МИФОЛОГИЯЛЫҚ ДИСКУРСТАҒЫ ОРТАҚ САРЫН
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г.
180
Аңдатпа
Мақалада мәтін мен шығарма, мәтін мен бейне, бейнелілікке жалпы сипаттама беріледі. Фабула мен сюжет,
«тарих»-«дискурс» немесе «баяндау»-«дискурс» сияқты кең таралған терминдердің мәтін талдаудағы маңызына
тоқталады. Мәтінді уақыт пен кеңістік тұрғысынан қарастырып, дискурсивті талдауға мән береді. Ә.Кекілбаев,
Ш.Айтматов, М.Шаханов, М.Мағауин шығармаларындағы аңыздық желідегі ортақ сарындар мен көркемдік
ізденісі жайлы ой қорытады. Автор бүгінгі филологиялық зерттеулерде мәтін мен шығарманы кеңістіктік-
уақыттық аспектіде ғана емес, оның әрекеттік (кім не істеді?), сұхбаттастық (кім не деді?) табиғатын талдау
арқылы таныту белсенді түрде қарастырғанды жөн санайды. Бұл – уақыт талабы, ғылымдағы жаңа ізденістер
жемісі деген пікірді алға тартады. Сонымен қатар, дискурс ортақ тақырыпқа арналған бірнеше мәтіннің
байланысынан туындайды деген ойды негізге ала отырып мифологиялық шығармаларды (М.Ысқақбаевтың,
А.Мекебаевтың, Т.Ахтановтың, А.Алтайдың) қарастырады.
Түйін сөздер:
миф, мифопоэтика, дискурс, таным, мифологиялық ойлау
Көркем мәтіннің ақпараттық деңгейін көркемдік, эстетикалық, танымдық тұрғыда талқылау –
бүгінгі таңдағы әдеби зерттеу бағытындағы дискурстық талдаудағы маңызды мәселелерінің бірі.
Мәтін – мәнмәтін – шығарма – дискурс желісінде талқылау осы ұғымдардың жақындығы мен
алшақтығын, әрқайсысының ұғымдық аясын нақтылап алуды қажет етеді.
«Мәтін» мен «шығарма» ұғымдары синоним емес. Мәтін – бейне мен бейнелілікті материалды
тұрғыда ұстаушы, ол қашан оқылғанда ғана шығармаға айналады. Ал, көркем шығарма болса өзін
көркемдік тұтастықта танытатыны белгілі. Әдеби-көркем шығарма – үнемі қозғалыс үстінде болатын
адам өмірінің қандай да бір шектеулі ортадағы көркем бітімі. Әдеби шығарма сонымен бірге – нақты
ұғым. Себебі, біз оны оқимыз, санамен қабылдаймыз. Бір әдеби шығарма басқа өнер туындысының
өмірге келуіне де ықпал етеді. Сонымен, біріншіден, әдеби шығарма әуелі өмірдің бейнесі, екіншіден,
ақиқат өмірдегі нақты бір рухани зат болып табылады [1].
Көркем туындыға арқау болатын – тарихи оқиға немесе қоршаған ортада өтіп жатқан жағдай. Біз
көркем туындыдағы тарих туралы дискурсқа қатысты айтар болсақ, С.Чэтман еңбегіндегі «жай
сөзбен айтқанда, тарих дегеніміз – баяндалатын туындыдағы ненің суреттелетіні, ал, дискурс – қалай
суреттелетіні» [2] деген тұжырымды еске аламыз. Мәтін мен дискурсты прагматиқалық табиғаты
жағынан зерделесек, дискурс-ашық коммуникативтiк жүйe. Олай дeйтiнімiз де заңды, өйткeнi
дискурста пресуппозиция, интенция, коммуниканттардың әpтүpлi стратегиясы мен тактикасы және
т.б. сан алуан айтылым epeкшeлiктepi прагматикалық мақсатқа сай құрыла отырып, стилистикалык
амал-тәсiлдep, вербальды және вербальды емес сигналдарды дiттeгeн мақсатқа жету үшiн
пайдаланылады. Сондықтан да дискурс-күрдeлi коммуникативтiк-пpагматикалық тілдік акт [3].
Постструктуралистер ұстанымы тұрғысынан келгенде, фабула мен сюжет «тарих» және «дискурс»
немесе «баяндау» және «дискурс» сияқты кең таралған терминдермен аталғаны бізге зерттеу
еңбектерден белгілі. Фабула – бұл түсіндірілімде нақты немесе ойдан шығарылған тарих. Әрине,
айтылған қисынмен келісуге негіз бар. Көркем туындының өзегіне алынатын шынайы тарихи
оқиғалар поэтикалық кеңістікте ойдан шығарылған, яғни жазушы фантазиясымен айшықталған
«тарихпен» бірігіп, тұтасып кетеді.
Бүгінгі филологиялық зерттеулерде мәтін мен шығарманы кеңістіктік-уақыттық аспектіде ғана
емес, оның әрекеттік (кім не істеді?), сұхбаттастық (кім не деді?) табиғатын талдау арқылы таныту
белсенді түрде қарастырылуда. Бұл – уақыт талабы, ғылымдағы жаңа ізденістер жемісі. Мәселеге осы
қырынан қарасақ, дискурсивті талдау мәнін тереңдей меңгереміз. Ғалымдар пікіріне сүйене отырып,
«дискурс – мәтінді туындатып, оны танып, түсініп, қабылдау мақсатында жүйелі түрде жүзеге
асырылатын үдеріс» [4] екенін қайталай кеткеніміз жөн. Ғылыми (академиялық) дискурс құрамында
аталатын поэтикалық дискурс [5] көркем туындының құрылымындағы жоғарыда өзіміз атап өткен
әрекеттік және сұхбаттастық желілерді кешенді түрде қамтуымен сипатталады.
Дискурсқа топтастырылған мәтін ортақ бір тақырыпқа арналады. Дискурс мазмұны бірнеше
мәтіндердің сабақтастығы, байланысы арқылы танылады. Осы тұрғыдан келгенде, дискурс ортақ
тақырыпқа арналған бірнеше мәтіннің байланысынан туындамақ. Ал ортақ тақырыпты әлем
әдебиетінен бастап, қазақ әдебиетінен де кездестіруге болады. ХХ ғасырдың басында қазақ
зиялылары ортақ тақырып болған «Әйел теңсіздігі» мәселесін көтерсе, әлемдік трагедия,
экологиялық мәселелер, сол сияқты тарих сахнасында әлі күнге дейін талас тудырып жүрген
Шыңғысхан бейнесі де жалпыға ортақ тақырып.
Ә.Кекілбаевтің 1967 жылдары жазылған «Ханша-дария хикаясы» мен Ш.Айтматовтың 1979-80
|