өте қабылдағыш келеді. Жазу кезіндегі қиындықтарды 
болдырмау  үшін    баланың  қолын  жаттықтыруүшін  жүргізілетін  ең  бірінші 
жұмыс  –  штрихтау.  Штрихтау  арқылы  баланың  сөйлеуі,  логикалық  ойлауы, 
қабілеті    белсенеді,  бұл  ойын  түрінде  өтеді.  Штрихтау  –  қолды  жаттықтыру 
ғана  емес,  ауызекі  сөйлеуді  арттыру  жолы.  Ол  үшін  әр  оқушының  альбом, 
қарындаш, түрлі түсті қарындаш пен қалам, геометриялық фигуралар трафареті 
болуы тиіс. Алдымен  геометриялық  фигураларды  штрихтайды. 
 


85 
 
 
 
 
 
Келесі  сабақта  оқушылар  геометриялық  фигуралар  трафареттері  арқылы  әр 
түрлі заттар бейнесін құрастырады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


86 
 
 
 
 
 
2-саты  –сезім  арқылы  еске  сақтау.  Мұғалім  өз  оқушысының  әкесінің  көзі 
көрмегендіктен,  арнайы  кітаптан  сезім  арқылы  қолмен  сипау  арқылы  оқып 
отырғанын  көреді.Осы  оқиғадан  кейін  ысқыш  қағаздан  әріпті  қиып  алып, 
оқушылардың   көздерін  жұмдырып, қолмен сипатады. Ол үшін 180 × 140 мм 
көлемде қима қағаз жасалады. 60×70 мм көлемде бас әріпті, 35×30 мм көлемде 
кіші  әріпті  ысқыш  қағаздан  қиып  алып,  оны  қима  қағазға    желімдейді.  Әріп 
бейнесін қолмен сипай отырып, оқушы оның жазылуын есте сақтайды. 
3-саты  –трафарет  көмегімен  әріпті  жазу.  Бұлайша  жазу  10-14  күнге  созылады. 
Әріп трафаретін дәптердің не альбомның бетіне қойып, қаламмен бастырады. 
       Мұғалім  –әдіскер  В.Ф.Одегова  әрбір  сабақ  алдында  саусақты  жаттықтыру 
үшін түрліше жаттығулар орындатады. 
3)«Несімен ажыратылады?» 
А)  
 
Ә) 
 
Б)  
 
Көз  бен  қолдың  бір  координацияда  жұмыс  істеуін  қалыптастыратын 
жаттығулар: 


87 
 
1)  Қолды  серпінді  қозғау:  көз  бірінші    нүктеде,  қол  да  бірінші  нүктеде,  көз 
жоғарыда,  яғни  екінші  нүктеде,  қол  да  жоғарыда,  көз  үшінші  нүктеде,  қол  да 
төменде. 
2) Бірдей биіктікте секіру: қаламды әріптің басталу нүктесіне қойып, оңға қарай  
белгілі қашықтықта секіріңдер, бұл – келесі әріптің басы.  
Әдіскері  Вера  Алексеевна  Илюхина  оқушылардың  көркем  жазу  дағдыларын 
қалыптастыру үшін төмендегідей жаттығулар ұсынады: 
1)
 
«Орнын белгіле». 
Дәптерге  алдын-ала    сөздер  жазылады.  Оқушылар  әріп  элементтерінің  және 
әріптердің бір-бірімен байланысу орнын белгілейді. 
2) «Әріпті тап». 
3) «Ғажайып алаң». 
Тақтада  ілулі  тұрған  қима  қағазда  сөз  жасырылған.  Мұғалім  әрбір  әріпті 
элементтері бойынша сипаттап айтады, ал оқушылар қандай әріп екенін табады. 
Дұрыс айтылған әріп ашылады. 
1) «Диктант» 
Мұғалім  жасырылған  әріптің  неше  элементтен  және  қандай  элементтен 
(элементтің  аты  аталады)  тұратынын  айтады,  ал  оқушылар  дәптерлеріне 
жазады.  Айталық,  бүтін  құрсау  мен  оңға  қарай  иілген  қармақшадан  тұратын 
әріп (а). 
Бастауыш  сынып  оқушыларының  жазу  дағдыларын  жетілдіру  қажеттігі  
жалпыға  білім  беретін  оқу  бағдарламасында  атап  көрсетілген.  Бағдарламада  
«Оқушылардың  каллиграфиялық  дағдыларын  жетілдіру  үшін  көркем  жазуға       
1-сыныптың  соңында  (барлық  әріптерді  өтіп  болғаннан  кейін)  және  2,3,4- 
сыныптарда  әрбір  грамматика  сабағында  шамамен  уақыт  бөлінеді»  деп 
көрсетілген.  2-4-сыныптарда  жазылуы  қиын  сөздерді,  сөйлемдерді,  шағын 
мәтіндерді  қатесіз  әрі    каллиграфиялық  талапқа  сай  жазу  дағдыларын 
жетілдіруге  бағытталған  жаттығулар  орындалады.  Бұндай  жаттығулар  жазу 
техникасын 
жетілдіріп, 
графикалық 
қателерді 
жоюға 
көмектеседі,  
орфографиялық,  логикалық,  грамматикалық  сипатқа  ие  бола  отырып,  жазу 
қарқынын  күшейтеді.  Көркем  жазу  минутындағы  жаттығуларды  жалпы 
сыныппен де, жекеленген оқушылармен де жүргізуге болады. 

жүктеу 1,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау