38
өсімдіктермен, фонтандармен, машиналармен, адамдармен көріністі толтыруға
қажет.
Effectware компаниясы ұсынатын қосымша модульдерді үш өлшемді
көріністі жасау кезінің барлық сатыларында қолдануға болады. Плагиндері ‒
ADPlate, Frame Counter, Helisoid, Mosaic, Mountain, Rotate, Rubik’s Cube
Animator, Stairs, Super Quadrics.
Dreamscape – 3ds max-тағы плагиндер тобы. Ол нақты ландшафтты, теңіз
көріністерін, аспан, бұлт, көшенің жарықталуын және т.б. жасауға мүмкіндік
береді.
Sitni Sati плагиндер котенттері – Dreamscape және After Burn TurboSquid
арқылы пайда болады [16].
Dreamscape – бұл сұйықтықты жасауға арналған ең сәтті программалық
шешім. Оның көмегімен нақты ландшафтты, сондай-ақ су жасалынады.
Плагиннің сөзсіз артықшылығын тек нақты судың бетін ғана емес, қоршаған
ортаның атмосфералық эффектілер, аспан, жарық, таулар тәрізді маңызды
факторларын жасауға мүмкіндік береді.
Dreamscape программада табиғи қоршаған ортаны жасауға арналған
интегралданған плагин құрылғылар жүйесін білдіреді. Соның ішіне күннің
жарықталуы, аспан сферасы, бұлт, жер ландшафтты, су объектілері және
динамикалық күштер, барлығы бірігіп бір нақты анимацияны жасап шығарады.
Сонымен бірге ол табиғаттың бөлек құбылыстарын жасауға мүмкіндік береді,
яғни күннің жарықтануы, бұлттардың түсінің өзгеруі, су бетінің, жер бетіндегі
көлеңкелердің өзгеруіне әкеп соғады. Теңіз жағасында күннің батуының нақты
анимациясын жасау Dreamscape үшін ешқандай қиын емес. Негізінен ол
осындай құбылыстарды жасап шығару үшін ойлап табылған. Егер Dreamscape
өсімдіктерді жасайтын мүмкіндігі болса, барлық WorldBuilder' мен Vue d'Esprit'
туралы ұмытуға болар еді. Бірақ бұл үшін SpeedTreeMax де қолдана берсек те
болады. Осы арқылы сапасы мен мүмкіндіктері жағынан 3ds max бәсекеге
қабілетті бір табиғи ландшафтыны модельдеудің жабық жүйесін аламыз.
Dreamscapе 2 – көптеген жаңа әрі нақты қоршаған ортаны жасауда
қосымша аналогтарды қажет етпейтін күшті құрылғы. Бірақ онымен танысу
үшін өте күшті компьютер және ұзақ уақыт талап етіледі.
Dreamscape модульдік құрылымдары бар және төрт тәуелсіз блоктардан
тұрады: Illumination – жарықтандыру, Sky&Clouds – аспан құбылыстары мен
бұлттарды модельдеу, Terra жер ландшафтын модельдеу және Sea су
объектілерін жасау үшін қолданылады. Енді әрқайсысының мүмкіндіктерін
қарастырамыз.
Illumination – DreamScape-тегі Daylight жарықтандыру жүйесі нақты күн
жарығымен жарықтандыру үшін жасалған.
Sun (күн) – DreamScape қосымшасындағы жалғыз жарықтандыру көзі.
Sun көмегімен жұмыс жасау өте қызық күннің орналасуын және мақсатын
тәулік уақытымен автоматты түрде анықтайды. Сондықтан күннің батуын
көрсету үшін оны тек көкжиекке қою жеткілікті.
Daylight плагинінің жақсы ерекшеліктерінің бірі – RapidRay рендерингі
39
болып табылады. Ол бірінші плагин нұсқасымен салыстырғанда рендеринг
есептеу уақытын екі есе азайтады.
Sky&Coulds екі типті бұлттарды жасайды – екі өлшемді қатпарлы Stratus
және ұлпа Cirrus тек төменнен немесе жоғарыдан қарау үшін арналған.
Terra – ландшафтты қандай дәрежеде болмасын жасау құрылғылары
қарапайым, жеткілікті және мүлтіксіз дұрыс орындайды. Terra механизмі
негізінде процедуралық геометриялық объект және карталар жатыр,
displacement әдісі арқылы рельеф жасау үшін қойылады. Рельефпен жұмыс
жасау үшін арнайы редакторлар – карталарды қою, эррозия беру және рельефті
интерактивті өзгерту – биіктігін, бұрыштарын, майысуларын локальді өзгерту
және оларды қажет тестурамен бояу қолданылады.
Dreamscape Terra рендерингтің жады (RAM) көлеміне тәуелсіз жаңа
технологиясын қолданады, бұл оның оның үлкен әрі ерекшеленген
ландшафтыларын оқуға мүмкіндік береді.
Sea көмегімен су объектілері (теңіз, өзен, көлдер беті) өте табиғи болып
көрінеді және ол плагиннің басқа модульдерімен қарапайым және табиғи
интегралданады. Әрі бұл анимация үшін өте қажет плагин болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: