Кестеден электр желілері кәсіпорынының шығындарының ішінде амортизациялық
аударылымдар мен еңбек ақы шығындары ең үлкен үлес алады.
Материалдық шығындар құрамында шикізат пен материалдар маңызды орын
алады. Шикізат және материалдар бабына ағымдағы қызмет көрсету мен жабдықты
жөндеуге байланысты қосымша және көмекші материалдар кіреді. Оларға қажеттілікті
қызмет көрсету нысанына қажетті шығын нормасы бойынша жүзеге асады
Өндірістік сипаттағы жұмыстар мен қызметтерге байланысты шығындар бабына
өндірістік нысандарды мердігерлік тәсілмен күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізу
шығындары, басқа кәсіпорындардың транспорттық қызмет көрсету шығындары, іске қосу
жұмыстарының шығындары кіреді.
Өндірістік мақсаттағы электр энергиясына кететін шығындар өндірістік алаңдарды
жарықтандыру және энергетикалық жабдықтардың жұмысы үшін қажетті энергиядан
келіп шығады. Отын шығыны кәсіпорынның транспорттық көліктеріне және
жабдықтардың кейбір түріне қажетті жанар-жағар май материалдары сұранысына
байланысты анықталады.
Еңбек ақы шығындарының құрамына кіретіндер:
–
толықтырмалық және ынталандырмалық төлемдермен төленетін тарифтік
еңбек ақы;
–
жұмыскерлерге тегін жартылай төленетін тұрмыстық қызмет көрсету
шығындары, жеке басына берілген арнайы жұмыс киімдері, транспорттық шығындар;
–
жөс өспірімдерге қысқартылған жұмыс күні үшін, баласын емізетін аналар,
оқуда жүрген жұмыскерлердің демалысына, уақытша біліктілігін көтеріп жүрген
мамандарға төленетін төлемдер;
–
штаттық қысқару бойынша жұмыстан шыққандарға немесе кәсіпорынды қайта
ұйымдастыру нәтижесінде төленетін төлемдер;
–
аз төленетін жұмысты уақытша орындағаны үшін төлем, жұмыскердің
уақытша еңбекке қабілеттілігін жоғалтуға байланысы заңға сәйкес қосымша төлем;
–
заңға сәйкес басқа да төлемдер.
Әлеуметтік қажеттілікке кететін аударылымдар мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру
органдарына төленетін міндетті төлемдер, зейнетақы қорына кететін аударылымдар;
жұмыспен қамтылу қоры және медициналық сақтандыру қоры жатады.
Амортизациялық аударылымдар жоғарғы қаралған бөлімде негізгі қорлардың
барлығынан амортизациялық аударылымдар жүргізіледі.
Басқа да қалған шығындар тобына өнімнің өзіндік құнына кіретін салықтар, банк
несиелері бойынша пайыздар, бюджеттік емес қорларға аударылымдар, байланыс
қызметіне төлемдер және басқа да шығындар жатады.
«Басқа шығындар» элементі құрамына кәсіпорынның жалпы шаруашылық
шығындары: канцелярлық, пошта-телеграф, баспахана, инкассациялық қызмет көрсету,
жобалық-зерттеу, басқармалық, денсаулыққа, ғылымға және мәдениеттке кететін
қоғамдық тамақтану шығындары, сондай-ақ кадрларды дайындықтан өткізу, тұрғын үй
шаруашылығына байланысты, еңбекті қорғау және т.б. шығындар кіреді.
Электр желілері кәсіпорындарының шығындарына кіретін салықтарға, міндетті
аударылымдарға жататындар:
-
транспорттық көліктің иегерлерінен алынатын салық (кәсіпорын табысынан
бекітілген пайыздық салық мөлшерлеме бойынша анықталады);
-
жер салығы (кәсіпорынның алып жатқан аймағының әрбір шаршы метріне
орнатылған салық мөлшерлемесі бойынша анықталады);
-
транспорттық көлік салығы (кәсіпорынның еңбек ақы қорына салық
мөлшерлемесін бекіту арқылы анықталады);
-
автомобиль жолын пайдаланғаны үшін төленетін салық (кәсіпорын табысы
бойынша бекітілген пайыздық салық мөлшерлемесімен анықталады);