Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


Графикалық,  каллиграфиялық қателер және оны болдырмау



жүктеу 1,98 Mb.
Pdf просмотр
бет19/46
Дата18.05.2022
өлшемі1,98 Mb.
#38643
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   46
жазуға үйрету

2.3. Графикалық,  каллиграфиялық қателер және оны болдырмау 
жолдары 
 
       Оқушылардың  әріпті,  сөзді,  сөйлемді  дұрыс  жазу  машықтарын    жетілдіру 
үшін  жаттығулар  орындатылады,  бұндай  жаттығулар  біркелкі  көлбеулік  пен 
арақашықтықты және жазу байланысын сақтау сияқты дағдыларын жетілдіреді. 
Алғашқы  жазуды  жеңілдету  мақсатымен  әліпбидегі  кіші  және  бас  әріптер 
графикалық  тұрғыдағы  оңай-қиындығына,  бір-бірімен  ұқсастығына,  өзара 
қосылу бірлігіне қарап топ-топқа бөлінеді. 
1. Әріп құрамында тек негізгі немесе қосымша элементі бар, жазылуы оңай кіші 
и  және  ш  әріптері.  Олар  сағат  тіліне  қарсы  қозғалыспен  жазылады.  Бұл 
әріптерді жазу оңай болғанымен, оқыта бастағанда айтарлықтай қате кетеді. 
Кейбір  оқушылар  бұл  әріпті  жіңішке,  басқа    элементтерін  қысыңқы  етіп 
жазады.Мұндай  қателер  әріптің  әртүрлі  жазылған  үлгілерін  салыстыру 
нәтижесінде жойылады. 
Балалардың    жұмыстарындағы  қателерді  мұғалім  түрлі  жолдармен  түзетеді:           
1) қате жазылған сөз сызылып, үстіңгі жағына сөздің дұрысы тұтас жазылады; 
2)  қате  жазылған  әріп  немесе  сөздің  асты  сызылады;  3)  қате  жазылған  әріп 
немесе  сөздің  асты  сызылады,  тұсына  ескерту  жазылады  (керекті  әріптің  я 
сөздің  дұрысы  немесе  соны  еске  түсірерліктей  сөз  көрсетіледі  немесе  тиісті 
сұрау  қойылады,  кітаптан  тиісті  параграф  ережесі  көрсетіледі,  т.б.);  4)  қате 
әріптің  астын  сызып  қояды,  ешқандай  ескерту  берілмейді.  Бұл  көрсетілген 
жағдайлардың қайсысын қалай қолдану: 1) сыныптың ерекшелігіне байланысты 
(I-II  сыныптарда  айқынырақ  түзетулер  қолданылады,   III  –IV  сыныптарда 
күрделірек  әдістер  қолданған  мақұл  (3-4  әдістер),  2)  оқушылардың  дайындық 
дәрежесіне  байланысты.  Мысалы,  жақсы  оқитын  оқушы  қате  жіберсе,  оның 


76 
 
қатесінің  асты  сызылып  қана  қойылады,  ал  қабілеті  төмен  оқушылардың 
қателерін  түрлі  әдіспен  түзету  керек  (кейде  қалай  түзету  керектігіне  нұсқау 
көрсетсе,  кейде  дұрысын  жазады).  Мүмкіндігіне  қарай  қателерді  түзетуге 
оқушылардың  өздерін  қатыстыру  керек.  Мұғалім  қате  жазылған  сөздердің 
дұрысын,  тіпті  болмаса,  мәтінді  түгел  балаларға  қайта  көшіртеді.  Мұнда  қате 
жазылған сөздерге емлелері ұқсас я қарама-қарсы сөздерді теріп жаздыру әдісі 
өте  пайдалы.  Оқушылар  бір  түрлі  қатені  қайталай  беретін  болса,  онда 
динамикалық  стеротип  орнайды  да,  одан  құтылу  оңайға  түспейді.  Сондықтан 
олардың  қателерін  есепке  алып,  бір  қатені  екінші  рет  қайта  жібермеу  үшін, 
дереу  алдын  ала  шаралар  қолданылады.  Оқушыларды  қате  жазудан 
сақтандыруда  жазылуы  қиын  сөздерді  ескертіп,  көрсетіп  жаздыру,  жазылу 
ережесі  оқылмаған  сөздерді  жаттығу  жұмыстарына  енгізбеу,  егер  бірен-саран 
кездессе,  ондай  сөздерді  тақтадан  немесе   оқулықтан  қарап  жазуға 
дағдыландыру   керек.  Мұғалім  оқушылардың  жазуларын  тексеріп,  қателерін 
түзетіп  болғаннан  кейін  әр  оқушының  жұмысына  баға  қояды.  Бүкіл  сыныпқа 
берілген  тапсырманың  үстіне  жеке  оқушыға  арнаулы  тапсырмалар  береді 
(мысалы,  ережені  пысықта,  сөйлем  құрастыр,  белгілі  бір  жаттығуды  орында, 
т.б.).  Бастауыш  сыныптарда  да  әсіресе  сауаттылық  жағын  қамтитын  бір  баға 
қойылады.  Ал  мазмұндама  мен  шығармада  тек  орфографиялық   қателер  ғана 
емес,  сонымен  қатар  пунктуациялық  қателер,  сөз  қолданудағы  сөздерді 
байланыстырудағы,  жоспардағы,  сөйлем  құрудағы,  мәтіндегі  қателер  де,  тіпті 
жазу жұмысының көлемі де есептеледі. Оқушылардың жазғандары, айтқандары 
орфографиялық  жағынан  сауатты,  стилистикалық  жағынан  дұрыс  болуға  тиіс. 
Оқушылар  мұғалімнің  сөзіне  еліктейді.  Ендеше  мектептегі  мұғалімдердің  өзі 
сауатты  сөйлеулері  керек,  тақтаға,  оқушылардың  дәптерлеріне  жазғандары 
әдемі,  қатесіз  болғаны  жөн.  Қорыта  айтқанда:  1.  Сауатты  жазуға  үйренуде 
мүғалім оқушылардың ережені түсінбей, құрғақ жаттауына жол бермеуі керек, 
сол  ережені  меңгертудің  әдіс-тәсілдерін  іздестіруі  керек.  Оқушылар  өтілген 
ережелерге өз бетінше мысал келтіре алып, оны оған ұқсас басқа жағдайларда 
пайдалана  алатындай  дәрежеге  жеткенде  ғана  ақыл-ой  дағдысы  қалыптасады, 
өйткені  тіл  дамыту  –қашанда ой дамыту.  Сауатты  жазуға  үйрену  үшін оқушы 
аналогия,  салыстыру,  талдау,  жинақтау,  жалпылау,  нақтылау  сияқты  ой 
операцияларын іске асыруы керек. 
 

жүктеу 1,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау